Жеті күн 06.01.2018
1. Президент Алматы қаласының әкімі Б.Байбекті қабылдады | 2. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы | 3.Қаржылық хаб |
4. Сүбелі сұхбат | 5. Шолу: 2018 жылдың өзгерістері | 6. Электронды ақша |
1. Президент Алматы қаласының әкімі Б.Байбекті қабылдады
Елбасы Алматыда жұмыс кездесуін өткізді. Қала әкімі Бауыржан Байбекті қабылдау кезінде шаһардың экономикалық дамуы жайында айтылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өндірістің, құрылыстың, инвестицияның және орта және шағын бизнес субъектілерінің өсуі 3 пайыздан асса, тұрғын үйді пайдалануға беру 2 пайызға ұлғайған. Жалпы экономикалық өсім деңгейі 3 пайыздан төмен болмайды деп күтілуде.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Алматы – очень важный вактор для экономики Казахстана. Поэтому каждый год я лично уделяю внимание. В прошлом году вы мне докладывали. И с Западного Казахстана специально протянули газопровод. Бозой-Шымкент. Все время мы брали у Узбекистана, у кого-то еще, то брали путем обмена. А сейчас мы можем сами обеспечить город газом. Для того, чтобы улучшить экологию, постепенно думаем перевести ТЭЦы. Использовать городской транспорт на газе надо, как в Лондоне, Токио. Токио весь был в смоге. А сейчас идешь по городу, как будто в степи идешь. Абсолютно чистый воздух. Они эстакады построили. Электромашины. В Сингапуре очень большие требования к чистоте бензина. Октановое число какое должно быть. Вот такой город. Думаю жители поддержат. Вот в этом направлении нам дальше нужно работать. В направлении газификации электростанции, газификации частного жилья, и автобусы на газе, автомобили на газе. Будем принимать такие меры, что в Астане, Алмате можно ездить только на электромобилях. Народ это поддержат.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
– По всем показателям абсолютный рост. По освоению бюджетных средств у нас 99,5%. 1,5 миллиарда мы экономию даём. Плюс мы благодаря вашим программам поддержки 45 тысяч рабочих мест, плюс работу по благоустройству создали. В этом году 20% всем продукции Казахстана малый и средний бизнес Алматы произвёл. Мы на 30% автобусный парк обновили. Это 500 новых автобусов.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Это говорит, во-первых, о том, что большой город притягивает малый и средний бизнес, возможности создаёт. Во-вторых, это говорит о том, что такие города могут без сырьевых каких-то ресурсов создавать благо и поднимать страну. В этом году наконец мы начинаем объездную дорогу.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
– БАКАД. 1,5 миллиарда будет инвестиций. Алматинские компании будут участвовать. Это разгрузит на 40-60 тысяч автомобилей в сутки город. Это резко улучшит экологию города и в целом включение будет города в систему «Западная Европа – Западный Китай».
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Вот в этом направлении дальше нам надо работать. Направлении газификации электростанций, газификации частного жилья и то, что вы делаете – автобусы на газовом топливе, автомобили на газовом топливе. Мы будем принимать такие меры, народ это поддержит.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
– Халық ризашылығын білдіріп жатыр. Біріншіден, ТЭЦ-2 бұрыннан келе жатқан мәселе. Біз қазір «Самұрық-Қазынамен» жұмыс істеп жатырмыз. Газға көшірсек, онда зиянды заттардың таралауын 9 пайызға төмендетеді. Бұл қаланың экологиясын жақсартады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Какие категории людей получили это жильё?
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
– Значит, там многодетные, матери-одиночки, дети-инвалиды, или с доходом очень низким – социально уязвимые слои населения. Олар кезекке тұрады. Өзіңіз ана жолы тапсырдыңы, универсиадамен басталды. Жастардың жылы болсын деп. Біз үлкен жол картасын жасадық. 8 мыңға жуық жастарды тұрақты жұмыс орынға қойдық. Екі жарым есе көп жастар қазір практикаға тұрды. 1 жарым мың адам мамандық алып жатыр. Соның үстіне жатақханадан екі мың орын аштық біз. Орта Азия университеті екі жатақхананы ашты. Біз 2020 жылға дейін 20 жатақхана ашайық деп жатырмыз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– По экологии что собираемся делать в этом году?
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
– Самое главное автомобили. 60 км сделали велосипедными, то есть дифференцированными трассами. В этом году, вот дополнительно вы поручили, мы должны через несколько лет ещё две станции метро внедрить. Плюс ТЭЦ-1 уже перевели на газ, ТЭЦ-2 если переведём на газ, это 11% вредных выбросов снизится на 9%. И в целом, конечно, вот зелёные насаждения то, что вы сказали, деревья сажать, кустарники сажать экосознание внедрять, производства мы выносим за город.
2. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы
Ұлы дала елі бейбітшілік жолындағы ұлы миссияны атқаруда – алға шықты. Бұл жолы да қазақ билігінің әлемді «ғарасаттан қашырып, парасатқа шақыру» ұстанымын ту етері белгілі. Үшінші қаңтар күні Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері еліміздің төрағалық мерзімге жоспарлаған бағдарламасын қабылдады. Тараптар бағдарламаның сапалы дайындалғанына баса назар аударған. Әсіресе, негізгі үш отырысқа ұсынылған тақырыптардың өзектілігін сөз етсе керек.
