Хабар телеарнасы

«Жетi күн» 14.03.2015

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСУҒА ӨЗ КЕЛІСІМІН БЕРДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 16-ШЫ СЪЕЗІНДЕ МӘЛІМДЕДІ. БІРНЕШЕ КҮН БОЙЫ АЗАМАТТАРДАН ЕЛБАСЫНЫҢ АТЫНА САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРГЕН ӘРІ ОНЫҢ ӨЗ КАНДИДАТУРАСЫН ҰСЫНУЫН ӨТІНГЕН КӨПТЕГЕН ХАТТАР КЕЛДІ. «ХАЛЫҚТЫҢ МҰНДАЙ СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛУДАН АРТЫҚ МАРАПАТ ЖОҚ», – ДЕДІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. СЪЕЗДЕ ПРЕЗИДЕНТ БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМА ҰСЫНДЫ. ОЛАРДЫҢ ӘРҚАЙСЫ ЗОР МІНДЕТ ЖӘНЕ ЕЛ ҮШІН ОРАСАН ЖҰМЫС. ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТЕТЕТІН ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛАДЫ. ЕЛДІҢ АЛДАҒЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕНДІГІ МІНДЕТІ ОСЫ БЕС РЕФОРМАНЫ БІРТІНДЕП ОРЫНДАУ БОЛМАҚ. БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ.

 

«Нұр Отан» партиясы – қазір еліміздегі ең қуатты саяси күш. Мүшелері миллион деген межені маңайлады. Бұл заңды да. Себебі жұмысы нәтижелі, жоспары нақты, мақсаттарында да табан тірер тиянақ бар. Дәл қазір партия алдында үлкен міндет тұр. Ол алдағы Президент сайлауына өз үміткерін қосу. Сәйкесінше дүйім дүние бетпе-бет келіп отырған дағдарыспен күрестің жүйелі жолын сілтеуі шарт.

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан»  Партиясы Төрағасының Бірінші Орынбасары

- Елбасымыз Партиямыздың Лидері Н. Назарбаев биылғы тарихи Жолдауында ел дамуының жаңа саясаты «Нұрлы жол» бағдарламасын жариялады. Оны іске асыруда, бөлінген қаржыны шашаусыз ел игілігіне жұмсауды қадағалау – «Нұр Отан» партиясының айрықша міндеті. Партиямыздың 16 съезі халық алдындағы осынау сенімді ақтау жолында қабылданатын  стратегиялық міндеттерімізді айқындауға арналады.

 

Нұротандықтар елдік істердің қай-қайсысында да белсенді. Дәрігер мен тәлімгер, спортшы мен жазушы, инженер, геолог, депутат, министр, тізе берсеңіз осылай жалғаса береді. Бір сөзбен айтқанда, барлық салада, биліктің түгел тармағында тер төгіп жүр. Съезге келгендері сол өз орталарындағы халықтың ойын, тілегін, аманатын арқалай келіпті.

 

Кенжеғали Сағадиев, Мемлекет және қоғам қайраткері

- Бізге керегі – ұтымды саясат, тиімді экономика, қауіпсіздік, тұрақты даму. Осы мәселелердің тиімді шешімін тауып, ел тізгінін ұстап отыратын азаматымызды қазір сайлап алуымыздың маңызы зор. Осымен ағайындар Президентке үміткер ретінде партиямыздың атынан Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынайық.

 

Анатолий Башмаков, ҚХА Төрағасының орынбасары

- Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық әрі, бүкілхалықтық институт ретінде бұл ұсынысты қолдайды. «Нұр Отан» партиясының атынан Президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуын барша халық қалайды. Бізге келіп жатқан мыңдаған хаттар – осының айғағы.

 

Ақұштап Бақтыгереева, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының БҚО бөлімшесінің төрайымы

- Абылай ханды көтергенде, мына даланы қорғаған батырлар да құрметке лайық қой деген екен. Сонда Қабанбай батыр: «Хан біреу, қалғандары тіреу болуы керек», – депті. Енді бабалардан қалған сол сөзді біз халыққа айтуға міндеттіміз. Елбасымыз біреу, қалғанымыз тіреу боламыз. Сізге нар жүгін артқалы отырған халықтың өтінішін сізге жеткізіп, сөзімді, әрине, өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Сіздер айтқан сөздер маған күш-қуат береді. Сіздердің берген демеулеріңіз, Алланың берген қуатымен әлі бірге талай жұмыстарды істерміз.

 

Елбасы «талай» деген сөздің астарында жатқан міндеттердің атын атап, түсін түстеп те берді. Олар – ішкі тұрақтылықты нығайту, экономикалық дамуды бәсеңдетпеу, оған қажет жағдайларды жасау. Және «Стратегия-2050» де айтылған озық отыздықтың көшіне қосылу. Бұл межелер бір жағдайда орындалады. Президент бастап, халық қостаса ғана.

 

Асылжан Дәулетов, геолог, «Болашақ» бағдарламасының түлегі

- Біз техникалық білім алған жастар, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырушы жастар Елбасының Қазақстанды Мәңгілік елге бастаған барлық істерінің жалғасын тапқанын қалаймыз. Мен еліміздің дамуы баянды болуынан үміті зор жастардың, «Болашақ» түлектерінің және өндірістегі инженерлердің Елбасының кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеймін.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Әрбір сөз – сүйектен өтетін лебіз. Әрбір саясаткер үшін бұдан артық мәртебе, қуаныш жоқ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев – сөз бен істің басын біріктірген саясаткер. Уәде еткен әрбір міндетін әркез мүлтіксіз орындап келеді. Сол үшін де халық Елбасын құрметтейді, қадір тұтады. Президент сайлауын биыл өткізуді қалаған да халық. Саяси науқанға Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуын сұрап отырған да өздері.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Сайлау әшейін сайлау өткізу үшін емес, халықты бірлікке шақырып, ұйыту үшін өтсе ғанибет.

 

Нұрсұлтан Назарабаевтың халық қалауын құп алуы да тектен-тек емес. Сырттан төнген сын-қатерлер бар. Елбасы ел тілегіне келісімін бере отырып, соларды еңсерудің 5 бағытын нұсқады. Біріншісі – мемлекеттік қызметті кәсібилендіру.

 

Президент: «Мемлекеттік қызметте меритократия принциптеріне басымдық берілуі керек», – деді. Сенгені емес, білгені барларға мүмкіндік берілуі қажет. Жеке сектордан болсын, мейлі сырттан болсын мықты менеджерлерді салаға тарту маңызды. Ол үшін, әрине, еңбекті бағалау жүйесі қайта қаралады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Бір әкім өзгерсе, бір министр өзгерсе артынан  шапқылап, бірге тобырымен алып кетеді. Біреуі – жақыны, біреуі – досы, біреуі – анау-мынау. Сөзің оған өте алмайды. Жемқорлық содан шығады. Сосын өзін-өзі құртады.

 

Екінші тармақ – заңның үстемдігі. Құқық қорғау қызметкерлеріне қойылатын талап қатал, тәртіп қатаң болуы шарт. Қарулы күштердің техникалық мүмкіндігін жетілдіруге мән беру маңызды. Әділ әрі ашық сот жүйесін қалыптастырмақ керек. Кемінде бес жыл еңбек өтілі барлар ғана сот болу құқығына ие болады. Әрі-беріден соң бұл ел азаматтарын айтпағанда, инвесторлардың біздің нарықта қаннен-қаперсіз жұмыс істеуіне оң әсерін тигізеді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Судьи не должны быть закрытой наглухо корпорацией и находиться вне общественной критики. Вообще открытость и критика это лекарство от коррупции в судейских рядах, да и вообще. Непрозрачна для общества работа органов внутренних дел. Полиция должна работать так, чтобы повысить доверие общества к себе. Сегодня граждане слабо верят, что офицер дорожной полиции может оштрафовать акима или министра, я не говорю о Касымове министре МВД, там, наверное, вообще отбегать будут от него.

