Хабар телеарнасы

«Шашу». «Жүзік» 10-бөлім

«ЖҮЗІК»

Науат апа сандығын ашып жатқанда келе қалған Ұлтудың көзі жүзікке түседі. Қызының көңілін қимай, жүзікті береді.

Артынша үйге ортаншы қызы жетеді. «Ұлтуға сақина беріпсіз ғой» деп әңгіменің шетін шығарады. Ұлтуға айтпа десе де, мақтанып айтып қойғанын түсінген Науат апа бұл қызына да бір әшекей береді. Енді үлкен қызы жетеді. Ренжулі.

Науат апа ашуланып, екі қызын шақырып алады да, «әкеліңдер бері» деп білезікті алып, сандыққа қайта салады.