Хабар телеарнасы

Жеті күн. 5.12.2015

Сюжеты
1. Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады 2. Елбасы Жолдауына ел пікірі 3. Жолдауға шетелдік қайраткерлер де пікір білдірді
4. Елбасы Жолдауы әлемдік БАҚ бетінде 5. Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті 6. Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі «Хабар» арнасына арнайы сұхбат берді
7. Елбасы Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті 8. Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті 9. Елбасы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кездесу өткізді
10. Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады 11. Мемлекет басшысы Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры М.Пиотровскиймен кездесті 12. Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да болды
13. Елбасы ҰҚК-нің «Арыстан» қызметінің тұрақты орналасу орнында болды 14. Мемлекет басшысы доңғалақты броньды машиналар шығаратын зауытты аралады 15. Елбасы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта болды
16. Қазақстан Президенті «Тұлға. Елбасы. Тарих» деген тақырыппен өткен концертті көрді 17. ҚР Тұңғыш Президенті күні – игі істердің ұйытқысы 18. Тарихи таңдау тағылымы
   
19. Елбасы жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысты     

1. Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады

«Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін». Елбасының биылғы Жолдауында айтқан осы бір сөзі ерекше естілді. Қазір «көлік арық, жүк ауыр» кезең, осындау кезеңде жұдырықтай жұмылған жұрттың жүрісін кесе-көлденеңдеп шыққан кедергілер кідірте алмайды. Тек бірлігімізді бекемдеп, еңбегімізді еселеуіміз керек.

Біз бұл дағдарыспен жөпелдемеде жолыққан жоқпыз. Тағы бір айналып соғарын білдік, білгесін ертерек дайындалдық. Индустрияландыру, «Нұрлы Жол», «100 нақты қадам», қор жинау – осының бәрі қамдануға жатады.

Дағдарысқа қарсы стратегиямыз «өсім, реформалар және даму» деп аталатын ұғымдармен бітеқайнасқан. Мұның мазмұнын Президент өз Жолдауында нақты түсіндірді. Сосын жаңаруға жетелейтін жоспардың жай-жапсарын айтты. Қаржы секторын тұрақтандыруға қарекет етеміз. Бюджетті оңтайландырамыз. Экономикалық бәсекелестік ынталандырылады. Жаңа әлеуметтік әрі инвестициялық саясат жүргізіледі.

Жылдың ең айшықты оқиғасы. Елбасы Жолдауы! Сын сағаттарды еңсерудің алғышарттары мен Президенттің негізгі тапсырмалары қандай? Экономиканың тамырына қан жүгіртіп, елге қызмет ету үшін Елбасының бизнесмендер мен жастарға айтқан ақылы қандай?

Өсім. Реформалар. Даму. Елбасы: «Экономикалық дағдарысқа қарамастан өсіп-өнеміз», – деді. «Қиындықтар – мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан бұл Жолдау сын сағаттарды басынан өткеріп отырған елдің еңсесін көтеру үшін, экономиканы алға ілгерілету үшін жасалды». Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің алдағы жоспарларын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Онда дамудың даңғыл жолы мен кемел келешектің кілті жатыр. Бастысы, бұл Жолдау – уақыт талабына бейімделген жоспар болмақ. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыран заманға амал табуымыз керек». 

Қазір төрткүл дүниенің жағдайы мәз емес. Халықаралық қаржы қоры болжамдарын 6 рет қайта қарапты. Әлемдік экономика 5-тен 3 пайызға шейін құлдырауы ықтимал. Бұл дағдарыс біздің елді де айналып өтпек емес. Қандай жағдай туындамасын мемлекет оған дайын. Президент дағдарысқа қарсы стратегияда үш қағидаға мән берді. Әуелі экономикалық өсім. Оның өзінде, дамыған 30 елдің қатарына кіруді қамтитын қарқынды қалпына келтіру. Ал реформа жағынан біздің ел алдына жан салмайды. «Ұлт жоспарының» мерейі үстем бұл тұрғыда. Үшіншісі, дамудың даңғыл жолы. Ол үшін қоғамның барлық салаларын жаңғырту маңызды. Үшеуі де оңай орындалатын міндет емес. «Алынбайтын асу жоқ», – дейді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Наверное, кто-то подумает, что в такое трудное время он опять ставит эту задачу. Вы же знаете, у меня привычка в трудное время ставить важные, большие задачи. И мы всегда с этим справлялись. Мы должны найти новые внутренние источники роста через раскрытие частной инициативы. 

