Хабар телеарнасы

«Шашу». «Қыз жасауы» 7-бөлім

Науат апаның үлкен қызы Ұлболсынның студент қызы күйеуге тиіп, апаның қыздары аяқ астынан дүрлігеді.

Ақылдаса келе, Мұқаш, Ұлбала, Ұлболсындарды қуғыншы қылып жібереді. Артынша бәрі орнымен екенін біліп, қыздың «өз еркіммен келдім» деген хатын алып, анасына сүт ақысына, кешіріміне қомақты қаржысын беріп, құдалар бар ізеттілікті сақтап тұрғанына көздері жеткеннен кейін, бұлар енді қыздың артынан апаратын жасауын қамдауға кіріседі. 

 

Бажалар бақта оңаша бас қосып, әншейінде ұстамды, салқынқанды Қыстаубай тұңғыш қызының жат жұртқа кетіп бара жатқанын айтып, кішкентай кездегі қылықтарын есіне алып, көңілі босап жылайды. Бұндайды күтпеген екі бажа қолдарынан келгенше жұбатып бағады. Әсіресе кіші бажасы Сайлаудың жұбатуы біртүрлі шығады.

Соңында қыздың жасауын толықтырып, құда шақыруға 100 пайыз дайынбыз, енді тек құдалардан хабар күтеміз деп көңілдері жайланып, Науат апаның балалары тапшанда отырып рахаттанып шfй ішеді. Қыздар, бажалар қалжыңдап, Науат апа да көңілденіп әңгімесін айтып, барлығы жарасымды отырғанын көріп Арман мен Аидада сүйсініп қарайды.