 

Келесі бағыт – экономиканы әртараптандыру. Индустияландыру бағдарламасына қарқын қосу керек. Экспорттық әлеуеті бар дайын өнімдерді шығаруға бейімделуіміз шарт. Ауыл шаруашылығының тамырына қан жүгіртуге тиіспіз. Туризм, қызмет көрсету саласына екпін береміз. Әлемдік нарықпен байланысты тереңдету үшін кедендік рәсімдеулер, тариф саясаты қайта қаралады. Ал Алматы ірі қаржы орталығына айналуы тиіс. Шаһардың мәртебесі заңмен бекітіледі.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Для Советского союза мы были сырьевым придатком, который вывозили сырье, так вот я хочу, чтобы оно перерабатывалось здесь, давало добавочную стоимость, чтобы мы больше зарабатывали денег за счет этого богатства. Индустриализация не ради индустриализации, ради того, чтобы производить конкурентную продукцию, ради того, чтобы поднять продукцию Казахстана. Сделано в Казахстане, made in Kazakhstan, вот что нам надо!

 

Төртінші тетік – ел бірлігі, халықтың тұтастығы. Президент: Ұлтына, ділі мен дініне қарамай, әрбір азамат тең құқылы болуы керек», – деді. Сәйкесінше әрқайсысына жүктелетін жауапкершілік те бірдей болады. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Мемлекет құрушы ел ретінде қазақ халқына ерекше міндет жүктеліп отыр. Олардың жазығы бар ма? Сондықтан заман, өзі бәрі орын-орнына әкеле жатыр. Асығып, сасатын ештеңе жоқ.  Бұл саясат еліміздің қазақы болмысын нығайтудың басты факторы деп санауы керек халқым.

Вот 4 угла я сейчас сказал государственности, на базе этого фундамента, на этих четырех стенах строится пятая, транспарантная либеральная подотчетная государство.

 

Елбасы көрсеткен бұл бес бағыт қазіргі сын сағаттарда ел көшін өрге сүйретін локомотив іспеттес. Сондықтан олардың орындалуы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бақылауында болады. Ал рефомаларды жүзеге асыру жұмыстарын үйлестірші қызметін жаңадан Президент жанынан құрылатын Ұлттық комиссия атқарады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – барлығымыздың ортақы парызымыз. Моим ответом должны быть выполнение тех пяти задач, которые я сегодня поставил перед собой перед народом, поэтому я заявляю о своем согласии баллотироваться кандидатом в президенты от партии «Нұр Отан».

 

Наталья Дементьева, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, мұғалім

- «Нұр Отан» партиясының барлық мүшелері бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынып отырмыз. Менің ойымша, мұндай сәт тарихта мәңгі қалған оқиға болып табылады.

 

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

- Н. Назарбаев алдыда істелетін үлкен бес міндетке тоқталды.  Индустрияландыру, ауыл шаруашылығы салаларында қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттарға айрықша тоқталып, сол экономикалық жетістіктерге жетуді елдің бірлігімен қамтамасыз етуге тоқталды.

 

Оңалбай Аяшев, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Институтының ректоры

- Елбасы айтқандай, ешкімге құпия емес. Кейбір уақытта танымайтын, басқа салада жүрген біреулер қызметке орнығып алады. Олар кейін әлгі жұмысымен танысып, үйренісіп жүргенде талай қателіктерге бой алдырады. Не дегенмен олар барлық сатыдан өтуі керек. Елмен жұмыс істегенде тәжірибесі бар, елдің жағдайын  білетін адам болуы керек.

 

Айнагүл Тоқтахметова, делегат

- Бүгінгі күн – қазақ елі үшін айтулы күндердің бірі. Съезде Елбасымыз Н. Назарбаев қазақ халқының алдағы, болашақ міндеттерін айқындап берді. Елбасының арқасында біз жастар  гүлденіп, көркеюдеміз. Алдағы уақытта да Елбасымызбен биік белестерге жетеміз деген сенімдемін.

 

Абзал Мұхимов, Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі, делегат

- Біз әлі де Елбасымызды төрден көргіміз келеді. Қазіргі әлемдегі тұрлаусыз дүниеде тек Елбасымыз ғана елімізді әрі қарай асу шыңдарға алып шығатынына сенімдіміз. Жаңа съезде айтылғандай Елбасымыз біреу, Аралдықтар оған тіреу болады.   

 

- ПРЕЗИДЕНТ  НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ  «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ СЪЕЗІНДЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗ ҮЛКЕН ДАМУ ЖОЛЫНАН ӨТКЕНІН ЕРЕКШЕ АТАП АЙТТЫ. ЕҢ БАСТЫСЫ, ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ  ДАМЫҒАН 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА КІРДІ. ІШКІ ЖАЛПЫ ӨНІМ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДА 13 МЫҢ ДОЛЛАР БОЛДЫ. ОРТАША ЕСЕППЕН ЖЫЛЫНА  5,7 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ. ӨТКЕН 4 ЖЫЛ ІШІНДЕ 2011 ЖЫЛДЫҢ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ ОРЫНДАЛДЫ. БҰЛ ДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІР ЖЕТІСТІГІ. АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ СЕРПІНДІ ДАМУЫНА МҮМКІНДІК ТУДЫ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ САЛАДА ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛЫП, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨРКЕНДЕДІ. СОНДАЙ-АҚ 2010 ЖЫЛДАН БАСТАП ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КІРІСІ 43% ҰЛҒАЙДЫ, ОРТАША ЖАЛАҚЫ 64%-ҒА, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ 1,4 ЕСЕГЕ, ЕҢ ТӨМЕНГІ ЗЕЙНЕТАҚЫ КӨЛЕМІ 1,8 ЕСЕГЕ ӨСТІ. «НҰР ОТАННЫҢ» СЪЕЗІНДЕ ЕЛБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІГІМІЗГЕ ТӨНГЕН ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ӨЗГЕШЕ ӘРІ ҚУАТТЫ ТОЙТАРЫС БЕРУ КЕРЕКТІГІН АЙТЫП, БЕС ИНСТИТУТТЫҚ РЕФОРМАНЫ ҰСЫНДЫ. ТАҒЫ ДА ТАРҚАТЫП АЙТАР БОЛСАҚ, ОЛАР – ЗАМАНАУИ, КӘСІБИ ЖӘНЕ АВТОНОМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ИНДУСТРИАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ӘРТАРАПТАНДЫРУДЫ НЕГІЗ ЕТКЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ, БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТ, СОНДАЙ-АҚ ТРАНСПАРЕНТТІ ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ.

БҰЛ РЕФОРМАЛАР МЕМЛЕКЕТТІ НЫҒАЙТУҒА, ОЗЫҚ ОТЫЗ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛУҒА ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗАДЫ. ОЛ БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚТЫҢ ТАБАНДЫ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ АРҚАСЫНДА ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ. ӘРІПТЕСІМ АҚБӨПЕ БӘКІР САРАПШЫЛАРДЫҢ ПІКІРІН ТЫҢДАДЫ.

 

Бес институционалды реформа – бұл жай ғана бағдарлама емес, әр азаматтың жағдайын нақты жақсартуға бағытталған шара. Оны бізге сырттан біреу келіп жүзеге асырып бермейді. Өміріміздің жақсаруы өз қолымызда. Тұрғындардың жағдайы түзелсе, мемлекет те дамиды. Маргарэт Тэтчер: «Бастық етіп әділетті де адал адамды қойыңыз, себебі ол маңайына өзі сияқты қызметкерлерді жинайды», – деген екен.

