Хабар телеарнасы

«Жетi күн» 22.11.2014

 

ОТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ АМАЛДАРЫН ҚАЙТА ҚАРАҒАН ЖӨН. БҰЛ ЕҢ ӘУЕЛІ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛЫП ОТЫР. АҚОРДАДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСҚАН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОСЫЛАЙ ДЕДІ. ЖИЫНҒА ТӘЖІРИБЕЛІ ЭКОНОМИСТЕР, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР МЕН ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-От того большого кризиса еще не оправилась мировая экономика, но и сейчас складывается непростая ситуация. В мире в целом, и в нашем регионе. Началось падение цен в целом, происходит замедление эконмического роста. Большинство из вас знают Казахстан и работали у нас. Мы знакомы, не раз общались. Вы участвовали во всех наших вопросах. У вас есть опыт. Сейчас мы, закончив первую часть нашей индустриализации, это был наш опыт. Мы строили предприятия, создавали рабочие места. И считаю, мы добились успехов.

Келесі жылдан бастап индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталады. Жаңа экономикалық саясатқа орай бағдарлама қайта қаралды. Және ол тек қана инновацияға бағытталатын болады. Кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Батыс елдері арасындағы текетіреске байланысты дағдарысты ахуал жағдайында Қазақстан сақтық шараларын қабылдау жөнінде  шешімге келгенін айтты. «Халқының саны аз Қазақстан үшін экономикаға бір мезгілде 20 миллиардтан астам доллар салу айтарлықтай нәтиже беруі тиіс»,– деді Елбасы.

 

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы завершили переговоры с ЕС об углубленном партнерстве и сотрудничестве. Это очень важно, мы находимся на последней стадии вступления  Казахстана в ВТО.  Начнёт работать экономическим союз со следующегогода. Наша цель – чисто экономический  прагматический подход, потому что Россия наш главный партнер, с которой мы имеем  7,5 тыс. км границ. И государства находящиеся внутри континента, не имеющего выхода  к морям, потому такой союз с Россией нам был очень важен.

 

Клаус Мангольд, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

-Қазақстан халықаралық экономикадағы сын-қатерлерге сай дұрыс жолдар таба алады деп сенемін. Өйткені Қазақстандақажетті тәжірибе және адам ресурсы бар. Сонымен қатар жүргізіліп жатқан индустрияландыруды ескерсек, республиканың Қытай мен Ресей секілді алып нарықтар ортасында орналасуы келешектегі даму үшін зор мүмкіндіктер ашады.

 Жалпы өткен бесжылдықта индустрияландыру бағдарламасы аясында 672 жоба іске қосылды.  70 мыңдай жұмыс орны ашылды, тартылған инвестия 2,5 трлн. теңгеден асады. Жаңадан 325 өнім шығарыла бастады. Ішкі нарықтан бөлек, сыртқа 133 миллиард теңгенің өнімін саттық. Елдің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аяқалысын шетелдік сарапшылар оң бағалайды.. «Жеті күн» тілшілеріне арнайы сұхбат берген олар осындай пікір білдірді.

 

Михаил Хазин, РФ Экономика министрлігінің департамент басшысы (1994-1997ж)

-Ең бастысы отандық өндірісті ұлғайтқан жөн. Алайда бұл үрдіс бірден нәтиже бере салмайды, ондаған жылдар алуы мүмкін. Қәзір Ресейде кейбір салаларда төмендеу бар, ал сіздерде керісінше өсім байқалады. Бұл осы индустрияландырудың жемісі.

 

Томас Миров,  HSH NORDBANK төрағасы

-Қазақстан географиялық тұрғыда ыңғайлы орналасқан. Қытай мен Ресейдің ортасында. Бұл екі алып мемлекет Еуразиялық одақ немесе Батыс Қытай нарығында сауда-саттық жасар болса, амал жоқ, Қазақстанға инвестиция салуға мәжбүр болады. 

 

Филип Йео, Экономикалық даму кеңесінің төрағасы (1986-2001ж)

-Үкімет үлкен жауапкершілікті өз мойнына алып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі керек. Сонда ғана инвесторлардың қызығушылығы артып, осы елге қаржы тартуға көптеп келеді. Әрине, бұл бағдарламалардың барлығы жақсы. Мәселе оның орындалуында. Әр маман өз ісіне адал әрі ұқыпты болса, алға қойған мақсаттарыңыз толық орындалады деп ойлаймын.

 ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗАҚСТАН МЕН ШВЕЙЦАРИЯ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУГЕ КЕЛІСТІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЕЛІМІЗГЕ РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛГЕН ШВЕЙЦАРИЯ КОНФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ДИДЬЕ БУРКХАЛЬТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ. ҚОС ЕЛДІҢ ӨЗАРА ТАУАР АЙНАЛЫМЫ 4,5 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРДЫ ЕҢСЕРГЕН. ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ САНЫ ДА 40-ТАН АСҚАН. КЕЗДЕСУ КЕЗІНДЕ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ШВЕЙЦАРИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАР ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАТЫСА АЛАТЫНЫН АЙТТЫ. АҚОРДАДАН БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ.

 

 Бауыржан Бақытбекұлы, Тілші

-Швейцария дегенде қарапайым халықтың бірден әсем табиғатты немесе Swatch маркалы сағаттарды елестететіні рас. Бірақ жер көлемі бойынша әлемде небәрі 133 орынды алатын бұл елдің әлеуеті әлдеқайда жоғары. Экономикалық қуаты бойынша озық ондыққа кіреді. Оның үстіне кәрі құрлықтағы сауда-саттықтың дені осы ел арқылы тасымалданады. Сондықтан Швейцариямен байланысын тереңдету арқылы Қазақстанға тұтастай Еуропамен алыс-берісін арттыруға мүмкіндік ашылады.

Қазақстан мен Швейцарияның дипломатиялық байланысы 1992 жылы орнаған. Содан бергі аралықта екі ел ынтымақтастығын барлық салалар бойынша тереңдетті. Дидье Буркхальтер Қазақстанға сол екіжақты байланысқа тың серпін, соны өріс беру ниетімен келді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я помню, я благодарен вам за теплоту наших встреч, за ваше гостеприимство и то, что вы приняли мое приглашение и прибыли в Казахстан, я вас сердечно приветствую. Вы не только Президент Швейцарии, но вы и действующий председатель ОБСЕ, выполняете обе свои миссии одновременно. Швейцария очень важный партнер в Европе, за эти годы ваша страна вложила в Казахстан около 12 млрд долларов инвестиций, здесь работает полсотни швейцарских компаний, совместных предприятий. Во внешней политике, внутри мы сотрудничаем с вами.

