Хабар телеарнасы

«Жетi күн» 06.12.2014

АПТА БАСЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ЕЛБАСЫ  НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙРАҒЫН КӨТЕРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТУЫН ТАПСЫРУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ. РӘСІМ БАРЫСЫНДА ӘНҰРАННЫҢ ӘУЕНІМЕН РЕЗИДЕНЦИЯ АЛДЫНДАҒЫ ТУ-ТҰҒЫРҒА ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙРАҒЫ КӨТЕРІЛДІ.

 

Салтанатты рәсімде Қазақстан рәміздеріне әскери құрметін білдірген  сарбаздар Ақорда алдындағы алаңда сап түзеп өтті. Елбасы шараға қатысушыларға  тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Мемлекеттік күзет қызметі құрылғанын жеткізді. «Сіздер Тәуелсіздікті нығайтуға атсалысасыздар, мемлекеттік механизмнің тұрақты жұмысын қамтамасыз ете отырып, қауіп-қатерлерге қарсы тұрасыздар», – дей келе, Президент қызметті лайықты атқару үшін тәртіп, үлкен машық пен жоғары моральдық дайындық қажет екенін айтты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жүктелген міндет абыроймен атқарылатындығына сенім білдірді. Елбасы қазақстандықтардың 23 жыл бұрын тарихта бірінші рет бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Мемлекет басшысын сайлағанына тоқталды. «Бүкілхалықтық сенімге арқа сүйей отырып, мен 16 желтоқсанда еліміздің Тәуелсіздігін жарияладым. Сондықтан  Тұңғыш Президент күні мен алдағы ұлттық мереке Тәуелсіздік күні арасында тығыз байланыс бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  Шара соңында Мемлекет басшысы офицерлерге мықты денсаулық, Отанымыздың игілігі жолындағы жауапты қызметтеріне табыс тіледі.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Құрметті генералдар, сарбаздар мен сардарлар! Бүгін – сіздер үшін өте белгілі күн. Себебі біздің мемлекетімізде тұңғыш рет мемлекеттік күзет құрылды менің Жарлығымммен. Бұл әскери қызметтің, мемлекеттік қызметтің ең жауапты сатысы болып саналады. Сіздер мемлекеттің Тәуелсіздігін, басқару органдарының қауіпсіздігін, неше түрлі лаңкестерге қарсы жұмыс істейтін азаматсыздар. Мен сіздердің бүгінгі жұмыстарыңызға рахметімді айтып, алған байрақтарыңыз әр уақытта жоғары да болсын деп, мемлекеттің сеніп тапсырған жұмысын абыроймен орындайды деп сенемін. Баршаларыңызға зор денсаулық және табыс тілеймін.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНДЕ ХАЛҚЫ ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫН ҚҰРМЕТТЕП, КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДӘРІПТЕДІ. ТАҒДЫРЫН ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛ ТАРИХЫМЕН САБАҚТАСТЫРҒАН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІН КӨПКЕ ҮЛГІ ТҰТТЫ. АЛ ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ АЛАР ОРНЫ АЙРЫҚША ЕКЕНДІГІН АТАП ӨТІП, ТҰЛҒАЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІН ТАҒЫ БІР МӘРТЕ АЙШЫҚТАДЫ. АЙТА КЕТКЕН ЛӘЗІМ, 1-ШІ ЖЕЛТОҚСАНДЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ РЕТІНДЕ ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫ БЕКІТКЕН. АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АҢСАРЫНА АЙНАЛҒАН АЗАТТЫҚҚА ҚОЛЫМЫЗ ЖЕТКЕН КЕЗЕҢДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ 1991 ЖЫЛДЫҢ ДӘЛ ОСЫ КҮНДЕ,  БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ САЙЛАУДА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА БІРАУЫЗДАН ТАҢДАУ БІЛДІРГЕН. СОЛ СӘТТЕН БАСТАП ЕЛІМІЗДІ ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА САЛҒАН, БАЙТАҚ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН, КӨП ҰЛТТЫҢ БАСЫН БІРІКТІРІП, НАҒЫЗ ТҰРАҚТЫЛЫҚ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫРҒАН ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ ЕҢБЕГІ ОРАСАН. ЕЛІМІЗДІҢ ӘР ТҮКПІРІНДЕ ЖӘНЕ АСТАНАДА ӨТКЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ҰЛТ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА ДЕГЕН РИЯСЫЗ АЛҒЫС ПЕН ЫҚЫЛАС-ҚҰРМЕТІМІЗДІҢ БЕЛГІСІН ТАНЫТТЫ. ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, «ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ» КИНОЭПОПЕЯСЫНЫҢ «ТЫҒЫРЫҚТАН ЖОЛ ТАПҚАН» АТТЫ ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ КӨРКЕМ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ.

 

Мәңгілік елдің жастары Ұлт көшбасшысын үлкен құрметпен қарсы алды. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтулы мереке күні өскелең ұрпақпен қауышуы бекер емес. Кемел елдің келешегі жастар деп білетін Елбасы оларға үлкен үміт артып отыр. Басты құндылығы Тәуелсіздік екенін тілге тиек етті.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Қиыншылық, кризистарға қарамастан тағы да «Нұрлы жол» деген жаңа бағдарлама, 2050 жылға дейінгі стратегия, мұның барлығы сіздер жастар үшін! Біздің буын жалауды ертең қолдарыңа берген кезде осыны қадірлеп, әрі қарай алып барады. Қазақстанның Тәуелсіздігін қасық қаны қалғанша қорғайды деген сеніммен жасап отырмыз.

 

«Тұңғыш Президент күні – жалпыұлттық мереке. Ел тарихында бұл күннің маңызы зор. Осыдан тура 23 жыл бұрын қазақ елі тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлауда Президентін таңдады. Кейін егеменді ел атанды. Демек, бұл күн Тәуелсіздікпен сабақтасып жатыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы жылдар ішінде қазақ жұртының абыройы асқақтап, әлемге танылды. Бірлігі бекем елге айналды. Сондықтан бүгінгі ұрпаққа сол татулық пен бейбітшілікті қастерлейтін үлкен  жауапкершілік жүктеліп отыр. Отанды сүй, еліңе қызмет ет! Елбасы осыны айтты.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Қадірлеңдер халықтарыңды, ішкі бірлікті сақтаңдар. Қазақтың бірлігін, қазақстандықтардың бірлігін сақтаңдар. Аянбай оқу-білім алыңдар. Аянбай жұмыс істеңдер! Жұмыс істеген адам бүгін кедей бола алмайды. Сонда жақсы жанұя құрасыңдар, жақсы бала тәрбиелейсіңдер. Жағдайларың дұрыс болады. Алла сендерге бақыт сыйласын, ғұмыр сыйласын, ел бақытты болсын!

 

Елбасы жастарға өнеге айтудан еш уақытта аянған емес. «Еліңнің патриоты бол», – деді президент. Отан оттан да ыстық.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Ваша молодая энергия она меня зарижает. Делает молодым всех нас. И мы вместе. Біз біргеміз. Біздің бүкіл төрткүл дүниеде Отанымыз біреу-ақ. Ол – Қазақстан. Отаны жоқ адам – тұғыры жоқ қаңбақ сияқты даладағы ешнәрсеге тоқтай алмайды. Біздің Отанымыз бар. Қайда жүрсек те, Отанымыз жалғыз. Ол – қазақ. Біздің ата-бабаларымыздың қаны осында төгілді. Аналарымыздың сүті, тері, бәрі осы жерде кең даланы сақтап қалды осы жерде. Біз қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі тұрмыз ендігі жылы. Сондықтан Отан деген ыстық. Қаны бірдің, жаны бірдің – Отаны бірдің болашағы бір.

 

Бір ел, бір тағдыр, бір Елбасы. Мерекелік концертте шырқалған әндердің барлығы патриоттық сарында. Әсем әндер жастардың отансүйгіштік сезімін оятты.

