ЖАЙНАГҮЛ ҰЗАҚБАЙҚЫЗЫ ТӨЛЕМІСОВА
«Хабар» телеарнасының директоры
1984 жылы 8 мамырда туған.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: 2005 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген, 2012 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Қазақ-Орыс халықаралық университеті, 2020 жылы The George Washington University (Америка Құрама Штаттары) Журналистика және коммуникациялық менеджмент. Қоғаммен байланыс және жарнама» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медиа саласындағы докторантурасын бітірген.
Жұмыс тәжірибесі:
2004-2005 жж. – «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы шығармашылық қызметінің редактор-тілшісі
2005-2020 жж. - «Қазақстан РТРК» АҚ редактор-жүргізушісі, аға редакторы, меншікті тілшісі, тілшісі, арнайы тілшісі, аға редактор-жүргізушісі, арнайы тілшісі.
2020-2023 жж. – Астана қаласындағы «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директорының кеңесшісі
2023-2024 жж. - «Хабар» Агенттігі» АҚ «24 KZ» арнасы директорының орынбасары
2024 жылғы 8 сәуірде «Хабар» Агенттігі» АҚ «Хабар» арнасының директоры болып тағайындалды.