«Хабар» Агенттігі Канн қаласында өткен халықаралық көрмеде өз өнімдерін ұсынды
Осы күндері Канн қаласында ауқымды MIPCOM халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Іс-шарада әлемнің көптеген елінің телекомпаниялары өз жобаларын ұсынуда.
«Хабар» Агенттігінің стенді де көрмеде ойып тұрып орын алды. Онда Агенттік өз жобаларымен қоса, көркем телехикаялар, деректі фильмдер мен Қазақстанның туризміне байланысты бағдарламалар таныстырылды.
Сондай-ақ «Хабар» Агенттігінің Discovery арнасымен бірігіп түсірген 2 жобасы ұсынылады. Олар – «Discovery Atlas» атты деректі телехикаялар топтамасы мен Қазақстанның өндірісі, мәдениеті мен туризмі жайлы «How It’s Made» бағдарламасы.
Discory Atlas – әр түрлі елдер мен халықтардың қиындығы мен қуанышы қатар жүретін күнделікті тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы баяндайтын Discovery арнасының деректі фильмдер топтамасы.
Алғаш 2001 жылы жарық көрген How It’s Made жобасы – тұрмысқа қажетті заттар мен өнімдердің дайындалу процесін, өндіріс ошақтарының жұмысын баяндайтын деректі телехикая.