 

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі

-Бүгін – біздің Қазақстан халқының өмірінде ерекше күн. Бүгін бірінше Елбасы, Президент күні. Бүкіл халық құрметін Елбасына жолдап, бүгінгі күнді ерекше атап өтіп жатыр. Елбасы жасай берсін! Еліміз, жеріміз аман болсын!

 

1 желтоқсан күні «Менің елім – мәңгілік ел: Ақтаудан Алтайға дейін» этнограциялық экспедициясы аяқталды. Бұл жастар қазақ жерін 2 айда түгел шарлап өтті. Саяхат барысында экспедиция мүшелері 10 мыңнан астам жастармен жүздескенін айтады. «Мәңгілік ел» идеясын насихаттап, өскелең ұрпақтың патриоттық рухтарын асқақтатты.

 

Гүлмира Бұрхандинова, экспедиция мүшесі

-Бұл патриоттық сапарымыз бізге ерекше әсер қалдырды. Әр өңірде есте қалған сәттерден біз фотошежіре жасадық. Әр өңір бізді жылы қарсы алды. Бұл фотоальбомды Тұңғыш Президент кітапханасына сыйлағымыз келеді.

 

Мерекелік концерт барысында «Жас ұлан» мектебінің 100 кадетінің салтанатты шеруі болды. Ал «Тұңғыш Президент күнінің әнұраны» – бұл шараның шарықтау шыңы. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған тағы бір маңызды шара. «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» атты толықметражды көркем фильмінің тұсауы кесілді. Алғашқы көрсетілімге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Фильмде бас кейіпкер Сұлтанның металлургия комбинаты мен Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған кездегі еңбек жолы баяндалады. Фильм сюжетіне оның «Қазақстандық магниткадағы» мінезінің шыңдалып, өмірлік ұстанымдары қалыптасқан өмір жолы арқау болған. Киноэпопеяның сценарийін Елбасының еңбектеріне сүйене отырып жазылды. Түсірілім жұмыстары Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау және Мәскеу қалаларында жүргізілген.

 

Рүстем Әбдірашев, фильм режиссері

- Қатты ескерту жасаған жоқ. Көңілінен шықты, жалғасын жасау керек деп бұйрық берді, енді сол жағын ойластыруға дайындалуымыз керек.

 

Фильм 5К форматында соңғы үлгідегі заманауи және технологиялық сандық кинокамерасында түсірілген. Картинаға қазақстандық актерлермен бiрге Валентин Гафт, Евгений Сидихин және өзге белгілі ресейлiк актерлер де түсті. Елбасының бейнесiн қазақстандық актер Нұрлан Әлiмжанов сомдады.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-АСТАНА МЕН АШХАБАД АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА АЛЫС-БЕРІС АРТТЫ. ТОҒЫЗ АЙДА 23 ПАЙЫЗҒА КӨБЕЙДІ. САНДАРДЫ СӨЙЛЕТСЕК, ТАУАР АЙНАЛЫМЫНЫҢ КӨЛЕМІ 500 МИЛЛИОН ДОЛЛАРҒА ТАЯДЫ.  ӘЛЕМ ӘБІГЕРГЕ ТҮСІП, ДАҒДАРЫС ДЕНДЕП ТҰРҒАН ТҰСТА БҰЛ, ӘРИНЕ, ЖАҚСЫ КӨРСЕТКІШ. БІРАҚ ШЫНДАП КІРІССЕ, ЕКІ ЕЛДІҢ ӘЛЕУЕТІ БҰДАН ДА КӨП. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТҮРІКМЕНСТАНҒА РЕСМИ САПАРЫ КЕЗІНДЕ БІРҚАТАР ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ. ІСКЕРЛІК КЕҢЕС ҚҰРУ, ТЕҢІЗ КӨЛІГІ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДЕР БЕКІТІЛДІ. САПАР БАРЫСЫНДА ҚОС МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДАҒЫ ТАТУ КӨРШІЛІК ПЕН ДОСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫ НЫҒАЙТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА  «ТҮРІКМЕННІҢ ЕЛ АҒАСЫ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ БЕРІЛДІ. БАҒДАТ БЕКТҰРҒАНҚЫЗЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ.

 

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы байланыс төркіні тереңде жатыр. Дәстүрлі әрі достық сипатта. Көршінің алыстағы ағайыннан да жақындығы бар. Тарихымыз, дін мен діл, тіліміздің де тамырлас екендігі  даусыз. Елбасы ұшағының Ашхабад әуежайына бұл алғаш қонуы емес. Екі ел президенттерінің ресми түрдегі барыс-келісі 7 жыл бұрын басталған. Одан бергі байланыс тереңдей түспесе, азаяған жоқ. Түрлі халықаралық шаралар барысында да бірнеше мәрте кездесулер өткен. Экономикалық әлеуеті шағын, 5 миллионнан астам халқы бар Түрікменстан үшін іргелес елмен араласу қай тұрғыдан да тиімді. Содан болар, Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі саналатын Қазақстан Президентінің ресми сапарына тыңғылықты дайындалған. Бұл сапардың  өзіндік саяси маңызы һәм мазмұны бөлек. Оғызхан сарайында құшақ жая қарсы алған Гурбангулы Бердымұхамедов қазақ  басшысына  барынша ілтипат көрсетті.  Қос тарап  күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді екеуара кездесуде талқылады. «Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы – биыл 9 айда 408 млн.  долларды шамаласа, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш 23 пайызға өскен. Екі елдің халықаралық саясатқа қатысты ұстанымдары ортақ. Орталық Азия мен Каспий аумағындағы тыныштықты қалайды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға сапары мемлекетаралық үнқатысуға серпін берері анық», – деп атап өтті Гурбангулы Бердымұхамедов.     

                                                                                                  

Гурбангулы  Бердымұхамедов, Түрікменстан Президенті

-Бізде өте жақсы қор мен бірегей әлеует бар. Сіздің ресми сапарыңыздың алдында елдеріміздің іскер топ өкілдері арасында бір-біріне тиімді кездесулер өтті. Оның тауар айналымын ұлғайтуға өзіндік серпін беретіні анық. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің Түрікменстан мен Қазақстанның ынтымақтастығын арттыруда еңбегіңіздің зор екенін айтқым келеді. 

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Мы предаем большие значение нашим стратегическим партнерствам. И вот совместная комиссия говорит о том, что резерва очень много для этого.И это служит для благо обоих народа. В Казахстане и в Туркменстане народы очень близкие братье. Дни культуры Туркменстана в Казахстане это показала. Я считаю, мы должны предложить все усилия, чтобы еще большо поднять и торговое отношения и политическо, культурные отношение.

 

Мемлекет басшыларының кездесуі кеңейтілген құрамда жалғасты. Нұрсұлтан Назарбаев екі ел үкіметіне қол жеткізілген жетістіктерге тоқмейілсімей, жан-жақты талдау жасай отырып,  экономикалық  ахуалды одан әрі дамытуға күш салу қажеттігін қаперге салды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Мы соседи. Близкие соседи этим все сказано. Соседи не выбирает. Наши народы веками жили рядом. Сотрудничили. У нас короткое плечо перевозки грузов. Если наши межправительственное комиссия, соответствующие ведомства сядут и подумает, что мы могли бы поставлять и что могли бы брать Туркменстана. У нас быстро товароборот выйдет до миллиарда долларов, о чем мы желаем. 

