«Кебенек» телехикаясы. 2-бөлім
1988 жыл. Ауғанстан. Жау тылын бақылау үшін кезекті тапсырма бойынша шолғынға шыққан барлаушылар тобы мина жасырылған соқпақта зұлмат жарылысқа тап болады. Қырық жыл қырғын болса да, ажалсыз өлмейдінің кебі келіп, бүкіл топ қазаға ұшырағанда Жасұзақ аман қалады. Жарылыс туралы мәліметтен кейін оқиға орнына тікұшақ келіп қонады. Санитарлар қаза болғандардың мүрделерін тией бастағанда шеттеу жерге ұшып кеткен, есі бір кіріп, бір шығып жатқан Жасұзақ тікұшаққа сыймай қалады. «Кебенегін» күткен үй іші оның тірі екендігінен үміттерін үзе бастайды. Соқпақ жолда қалған жаралы Жасұзақтың ендігі көрер күні қандай болмақ? Ауылына аман-есен орала алады ма?
«Кебенек» телехикаясын «Хабар» арнасынан тамашалаңыздар!