Атап айтқанда, бірінші жиын – «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенімді нығайту шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейлі брифинг. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 18 қаңтар күні өтеді. Екіншісі – Сыртқы істер министрінің басшылығымен болатын отырыс. Онда Ауғанстан мен Орталық Азияны тұрақты дамыту мәселесі таразыланады. Үшінші басқосуда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің Тұрақты өкілдері сөз тізгінін ұстайды. Олар Таяу Шығыстағы тартысқа, соның ішінде Палестина жағдайына қатысты пікір алысады.Қазақстан көтерген қай түйткіл де – бүгінгі саясаттың қызып тұрған тақырыбы. Соған қарағанда қаңтардағы пікірталастар қызу болатын сыңайлы?! Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, атом дейтін «аждаһамен» алысып-ақ келеді. Әзірге – жеңілген тұсымыз жоқ, жеңіс – бізде! МАГАТЭ мойындап, Үлбідегі металлургиялық зауыттың жанынан Төмен байытылған уран банкі ашылған. Бұл бастама – «аждаһаның» ашуын қайтаруға жасалған бір қадам.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Банк ядерного топлива – это требования времени. Иранская проблема показала, что они говорят мы хотим атомную станцию построит в стране для использования в мирных целях ядерной энергии и нам нужен обогащенный уран и начали обогащать. Все дело в том что для электростанции, допустим 20 процентный вращение достаточно, ну а система одна дальше обогащай, обогащай и получишь оружие плутони или уран. Поэтому никто не может запретить мирно использовать уран. А для этого, а где он возьмет топлива? Вот, мы внесли такое предложение, сделать такой банк, топлива для электростанции в Казахстане. Это принцип доверие. На этой площадке будет такой банк, от которого государства желающих построить ядерным станцию, будут получать топливо и запускать электростанция. Если каждый это начнет делать есть опасность, как говорится грязные бомбы или чистые бомбы, в общем то технология не такая сложная создать его. Только надо обогатить этот уран. Поэтому чтоб такого распространения топливо не было, если в одном вместе будет, желающую страны там будет покупать, спокойнее будет миру и распространяться не будет ядерное оружие туда куда не надо.
Ядро қуатының кері бағытқа кетіп қалмауын қадағалау – бір адамның немесе бір мемлекеттің қолынан келер қарекет емес. Оған әжептеуір қауқар қажет. Ал, ол күштің мүдделер тоғысқанда ғана табылары белгілі. Міне, сол мүдделерді табыстыру жолындағы талап – Қазақстанды әлем мінберінен әйгілеп тұрған. Былтыр еліміз Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметке кіріскенде – Елбасы саяси үндеу жариялаған. Сонда біз ұстанатын жеті басымдық жазулы. Олар: ядролық қарусыз әлем құру, жаһандық соғыс қатерін болдырмау және жергілікті жанжалдарды реттеу, өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуда Орталық Азияның мүдделерін ілгерілету, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес. Төрағалық кезіндегі әрекеттердің де – төркіні осы.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
– Осы қаңтар айында біздің төрағалығымызбен Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет жасайтын бірнеше санкциялық комитет бар. Олардың жалпы саны – 13. Соның үшеуін Қазақстан басқарады. Ол – жауапкершілікті талап ететін күрделі жұмыс. Мысалы, біз төрағалық ететін комитеттер қатарында Талибанға қарсы санкциялар туралы, сонымен қатар ТГИЛ және Аль-Каидаға бағытталған іс-әрекеттер, Сомали мен Эритрея жөніндегі санкциялық режим бар. Осы 3 комитетті басқару – біздің төрағалық кезіміздегі күрделі мәселе.
Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының алғашқы жұмыс күнінде айтылған және бір тақырып – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі. Тараптар сөзін талдай келіп, қорытқанда: «Жасыл технологияға жан бітіруге бағытталған шара әлемдік қауымдастықтың жұмысына оң әсерін тигізген». Бұл – стратегиялық әріптестікке серпін беретін сенім.
Әсілі, 2017 жыл – алтын қаріппен жазылатын айрықша жыл. Әлемдік саясатта «ЭКСПО-2017», «Астана процесі» деген жаңа ұғымдар әйгіленді. Бұл қатардың биыл да толыға түсеріне күмән жоқ. Мәселен, «Астана биржасы». Бірінші қаңтарда «ЭКСПО» көрмесінің инфрақұрылымы негізінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастады. Әрине, бір күнде біте қалған іс емес. Бұл бағыттағы әрекеттер 2015-ші жылы бастау алған. Президенттің өзі Лондон, Париж, Нью-Йорк, Бейжің, Сингапур, Дубай сынды әлемнің ірі қалаларында болып, халықаралық қаржы орталықтарымен танысқан. Солардың ішінен жанымызға жақын келгені – «Дубай тәжірибесі». Білсеңіз: ондағы қаржы орталығы жалпы ішкі өнімнің 15 процентін құрап отыр. Қазіргі қарқынмен өлшегенде, 2025 жылы 80 процентке жетеріне сенімді. Ал, біздегі сенім қандай?
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Этот центр будет единственным в нашем регионе Центральной Азии. И в России нет его. Здесь будут все банки. Уже с нами договорились Всемирный банк, Европейский банк, Азиатский банк, Исламский банк. Они все будут держать свои офисы здесь, вкладывать деньги и будут инвестировать не только здесь, но, может быть, и в других, соседних государствах. И различные финансовые инструменты будут использовать. Это даст возможность нам открыть собственную биржу здесь, чтобы наши казахстанские компании котировали свои товары здесь и наши казахстанцы вкладывали свои деньги в акции и, как я уже говорил, следили за тем, чтобы получать дивиденды.
3.Қаржылық хаб
«Биржа» дегенде көпшіліктің білері – жұмыспен қамтитын жүйе. Асылында оның ауқымы кең. Акция арқылы ақша жасайтын амалы көп. АҚШ-тың 70 процент азаматының айлықтан гөрі дивидентті артық көретіні, сондықтан. Олардың байлығы – қорасында емес, қаржы орталықтарында. Уақыттың бұл талабына қазақстандықтар қашан үйренеді? Елорданы Еуразияның қаржы қақпасына айналдыратын жоба жайлы толығырақ тілші баяндайды. Сөз тізгіні – Сәкен Сейітханұлында.
Экономикалық бағытта алып қарасақ, Орталық Азия аумағы сия тимеген қағаз іспетті. Өйткені бұл өңірдегі елдердің дені дамушы деген атақты арқалайды. Қазақстан - солардың ішіндегі қадамы қарқынды мемлекет. Асыра айтқандық емес. Соңғы 10 жылда елге 250 миллиард доллардан астам инвестиция құйылғаны сөзімнің дәлелі. Бұл қаржы көлемі алдағы уақытта еселенуі мүмкін. Өйткені «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылды. Сарапшылар Астанада ашылған бұл алаң тек Орталық Азия емес, Еуразия кеңістігінің экономикасын түлетеді деп сенеді.
Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Тіпті Ресейдің өзінде мұндай орталықтың құрылмағанын еске алатын болсақ, ал енді екінші жағынан Еуразиялық үлкен одақ кедендік бүкіл шекараны алып тастағанды ескеретін болсақ, үлкен нарық орны бар екенін ескеріп сондықтан, бұл орталықтың болашағы бар екеніне өзімнің сенімім бар.
Елбасы өзінің 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында қаржы орталығының қазығын қағуды қадап тапсырған еді. Екі жыл өтті. Мамандар тыңғылықты жұмыс істеп, істі жүйеге түсірді.
Стивен Глинн, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитет директоры:
– Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті өткен он екі айда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заңнамалық негіздерді әзірледі. Бұл заңнама органы қаржы қызметтері мен капитал нарығын дамытуға, сондай-ақ компанияларды тіркеуге және қаржылық қызметтерді лицензиялауға жағдай жасайды.
Астана халықаралық қаржы орталығы дамудың 6 бағытын айқындады. Олар капитал нарығы, активтерді басқару, исламдық қаржы, қаржы технологиялары, жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару, жасыл қаржы. Осы қадамдарға енді жекелей тоқталсақ. Капитал нарығы бойынша істің ілгері басқанын көруге болады. Өйткені мамандар шет елдік қаржы компаниялары мен екінші деңгейлі банктерге біздің бар мүмкіндігімізді таныстырды. Нақтырық айтсақ, ірі қаржы ұйымдары визалық жеңілдік, салықтан босату, қолайлы заң жүйесінен құлағдар болды.
Олжас Тоғаев, қаржыгер:
– Біз қазір Малазия мемлекетімен осы біздің мекеме арасында келісім шартымыз бар. Осы Қазақстан нарығын және ТМД елдері нарығын зерттеу бойынша. Зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар осында банктерін басқа мекемелерін кіргізуге біздің нарығымызды зерттеп жатыр. Сол нарық Құдай қаласа 6 айдан кейін зерттеп бітіледі. Одан зерттеу нәтижелерін соларға ұсынамыз одан кейін олар шешім қабылдап жарты жылдан кейін қандай нақты-нақты мекемелер кіреді соның ұсынысын береді.
Иә, кез келген инвестор қаржысының қайтарымы болғанын қалайды. Оның сыртында ісі өрге басуы үшін нарықты бағамдайды. Ал біздің орталыққа келген қалталылар атының басын кері бұра қоймайтыны шүбәсіз. Өйткені орталықтың алаңы ауқымды.
Батыржан Садық, қаржыгер:
– Бұл орталыққа келген инвесторлар үш бағытта ақшаларын айналдыра алады деген сөз. Біріншісі Орта Азия елдері ол қазіргі кездегі 5 мемлекет деп айтуға болады. Сонымен қатар екінші бағыт ол Евразиялық қауымдастық, ол Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Армения және Қырғызстан мемлекеттері деп айтуға болады. Үшінші бағыт ол - Жібек жолы бағыты. Қытай мемлекеті серіктес ретінде 3 мемлекетті атады, ол Қазақстан, Пәкістан және Иран мемлекеті.
Орталыққа бүгінгі күні қызығушылық танытып отырған басқарушы компаниялар көп. Қаржы ұйымдарының мамандары әлемдік нарықты толық зерттегендер. Олар Қазақстанға келіп, бірнеше бағытта қызмет атқармақшы. Дәлірек айтсақ, мекемелердің ақшасын айналымға түсіріп, еселеуге күш салады. Бұл жүйе активтерді басқару деп аталады. Дәл осылай жеке тұлғалар да қаржысын орталыққа әкеліп, қалыңдатып алуға мүмкіндік қаралып отыр.
Құралай Елдесбай, «АХҚО әкімшілігі» АҚ Исламдық қаржыландыру департаментінің бас менеджері:
– Яғни сіздің көп ақшаңыз бар делік, құнды қағаздардың қайсысын алу-алмау керек екенін білмейсіз ғой. Ұйымға келесіз де айтасыз менің мынау осымен жұмыс істе осыны басқар дейсіз ақшаны. Сол басқарушы мекемелер дүниежүзіне белгілі мекемелер аттары бар жаңағыдай өздерінің жұмыстарын көрсеткен мекемелер. Олар соны дұрыс инвестициялап әртүрлі жерлерге, сізге сол ақшаңызды біраз үлкейтіп қайтарумен айналысады.
Әлемдік қаржы технолологиясы күннен-күнге дамып келеді. Соңғы жылдары блокчейн, криптовальюта деген қызметтер пайда болып, қоғам өміріне ептеп еніп жатыр. Астана қаржы орталығы осы тақылеттес жүйелердің ұтымды тұстарын қолдануға ниетті. Мұның сыртында жасыл қаржы бағытына да басымдық берілмекші. Яғни қоршаған ортаға зияны жоқ жобаларға инвестиция тартылады. Ал исламдық қаржы әлемде қарқын алып келе жатқан индустрияның бірі. Сондықтан бұл бағыт орталықтың негізі міндеттерінің бірігейі саналмақшы. Қазірдің өзінде Еуропа және Араб елдерінің қаржы мекемелері бізге қызығушылық танытып отыр. Алдағы уақытта олардың банктері біздің елде жұмыс істеп, құнды қағаздары айналымға түседі.
Құралай Елдесбай, «АХҚО әкімшілігі» АҚ Исламдық қаржыландыру департаментінің бас менеджері:
– Инфрақұрылымды дамытқымыз келіп жатыр. Яғни исламдық қаржы ұйымдарына ыңғайлы, қолайлы болуы үшін. Оның ішінде құнды қағаздар қажет. Бенчмарк дейміз ғой. Мысалы ретінде басқа мемлекеттен болсын, біздің Қазақстаннан болсын құнды қағаздарды шығарушыларға бенчмарк ретінде қазақстанның егеменді исламдық қаржы, исламдық құнды қағаздарын шығару жұмысы үстіндеміз. Оны қаржы министрлігімен бірге жұмыс атқарып жатырмыз.