 

Оғызхан сарайындағы мына залға жиылғандар тарихи маңызы бар шараның куәсі болды. Халықаралық Түркі академиясы мен Түрікменстан ғылым академиясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Ал екі елдің кәсіпкерлері бірлескен іскерлік кеңес құруға уағдаласты. Кездесуден соң бірлескен мәлімдемеге кезек берілді. Алдымен сөз алған қазақ басшысының айтқаны: Түрікменстан ТМД-ның еркін сауда аймағына қосылу мәселесін жеделдетуі қажет. Бұл сауда саласындағы көптеген кедергілерді жоюға сеп болады. Нұрсұлтан Назарбаев бизнес ауқымын кеңейтуді қалайтындар үшін осындай шекаралық мүмкіндіктің барын еске салды. Мұндай мүмкіндіктерді игерудің тиімді екендігіне бір ғана мысал. Былтыр «Қазақстан-Түрікменстан» темір жолы іске қосылғалы бері небәрі 8 ай өтті. Аз уақыттың өзінде жүк ағыны 40%-ға ұлғайған. Ендігі кезекте «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» халықаралық теміржол магистралі де транзиттік әлеуеттің жоғарылуына тың серпін береді деп күтілуде. Бұл үш елді байланыстырған алтын көпір іспетті. Мақсат – Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту. Қазақстанның 5 облысын көктей өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі Түрікменстанның Қытайға, одан әрі Тынық мұхитына жүк тасымалын жүйелеуге мүмкіндік ашпақ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-С его пуска в этом году по итогам  8 месяцев грузо поток увеличился на 40 процентов. А теперь водится в действие Туркменское, Иранское участок, этой дороги который очень важен для Казахстана для Туркменстана.И он будет важен для транзита Российской груза через нас. Железно дорожный путь Узен Берекет Горган позволить увеличить грузопоток как в северном так в южном направление.Мы договорились и в дали максимально эфективно использовать географическое положения наших стран качестве моста между Европы и Азии.

 

Қол қойылған келісімге сәйкес енді Маңғыстау облысы мен Балқан арасында сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастық тереңдей түспек. Түрікменстан Президенті өз сөзінде екі ел арасындағы келіссөздердің жемісті болғанын атап өтті.

 

Гурбангулы Бердымұхамедов Түрікменстан Президенті

-Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан – біздің сенімді экономикалық серіктесіміз. Бүгінде өзара тиімділіктерді игеру жағы өз дәрежесінде емес. Сондықтан бүгін келіскеніміздей, сауда-экономикалық байланыстарды, тауар айналымының қарқынын арттыру жайын бірлесе зерттейтін боламыз. Орталық Азиядағы су-энергетикалық мәселелеріне, Арал теңізін сақтау жолындағы шараларды нығайта түсуге баса мән береміз.     

 

Түрікменстан Президенті екі елдің көкжиегін жаңа белеске шығарғаны үшін қазақ көшбасшысына зор ризашылығын білдірді. Және Нұрсұлтан Назарбаевты «Түрікменнің Ел ағасы» атануына бек лайықты екендігін айтып, арнайы кеуде белгісін табыстады. Әдеттегі жұмыс костюмін бір сәтке түрікменнің ұлттық киіміне ауыстырған Елбасы мұндай қошеметтің  жөні бөлек екенін жеткізді. Әлем дүрбелең күйге түскен шақта, рухани сабақтастықтың ізін жоғалтпау – тек бірлесе жасалатын дүние.  

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Я думаю что это выражение чуств уважение нашему народу Казахстана казахскому народу.Сейчас время очень сложное.В мире происходить очень крупные события.Которые преведут крупные изменением.Как в политиической и экономической архитектуре.В этих условиях не потерять  государственность не потерять свое лицо культуру свою истину очень важно. Это можно сделать только вместе. Спасибо друзья Туркмены.

 

Маңызды кездесулерден кейін Нұрсұлтан Назарбаев Ашхабадтағы «Халық жады» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ кешеннің мемориалдық мұражайын аралап көріп, «Құрметті қонақтар» кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ САЛЫНДЫ. ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТҮРІКМЕНСТАН ЖӘНЕ ИРАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІМЕН БІРГЕ «ӨЗЕН-БЕРЕКЕТ-ГӨРГАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛ МАГИСТРАЛІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ. «БІЗ ЖОЛДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БӨЛІГІН БЫЛТЫР ТҮРІКМЕНСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ГУРБАНГУЛЫ БЕРДЫМҰХАМЕДОВПЕН БІРГЕ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ІСКЕ ҚОСТЫҚ», - ДЕДІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ЕНДІ БҰЛ МАГИСТРАЛЬ ҮШ ЕЛДІ ЖАЛҒАЙТЫН БОЛАДЫ. ТЕК ҮШ МЕМЛЕКЕТТІ ЖАЛҒАП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫНА, РЕСЕЙ МЕН ҚЫТАЙҒА ШЫҒАР ЖОЛДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ. ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ АЙМАҚТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ҮШІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ ЗОР. ЕҢ ӘУЕЛІ, САУДА-САТТЫҚ АРТАДЫ. МӘСЕЛЕН, ТЕК БЫЛТЫРДЫҢ ӨЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ИРАНҒА 1 МИЛЛИОН ТОННА БИДАЙ ЖЕТКІЗДІ. БҰЛ ТҰСТА ЖАЛПЫ ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ 9-10 МИЛЛИОН ТОННА ЕКЕНІН АЙТА КЕТУІМІЗ КЕРЕК. ЕЛІМІЗ ЖАҢА ТЕМІРЖОЛМЕН ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІ ЖӨНЕЛТУГЕ, ТИІСІНШЕ ТҮРІКМЕНСТАН МЕН ИРАННАН ҚАЖЕТТІ ТАУАРЛАРДЫ АЛУҒА ӘЗІР. «ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІСІ БАУЫРЖАН БАҚЫТБЕКҰЛЫ «ӨЗЕН-БЕРЕКЕТ-ГӨРГАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛ МАГИСТРАЛІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА КУӘ БОЛДЫ.

 

Бауыржан Бақытбекұлы, тілші

-Біз қазір Иран мен Түркіменстанның шекарасында тұрмыз. Қазақстанның Өзен станциясынан бастау алатын жаңа шойын жолдың торабы осы тұс. Ат ізі салынбаған бұл даламен енді Батыс пен Шығыс арасында жүк пойыздары толассыз жүйткитін болады. Себебі дәл қазір бұдан төте жол жоқ. Қолданыстағы ең жақын деген маршруттың өзі 600 шақырымға қысқарды. Үш ел үкіметінің алдын ала есебінше, алдағы жыл бұл бағыт бойынша кемінде 10 млн тоннаның тауары тасымалданады. 

 

Ұшы-қиыры жоқ далаға темір жол төсеуге үш елдің президенті осыдан жеті жыл бұрын келіскен-ді. Жоба жаһандық дағдарысқа тұспа-тұс келді. Бірақ ел басшылары оның тиімді боларына сенді. Сондықтан құрылысқа қажет қаржыны кедергісіз бөлді. Міне енді  нәтижені Президенттер пойызбен жүріп, өз көздерімен көрді. Тоғысқан тұсына тоқтап, желіні қолданысқа берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Біздер құрлықта орналасқан мемлекеттеріміз. Бұрын жүктерімізді Каспий теңізі бойынша тасымалдайтынбыз. Жаңа жол біздердің сауда-экономикалық байланысымды арттырады.

 

Теміржол саласы дегенде, аймақта Қазақстанның алдына түсетін ешкім жоқ. Төрт өңіріміз тоғыстырылғалы қашан. Қытайға шығатын төте жолымыз тағы бар. Енді батысымызды да бүтіндеп алдық. Ал Түркімен ағайындар ортаны жалғау үшін шойын жол салуды нөлден бастады. Шамамен жеті жүз  шақырым жерге темір жол төседі. Иран да транзиттік әлеуетін әлді етуге енді кірісті.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Қазақстан тікелей Қытайға шығатын жол салды. Енді Еуропаға тауарларымызды тасымалдаудың мүмкіндігі туып отыр.

 

Теміржолдың жалпы ұзындығы – 922 шақырым. Оның 146-сы Қазақстан аумағында жатыр. Өзен станциясынан бастау алатын желі Түркіменстанның «Қызылқая-Берекет-Этрек» станциялары арқылы Иранның Горган станциясымен жалғасып кетеді. Әрі қарай осы елдің ішкі бағыттары бойынша Парсы шығанағына шығады. Кейін кәрі құрлыққа барып тоғысады.

 

Гурбангулы Бердымұхамедов, Түрікменстан Президенті

-Күрделі жобаны жүзеге асыру үшін табан аудармай жеті жыл жұмыс істедік. Енді сол еңбегіміздің жемісін көретін кез жетті. Жаңа жол үш елдің транзиттік мүмкіндігін арттырып қана қоймай, Қазақстан-Түркіменстан және Иран мемлекеттерінің ынтымақтастығын тереңдетті.

