Хабар телеарнасы

«Балтакөлде бақытым» 9 бөлім

25 жастағы Дәурен – педагогикалық институттың түлегі. Ол әскерге бармау үшін ЖОО-ға түсіп, ұпайы ең төмен факультетті таңдайды. Оның мақсаты – бала оқыту емес, оқуын тәмамдаған соң жеке кәсібін ашу.
Алайда әскери билет алу үшін институт деканы Дәуренге шарт қояды. Ол шарттың талабы – қаладан алыс жатқан ауыл мектебінде жарты жыл сабақ беру. Жігіт өмірінің қысқа бөлігін тезірек өтіп кеткенін тілеп, Балтакөл ауылындағы мектепке аттанады. Оқу процесіне де, оқушыларына да қызығушылығы жоқ Дәуреннің өмірі мүлде басқа арнаға ауысады.
Дәуреннің көзқарасының өзгеруіне не түрткі болуы мүмкін? Кәсіпкер болудан бас тартты ма әлде Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды ма?


Оны «Балтакөлде бақытым» телехикаясынан біле аласыздар!