Мамандардың айтуынша, исламдық қаржы саласы ел экономикасына қолайлы жағдай туғызады. Нақтырақ айтсақ бұл жүйеде үстеме деген ұғым атауымен жоқ. Мәселен инвестор сіздің жобаңызға ақша салды, ол бірнеше жылда қаржыны қайтар деген талап қоймайды. Тек жұмыстың өнімі болған сәтте пайданы бөліседі.
Батыржан Садық, қаржыгер
– Исламдық қаржы институттарымен исламдық банктер Қазақстан Республикасында жұмыс істей бастаған кезде бізде біріншіден қаржы құралдары көбейеді. Сәйкесінше кәсіпорындар көбейеді. Кәсіпорындардың көбейуі ол жұмыс орындарының көбеюі.
Жұмыс орындарының көбейуі ол – салық, тауар, экспорт. Бір сөзбен айтқанда экономиканы өрге бастыратын қарқынды құрал. Хош. Сонымен жоғары айтқан бар ісіміз ілгері басады деген нық сенім бар. Өйткені инвесторларға бар жағдай қаралды. Ең маңыздысы олар әлемдік тәжірибеде іске асып жатқан ағалышын құқығын толық қоландана алады.
Нұржан Қосбаев, «АХҚО әкімшілігі» АҚ Заң департаментінің директоры:
– Егер Қазақстанның дауы болатын болса, Қазақстанның соттары шешім шығару кезінде Қазақстанның заңдарына қарап шешім шығаратын болса, Англияның немесе Англо-саксондық соттар ол бүкіл англо-саксондық жүйедегі соттардың осы мәселеге ұқсас мәселелерде қандай шешімдер қабылданған соның бәрін зерттеп шешім шығаратын болады.
Бүгінгі күні орталықта жұмыс істейтін 9 судья таңдалды. Халықаралық деңгейдегі салмақты мамандардың 15 жылдан астам еңбек өтілі бар. Олар енді орталықтың қатысушылары болған мекемелердің құқығын қорғап, түйткілдерді шешуге күш салады. Тура билер қатары тек өзге елдің азаматтары болады деген міндет жоқ. Қазақстандық судьялардың да білігі мен білімі жетіп тұрса қызметке келе алады. Бұл орталыққа біздің елмен қатар әлемдік қаржы орталықтары да сеніп отыр. Нью-Йорк және Шанхайдың қор биржалары Астана қаржы орталығымен серіктес болуының өзі көп жайтты аңғартса керек. Қорыта айтқанда Орталық Азия, тіпті Еуразия кеңістігінің жаңа экономикалық тынысы ашылды, әлемдік нарықтың жаңа орталығы «Астана» тарих бетіне жазылды.
Авторы: Сәкен Сейітханұлы
4. Сүбелі сұхбат
Экономиканы қара алтынға қаратып қоюдың жарға жығарына көз жетті. Бұл шикізатты да жаңа жаһандық ахуал жақтыра қоймады. Сондықтан әр тараптан әрекет қылу керек. Сондағы бір үлкен іс – инвестор тарту. Ал, инвестордың жанына қолайлы, табыс табуға орайлы жерге ғана барары белгілі. Қазақстанда жүріп жатқан қазіргі қарбаластың жайы осыдан шығады. Бұл ретте бизнес жүргізуге ыңғайлы жағдай жасау ғана міндет емес, көліктік-логистика, инфрақұрылым жағынан да біраз істі бір ізге келтіру керек. Демек, «қаржылық хаб» жобасымен индустрияландыру картасы және «Нұрлы жол» бағдарламалары біте байланысты деген сөз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Казахстан имеет 9-ю территорию в мире - 2,7 млн кв. км - и не имет выхода к морям. Почему моря? Потому что, это пока самый дешевый транспорт, кораблями возить выгодно, товар становится конкурентоспособным. Но у нас нет морей, мы должны были использовать то, что имеем. Поэтому, транспортные коммуникации, связи Казахстана с миром через железные и автомобильные дороги и авиацию являются крайне важными для развития. Мы всецело поддерживаем программу, которую именно в Казахстане объявил Председатель КНР Си Цзиньпинь в Назарбаев Университете, оттуда пошло все. 65 стран подключены к этой программе, мы подключили свою программу «Нурлы жол» и работаем.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған жолдардың нәтижесінде контейнер тасымалының көлемі жыл сайын көбейіп келеді. Былтыр 1,8 есеге артты. Нәтижесінде Қазақстан арқылы миллион тонна жүк өтіп, соның өзінен 5 миллиард доллар табыс түсті. «Мемлекеттік бағдарламалар өзін-өзі ақтап шықты» дегенде осындай ақпараттарды айту керек шығар?! Бұл жобалар – бір жағынан дағдарыс дауылында қорған болды. Жүз мыңдаған халық жұмыс тауып, бала-шағасын жоқтан барға жеткізді.
Әлеумет жайлы әңгіме өрген екенбіз, енді соны жалғай түсудің реті келіп тұр. Биыл әлеуметтік бағытта әжептеуір жаңалық бар. Нақты қандай өзгерістер боларын сала басшысының өзінен сұрауға мүмкіндік туып тұр. Бүгін бізде – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Қасымқызы қонақта. Қош келіпсіз! Жаңа жыл құтты болсын!
– Жыл басталысымен жас та, жасамыс та жаңалық, жақсылық күтетіні белгілі. Бұл әсіресе әлеуметтік салаға көп қатысты айтылатын дүние. Биыл бұл салада қандай жаңалықтар бар? Негізгі бағыттардан бастасақ?
