«Шашу». «Смартфон» 17-бөлім

Ұлту ұялы телефонының ескіргеніне налып, жұбайына жаңасын алу керектігін айтады. Мұқаш қаладан ауылға баратын кісі жинап жатқанда жанына бейтаныс біреу келеді. Жас жігіт iPhone Х смартфонын небәрі отыз мың теңгеге сатып алуды ұсынады.

Ұлдана болса күндіз-түні Instagram желісінен шықпайды. Ол Дубайға екі билет ұтып алу жайлы жарнамаға тап болады. Сайлауға еңбекақысы мен сыйақысы түскенін біліп, ұтысқа қатысады.