Хабар телеарнасы
НҰРБОЛ МЕЙРХАНҰЛЫ АЛМАНОВ

НҰРБОЛ МЕЙРХАНҰЛЫ АЛМАНОВ

EL ARNA телеарнасының директоры

1976 жылы 1 мамырда туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: 1997 жылы Т. Жүргенев атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотану» мамандығы бойынша, 2015 жылы «Тұран-Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, заң магистрі дәрежесін алған. 2019 жылы «Журналистика» мамандығы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:

09.1996-11.1996 ж. - «Қазақстан» РТРК» АҚ «Таңшолпан» шығармашылық өндірістік бірлестігінің редакторы

1997-1998 ж. – «Таң» телерадиокомпаниясы» ЖШС қазақ редакциясының тілшісі

1998-2000 жж. – «НТК» телеарнасының редакторы

01.2000-04.2000 ж. – «КТК» телекомпаниясының ақпараттық бағдарламалар бөлімінің редакторы

2000-2001 ж. – «Алма-Медиа» баспа үйі» ЖШС телерадио хабарларын таратудың шығарушы редакторы

2002-2003 ж. – «КТК» телекомпаниясының ақпараттық бағдарламаларының редакторы

2004-2006 жж. – «Хабар» Агенттігі» АҚ «CaspioNet» телеарнасының редакторы

2006-2009 жж. – ДИАП Алматы бюросының редактор-сарапшысы, редакторлық бөлімнің редакторы, арнайы репортаждар бөлімінің редакторы, арнайы жобалар бөлімінің аға редакторы, «Қазақстан» РТРК» АҚ публицистикалық бағдарламалар шығармашылық бірлестігінің бас редакторы

2009-2013 жж. – «НУР-Медиа» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы басшысының орынбасары

2013-2017 жж. – «Медиа Астана» продюсерлік орталығы» ЖШС директорының орынбасары

2017-2019 жж. – «Рухани Даму» қоғамдық қоры Төрағасының орынбасары

2019-2022 жж. – баспасөз хатшысы, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК баспасөз қызметінің бастығы

2022 жылдың 21 сәуірінде «Хабар» Агенттігі» АҚ «Ел арна» телеарнасының директоры болып тағайындалды.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар:

«Шапағат» медалі – 2022 ж.,

«Ақпарат саласының үздігі» төс белгісі – 2020 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты – 2019 ж.,

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты – 2016 ж.