Хабар телеарнасы

«Жетi күн». Минскіде өткен «Норманд төрттігі» елдері басшыларының күрделі келіссөздерінің нәтижелері

ЖҮРГІЗУШІ

- «ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІЛЕРІ ЖӘНЕ МЕН, НҰРСҰЛТАН ҚҰРМАН АПТАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАЙМЫЗ. АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!

«ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР МЕН КЕЛІСІМДЕР БОЙЫНША ӨЗ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ЕШҚАНДАЙ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫС ҚАЛМАЙ САҚТАУЫ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. ҚАЗАҚСТАН ТЕҢДІКТІ, МҮДДЕЛЕРДІ ӨЗАРА ЕСКЕРУ, НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚҚА ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ РОЛІНЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, ҰЖЫМДЫҚ РЕТТЕУ ҚАҒИДАТТАРЫН БЕКІТУДІ ЖАҚТАЙДЫ», – ДЕДІ ПРЕЗИДЕНТ. СОНЫМЕН ҚАТАР МИНСКІДЕ ӨТКЕН «НОРМАНД ТӨРТТІГІ» ЕЛДЕРІ  БАСШЫЛАРЫНЫҢ КҮРДЕЛІ КЕЛІССӨЗДЕРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ  ҚҰПТАРЛЫҚ. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: «ҰСТАМДЫЛЫҚ ТАНЫТҚАН, МӘМІЛЕГЕ КЕЛУГЕ ӘЗІР БОЛҒАН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНА ҚОШЕМЕТ КӨРСЕТУГЕ ТИІСПІЗ», – ДЕЙ КЕЛЕ, ОЛАРДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ҚАНТӨГІСТІ ТОҚТАТУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗГЕНІН АТАП ӨТТІ. ҚАЗАҚСТАН УКРАИНАДАҒЫ АХУАЛДЫ РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ІЗДЕСТІРУ ЖӨНІНДЕГІ БАРЛЫҚ ЖҰМЫСҚА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ ӘРІ  ОНЫ ЖАЛҒАСТЫРА БЕРМЕК. БҰДАН БӨЛЕК, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ МИССИЯЛАР ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА СЕРІКТЕС ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫНА ТОҚТАЛДЫ. АҚОРДАДАН БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ.

 

Елбасымен кездесуге елшілер төрт көзі түгел жиналды. Ақорданың алды кәдімгі кептеліс. Тіпті аяқ алып жүрудің өзі қиын. Басқосуда талқыға тамызық болатын тақырып – әрине, еліміздің сыртқы саясаты. Серіктес елдермен байланысымыз қалай дамиды? Әріптестікке арқау болатын бағыттар қайсы? Дипломаттар үшін Қазақстанның бұл ұстанымдарын Президенттің өз аузын есту маңызды. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті  

- Еларалық байланысты дамытуға үлес қосып отырғандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын. Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке және дипломатиялық миссияларыңыздың табысты болуын тілеймін. 

«Елбасы биыл еліміз үшін ерекше жыл», – деді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын атап өтеміз, Конституцияның 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550, Жеңістің 70 жылдығын тойлаймыз. Әрине, ысырапсыз. Өйткені қазіргі әлем елдері бетпе-бет келіп отырған дағдарыстан біз өсіммен өтуге ниеттіміз. Бұл үшін жүйелі жоспар түздік, нақты бағдарламаларымыз бар. «Нұрлы жол», Индустрияландыру картасының екінші кезеңі секілді. Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында құжаттар дағдарысқа қарсы жаңа тетіктермен толықтырылатын болып шешілді. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

- Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібі өнімдерін қайта өңдеу, машина жасау, кіші және орта бизнес үшін инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік қолдауды ұлғайту, ішкі нарықты қорғау мәселелері белгіленді. 

 

«Қазақстанда жасалған» деген брендпен шығарылатын тауарлар ауқымы ұлғаятын болады. Әлбетте, жаһандық дағдарысқа қарсы тұру бір мемлекеттің иығына ауыр салмақ. Оның үстіне жекелеген елдер арасындағы текетерістер, санкциялық шектеулер қалыптасқан жағдайды тек күрделендіруде. Сондықтан қазір халықаралық қауіпсіздік жүйесін күшейту керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ортақ мүдде төңірегінде әлем елдерінің түгелдей топтасуы маңызды. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті  

- В декабре 2010 года на Саммите ОБСЕ в Астане страны-участницы поддержали нашу идею создания общего и неделимого евроатлантического и евразийского сообщества безопасности. Сегодня этот подход к обеспечению безопасности более чем востребован. В свете вызовов и угроз ХХI века предлагаю приступить к разработке концептуально нового договора по аналогии с Хельсинкским актом 1975 года.  

 

Елбасы екіншіден, халықаралық құқықтың негізгі принциптерін қайта қарау, қажет болса, нақтылаудың қажеттілігіне тоқталды. Әсіресе бүгінгі күрделі геосаяси жағдайда барлық мемлекеттердің халықаралық келісімдерге байланысты өз міндеттерін мүлтіксіз орындауы маңызды. Үшіншіден, экономикалық байланысты тереңдетпек керек. Бұл тұста Қазақстанның ұпайы түгел. Биыл ДСҰ-на қосылуға ниетті. Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы Еуроодақпен келіссөздері нәтижелі аяқталды. Ал жыл басынан бері Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істеуде. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті  

- Впервые в Евразии создано экономическое объединение с мощным ресурсным потенциалом, развитой транспортной и энергетической системой. Особо отмечу, что в основу ЕАЭС заложены принципы уважения суверенитета, экономического прагматизма, равноправия и открытости.  О привлекательности ЕАЭС говорит то, что уже десятки стран  проявили интерес к созданию зон свободной торговли с ЕАЭС.

 

100-ден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан – қазір көпге үлгі. Халықаралық деңгейдегі мәселелерді шешуге белсенді араласады. Бір ғана Украинадағы шиеленісті реттеуде біздің ел араағайындық етіп, нәтижесінде «норманд форматындағы» кездесуге мұрындық болды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

- Конфликт на юго-востоке Украины привел к гибели более 5 тысяч человек. Мало кто ожидал, что этот конфликт перешагнет ту грань, за которой человеческая жизнь теряет цену. Это большая трагедия украинского народа. Казахстан принимал и продолжает принимать активное участие в общей работе по поиску путей урегулирования кризиса. 

 

«Қазақстан әлем елдерін халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күреске үндейді. Себебі күні кеше Парижде болған лаңкестік акт аталған проблеманың жаһандық сипат алғанын көрсетті. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар байыппен, мәдениетаралық һәм дінаралық диолог негізінде жүрігілуі тиіс», – деді Елбасы.

 

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті  

- Казахстан решительно осуждает терроризм и экстремизм в любых его проявлениях. Мы готовы усилить взаимодействие с международным сообществом в борьбе с такой угрозой. Важно, чтобы усилия по борьбе с радикализмом  и терроризмом не привели к отождествлению терроризма с миролюбивым исламом и другими религиями. 

 

Қазақстанның сыртқы саясаттағы көпвекторлы ұстанымы өзгермейді. Ресей, Қытай, Орталық Азия елдерімен стратегиялық әріптестік одан әрі нығаяды. Кәрі құрлық және АҚШ-пен арадағы байланыс бекиді. Азия-Тынық мұхиты елдерімен, Африка, Кариб бассейні, Орта және Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерімен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріледі. Еліміздің бұл позициясы жыл бұрын қабылданған Сыртқы саясат тұжырымдамасында анық көрсетілген. Қазірдің өзінде Қазақстан әлемнің 169 елімен дипломатиялық байланыс орнатқан.  

 

Михаил Бочарников, Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі   

- 2014 жылы Сіздің қатысуыңызбен халықаралық деңгейдегі шамамен 150 кездесу мен іс-шаралар өтті. Екі жақты байланысты тереңдету мақсатында сырт елдерге 8 сапар жасадыңыз. Мемлекетаралық 17 саммит пен 4 халықаралық форумға қатыстыңыз. Әсіресе, сіздің Украниадағы шиеленісті реттеу жолындағы «норманд төрттігінің» кездесуін  ұйымдастырудағы күш-жігеріңізді ерекше атап  өткіміз келеді. 

 

Сөз соңында Президент елшілердің жауапты жұмысына сәттілік тіледі. Қазақстан қолға алған ірі бағдарламаларды орындаудан шет қалмауға шақырды. Мемлекетіміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның тұрақты емес мүшесі атануға үмітті екені тоқталып, Қазақстанның әріптес елдерінен қолдау күтетінін білдірді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті  

- Биылғы жылы Шетелдік инвесторлар үшін жаңа ынталандыру шаралары туралы заң күшіне енді. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, «Нұрлы жол» және «ЭКСПО» көрмесі шетелдік әріптестерімізбен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ең тиімді жағдай жасайды. Осы жұмыста сіздердің қолдауларыңызға сенім артамын. Сіздердің елдеріңізбен бірге жұмыс істеуге ынталымыз. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

- АҚОРДАДА ЕЛБАСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ НИКОЛАЙ ПАТРУШЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ. КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ СӨЗ БОЛДЫ. СОНДАЙ-АҚ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР, СОНЫҢ ІШІНДЕ УКРАИНАНЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ, ТАЯУ ШЫҒЫС ПЕН АУҒАНСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙЛАР ТӨҢІРЕГІНДЕ ПІКІР АЛМАСЫЛДЫ. ТАРАПТАР ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МӘСЕЛЕРІНЕ ДЕ  ТОҚТАЛДЫ. АЙТА КЕТЕЙІК, НИКОЛАЙ ПАТРУШЕВ ЕЛІМІЗГЕ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСТЕРІ АППАРАТТАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСУ ҮШІН КЕЛДІ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Казахстанско-российские отношения определяются не только партнерством, но и высоким уровнем доверия. Мы с Владимиром Владимировичем обменялись грамотами по Договору о дружбе и сотрудничестве между нашими странами в XXI веке, так что по всем направлениям политики и экономики развиваются наши отношения, поэтому в это сложное время сотрудничество между службами Совета Безопасности в борьбе с терроризмом и другими вызовами очень важно. Сильно укрепилась работа Совбеза РФ, я думаю, обмен опытом будет очень полезным. 