 

 Дидье Буркхальтер, Швейцария Конфедерациясының Президенті

-Президент мырза, жылы қабылдауыңыз үшін сізге алғысым шексіз. Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Осы жолғы сапарым сіздің бізге жасаған іссапарларыңыздың  жауабы іспетті.

 Швейцария өндірісі өркендеген идустриялды ел саналады. Аумағы кең болмағанымен ауыл шаруашылығы әлді. Қаржы саласы қуатты. Есесіне, жер асты байлықтары жоқтың қасы.  Сондықтан мұнай мен газ, түсті металлды сырт елдерден, соның ішінде Қазақстаннан да импорттайды. Біздің ел Швейцариялық дәрі-дәрмек, азық-түлік, тұрмыс тауарлары сынды тұрғындарға қажет дайын өнімдерді сатып алады. Қазір Швейцария – Қазақстанның Еуропадағы ең ірі төрт серіктесінің бірі.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Швейцария нащ важнейший торгово-экономический партнер в Европе, на 4 месте находится. Инвестиции составили Швейцарии в нашу страну около 12 млрд. долларов и торговля составляет 4,5 млрд долларов и сейчас в условиях, когда мы проводим индустриальную политику страны, мы полагаем, что Швейцария в вопросах машиностроения, фармацефтики, химии, производства часов и других может участвовать в нашей стране в инфраструктурных проектах наших.

Жалпы геогафиясы, климаты, қала берді менталитеті бөлек болғанымен, Қазақстан мен Швейцарияға ортақ ұқсастықтар да жетерлік. Мәселен, екі елдің де теңізге шығатын жолы жоқ. Салдарынан қазір Швейцарияның сауда-саттығының 85 пайызы Еуроодақ елдерімен жүзеге асуда. Сондықтан бұл ел енді Азия елдерімен экономикалық байланысын бір жайлы етуге талпынуда. Бұл тұста екі құрлықты байланыстырып тұрған Қазақстанға басымдық берілері сөзсіз.

 

Дидье Буркхальтер, Швейцария Конфедерациясының Президенті

-Швейцария үшін Қазақстан – өңірдегі ең сенімді серіктес. Біз қазір екі елдің байланысына арқау болатын жаңа салаларды игермекпіз. Меніңше, Орталық Азия, әсіресе Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір ретінде үлкен маңызға ие. Сондықтан біз сіздердің елдеріңізбен қарым-қатынасымызды тек нығайтуға мүдделіміз. Қазақстанның да ұстанымы осы екеніне сапарым барысында көзім жетті.

Жалпы жиырма жылдық тәжірибе көрсеткендей екі тараптың бар тілегі үнемі бір жерден табысады. Халықаралық мәселелер бойынша да ұстанымдары әркез бірдей. Бұл жолы да екі ел басшысы әлемде болып жатқан текетірестерді сөз қылды. Оларды тек бейбіт жолмен шешу керек деген ортақ көзқарастарын білдірді. Украина мәселесіне келгенде, Нұрсұлтан Назарбаев та, Дидье Буркхальтер де Минскідегі мәміленің мінсіз орындалуы керектігін айтты.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В международном плане в политике мы придерживаемся одного взгяда на события. Есть у обеих сторон желание быстрее решить проблему украинского кризиса, чтобы в этой стране установился мир и благополучие.

 Дидье Буркхальтер, Швейцария Конфедерациясының Президенті

-Біз қауіпсіздік мәселесіне, әсіресе Украинадағы шиеленістерді реттеуге басымдық беріп отырмыз. Аймақтағы текетірестердің тоңын жібіту үшін Минск келісімінің орындалуын қадағалауымыз шарт. Әлбетте, Еуроодақ, Украина және Ресей арасындағы  диалогты жалғастыруымыз керек.

 

Бауыржан Бақытбекұлы, Тілші

-Осыдан 4 жыл бұрын Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен. Биыл тізгін Швейцарияға берілді. Қазір ұйымның Іс басындағы төрағасы – Дидье Буркхальтер. Нәтижелі өткен келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев әріптесіне бұл миссиясын мүлтіксіз орындауына тілек білдірді әрі еліміздің тәжірибесімен бөлісуге қашанда дайын екенін аңғартты.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ. ЕКІ ЕЛ БАСШЫЛАРЫ  ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 23-ІНДЕ МӘСКЕУДЕ ӨТЕТІН ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕЛІСІМШАРТ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫ МЕН ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНЫҢ КҮН ТӘРТІБІН, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА ҚОСЫЛУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПЕН ВЛАДИМИР ПУТИН УКРАИНДАҒЫ ДАҒДАРЫСТЫҚ АУХАЛҒА ҚАТЫСТЫ ПІКІР АЛЫСТЫ.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСТАНАНЫҢ БІРҚАТАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ. «АСТАНА БАС ЖОСПАРЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫНДА» ЕЛОРДА ӘКІМІ ӘДІЛБЕК ЖАҚСЫБЕКОВ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ САЛАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ БАЯНДАП БЕРДІ. БҮГІНГІ КҮНІ  ЖҮРДЕК АВТОБУС ТАСЫМАЛЫН ІСКЕ ҚОСУҒА  МҮМКІНДІК БЕРЕТІН «BRT. АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА КӨЛІК ЖҮЙЕСІ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ПРЕЗИДЕНТКЕ «ЭКСПО-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ НЫСАНДАРЫ МЕН ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНА ТАРТЫЛАТЫН ЖОЛДАРДЫ ЖОБАЛАУ МЕН САЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ  ДА АЙТЫЛДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР ЕЛОРДАНЫҢ ЖЫЛУ МАГИСТРАЛІНІҢ 4-ШІ ЖӘНЕ 5-ШІ КЕЗЕГІН ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА КӨЗДЕРІ ҒИМАРАТТАРЫН САЛУ МЕН ҚАЙТА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕ ДЕ СӨЗ БОЛДЫ.  НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОРЫНБОР КӨШЕСІНДЕГІ, САЛТАНАТ ҚАҚПАСЫ МАҢЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК АЛАҢ МЕН МЫҢЖЫЛДЫҚ АЛЛЕЯСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ, ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫН ЖӘНЕ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕСКІ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ҮЙЛЕРДІ СҮРУ ЖӨНІНДЕГІ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ҚАРАП ШЫҚТЫ. СОНЫМЕН БІРГЕ ҚАЛА БАСШЫЛЫҒЫ АСТАНАНЫ КӨГАЛДАНДЫРУҒА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫП ОТЫР.