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Рахмет үлкен. Жалпы биылғы жылы біз біраз мәселелерді іске асырылғалы отырмыз. Өйткені, өздеріңіз білесіздер Елбасының халыққа жолдауында және өткен жылғы 100 нақты қадам «Ұлт жоспарында» белгіленген бірқатар мәселелер биыл атқарылғалы отыр. Соған қысқаша тоқтала өтейін. Әсіресе, жастар жаңа сіз жастардың санатын айттыңыз. Жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, жұмыссыздар және енді өзінің бизнесін бастап келе жатқан азаматтарға біз "Жұмыспен қамту" бағдарламасын одан әрі жалғастыратын боламыз. Өткен жылы 527 мыңнан астам азамат бұл бағдарламаға қатысушы атанған болатын болса, биыл да осы көрсеткіштен кем болмайды деп отырмыз. Сонымен бірге жастарды әсіресе өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды өз кәсібін ашамын деген жастар болатын болса оған қосымша қолдау пакеттерін қарастырып отырмыз. Екінші үлкен мәселе: әлеуметтік әріптестікті одан әрі жандандыру. Бұл Үкімет пен жұмыс беруші жұмыскерлердің ортасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселесі болып отыр. Біз өздеріңізге белгілі Еңбек кодексін жаңа ендірдік. 2016 жылдан бастап соңғы жылдардағы біздің анализдеріміз көрсетіп отыр жалпы азаматтарды жұмысқа еңбек-шартсыз қабылдау немесе өз уақытында еңбекақысын төлемеу немесе зейнетақы жарналарын төлемеу. Соңғы кезде шахтерлердің көтеріп жүрген мәселелері әлі де болса заңды орындауда олқылықтар бар екенін көрсетіп отыр. Сондықтан да жақын күндері осы Үкімет жұмыс берушілер мен жұмыскерлермен біраз келісімге қол қояды. Ең негізгі мәселелер жоғары айтылған мәселелер болады. Біз мұны үлкен бір бағытымыз деп отырмыз. Үшінші бағыттардың бірі - бұл көшу-қон мәселесі. Өткен жылы жаңа консепцияны қабылдаған болатынбыз. Сондықтан ішкі концепцияға, ішкі миграцияға көбірек көңіл бөлгелі отырмыз. Сонымен бірге жұмыс берушілер жұмыс өзіне қажетті азаматтарды жұмыс күші көп аймақтардан қабылдайтын болса, оларға қосымша қолдау пакеттері қарастырылып отыр. Енді зейнет жасындағы азаматтарымызға биылғы жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес зейнетақысын да, жәрдемақысын да көтеру мәселесін қарастырып отырмыз. Сонымен бірге зейнетке шығу жасын биылдан бастап 6 айдан бастап көтеру мәселесін қарастырып отырмыз. Жалпы біз биылғы жылы зейнетақы жүйесінің модернизациялаудың екінші этапын іске асыра бастаймыз. Ең соңғы үлкен бағыттарымыздың бірі - әрине атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын ендіру. Міне осы біздің биылғы жыл атқаратын бағыттарымыз!
– Жаңа зейнетақы саясатыан қатысты бірқатар өзгерістер бар дедіңіз. Білуімізше, осы қаңтар айынан бастап біраз зейнетақы өсіп, өзгеріп жатыр. Қалай өзгеріп жатыр? нақты қаншаға өседі? Осыған қатысты өз аузыңыздан естісек?
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Биылғы жылы зейнетақыларды біз 2 этапта көтеретін боламыз. Бірінші этап мына жыл басынан басталды. 4 қаңтардан бастап зейнеткерлеріміз жоғары көлемдегі зейнетақысын ала бастады. Яғни, жыл басынан бастап біз еңбек пенсиясын 8%-ға, базалық пенсияны 6%-ға көтердік. Соның есебінен қазір орташа зейнетақы 71 мың теңгенің көлемінде, өткен жылы 66 мың теңгедей еді. Ал екінші этап енді 1 шілде 2018 жылдан басталады. Біз базалық зейнетақыны азаматтардың еңбек өтіліне қарап қайтадан есептейтін боламыз. енді базалық зейнетақыны алу үшін азаматтардың мәселен 10 жылдық еңбек өтілі болатын болса, онда бүгінгі таңдағыдай 15 мың теңгеден сәл жоғарырақ базалық зейнетақы алатын болады. Ал егерде 20 жылдық еңбек өтілі болатын болса, онда 21 мың теңгеге дейінгі базалық зейнетақы алады. Яғни 6 мыңға жылдың басымен салыстырғанда көбейгелі отыр. 33 жылдық еңбек өтілі бар азаматтар болатын болса олардың базалық зейнетақысы 28 мың теңден асқалы отыр. Сонда бұл базалық зейнетақының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артқалы отыр. Жалпы мұндай көтермелердің барлығы биылғы бюджетте қарастырылған. Зейнетақыны төлеу үшін 1,9 трлн теңге бюджетте қаралып, 2 млн зейнеткерлерге берілетін зейнетақы көлемін көрсетіп отыр.
– Көпшілікті толғандыратын мәселенің бірі - бірыңғай зейнетақы қорындағы салымдар мәселесі. Осыларға қатысты қандай да бір өзгерістер болады ма биыл?
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Биыл Ұлттық банктің өзгерісіне сәйкес қажетті құқықтық-нормативтік актілерге өзгертулер енгізілді. Соған сәйкес азаматтар зейнетақыларын ай сайын алатын болады. Бірақ, бұл тек қана биылғы жылғы пенсияға, зейнетке шығатын азаматтарға тиесілі. Ал енді 2018 жылға дейін бұрынғы келісім-шартпенен квартал сайын, ай сайын, жыл сайын айына бір рет алып келген зейнетақылар сол көлемде сақталып сол тәртіппен төлене береді.
– Ал егер зейнетақы қорындағы жиналған қаржының көлемі көп болмаса ше?
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Мысалы, герде азаматтардың зейнетақы көлемі көп болмайтын болса, біздегі заңда көрсетілген сол зейнетақы жинағының көлемі ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем болатын болса онда бірден алуға болады. Биылғы жылы ол 404 000 теңге көлемінде. Сондай жинағы бар азаматтар бірден алып кетуіне болады жинақтарын.
– Бізде енді әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар ол тек зейнеткерлер ғана емес сондай-ақ мүмкіндігі шектелуі жандар мен асыраушысынан айырылған азаматтар да сол санатқа жатады. Осы әлеуметтік санатқа жататын азаматтардың әлеуметтік жәрдемақысына қатысты қандай нақты өзгерістер болады биыл?