 

Николай Патрушев, Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы 

- Кездесуде қауіпсіздік мәселелеріне, соның ішінде өзімізбен шекаралас жатқан Украинадағы жағдайға жеке тоқталдық. Біз Украинаның территориялық тұтастығының сақталғанын қалаймыз. Онда мейлінше тезірек бейбітшілік орнауын тілейміз. Минскте қабылданған шешімдер мен үш ел президенттері  және канцлер қол қойған декларация мүлтіксіз орындалуы тиіс деп санаймыз. 

 

Елбасы Ақордада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады. Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі қызметі жайлы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев былтыр құрылған ведомствоның алдында маңызды міндеттер тұрғанына тоқталды. «Әсіресе мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға екпін берілуі керек», – деді. Қайрат Қожамжаров мемлекеттік қызметті кәсібилендіру және тиімділігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан шараларды атап өтті. Және мемлекеттік қызмет моделінің Тұжырымдамасындағы реформалардың бірінші кезеңін бағалау және мониторингтен өткізу қорытындылары туралы баяндады.

 

ЖҮРГІЗУШІ

- ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ТАРИХИ СӘТ. ҚАЛЫҢ КӨПШІЛІК ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН  2015 ЖЫЛЫ ӨТКІЗУДІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ФАКТОРЫ ДЕП ЕСЕПТЕЙДІ. ОСЫ АПТАДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ «ҚАЗАҚСТАН-2050» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫЛАНЫП, ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ. БІРЛЕСТІККЕ МҮШЕ САЯСИ ПАРТИЯЛАР,  ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БҰЛ ИДЕЯНЫ БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ. МҰХТАР ЫБЫРАЙЫМ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ.

 

Ассамблеяның президент сайлауын өткізу бастамасы қоғам тарапынан жан-жақты қолдау тапты. Алдымен еліміздің саяси партиялары пікірлерін білдірді. «Нұр Отан» саяси кеңесі бюросының арнайы отырысын өткізіп, мәлімдеме қабылдады. Партия мүшелерінің айтуынша, қазір әлемде қаржы-экономикалық күйзелістің жаңа толқыны белең алып келеді. Есесіне геосаяси ахуал да күрделеніп бара жатыр. Сондықтан қатарында 850 мыңнан астам мүшесі бар билеуші партия ел мүддесімен үйлесетін шешім қабылданды деген пікірде. 

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

- «Нұр Отан» партиясы елдегі жетекші саяси күш ретінде аталған бастаманы толықтай қолдайды. Бүгінгі таңда бірлік пен келісімді, тұрақтылықты нығайтудың, қоғам мен мемлекеттің, еліміздің барша азаматтарының күш-жігерін жұмылдырудың маңызы орасан. 

 

«Ақ жол» партиясының жетекшілері де  бас қосты. Партияның орталық кеңес призидиумы отырысында олар да Ассамблеяның ұсынысын қолдайтын мәлімдеме қабылдады. «Ақжолдықтар» мәселенің құқықтық жағын атап өтті. «Өйткені бұл шара 2016 жылы қатар келетін президенттік және парламенттік сайлауды бөліп өткізуге мүмкіндік береді. Бұл сайлау сыртқы экономикалық дағдарыстың жағымсыз әсерін табысты еңсеруде маңызды», –  дейді. 

 

Азат Перуашев, «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы

- Біз бұл ел тағдырындағы шешуші қадам, ұзақмерзімді ұлттық мүдделерге сай келеді деп есептейміз. Әлемдік тұрақсыздық, сыртқы экономикалық дағдарыстың қысымы жағдайларында Президент ұсынған «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы саясатын іске асыруға күш жігерді жұмсауда маңызы зор. 

 

Қазақстан коммунистік халық партиясы да игі бастаманы жақтайтын үндеу жасады. Әуелі партияның Мәжілістегі фракциясының талқысынан өтіп, өз ұстанымдарын айқындады. Партия көшбасшыларының пікірінше, 2015 жылы Президент сайлауын өткізу елімізде саяси тұрақтылық және ұлтаралық келісімді нығайтуға септігін тигізбек. Оның үстіне жаһандық дағдарыстың ықпалымен тиімді күресуге, жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге, зейнетақы мен жәрдемақыны тұрақты төлеуге мүмкіндік береді. 

 

Владислав Косарев, ҚКХП орталық аппарат хатшысы

- Коммунистер партиясының мүшелері бұл идеяны толыққанды қолдайды. Әлемде болып жатқан дағдарыс бізді де толғандырып отыр. Сайлау арқылы мемлекеттік аппараттың, заң шығарушы органдар мен халықтың күш-жігерін қазіргі заманғы сын-қатерлерге қарсы тұруға жұмасауымыз керек. 

 

Тағы да бір топ саяси партиялар өз ұстанымдарын «Қазақстан-2050» демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының алаңында білдірді. Мұнда да талқыланған басты тақырып – Ассамблеяның бастамасы. «Нұр Отан», «Ақ жол» мен Коммунистер партиясының ізін ала, «Ауыл», «Бірлік» және «Патироттар» партиясы да бірауыздан игі идеяны жақтап шықты. Жаһандық дағдарыс өз алдына, халық мүддесі тұрғысынан туындады деп есептейді. Бастысы, ел Конституциясына қарама-қайшылық тудырмайды. 

 

Ғани Қасымов, Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы 

- Меніңше, бұл ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл жалпыұлттық бастама  халық тарапынан қолдау тапты. Сайлау не үшін қажет деген сауал да жиі қойылып жүр. Ең бастысы, бұл біздің ішкі ахуалмен байланысты. «Нұрлы жол» деп аталатын жаңа экономикалық стратегия қабылданды. Енді оны қоғамның мүддесіне сай қызмет ету үшін аяғына дейін жеткізу керек. 

 

Ғани Қалиев, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы

- Біздің еліміздің өзі халқымыз көп емес, байлығымыз көп елміз. Сондықтан егемендігімізді алып қалатын болсақ, халықты біріктірген жөн. Сондықтан елдің басын біріктіріп, елді жұмылдырып, осы қиыншылыққа қарсы тұру деген меніңше ол орынды. Елді тезірек жұмылдыру үшін сайлау өткізу меніңше жөн.  

 

Төлеген Қуанышев, «Бiрлiк» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары 

- Әлемдік геосаяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында біздің бірігуіміздің, барлық мүмкіндігімізді жаһандық дағдарыстың ел экономикасына теріс әсерін еңсеруге бағыттаудың маңызы зор. Міне, сондықтан да «Бірлік» партиясы бұл бастаманы толықтай қолдап отыр.

 

Бастама қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың тарапынан да қолдау тапты. Қазақстан азаматтық альянсының пікірінше, жаһандық күйзеліс кезінде «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру керек. Коалиция отырысында сөз сөйлеген ұйым өкілдерінің тілегі бір, ниеті ортақ – 2015 жылы президент сайлауын өткізу. Сондықтан коалиция мүшелері халыққа үндеу жасады, көпшілік қауымды бұл бастаманы қолдауға шақырды. 

 

Нұрлан Ерімбетов, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті 

- Коалиция талқылау нәтижесінде 2015 жылы президенттік сайлау өткізу жөнінде бастаманы бірауыздан қолдады. Бұл еліміз үшін тарихи сәт. Көпшілік сайлауды дәл 2015 жылы өткізуді тұрақтылық пен тыныштықтың факторы деп есептейді. 

 

«Қазақстан-2050» демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясы –еліміздегі ең ірі диалог алаңы. Сондықтан олар ел болашағы үшін ең маңызды бастамалардың басы-қасында жүр. Бүгінде коалиция ең ірі 6 партия, 18 ірі қоғамдық бірлестік пен 500-ден аса үкіметтік емес ұйымдарды біріктіріп отыр. Ұзын саны 6,5 млн адамның мүддесін көздейтін беделді бірлестік. Коалицияның керегесі одан да кеңейе түсті. Ең ірі диалог алаңына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы қосылды. Енді мемлекеттік маңызды мәселелерде жастардың да пікірі ескерілмек деген сөз. Бұл орайда жастар қауымы да Ассамблеяның игі бастамасын жаппай құптап отыр. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

- «ӘЛЕМ  БҮГІНДЕ САЯСИ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ТІПТІ ӨРКЕНИЕТТІК ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР АЛДЫНДА ТҰР. ОСЫДАН ҚОРҒАНУ ҮШІН ӘР МЕМЛЕКЕТ ӨЗІ ДҰРЫС ДЕП ТАПҚАН БЕЛГІЛІ БІР ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ ТИІС», – ДЕЙДІ САЯСАТТАНУШЫЛАР. САРАПШЫЛАРДЫҢ ПІКІРІНШЕ, САЙЛАУДЫҢ ХАЛЫҚТЫ БІРІКТІРЕТІН ҮЛКЕН ӘЛЕУЕТІ БАР. БҰДАН БӨЛЕК, КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПРЕЗИДЕНТ ПЕН ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ ҚАТАР КЕЛІП ТҰР. СОНДЫҚТАН ЭЛЕКТОРАЛДЫ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАРБАЛАСТЫ АЗАЙТУ ҮШІН ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН БИЫЛ ӨТКІЗГЕН ЖӨН. ОНЫҢ ҮСТІНЕ БҰЛ УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕЙДІ. 