 

Транзиттік әлеует, өзара ынтымақтастық дегеннен бөлек, жаңа жолдың экономикалық тұрғыда берері көп. Желінің былтыр қолданысқа берілген Қазақстан-Түркімен бөлігі осыны көрсетті. Бас-аяғы сегіз айдың ішінде бұл бағытпен жөнелтілген жүк бірден 40 пайыздық өсім көрсеткен. Мұндай мол олжа әсіресе, Иран тарабын қатты қызықтырса керек. Ислам республикасы алдағы бес жылда Ауғанстан мен Пәкістанға төте жолдар салуды жоспарлап отыр. Демек, бұл елдерге Қазақстанның да барыс-келісі жеңілдейді деген сөз.

 

Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті

-Иран елі «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржол желісінің екінші кезеңіне кірісуге дайын. Біз шойын жолдың жаңа тармақтарын салып, Оман бұғазына жол ашқымыз келеді. Бұл біздің елдеріміздің транзиттік әлеуетін арттырады. Бұдан бөлек теңіз порты, автокөлік жолдарымен барыс-келіс арналарын арттыруға басымдық беруіміз керек. 

 

Түркімен жағында өткен салтанатты жиыннан мемлекет басшылары Иран аумағына өтіп, теміржол желісіне арналған ескерткіш тақтаны ашты. Ыңғайлы сәтті пайданалып, осында үшжақты кездесу өткізді. Талқыланған негізгі тақырып – әрине, қолданысқа берілген жаңа шойын жол.

 

Мухсен Горейши, кәсіпкер /Иран/

-Жаңа жол үш елдің іскер азаматтары үшін мол мүмкіндіктер беріп отыр. Бір ғана мысал айтайын. Мәселен, бұған дейін біз Қазақстанға тауарларымызды Камаздармен тасымалдайтынбыз. Себебі бос вагондар өте аз еді, сәйкесінше бағасы да қымбат болатын. Ол вагондарға қол жеткен күннің өзінде тауарларымыз Өзбекстан, кейін Түркіменстанға соғып барып, Иранға келетін. Шығынның шаш етектен болуынан тікелей Қазақстанмен жұмыс істеген біздің 200-ге жуық іскер азаматтарымыздың тек, 15-і ғана кәсібін сақтап қалған еді. Сондықтан қолданысқа берілген төте жол әуелі кәсіпкерлерге жол шығынын азайтады. Әрі уақыт үнемдеу жағынан да тиімді.

 

Жаңа теміржол жол желісінен әсіресе, біздің кәсіпкерлердің ұтары көп. Себебі, Қазақстанның мұнайы мен газын, металлы мен астығын сатып алғысы келетін парсы шығанағы маңындағы елдер қисапсыз көп. Тіпті сұраныс ұсыныстан бірнеше есе артық. Осыны ескеріп отандық бизнес өкілдері теміржол бойынан жаңа терминалдар тұрғызбақшы. Бұл тауарларымызды жыл он екі ай экспорттауға мүмкіндік береді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Например, Казахстан в прошлом году поставил в Иран более одного миллиона тонн продовольственной пшеницы. А потребность стран Персидского залива 9-10 миллионов тонн и мы собираемся такой объем поставлять. Поставлять сталь, минеральные удобрения и другую продукцию, которую мы производим. Соответственно покупать из Ирана и Туркменистана то, что нам надо. То есть это очень важное экономическое мероприятие. Как известно, развитые экономические отношения развивают политические отношения, дружбу и близость между государствами.

 

Ресми жағдайда өтетін келіссөздерге қарағанда бұл жолғы басқосу уақыт жағынан ұзаққа созылған жоқ. Бірақ, әріптестерімен өткен сол қысқа уақытты Елбасы мейлінше Қазақстанның пайдасына шешуге тырысты. Және әдеттегідей бұл талпынысы жүз пайызға нәтижелі орындалды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-По предложению Президента Туркменистана изучить вопрос транспортно-логистического взаимодействия. В связи с этим я внес предложение о поставке казахстанских тепловозов и электровозов в Туркменистан. В Иран один тепловоз уже повез 10 вагонов по этой дороге пшеницы казахстанской. Казахстан производит достаточное количество  грузовых вагонов, пассажирских вагонов и мы готовы их поставлять. То есть мы рассмотрели еще и экономические вопросы и дальнейшее сотрудничество наших стран. думаю, что это на благо всех государств.

 

Қол жеткізілген тағы бір келісім бар. Енді Қазақстан, Түркіменстан және Иран арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтумен айналысатын арнайы комиссия құрылады. Ол үш елдің құзырлы органдарының жұмысын үйлестіреді. Сөйтіп тараптардың арадағы алыс-беріске қатысты ұсыныс-тілектерін бір арнаға түйістіреді.

 

Аннамухаммад Гараби, Иран теміржолы басқармасының мүшесі

-Үш елдің салалық ведомстваларының ықпалдастығын арттыру өте маңызды. Біз Қазақстанның «Жезқазған-Бейнеу» теміржол желісі бар екенін, ол жолдың тауарларды Қытайдан тікелей Парсы шығанағына тасымалдауға мүмкіндік беретінінен хабардармыз. Сондықтан алдағы уақытта біз Қазақстанмен қоян-қолтық жұмыс істеп, тәжірибелеріңізді үйренгіміз келеді. Иран да сіздердің елдеріңіз тәрізді транзиттік мемлекетке айналуды мақсат етіп отыр.

 

Бауыржан Бақытбекұлы, тілші

-Бұл күн Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлы Жібек жолын жаңғырту туралы идеясы іске асқан күн десе болады. «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржол желісінің бұлай аталуына бар жағынан шарты толып тұр. Бір ұшы Парсы шығанағы арқылы Еуропаны байланыстырса, екінші жағы біздің елдің аумағы арқылы Қытайды, Оңтүстік Азияны тұтас жалғайды. Содан болса керек, қазірдің өзінде халықаралық сарапшылар жобаға бейресми түрде «Ғасыр жобасы» деген ат таңып үлгерді.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-«ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІКМЕНСТАН-ИРАН» ТЕМІРЖОЛЫНЫҢ ІСКЕ ҚОСЫЛУЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ ӨҢІРІНЕ ЖӘНЕ ҮНДІСТАН МЕН ӨЗГЕ ДЕ ОҢТҮСТІКАЗИЯЛЫҚ НАРЫҚТАРҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. МАГИСТРАЛЬДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНАН КЕЙІН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ. ПРЕЗИДЕНТ ЖАҢА НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ. ЖЕРГІЛІКТІ  ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ. ОСЫ ЖҮЗДЕСУДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІКТІК-ТРАНЗИТТІК МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ҮШІН КӨРШІЛЕС МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН ТЫҒЫЗ ЫҚПАЛДАСЫП ОТЫРҒАНЫН АЙТТЫ. ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ  САНЫ МИЛЛИОНДЫҚ МЕЖЕГЕ ЖЕТКЕН ІРІ ҚАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ – ЖАҺАНДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҰСЫНДАҒЫ БАСТЫ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ. «БҰЛ ОРАЙДА», - ДЕДІ ЕЛБАСЫ: «ШЫМКЕНТ ЕЛДІҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАРТЫМДЫ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  БІРІНЕ АЙНАЛАДЫ. «БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ» АВТОМАГИСТРАЛІ, «БЕЙНЕУ-БОЗОЙ-ШЫМКЕНТ» ГАЗ ҚҰБЫРЫ АЙМАҚТЫҢ ІЛГЕРІ БАСУЫНА СЕРПІН БЕРЕТІН ТЫҢ ЖОБАЛАРДЫҢ БІР ПАРАСЫ ҒАНА. БҰДАН БӨЛЕК, «НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖОЛДАУЫНДАҒЫ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРГЕ САЙ ЕЛДІҢ ІШКІ КОММУНИКАЦИЯЛАРЫ ДАМИТЫН БОЛАДЫ». ПРЕЗИДЕНТТІҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА САПАРЫ ЖАЙЫНДА МҰХТАР ЫБЫРАЙЫМ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ.