Ел басына туған бұл бірінші дағдарыс емес. Талайды көрдік, талайдан өттік. Президенттің бастамасымен кезінде қор жинап алдық. Бүгінгі шалқып жүруіміз соның арқасы. Дегенмен, ұлттық қордың қаражатын шығындауды доғару керек. «Енді бұл ақша төл валюта бағамын ұстап тұруға да жұмсалмақ емес», – деді Елбасы. Осы орайда Үкімет пен Ұлттық банкке қаржы жүйесін тез арада тұрақтандыру тапсырылды. Айтпақшы, ұлттық валютаның мерейін үстем ету әрбір қазақстандықтың қолында. Тек теңгеге ұмтылу керек қоғамға. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Казахстанцам всем надо привыкнуть, что мы живем на тенге. Хлеб покупаем за тенге. Колбасы, молоко тоже за тенге, одежду покупаем за тенге. Доллары нужны тем, кто за бугром одевается. Или нужны какие то импортные товары. Хранение денег в тенге выгодно. Больше процентов, чем есть на самом деле. За депозиты в долларах проценты будут очень низкие, к этому банки придут. Это один из моментов дедоллоризации. Поэтому, давайте в лексиконе будем говорить тенге! И жить будем на тенге. Тогда будет спокойствие и мы поможем себе и стране.  

Бұл Ұлттық банкке жүктелген міндеттің бір парасы ғана. Енді еліміздің бас қаржы реттеушісі орта мерзімде инфляция деңгейін 4 пайызға төмендетуі тиіс. Оған қоса банктің бақылауынан Бірыңғай зейнетақы қоры да шығарылмақ. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В 2016 году пенсионные активы должны быть переданы под управление частных казахстанских или иностранных компаний. В целях повышения доходности пенсионных накоплений надо пересмотреть подходы к инвестированию пенсионных средств. Надо относиться и управлять Пенсионным фондом так же, как и Национальным фондом. И тратить пенсионные накопления для того, чтобы кредитовать бизнес надо прекратить. 

Зейнетақы қоры ақшасымен бизнес секторын несиелендіруге жол жоқ. Президент: «Бұл қаржы тек бюжет дефицитінің орнын толтыруға ғана қолданылады»,– деді. Бұл орайда ақшаны тиімді жұмсау тәртібіне көшу қажет. Мұны Үкімет ұйғарса керек-ті. Бюжет тапшылығы туындауы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде мемлекет қоржынына түсетін салықтың мөлшері 20 пайызға азайып отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Повышение налогов могут сказать в этом случае не выход из ситуации, это будет означать лишь дополнительное давление на бизнес. Мы не можем этого допустить. Покрывать расходы за счет средств Нацфонда недальновидно. Моя позиция принципиальна. Использование средств Национального фонда на текущие расходы должно быть прекращено.

Мемлекет басшысы салық жүйесін оңтайландыруды ұсынды. Қолданыста жүрген қосымша құн салығынан бас тартып, салықтың тек үш түрімен жұмыс істеуге шақырды.

«Біріншісі, бəрімізге белгілі - табысқа салынатын ортақ салық. Екіншісі, жеке кəсіпкерлердің патенті негізіндегі салық. Үшінші салық түрі ретінде шағын жəне орта кəсіпкерлік пен аграрлық секторға арналған жеңілдетілген арнайы салық режимін енгізуіміз керек»,– деді Президент. 