 

Нәдір Нәдіров, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті

- Президентті міндетті ретте сайлау керек. Өйткені қазіргі заманда халықаралық, халықаралық әлеуметтік жағдай, саяси жағдай өте қиын. Осындай жағдайда сол мемлекет, сол ел жеңеді. Президенті күшті болса. Ал саяси жағынан алатын болсақ, қазір енді кризис, халықаралық кризис. Ол биыл басталды, ендігі жылы болады. Сондықтан күшті жетекші керек.

 

Лейла Мұзапарова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары

- Бүгінгі дағдарыс геосаяси жағдай мен көрші елдердің экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Салдарынан мұнай, түсті металдар мен алтынның бағасы құлдырауда. Көріп отырғанымыздай жаһандық қауіп-қатерлердің сынағы бүгін-ертең аяқталмайды. Ал келесі жылы Қазақстанды екі саяси маңызды науқан күтіп тұр. Оның бірі - Президент, екіншісі - Парламент Мәжілісінің сайлауы. Сондықтан екі науқанды бір уақытта өткізбей, Президент сайлауын биыл өткізудің маңызы зор деп санаймын. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

- ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТАТЫН МАҢЫЗДЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ.  ОСЫЛАЙ ДЕП МӘЛІМДЕГЕН МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АССАМБЛЕЯ ҰСЫНЫСЫН ТҮГЕЛ ҚУАТТАДЫ. СОНДАЙ-АҚ СЕНАТОРЛАР ДА САЯСИ НАУҚАНДЫ БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕНІ ҚАРАСТЫРУ КЕРЕКТІГІН АЙТЫП, ЕЛБАСЫНА БІРАУЫЗДАН ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ. «ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІСІ НҰРБЕК ӘМИША БАЯНДАЙДЫ.

 

Мәжілісмендер маңызды мәселені күн тәртібіне бірінші шығарды. Халық қалаулылары Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын жалпы отырыста жан-жақты талқылап, Ел Президентіне осы ұсынысты қолдау туралы үндеу жолдады. Сайлауды 2015 жылы өткізу «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын тиімді жүзеге асыруға негіз болады. Әрі атқарушы билік пен заң шығарушы органның жұмыла жұмыс істеуіне жол ашады. Бұл – парламентарийлер пікірі. 

 

Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

- Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! ҚХА Кеңесінің ұсынысын қолдауыңызды және Конституцияның 41-бабына сай Президент сайлауын белгілеуді сұраймыз. 

 

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Елімізге осы әлемдік дағдарыстың келетін әсерін еңсеру үшін де бізге осы сайлау қажет. 

 

«Сайлауды биыл өткізудің бірнеше себебі бар», – дейді заң шығарушы орган өкілдері. Бірінші себеп – жер жаһанды жайлаған жайсыздықтар, дүниежүзілік дағдарыс дендеген тұста мұндай шұғыл қадамға бару мемлекетіміздің осы сын-қатердің алдын алуына жол ашады. 

 

Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Бүгінгі мынау төрткүл дүниеде болып жатқан жағдай, экономикалық қаржы мәселесі төңірегіндегі алқымдап келе жатқан мәселенің барлығы алдын алу төңірегінде. Бүгін қол жеткізген мәселені шашып алмай, халықтың игіліне жарату мәселесінде, мемлекеттің ары қарай нығаюы мәселесінде, саяси ішкі және сыртқы бағыттарымыздың барлығын іске асыру төңірегіндегі жұмыстарды алдағы уақытта да бай, қуатты жүргізу мәселесі. Бұл бірінші топтағы мәселе. 

 

Екіншіден, Ата Заң бойынша Республика Президентінің сайлауы Парламенттің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуі тиіс. 

 

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Конституцияның 51-ші бабына қарасақ, қажетті Парламент және Президент сайлауы бір жылда болмауы керек. Сондықтан Елбасы бұл ұсынысты қолдап, сайлау тағайындаса, келесі жылы Парламент сайлауы өтеді. Құқықтық жағынан сол дұрыс болады. 

 

Осылайша депутаттар Ассамблея Кеңесінің бастамасын және Мәжілістің үндеуін бірауыздан қолдап дауыс берді. 19 ақпан. Бейсенбі. Сенаторлар Ассамблеяның президенттік сайлауды өткізу туралы ұсынысына үлкен жауапкершілікпен қарады. Қолдау пікірлерін білдірді. Сосын құзырлы орган өкілдері отырыста үндеу жариялады. Жоғарғы палата депутаттары сайлау өткізу қажеттігін айтып, Президент сайлауының мерзімін белгілеуді сұрады Мемлекет басшысынан.  

 

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы 

- Қазақстан Парламентінің Сенаты ҚХА-ның кеңесі ұсынған Президент сайлауын өткізу туралы бастамасын толығымен қолдайды. Бұл сайлау елімізде бейбітшілікті, бірлік пен келісімді нығайтуға ықпал ететіндігіне сенімдіміз. Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізден Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің бастамасын қолдап, Президент сайлауын тағайындау туралы мәселені қарастыруыңызды сұраймыз. 

 

Халықаралық ахуал шиелініскен, әлемде қақтығыс жағдайлар туындап, экономикалық құбылу орын алып отырған қазіргідей алмағайып сәтте мұндай батыл шешім елдігіміз бен бірлігімізді бекемдей түседі. Президент сайлауы абдырап қалған әлемдегі геосаяси ахуалға төтеп беру үшін қажеттіліктен туып отыр. 

 

Мұхтар Алтынбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- Бұл сайлау – жай ғана сайлау емес. Бұл сайлауда елдің тағдыры, ұлттың болашағы шешіледі. Сайлауды өткізуді көпұлтты Қазақстан халқы бірауыздан қолдап жатыр. Парламенте де бұл мәселені орынды, оңтайлы көтерілген ұтымды ұсыныс, парасатты пікір деп санайды.

 

Елеусін Сағындықов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- Президент сайлауын өткізу туралы мәселе  – экономикалық және геосаяси ауыртпалықтарға қарсы ауқымы кең қорғаныс шарасы. Бұл бастама – өрлеу, өркендеу жолы. Халық мүддесін көздеген осы қадамнан басқа балама жоқ. Президент сайлауын өткізу жөнінде бастаманы толық қолдаймын. 

 

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- Президент сайлауын биылға жоспарлаған қоғамдық мәні зор осы шараны елдік пен бірліктің мереке етуге біз де бірауыздан үн қосамыз деп сенемін. «Мәңгілік ел боламыз» деген біз де осы Үндеуді қолдап, ел игілігіне өз үлесімізді қосайық.

 

Асхат Күзеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- Кеше ғана мен елге барып келдім. Сонда да кәсіпкерлер болсын, жай қауым, зейнеткерлер, қай жағынан алмасаң да, бәрі осыған бірауыздан өздерінің мақұлдауын, ойларын пікірлерін білдіріп отыр.

 

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- Бұл дүние жүзіндегі дағдарысқа байланысты және тек қаржыға байланысты емес, жалпы геополитикаға байланысты. Сондықтан уақытылы нәрсе. 

  

Осылайша Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске Конституцияның 41 бабының 3-те 1-ші тармағын ресми түсіндіру жөніндегі өтінішін жариялады. Конституциялық Кеңес өзінің Ата заңда белгіленген құзыретіне сәйкес, бұл өтінішті қарастырып, қорытындысын береді. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

- ЕЛІМІЗДЕГІ ТҮРЛІ ҰЙЫМДАР ДА АССАМБЛЕЯНЫҢ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ БАСТАМАСЫН ҚҰПТАЙДЫ. ЖАҺАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ӘРІ-СӘРІ КҮЙ КЕШІП ОТЫРҒАН ТҰСТА, ҚАЗАҚСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП, БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП, ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛЫП ЖАТЫР. МҰНЫҢ БӘРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЕҢСЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚАРЕКЕТ. ОСЫ ТҰСТА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ – ДЕР КЕЗІНДЕ АЙТЫЛҒАН ҰСЫНЫС. КӨПТІҢ ПІКІРІ ОСЫҒАН САЯДЫ. 

 

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы 

- Мемлекет басшысының бастамасымен «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасы басталды. Бұл дегеніміз – инфрақұрлымдық жобалар іске асып, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. Біз Президент сайлауын осы жылы өткізу идеясын жөн деп есептейміз. Сайлау жоспарланған барлық бағдарламаларды уақытылы орындауға сеп болады. Елдің кәсіпкерлер ұйымы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына қатысты барлық бастамаларды қолдайды. 