 

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- Өзінің халыққа қызметші екенін ұмытпауы қажет, оның жұмысы да, халық оған жалақы төлейді, оған жағдай жасайды. Ал ол өзінің бар тәжірибесін, бар жігерін, ақылын, білімін, парасатын осы жұмысты, осы міндетті, осы жүктелген қызметті абыроймен, жауапкершілікпен атқару. Егер жауапкершілік жоғары болса, көптеген мәселелер өзінің шешімін табады.

 

Шынында мемлекеттік органдар халықпен тығыз жұмыс істеу үшін құрылған. Бірінші реформада айтылған мемлекеттік аппараттың заманауи, кәсіби әрі автономды болу тұрғындарға жақын болуды көздейді. Мемлекеттік қызметкер әр адамның мұң-мұқтажын түсіне білуі – басты талап. Осыған сай болуға не кедергі және бұл мәселені қалай шешуге болады?

 

Саян Ахметжанов, Мем.қызмет істері  және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары

- Патронаттық қатынастар, командалық ауыстыру тәртіптері – жалпы мемлекеттік қызметтің тиімділігін төмендететін себептер. Мемлекеттік қызметтің моделін, жалпы мансаптық карьералық типке ауыстыру. Әр мемлекеттік қызметші қызметке келген соң әр сатыны, әр мансаптық сатыны өзі қадам-қадамымен өтуі керек.

 

Кез келген мемлекеттік қызметкердің жұмысын төменгі дейгейден бастауы жұмыстың барысын толық білуі үшін қажет.

 

Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- Мемлекеттік қызмет – біздің халықтың, миллиондаған азаматтарымыздың билікке деген сенімін білдіретін дүние. Егер мемлекеттік қызметке біз таза азаматтарды, абыройлы азаматтарды, білікті азаматтарды біз жинақтай алатын болсақ, онда халықтың билікке деген сенімі барынша нығаяды. Аттестация біліксіз, тәжірибесіз, қолы таза емес азаматтардан арылу мақсатында жүргізілуі керек.

 

Келесі реформа – заң үстемдігін қамтамасыз ету туралы.

 

Ләззат Түсіпова, Заң ғылымдарының кандидаты

- Ең бастысы – полицияға кәсіби және психологиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізіп, полицейлердің біліктіліктерін арттырып отыру. Осы орайда құқық қорғау органдарында ақпараттық технологияларды дамыту, патрульдік қызметті бейнетіркеушілермен жабдықтауға баса көңіл бөлінеді. Осы шаралар құқықтық саланың дамуын тағы бір сатыға жоғарлатады.

 

Үшінші интитуционалды реформа – индустрияландыру және әртараптандыруды негіз еткен экономикалық өсім. Алдыңғы екеуі белгілі бір қызметтегі азаматтар туралы болса, бұл бөлігі әрқайсысымызға қатысты.

 

Жомарт Медеуов, Философия ғылымдарының кандидаты

- Бұл индустрияландырумен байланысты бағыттардың бірі. Барлық сала маңызды, алайда шағын және орта бизнесті дамыту мен туризм саласын ерекше атар едім. Әсіресе ауылдағы кәсіпкерлердің дамуына қолдау көрсету қажет.

 

Төртінші реформа – біртұтас болашақтың ұлты.

 

Владимир Тельнов, Тарих ғылымдарының кандидаты

- Тағы бір өте маңызды тұстарының бірі – үш тұғырлы тілді дамыту. Себебі дәл осы шара жас ұрпақтың болашақта бәскеге қабілетті азаматтар ретінде өсуіне септігін тигізеді және қоғамымызда татулық пен тұрақтылықты нығайта түсуге кепіл болады. Президенттің дәл осы тұсты ерекше айтап айтуы да сондықтан.

 

Соңғы бірақ маңыздылығы жағынан халықты ерекше қызықтырып отырған сала – транспарентті және есеп беретін мемлекет болу.

 

Оразғали Сельтеев, саясаттанушы

- Ең бастысы, бұл салада ашықтық болуы қажет, аудан, қала, облыс әкімдерімен қатар, судьялар да халық алдында есеп беруі тиіс. Бұл  ішкі істер органдарына да қатысты.

Бес институционалды реформа туралы халықтың пікірін білу үшін арнайы сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша мынадай мәліметтер белгілі болды.

 

Қазақстандықтардың 94,3 пайызы бес институционалды реформа тиімді әрі уақытылы ұсынылды деген пікірде. Халықтың 90,3 пайызы бағдарламаның негізгі бағыттарымен танысып шыққан. Ал 95 пайызы реформа өз жемісін беретініне сенімді.

 

Ал сарапшылардың 96 пайызы бұл реформалар ел өміріндегі маңызды оқиға болады деп есептесе, 97 пайызы уақыт талабы екенін айтады.

 

- ПРЕЗИДЕНТ АЙТҚАН БЕС БІРДЕЙ ХАЛЫҚТЫҚ РЕФОРМА – ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗАМАНАУИ ДАМЫТУДЫҢ БІРДЕН БІР КЕПІЛІ. МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕНІ ЖЕТІЛДІРІП, АЗАМАТТЫҚ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАЙЫПТЫ БАҒДАРЛАМА. ЕЛІМІЗДІҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ, ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ЖАСТАРЫ ОСЫЛАЙ ДЕП ҮН ҚОСУДА. ОСЫ ОРАЙДА, БІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ЕРЛАН ҚАРИННЫҢ ДА ПІКІРІН БІЛУДІ  ЖӨН САНАДЫҚ.

 

Кеш жарық, Ерлан Тынымбайұлы! Елбасының «Нұр Отан» партиясының съезінде жариялаған бес халықтық реформасың мән-маңызы қандай?

 

Ерлан Қарин, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры

- Егер назар аударсаңыз, Елбасы өз баяндамасында бұл реформаларды институционалды реформалар деп атаған болатын. Яғни бұл реформалар тек қана жекелеген бір құрылымдар, мемлекеттік органдардың іс-қызметін жетілдіру ғана емес, жалпы мемлекет пен қоғамның дамуына түбегейлі өзгеріс енгізетін, мемлекеттік және саяси жүйенің іс-қызметін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған қадамдар деп айтқан болатын. Сондықтан да бұл реформалар жалпы түптің түбінде мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының негізгі принциптерін өзгертуге бағытталады деуге болады.

 

Президент әлемдік геосаяси ойындардың күшейіп тұрғанын, сондықтан бұған ел болып қарсы күресуіміз керектігін айтты. Мемлекет басшысының «Біріншіден, сыртқы факторлардың мемлекет құрылысына ықпалының теріс сценарийіне жол бермеу» деген сөзін қалай түсінгеніміз жөн?

 

Ерлан Қарин, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры

- Әлемдік сахнада түрлі кикілжіңдер, конфликтілер орын алып жатқан тұста әртүрлі геосаяси, геоэкономикалық процестердің негативті динамикасы орын алып жатқан тұста, әрине, біздің алдымыздағы негізгі мақсат осы жиырма жылдан астам уақытта жас, лидер мемлекеттердің қатарынан алған орнымызды бір жағынан сақтап қалу, екінші жағынан, болашақтағы даму жоспарымызға ықпал ететін жағдайларды қалыптастыру.

 

Биыл әлемнің 17 елінде президенттік сайлау өтеді екен. Оның ішінде, ТМД мемлекеттерінің бірнешеуінде ел басшысы анықталады. Бұл саяси оқиғалардың бір жылға тоғысуы жаһандық сын-қатерлердің алдын алу әрекеті ме, әлде кәдімгі әр мемлекеттің ішкі шаруасы деп қарағанымыз жөн бе?

