Шолу дөңгелегі
Қазақстандағы ең үлкен Шолу дөңгелегі Нұр-Сұлтан қаласындағы көпшілік жиі баратын орынға айналды. Жалпы адамзатқа құс жолы биіктігінен жерге қарау әрқашан қызық болатын. Сол секілді елорданы жоғарыдан тамашалау да арманға айналған. Себебі еліміздің бас қаласы – сәулеті мен дәулеті тасыған заманауи шаһар. Ал жоғарыдан қарағандағы көрініс одан сайын таңғалысыңызды арттырып, өзіне баурап алары сөзсіз.
2017 жылдың шілдесінде елорда күніне тарту етілген Шолу дөңгелегінің биіктігі – 65 метр, ал салмағы 270 тоннаны құрайды.
Аттракционның сыртқы көріністі тамашалауға болатын 36 кабинасы бар. Оның төртеуі жоғары жайлылықпен қамтамасыз етілген. Сыйымдылығы 4-6 адам.
Құрылысы қаланың климаттық жағдайларына лайықталып жасалған. Барлық техникалық тексерістен өткен, ТМД елдерінің нормасына сай. Жылдың кез келген мезгілінде міну үшін желдеткіш, жылыту жүйесі орнатылған.
Қысқы уақытта шолу дөңгелегі -15 градусқа дейін, ал жел болса, күші 20 м/с-қа дейін жұмыс жасауға қауқарлы.
Жұмыс уақыты: 10:30-00:00