«Сені іздедім» 3-шығарылым
Назым есімді кейіпкер қызы Ханшайымға жар іздеуде. Бірақ ол іріктеуден өткен серілердің ешбірін күйеу бала болуға лайық көрмеді. Бірі ақша сұрады, екіншісі жарының әлеуметтік желілерде танымал болғанын қаласа, үшінші жігіттің өткен өміріндегі келеңсіздіктері әшкере болды.
Бұл жағдайлардан соң Назым қызына берген уәдесін орындай ала ма? Ханшайымын ертерек ұзатып, қияға қондырсам деген арманы орындалмайын деді ме?
Білгілеріңіз келсе, сиқыр сезім мен тосын таңдауларға толы «Сені іздедім» реалити шоуын көріңіздер!