 

Виталий Силецкий, Астана қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі

-Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз жасыл аймақтарды дамыту жөніндегі бас жоспарға түзетулер енгіздік. Онда санитарлық аймақ шеңберінде егілген табиғи ормандар бар. Ондағы саябақтар мен орманбақтар Есіл өзенінің жағалауына дейін жалғасады.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ЕЛІМІЗДЕ  СУ ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ БАР. ЖАҢА БӨГЕТТЕР ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АНЫҚТАП, ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ, ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ СУЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ КЕРЕК. АҚОРДАДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ИСЛАМ ӘБІШЕВТІ ҚАБЫЛДАҒАН ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОСЫЛАЙ ДЕДІ. БҮГІНГІ КҮНІ ЕЛБАСЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ ТАПСЫРМАСЫМЕН «СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ» ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ҚАБЫЛДАНҒАН. «ҚАЗІР ҚҰЖАТ БОЙЫНША, ЕЛ АУМАҒЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ СУ КӨЗДЕРІН ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР», - ДЕДІ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БҰЛ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ШИРАТУ ҚАЖЕТТІГІНЕ ТОҚТАЛДЫ. СОНДАЙ-АҚ ЕЛ АУМАҒЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ ҚАЖЕТТІГІН АЙТЫП, ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛУДЫ ТАПСЫРДЫ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Елімізде жалпы су тапшылығы мәселесі бар. Жаңа бөгеттер құрылысын салу қажеттілігін анықтап, жерасты суларын пайдалану, жайылымдарды суландыру жөнінде зерттеулер жүргізу керек.  Кейінгі кезде Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау үшін көп қаражат жұмсалды. Мемлекеттен бөлінген қомақты қаражаттың арқасында Аралдың солтүстік бөлігі Арал қаласына жақындады. Осының бәрі жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға оң ықпалын тигізді, балық аулауға, жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Қызылорда облысының су ресурстарына деген зәрулігін өтеу үшін Көксарай су қоймасы салынды. Ол өңірді жылдағы су басу қаупінен құтқарды. Мақтаарал ауданындағы гидромелиорация жұмыстарына да едәуір қаражат жұмсалды.

 

 Ислам Әбішев, ҚР АШМ Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы

-Елбасыға еліміздегі су шаруашылығының қордаланған мәселелері және келешектегі біздің қандай болжамдарымыз бар екендігі жөнінде баяндадым. Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді. Ең маңызды тапсырма – суармалы жерлерді қалпына келтіру. Мал жайылымдарын суландыру мәселесін көтерді. Сондай-ақ Арал теңізіне қатысты үлкен тапсырмалар берді. Бұл тапсырмалар биыл Елбасының Жарлығымен қабылданған «Су ресурстарын басқару» бағдарламасын толығымен, мерзімінде орындауды тапсырды.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘСІРЕСЕ МЕМЛЕКЕТТЕН ОРАСАН ҚАРАЖАТ БӨЛІНІП, «НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ БАСТАҒАН ТҰСТА АЙРЫҚША ӨЗЕКТІ. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АҚОРДАДА БАС ПРОКУРОР АСХАТ ДАУЫЛБАЕВ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙРАТ ҚОЖАМЖАРОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ. ПРЕЗИДЕНТ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛГЕН  СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ПАРТИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ТОҚТАЛДЫ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я считаю, что за эти годы мы не мало сделали, с точки зрения ликвидации корней основ получения взяточничества, то есть изменили законодательство, уменьшили контакты чиновников с предпринимателями, ужесточили эту работу, закон у нас есть. Мы не взирая на лица и должности привлекаем к ответственности крупных чиновников. Все получают то, что положено, если они нарушили закон против коррупции. Работа идет, это видно, это ценят, но сейчас надо ещё раз посмотреть, изучить мировой опыт. Мы с начала этого года повысили заработные платы по группе чиновников «А» и других. Сегодня нормально они обеспечены, и мы вправе требовать, чтобы они соблюдали и показывали пример нормальной  работы для страны. Тем более сейчас, когда мы разворачиваем большую работу по новой программе, новой экономической политике «Нұрлы жол», когда мы вкладываем большие государственные деньги на развитие экономики, поэтому вместе с партией «Нұр Отан» и прокуратура и специальная служба которая работает. Бірігіп жұмыс істеу керек. Бұл мәселеге халықты жұмылдыру керек, партияның мүшелерін. Халықтың ішінде бұған бейжайқарайтындар болмасын.

 

Қазақстан ТМД елдері арасында жемқорлыққа қарсы күрес заңын қабылдаған алғашқы ел. Басты мақсат – бұл індетке қарсы тиімді күрес жүргізу және оның алдын алу. Бұл тұрғыда Асхат Дауылбаев пен Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысы айтқан міндеттер басым мәнге ие болатынына тоқталып, партия бағдарламасын нақты іске асыруға кірісіп кеткендерін айтты.

 

Асхат Дауылбаев, ҚР Бас Прокуроры

-Экономиканы одан әрі дамытуға бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалану барысында заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау жөніндегі жұмыс жолға қойылды. Біз әр теңгенің тиімді пайдаланылуын, бұл қаражатты жымқыруға жол берілмеуін қадағалайтын боламыз.

 

Қайрат Қожамжаров, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

-Ертеңнен бастап біз өзіміздің толыққанды қызметімізге кірісеміз. Тиісті заң қабылданды, қазір Агенттіктің жеке құрамын жасақтау жұмысы жүріп жатыр. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүйелі жұмысты жолға қоя алатынымызға сенімдімін.

 

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я помню мы первыми в СНГ приняли закон «О борьбе с коррупцией», когда принимался закон и был подписан я обратился ко всему населению, что никаких не будет.Ни родственники, ни братья, ни сватья, никто не могут быть защищены, если они совершают коррупционные преступления, поэтому ещё раз всех предупреждаю. Мы много времени тратим, чтобы вырастить человека. Что такое вырастить человека до министра? Его надо десятки лет, иногда десять, иногда двадцать, смотреть его, воспитывать, тратить государственные деньги, а потом проваливаются. Неужели это является целью этих людей? Поэтому массово, все люди должны понимать, вместе мы должны бороться.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТИІМДІ БАҒДАРЛАМА – «НҰР ОТАННЫҢ» «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮБЕГЕЙЛІ МӘСЕЛЕСІ. ПАРТИЯНЫҢ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: «ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ҮШІН ЕЛЕУЛІ ІШКІ РЕЗЕРВ», – ДЕГЕН БОЛАТЫН. БІЗ ОСЫ ОРАЙДА САЯСИ КЕҢЕСТЕ АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ЖАЙЫНДА  «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БАУЫРЖАН БАЙБЕКПЕН СҰХБАТТАСУДЫ ЖӨН КӨРДІК. БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ, СТУДИЯМЫЗҒА ХОШ КЕЛІПСІЗ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ІС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ. ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ БІРІ МЕ?

