«Келінжан» 10-бөлім
Ауылдың өсегінен құр қалған Айсара көршісі Зияданның үйіне барады. Ол өзінің қалай қайтып келгенін басқаша баяндап, Зияданға өтірік-шыны аралас қылып жеткізеді.
Асқар Асылымға енді бір айдан соң бір-ақ келетінін айтты. Асылым оған ренжіп, келмей-ақ қоюын өтініп, «мені ауылдан таппайсың» деп жазып жібереді.
Қылышбектің үй мәселесі шешіледі. Әкім жаңа баспана беретін болды. Айсараның төбесі көкке жетеді.
Балқия Мәдібекке бөтен бір әйелден келген хабарламаны оқып қояды.