«Аға» 14-бөлім
Боран мен Ұлпанның көзін ашып көргеннен бергі тәрбиесі жетімдер үйінің шаңырағымен байланысты. Боран кәмелеттік жасқа толған соң, арнайы полиция мектебіне оқуға қабылданады. Спорттық көрсеткіштері мен оқудағы зеректігінің арқасында еш қиындықсыз жұмысқа да орналасады. Ал қарындасы Ұлпан әлі жетімдер үйінде болатын. 17-ге жаңа толған жетім қыз кәмелеттік жасқа толып, ағалы-қарындасты екеуі бірге өмір сүруді қалайтын. Үлкен қаланың көлеңкелі бизнесінде өзіндік орны бар Марлен есімді қылмыскерді бәрі танитын. Қалада оның рұқсатынсыз түнгі клубтардың есігі жабылмайтын. Сондай-ақ ол адам саудасымен, бойжеткен бұрымдылардың сұлулығын саудалап, өрімді қыздарды ұрлап алып, шетелге сатып жүретіндердің бірі еді. Боран мен Марленнің мына өмірдегі тағдырының қатты шиеленісетінін де ешкім аңғармас еді... Бір оқиға орын алмағанда... Ағасының ақылына құлақ аспай, жетімдер үйінен шығып кеткен Ұлпанды ұрлап алып кетеді. Қарындасын жедел іздестіруге кіріскен«Аға» криминалды драмасы Марленнің қатысы бар деп күдіктенді. Оны заң жүзінде ұстап алар еді. Әттең, қарындасының қауіпсіздігінен қорықты. Бір шешімге келіп, Марленнің қылмыстық тобына кіруді жөн көреді. Өмірдегі жалғыз асылы, қарындасын Марленнің тырнағынан қалай құтқарып алады? Жан төзгісіз азаптар әлемінде өзінің адамгершілігін қалай сақтап қалады?