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

-Иә, сөйтіп айтуға болады. Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев партияға осындай бағдарламаны дайындауға тапсырма берді. 800 мың адам бағдарламаны талқылауға қатысты. Өңірлерде болып, соның нәтижесінде соңғы бағдарламаның жобасы 40 пайызға өзгерді. 17 бетте ғана осы бағдарлама жазылған. Халыққа түсінікті болуы үшін сөйтіп дайындадық. Негізінде талқылаудан өтіп, біздің жемқорлыққа қарсы бағдарлама нағыз халықтың бағдарламасы деп айтуға болады. Елбасы саяси кеңесте айтқандай, жемқорлыққа үлкен экономиканы дамыту үшін әлеует бар, сол себептен «Нұр Отан» билеуші партия ретінде барлық МЕҰ, халықты, депутаттарды қосып, жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстармен шығу керек деп ойлаймын.

 ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА ТҮСІНІКТІ БОЛАТЫНЫН АЙТЫП ОТЫРСЫЗ. ТАҒЫ ДА  «НҰР ОТАН» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАНДАЙ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ БАР БАСҚАЛАРДАН, ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН ТҰСТАРЫ ҚАНДАЙ?

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

-«Нұрлы жол» бағдарламасының әсіресе әсерлі шығуына жемқорлық мәселесі өте маңызды деп ойлаймын. Біз үлкен жүйелі бағдарламада 36 әртүрлі көрсеткіштерді енгіздік, соның нәтижесінде халықтың 60 пайызының мемлектетік, құқықтық органдары сенімі өсуі керек. Жемқорлыққа жүйелі түрде жақсы күресті бастаймыз десек, онда әрбір қоғамның азаматы оны түсінуі керек. Жемқорлық тек құқықтық органдардың немесе биліктің мәселесі емес, ол – әрбір азаматтың мәселесі. Алдын алу шарттарын қабылдайтын боламыз.

 

 ЖҮРГІЗУШІ

-«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ӨЗІНІҢ САЙЛАУАЛДЫ ТҰҒЫРНАМАСЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРДІ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ОРЫНДАДЫ. БҰЛ НЕМЕН БАЙЛАНЫСТЫ?

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

-Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясы берген уәделердің 70 пайызы орындалды. Кейбір адамдар сұрайды ғой сайлауалды тұрғынама ол не екенін,  тұғырнама дегеніміз – «Нұр Отан» партиясы сайлауға барған кезде әртүрлі уәделерді бердік, соның ішінде әрине, әлеуметтік уәделер, халықтың тұрмыстық жағдайы, біздің елімізде салынып жатқан мектептер, балабақшалар, емханалар, жолдар. Елбасы тапсырып отырған орындалу мәселелері әрқашанда партияның бақылауында. Сол себептен дүниежүзілік дағдарыс кезінде билеуші партия ретінде біз өзімізді нақты істер партиясы деп айтамыз. 2,5 жыл өтіп жатыр, соның нәтижесінде халықтың алдында жариялы түрде есеп беріп жатырмыз. Ал енді әлі 2,5 жыл бар, 2017 жылға дейін барлық уәделер толығымен орындала деп ойлаймын мен.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-«НҰР ОТАН» ӨЗІНІҢ САЙЛАУАЛДЫ ТҰҒЫРНАМАСЫН  2,5 ЖЫЛ БОЙЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП КЕЛЕДІ. ЕҢ  НЕГІЗГІ ТАБЫС РЕТІНДЕ НЕНІ АТАР ЕДІҢІЗ?

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

-Сайлауалды тұғырнама негізгі партияның ең басты құжаты деп айтуға болады. Жыл сайын Үкіметте кеңейтілген отырыстарды өткізіп, оған талқылау жасаймыз. Нені өзгертіп, қай жерлерді күшейту керек екенін талқылаймыз. Саяси кеңестен кейін партия тарапынан интернетте кеңінен инфографика беріп, партия қандай нәтижелерге жеткенін атап көрсеттік. Біздің тұғырнамамызда адамның өмірінің ұзақтығы деген көрсеткіш бар. Сол бойынша 2,5 жылдың ішінде адамның жасы 70-ке жетті. Ол үлкен көрсеткіш жет айтуға болады немесе адам басына шаққандағы ЖІӨ 13,5 мың долларға жетті. Ол Шығыс Еуропаның елдерімен, Бразилия, Түркия басқа елдермен салыстырған кезде өте үлкен көрсеткіш.

 

 ЖҮРГІЗУШІ

-ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖАРИЯЛАДЫ, СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ПАРТИЯ ЖҰМЫСЫНДА ҚАНДАЙДА БІР ӨЗГЕРІСТЕР БОЛА МА?

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

-Әрине, халық өте үлкен ықыласпен Жолдауды қабылдады. Елбасы сырттағы болып жатқан жаһандық саяси қиындықтарды ескере отырып, глобальдік дағдарысты ескере отырып, осындай Жолдаумен мерзімінен бұрын халықтың алдына шықты. Осының нәтижесінде  біздің фракция республикалық бюджеттің жобасын мақұлдады, енді осы жоспар бойынша елімізде көптеген ақша инфрақұрылымға жұмсалатын болады. Ең басты мәселе Үкіметтің алдына қойған әлеуметтік уәделер толығымен орындалу керек деп айтты. Сол себептен халық осы мәселені қуана отырып, мынандай сұрақтарды қойып отыр. Ол қалай бақылауға алынады? Елбасы өз тарапынан барлық қажетті жағдайды жасады, ақшаны бөлді, жоспарды жариялады, Үкімет оны орындау барысын қолға алуы керек. Біздің «Нұр Отанның» депутаттары, жалпы депутаттар барлық деңгейде бақылауды күшейту керек. Біздің фракциямыз Мәжілістегі арнайы 4 топты құрды, сол бойынша мәслихаттардағы біздің фракцияларымыз арнайы топ құрып, бақылаудың вертикалін жолға қойып, бақылауды күшейтетін боламыз. Жақын арада Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы өтті. Сол кезде барлық саяси күштер, барлық МЕҰ-дар: «Партиямен бірлесе отырып, бақылауды күшейтеміз», – деп айтып жатыр. Ол негізгі мәселе деп ойлаймын.

