«Шашу». «Геосаясат» 20-бөлім
Ұлтудың үйіне Мұқаштың сыныптастары қонаққа келетін болады. Ертеңгі қонаққа дайындалып, кешке Науат апаның үйінен ыдыстар алуға келгенде Ұлту: «Аида, таңертең келіп дастарханға, анаған-мынаған көмектесесің ғой иә?», – дейді.
Ноутбукта сән жайлы ролик қарап отырған Аида онша мән бермей, «иә» дей салады. Ертеңіне Аиданың есінен ол шығып кеткен, Ұлту қонақтарын өзі жайғаған. Қонақтарын шығарып салған соң Науат апаның үйіне ыдыстарын әкеп тастауға қайта келеді. Қабағынан қар жауып тұр. Шай үстінде Аиданы сөзбен түйреп отырады. Оңаша қалғанда Науат апа не болғанын сұрайды. Ұлту апаға айтқан болып, бірақ басқа бөлмеде жүрген Арман мен Аидаға естіртіп, бар өкпе-назын айтады.
Осы сәттен бастап Науат апа мен Арман үшін Ұлту мен Аиданы табыстыру, татуластыру қиямет жұмысқа айналады.