«Келінжан» 14-бөлім
Балқия Мәдібек туралы досы Нартайдан сұрай бастайды, бірақ ешқандай өзіне қажетті жауап ала алмайды.
Күләш апа бір сәт өткенге оралып, балаларының кішкентай кездегі қылықтары мен айтқан сөздерін көзіне жас алып, еске алады. Балқия ішіндегі мұңымен бөлісу үшін Валяға келіп, көңілдесін не болмаса Мәдібекті өлтіргісі келетінін, бірақ ондай қадамға бара алмайтынын жеткізеді.
Күләш апа Балқияның көңілсіз екенін сезіп қояды. Өз баласының жат қылығын білген ол Балқияны жұбатумен болады. Үйіне келген Мәдібекті таяқпен сұрақтың астына алады. Ал Қасым ата баласына қара шаңырақты сатпауын аманат етеді.
Аудан әкімі Қылышбектің несиесі бар екенін айтып, баспанадан үміттерін үзуге тура келетіндігін жеткізеді.