 

 ЖҮРГІЗУШІ

-ІСТЕРІҢІЗГЕ ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ. УАҚЫТ ТАУЫП, СҰХБАТ БЕРГЕНІҢІЗГЕ АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ.

 

 Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

-Сіздерге көп рахмет. Осы бағдарлама арқылы халық тағы бір рет партия не жасап жатқанын, біздің елімізде қандай жетістіктер болып жатқанын білетін болады деп ойлаймын.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ІСКЕР АЗАМАТТАР КӘСІБІН ТЕК  НӘСІП ҚЫЛМАЙ, ЕЛ НАРЫҒЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ БОЛУҒА ТАЛПЫНУЫ ТИІС. МЕМЛЕКЕТ БҰЛ ҮШІН ҚАЖЕТТІ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАСАДЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ДА ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙТЫН БОЛАДЫ. АҚОРДАДА ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСКЕН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БАСА НАЗАР АУДАРДЫ. КЕЛЕР ЖЫЛЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫНЫН ҚАПЕРГЕ САЛҒАН ПРЕЗИДЕНТ ЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРІ АЛЫП НАРЫҚТА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУЫ КЕРЕКТІГІН АЙТТЫ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Биыл бизнесті тексеруге жарияланған мораторий аяқталады. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастайды, соған орай біздің бизнесмендерге жаңа жағдайдағы бәсекелестікке дайындалған  жөн. Сонымен қатар Қазақстанда бизнестің дамуына «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты кеңінен жол ашады. Әрбір кәсіпкер өз өрісін тауып, нарыққа орналасуы тиіс, ал Ұлттық палата мен мемлекет өз тарапынан соған қажетті барлық жағдайларды жасауы керек. Осы шаралар жаңа кәсіпкерлік құрылымдар мен бизнесте жаңа тұлғалардың пайда болуына септігін тигізеді деп үміттенемін.

 Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев пен Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Президентке палатаның құрылған уақыттан бергі қызметінің нәтижелері туралы баяндады. Айтуларынша, бизнесті тексеруге жарияланған мораторий елдегі шағын және орта кәсіпті ширатуға мүмкіндік берді. «Ал Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы бизнес қауымтастық  үшін тың өріс, жаңа мүмкіндіктер ашып отыр», - деді Палата басшылары. 

 

Тимур Құлыбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы 

-Ұлттық палатаның барлық басқару органдары, атап айтқанда, президиумы және басқармасы, сондай-ақ облыстағы өңірлік дирекциялары құрылып, жұмыс істеуде. Президиумның комитеттерінде жұмыс салалық және өңірлік қағидаттар бойынша жолға қойылған. Қазір палата Бас прокуратурамен тығыз байланыс орнатты. Асхат Дауылбаев облыстық прокуратуралардың басшыларымен тоқсан сайын селекторлық кеңес өткізеді, онда кәсіпкерлердің арыздары қаралып, қажетті шаралар қабылданады.

 

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы

-Мемлекеттің қажетті қолдау көрсететініне кәсіпкерлердің сенімі нығайды. Олар қазір салмақты әрі үлкен жұмысқа әзірленуде. Біз үшін басымдығы бар мәселелердің бірі бизнес құқығын қорғау болып саналады. Бүгінгі таңда бізге осы мәселе бойынша 3,5 мыңнан астам арыз келіп түсті, соның әрқайсысы да тіркеліп, тиісінше жұмыс жүргізілуде. 1 қаңтардан бастап жоспарлы тексерудің орнына тәуекелді бағалау жүйесі қолданылады. Біз барлық кәсіпкерлерді қалған бір жарым айда әзірленіп, құжаттамаларын тәртіпке келтіруге және бекітілген нормалар мен талаптарды жоспарлы тексеріс жоқ кезде сақтауға шақырамыз.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Бизнес үшін Мемлекет барлық жағдайларды жасады. Несиелендіру, пайыздық үстемеақыны мейлінше төмендетті. Бизнес осы мүмкіндіктерді ескере отырып, нақты нәтиже көрсету керек.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-«ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ, СОНДАЙ-АҚ ІРІ КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕЛЕНДІРУГЕ ҚОСЫМША 100 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ  БӨЛІНУІ ЭКОНОМИКАМЫЗДЫҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕДІ», - ДЕЙДІ  САРАПШЫЛАР МЕН КӘСІПКЕРЛЕР. ЕЛБАСЫНЫҢ БИЫЛҒЫ  ЖОЛДАУЫНДА ТАМАҚ ЖӘНЕ ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ, МАШИНА ЖАСАУ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАЛАРЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУІ КЕНЖЕЛЕГЕН КӘСІП ТҮРІН ЖАНДАНДЫРУҒА  СЕП БОЛМАҚ. БИЗНЕСТІ ЭКОНОМИКАНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫНА АЙНАЛДЫРУ БАҒЫТЫНДА БҰҒАН ДЕЙІН ДЕ АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ. «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚҰНЫ 1 ТРЛН ТЕҢГЕ БОЛАТЫН 4 МЫҢНАН АСТАМ  ЖОБАҒА СУБСИДИЯ БӨЛІНІП, 80 МИЛЛИАРДЫ ТӨЛЕНДІ. 437 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛЫП 4,5 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ.  ОСЫЛАЙША БИЫЛ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУҒА БӨЛІНГЕН ҰЛТТЫҚ ҚОР ҚАРАЖАТЫ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛДІ. ЕҢ БАСТЫСЫ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙТЫН 27 ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ.  ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ПЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ КОРПОРАЦИЯСЫ ДАЙЫНДАҒАН  DOING BUSINES-2014 РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАН 50 ОРЫНДЫ ЕНШІЛЕДІ. 5 ЖЫЛДА БАҚАНДАЙ 14 САТЫҒА КӨТЕРІЛДІ. «БИЗНЕС ЖАСАУҒА ҚОЛАЙЛЫ ЕЛДЕР ТІЗІМІНІҢ КӨШБАСЫНДА СИНГАПУР, ҚЫТАЙ, ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ, АҚШ ЕЛДЕРІ ТҰР. ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛГЕН АУҚЫМДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА  ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛАР АСУЫ ӘЛІ АЛДА», - ДЕЙДІ ЭКОНОМИСТТЕР.