 

Серік Аханов, ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы

- Еліміздің қаржыгерлері Президент сайлауын өткізуді бірауыздан қолдайды. Себебі бізге қазір керегі – мемлекетіміздің ақша-несиесі мен экономикалық саясатын сабақтастыру. Бүгінгі саясаттың тұрақты болуы. Сондықтан біздің пайымдауымызша, Президент сайлауы – еліміздегі қаржы ұйымдарының, ақшалай-несиелі саясаттың тұрақты дамуы мен шағын және орта бизнеске, сондай-ақ инновациялық және инвестициялық жобаларға қажетті қосымша қаражаттың, яғни инвестицияның болуына кепіл.

 

ЖҮРГІЗУШІ

- НҰРЛЫ ЖОЛ» – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ. СОНДЫҚТАН ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚОЛҒА АЛЫНЫП ОТЫРҒАН БАҒДАРЛАМА ӘРІ ҚАРАЙ ДАМЫСЫН ДЕСЕК, ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН БИЫЛ ӨТКІЗУ КЕРЕК», – ДЕЙДІ САЯСАТТАНУШЫЛАР. ТАНЫМАЛ ЖУРНАЛИСТ, ABAI.KZ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ ДӘУРЕН ҚУАТ ЖӘНЕ «КІМНІҢ КІМ ЕКЕНІ» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ ӘРІ АВТОРЫ ДАНИЯР ӘШІМБАЕВ ТА БҰЛ БАСТАМАНЫ ҚҰП КӨРЕДІ. ОЛАРДЫҢ АЙТУЫНША, ӘЛЕМДІК КҮШТЕРДІҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ БҰЗЫЛЫП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ОРНАҒАН ШАҚТА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ТОПТАСУЫ ҚАЖЕТ.   

 

Дәурен Қуат, «Abai.Kz» ақпараттық порталының бас редакторы 

- Мынандай алмағайып заманда, айналамыз аласұрып жатқан кезде әлемдік тепе-теңдіктің баланстары бұзылып, өзгеріп жатқан кезде халықты топтастырып, ынтымақ, береке-бірлігін сақтап алып, біз үшін ең үлкен пайда деп ойлаймын. ҚХА жалпы үндеуі шындап келген кезде өз басым қажеттіліктен туып отырған, қолдап отыратын дүние деп есептеймін.

 

Данияр Әшімбаев, «Кімнің кім екені» энциклопедиясының Бас редакторы

- Әлемдік дағдарыстың күшейе бастағандығын да көріп отырмыз. Осындай сәтте Президент сайлауын өткізу еліміздің алған бағдарынан жаңылмауына сеп болады деген сенімдемін. 

 

Елдің зиялы қауымы да Ассамблея  ұсынысы дер кезінде  айтылып отыр деп санайды. Олардың бірі қауіп-қатерге толы заманда сайлау өткізудің оңтайлы сәті осы кезең десе, енді бірі бұл идея жаһанды дүрбелеңге салған дағдарысты еңсерумен сабақтасатынын алға тартады.  

 

Асанәлі Әшімов, КСРО халық артисі  

- Қазақстан Ассамблеясының шешімі бойынша Президент сайлауын жасау программасына, осындай алған тілегіне мен толық қосыламын. Қазіргі жағдайда, қазір халықаралық жағдайдың өзі шиеленісіп тұр ғой. Әртүрлі жағдай. Сондықтан мен жаңағы ұсынысты да қолдаймын, Президенттің жаңағы сайлауына толық келісемін.

 

Мұрат Әуезов, қоғам қайраткері 

- Тәуелсіздік және мына мемлекетіміздің болашағы не болады деген сұрақ – біз үшін өте күрделі сұрақтардың бірі. Әсіресе қазіргі халықаралық жағдайды еске алсақ және де бұл тек қана алыстағы замандас мемлекеттер емес, өзіміздің жап-жақын туыс, көршілерімізде қиын мәселелер туып жатыр. Сондықтан мұндай жағдайда, әрине, бір тарихи мағынасы бар және шешуші ұсыныстардың дүниеге келгені мені қатты қуантады. Біздің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлауды өткізу туралы ұсыныстары бұл енді үлкен көрегендіктің көрініс деп айтуға болады.

 

Кенжеғали Сағадиев, қоғам қайраткері, академик 

- Біріншіден, әлемде дүрбелең көбейіп кетті. Әлемнің тыншытығы бұзылды. Осы бір-бірімен не соғыспай, не дауласпай отырған елдің саны аз-ақ, тіпті жоқтың қасы деп айтуға болады. Үлкен-үлкен қақтығыстардың да төбесі көрініп қалды. Сондықтан осы тәжірибесі мол, әлем елінің қырын да сырын да білетін, осыны жақсылап тұрып сараптай алатын және солардың жасаған теріс әсерінен сақтап қалатын басшы керек бізге. 

 

Сұлтан Сартаев, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы  

- ҚХА инициативасын президенттік сайлауды өткізуді мен қолдаймын. Стратегия қабылданғанын білесіздер, содан кейін «Нұрлы жол» деген стратегия, осы екі стратегияны да «Нұрлы жолды» да іске асырудың жолы болып табылады деп ойлаймн. Міне сондықтан ешбір Қзаақстанның азаматы істейтін ісін алға қарай өрістететін әрекетін еш уақытта ең соңына қалдырмау керек. 

 

Камал Ормантаев, ҚР ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор 

- Ал енді Ассамблеяның ұсынысы өте дұрыс деп есептеймін. Дүние жүзінде экономика жағдайы қиындап кетті. Соған байланысты ертерек өткізген дұрыс деп есептеймін.

 

Әбіш Кекілбаев, Қазақстанның еңбек ері, халық жазушысы  

- Қазақстан жаңа дамып, жаңа жетіліп келе жатқан болашағы зор мемлекет деп есептелеміз. Сол күшімізді осы сынның тұсынан аман алып өту – бәрімізге борыш. Осыны дұрыс түсініп, халқымыз бірауыздан Президент сайлауын биыл өткізу керек деп ұсынып жатқаны қандай ғанибет. Халық айтса, қалып айтпайды. Шын мәнінде біздің үлкен жеңістерімізді баянды ету үшін бізге осындай төтен, үрдіс қимыл керек. Мен халықтың бұл ұсынысын мақұлдаймын, қуана қолдаймын. Парламенттің де қолдап жатқанына қуандым. Халықтың аузы бір болса, тілегі оң болса, біз алмайтын дағдарыс жоқ. Барлық дағдарыстан абыройлы өте аламыз.

 

Бибігүл Төлегенова, КСРО Халық артисі, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері  

- Қазіргі осы көп мәселелер шешіліп жатқан кезде біздің Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің көтерген мәселесі біздің мына Президентіміздің сайлауын өткізуге мен ойлаймын, ол өте дұрыс. Соған мен, әрине, қосыламын. Қазақстан ассамблеясының ұсыныстарын дұрыс түсінеміз. Сондықтан сайлауды жақсы өтуіне біз сенеміз. Жақсы өтсін деп, соны тілейміз. Өйткені жан-жақтың бәрі қазір нарықтық қиындық кезінде келесі жылы сайлау келетін болса, екеуі бірдей келсе, Парламентпен қиын болатын шығар. Сондықтан осы биыл сол жұмыстың бәрін бітіріп, сайлауымызды биыл үлкен дәрежемен өткізейік. Соны мен тілеймін.

 

Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық артисі  

- Қазақстан Республикасы Театр қайраткерлері одағының ұжымы ҚР Президентінің сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдайтынын білдіреді. Әлемде жаһандық қаржы-экономикалық тұрақсыздық орын алған жағдайда елдің тұтастығы – басты қағидалардың бірі. Осы дағдарыстан сүрінбей өту – бәріміздің ортақ міндетіміз. Әрине, мұндай кезеңде Президент сайлауын өткізу бастамасы уақыт талабы деп ұғамыз. Бұл ертеңін ойлаған елдің байыпты қадамы деп білеміз. 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Президент сайлауын өткізу туралы ұсынысына орай «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы  ел арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқандардың 97 пайызы бұл ұсынысты қолдаған. 96 пайызы Президент сайлауын өткізу бастамасы  қоғамда кең қолдау табады деп есептейді. 94 пайызы бұл мемлекеттің болашағы үшін дер кезінде жасалған маңызды қадам деп ойлайды.

 

Юлия Кучинская, «Демократия институты» қауымдастығының жобалар бойынша директоры   

- «Президент сайлауын биыл өткізу не үшін керек?» деген сауалға респонденттердің 97 пайызы: «Дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдап үлгеру үшін», - деп жауап берді. 95 пайызы әлемдік экономикадағы қиын жағдайда қазақстандықтарды бір мүдде төңірегінде топтастырады десе, сауалнамаға қатысушылардың 82 пайызы әлемдегі экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайында тәуекелдердің алдын алу үшін деген пікірлерін білдірген. 

 

Сауалнамаға жауап бергендер  сайлаудан мынандай  нәтиже күтеді. Олардың 93 пайызы биыл  Президент сайлауын өткізу экономикалық қиындықтармен бетпе-бет келген қазақстандықтарды біріктіреді деген пікірде. 95 пайызы сайлау өткізу барысында бүкіл халық экономикалық дағдарысты еңсеруге топтасады деп сенеді. 91 пайызы сайлау өткізу инвесторлар мен кәсіпкерлердің экономикалық саясаттың ұзақтығына сенімін күшейтеді, ал бұл мемлекетке құйылатын инвестиция көлемін және кәсіпкерлердің белсенділігін арттырады деп санайды. «Демократия институтының» мамандары 2000 астам қала мен ауыл тұрғындарына телефон шалып, пікірлерін білген.