«Қаржыны үнемді жарату! Дағдарыс кезінде ең оңтайлы амал осы», – деп түйді Елбасы. Бұл орайда Үкіметке бюжеттік саясаттың жаңа моделін құруды тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Жить по средствам, повторяю, жить по средствам - это наш проверенный принцип, правильная модель бюджетной политики, особенно в условиях влияния глобального кризиса. Человек приходит в магазин, смотрит на товары на витринах, щупает и все время думает, сколько у него в кармане есть денег в кошельке, так ведь? И не схватится за товары, на которые у него денег нет. Ну почему государство не так должно относиться? По средствам жить надо. Вот к этому мы сейчас приступаем.

Мемлекетке салық төлеу өз алдына, қаражатты заңдастырудың соңғы мүмкіндігі бар. 2017 жылы табыс пен шығысты жариялаудың кезеңі туады. Елбасы осы сәтті пайдалана отырып, жиған-тергеніңді жария етіп қана қоймай, оны ел игілігіне жаратудың уақыты келгенін айтты 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Ауқатты болдыңыздар. Жақсы газеттердің бетіне шығып, миллиардер, миллионер болғандарыңызды көрсеттіңіздер. Құтты болсын барлығы! Бақытты болыңыздар! Ал енді мемлекеттің, елдің алдында жауап беретін кездерің де келді. Қазір мінекей мынау жекешелендіру кезінде алып келіп, зауытты, фабриканы, электростанцияны, ананы-мынаны, жолдарды жекеменшікке алсаңдар, ауқатты болуға, тұрақты табыс әкелудің жолы біріншіден өздеріңе, екіншіден сол арқылы халыққа жұмыс беру, сол арқылы салық төлетіп мемлекетке көмектесу, үш нәрсе жасайсыңдар. Тек қана халықтың рахметі мен ризашылығын аласыңдар. 

Отандық кәсіпкерлерге артылған жүк жеңіл емес. Көлеңкеде қалған қаржыны заңдастыру, зауыт салу, елге жұмыс беру. Бұл орайда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тәжірибесінің кеңінен қанат жаюы маңызды. Оның сыртында, отандық өнімді дамыту міндеті тағы бар. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біз бәсекеге сай болу үшін Қазақстанда жасалған әрбір бұйымның төрт қасиеті болуы керек. Сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек. Бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды. Мен кеше Алматыға барып, Алматының әбден бір қисайған үйлерінің ішінде тұрған үлкен емес фабрикаға барып, костюмдер мен бәтеңкелерді неғып киіп жүр дейсің? Менің баратын жерім жоқ па? Мегалар бар, анау бар, мынау бар. Солар сол жерде бастап жатыр. Қазақстанның, елдің тауарларын шығарайын деп мықшыңдап жатыр жігіттер. Ақшасын салып жатыр. Жап-жақсы әйелдерге, қыздарға жұмыс беріп жатыр. 

Жекешелендіру – бұл да бәсекелестікті арттырудың бір амалы. Оны кең ауқымда ұйымдастыру керек. Мемлекеттік секторда 7 мыңнан астам кәсіпорын бар. Алайда оларды қадағалау жұмысы тиімсіз атқарылып жатыр. Басым бөлігі «Самұрық-Қазына» мен «ҚазАгроға» қарайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Поручаю Правительству разработать новую Программу приватизации, включив в неё все организации, находящиеся в государственной собственности. В том числе, входящие в «Самрук-Казына», «Байтерек» и «КазАгро». И после приватизации все три управляющих холдинга должны быть преобразованы в компактные организации, которые будут делом заниматься, если окажется, что дел у них нет, то надо их ликвидировать. 

Дағдарыстың қандай дауылы соқпасын, бюджеттік кіріс азайса да мемлекеттің ел алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі бірінші орында қала бермек. Әлеуметтік төлемдердің төленуі өз алдына, алдағы жылы бюджеттік жалақы өседі деген жылы хабар Жолдаудан жарқын естілді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. С первого января 2016 года будут повышены зарплаты работникам здравоохранения - в среднем до 28%, образования - до 29%, социальной защиты - до 40%. В будущем году будет обеспечена 25% повышение социальных пособий по инвалидности, утере кормильца, а также стипендии. С 1 января индексируем солидарную пенсию с опережением уровня инфляции на 2%. 