 

Әбутәліп Әбдіхалықов,  Экономист

-Бүкіл әлем бойынша шағын және орта бизнестің даму қарқыны сол елдің өсуі, өркендеуіне үлкен ықпал жасайды. Елбасының қойып отырған мақсаты – кем дегенде 50 жылға дейін 50 пайызға дейін алып бару. Үкіметке біріншіден жалпы ішкі өнімді көбейтуге мүмкіндік жасайды және де халыққа қосымша жұмыс орындары ашылады. Және өндірілетін өнімнің көлемі әртүрлі болады.

 

Еркебұлан Әбілдин, Кәсіпкер

-Биылғы Елбасымыздың жолдауында ең басты мәселе – кәсіпкерлерге қолдау көрсету. Жеңілдетілген несие алған азаматтар біздің экономиканы көтеруге өз септігін тигізеді. Қазақстандықтардың белгілі бір істі бастауына көп септігін тигізеді.  

 

Өткен жылы бизнес субъектілерінде жұмыс істейтін азаматтардың саны 8 пайызға өсті. Жалпы шағын және орта бизнес нысандары 9 трлн теңгенің өнімін өндірген. 2013 жылдың қорытындысы бойынша өсім – 3,3 пайыз. Сонымен қатар соңғы екі жылда шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны 50 мыңға жетіп отыр.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ЖОЛДАУДА ЖАРИЯЛАНҒАН САЯСИ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ ІШІНДЕГІ ОҚ БОЙЫ ОЗЫП ТҰРҒАНЫ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ АЛЫП МЕМЛЕКЕТ ҮШІН КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫ ҚАШАННАН КҮРДЕЛІ. ӨЙТКЕНІ БІЗ АТШАПТЫРЫМ ЖЕРДІ МЕКЕНДЕГЕН ЕУРОПА ЕМЕСПІЗ. БІЗ ҰШҚАН ҚҰСТЫҢ ҚАНАТЫ ТАЛАТЫН ҰЛАН-ҒАЙЫР АУМАҚТЫҢ ИЕСІМІЗ. ЕЛБАСЫ: «ЖОЛ – ШЫН МӘНІНДЕ ӨМІРДІҢ ӨЗЕГІ», – ДЕП ТЕГІН АТАП ӨТКЕН ЖОҚ. МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТА БҰЛ МӘСЕЛЕ ТӨТЕСІНЕН ҚОЙЫЛЫП, ТҮБЕГЕЙЛІ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ АЙТЫЛДЫ. БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ «БАТЫС ҚЫТАЙ-БАТЫС ЕУРОПА», «АСТАНА-АЛМАТЫ», «АСТАНА-ӨСКЕМЕН», «АСТАНА-АҚТӨБЕ-АТЫРАУ, ҚАРАҒАНДЫ-ЖЕЗҚАЗҒАН-ҚЫЗЫЛОРДА», «АТЫРАУ-АСТРАХАН» ЖОБАЛАРЫН АЯҚТАУ ҚАЖЕТ. СОНДА ЕЛОРДА ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНА АЙНАЛЫП, БАРЛЫҚ БАҒЫТҚА БЕКЕМ БАЙЛАНЫС ОРНАЙДЫ.

 

Бағдат Телтаев, ҚазЖол  ҒЗИ АҚ президенті

-Мысалы, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолын алатын болсақ, шамамен жартысы 1400 шақырымы шағылтас мастикалық асфальт бетонды алып отырмыз. Бұл Америка мен Еуропода қолданылатын асфалттың түрі, бірақ ол сол күйіндегі асфалт емес, ол біздің табиғи климаттық жағдайға бейімделген, битумның сапасы біздің климатқа бейімделген оған арнайы қоспалар қосылған. Ал құм, шағылтас сынды материалдар – отандық өндіріс.

 

Нәтижесінде 200 мың жаңа жұмыс орны ашылады, барыс-келіс жеделдеп, жол бойындағы елді мекендердің әлеуеті жақсарады, шағын және орта бизнес өркендейді. Отандық құрылыс материалдарына сұраныс артады. Бір ғана жолмен бүкіл экономика өрге баспақ. Темір жолмен теңіз жолдардың да тынысы кеңейеді. Жылма-жыл транзиттік табысы 10 пайызға артып отырған шойын жолдардың әлеуеті ұлғаяды. «Жезқазған-Бейнеу», «Боржақты-Ерсай» желісі экспортты еселеуге ықпал етпек. Ал Қытайдың, Иранның, Ресей мен Еуропа елдерінің құрғақ және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесі де Жолдауда жан-жақты айтылды. Себебі  еліміздегі тас жолдар, темір мен теңіз жолдары және әуе қатынасы бір-бірімен бүтіндей байланысып, экономиканың локамотивне айналуы керек.

 

Зулфухар Ғаипов, Саяси ғылымдар докторы

-Мысалы, тек алып қарасақ, «Қорғас» деген экономикалық аймақ, Шығыс қақпасы деген бар осы жолдың өзінде де, ол жерге үлкен құрлық портын салайық деп жатырмыз. Осы құрылық портына дәл қазіргі уақытта оған 40 млрд ақша жұмсалды. Сол кішкентай ғана экономикалық аймақтың өзінде біз 10 мың жұмыс орынын ашқалы отырмыз. Ал егер біз қазір 7 мың автомобиль жолдарының бәрін жөндеуден өткізетін болсақ. Бұл қандай бізге экономикалық күш әлеует берер еді. Осының бәрі де ғылыми дәйектелген үлкен жоба деп есептейміз, мен ғалым ретінде де жалпы Қазақстанның азаматы ретінде де биылғы Жолдаудың Қазақстан халқына беретін орны ерекше деп ойлаймын. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-СӨЗБҰЙДАҒА САЛЫНБАЙ, ТӨТЕ АЙТЫЛҒАН САЛАЛАРДЫҢ БІРІ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ДАМЫТУ БОЛСА КЕРЕК. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ  ТАПСЫРМАСЫМЕН АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ҚАЙТА ЖӨНДЕЛЕДІ. ҚАЗІР РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ОЛАРДЫҢ САНЫ – 180. ҮШ АУЫСЫМДА ОҚЫТЫП ЖҮРГЕН МЕКТЕПТЕР САНЫ 100-ДЕН АСЫП ЖЫҒЫЛАДЫ. ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАМЫРЫМЕН ЖОЮ ҮШІН ҚАЗЫНАДАН ҚОСЫМША 70 МЛРД.ТЕНГЕ БӨЛУ ЖҮКТЕЛДІ. БАЛАБАҚШАҒА КЕЗЕККЕ ТҰРҒАН БАЛАЛАР САНЫН АЗАЙТУ ҮШІН ДЕ БІРҚАТАР ЖҰМЫСТАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ. ҚАЗІР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕГЕ БАРА АЛМАЙ ОТЫРҒАНДАР САНЫ 540 МЫҢНАН АСАДЫ. ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН 3 ЖЫЛ БОЙЫ 20 МЛРД. ТЕНГЕ БӨЛІП ОТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ.  ОСЫ ТҰСТА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫҒА САЛҒАН ҰСТАЗДАР «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРАМАСЫ ПРОГРЕССИВТІ МАҢЫЗҒА ИЕ. СОНДЫҚТАН ЖОЛДАУДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА ӘРБІР ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ АТ САЛЫСУ КЕРЕК ДЕГЕН ПІКІРДЕ. 

