Хабар телеарнасы

«Topjarǵan» музыкалық шоуының финалы

«Topjarǵan» музыкалық шоуының финалы

23 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасының эфирінен шыққан «Topjarǵan» музыкалық байқауы мәресіне жетті. Жоба жеңімпазы – Ақмарал Мамай.

Естеріңізге салсақ, 3 ай бойы 84 үміткер бағдарлама алаңында сынға түскен болатын. Барлық кезеңнен сүрінбей өткен 4 қатысушы: Райымбек Сатыбалды, Әmre, Досжан Үбиев, Ақмарал Мамай. Жеңіске жеткен қатысушы байқау біткен соң жоба атынан авторлық ән жазып, бейнеклип түсіру мүмкіндігіне ие болады.

«Topjarǵan» – Қазақстанда өзге музыкалық жобаларға ұқсамайтын жаңа шоу. Онда жұлдыз болуға лайықты төрт қатысушы байқаудың алғашқы кезеңінде таңдап алынған. Олар әр шығарылым сайын жаңадан келгендердің алдында өзінің жобаға лайық екенін дәлелдеуі керек еді. Бұл мақсат үдесінен шыға алмағандықтан, орындарын келесі қатысушылар алмастырды.