«Б» корпусының қызметкерлері де құралақан қалмайды. Қаңтардан бастап олардың еңбекақысы 30 пайызға көтерілмек. Бұл мақсат бюджет шығындарын оңтайландыру арқылы үнемдеуден түскен қаржының есебінен жүзеге асады. Осылайша, мемлекет еңбекақы өсірудың жолын тауып, міндеттемелерді толық орындайды. Мемлекет тек әлеуметтің әлсіз топтарын қолдайды. Осылайша, атаулы көмек тек мұқтаж адамдарға көрсетілмек. Ал қалған азаматтар ақшаны өз еңбектерімен табуы тиіс. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я обращаюсь ко всем социально уязвимым слоям населения. Мы всегда помогали нуждающимся. Но в то же время социальная справедливость не должна искажаться. Ведь каждая социальная выплата - это дополнительная нагрузка не просто на бюджет, а на каждого работающего казахстанца. Надо чётко понимать, что идея социальной справедливости не должна превращаться в социальную несправедливость по отношению к работающим казахстанцам. Это их деньги!

Алдағы уақыт халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы әзірленбек. Елбасы Жолдауында жұмыспен қамтуға ерекше мән берді. Мемлекет оқытады, білім береді, жұмыспен қамтиды. Ал 2017 жылдан бастап «Тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы бастама алады. Өтпелі кезеңде екі қолға бір күрек таппай жүрген жастардың жаңа мамандықты меңгеріп, жұмыспен қамтылуына мүмкіндік туады. Елбасы жас-жеткіншектерді қарапайым жұмысшы мамандықтарын меңгеруге шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Никуда не денется университет, колледж. Все потом будет. Зато у тебя в руках будет работа, хоть молоток умеешь держать, знаешь, с какой стороны брать. Я думаю, излишне напоминать, что я в свое время начал с рабочей спецовки, стоял у горнила доменной печи. В руках у меня была лопата 40 см на 40, надо больше брать и дальше кидать, и лом был в руке весом 15 килограммов. И с таким обмундированием, с такими инструментами, не отходя, так сказать, от горнила, я работал 9 лет. Берите пример. Пройдут годы, этот жизненный опыт обязательно вам пригодится, какую бы судьбу вы потом не избрали. Я вам говорю со знанием дела.

Нұрсұлтан Назарбаев қиындықтарды еңсеру үшін жаңа инвестициялық саясат жүзеге асатынын айтты. Жақын арада өңделген тауарлардың экспортын 2 есеге арттыруды тапсырды. Бұл өсімді жыл сайын 30 млрд долларға дейін жеткізу керек. Сын сағаттарға қарамастан мемлекет бір орында тұрып қалмақ емес. Қайткен күнде алға жылжиды. 

Осы орайда Елбасы жаңа міндеттер жүктеді. Экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңейіне жеткізу көзделуде. Жаңа инвестициялық саясат жүзеге асады. Сол арқылы экономикаға құйылатын инвестицияларды жыл сайын 10 млрд долларға апару керек. 10 жылда 100 млрд-қа жеткізу мақсаты тұр. 660 мың жұмыс орны ашылып, еңбек өнімділігін еселеу тапсырылды. 

Ендігі меже – Елбасы Жолдауда жария еткен міндеттерді бұлжытпай орындау. Бұл іс Үкімет, Ұлттық банк, «Нұр Отан» партиясы мен әкімдердің еншісінде. Бастысы, халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарының үзбей жүргізілуі маңызды. Мақсаттарды орындау үшін қаржы да жеткілікті. Соңғы уақытта бизнеске, «Нұрлы Жолға» бөлінген ақша мен биыл шетелдерден тартылған инвестицияны қосқанда ұзын-саны 7,5 трлн теңге бар. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев оны тиімді жұмсауға шақырды.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев, Достық Талғатұлы, Қанат Әбілдин 

2. Елбасы Жолдауына ел пікірі

Ішкі және сыртқы саясат жайында Президент жыл сайын халқына сөз арнайды. Бұл Конституция жүктеген міндет. Жолдау жарияланғаннан кейін былайғы жұрт бір желпініп қалады. Ертеңгі күнге деген сенім нығаяды. Ал, атқамінерлер жоспарды жүзеге асыруға кіріседі. Жылдың басты құжаты осы жолы да жылы қабылданды. Экономикалық әрі-сәрі күйге байланысты болса керек, биылғы Жолдауға «елеңдеген» елдің қарасы қалың болды.