 

Саясаттанушылардың  айтуынша,  Қазақстан жаһандық экономиканың бір бөлігі ретінде әлемдік дағдарыстың салмағын сезініп отыр. Сондықтан елге алдымен тұрақтылық қажет. Ал ол тұрақтылыққа жетуді Президент сайлауын өткізуден бастау керек. 

 

Санат Көшкімбаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары

- Президент сайлауын өткізу – заңды құбылыс. Сондықтан Қазақстандағы басты саяси науқанды кейінге шегеруге еш негіз жоқ. Себебі кәсіпкерлер мен ірі бизнес инвесторлар үшін саяси тұрақтылық аса маңызды. Яғни олар өз қаржысын дамушы елдерге салғанды тиімді көреді. Дәл осы әлемдегі геосаяси тұрақсыздық кезеңінде, экономикалық дағдарыстың белең алған тұсында бизнес қауымдастыққа, инвесторларға еліміздегі ахуалдың орнықты екенін ұғындыру қажет.

 

Бақытжан Бұқарбаев, саясаттанушы, блогер

- Шын мәнінде қарайтын болсақ, қазір геосаяси ахуал және экономикалық жағдай оңай деп айтуға болмайды. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың бір толыққанды мүшесі ретінде ол да осындай мәселелерді алдағы уақытта шешуге мәжбүр болады.  Егер сайлау биыл өткен жағдайда дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асыруға, экономикада қалыптасқан басқа да мәселелерді шешуге бізде біраз уақыт қалады, біз осы мәселелерді алаңдамай жүзеге асыра алатын боламыз. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

- МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АТЫНА ЕЛДЕГІ КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНАН, ӨНЕР АДАМДАРЫНАН, ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІ МЕН ҚАРАПАЙЫМ АЗАМАТТАРДАН АССАМБЛЕЯ КЕҢЕСІНІҢ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ БАСТАМАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ХАТТАР КЕЛІП ТҮСІП ЖАТЫР. «САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУ КЕЛЕР ЖЫЛҒЫ ҚЫСЫЛТАЯҢ ШАҚТАН ҚЫСЫЛМАЙ ШЫҒУЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ», – ДЕЙДІ ТҰРҒЫНДАР.  БҰЛ ӘРІ ЕЛ АУЫЗБІРШІЛІГІНІҢ КӨРІНІСІ. ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ БІРЛІКТІҢ АРҚАСЫНДА БИІК БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРЫП, ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛДЫ. «СОНДЫҚТАН ОСЫ КЕЗЕҢДЕ ДЕ БІР ЖАҒАДАН БАС, БІР ЖЕҢНЕН ҚОЛ ШЫҒАРЫП, МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫМЫЗ КЕРЕК», – ДЕГЕН ПІКІРДЕ ОЛАР. МАҚПАЛ МАДИЯРОВАНЫҢ МАТЕРИАЛЫ.

 

«Химия-фармацевтика» зауыты. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын. Бір ғасырдан асатын тарихы бар бұл зауыт жылына 1 миллиард таблетка, капсула, ампула, антибиотик, миллион пакет инфузия өндіреді. Былтыр Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама шеңберінде «Химфармда» инъекциялық ерітінділер жасайтын цех ашылды. Мұнда қызмет ететін 1200 адам зауыттың өсіп-өркендеуі, өнім серпінінің артуы тұрақтылыққа тікелей байланысты екенін біледі. 

 

Тимур Бегімбаев, цех басшының орынбасары 

- Бәрімізге белгілі дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарыс болып жатыр. Сол дағдарыстың Қазақстанға зардабы тимес үшін біз Президентті сайлап алып, шаралар қолдануымыз керек.

 

Экономикалық дағдарыстың қара алтын бағасын аласапыран еткенін атыраулық мұнайшылар жақсы түсінеді. «Мұнай құны біресе қымбаттап, біресе құлдырап жатқан аумалы-төкпелі кезеңде мемлекет кез келген қиындыққа дайын болуы керек», – деп есептейді «Жайықмұнайгаздағы» 1100 қызметкер... 

 

Қожантай Сыдықов, «Жайықмұнайгаз өндіру» басқармасының шебері 

- 2016 жылы өтетін Президент сайлауы биылғы жылы, яғни 2015 жылы өткізу жөніндегі ұсыныс еді. Бұл енді еліміздің жарқын болашағын ойлайтын адам үшін дәл уақытында көтерілген бастама деп ойлаймын.

 

Бұл бастаманы Хромтау кеншілері де қызу талқылауда. Олар да сайлауды биыл өткізу оңтайлы шешім деп есептейді. Әлемдік нарықтағы хромның 20 пайызын осы Дөң кен байыту комбинаты қамтамасыз етіп отыр. Комбинат жылына 2,5 млн тонна хром өндіреді. Кен орындарында шахтерлердің бүкіл отбасымен жұмыс істеуі, жастардың өз еркімен кенші мамандығын таңдауы олардың ертеңгі күнге сенімін білдірсе керек.

 

Нағашыбай Өмірзақов, кен байыту фабрикасының шебері 

- Қазіргі таңда біздің экономикамыз, жағдайымыз, тиімділігіміз, жоспарымыз және ел тыныштығы өте жоғары деңгейде, қазіргі таңда жаңа технология іске қосып, жұмыс орындарын енгізу және алға қойған мақсатамыз  әрқашанда еліміз, жеріміз тыныш болсын. Экономикамыз өрлей берсін.

 

Ақтау теңіз портының жұмысшылары да кеншілерден кем түспеді. Ұсынысты бірауыздан қолдады. Олар «Нұрлы жол» бағдарламасындағы көлік және логистика инфрақұрылымына инвестицияны молайту туралы тапсырма өз нәтижесін береді. Бұл салаға жұмсалған шығын еселеп қайтады деп сенеді. Биыл Ақтау портында паромдық кешеннің құрылысы басталмақ. Еліміздің батыс теңіз қақпасы аталған порттың аумағы ұлғайып, жаңа жүк айлақтары іске қосылмақ. «Бұл игі істерді тек елде тыныштық пен тұрақтылық сақталғанда ғана жүзеге асырамыз», – дейді теңіз портының ұжымы. 

 

Анвар Сабиров, докер-механизатор 

- Биыл біздің теңіз портымыз кеңейіп, көптеген жұмыс орындары ашылады. Жүк тасымалы қазіргімен салыстырғанда екі есеге артады. Аймақта басқа да жобалар жүзеге асады. Біз Президент сайлауын биыл өткізіп алсақ, мақсатымызға жүйелі түрде қол жеткізер едік. Мемлекет басшысы ертерек сайланса, елімзді әлемде болып жатқан экономикалық құлдыраудан аман алып шығар деген сенімдеміз.

 

Қарағанды металлургтері де: «Президент сайлауы биыл өтсе, көп қиындықты мұқалмай еңсереміз», – дейді. Теміртаудағы металлургия комбинатында бүгінде 14 мыңға жуық адам еңбек етеді. Өнеркәсіп жылына 3 млн тоннадай өнім өндіреді. Комбинаттың қазіргі мақсаты – өндіріс қуатын арттырып, онда қызмет істейтіндердің жұмыс орнын сақтау.

 

Мұрат Қойшыбаев, ауысым басшысы 

- Біз металлургтер қолдаймыз. 2016 жылы дағдарыстан қиналмай өтеміз деп сенеміз. Жалақымыз орнында қалады, жұмысымыз сақталады деген үмітіміз бар.

 

«Тұлпар тальго» зауыты құрастырған вагондар төрт жыл болды Қазақстан теміржолында жүйткіп жүр. 2011 жылы іске кіріскен бұл өндіріс орнының бүгінгі қарқыны мықты. Жылына 150 вагон құрастырады. 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыттың алдағы жоспары – Қазақстанның әр аймағына қатынайтын вагон жасауды тоқтатпау. Өндіріс қуатын күшейту. Ол үшін, әрине, елдегі экономикалық-саяси ахуалдың тұрақты болғаны маңызды.  

 

Төлеген Күнәділов, «Тұлпар Тальго» зауытының маманы 

- Ассамблеяның алға шығарып отырған ұсынысы президенттік сайлауды біз ұжым болып толығымен қолдаймыз, толығымен келісеміз. Қазір елімізге қарап отырсақ, еліміз тыныш, жұртымыз аман, әлеуметтік жағдайымыз жақсармаса жаман емес, басқа елдерге қарағанда біздің экономикалық жағдайымыз өте жоғары деңгейде деп, үлкен мақтанышпен айталамыз.

 

Мына орталықта микробиолог мамандары ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Медицина ғылымдарының докторы Илья Азизов мұндай заманауи қондырғылар ТМД елдерінің көпшілігінде жоқ екендігін айтады. Және осы қарқынмен дамуды қаласақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдағанымыз жөн деген сенімде. 

 

Илья Азизов, дәрігер-микробиолог 

- Президент сайлауын биыл өткізу Қазақстанның медицина және өзге де салалардағы алға қойған мақсаттарын кедергісіз бағындыруына негіз болары анық. Сондықтан Ассамблея бастамасын қолдаймыз. 

 

Шымкенттегі құрылысқа қажетті өнімдерді шығаратын зауыт ұжымы да бұл бастаманы толықтай құптайды. Былтыр «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Оңтүстік» индустриалды аймағында озық технологиямен үй шатырына керек жабындылар шығаратын кәсіпорын салынған. Бүгінде өнімдері тек өз елімізге ғана емес, шетелге де шығарылады.  Зауыт қызметкерлері әлемдік күштердің тепе-теңдігі бұзылып, экономикалық тұрақсыздық орнаған шақта дағдарыстың әсерінен зардап шекпес үшін Президент сайлауын биыл өткізген жөн деп есептейді.