 

Рыспек Мәуіт, Ұстаз

-Ұрпақ – елдің келешегі, ол елдің болашағы. Сондықтан ол кісінің ойлап жатқаны – мемлекеттік болашағы. Сондықтан әрбір ұстаз өзінің кішкентай болсын үлесін сол ұрпаққа қалай білім беремін, соларға білім беріп қана қоймай, адалдыққа, патриоттыққа қалай тәрбиелеймін деген нәрсені ойлау керек. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК, КЕДЕЙШІЛІКТІ АЗАЙТУ, ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ, АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ. БҰЛ – ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ОРТАҚ МІНДЕТТЕР. ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТЫП, САЛАУАТТЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН ДА ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЖУАЗ ТОПТАРЫН ҚОЛДАУДЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛДЫРҒАН ЕМЕС. ӘЙТСЕ ДЕ,  КҮРДЕЛІ ТҮЙТКІЛДЕРДІҢ ТҮЙІНІН ТАРҚАТУДА КӨРШІЛЕС ЕЛДЕРДІҢ ТЫҢ ТӘЖІРИБЕСІН МЕҢГЕРІП, БІРЛЕСЕ ІС АТҚАРҒАН ТИІМДІ. БҰЛ РЕТТЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ АРТТЫРУ НӘТИЖЕСІНДЕ БІРҚАТАР ОҢДЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІП КЕЛЕДІ. ЖУЫРДА АЛМАТЫДА БАС ҚОСҚАН ДЕПУТАТТАР БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ. БАҒДАТ БЕКТҰРҒАНҚЫЗЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ.

 

Бағдат Бектұрғанқызы, Тілші

-Халықтың қоныстануы мен дамуы бойынша Орта Азия парламентарийлерінің форумы аймақтық үкіметтік емес ұйым. Қазір бұл ұйымға әлемнің 25 еліндегі ұлттық парламенттік комитет қосылған. Қатарында Қазақстан да бар. Осы жерден екі экран, бірінде тілшінің кадрдегі сөзі жалғасады, екіншісінде халық, ана мен бала, жастар. Негізгі мақсат – гендерлік теңдік, жастар саясаты, ана мен бала денсаулығын қорғау сынды ортақ түйткілдерді шешу жолдарын бірге қарастыру. Алматыда өткен екі күндік халықаралық конференцияда депутаттар 20 жылда Каир бағдарламасы аясында атқарылған шаралардың нәтижесін саралады. Айтуларынша, қол жеткізілген жетістіктер көп. Ең бастысы, ана мен бала өлімінің көрсеткіші біршама төмендеді. 

 

Рамон Сан Паскуаль, Азия форумының атқарушы директоры 

-Ең басты нәтиже, әлем бойынша ана мен бала өлімі 50 пайызға азайды. Әйелдер мен қыз балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу шаралары заң аясында күшейтіле түсті. Көптеген елдерде арнайы заңдар қабылдануын соның дәлелі.

 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары

-20 жылда кедейшілік деңгейі екі есеге төмендеді. БҰҰ-ның есебі бойынша Орта Азия елдерінде 90 жыл мен 2010 жыл аралығында кедейшілік қамытын киген халықтың саны 10 пайызға азайды. Халықаралық конференцияның бағдарламасы әйелдер мен қыз балалардың құқығын қорғайтын бірден-бір халықаралық құжат болып қалыптасты. Гендерлік теңдік әл-ауқатты жақсартуда өмірлік маңызды критерий болып есептелді. Қазақстанда ана өлімі 5 есеге, ал сәби шетінеуі 64 пайызға төмендеді.  

 

Бағдат Бектұрғанқызы, Тілші

-Депутаттар отбасылық мәселелердің бірқатарына әлі де болса, жете мән беру қажеттігін тағы бір еске салды. Себебі бүгінгі қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастардың отбасын жоспарлауда сауаттылығын арттыру сияқты мәселелер өзекті күйде. Екі бөлік, бірінде тілші, екіншісінде видео. Тіпті кейбір елдерде күрделеніп бара жатқанға ұқсайды. Мәселен, Қырғызстанда бір жылдың ішінде 1 мың 200-ден астам 12-17 жас арасындағы қыз бала түсік жасатқан.

 

Сондықтан қырғыз ағайын ұрпақ өрбітудегі денсаулықты қорғауды арнайы заң аясында жүргізуді ұйғарды. Айтпасқа болмас, бұл – Орта Азиядағы көптеген елдер үшін тек ерлі зайыптылар арасында талқыға салынатын нәзік те өте маңызды мәселе. Оған қатысты сауаттылықты арттыру дегенді қоғамның бірден түсіне қоюы екіталай. Онсыз да ата салтында жоқ үрдісті кеңестік кезең де барынша бүркемелеп тастаған. Ал дәрігерлерді тыңдасақ, бұл жабық тақырыпты жариялы түрде айтып, жастардың сауатын мектеп жасынан бастап жетілдірген абзал. 

 

Шолпан Әлиева, Жоғары дәрежелі акушер-гинеколог

-Дәрігерлер дабыл қағып отыр. Себебі қыздарымыз үлкен өмірге қадам баспай тұрып, ұрпақ өрбіту денсаулығын қорғауда сауатты болғаны дұрыс. Отбасы ғана емес, қоғам да атсалысуы керек. Қазір түсік жасату мен жыныстық аурулармен аурушаңдық көбейіп барады.    

 

Бұл – болашақ аналарға арналған мектеп. 26 жастағы Гүлмира тұңғыш перзентін күтіп жүр. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында заңгер. Орталыққа келуіне емхана дәрігерлерінің айтқан кеңесі себепші болыпты.