Түйген ой көп. Бірі әлеуметтік қолдауға қуанады. Бірі «үнемдеуге үйренуіміз керек» деген пайымды қуаттайды. Ал, енді бірі «бұл президенттік пәрмен емес, ағалық ақыл» деп топшылайды. Қалай болғанда да Жолдау жан-жақты талқыланып жатыр.

Елбасы Жолдауын өз ауызынан естіген игі жақсылар мен қалың қауым Президент сөзін көкейге құйып, санаға түйіп шыққаннан кейін, стратегиялық құжатты талқылауға бірден кірісті. 

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Біздің саясат – ең дұрыс саясат. 

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Бізді оятқан сияқты болды. Елбасы:«Сендер отырып, бірдеңені күтпеңдер. Жұмыс істеу керек. Бірақ сонымен қатар мынандай мүмкіншіліктер бар»,  деді. 

Атқарушы билік өкілдері болса, Жолдау жүктеген істерде іркілмеу жағын осы бастан ойласырып қойған. 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі

-Бізге берілген тапсырма - 2017-ға дейін барлық мектепті бітірген түлектерге 1-ші техникалық мамандықты тегін беру. Сол үшін біз 30 мың түлектерді колледжерге алуымыз керек. Келесі жылы жұмысқа кірісетін боламыз. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі

-Әлеуметтік бастамалардың өзіне ғана 400 млрд теңге қаражат керек. Мүмкіншіліктер бар. Және барлық іс-шараларды қаржыландыру үшін 7,5 триллион бөлініп жатыр. Бұның барлығы тиімді болу керек. Біздің министрлік осы бағытта жұмыс істейді. 

Ал Елбасы сөзін салмақтап, ойларына терең бойлаған сарапшылар қауымы, арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Және Жолдаудан байқаған бір ерекшелік, «Нұрсұлтан Назарбаев сөздерінде президенттік пәрмен емес, ағалық ақыл басым болды» дейді. 

Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы 

-Маған ұнағаны Жолдау кезінде отбасылық әңгіме болды. Барлығымыз шынайы әңгімені естідік. Жүректен шыққан әңгімені естідік. Осындай отбасылық әңгімені мен ағайын-туыстарыма жеткіземін. 

Қоғамдық ұйым өкілдері де Жолдауды талдауда жедел қимылдап, сол күні-ақ Президент қойған міндеттерді арнайы мәжілісте талқылады. Мәселен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері биылғы Жолдаудың 75 пайызға экономикалық сипатта болғанын айта келе, сол саладағы сүбелі мәселелерді сөз етті. 

Розақұл Халмұрадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Біз ақшаны шашып тастадық. Басқасын қойғанда бір жаңа жылға болатын шыршаға 40-50 млн теңге қаржы жұмсаймыз. Ол керек пе сондай шығынға бару. Міне, Елбасы соған қараңдар, үнемдейік дегенге шақырды. 

Мамандықтың тізгінін табыстар жастардың жоқтығына алаңдайтын Қостанай тракторшылары да Жолдауды жіті тыңдады. 

Батырбек Ділдәбеков, механизатор

-Елбасы техникалық білім тегін болады деді. Жастарды оқыту керек, білім алдыру керек, техникаға жақындату керек. 

Жұрттың жұмысында кідіріс жасап, көгілдір экран алдынан көптеп табылатын сирек сәттердің бірі осы Жолдау кезі. Жас пен жасамыстың, ғалым мен жұмыскердің, шахтер мен шаруаның, бір сөзбен айтқанда мемлекет өміріне алаңдайтын саналы ағайынның барлығы ел болашағына бағдар берер Жолдауды тапжылмай тыңдады. Көкейде жүрген сауалдарына жауап іздеді.