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Биыл біз мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін Елбасының тапсырмасына сәйкес 2 үлкен шараны атқардық деп айтсам болады. Бұрын бұл азаматтар 2 түрлі жәрдемақы алатын. Ол екі түрлі пакет құжат әзірлейтін. Биыл оны біріктірдік. Сөйтіп қазір олар бір жерден жәрдемақы алып жатыр. Сол бір жәрдемақының көлемінің өзі 16 пайызға дейін көтердік. Екінші егер ол азаматтар жұмыс істейтін болса, онда бізде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры бар. Содан да қосымша жаңағы мемлекеттен қосымша берілетін жәрдемақыға қосымша жәрдемақы әлеуметтік төлемдер төленеді. Оның да көлемін 16 пайызға көтердік. Мысал ретінде айтайын егер де мүгедек жан І топтағы мүгедек болатын болса, онда оған республикалық бюджеттен оған 54 000 теңге көлемінде қаражат төлеп отырмыз. Ал, сақтандыру қорынан 35 000 теңге көлемінде. Жалпы 90 000 теңге ол кісілердің жәрдемақысы болып отыр биыл жылдың көтермелерімен. Мұндай азаматтардың саны Қазақстанда 80 мыңға жуық. Ал ендігі жылы бұл кісілерге 236 млрд-тай теңге республикалық бюджеттен қаралып отыр.
– Біздің республикалық бюджетті әлеуметтік салаға басымдық беріп отыр деп айта аламыз ба? Үкімет мүшесі ретінде айтып берсеңіз?
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Айтуға болады. Себебін мен жаңа айттым. Зейнетақы жөнінде, жәрдемақы жөнінде. Одан басқа да көпбалалы аналар берілетін, балалары бар отбасыларға берілетін ол жәрдемақының мөлшері жыл басынан бері жалпы биылғы жылы 2,5 трлн теңге республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға қаралып отыр. Бұл 27 пайыз. Жалпы республикалық бюджет шығынының 27 пайызы тек қана әлеуметтік қамсыздандыру шараларына жұмсалып отыр. Бұл 4 млн азаматқа төленетін зейнетақылар, жәрдемақылар. Басқа да жәрдемақылардың түрлері.
– Жаңа жылдың тағы бір басты жаңалығы ол әлеуметтік көмектің жаңа форматына өтуіміз. Мұндағы басты мақсат не және сол мақсатқа жету жолында қандай тетіктер қолданылмақшы?
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Жаңа әлеуметтік көмектің форматы ол азаматтарға тек қана ақшалай көмек емес, сонымен бірге жұмыс істеуге мүмкіндігі болатын болса жұмысқа тарту. Оқуға тарту. Кедейшілік шегінен шығару мәселесін көтеру. Сондықтан да біз жиылғы жылы атаулы әлеуметтік көмекті 2 форматта беріп отырмыз. Егер де отбасында жұмыс жасындағы азаматтар жоқ болатын болса, бұрынғыдай атаулы әлеуметтік көмек беріле беретін болады. Шартсыз. Мұның ішіне балалы аналар да кіреді. Егер де ол ана баласына қарап отырған болса. Ал енді отбасында жұмыс жасындағы азаматтар болатын болса, олар 2 көмек алады. Атаулы әлеуметтік көмекті қаржылай алады. Екінші жағынан жаңағы азаматтарды оқуға немесе микрокредит алуға немесе жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілетін болады. Сондықтан осындай атаулы әлеуметтік көмек ақшалай ғана емес, кешенді көмек ретінде берілгелі отыр.
– Тамара Қасымқызы, салиқалы сұхбатыңызға ризашылығымызды білдіреміз. Қызметтеріңізге тек табыс тілейміз.
5. Шолу: 2018 жылдың өзгерістері
Былтыр бірнеше Заң қайта қаралып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Биыл сол құжаттардың басым бөлігі күшіне еніп, жұмыс істей бастады. Сондықтан, 2018-ші жылдың «таңдай қақтырарлық» жаңалығы көп. Тікелей тұрғыдан да, ауыспалы жағынан да. Қайсысына жататынын білмеймін, әйтеуір осы жылдан бастап төлқұжат алу қымбаттады. Бұрын – 9076 теңге болатын, енді – 19240 теңге. Мұндағы құнның айлық есептік көрсеткішпен өлшенетіні белгілі. Айта кету керек, оның да мөлшері 2269-дан 2405 теңгеге көбейді. Тиісінше, біраз төлемнің де төменге емес, төбеге тартқаны анық. «Таңдай қақтырарлық» ақпараттар тек ауыспалы мағынасына ғана арналыпты» деп алаңдамаңыз?! Тікелей мағынасында да тілге тиек етер мәлімет мол. Мәселен, айыппұл көлемі азайды. Шағын және орта бизнес үшін салық жүйесі жеңілдеді. Тағы басқалары жайлы тілшіміз тарқатсын – Жансая Қожахметованың шолуы.
Ғаламторды ашып қалсаң болды, «2018 жыл несімен ерекшеленеді?», «Зейнетақы көтеріледі ме?», «Айыппұл пен жәрдемақы көлемі қандай болмақ?» - сынды сауалдар самсап тұр. Сан сұрақтың көбіне жауап іздеп көрдік. Сөйтсек...Биылдан бастап, елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі. Әуелі 2000 адамнан асатын тұрғыны бар әкімшілік-аумақтық бірліктер, ал 2020 жылдан бастап барлық елді мекендер осы жүйеге көшеді. Кіріс көзі қандай десеңіз... Оны да айтайын. Бюджет - салықтық және салықтық емес түсімдермен толықтырылады. Айтпақшы, бұл мәселеде Польшаның тәжірибесі негізге алынған.
Елдің экономикалық дамуына серпін беретен тағы бір жайт – республикалық бюджет. Оның 2018 - 2020 жылдар аралығына жоспарланған негізгі параметрлері белгілі. Осылайша, биыл 1 қаңтардан бастап елімізде:
- Ең төменгі жалақы – 28 284 теңге;
- Ең төменгі мемлекеттік негізгі зейнетақы көлемі – 15 274 теңге;
- Ең төменгі зейнетақы көлемі – 33 745 теңге;
- Айлық есептік көрсеткіш – 2 405 теңге
- Ал, негізгі әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін күнкөріс деңгейі – 28 284 теңгені құрайды.
