ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: фоторепортаж
Ыстықкөл жағасында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Биыл күллі әлем көз тіккен шараға 80-нен аса мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы қатысуда. Осымен үшінші рет ұйымдастырылып жатқан дода – қырғыз жерінде қолға алынған ең ауқымды спорттық шаралардың бірі. Мәселен, алғаш рет бұл игі шараға 600-ге жуық адам қатысса, осыдан 2 жыл бұрын сайыскерлердің саны мыңнан асқан. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты тарихи қойылыммен ерекшеленді.
Ал ойындардың басым бөлігі Кырчын шатқалында өтеді.
Осы орайда назарларыңызға ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан фоторепортажды назарларыңызға ұсынамыз!