Мейрман Бейсенов, шахтер

-Елбасы дағдарыстан қалай шығудың жолдарын айтты. Түсіндірді. Қазақстанның өндірісі 60 пайызға өсіп жатыр. Бұған әркім өз еңбегі, өз саласы бойынша атсалысу керек. Барлық қарағандылық шахтерлар Елбасы Жолдауын қолдайды. 

Айбек Жұманов, «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемесінің командирі

-Елімізде дұрыс саясат жүргізілуде. Осының бәрі біздің Елбасының арқасы. Қорғаныс органдары дұрыс жұмыс жасауда. Біздің әскери теңіз күштері соның бір саласын атқарып отырмыз. 

Нұрия Қадырова, Ұлттық ядролық орталық қызметкері

-Ғылымсыз өмір 100 пайыз болмайды, сондықтан соны ойлағаны, ғылымды ойлағаны, біз қолымыздан келгенше бәріне тырысамыз. 

Ал енді ресми сандарға жүгінейік. Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнамаға сәйкес, халықтың 96 пайызы «Елбасы Жолдауынан кейін тұрғын үйге қол жеткізу жеңілдейді» деп сенеді. Сондай-ақ 95 пайыз адам Жолдаудан кейін жұмысқа орналасу мәселелері шешіліп, жаңа еңбек орындары құрылатындығын атап өткен. Респонденттердің 85 пайызы республикада жаңадан жолдар төселіп, ескілері жөнделетіндігін айтқан. Ал мектеп, балабақша жетіспеушілігі секілді өзекті проблемардың жөнге келеріне тұрғындардың 83 пайызы үмітті. 

Бұл сауалнамада еліміздің төрт тарабын түгел қамтылып, мыңдаған адамның пікірі алынған. Демек, тұтас мемлекеттің тағдырын арқау еткен ауқымды құжатқа халықтың сенімі ерекше. Ендігісі, алда атқарылар істің еншісінде. 

Авторы: Бақтияр Хамит

3. Жолдауға шетелдік қайраткерлер де пікір білдірді

Инвестициялық ахуалды жақсарту. Жолдауда Президент Үкіметке осы бағыттағы жаңа жоспарды түзуді тапсырып, үш ай мерзім берді.

Қалталы азаматтарға Қазақстанда жұмыс істеуді ыңғайлы ету үшін Үкімет кеңесін құру міндетін қоса атады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бастамалары қазір шартараптың түкпір-түкпірінде қызу талқыланып жатыр. Құжат әсіресе, іскер топ өкілдерінің ықыласын өзіне аудартты. Өйткені аумалы-төкпелі уақытта инвесторлар ісін ілгерілету үшін саяси әрі экономикалық тұрғыда тұрақты мекен іздейді. 

Тунку Дато Якуб Хайра, «Melewar industrial group berhad» атқарушы төрағасы (Малайзия)

-Біздің компания Жамбыл облысында мал бордақылайтын кешен мен Алматы қаласында арматура зауытын салып жатыр. Сондықтан Қазақстандағы саяси һәм экономикалық тұрақтылықтың сақталуы біз үшін маңызды. Президент Жолдауында елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға үлкен мән берілді. Бұл көңілге сенім ұялатады. 

Сунь Ли, Орталық Азияны зерттеу институты директорының орынбасары (Қытай)

-Нұрсұлтан Назарбаев жыл бұрын жариялаған «Нұрлы Жол» бағдарламасына біздің институт мамандары терең талдау жасады. Құжат - инфрақұрылымды кешенді дамыту арқылы экономикалық өсімді қалыптастыруды көздейді. Президенттің осы жолғы Жолдауы бұл бағдарламаны толықтырып тұрғандай. Дағдарысты еңсерудің жолдары айқын көрсетілген. 

Михаэль Роэ, Израиль сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы (Израиль)

-Нұрсұлтан Назарбаевтың талабы мен табандылығына қызығамын. Мемлекет алдына биік міндеттер қояды. Экономиканы әртараптандыруға көп көңіл бөліп келеді. Шикізатқа тәуелділіктен арылу үшін бұл ең дұрыс шешім. 

