«Шашу». «Aida» халаты» 27-бөлім
Соңғы оқиғалар әсер етті ме, әлде өзі солай шешті ме, әйтеуір Аида таңмен таласып тұрып, Науат апаның тігін машинасына отырып, өзіне халат тігеді. Көйлегін тастап, шаш үлгісін жатқызып, дұрыстап орамал тағып, қарасаң көз тоятын нағыз қазақтың келініне айналады.
Халат болғанда да дизайны бөлек, өте заманауи, әдемі халат. Смартфонға арналған қалтасы бар, орамалымен халаттың ортақ өрнектері бар, етек-жеңі ұзын, түрік киноларындағы ханшалар киетіндей, дәстүр мен креатив тоғысқан ерекше халат болып шығады.