«Миллион кімге бұйырады?» ойыны халықтың ортасында өтті
2 наурыз күні MEGA Silk Way ОСО «Миллион кімге бұйырады?» ойыны халықтың ортасында өтті.
Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараға ойын-сауық орталығының келушілері қатысты.
Келушілер мүдірмей 8 сұраққа жауап берсе, ойынның телевизиялық нұсқасына қатысуға мүмкіндік алады.
Ойыншыға екі жеңілдік берілді. Көрермен көмегі және 50/50, яғни жүргізуші жауаптың екі қате нұсқасын алып тастап отырды.
Ойын барысында бір азамат 8 сұраққа дұрыс жауап беріп, телевизиялық нұсқаға жолдама алды.
Айта кетейік, кешті Досымбек Өтеғалиев жүргізді.
Ойын барысында сан алуан сұрақтар қойылып, келген қонақтардың барлығына сыйлықтар табыс етілді.