«Қарлығаш ұя салғанда» 10 бөлім
Сюжет желісі бойынша Қарлығаштың (Кәмшат Жолдыбаева) жасы 32-де, жұмысында табысты. Жалғыз өзі үлкен үйде өмір сүреді, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанады, ең қымбат дүкендерден киінеді. Алайда жеке өмірі сәтсіз.
Бірде ол көрші үйде сымбатты зергер өмір сүретінін байқайды. Оның есімі – Тасқын (Еркебұлан Дайыров), әйелінен ерте айрылып, қыздарын жалғыз өсіріп жатады. Тасқын жұмыс барысында жарақат алып, оны жедел жәрдем алып кетеді. Көршілері Қарлығаштан балаларға қарай тұруды сұрайды, басында бас тартқанмен, кейін келіседі.