 

Жолшыбек Аққұлов, зауыт директоры 

- Сайлауды биыл өткізу – бұл уақыт талабы. Біз өз экономикамызды қолдауымыз, қорғауымыз керек. Ол үшін дағдарыс кезінде назарды жан-жаққа аудара бермей, бүгін оған тас-түйін дайын отырғанымыз дұрыс.

 

Сыр өңірінің күрішшілері де бұл бастаманы дер кезінде жасалған батыл қадам деп отыр. Мәселен, Еңбек ері Абзал Ералиев жетекшілік жасайтын күріш өңдеу зауытының мыңнан астам жұмысшысы бұл ұсыныстың мемлекет мүддесін қорғауға бағытталғанын айтады. Яғни Мемлекет дамуына негіз болар стратегиялық жоспарларды орындауға ел болып кірісер шақта маңызды саяси науқанның неғұрлым ертерек өткені дұрыс деген пікір білдірді олар. 

 

Абзал Ералиев, Қазақстанның еңбек ері 

- Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы әлеуметтік экономикалық және саяси реформаларды жүргізуде үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Сыртта болып жатырған көршілес мемлекеттерде болып жатқан қақтығыстар дүниежүзілік экономикалық дағдарыстарды көріп біле отыра, біз кешегі Қазақстан халқы Асссамблеясы кеңесінің сайлау жөніндегі жасаған ұсынысын толық қолдаймыз.

 

Қорытындыласақ, Қазақстанның барлық аймағындағы өндіріс орындары бастаманы қуаттайды. «Дүниежүзін тығырыққа тіреген саяси-экономикалық дағдарысты ел болып бірігіп, еңсереміз», – дейді олар. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

- ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҰСЫНЫСЫН БІР АУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ. ОЛАРДЫҢ  ПІКІРІНШЕ, БАСТАМАНЫ  ҚОЛДАУҒА  ЕКІ СЕБЕП АРҚАУ БОЛҒАН. БІРІНШІДЕН, АТА ЗАҢЫМЫЗҒА СӘЙКЕС, БІР ЖЫЛДА МЕМЛЕКЕТТІК ДӘРЕЖЕДЕГІ ЕКІ БІРДЕЙ САЙЛАУ ӨТКІЗУГЕ БОЛМАЙДЫ. ЕКІНШІДЕН, ӘЛЕМДЕГІ САЯСИ АХУАЛ. 

 

Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті, академик

- Енді Президенттік сайлау ол өте маңызды, елдің тағдыры үшін. Сондықтан Президент сайлауын бірінші 2015 жылы өткізу керек. Алдымызда халықаралық жағдай, экономикалық жағдай әртүрлі құбылыстарға түсуі мүмкін. Ондай жағдайда оның алдында етек жеңімізді жинап, осы президенттік сайлауды өткізіп алу өте қажет.

 

Ардагерлер де бұл шарадан қалыс қалған жоқ. Қазақстан ардагерлер ұйымының төрағасы Өмірзақ Озғанбаевтың айтуынша, әлемдегі геосаяси және экономикалық қатерлерге төтеп беру үшін Президенттік сайлау өткізу өте маңызды. 

 

Өмірзақ Озғанбаев, «ҚР Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы 

- Бұл қадамымыз барша халық болып, Үкімет және Парламент болып, барлық орталық әрі жергілікті басқару органдары бірлесе жұмыс істеуінің арқасында әлемдік дағдарыстың елімізге теріс әсерін еңсеруге мүмкіндік береді деген ойдамыз. Ардагерлер ұйымы републикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесі еліміздің барлық азаматтарын, қоғамдық ұйымды осы ұсынысты қолдауға шақырады. 

 

Республикалық әйелдер кеңесінің мүшелері де осы пікірге қосылады. «Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы дәл уақытында жасалды, енді оны барлығымыз бірауыздан қолдауымыз керек. Сонда ғана бірлігі бекем ел боламыз», – дейді кеңес төрайымы Нина Каюпова.

 

Нина Каюпова, Республикалық әйелдер кеңесінің төрайымы 

- Біз еліміздің кез келген қиындықтар мен сынақтарға төтеп бере алатынын білеміз. Біз ел тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтарды жəне еліміздің патриоттарын мемлекеттің болашағына тікелей əсер ететін осынау сəтте жұдырықтай жұмылуға шақырамыз! 

 

Сайлау – қоғам кемелдігін тексеретін емтихан. Игі бастама экономикалық және геосаяси тұрақсыздық уақытында ұлттық рухтың  нығаюына, қоғамның әлеуетін арттыруға сеп болмақ. Бұл «Тұтынушылар Ұлттық лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы Светлана Романовскаяның ұстанымы. 

 

Светлана Романовская, «Тұтынушылардың Ұлттық лигасы»  РҚБ Басқарма төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Сайлау бұл сынақ. Азаматтық қоғамның дами түсуіне жаңа мүмкіндіктер ашылмақ. Біз, әрине, сайлау арқылы барша халық мемлекетімізде бар бағдарламалар мен мүмкіндіктерді  түсіне білсе екен дейміз. Біз барлығымыз Қазақстанды одан да мықты гүлденіп өркендеуіне үлес қосуымыз керек. 

 

Мемлекеттік қызметшілер де Ассамблеяның бастамасын қолдайды. Астанада Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен дөңгелек үстел барасында бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Олар Президент сайлауын биыл өткізу ертеңгі күннің қамы деген пайымда.

 

Медет Рахатаев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының  магистранты

- 2016 жылы президенттік сайлау мен парламенттік сайлау бір мезгілде келіп тұр. Сайлауды өткізу осы әлемде болып жатқан дағдарысты кемелді еңсеруге және де дамып жатқан 30 елдің қатарына қосылуға жақсы бір қадам ретінде санаймын.   

 

Қазақстанның автобизнес қауымдастығы да Ассамблеяның Президент сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қауымдастық өкілдері мәлімдеді. «Қазіргі таңда автоөнеркәсіп саласы жүйелі түрде дамып келеді. Елдегі барлық мемлекеттік бағдарламалар осы саланың қарқынды дамуына бағытталған. Мұндай әлеметтік-экономикалық реформалар Қазақстанда бірлік, бейбітшілік пен келісімді нығайтады», – деп сенеді автобизнес өкілдері.

 

Андрей Лаврентьев, Қазақстанның автобизнес қауымдастығының төрағасы 

- Қазақстан автобизнесі қауымдастығы осы жылы Президент сайлауын өткізуді қолдайды. Барлық қазақстандықтарды тарихи таңдау жасауға шақырамыз. Біз ҚХА бастамасы Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына кепіл боларына сенеміз. 

 

Президент сайлауын 2015-жылы өткізу туралы ұсыныс шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жіті назарында. Өткен сенбі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы  сайлауды биыл өткізуді ұсынды деп жазады «Euronews». Ал «Deutsche Welle» басылымы көпұлтты қазақстандықтардың басын біріктірген ұйымның мәлімдемесін Парламент депутаттары да қолдап отырғанын айтады. «ВВС» ақпарат құралы болса, елдегі түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бұл ұсынысты қолдап, өз пікірлерін білдіріп жатқанын атап өткен. Ресейлік «Lenta.ru» интернет басылымы Парламенттің қос палатасы Сенат пен Мәжіліс те Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысын бірауыздан қолдайтындарын білдіріп, Елбасына өтініш жолдағанын жариялапты. «AsiaNews» «қазақстандықтар тарапынан Президенттің сайтына сайлаудың биыл өтуін қолдап жазылған хаттар келіп түсіп жатыр» десе, «Reuters» агенттігі қазақстандық жұмысшылардың, зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлердің Ассамблеяның бұл бастамасын құптайтынын  жазды. Қытайдың «Синьхуа» агенттігі әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар мен мамандар да өз пікірлерін білдіргенін жеткізген. 

 

Президент сайлауын өткізуге қатысты халықтық бастаманың көтерілуі – демократияның көрінісі. АҚШ-тың саясаттанушылары мен экономист сарапшылары осындай пікірде. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл бастамасын батыл қадам әрі ол елдің әлемдік сын-қатерге төтеп беруіне ықпалын тигізеді деп есептейді. Айтуларынша, республика экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды жүргізуде оң бағытты таңдады.  

 

Алекс Ватанка, Таяу Шығыс институтының аға ғылыми қызметкері 

- Қазақстанның айналасын алып қараңыз. Ресейде, Украинада, бергі Таяу Шығыста не болып жатқанын көріп отырмыз. Бұған қоса әлемде мұнай бағасы құлдырап, мемлекеттердің қазынасына айтарлықтай залалын тигізуде. Бұл орайда Қазақстан экономикасы 24 жыл бойы тек табысты өсімге қол жеткізіп келеді. Және саяси тұрақтылық сақталған. Демек мұндай қысылтаяң кезеңде ел халқының сайлау өткізу туралы дереу шешім қабылдап, бастама көтере білуі өте орынды деп санаймын.

 

Шығыстағы алпауыт ел Қытай үшін Қазақстан – Еуропа мен Азиядағы алтын көпір іспетті. Қос мемлекеттің қарым-қатынасы стратегиялық мәнге ие. Өндіріс, көлік инфрақұрылымын дамыту, энергетика сынды маңызды салаларда ауқымды жобалар қолға алынуда. Сондықтан қытайлық ғалымдар да Қазақстанда Президент сайлауының биыл өткізілуін тұрақтылық пен жарқын болашаққа бастайтын игі бастама деп біледі.  

