Хабар телеарнасы

«Шашу». «Aida & Ulty» 31-бөлім

«АIDA & ULTU»

Аида ауылда дизайнерлік орталық ашады. Бизнес-партнері Ұлту тігін цехының жұмысын қадағалау, жалпы жұмыс үрдісін басқару жағын өзіне алады. Ал Аида дизайнерлік жұмыстар, үлгілер жасау, жетілдіру жағын атқарады.
Цехтың жұмысы басталады. Заманауи тігін машиналарын тізіп қойып, арнайы формадағы тігіншілер зырлатып киімдер тігіп жатыр. Тігіншілер арасында үлкен қыздар Ұлболсын мен Ұлдана да бар. Маңдайшада «Аida & Ultu» деген логотип жарқырап тұр.

Көп ұзамай «Аida & Ultu» маркасының өнімдеріне Қазақстанның барлық аймағынан сұраныстар қаптайды. Сауда қыза түседі. Жан-жақтан тапсырыстар қаулап жатыр. Арасында көтерме саудамен алып жатқандар бар. Бәрі интернет арқылы.