«Келінжан» 4-бөлім
Айсараның баяғы әдеті сол отқа май құйып, Қылышбектің де біраз мазасын алады. Күйбең тіршіліктен әбден күйген Айсара енесінің жатып қалғанын тіптен елер емес. Бұл жолы Асылым енесіне ботқа дайындап, үдесінен шығуға тырысады. Бірақ енесі сол қалпы қабағын ашар емес.
Күләш апаның көңілі босап, қаладан келген ұлы Мәдошқа ішіндегі мұңын ақтарады. Мәдөштің қаны қайнап, Айсараға атылады. Ал Айсара өз рөліне еніп, анасының ауырып қалғанына «ешқандай кінәм жоқ» деп ағынан жарылып, ақталады.