«Соңғы үміт» телехикаясы. 11-бөлім
Далада ауырып қалған Шәріптің анасын кім құтқарады? Кейуана Қарттар үйіне қайтар ма екен?
Дастан мен Райхан сондай жарасымды жұп, екеуі отау құрса, бақыттылардың
қатарын толықтырары хақ! Бірақ Мөлдір арқасүйер тірегін Райханға бере қояр ма екен?
Айтпақшы, Аида мен Мөлдірдің бірігіп ашпақшы болған бренд магазині не болды екен? Ақшасыз қалған құрбысына Мөлдір көмек қолын созар ма екен?
Асхат пен Аида Мараттың шындықты білгені үшін аталарын жазғыруда.
Санат Түркиядан 1-орын алды. Қуанышы қойнына сыймай үйіне келгенде, атасы құшақ жая қарсы алмады. Неге? Қария қайда кетті?