  

Гүлмира Әлімбайқызы, Алматы қаласының тұрғыны

-Жүктілік жайында сауаттылығымызды арттырып жатырмыз. Өзімнің жағдайымды жақсартайын деп ойладым. Психологтардың көмегі өте көп бізге тиіп жатыр.  

 

Мұнда жүкті әйелдерге психологиялық әрі медициналық сабақтар беріледі. Шетел тәжірибесімен жұмыс жасайтын мамандар кейде дәрігерлердің қателігін шығарып, түрлі әдіспен түзетуге тырысатындарын айтады.  

 

Анастасия Патманиди, Психолог

-Жүктілік кезінде әйелдердің шығармашылықпен айналысуына көмектесетін орталықтар ашылса, жақсы болар еді. Себебі бұл кезеңде олардың өнерге, жалпы жаңа бір шеберлікті меңгеруге деген қызығушылығы артады. Оған көңіл бөлсе ананың да, баланың да денсаулығына зор пайдасы тиеді. 

 

Орталық Азия аймағында демографиялық өсу қарқыны жоғары. Бірақ халқының көбі қарт, ал жастар мен балалары әлжуаз буын болып қалыптасу қаупі де жоқ емес. Көп елдер үшін еңбек миграциясы, көші қон саясатын реттеу – басты талаптың бірі. Себебі Тәжікстан, Қырғызстан секілді мемлекеттерде кедейшілік жоғары. Ондағы тұрғындардың 70-80 пайызы жоқшылық тауқыметінен арыла алмай келеді. Сол себепті конференцияда сөз алғандар әлеуметтік саясатқа бөлінген инвестиция тұрақты дамудың негізі екендігін айтты.

 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары

-Халықтың өсуі мен дамуы мәселесі әйелдердің денсаулығы, жаңа туған балалардың денсаулығын одан әрі нығайту деген мәселелер ол бір күнде, бір жылда шешілмейтін мәселе. Көрші елдермен салыстырғанда Қазақстанның жетістігі мен ойлаймын өте жақсы көрініп тұр. Балалардың саны көбейіп жатыр. Әйелдердің де денсаулығы жылдан-жылға жақсарып жатыр.

 

Шетелдік сарапшылардың бірқатары әлеуметтік ахуалды жақсартудағы қазақстандық тәжірибеге қызығушылық танытты. «Жұмыспен қамту» жол картасының» тиімділігі жоғары. 

 

Светлана Жақыпова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі

-12 мыңнан астам мүгедектерді жұмысқа тұрғызып, оның ішінде 6 мыңы нақты жұмыс орнына тұрғызылған. Оған себеп болған - «Жол картасы». Жол картасымен қамтылған азаматтардың саны 9 мыңға дейін барып отыр.

 

Мемлекет пен жеке меншік әріптестігінің де көп елге тың бастама болуы әбден мүмкін. Қазір пилоттық жобаның бірі үш облыста сәтті бастауын алыпты. Жұмыс беруші, мемлекет пен жұмыссыз азамат арасында үш жақты әлеуметтік келісім жасалады. Сәйкесінше тұрақты еңбек, табыс та табылады. Бір жылдан соң жобаны бүкіл аймақтарда ілестіріп әкету жоспарда.   

 

Бағдат Бектұрғанқызы, Тілші  

-Ендігі міндет – 2015 жылдан әрі қарайғы дамудың жаңа халықаралық бағдарламасын бекіту. Сарапшылардың айтуынша, Орта Азия аумағында халықтың өсімі жоғары. Ол, әрине, еңбек миграциясы, кедейшілікті азайту, жастарды жұмыспен қамту сияқты бірқатар түйткілдердің түйінін тарқатуда күрделі ықпалын тигізеді.  

 

Николай Ботев, Орталық Азия Бойынша ХҚД аймақтық бюросының директоры 

-Тұрмысы төмен отбасыларын қолдаудың тиімділігі зор. Мемлекет халықтың әлжуаз топтарын, қариядан бастап балаға дейін барлығының әлеуметтік жағдайын түзеуге сеп болады. Біз бұған дейін жастар саясатын көтеріп, басымдықтарды айқындадық. Енді негізгі әрекеттер саяси идеология, насихат, отбасылық тәрбие, балалар құқығын қорғау және миграция мәселелерін де шешуге бағытталуы тиіс деп ойлаймын. 

 

Қазақстандық парламентарийлердің пікірінше, жаҺандық қоғамдастық отбасы институтын нығайтудың жүйелі шараларын бекітуі тиіс. Әйтпесе қыздардың мектеп жасында жүкті болып қалуы, отбасылық кикілжіңнің ажырасумен тынуы немесе некесіз туылған балалар тағдырының елеусіз қалуы, тіпті жөргектегі сәбидің тастанды атануы қоғамға дендеп еніп барады.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАҒЫ БІР ЖЕҢІСІ! TURKVIZYON-2014 ӘН БАЙҚАУЫНДА СЫНҒА ТҮСКЕН  ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖАНАР ДҰҒАЛОВА ТОП ЖАРЫП, БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ. ҮШ  ЖҮЗ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ КӨРЕРМЕН ТАМАШАЛАҒАН ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА КҮМІС КӨМЕЙ ӘНШІ НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕЙ, ҮЗДІК АТАНДЫ. АҚТЫҚ СЫНДА ШЫРҚАЛҒАН «ІЗІН КӨРЕМ» АТТЫ ӘНДІ ЖАНАР ДҰҒАЛОВА ӨЗІ ЖАЗҒАН. TURKVIZYON-2014 – КҮЛЛІ ТҮРКІ ӘЛЕМІН БІРІКТІРЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ. ОНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ. ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ӨНЕР ДОДАСЫНА ТАТАРСТАН, ТҮРКИЯ, РЕСЕЙ, ӨЗБЕКСТАН, МАКЕДОНИЯ, ИРАН СИЯҚТЫ БАРЛЫҒЫ 15 ЕЛДЕН ҮМІТКЕРЛЕР ҚАТЫСҚАН. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ БАС АҚПАРАТТЫҚ СЕРІКТЕСІ «ХАБАР» АРНАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНДЫҚ КӨРЕРМЕНДЕР ДҮБІРЛІ ДОДАНЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН ТАМАШАЛАДЫ.

 

Жанар Дұғалова, Turkvizyon-2014 байқауының жеңімпазы

-Бұл Қазақстанның жеңісі деп есептеймін. Анам маған тілекші болды. Ол кісіге ризамын. Татарстан жұрты мені жылы қабылдады. Қазан енді менің сүйікті қалаларымның бірі болмақ.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ӨТІП БАРА ЖАТҚАН АПТА ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!