Ит жылындағы жаңалықтың бірі – 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кедендік кодексі күшіне енді. Құжат қажетті процедураларды барынша жеңілдетіп, жеделдетеді. Тасымалдаушылардың шығындарын азайтады. Кедендік бақылау формаларының саны-7, ал операциялардың саны 8 есеге қысқарады.
Жаңа кодекске сәйкес, тауарларды өткізудің уақыты 4 сағатқа дейін қысқартылады. Естеріңізде болса, бұған дейін оның мерзімі - бір тәуліктен астам болған.
6. Электронды ақша
Ойлап отырсаңыз, әлем материалдық тұрғыдан да құлдырап бара жатқан сыңайлы?! Кеше көзге көрінетін, қолға ұстауға болатын дүниелердің көбі қазір жоқ. Олардың орнын ауа тәрізді көрінбейтін, бірақ онсыз өмір сүре алмайтын заттар басқан. 2017-ші жылы «криптовалюта» дейтін виртуалды ақша әлем сахнасына көтерілді. Өзі ғана көтерілсе көндік. Өзімен бірге біраз адамның қан қысымын көтеретіндей қарқын алды. «Биткоин» аталатын бірлігі былтыр 17-ші желтоқсанда 20 мың долларға дейін жетіп, көп ұзамай 7 мың долларға қайта құлады. Бұл да «көк қағаздың» әсерінен болатын көрініске ұқсайды. Сол құнсызданудан кейін «Bitcoin.com» компаниясын жасаушылардың бірі Эмиль Ольденбург «криптовалютаның болашағы бұлыңғыр және оған инвестиция салу өте қауіпті» деп қайырды. Сандық ақшаны саналы түрде заңды төлем құралы ретінде қабылдаған Жапонияның қаржы министрі де күмәнді ойға көп берілді. Ал қазақстандықтар не дейді
Рүстем мен Роман құрылыс компаниясын бірлесіп құрған. Серіктестер жасыл технологияның көмегімен жанға жайлы баспана салуды қолған алды. Бастысы экологиялық жағынан тиімді әрі үнем. Күн, су, жел энергиясын қолданатын үйлер тек биткоинға сатылады. Яғни, 1 коттедждің құны 16 биткоинға тең.
Рүстем Смағұлов, құрылыс компаниясының өкілі:
– Халықаралық валюта нарығындағы өзгерістерді бақылап отырамыз. Соңғы жылдары көпшіліктің криптовалютаға деген қызығушылығы күрт артты.Қазақстанда криптомиллионерлердің біршоғыры қалыптасып үлгерді. Олар биткоинды құны төмен кезінде сатып алғандар. Сұранысқа сәйкес үйлерді биткоинға сатуды жөн санадық.
Алматы, Астана секілді мегополистерде криптовалютаға үй айырбастау, техника сатып алу үрдісі белең алып алды. Көзі қарақты көрерменнің кейбірі «криптовалютаның» не екенін білмеуі мүмкін. Криптовалюта - жаңа технологиялар мен мемлекеттің бақылауынсыз жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарының жылдам жүйесі.
Бір сөзбен айтсақ, криптовалюта - виртуал еңбекпен табатын ақша. Валютаның физикалық баламасы жоқ. Оның шын өмірдегі қаржы мен электронды картадағы ақшаға еш қатысы жоқ. Ал, «майнер», «фермер», «биткоин» сөздері криптовалютамен тікелей байланысты.
Криптовалюта өндірісін «майнинг» деп атайды. Қазір фермасы бар майнерлердің айдарынан жел есіп тұр. Бұрын «ферма» десек көз алдымызға қораны елестетінбіз. «Ферма» сөзінің мәні өзгерген заман. Әділбек Шунгулов майнер. Үйден шықпай-ақ ақша жасаудың қыр-сырын біледі. Ең танымал криптовалютаны табу үшін жұмысқа барудың қажеті жоқ. Табыс үйіңізге өзі келеді. Электронды ақша күрделі математикалық жүйемен тығыз байланысты. Майнингте транзакциялар бақыланып, тіркеледі.
Әділбек Шунгулов, майнер:
– Ең негізгісі осы биткоинде блокчейн системасы. Ол анонимдік, ол бүкіл жүйеде бар және де осы бүкіл жазған транзакцияларды ешкім жоя алмайды. Өйткені көптеген гигабайттық көлемде интернетте жазылып тұр. «Биткоинкор» деген программаны ашатын болсаңыз сол жақтарда 9 жылдық бүкіл транзакциялар жазылып тұр.
Криптовалютадағы қауіпсіздік мәселесін блокчейн технология шешеді. Блокчейн – ақпараттарды сандық сақтау жүйесі. Есеп-қисабы түрлі криптографиялық әдістерге негізделген жүйедегі ақпаратты өзгерту мүмкін емес. Ешқандай банк жүйеге ықпал ете алмайды.
2017 жылғы ең танымал криптовалюта рейтингі:
- Bitcoin (BTC)
- Ethereum (ETH)
- Ripple (XRP)
- NEM (XEM)
- Ethereum Classic (ETS)
Содан болса керек криптовалюта көптің сеніміне кірді. Соның ішінде биткоин бағамы еуро мен долларды артқа тастап 1 биткоин 19 мың долларға дейін жетті. Бұл - рекордтық көрсеткіш.
Жангелді Шымшықов, экономист:
– Биткоинға деген сұраныс болмаса онда биткоинның бағасы 0-ге тең болады. Бұл тек қана барлығы неге байланысты? Оған деген сенім, біріншіден және оны қолданам деп ұмытылу. Егер де қазір бір ірі-ірі жаңағы капиталы бар адамдар биткоинды көбіректен сатып алатын болса онда мұның бағасы бірден көтеріледі. Барлығы ұсыныс пен сұранысқа байланысты. Нарықта одан басқа заң жоқ өзі.