 

Шымкенттің солтүстік-шығысы. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы маңай шаһардың ең биік нүктесі саналады. Келешекте бұл аумақ қаланың қақ ортасына айналмақ. Демек, әкімшілік іскерлік-орталық салуға қолайлы жер. Шым қаланы Алматы мен Астанадан кейінгі ірі мегаполиске айналдыру тапсырмасы шеңберінде былтыр Президент жаңа орталықтың жобасын мақұлдады.  Бір жылда өзгеріс айтарлықтай. Ен дала болып жатқан аумақта көзді ашып-жұмғанша зәулім ғимараттар пайда болды.

 

Мұхтар Ыбырайым, тілші

-ОҚО әкімшілігінің жаңа орталығы. Бар-жоғы бірнеше жылдың ішінде бой көтерді. Отырар кітапханасы, Қазақ драма театры мен Түркістан сарайы. Бүгінге дейін 12 нысан қолданысқа берілді. Келесі жылы облыс әкімдігінің жаңа ғимараты тапсырылмақ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әкімішілік-іскерлік орталықты аралады.  Шымкенттің бас жосапры президент тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатыр. Қаланың аумағы 40 мың гектардан 117 мыңға дейін ұлғайтылған. Жаңа орталықтың қанат жаюы мен Шымкенттің дамуы Елбасының жіті назарында. Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру, медицина мен мәдени өркендеудің көшін бастауға тиіс.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Мынаны мен ылғи бақылап жүрмін, осы орталық тезірек салынды. Осы орталық төңірегіне өзі шоғырлана береді. Жекеменшіктер ақшасын салып, осы жерге көбейе береді. Мынадай сарай жоқ еді. Мынадай кітапхана жоқ еді көріп отырсыздар. Мынадай әкімшіліктің ғимараты жоқ еді. Музейлер салынып жатыр. Осының бәрі халықтың игілігіне. Бес жылдың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы екі есеге өсті, 300-ден астам мектептер мен 280 жаңа медициналық нысандар іске қосылды.

 

Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта барлығы 26 жоба іске қосылады. Облыс басшысы Президентке Шымкенттің жаңа келбетін таныстырды. Қазір мұнда 170 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр. Биыл 8 мың орындық жаңа мешіттің құрылысы басталды. Одан бөлек, қабылдау үйі, көркем гимнастика кешені, медицина қалашығы, қалалық мұрғат, спорт кешені сияқты тағы бірқатар нысандар бой көтереді.

 

Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

-Жаңа әкімшілік іскерлік орталығының аумағы 1600 га. Оның 1-ші кезеңінде 84 га игердік. Бүгінгі таңда сол 82 млрд тартылып отыр. Оның 18 бюджеттен болса, 64 млрд теңге тартылып отыр.

 

Соңғы жылда әлеуметтік-мәдени мекемелер айтарлықтай көбейген. Бұл орайда, облыс жұртшылығының Елбасыға айтар алғысы көп. Жергілікті тұрғындар сарабдал саясат, сан-салаға көрсетіліп жатқан қолдау мен қамқорлыққа риза.

 

Байдулла Қонысбек, облыстың құрметті азаматы

-«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деген еңбегіңізді, Жолдауыңызды аса зор ілтипатпен қарсы алдық. Онда өмірімізге, тіршілігімізге ауадай қажет мәселелердің барлығы айтылған. Ризамыз сізге.

 

Роза Пак, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

-Пока Астана, Алматы думает как приготовитть элексир молодости, ЮКО уже придумали. Это наша безупречная любовь к вам. Любовь омолаживает.

 

Түркістан сарайы – шымкенттіктердің көптен күткен қуанышы. Бұл шаһарда бұрын-соңды мұндай Конгресс-хол болмаған.  Енді 1500 орындық залға кез келген салтанатты шараны өткізуге мүмкіндік туып отыр. Сахнасы кең, акустикасы керемет залда әртістер көсіліп ән салуда. Тоғыз жолдың торабында жатқан Шымкенттің мәдениетін де, әлеуетін де айтпау өтку қиын. Шырайлы, шуақты, ұлттың ұйытқысы бұл мекен.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Мен мына Түркіменстаннан Иранға келетін жолды қосып келе жатырмын. Шымкент төрт жолдың торабында тұрғаннан кейін, айттым ғой шырайлы Шымкент шаһары болады.

 

Шымкентте тағы бір өнер ордасы ашылды. Түркістан сарайына қарама-қарсы орналасқан драма театр. Сәулеті мен дәулеті жарсып-ақ тұр. Мұндай айтулы оқиғаға орай Елбасы бұл шаңыраққа да бас сұқпай кетпеді. Театр құрылысына облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге жұмсалған. Жалпы аумағы – 8 мың шаршы метр.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Халқы өсіп миллионнан астам тұрғыны бар үлкен шаһары болып шығады Қазақстанның. Оның ішінде, өндіріс экономиканың ішінде өнер бірге жүрмесе болмайды. Халық тек қана жұмыспен емес, халықтың жағдайы өсе берсе, өнерге деген ынтасы да көбейеді. Театрға ешкім де келмей қалған заман болды ғой. Жағдай жақсы болса, театрға да келетін заман болады. Құтты болсын!

 

«Театрдың жастар тәрбиесінде алатын орны ерекше. Тәрбие ордасына айналуы тиіс», – деді Елбасы. Президент сапары аясында Шымкентте 6 нысан пайдалануға берілді. Жаңа орталықтың қасынан тарихи-мәдени аймақ салынуда. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен әдет-ғұрып орталығы ашылды. Ұлтты ұйыстыратын, халықты біріктіретін мекемелер барлығы.

 

Хасан Батциев, облыстық шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы

-Жаңа ғимарат сол достықтың шын негізін зерттеп, талдап, соның қорын жасайды. Біздің мәдени орталықтар халықтың бірлігін сақтау, сол сақталып тұрған бірлікті жаңа деңгейге шығарады. Мәңгілік ел деген ол түбірі, тамыры Елбасы айтқандай, өте тереңде жатыр.

 

Облыстың мәдени дамуымен бірге, индустриялық өркендеуі де қарқынды. Өңір «Индустриялық қарта» шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру бойынша 1-ші орынға ие. Барлығы 170 жоба жүзеге асып жатыр. Биылғы жыл 6 пайыз экономикалық өсіммен аяқталады деп болжануда. Шаһардың туристік мүмкіндіктері де зор. Үшінші қала мәртебесіне лайық болу үшін мұнда істеліп жатқан шаруа көп. Президент өңірдің туризімін өрге домалататын «Риксос» қонақ үйін ашты. Бұл Қазақстан аумағында бой көтерген 4-ші Риксос. Бес жұлдызды қонақ үй жеке инвестицияларға салынып отыр. Жоба құны – 80 млн доллар. Мұнда барлығы 170 нөмір, 4 мейрамхана бар. Ал құрылыс материалдары Италия, Армения мен Түркиядан алынған.

 

Серікжан Сейтжанов, кәсіпкер

-Архитектуралық жағынан артықшылығы үлкен. Өйткені сыртынан қарасаңыз, төрт «Риксостың» ішіндегі ең жоғары деңгейде істелгені плаза сияқты. Бұның бөлмелері үлкен.

