Мейірім. І бөлім. «Мектеп» деректі драмасы
Ата-анасының мейірімсіздігі мен тасбауырлығынан балалар үйінде тәрбиеленетін кішкентай Айгерім жалғыз құрбысынан басқа кімге сыр айтарын білмейді. Өмірді пәк күйінде қабылдаған кіршіксіз бала көңіл жиі құлазиды. Ешкімге ренжи де алмайды, шаттанып күле де алмайды. Мектеп пен жатақханадағы құрдастарынан әбден көңілі қайтқан суретші қыз неге ойға жиі шомады? Мейірім білдірген ұстаздың қандай сыры бар?
«Мектеп» деректі драмасының «Мейірім» бөлімінде!