Соңғы кезде биткоинды жаппай алушылар көп. Қазақстанда әзірге криптовалютаны реттейтін тетік жоқ. Ұлттық банк виртуалдық монеталар нарығына заңдық тұрғыдан ықпал ете алмайды.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
– Ұлттық банктің бірнеше департаменті криптовалютаны зерттеумен айналысып жатыр. Әзірге әлемдік валюта нарығында болып жатқан процестер туралы пайым жасау ерте. Бұл жерде біз белсенді ойыншыдан гөрі байқаушы рөліндеміз. Жүйені реттеуге қатысты қандай да бір заң қабылдау ұзаққа созылуы мүмкін. Қаржылық пирамидаларға қатысты құжат қабылданғанша біраз уақыт өткені белгілі. Сол секілді бұл жүйені толыққанды зерттеп, өзге елдердегі тәжірибесін саралағанша күте тұруымызға тура келеді.
Осылайша, қаржы нарығын реттеушілер бұл істе азаматтарды сақ болуға шақырып, әліптің артын бағып отыр. Ал, аз уақытта табысын еселегісі келетіндер көбеймесе, азаяр емес. Интернет арқылы қолма-қол ақша енгізіп, виртуалдық валюта сатып алады. Төлемдер тоқтатылса жер сипап қалуы әбден мүмкін.
Жангелді Шымшықов, экономист:
– Ешкім нарықтық экономикада «Сен былай істе», «Сен былай істе» деп ақыл айта алмайды. Егер де оған биткоин ұнайтын болса, биткоин арқылы өзінің капиталын ұлғайтамын деген үміті болса немесе шын мәнісінде қолынан келіп жатса нұр үстіне нұр. Қай ақшаны алсаң да оны қолдайтын жасайтын соған ұмтылыс жасайтын фальшивообменщиктер қайдан болсын табылады. Сол сияқты биткоинды да жасанды түрде енгізіп жіберетін немесе жалған биткоин жасайтын жағдай әбден болуы мүмкін.
Жаһан елдерінің кейбірі криптовалютаны ресми түрде мойындап, валюта ретінде оның қолданысқа енгізді. Әзірге, бізде басы ашық сұрақ көп. Салық жүйесі, транзакцияларға қатысты мәселе күнтәртібінде тұр.
Анар Жайылғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Әрине, біздің Мәжілістегі Қаржы және бюджетінің депутаттары олар бұл мәселе туралы көтеріп жатыр. Біз оны заңды түрде қамтамасыз етпей біздің азаматтарымызды оған итермелеген дұрыс болмайды деген мәселелер көтерілді. Бірақ, Ұлттық банк тұрғысынан бізге ондай заң жобасы түскен жоқ.
Әлемді жайлаған бұл үрдістен Қазақстанның қалып қоймауы қажет. Криптовалюта туралы заң қабылдау кезек күттірмейтін іс. Себебі, азаматтардың ақшасы шетелге кетіп жатыр. Бұл 2 ай бұрын ғана құрылған блокчейн және криптовалюта қауымдастығының жанайқайы.
Есет Бутин, Қазақстан блокчейн және криптовалюта қауымдастығының төрағасы:
– Қазақстандықтардың криптовалюта нарығына қатысып, қаржы табуына жағдай жасалуы керек. Қарапайым азаматтарға биткоин, лайткоиндарды доллармен емес теңгеде сатып алуға жағдай жасалса, тұрмысты да түзеуге болар еді. Қазір көбі шетел нарығына телміріп отыр. Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея, Сингапур секілді елдерге инвестиция құйып жатыр. Криптовалютаны сатып алуға жұмсалатын қаржы өз елімізде қалуға тиіс. Қазақстан қаржысының сыртқа кетуі экономика үшін тиімсіз.
Әзірге бір анығы – «Астана» халықаралық қаржы орталығы крипто аймақ құрмақ. Блокчейнге қатысты стартаптарды қолдауға ниетті. Өйткені бұл нарықта триллиондаған ақша бар. Ағылшын заңымен жұмыс істейтін қаржылық хабтың жұмысын инвесторлар асыға күтіп жүр.
Ерлан Думанұлы, криптоинвестор:
– ICO-ны заңдастыру, ICO дегеніміз әр кез келген мекеме стартап өзінің токенін шығарып, оның инвесторларға үйлестіре алып инвестиция тарта алады. Басқа да криптовалютаны заңдастыру, финтех ретінде жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Сарапшылар криптовалюта бағамының күрт өсіп, қайта құлдырауын қалыпты құбылыс деп санайды.
Ең бастысы – криптовалюта, соның ішінде биткоин өзін төлем құралы ретінде мойындатты. Әрі инфляцияны айналып өтетін валюта екенін дәлелдеді. Кәсіпкерлер түрлі қызмет салаларында биткоинмен есеп айырысуға көшті. Көршілес Қытай мен Ресейде виртуалды ақшаға оң көзқарас қалыптасты.
Қайырбек Арыстанбеков, Экономикалық саясат институтының директоры:
– Ресей ақырындап сол биткоинды қабылдауға құқықтық алғышарттар жасап жатыр қазір. Мен ойлаймын Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі болғандықтан егер басты драйвері орталығы Ресей болғандықтан егер Ресей Мемлекеттік Думасы осындай заң жобасын қабылдаған жағдайда Қазақстан, Ұлттық банк әсіресе Ақышев осыны мойындап, Қазақстан да түбі өзінің тиісті заңнамасына өзгерістер енгізеді деп ойлаймын.
Беларусь мемлекеті криптовалюта нарығын былтыр заңдастырды. Минскідегі жоғары теxнологиялар паркінде криптовалюталар мен токендерді саудалауға рұқсат етілген. Заңды және жеке тұлғалар майнингпен айналыса алады.
Қазір Беларусь еліне барсаңыз кафе мен дүкенде биткионмен есеп айырысып, көлікті пен баспананы жалға алу кезінде криптоваютаны қолдануға жағдай жасалған. Ең бастысы 2023 жылға дейін бұл іспен айналысатындар салықтан босатылған. Ресей, Беларусь және Қазақтанның бір одақта екенін ескерсек, бізге де біржақты шешім қабылдайтын уақыт жетті,- дейді мамандар.
Авторы: Әсем Қабылбек, Әлібек Әлиев