«Келінжан 2» телехикаясы. 3-бөлім
Асылым баланы бесікке бөлеуге қарсылық білдіріп еді, Күлімхан апа бірден ренжіп қалды. Бірақ Қасым ата кенже келінге өз ақылын айтып, оның еш зияны жоқ екенін түсіндіруге тырысты. Ауданда тұрып жатқан Мәдібек бақытсыз болып жүрген сыңайлы. Оның үстіне бригадирлік орны да көңілінен шықпай жүр. Ал Айсараның бар ойы – мектептің жаңа директоры.