 

Ерлан Қарин, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры

- Посткеңестік елдердің көпшілігі – биыл жаңа электоралдық циклға енуде, көптеген түрлі мемлекеттер. Бірақ әр мемлекеттердің даму ерекшеліктері бар екенін ескерсек, Қазақстанның бұл тұста, президенттік сайлауға аяқ басуындағы түрткі болған факторларының қатары ерекшелеу. Біздің жағдайда алдағы өтетін президенттік сайлау науқаны – белгілі бір, ішкі саяси, белгілі бір қажеттіліктен туындаған тактикалық қадам емес, бұл жаңа сіз айтқан секілді, белгілі бір жаһандық, үлкен факторлардың жағымсыз ықпалының алдын алуға бағытталған стратегиялық шешім. Біздің мақсатымыз – негізгі еліміздің тұрақты дамуына жағдай жасап отырып, болашақтағы жаңа жетістіктерге жол ашу.

 

Ерлан Тынымбайұлы, сұхбатыңызға рахмет айтамыз.

 

- «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ 16-ШЫ СЪЕЗІНЕН КЕЙІН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІГІНЕ КАНДИДАТ РЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕН СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ. БҰЛ ҮРДІС ЕЛ КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТІЛГЕН ТӘРТІПКЕ СӘЙКЕС ӨТТІ. ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ БАРЛЫҚ ТАПСЫРМАНЫ СӘТТІ ОРЫНДАДЫ. АТАП АЙТҚАНДА, МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ» ДЕГЕН ТАҚЫРЫПТА ЖАЗБА ЖҰМЫСЫН ЖАЗЫП, ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИННІҢ ШЫҒАРМАСЫНАН ҮЗІНДІ ОҚЫДЫ, АЛ АУЫЗША ӘҢГІМЕДЕ «БАБАЛАР СӨЗІ – ДАНАЛЫҚ КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СӨЙЛЕДІ. ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ АЙТУЫНША, НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ БҰЛ СЫННАН СҮРІНБЕЙ ӨТТІ. КОМИССИЯ ЕЛБАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЕРКІН МЕҢГЕРГЕН ДЕГЕН ҚОРЫТЫНДЫҒЫ КЕЛДІ.

 

Мырзатай Жолдасбеков, Лингвистикалық комиссияның төрағасы

- Барлық осы уақытқа дейін сынақтан өткен Президенттікке кандидаттар секілді Нұрсұлтан Әбішұлы үш сұраққа жауап берді. Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ халқының алдында, осы мемлекеттің алдында өтпеген сыны жоқ. Осы сыннан да ол ойдағыдай өтті. Біз тіл маманы ретінде ерекше бағалап отырмыз. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген деген қорытынды жасап отырмыз.

 

Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы қабылдап, Нұрсұлтан Назарбаевқа Президенттік сайлауға қатысу үшін қол жинау парақтарын тапсырды.

 

- КЕШЕ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ. ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН ШТАБ ЖҰМЫСЫНА ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕДКЕ  ЖҮКТЕЛДІ. НЕГІЗГІ МАҚСАТ – ҮМІТКЕРДІҢ САЙЛАУАЛДЫ ТҰҒЫРНАМАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҮГІТ-НАСИХАТ ШАРАЛАРЫН ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. БАСПАСӨЗ МАСЛИХАТЫНА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, «АҚЖОЛ», «АУЫЛ», ПАТРИОТТАР, «БІРЛІК» ПАРТИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ МЕН ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖИНАЛЫП, ӨЗЕКЖАРДЫ ОЙЛАРЫН БІЛДІРДІ. НАУҚАН АЯСЫНДА САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АЙМАҚТАРЫН АРАЛАП ШЫҒУ КӨЗДЕЛУДЕ. ОЗЫҚ ОТЫЗ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛЫП, БІРЛІК ПЕН БАҚУАТТЫ ТҰРМЫСТЫҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ КӨШБАСШЫМЫЗДЫ ҚОЛДАП, БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ БАСУ АЛАШ ХАЛҚЫНЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ ЕКЕНІ АЙТЫЛДЫ.

 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі

- Ең бастысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау арқылы біз еліміздегі саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтуды бірлігіміз бен берекеміздің берік кепілі ұлтаралық дінаралық және қоғамдық келісімді қамтамасыз етуді, бізді әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосатын «Қазақстан-2050» стратегиялық бағытын жалғастыруды ұлттық экономиканыщ серпінді дамуын қамтамасыз ететін «Нұрлы жол» бағдарламасын рет-ретімен орындауды Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мен бүкіл аграрлық саланы жаңғыртудың кең көлемде жүргізуді әлемдік дағдарыс жағдайында жұмыс орындарын сақтап, жаңа өндіріс ошақтарын ашуды халықтың әл-ауқатын арттыруды Елбасының басшылығымен жүзеге асатын экономикалық бағыттың беріктігіне шетелдік және отандық инвесторлардың сенімдігін арттыруды қалаймыз. Бұл ұсынудың халқымыздың бірлігі мен жасампаздығын еселуге Отанымызды гүлдендіріп одан әрі күшті қуатты етет түсетініне кәміл сенемін.

 

Штаб жетекшісі: «Басты міндетіміз – өз кандидатымызды қолдау жөнінде қол жинау», –  деді. Сын сағатта тарихи тұлғаның төңірегіне топтасу игі шара екеніндігі айтылды басқосуда.

 

- ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЙЛАУЫН ӨТКІЗУГЕ ҮКІМЕТ ҚОРЫНАН 5 МИЛЛИАРД 414 МИЛЛИОН 211 МЫҢ ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ. САЯСИ НАУҚАННЫҢ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ, ЗАҢДЫЛЫҒЫ, САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖЕТКІЗУ МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ШАРАЛАРЫ  БАСТАЛДЫ. ЖЕРГІЛІКТІ ӘКІМДІКТЕР МЕН ӨҢІРЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ НАУҚАНДЫ ӨТКІЗУГЕ ӘЗІРЛІКТІ ПЫСЫҚТАУҒА КІРІСТІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР ИНСТИТУТЫ ҚҰРЫЛДЫ. АЛЫС-ЖАҚЫН ШЕТЕЛДЕРДЕН,  ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ МЕН ТМД БАЙҚАУШЫЛАРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН ҚАДАҒАЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ. АЛ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС ОСЫ АПТАДА ҚЫЗА ТҮСТІ. ПРЕЗИДЕНТ БОЛУҒА ТІЛЕК БІЛДІРГЕНДЕР ҚАТАРЫ 23 АДАМҒА ЖЕТТІ.  ТІРКЕУГЕ АЛЫНБАС БҰРЫН ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯ СЫНАҒЫНАН КІМДЕР СҮРІНДІ, КІМДЕР ӨТТІ? ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНАН БАҒДАТ БЕКТҰРҒАНҚЫЗЫ  ХАБАРЛАЙДЫ.    

 

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлерді ұсыну наурыздың 15-іне дейін жалғасады. Қазір лингвистикалық комиссия кандидат болуға ниет білдіргендердің мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін тексеріп жатыр. Бүгінге дейінгі нәтиже бойынша сынақтан сүрінгендер де, жоғары баға алып, келесі кезеңге өткен сөйтіп қол жинауға кіріскендер де бар.

 

Соңғы мәліметтер бойынша сайлауға қатысуға ниет білдіргендердің 22-сі өзін-өзі, ал екі үміткер партиялар атынан. Нұрсұлтан Назарбаевты «Нұр Отан» партиясы, Тұрғын Сыздықовты Қазақстанның Коммунистік халық партиясы ұсынды.  «Ақ жол» демократиялық партиясы алдағы Президенттік сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуына  қолдау көрсетті. Партияның кезектен тыс 12-ші съезінде бірлестік төрағасы Азат Перуашев Қазақстан бизнесінің Тәуелсіздік жылдарындағы барлық табыстары Елбасы қамқорлығының жемісі деп атап өтті.