 

Луңюун Хы, Қытай мемлекеттік экономика және энергетика сақтау орталығының бас кеңесшісі, профессор 

- ҚХА Президент сайлауын биыл өткізу ұсынысы өте құптарлық. Өйткені қазір әлем сәт сайын өзгеруде. Былтырдан бері әлемде геосаяси жағдайы күрделі болып тұр. Украинадағы тұрақсыздық пен радикалды Ислам мемлекетінің пайда болуы кімді де болса алаңдатады. Бұған Сириядағы соғысты қосыңыз. Сондықтан Қазақстандағы тұрақтылықты сақтау үшін Президент сайлауын биыл өткізу – көрегенділікпен жасалған саяси қадам. 

 

Қазақстанда президенттік сайлауды биыл өткізу туралы ұсыныс әлемнің әр түкпірінде талқыға салынуда. Тәуелсіз сарапшылардың дені саяси шараны өткізудегі түпкі мақсат тұрақты дамудың іркіліссіз болуын қамту екендігін атап көрсетеді.  

 

Вальтер Швиммер, Еуропа Кеңесінің бас хатшысы /1999-2004жж/ 

- Ең алдымен, әрине, Қазақстан халқы мен оның мүдделері ескерілуі керек. Оның демократиялық құқықтарының қорғалуы аса маңызды. Ал егер конституция президенттік сайлауды мерзімінен ерте өткізуге  рұхсат беретін болса, басқа ешқандай кедергі жоқ. Бастысы,  үміткерлердің сайлауға дайындалуына уақыт жеткілікті болуы керек. 

 

Марко Арцилли, Сан-Марино Республикасының өндіріс және сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы 

- Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді қоғамдық институттың ұсынысына құлақ асу әрқашан маңызды. Президент сайлауын өткізу ел келешегінің кемелденуіне бағытталған шара деп санаймын. Оң шешім қабылданатынына сенімдімін. 

 

Сидхарт Саксена, Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығының директоры 

- Қазақстанда өзге елдерге үлгі боларлық тұрақтылықтың бірегей үлгісі қалыптасқан. Менің ойымша, Қазақстан халқы Ассамблеясының президенттік сайлау өткізу бастамасы – тек пайдалы ғана емес, өте қажет шешім. Тұрақтылық пен ел экономикасының дамуына бұл өте маңызды. Сондықтанда мен сайлауды 2015 жылы өткізу туралы шешімге ешкім қарсы болмайды деген сенімдемін.

 

Жаһан елдерінің көпшілігінде саяси һәм қаржылық ахуал тұрақсыз күйде. Бұл бірқатар мемлекеттерге ішкі мәселелерін қайта қарауға итермелеп отыр. «Сол себепті Қазақстанда Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастама өте орынды және елдің тұрақты дамуы үшін аса қажетті», – дейді шетелдік сарапшылардың бір тобы.  

 

Михаэль Лаубш, «Eurasian Transition Group» жетекшісі 

- Менің ойымша, Қазақстанда президенттік сайлауды биылғы жылы өткізу туралы бастама ақылға өте қонымды. Әсіресе қазір әлемде сан алуан күрделі мәселелер шешімін таба алмай отырған кезде. Мысалы, жаһанды жайлаған қаржылық дағдарыс, түрлі мемлекеттер тұтастығына төніп тұрған  қауіп. Ал Қазақстан алдына қойған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа мандат қажет. Сондықтан Президент сайлауын биылғы жылы көшіру – шынымен-ақ қоштауға тұратын, өте орынды бастама.

 

Урбан Руснак, Энергетикалық хартияның бас хатшысы 

- Мен Орталық Азия, бұрынғы Кеңес одағының елдеріне жиі барамын. Бұл мемлекеттер Қазақстанның дамуын үлгі тұтады. Қазір осы бағыттан таймай, халықтың әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасалуы тиіс.

 

Альбер Фишлер, қоғам қайраткері, бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты   

- Әрине, бүкіл қазақстандықтар елдің әлеуметтік жағдайы басқа елдердегідей нашарламай, керісінше тұрақты дамып келе жатқанын көріп отыр. Сондықтан халық үшін бұл сайлау өте маңызды. Өйткені ел экономикасының одан әрі өскенін қалайды. Қазақстан халқы Еуропадағы қиындықтарды көріп, біліп отыр. Грекия, Ирландия, Италия, Испаниядағы келеңсіз жайттар баршаға аян. Соңғы кездері Францияның да өсімі баяулады. Сол себепті Қазақстан халқы өз елінде мұндай түйткілдердің болмағанын, экономикалық өсімнің жалғаса бергенін қалайтыны түсінікті.

 

Параг Ханна, Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуропа кеңесінің аға қызметкері 

- Соңғы жылдары Қазақстан өзге елдерді өзінің тұрақты әрі қарқынды дамыған экономикалық әлеуетімен таңқалдырып келеді. Мемлекеттің инфрақұрылымдарды дамытуға барынша ден қоюы мен оған инвестиция жасауы өзінде үлкен мән бар. Осы орайда елде Президент сайлауы мемлекеттің бағыты пен қарқынды дамуын сақтап қалатынына сенімдімін.

 

Андрей Казанцев, Халықаралық зерттеулер институты талдау орталығының директоры

- Менің ойымша, сайлау өткізу бастамасын Қазақстанның барлық билік тармақтары мен бүкіл халық қолдайды. Өйткені бұрынғы Кеңес үкіметі аумағында тіпті әлемде экономикалық ахуал қиындап барады. Сәйкесінше халықаралық жағдай Қазақстанға да әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл дұрыс шешім деп есептеймін. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

- АПТА СОҢЫНДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ 2014-ШІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ. БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВТІҢ АЙТУЫНША, ҚОР ШЫҒЫНДАРДЫ 337 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ҚЫСҚАРТТЫ. АЛ ҚАЙТА ҚҰРУ АЯСЫНДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ САНЫ МЕН ОЛАРДЫ БАСҚАРУДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА. БИЫЛ 1 МАУСЫМНАН БАСТАП  «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ, БҮКІЛ ӘЛЕМДЕГІ ІРІ НАРЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫ СИЯҚТЫ, ОПЕРАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУ ҚАҒИДАСЫНАН ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСТЕРІ АРҚЫЛЫ БАСҚАРУҒА КӨШЕДІ ДЕДІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ.

 

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы

- Біз қазір барлық технологияларды, оның ішінде, басқару мен өндіріс технологияларын қайта қарап жатырмыз. Әсіресе еншілес компанияларда қарқынды жұмыс жүргізілуде. Олардың ішінде ҚазМұнайГаз, ҚазПошта, ҚТЖ, ҚазАтомПром мен Самұрық-Энерго - барлығы жеті компанияның ең үздік 750 қызметкері модернизациялау жұмыстарын жүргізетін топқа тартылды. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

- САЙЫП КЕЛГЕНДЕ, БІЛІКТІ ДЕ МАЙТАЛМАН МАМАН БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ, КҮНДЕ ДАМЫП-ӨСІП ОТЫРУ КЕРЕК, ЯҒНИ ӨМІРІҢДІ ЖАҚСАРТУ ҮШІН ОҒАН ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫҢДЫ ЖӘНЕ САНАНЫ ӨЗГЕРТУ ҚАЖЕТ. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚУАТЫН ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ҰСТАУ. ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН САҚТАУ. БҰЛ БҮГІНГІ КҮННІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ. ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІ ӨҢІРЛЕРДІ АРАЛАДЫ. КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ. НӘТИЖЕСІНДЕ ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ҰЛҒАЙТЫП, ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН САҚТАУ БОЙЫНША 440 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ. СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮРЛІ СЦЕНАРИЙ БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ. БҰЛ ҚАЗІР ПЫСЫҚТАЛЫП ЖАТЫР. ДЕГЕНМЕН, БИЫЛ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП, ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫ, ХИМИЯ, МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ӨНДІРІС КӨЛЕМІ ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ МЕЖЕДЕН КЕМ БОЛМАУЫ ТИІС. ШОЛУШЫМЫЗ ДАРХАН ӘБДУАХИТ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ.

 

Дархан Әбдуахит, шолушы 

- Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі экономикалық жағдайды қаперге ала отырып, «Нұрлы жол» бағдарламасын дағдарысқа қарсы жаңа шаралармен толықтыру керектігін айтты. Тиісті жұмыс басталды. Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте отандық өңдеуші өнеркәсіп пен  көлік және логистика саласын жетілдіруді бағыттардың негізгілері ретінде атады.   

 

Айта кету керек, мұнай бағасының  арзандағанына қарамастан, өнеркәсіп өндірісі өзінің даму қарқынын бәсеңдеткен емес. Бұған өңдеуші сала көлемінің өсуі сеп болған. Отандық тауарларды  экспорттаушыларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бұл үшін мемлекет 35 миллиард теңге қаржы бөлмек. Шикізат тасымалы азайғанмен,  Қазақстанның экспорттық  дайын өнімі 4 миллиард доллар көлемінде қалды. 2010 жылы бұл көрсеткіш 2 миллиард доллармен шамалас еді. Индустриаландыру картасы бойынша жүзеге асқан жобалардың 15 пайызы қазірдің өзінде экспортталатын тауарлардың денін шығарып отыр. Бүгінгі күні Қазақстан  шет мемлекеттерге локомотив, жүк көлігі, автобус, мединацалық құрал-жабдық, азық-түлік секілді өнімдерді  тасымалдайды.