 

Президент жаңа қонақ үйді толық аралап өтті. Мұнда жеке кәсіпкерлердің жобалары таныстырылды. Бизнес орталықтар, зауыттар мен әлеуметтік нысандар, көбіне. Олар еліміздің басқа өңірлерінде де жүзеге асып жатыр. Елбасы көрді, қолдады, өңірде атқарылып жатқан әкімдіктің жұмыстарын оң бағалады.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ОСЫ АПТАДА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАНҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН КЕЛГЕН ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ФРАНСУА ОЛЛАНДПЕН КЕЗДЕСТІ. РЕСЕЙ МЕН ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ШИЕЛЕНІСКЕН ТҰСТА ЖОЛЫҒЫП ОТЫРҒАНЫН АЙТҚАН ФРАНЦИЯ БАСШЫСЫ: «МЕН МҰНЫҢ ТҮЙІНІ ШЕШІЛГЕНІН ҚАЛАЙМЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН БҰЛ ІСТЕ АЙРЫҚША РӨЛ АТҚАРАДЫ», – ДЕДІ. ФРАНЦИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ЕУРОПАДА АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ТАНЫДЫ. СОДАН БЕРІ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЕКПІНІНЕ ЕКПІН ҚОСЫЛМАСА, БӘСЕҢДЕГЕН ЖОҚ. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР БАР. ОНДАҒАН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ФРАНЦИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ САУДА СЕРІКТЕСІ ҒАНА ЕМЕС, ІРІ ИНВЕСТОРЫ ЕКЕНІН АТАП ӨТТІ.

 

Қазақстанға Президент Франсуа Олланд мемлекеттік сапармен тұңғыш рет келгенімен, оның ізашарлары мәселен, Франсуа Миттеран мен Николя Саркози – Нұрсұлтан Назарбаевтың ескі достары. Ескеретіні, Миттеран Қазақстанға кәрі құрлық елдері арасынан бірінші болып сапарлап келген мемлекет басшысы. Сол сапарда негізі қаланған қазақ-француз байланысы қазір стратегиялық әріптестікке ұласты. Астана үшін Париж әлемдегі ең ірі бес серіктесінің бірі. Франция болса, Қазақстанды Орталық Азиядағы жақын досы санайды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Господин Президент я искренне рад вашему визиту. Высокая честь веизит президента такой великой страны, как Франция. Основу наших отношений заложил президент Франсуа Миттеран, который одним из первых в Европе признал нашу независимость и прибыл к нам 21 год назад в 1993 году. С тех пор развиваются наши отношения, и мы подняли их до стратегического партнерства.

 

Франсуа Олланд, Француз Республикасының Президенті

-Президент Миттеран болған Қазақстан мен елдеріңіздің бүгінгі деңгейін салыстыруға да келмейді. Одан бергі жиырма жыл ішінде сіз Қазақстанды дамуы қарқынды, өңірдегі экономикасы ең қуатты елге айналдыра алдыңыз.

 

Үміт, сенім, қуатты экономика, серіктестік. Дәл осы сөз бен сөз тіркестері Президенттердің шағын, кеңейтілген, кейін бірлескен мәлімедемесінде де Франсуа Олланд аузынан жиі естіліп жатты. Франция басшысы әрбір екінші сөзінде Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге құлықты екендерін қайталады. Екі жақты байланысқа қазық болатын сала көп.

 

Франсуа Олланд, Француз Республикасының Президенті

-Франциялық инвестициялардың Қазақстанда тұрақты өсімі байқалуда. Бірақ біз әлеуетімізді толық пайдаланған жоқпыз. Менімен бірге министрліктердің, парламенттің, кәсіпорындардың, университеттердің өкілдері қамтылған үлкен делегация келді. Бұл Францияның Орталық Азиядағы ең ірі экономика саналатын Қазақстанмен байланысын тереңдетуге мүдделі екенін аңғартады.

 

Қазақстан да Франциямен қоян-қолтық жұмыс істеуге мүдделі. Әсіресе инновациясы дамыған елден ғарыш, мұнай-газ, баламалы қуат көзін өндіру секілді жаңа салаларды игеруді үйренбек ниетте. Ал арадағы сауда-саттық қазірдің өзінде қарқынды. Биылғы 9 айда 5 млрд долларға жуықтады. Қазақстан экономикасына құйылған Франция қаражаты 12 млрд доллар шамасында.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-У нас с Францией уже осуществлен 10 важных проектов и 18 важных проектов находится сейчас в работе: это касается машиностроения, это касается связи, космоса, фармацевтики, сельского хозяйства, инфраструктуры. Я думаю, продолжим эту работу, мы же страшный кризис пережили, сейчас же работаем, живем, так что, это все временно. Франция великая страна, с огромной экономикой, занимающей, пятое место в мире и я убежден, что она справится и с этим и будет показывать лучшие показатели в будущем.

 

Кездесу барысында әңгіме экономикадан мәдениетке, әлеуметтен саясатқа ойысып отырды. Франсуа Олланд Ирак пен Сириядағы қауіпсіздік мәселесін көтерді. Украинаға тоқталып, Кремль мен Еуроодақтың қазіргі қарым-қатынасына алаңдаушылық білдірді. «Тараптарды мәмілеге келтіру үшін Минск келісімінің мінсіз орындалуын қадағалауымыз керек», – деді. Бұл орайда, әрине, негізгі бітімгер Қазақстанға артылатын үміт үлкен.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы бы хотели, чтобы найдены были найдены точки соприкосновения для преодоления этого кризиса, который никому не помогает, ухудшая международную политическую обстановку и плохо влияет на экономику не только Европы и Азии, но и мира в целом. Мы считаем, есть возможности выхода находить компромиссы, я со своей стороны готов для этого приложить усилия Казахстана и президент Франции в этом поддерживает наши усилия. Думаю, что добрая воля и желание преодолеть эту ситуацию преобладает, и здравый смысл будет играть все большую роль.

 

Кездесу соңына қарай Президенттер екі ел ақпарат өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Мұндай мүмкіндік әсіресе, франциялық журналистерге «тілегенге сұраған» болған сынды. Елбасыға жарыса сауалдарын жаударды. Тек алдын ала дайындалған болса керек, әріптестеріміздің білгісі келгені негізгі тақырыптан тым ауытқып кетіп жатты.

 

СҰРАҚ

-Жуырда Владимир Путин Еуропаға қатысты өткір пікірлерін ашық айтты. Әріптесіңіздің сол айтқан сөздеріне қатысты пікіріңіз қандай?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я не хочу выступать ничьим адвокатом, в том числе и Путина, но объективный мой анализ говорит о том, что желание организовать после Украины такую же «весну», как в России, провалилась, а закончилась «крымской весной». И не надо недооценивать мощь России. Это самая большая по территории страна и самая богатая страна. Кризисы долго не бывают, и любая война заканчивается миром. Поэтому жестко загонять друг друга в угол это не самый лучший вариант. Обстановка в России такова, что поддержка Путина очень большая и я полагаю, что вопреки тому, что говорят на западе, он самый нормальный либерал сегодня. Надо на вопросы шире смотреть и постараться найти возможности. Санкционное противодействие это тупик, причем принятый в обход ООН. Плохо, то, что в Украине случилось, но мы привержены тому, чтобы искать пути. Я не считаю, что мы должны снова скатиться к «холодной войне» и жесткой конфронтации.

 

Өрелері жетпеді ме, бәлки құлқы соқпады ма? Француз тілшілері қойған 6-7 сұрақтың ілуде біреуі болмаса, дені сол баяғы Қазақстан мен Ресей байланысын айналшықтай берді. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев нағыз дипломатқа тән қасиетпен әрбір сауалға жеке тоқталды, әрқайсысына тұщымды жауап қатты.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Да, Россия является очень большим соседом и партнером Казахстана, стратегическим партнером. Наша общая граница 7500 километров. В Казахстане живет около 3 млн этнических русских и в России живет 2 млнказахов. И мы в этих условиях должны строить свои отношения такие, какие они есть, дружеские и доверительные. Что касается ЕАЭС, который я инициировал, не Россия, я, потому что таможенные барьеры с Россией и когда наш товар, проезжая границу с Россией становится тариф в 2 раза выше, это было нам не выгодно, мы её сейчас убрали. Сейчас надо говорить о том, чтобы ЕС и ЕАЭС начинали сотрудничать в интересах выгоды всех. Это не касается нашей независимости, политической самостоятельности и многовекторности.