 

Азат Перуашев, «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы 

- Біз реалистер мен прагматиктер партиясы ретінде басқа партиялардың өз кандидаттарын Елбасымен теңестіруге тырысуы Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының қазіргі Қазақстандағы ролі мен маңызын төмендетеді деп түсінеміз. Елдің, оның одан әрі дамуының мүддесін басшылыққа ала отырып, «Ақ жол» партиясының съезі Қазақстан Президенті лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуды толық қолдайды.

 

 «Бірлік» партиясы да саяси науқан қарсаңында бас қосты. Бірауыздан жасалған ұйғарым: партия атынан үміткер ұсынылмайды. 

 

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы

- Біз ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауына қатысу үшін кандидат етіп ұсынуды, ол жүргізіп келе жатқан саяси бағытты жалғастыруға деген жаппай қоғамдық сұраныстың көрінісі болды деп есептейміз. Сондықтан «Бірлік» партиясы 2015 жылы 26 сәуірдегі ҚР Президентінің сайлауына қатысу үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуды берік қолдайтынын білдіреді.

 

Қазақстан Патриоттары партиясынан да Президент сайлауына үміткер ұсынылмайды. Бұл туралы партияның кезектен тыс 13-ші съезінде жария етілді. 

 

Ғани Қасымов, Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы 

- Жалпы мемлекеттік мүдделерді басшылыққа ала отырып, Патриоттар партиясы алдағы Президент сайлауына қатысу үшін тұрақты стратегиялық бағдары біздің партияның барлық жарғылық және стратегиялық аспектілеріне сай келетін Қазақстан Республикасының қазіргі Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуын толық қолдайды.

 

«Ауыл» социал-демократиялық партиясы да осы аптада кезектен тыс 9-шы съезін өткізді. Социал-демократтар қатарындағы Нұрғали Нүсіпжанов, Ерасыл Әбілқасымов бастаған белгілі мәдениет қайраткерлері ортақ мәлімдеме жасады.

 

Серғазы Әдекенов, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының мүшесі

- Облыстық маслихаттың депутаты ретінде ауылдарда жиі болып тұрамын. Сондағы халықтың көңілі, халықтың пікірі қарапайым, ауылдағы тұрғындардың айтуы, бұл деген, біздің президентімізді, қазіргі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау өте дұрыс деп санап отыр халық.

 

Науқанға бірқатар қоғамдық бірлестіктерден үміткерлер ұсынылмайтыны мәлім болды. Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы, іскер әйелдер қауымдастығы, Қазақстан мүгедектері конфедерациясы мен кәсіподақтар федерациясы бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаев кандидатурасының ұсынылуын қолдайтындарын мәлімдеді. Айтуларынша, ел дамуы мен азаматтық қоғамды қалыптастырудағы Елбасының ролі ерекше. 

 

Қайрат Айтуғанов, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының міндетін атқарушы 

- Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы әрқашан елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдап келді және қолдай береді де. Сондықтан біз «Нұр Отан» партиясының Нұрсұлтан Назарбаевты  Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді бір ауыздан қолдаймыз.

 

Сайлау қарсаңында еңбек ұжымдарының көпшілігі  «Нұр Отан» партиясы атынан Нұрсұлтан Назарбаев кандидатурасының Президенттікке үміткерлікке ұсынылуын қолдайтындарын жеткізіп жатыр. 

 

Ақмарал Ғұсманова, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС зертхана басшысының орынбасары  

- «Нұр Отан» партиясы 16-шы съезд делегаттарының Н. Ә.Назарбаевты бірауыздан ел Президентіне үміткер ретінде ұсынған шешімін мен қолдаймын. Елбасымыз кешегі съезде еліміздің дамуын 5 реформа бойынша жүргіземіз дейді. Осы бағытта біздің зауытта 2 индустриалдық жоба жүзеге асырылуда.

 

Президент болуға ниет білдіріп, сайлауға түсуге өзін-өзі ұсынғандардың қатары аз емес. Осы аптада тізімге іліккендердің саны 22 адамға жетті.

 

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Президенттігіне үміткер 

- Сайлау қоғамның өзекті мәселелерін көтеруге, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік секілді әрбір адамның өміріндегі маңызды проблемаларға мысалы, тұтас алғанда экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне назар аударуға деген мүмкіндік. Менің еңбек жолымдағы және өмірлік мол тәжірибем біздің барлығымызға осы проблемаларды жете бағаламайтындығымызға көзімді жеткізді. Сондықтан осы сайлаудағы менің мақсатым – тұрмысымыздағы осы мәселелерді қоғамға жеткізу.

 

Айта кетейік мемлекет басшысы болудан үмітті жандардың белсенділігі бұған дейінгі науқанмен салыстырғанда шамалас деп айтуға болады. 2011 жылы 3-ші сәуірде өткен Президент сайлауында үміткерлікке ұсынылғандар қатары 22 адам болатын.  

 

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі 

- Бұл, әрине, ашықтықты, еркіндікті көрсетеді. Белсенділікті көрсетеді. 2011 жылы кейбір адамдар сұрақтары болған. Осы мынау шынымен үміткер болуға мүмкіндік бар ма екен? Жоқ па екен дегендей. Кейбіреулер сенбей келіп жатқандар да болды. Сол жолы, қазір де адамдар келіп жатыр. Ешқандай кедергі жоқ.

 

Лингвистикалық комиссияның емтиханынан 7 үміткер өтпей қалды. Олардың бірі ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың қай кезеңде өмір сүргенін білмесе, екіншісі жазба жұмысында өте көп қате жіберген. 2 адам сынақ тапсыруға келмеген. Емтиханнан сүрінбей, мемлекеттік тілді жақсы меңгергендігін көрсеткендердің саны – әзірге 5-еу. Олардың бірі – әйел адам. Өзін-өзі ұсынған «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының басшысы – Лимана Қойшиева. Қалған төрт үміткер – Қазақстан Коммунистік халық партиясынан Тұрғын Сыздықов пен «Нұр Отан» партиясынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Өзін-өзі ұсынған Қанат Тұрагелдиев пен Әбілғазы Құсайынов мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеп шықты.

 

Енді олардың әрқайсысы 93 мың 112 қол жинап, Орталық сайлау комиссиясына кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуына 5 күн қалғанға дейін тапсырулары тиіс.

 

- ҚАЗАҚСТАН ТАҒЫ БІР БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ. 2010-2015 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ 53 ПАЙЫЗҒА, ОНЫҢ ІШІНДЕ ТАУ-КЕН ӨНДІРІСІ 52, ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ 48 ПАЙЫЗҒА КӨБЕЙГЕН. МҰНАЙ ӨНДІРУДЕ ТҰРАҚТЫЛЫҚ САҚТАЛҒАНЫМЕН, ОНЫ ӨҢДЕУ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТЫПТЫ. МҰНЫҢ БАРЛЫҒЫ ІШКІ ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨСІМІНЕ ӘСЕР ЕТТІ. БЕС ЖЫЛДА ОЛ ЕКІ ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙҒАН. ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНДА ТАҒЫ ҚАНДАЙ ТАБЫСТАР БАР? МҰНЫ ӘРІПТЕСІМ АЙДОС ТҰРЫСБЕКТЕН СҰРАЙЫҚ.

 

- Иә, қолмен ұстап, көзбен көруге болатын жетістіктер аз емес. Солардың бірқатарына аз-кем тоқталып өтейік. Қай уақытта болмасын елдің даму деңгейі халқының тұрмыс-тіршілігімен, әл-ауқатымен өлшенген. Бүгінгінің мұндай көрсеткіш – жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім. Барлық өндірілген тауар мен қызмет түрлерінің нарықтық бағасы өскен сайын оның көлемі де ұлғая түседі. Мәселен, өткен 5 жылда ол бір жарым есеге артып, әр адамға шаққанда 13 мың доллардан асыпты.

