«Ережесіз әңгіме». Кенжебек Жанәбілов өнерге қалай келді? Халыққа арнап қандай тегін орталық ашты?
Балалық шағындағы кедергілерге қарамастан, жеке тұлға болып қалыптасып қана қоймай, өнер әлемінде өз орнын тапқан әнші ережесіз сұхбат барысында анасы жайлы жылы естеліктерін, Алматыға келіп, мейрамханада «МузАрт»-тың әндерін айтып күн көргенін, кейін сол топтың мүшесі болуға шақырту алғанын, отбасылық өмірдегі сан қилы шақтарын әсерлі баяндайды.
Өнер иесінің өмір жолымен танысып, жаңалықтарымен құлағдар болғыларыңыз келсе, «Ережесіз әңгіме» бағдарламасының кезекті санын тамашалаңыздар!