 

Әлемдік нарықтардағы күрделі жағдай, әсіресе Ресейдегі ахуал, осының бәрі экспорттың жаңа бағыттарын қарастыруды қажет етеді. Бұл тұста Орталық Азия мен Кавказдың, Иран, Ауғанстан секілді елдердің рөлі арта түседі. Негізгі мақсат – қазіргі экспорт көлемін сақтап қалу ғана емес, көбейту. Сол үшін қолдау көрсетіледі. Қаржы жұмсалады. «Нұрлы жол» жобалары бойынша тиісті жұмыс осы жылы басталады. «Алматы – Қорғас» учаскесін қоспағанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі пайдалануға берілді. «Құрғақ порт» жобасы аяқталып, «Боржақты – Ерсай» теміржол желісі іске қосылады. Бұл биыл атқарылатын көп істің бір парасы ғана.

 

Индустриаландыру бойынша бірер сөз. Биыл 75 кәсіпорын ашылып, жеті мыңға жуық жұмыс орны пайда болады. Бұдан бөлек, 100-ге жуық жобаның құрылысы жалғаса бермек. 2014 жылдың 9 айында Қазақстан экономикасына 19 миллиард доллар инвестиция тартылған. Бұл қаражаттың 3 миллиардқа жуығы өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалғанын айта кетуіміз керек. Негізгі инвесторлардың бестігіне Нидерланд, АҚШ, Қытай, Швейцария, Франция мемлекеттері кіреді. 2014 жылы ел экономикасы 4,3 пайызға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 5, инфляция 7,4 пайыз болды. Былтыр Үкімет қабылданған шаралар елдегі макроэкономикалық және қаржылық шараларды тиісті деңгейде сақтауға мүмкіндік берді. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-«ЖЕТІ КҮННІҢ» ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ЗЕРТТЕУІ ОДАН ӘРІ ЖАЛҒАСАДЫ. КЕЗЕКТІ ШОЛУДЫ СҮТ ӨНІМДЕРІНЕ ЖАСАМАҚПЫЗ. АДАМЗАТ БАЛАСЫ ҮШІН ӨМІРЛІК АЗЫҚТЫҢ БҰЛ ТҮРІНЕ КЕЛГЕНДЕ БІРІНШІ ПАЙДАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ОЙЛАЙТЫНЫМЫЗ АНЫҚ. ҚҰРҒАҚ ҚОСПАЛАР АРҚЫЛЫ САҚТАЛУ МЕРЗІМІН БІР АЙҒА ТІПТІ 40 КҮНГЕ ЖЕТКІЗГЕН ШЕТЕЛДІК ТАУАРДЫ ЖӘНЕ ТАБИҒИ НӘРІ БАР, ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ЖЕТІ КҮНМЕН ШЕКТЕЛГЕН ЖЕРГІЛІКТІ ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ТАРАЗЫЛАДЫҚ. БАҒДАТ БЕКТҰРҒАНҚЫЗЫНЫҢ МАТЕРИАЛЫНА  ЗЕР САЛЫҢЫЗ.

 

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші

- Кез келген тұтынушы тауар таңдау кезінде 1-ші арзан және жарнамасы мықты өнімге қол жүгіртетіні анық. Дүкенде шетелдік және қазақстандық сүт өнімдері қаз-қатар тізіліп тұр екен. Мәселен, мынау импорттық сүт өнімі. Пастерленген ішуге жарамды. Бір айға жуық уақытта сақталады деп көрсетіпті. Соншалықты ұзақ екен. Ал мынау біздің қазақстандық өнім. Жарамдылық мерзімі – 5 күн.  

 

Біз екі түрлі сүт өнімін таңдадық. Бірі шетелде шығарылған. Екіншісі Қазақстанда дайындалған. Майлылығы бірдей. Оның құрамын тексеріп көру үшін Астана қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық орталығына келдік. Тексеріп көрейік.   

 

Сәуле Сүлейменова, дәрігер-зертханашы 

- Кеден одағының техникалық келісімі бойынша бұның қауіпсіздігін тексереміз. Бұл тексеруге 2 күн кетеді. 

 

Сараптама нәтижесі дайын болғанша, біз  сүт фабрикасына саяхат жасауды ұйғардық. Бағытымыз – Қарағанды қаласы. Біз бизнестің емес, отандық өндірістің сырын ашамыз.  Сүт фабрикасына жеткізілетін шикізаттың 90 пайызына дерлік жергілікті шаруа қожалықтары мен қарапайым тұрғындардан жинақталады екен. Қазір біз жүргізушіден сұрап көрейікші. Сүтті қай жақтан алып келе жатыр екен?  

 

Сапарғали Құндызбаев, көлік жүргізуші 

- 10 жыл болды жұмыс істеп келе жатырмын. Менің міндетім – шет ауданынан сүт жинау. Красная поляна, Деребсал деген, Бекет, жаман жол деген совхоздардан жинап жүрміз. Сиырлар бұзаулап жатыр. Күніне 3 жарым тоннаға дейін сүт әкеп жүрмін. Ақырын-ақырын осыдан көтеріле береді.  

 

Сүт фабрикасындағы негізгі жұмыс шикізатты қабылдау пунктінен басталады. Біз қазір дәл сол жерде тұрмыз. Сүттің қышқылдығын, майлылығын, қаншалықты температурада сақталғандығын тексереді екен.  Зертхана тексеруінен кейін пастерлеуден өткен шикізат мына темір танкілерге құйылады екен. Сүт өнімдерінің 34 түрі осы жерде өңделіп дайындалады. 

 

Ал мынау ірімшік және құрт шығару цехы. Мұнда бір ғана аппараттың өзі күніне 2 жарым тонна дайын өнімді тұтынушыға жөнелтіп отырады.  Ірімшік, құрттың түр-түрі. Тәтті сүзбе ванилин қосылған. Тіпті мейіз қосылғаны бар. Бұл менің сүйікті тағамым айта кетейін. Және ұлттық бренд құрт өнімі де осында шығарылады. 

 

Міне, дайын өнімдер осында шығарылып жатыр екен. Биойогурт, қаймақ, айранның бірнеше түрі шығып жатқанын көріп тұрмыз. айта кетейік процестердің барлығы автоманттандырылған жүйеде жүргізіледі. міне, экранда көрсетіліп тұр. Қаншасы құйылды, қаншасы өңделіп жатыр?  Қаншасы дайын? Құюға дайын деген сияқты. Қазір көріп тұрғанымыздай йодталған ақуыз қосылған майлылығы 1 пайыз өнім қағаз қаптамаға құйылып жатыр. 

 

Дулатбек Әкбаров, «Сүт фабрикасы» ЖШС департамент директоры

- Жаман емес. Енді өнімнің сапасы жоғары болу үшін ең бастысы шикізаттың сапасы жоғары болуы керек. Сондықтан ауылдың елді мекендерде сүт қабылдау пункттерін ашып жатырмыз. 

 

Жанар Смайылова, «Сүт фабрикасы» ЖШС директорының сапа бойынша орынбасары

- Нағыз айран 7 күн ғана өмір сүреді. Бактериялар 7 күн өмір сүргеннен кейін 8-9-ші күндері өзінің пайдасын жоғалта бастайды. Біздің өнімге консервант та, стабилизатор да қоспаймыз.  

 

Сәуле Сүлейменова, дәрігер-зертханашы

- Сипаттары, белоктың массалық үлесі – 2,9. Талапқа сай. «Нәтиженікі» де майлылығы – 2,5. Белоктың массалық үлесі сыртындағы талабына сай. Меломин, бензойный кислота, сорбиновый кислота анықталған жоқ. Ол ешқандай қоспалар жоқ деген сөз. Өнімнің таза, сапалы екендігін білдіреді.   

 

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші 

- Демек, қазақстандық сүт өнімдері қауіпсіздігі, сапасы мен құнары жағынан шетелдікінен еш кем түспейді. Бағасы да біршама арзан. Йодталған қазақстандық айранның дәмін татып көрейік қане. Өте дәмді. Біз бұған толығымен көз жеткіздік. Құрметті көрермен, сіз де байқап көріңіз. Қазақстандық 100 пайыз өзімізде өндірілген өнім. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-АПТА БАСЫНДА ЕЛОРДАДА ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚАЗАҚ  ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫҢ ТАҒДЫРШЕШТІ КЕЗЕҢІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ. «ҚАЗАҚ  ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ ТАРИХЫМЫЗДЫ ТЕРЕҢ ЗЕРДЕЛЕП, ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІМІЗДІ ЕЛ ЖАДЫНДА ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТАДЫ», – ДЕДІ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯДА СӨЗ АЛҒАН  СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ. АЛ ЕЛІМІЗДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ӨЗІНІҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІМЕН, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕСІМЕН, СОЛ ЗАМАНДАҒЫ ӨҢІРДЕГІ ІРІ ГЕОСАЯСИ ОЙЫНШЫЛАР РЕСЕЙ МЕН ЦЫН ИМПЕРИЯЛАРЫМЕН ОРНЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ОРНАТЫП, САУДА ЖӘНЕ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАСТАР ЖАСАУЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕНДІГІН ЕСКЕ САЛДЫ. СОНДАЙ-АҚ ҚАЗАҚ ҰЛТЫ МЕН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАРИХШЫЛАРЫМЫЗ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ.

 

ӨТІП БАРА ЖАТҚАН АПТА ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!