 

Елімізде жүргізіліп жатқан жаңа экономикалық саясатқа сәйкес, өңдеу өнеркәсібіне бетбұрыс жасалды. Яғни, көпшілігіміз шикізатқа тәуелді емес салалардың болашағы айқын екендігін түсіне бастағандаймыз. Соның бір айғағы – соңғы бес жылдағы өңдеу өнеркәсібінің қарқыны. Өсім – 54 пайыз. Мұндағы мақтанышпен айтуға тұрарлық жетістік бұрын-соңды шығарылмаған 400-ден астам жаңа өнім түрлерінің пайда болуы. Бір ғана мысал – жеңіл және ауыр автокөлік құрастыру өндірісі. Бірі 4 жарым есеге енді бірі 2,8 есеге артқан. 

Қазақстан автокөлік бизнесі қауымдастығының мәліметінше, соңғы уақыта Еуропа елдері де, ТМД нарығында да тұтынушылар жергілікті өнімге басымдық бере бастаған. Мәселен, Францияда алдыңғы ондықты өз брендтері құраса, Италияда «Фиат», Украинада «Заз», Ресейде «Лада» көш бастап тұр. Бұл тізімге «Номад» атты қазақстандық көліктің қосылуы да әбден мүмкін. Яғни әлемдік тенденция біздің елге де жат емес. Автосүйер қауым 15-20 жыл «тебіліп», тозығы жеткен ескі көліктен гөрі өзімізде құрастырылған темір тұлпарды тізгіндегенді жөн көреді. Қазір бұрынғыдай емес, ерсілі-қарсылы жүйткіп жүрген көп көліктің ішінен Қазақстанда шығарылған машиналарға көз үйренген. 

 

Сондай-ақ өткен бес жылда автокөлікке арналған 22 мың  шақырымнан астам жол жөндеуден өткізілсе, республикалық маңызы бар 2 мың шақырымға жуық жаңа жол салынды. Экономикаға қан жүгіртіп отырған теміржол саласы да шет қалған жоқ. 1700 шақырым жаңа магистраль пайдалануға берілді. Олар «Жетіген-Қорғас», «Жезқазған-Бейнеу», «Арқалық-Шұбаркөл», «Өзен-Берекет-Горган» бағыттарындағы шойын жолдар. Барлығының құрылысына 841 миллиард теңге жұмсалды.   

 

Отандық өнімге баса назар аударылған саланың бірі – ауыл шарушылығы. Мұндағы өндіріс өткен бес жылда 74 пайызға ұлғайды. Былтырдың өзінде 2,5 триллион теңгенің өнімі шығарылыпты. Оның тең жартысы мал шаруашылығына тиесілі. Ішкі нарықта қазақстандық азық-түліктің үлесі де артып келеді. Ақшаға шақсақ, 1 триллион теңгеден асатын өнім өндірілген.

 

Соңғы бес жылда жаңаша қарқын алған тағы бір сала бар. Ол – құрылыс секторы. Дәлірек айтсақ, тұрғын-үй құрылысы. Бұл нарыққа тартылған инвестиция көлемі 2 триллион теңгеге жуықтаған. Нәтижесінде 30 миллион шаршы метр баспана салынып, пайдалануға берілді. Ішінде жас отбасыларға арналған 312,5 мың шаршы метр тұрғын үй де бар. Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспаналар пайда болды. Мұндай 742 мың шаршы метр үй тұрғызылды. Ал биылдан бастап күшіне енетін мемлекеттік бағдарламадағы өзгерістер мен толықтырулардан кейін тұрғын-үй құрылыс нарығын тағы бір серпіліс күтіп тұрған тәрізді.

 

- ЕЛБАСЫ ОБЛЫСТАРДЫҢ ЖӘНЕ АСТАНА МЕН АЛМАТЫ ҚАЛАЛАРЫ ӘКІМДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗДІ. КЕҢЕСТЕ ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ БИЫЛҒЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫН ҮЗІЛІССІЗ АЯҚТАУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ. СОНЫМЕН БІРГЕ КӨКТЕМГІ ЕГІСТІК ЖҰМЫСТАРЫНА ӘЗІРЛІК БАРЫСЫ, БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ, ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРДЕГІ БАҒА МЕН ТАРИФТІ ТАРАЗЫЛАУ ДА НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ.

  

ОСЫ АПТАДА ПРЕЗИДЕНТ 2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫСЫ БИЫЛ 610 МИЛЛИАРДТАН АСТАМ ТЕҢГЕГЕ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ

 

Биыл мемлекет тарапынан салынатын тұрғын үйлердің құрылысына бюджеттен 30 млрд емес, 20-25 млрд теңге беріледі. Парламент Сенатының депутаты Ақан Бижанов осы қадамға әлемдік дағдарыс салдарынан барып отырмыз деді. Бірақ бұл  елдегі құрылыс қарқынына әсерін тигізбейді

 

Наурыз мейрамы қарсаңында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1357 отбасыға пәтер кілті табысталады. Ал, жыл аяғына дейін тағы 3000 адам баспаналы болмақ.  Сондай-ақ жалға берілетін баспананы 10 жылдан кейін емес, 5 жылдан соң сатып алуға мүмкіндік туады. Пәтердің бір шаршы метрі  800 бен 1100 теңге аралығын болады

 

Елордада жұмыспен қамтылғандар саны артты. Бір жылдың ішінде 30 адам нәпақа табатын орынға орналасқан. Жұмыспен қамту орталығындағылардың айтуынша, ерінбегеннің екі қолына бір күрек табылады. Тек биылдың өзінде Астанада 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

 

Отандық өнім өндірушілерді қолдауды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  қолға алды. «Қазақстанда жасалған» іс-шарасына зор үлес қосып отырған палата енді жергілікті  тауарларға жарнама жасау үшін арнайы жоспар әзірлеуде

 

Әлемдік дағдарысқа қарамастан мемлекет биыл геологиялық барлау жұмыстарына қазынадан 17 млрд, ұлттық қордан 6 млрд теңге бөлді.  Бұл қаржының 3 миллиардтан астамы мұнай мен газдың жаңа кен орындарын барлап-iздеу жұмыстарына  жұмсалады

 

Латвияда Қазақстан Президенті Нұрұлтан Назарбаевтың «G-global: XXI ғасыр әлемі» атты еңбегі латыш тілінде жарық көрді. Кітапта әлемнің құрылымы, жаһандық қауіп, Қазақстан басшысының дағдарысқа қарсы бастамалары мен дүние жүзіндегі геосаяси өзгерістер жан-жақты талқыланған. Елбасының бұл еңбегі сондай-ақ, орыс, ағылшын, грек тілдеріне аурылған

 

- ОСЫ АПТАДА «ОРАЛУ» КӨРКЕМФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ. 90 МИНУТТЫҚ БҰЛ ОТАНДЫҚ ТУЫНДЫ 10-ШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕУРАЗИЯ» КИНОФЕСТИВАЛІНДЕ «КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» СЫЙЛЫҒЫН ЖЕҢІП АЛҒАН. ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙТІН «ОРАЛУ» ФИЛЬМІ 19 НАУРЫЗДАН БАСТАП БАРЛЫҚ КИНОТЕАТРЛАРДА КӨРСЕТІЛЕДІ. ТУЫНДЫНЫ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ӘРІПТЕСІМ ГҮЛМАЙРА ҚУАТБАЙҚЫЗЫ ТАМАШАЛАДЫ.

 

Мақсаттың туған жеріне келмегеніне, етжақындарын көрмегеніне 20 жылдан астам уақыт өтеді. Еуропада білім алып, сондағы ірі компаниялардың бірінде ауқымды жобаларды жүзеге асырумен айналысатын ғалым атасынан мұраға қалған ат фермасы мен сәйгүліктерін сату мақсатында ғана ауылына оралады. Туындының қоюшы режиссері әрі сценарий авторы – Рашид Сүлейменов. Фильмде басты ролдерді Санжар Мәдиев, Аружан Жазылбекова және Обонна Эндобуезе сомдайды.