 

Еуропалық журналистердің жаттанды сұрағы бар. Адам құқығының қорғалуы деген. Ол да қойылды.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Смею заявить, что права человека в Казахстане они более шире обеспечиваются, чем в некторых европейских странах, где начинают приниматься запретительные законы, именно по этническим принципам. В Казахстане живет 100 наций и народов, имеют одинаковые права, защищены их языки, культуры и школы работают на 18 языках, 40 конфессий религиозных действуют совершенно свободно. Здесь надо от стереотипов уходит, и посмотреть новыми открытыми глазами в этот регион. Если будем это учитывать, то жизнь станет краше и лучше.

 

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд бірлескен декларация қабылдады. Сондай-ақ Президенттердің қатысуымен екі ел арасында білім мен ғылым, экология мен энергетика, ғарыш жүйесі мен туризм салаларын қамтыған алты бірдей келісімге қол қойды. Қазақ-француз байланысына арқау болатын тағы бір сала – инновация. Екі елдің бизнес және университеттер форумында Нұрсұлтан Назарбаев Франция тарабын еліміздің индустриялық бағдарламасының екінші бесжылдығына қатысуға шақырды. Қазақстан өз тарабынан шетелдік іскер азаматтарға барлық қолайлы жағдайларды жасауға әзір.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Со своей стороны мы обеспечим инвесторам полный спектр инвестиционной поддержки. Со следующего года вступает в силу закон о новых стимулах для иностранных инвесторов.  Действует безвизовый режим для 10  серьезных инвесторов, в том числе Франции. Недавно я инсценировал новую экономическую политику «Путь в будущее», планируются масштабные инвестиции в главные транспортные магистрали, исходящие с Астаны на юг и восток.

 

Франция тарабының да тілегі осы. «Ынтымақтастықты нығайту үшін визалық режимнен бастап, арадағы кедергілерді мейлінше жеңілдетсек», – деп отыр.

 

Франсуа Олланд, Француз Республикасының Президенті

-Аймақтағы жерасты байлықтарының 70 пайызы сіздердің территорияларыңызда. Қазір Қазақстан өңірдегі ең дамыған мемлекет, мақсаттарыңызды да биіктен қойып отырсыздар. Астана сол ілгерілеуге деген талпыныстарыңыздың көрінісі. Біздер сан сала бойынша әріптестік орнаттық. Енді басымдықты жаңа технологияларға бергіміз келеді. Сауда, инвестиция дегенде, біз арадағы түрлі кедергілерден арылуымыз керек. Қарым-қатынасымызды, барыс-келісімізді қал-қадірімізше жеңілдетуіміз керек.

 

Форумда құны жарты млрд доллар болатын 17 келісім бекіді. Жалпы екі мемлекет қазір қолға алған бірлескен жобалар 3 млрд долларға пара-пар.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯНЫҢ ЫНТЫМАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДА НЫҒАЯ ТҮСТІ. БҮГІН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПЕН ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ФРАНСУА ОЛЛАНД АЛМАТЫДА «СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН» ИНСТИТУТЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШТЫ. ҚАЗАҚ-ФРАНЦУЗ БІЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛДЫ. ЕЛБАСЫНЫҢ АЙТУЫНША, БҰЛ ШАРАҒА ФРАНЦУЗ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ ЕКІ ЕЛДІҢ БІРЛЕСКЕН БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АҢҒАРТАДЫ. ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ДАМУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ. СОНДЫҚТАН ӘЛЕМДІК АТЫ БАР ОҚУ ОРНЫ ФИЛИАЛДАРЫНЫҢ ЕЛІМІЗДЕ АШЫЛУЫ МАҢЫЗДЫ. «СОРБОННА» ИНСТИТУТЫ – ФРАНЦИЯНЫҢ ЕҢ КӨНЕ ШАҢЫРАҒЫ. СОНАУ 1215 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛДЫ. БҰЛ «СОРБОННА» ИНСТИТУТЫНЫҢ ӘЛЕМДЕГІ ЕКІНШІ, АЛ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БӨЛІМШЕСІ. БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ БОЛОН КОНВЕНЦИЯСЫНА САЙ. АЛ САБАҚТАРДЫ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ПРОФЕССОРЛАРЫ ЖҮРГІЗЕДІ. ЕКІ ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫ ИНСТИТУТТЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫЛАРЫН ЖЕКЕ ҚҰТТЫҚТАДЫ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біздің елімізде білім дамудың басымдығы бар шарты болып саналады. Қазақстан оны әлемдік озық стандарттарға жақындатуды көздейді. Біз жастарымыздың болашаққа батыл қарауына мүмкін беретін барлық білім мен машықты өз елінде игере алатындай болуын мақсат етіп отырмыз. Әлемге аты танымал университеттердің елімізге келуі біздің таңдаған бағытымыздың дұрыстығын көрсетеді.

 

Франсуа Олланд, Франция Президенті

-Қазақстан мен Францияның білім беру бағытындағы ынтымақтастығы әрі қарай да дами береді. Бұл жоғары оқу орнының тілектері Қазақстанның инновациялық дамуына сүбелі үлес қосады деп сенемін.

 

Халықаралық институтта жоғары кәсіби мамандар даярланады. Қазір бірлескен оқу орнында студентттер 2 мамандық бойынша білім алып жатыр. Халықаралық қатынастар және менеджмент. Алдағы уақытта тағы бірнеше факультет ашылмақ. Олар – маркетинг, ауыл шаруашылығы мен медицина мамандықтары. «Сорбонна-Қазақстан» институтын елімізде ашуға жазушы Марек Хальтер ұйытқы болған. 

 

Марек Хальтер, Дүниежүзілік француз университеттерінің президенті

-Біздің мақсатымыз – заманауи университет жасау. Біз мақсатымызды орындаймыз деп сенемін. Бұл тек алғашқы қадам. Маңызды қадам десем болады. Мұнда жастар Орталық Азия елдерінен келіп, білім алатын болады. Оқуды бітірген мамандарға бірден 2 диплом беріледі.

 

Блиц

-«Сорбонна» – бұл дүниежүзіндегі ең әйгілі және атақты университеттің бірі. Сондықтан бізге менеджмент бойынша халықаралық қатынастарда терең білім береді.

-Осы университетті бітіргеннен кейін бізге қос диплом береді. Яғни біз халықаралық дәрежеде диплом аламыз. Осы диплом бойынша еліміздің нарығында көптеген француз компаниялары бар. Солардың бірінде елімізге қызмет етуге немесе жаңа жұмыс орнын құрып, осы қоғамның дамуына үлес қосамыз деген ойдамыз. 

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БАС ШЫРШАСЫНЫҢ ШАМДАРЫН ЖАҚТЫ. САЛТАНАТТЫ РӘСІМГЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ, ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫ  ҚАТЫСТЫ. БИЫЛ БАС ШЫРША «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ АЛДЫНДА «БАҚЫТ ҚҰСЫ» ДЕГЕН АТАУМЕН ТІГІЛДІ. ОНЫҢ БИІКТІГІ – 25, ДИАМЕТРІ – 16 МЕТР. АЛ ОНЫ КӨРКЕМДЕУГЕ 8 МЫҢ МЕТР БЕЗЕНДЕНДІРУ ЗАТЫ,  2 МЫҢ ОЙЫНШЫҚ ЖӘНЕ 4 МЫҢНАН АСТАМ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ МЕН ӘШЕКЕЙЛЕР ҚОЛДАНЫЛДЫ. БИЫЛ ЕЛОРДАДА 19 ШЫРША ТІГІЛДІ. ЕЛІМІЗДІҢ БАС ШЫРШАСЫМЕН БІРГЕ БІР МЕЗГІЛДЕ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРДЕГІ  ШЫРШАЛАРДЫҢ ШЫРАҒЫ ЖАҒЫЛДЫ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Барлық жасап жатқан шаралар сендер үшін балалар. Сендер оқысын деп, мектеп, бала-бақшалар салып жатырмыз. Университеттер салып жатырмыз. Денсаулығы мықты болсын деп, спорт кешендерін салып жатырмыз. Сендердің папаларың-мамаларың жақсы болсын деп, жұмыс беріп жатырмыз. Осының барлығы – елдің қамқорлығы. Балалар бақытты болса, ел бақытты. Жаңа жыл – ертегі, Жаңа жыл – арман. Жаңа жыл – бақытқа іздеп, таңдап күтіп отыратын мәселе. Сондықтан келе жатқан Жаңа жылдарың құтты болсын, бақытты болыңдар, балалар!

