«Келінжан 2» телехикаясы. 6-бөлім
«Өсекші мен өтірікші – егіз» деп бекер айтпаған-ды. Үйдегі бар оқиғаны сыртқа тасыған Айсараның бұл әрекеті әшкереленіп еді: «Мен емеспін», – деп басын ала қашуда. Ал Балқияның жағдайы бәрінің жанына батуда. «Кетіп қалып, қайтып келгенше, бүгін босағаңда ойыңды жинақта», – деп өзін қоярға жер таппай жүрген Күлімхан апа да бар көрегендігін білдіріп, келініне ақылын айтуда.