 

Санжар Мәдиев, актер

- Фильм қала сыртында, Алматы облысына қарасты «Тұрар» ауылында түсірілді. Бұған дейін болашақ бағдарламасы бойынша білім алған жастардың арасында таныстарым болған. Басты ролді сомдамас бұрын бұл тақырыпты зерттеп алдым. Туынды көрермен көңілінен шығады деген сенімдемін.

 

Аружан Жазылбекова, актриса

- Сценарийді оқығаннан кейін фильмге түсуге бірден келісімімді бердім. Өйткені оқиға желісі маған қатты ұнады. Кезінде Калифорния штатында білім алғандықтан, фильмдегі басты кейіпкердің сезімі маған жақсы таныс. 

 

Мақсаттың елде қалып еңбек ету ойында жоқ еді. Дегенмен аз уақыттың ішінде Қазақстанда да Еуропадағыдай жас ғалымдарға барлық жағдай жасалғандығын түсінеді. Әрі қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтарын бойына сіңіріп өткен Аружан есімді мұғалім қызбен танысып, көзқарасы өзгереді.

 

Рашид Сүлейменов, «Оралу» фильмінің қоюшы режиссері, сценарий авторы

- Бұл біз үшін ерекше туынды. Өйткені «Оралу» жастардың патриоттық сезімін оятатын көркем фильм. Кинокартинаны түсіруге Елбасының саясаты, ұлт көшбасысының еліне деген махаббаты ынталандырды.

 

Дидар Амантай, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті

- Бұл фильмде өз елін сүйген азаматтың шетелде қаншалықты табысқа жетсе де, өз еліне келіп, болып жатқан өзгерістерді байқап, өз Отанына, өз елінің дамуына үлес қосамын деген ниеттен туған тамаша бір әсерлі философиялық тұжырымдар бар. 

 

Еліміздегі жастар саясаты жайында сыр шертетін тұңғыш картинаның жалпыұлттық тұсаукесері 9  наурызда Қазақстанның барлық қаларында өтті. Көрерменнің алған әсері ерекше.

 

Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты

- «Мен бұл ферманы сатпаймын» деген кезде залдағы балалардың қалай қол соққандығын мен өзім аңғардым. Демек бізде қазір рухани кеңістігімізде Отанына қайтып оралу, топырағына қайта оралу, негізіне, ата-жұртынңа қайтып оралу, сол арқылы қазақтың бүгінгі тұтастығын, қазақ елінің мәңгілігін қамтамасыз ететін  атрибуттарды жасауға болатындығын үлкен-үлкен идеяларды жүзеге асырған.

 

Тәуекел Сламбек, ҚР Кинематографистер одағының төрағасы

- Бұл енді Ослада шетте жүрген жігіт. Ал енді қалаға кеткен соң, елге қайтпайтын адамдар бар. Сол себептен осылардың барлығына әсіресе жастарға ой салатын фильм екені айқын.

 

 «Оралу» фильмінің Алматыда өткен тұсаукесеріне барлық буын өкілдері қатысты. Фильм соңында көрермендердің орнынан тұрып, қол шапалақтауы кинотуындының әсерлі болғандығын байқатса керек.

 

Арман Халбеков, «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы

- Елбасымыз айтады ғой, бүгінгі таңда елімізде даму мен жетістік барынша жасалған. Өзге мемлекетте жұмақ жоқ, жұмақ өз мемлекетімізде. Барлық жағдай жасалған, Отанымыздың көркейіп, гүлденуі үшін жұмыс жасауымыз керек дегім келеді. 

 

Ақтөбелік көреремендер фильмнің түпкі идеясы мен образды ашқан актерлердің шеберлігіне тәнті болды. Көпшіліктің айтуынша, туған жерде өмір сүрудің өзі – үлкен бақыт екенін осы фильм ұғындырады.

 

Әлішер Мәжит, Ақтөбе облыстық жастар саясаты басқармасының бас маманы

- Өте ұнады маған. Аса маңызы зор фильм деп айтуға болады. Бұл – өз еліне, туған жеріне зор еңбек етуге осылай бізді итеретін фильм.

 

Режиссер Рашид Сүлейменовтың еңбегін тараздықтар да жоғары бағалады. Патриотизмді насихаттау Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру тақырыбын арқау еткен драма жанрындағы фильмге жергілікті көрермен зор қошемет білдірді.

 

Еркебұлан Құралбаев, Тараз қаласының тұрғыны

- Өзге елде сұлтан болғанша, «өз еліңде ұлтан бол» деген дәстүрлі сөздің мәні мен мағынасын ашып беріп отыр. Бұл фильмді көрген әрбір жас азамат өзінің бойында патриоттық сезімін қалыптастырып Отанға, елге деген сүйіспеншілігі артады деген ойдамын.

 

Отанының адал перзенті болуды насихаттайтын фильм павлодарлық көрермендердің бірден ыстық ықыласына бөленді. Мағынасы терең туынды көрерменге үлкен ой салды.

 

Роман Махмұт, 6679 әскери бөлімінің сарбазы

- Бұл фильмде негізі әр азаматтың өз Отанына адал болуын және өз туған жеріне қайтып келеді қайда кетсе де. Өз туған жерін ешқайда қимауы керек, әр адам патриот болуы керек.

 

«Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Ары мен намысын жоғары қоятын, ұлттық құндылығымызды қадір тұтатын ұрпақ тәрбиелеуде осындай фильмдердің маңызы зор»,- дейді көзіқарақты көрермен. Жас ұрпақты елжандылыққа баулитын 90 минуттық кинотуынды 19 наурыздан бастап еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайды. Тұсауы кесілместен 10-шы халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде «Көрерменнің көзаймы» сыйлығын жеңіп алған отандық туындыны жіберіп алмаңыздар!

 

- ДАЛА ҚАНҒА БӨККЕН, СҰР АСПАН ӨЛІМ ТӨККЕН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАЗАҚСТАННАН 1 МИЛЛИОН 800 МЫҢ АДАМ АТТАНҒАН, СОНЫҢ ТЕҢ ЖАРТЫСЫ ҚАН МАЙДАННАН ҚАЙТПАДЫ. СОЛ БІР ЕР ЕТІГІМЕН СУ КЕШКЕН, АТ АУЫЗДЫҚПЕН СУ ІШКЕН СҰМ СОҒЫСТАН ТІРІ ҚАЙТҚАН АРДАГЕРЛЕРДІҢ БҮГІН 5000-ДАЙЫ ҒАНА ОРТАМЫЗДА. БИЫЛ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР ЖЫЛДАҒЫДАН ЕРЕКШЕ НАЗАРҒА, ҚАМҚОРЛЫҚҚА АЛЫНДЫ. ОЛАРДЫҢ ЖОҒЫ ТҮГЕНДЕЛІП, ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ ЕСКЕРІЛУДЕ.

 

МӘСКЕУДІҢ ҚЫЗЫЛ АЛАҢЫНДА ӨТЕТІН ӘСКЕРИ ШЕРУГЕ БАРАТЫН ҚАРТ ЖАУЫНГЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ ЖАСАЛЫП, КИЕР КИІМІ ТІКТІРІЛУДЕ. ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ДАЙЫНДЫҒЫМЫЗ, МАЙДАН КӨРГЕН ҚАРИЯЛАРДЫҢ ХАЛ-АХУАЛЫ ЖАЙЛЫ ТІЛШІМІЗ МАҚПАЛ МАДИЯРОВА БАЯНДАЙДЫ.