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ ҮКІМЕТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ВИЗАСЫЗ ТАЛАПТАРДЫ АЛЫП ТАСТАУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ КҮШІНЕ ЕНДІ. ЕКІ ЕЛ АЗАМАТТАРЫ ҮШІН ВИЗАСЫЗ МЕРЗІМ – 30 КҮН. БИЫЛ ЖАЗДА ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ПЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ БАСШЫСЫ ПАК КЫН ХЕНІҢ КЕЗДЕСУІ КЕЗІНДЕ ОСЫНДАЙ КЕЛІСІМ БЕКІТІЛГЕН ЕДІ. БҰЛ УАҒДАЛАСТЫҚ ҚОС МЕМЛЕКЕТ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕҢЕЮІНЕ ТЫҢ СЕРПІН ӘКЕЛЕРІ СӨЗСІЗ. КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ – ЕЛІМІЗ ҮШІН ІРГЕЛІ ИНВЕСТОР. ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ШЫҒЫС АЗИЯДАҒЫ БҰЛ МЕМЛЕКЕТТЕН ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА 8 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚ ҚАРЖЫ ТАРТЫЛҒАН. БИЫЛ ОҢТҮСТІК КОРЕЯҒА 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТАНДАСЫМЫЗ САЯХАТТАДЫ. САРАПШЫЛАР ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ  ВИЗАСЫЗ ТӘРТІП ЕНГІЗІЛГЕННЕН КЕЙІН СЕУЛГЕ СЕРУЕНДЕП, ЕМ АЛУ ҮШІН БАРАТЫНДАРДЫҢ САНЫ 15 МЫҢНАН АСАДЫ ДЕП БОЛЖАП ОТЫР. ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕТІН КОРЕЯЛЫҚ МЕЙМАНДАРДЫҢ ДА ҚАТАРЫ КӨБЕЙЕДІ. «ЖЕТІ КҮН» ТІЛШІСІ ВЛАДИСЛАВ ЦОЙДЫҢ  РЕПОРТАЖЫ.

 

29 қараша. Таңғы сағат 9. Сеулге Қазақстаннан келген ұшақ қонды. Оның жолаушылары тұнғыш рет Оңтүстік Кореяға визасыз кірді. Жалпы таңғы самал еліне жыл сайын 15 мың қазақстандық  барады екен. «Енді екі мемлекет азаматтарының өзара емін-еркін жүріп тұру мүмкіндігі туристер санын кем дегенде екі есе ұлғайтады», – дейді дипломаттар.

 

Пэк Чу Хен, Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

-Кореяда қазақстандық студенттер өте көп және Қазақстанда, Кореяға барып, білім аламыз дегендер аз емес. Менің ойымша, осы болашақ жас мамандар екі ел арасындағы мықты көпірге айналады.

 

Корей елшісі бізден тағы бір жақсы жаңалық үшін сүйінші сұрады. Астанада таңғы самал елі елшілігінің  құрылысы басталды. Ол АҚШ дипломатиялық ұйымы ғимаратына  қарама қарсы орнастырылады. 

 

Пэк Чу Хен, Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі

-Астана қаласының әкімдігі инфраструктура салуды бітірді. Келесі жылы құрылысты бастаймыз, 2016 жылы аяқтау жоспары бар. ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін ғимаратты салып, Қазақстан және басқа мемлектерден қонақтарды осында қарсы аламыз.

 

Ал Сеулде казақстандық дипломаттар ғимаратты жалдап отыр. Кореяда жер алтыннан қымбат. Елшілікті салуға орын жоқ. Бірақ ол мәселе екі ел арасындағы байланыстарға кедергі емес. Жыл сайын Казақстанға баратын кореялықтардың саны кобеюде.

 

Дулат Бақышев, Қазақстанның Корея Республикасындағы елшісі

-Енді Қазақстанға келетін Корей азаматтары негізінен бизнесмендер болып табылады, іскерлер. Олар 90 пайызға жақын құрайды. Енді санына келетін болсақ, 2012-де біздер елшілік 8 мың виза берсе, 2013-те 9 мың виза берсе, биылғы жылдың жарты жылдығында 5 мың виза беруге үлгердік. 

 

Қазақша екінші аты бар корей қыздары Абай еліне баруды армандап жүр. Бірақ мүмкіндіктері жоқ. Хангук шетел тілдері университетінде Орталық Азия кафедрасын ашқан профессор Сон Ён Хун Казақстан үкіметінен өз шәкірттеріне көмек сұрайды

 

Сон Ён Хун, Хангук шетел тілдері университетінің профессоры

-Қазақстанды насихаттау үшін осы Қазақстанда да соның бюджеттен үкіметтің бюджеттен кішкене болса да, ақша бөлініп, шетелде Қазақстанды оқып жатқан, қазақ тілін оқып жатқан студенттерін өзіне шақырып, оқыту керек. 

 

Кореяда қазақ әндерін де тыңдауға болады. Корей ұлттық өнер академиясының студенті Диляра Қарекенова шетелде өз елін насихаттап жүр. Ол жуырда құрылған қазақ студенттер қоғамдастығы белсенділердің бірі. Қазір Кореяның үздік университеттерінде екі жүздей отандастарымыз білім алуда.

 

Диляра Қарекенова, Корея ұлттық өнер академиясының студенті

-Қазіргі таңда өнер астанасы дейді ғой бізді. «Астана Опера» балет театры бар, Жургенов атындағы академия бар. Алла жазса, енді сол жаққа қарай барып, өзіміздің, еліміздің, Отанымыздың мәдениетің көтеруге ат саласамыз

 

Студенттерімізді қолдайтын Кореяда азаматтарымыз көп. Жанна Әуелбекова оларға өз мейрамханасында жұмыс береді. Ол корей азаматына тұрмысқа шығып, кәсіпкерлікпен айналасуды бастаған. Оның мейрамханасының ас мәзірінде қазақ тағамдары да бар.    

 

Владислав Цой, тілші

-Осы дәмхананың ас үйінде Қазақстаннан әкеленетін тауарлар да бар. Олар – петрушка мен укроп шөбі. Өйткені Кореяда олар өспейді, сондықтан оларды аптасына бір рет ұшақпен Алматыдан алып келеді.

 

Қазақстаннан әкеленген қазыны дегустация жасау сәті. Корейліктерге айтулы тамақ өте ұнады.  

 

И Джонг Йоль, кәсіпкер

-Жылқы етін екінші рет жеп отырмын. Бұрын Испанияда жеп көргенмін, бірақ жаман иісі болды, ал қазақстандық дәмді. Енді Қазақстанға барайын деп отырмын. Бизнеспен айналасуды көздеп отырмын.

 

Оралдық Галина Алимованың өзі де, қызы да корей тілін жетік меңгерген. Осында келгеніне 15 жыл болды. Білім алып, жұмысқа орналасты, отбасын құрды. Галина – Инчхон қаласында танымал адам. Екі қабатты ғимараттың қожайыны.

  

Галина Алимова, кәсіпкер   

-Қазақстан туралы бұрын көп білмейтін еді. Қазір соңғы кезде біледі. Қазақ қыздарының әдемілігіне, сыпайлығына, ақылдықтарына қызығады. Қазақтар дейтін қонақжай ғой. 

 

Галина – Кореядан Қазақстанға түрлі техника жіберетін ірі кәсіпорын басшысының орынбасары. Болашақта бизнесін кеңейткісі келеді. «Оған Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында орнатылған визасыз режим өз септігін тигізеді», – дейді.

 

ЖҮРГІЗУШІ

-ӨТІП БАРА ЖАТҚАН АПТА ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ. КЕЛЕСІ СЕНБІДЕ ЖҮЗДЕСКЕНШЕ!