 

«Өмір белдеуі» жедел көмек орталығы өз жұмысын 2014 жылдың маусымында бастады. «Жеңіс» акциясының шеңберінде жобаны жүзеге асырған «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Ерекшелігі һәм жақсылығы сол  ардагер кенеттен сырқаттанып қалса, мына телефондағы «дабыл» түймесін басады. Сигнал бірден «Өмір белдеуі» жедел көмек көрсету орталығына түседі. «Өмір белдеуі» құрылғылары алғашында сынақ ретінде Астана, Алматы қалаларындағы 150 шақты ардагерге үлестірілген. Сол аралықта орталыққа түрлі дәрежедегі 400 шақырту түсіп, 3 ардагер ажалдан арашаланыпты.

 

Эрнар Нұрбеков, «Өмір белдеуі» қоғамдық қорының директоры

- Егер «SOS» түймесін басқан ардагер сөйлеуге шамасы келмесе, біздің оператор оның мекенжайын, осы уақытқа дейін қандай ауру-сырқауы болғанын бәрін біліп отырады. Сөйтіп сол мекенжайға бірден «Жедел жәрдем» шақырады.

 

«Өмір белдеуі» құрылғысын алғаш пайдаланғандардың бірі – Алматы қаласының тұрғыны, соғыс ардагері Арли Бихуру. Бұл кісі жаяу әскер құрамында соғысып, Таганрог, Запорожье, Киевті азат етуге қатысқан. Брест қамалының түбіндегі шайқаста ауыр жарақат алған. 1 дәрежелі «Даңқ» ордененің иегері. 

 

Арли Бихуру, Ұлы Отан соғысының ардагері

- Давление көтерілді. Шақырдым. Келді. Больницаға апарды. Аппарат қойғалы, жарым жылдай боп қалды. Көп пайдалана алмадым. Екі мәрте шақырдым.

 

Енді бұл құрылғымен елдегі көзі тірі 5000-ға жуық ардагер тегіс қамтылмақ.  Айтпақшы, Жеңістің 70 жылдығына орай майдангерлердің тұрмыс-жағдайы жіті бақылауға алынды.

 

Өмірзақ Озғанбаев, Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы 

- Бүкіл еліміз бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан 5000 ардагердің тұрмыс жағдайын тексеріп қарадық. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің тұрмыс жайы белгілі қазір. Тыл ардагерлерінің көбінің жағдайы тексерілді, соны қарай отырып, кімге пәтер керек, кімге отырған үйін жөндеу керек, кімге әлеуметтік көмек керек. Соның барлығы жергілікті жерде тікелей нақты шаралар қабылданып жатыр.

 

«Нұр Отан» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» іс-шарасының шеңберінде майдангерлердің хал-ахуалын анықтады. Нәтижесінде олардың дәрі-дәрмекке, медициналық-әлеуметтік көмекке, диагностикалық тексеріске, шипажайда емделуге, есту аппараттарына, арбаға, тіс протезіне мұқтаж екендіктері белгілі болды. Бүгінде осы түйткілді мәселелердің барлық түйіні тарқатылып жатыр. 

 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

- Түптеп келгенде атқарылар жұмыстың мәні – тағзымды тәлімге ұластырып, Елбасы саясатының, Тәуелсіздіктің арқасында соғыс көрмеген бақытты ұрпақты, елдегі бейбіт өмірді келісім мен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға қашанда да даяр болуға тәрбиелеу.

 

Үкімет республикалық бюджеттен 5 млрд 690 млн 183 мың теңге бөлді. Бұл теңге ардагерлерге, майдан даласынан оралмағандардың жесірлері мен  Лениградты қорғауға қатысқандарға, тылда еңбек еткендерге материалдық көмек ретінде үлестіріледі. Баспанасы жоқтардың тізімі жасалып, оларды дереу үймен қамту қолға алынды.

 

Светлана Жақыпова, ҚР ДСӘД министрінің орынбасары

- Бүгінде 107 ардагер үй кезегінде тұр. Мысалы, Астана қаласы бойынша 2 адам, Оңтүстік Қазақстан облысын бойынша 25 ардагер. Елбасының арнайы тапсырмасы бар. Барлық аймақтардағы үйге мұқтаж ардагерлер наурыздың жиырмасына дейін міндетті түрде баспанамен қамтылсын деген. Жұмыс жүріп жатыр.  

 

70 жылдыққа орай Мәскеудің Қызыл алаңында өтетін әскери шеруге Қазақстаннан 30-ға жуық ардагер барады. Олардың бүкіл-жағдайын жасау  Сыртқы істер министрлігіне жүктелген.

 

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы

- Ардагерлеріміздің Мәскеуде жүріп-тұруы, олардың денсаулығын бақылау, олардың сол жерде мерекелік іс-шараларға қатысуын, оның ішінде Қызыл алаңда өтетін іс-шараларға қатысуын Сыртқы істер министрлігіне жүктелді. Тиісті тапсырма біздің Ресейдегі елшілікке берілді.

 

Ахат Бекмәділұлы – осы салтанатты шеруге баратындардың бірі. Жеңістің 65 жылдығында Белоруссиядағы шараға қатысыпты. Тоқсанның екеуіне келген ардагер қартқа қолғанат боп, немересі Райымбек те бірге жүрмек. От пен оқтың өтінде өзі жаудан қорғаған Мәскеуді тағы бір рет көруге жазсын деп отыр ақсақал.

 

Ахат Бекмәділұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері

- Москваның ар жағында деревняларды біз азат етіп едік. Сол деревняларды барып алған уақытта пешінің трубасы ғана тұратын. Енді сол деревнялардың жағдайы қандай, соны бір көрсем екен.

 

Мәскеуге баратын 30 ардагер де, Қазақстанда өтетін әскери шерулерге қатысатын қалған майдангер де тегіс бірыңғай киім кимек. Ол үшін жергілікті әкімдіктер бюджетінен қаражат та қарастырған. Мәселен, Астана қаласындағы 220 ардагерге киім тігіп бермекке 29 млн 640 мың теңге бөлінген.

 

Жанар Құсайынова, Астана қ. Ардагерлер мен мүгедектер бөлімінің бас маманы

- Сұр түсті плащ, пальто, ақ жейде, көгілдір түсті галстук пен бас киім, қара түсті аяқ киім қарастырылуда. Бірінші кезекте тендер жарияланады, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес болғаннан кейін, қай мекеме тігетіні белгілі болғаннан кейін жұмыс басталады.

 

Әзірге бірыңғай киімдердің түсі ғана анық, үлгісі жоқ. Бірақ жауаптылар «үлгереміз», «сәуірдің қақ ортасында тапсырамыз» деп сенімді отыр. Ал генерал-лейтенант Мұрат Майкеев: «7 мамырда Бас қаладағы бас алаң «Қазақ елінде» өтетін әскери шеруге дайынбыз», – дейді. Сол күні 4767 сарбаз бен офицер, 220 әскери техника, 84 ұшақ пен тікұшақ Қазақстан Қарулы күшінің қуатын паш етпек.  

 

Мұрат Майкеев, ҚР Қарулы Күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант

- Тарихтың бөлімін көрсетеміз. Төрт каробкамен әскери уақытты соғыс уақытындағы қару-жарақты береміз. Винтовкаларды, пулемет, максимканы, әртүрлі содан кейін киіндіреміз солдаттарды және бірінші каробкада біздің ветерандар болады. Тағы да ТТ4, Катюша, сосын Ұлы соғыстың уақытындағы зымырандар болады.

 

Жеңіс күні қарсаңында қазақстандық Кеңес Одағының батырларын насихаттау мақсатында 70-тей деректі фильм эфирге шығады. Сондай-ақ олар жайлы кітаптың тұсауы кесіледі.

 

- ӨТІП БАРА ЖАТҚАН АПТА ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!