Уэйн Смит, «Аggreko» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры (Лондон)

-Президент мырза: «Қазақстандағы қаржы секторын жетілдіруге, инвестициялық климатты жақсартуға қажет шараларды қабылдаймыз», – деді. Демек, әлемнің қалталы азаматтары мен іскерлік топ өкілдері үшін елдеріңіз одан әрі тартымды болады деген сөз. Бұл өз кезегінде Қазақстанда жаңа өндірістердің ашылуына, қосымша жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік береді.

Ален Нери, Франция сенаторы 

-Қазақстан – өңірлік және жаһандық проблемаларды шешуге белсенді араласып жүрген мемлекет. Халықаралық қауымдастық алдында беделі бар. Экономикалық мүмкіндіктері де жыл санап артып келеді. Халыққа Жолдауында Президент атаған бастамалар елдің бұл даму динамикасын бәсеңдетпеудің қамы деп есептеймін.

4. Елбасы Жолдауы әлемдік БАҚ бетінде

Ия, Жолдау жайында жер-жаһан жұртшылығының пікірі жақсы. Іргелі реформаларды бастаған Қазақстанның әр қадамына қазір дүниежүзі көз тігіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біз достарымыздың көңілін қалдырмауға тиіспіз», – деуі де сондықтан.

Еліміздегі айтулы оқиғаға әлемдік ақпарат құралдары назар аударды. Оларды көбіне көп ауқымды экономикалық бағдарлама қызықтырады. 

Қазақ елінің экономиканы ырғақтан тайдырмай алға жылжу жоспарына испандық EL DIARIO VASCO басылымы арнайы тоқталды. Портал өз оқырманын уақыт тынысын тап басқан Жолдаудағы іргелі бес міндетпен таныстырды. Шетелдік ақпарат құралын әсіресе мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру мен бәсекелестік ортаны күшейту мәселесі қызықтырған көрінеді.

«Президент экономикалық өсімді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл жерде Индустриялық-инновациялық даму саясаты жалғасын табатын болады. Сондай-ақ мемлекеттік секторды жекешелендіру науқанын тиімді жүргізу, оған отандық және шетел кәсіпкерлерінің белсенді қатысуы маңызды деп есептелінді» деп жазады ақпарат құралы. 

Әлем елдері түгелге дерлік дағдарыс деміне ұрынған кезеңдегі Қазақстанның қарекетіне ресейлік «ВЕДОМОСТИ» басылымы да мақала арнады. Газет тілшісі мемлекет басшысының бүгінгідей қиын уақытта халықты үнемшілдікке және ұлттық валютаның беделін арттыруға шақыруына ерекше мән берген. «Халыққа дағдарыс жағдайында барынша үнемдеу тәртібіне көшіп, қолда бар қаржы мен байлықты тиімді әрі ұтымды пайдалану қажеттігін алға тартуы осынау аумалы-төкпелі кезеңде ескерілген ерекше жағдай». 

«Қаржы жүйесін тұрақтандыру міндеті аясында ұлттық валюта – теңгенің дәрежесін көтеру, оған деген халықтың сенімін қайта жандандыруды міндеттеді. Елдегі қаржы қатынастарының өлшем бірлігі ретінде теңгенің рөлін көтеруге әрбір қазақстандықтың қатысуы маңызды деп белгіленді», – депті мақала авторы.

Нұрсұлтан Назарбаев халықты жан-жақты қолдаудың іргелі міндетін ешқашан ұмыт қалдырмайды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мемлекеттік қызметкерлерді қолдау, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақыларды көбейту мәселелері ұдайы назарда тұрады. 

Түріктің ТRТ HABER порталы тілшілерінің Президент Жолдауына қатысты ойы осындай. Онда «Экономиканың жылдық өсімі 5 пайыздан төмен болмайтыны көрсетілді. Осындай ауқымды жұмыстардың арқасында, жетілген елдердің өзі әлеуметтік салада қиындықтарға ұшырап отырғанда, Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдан бастап әлеуметтік саланы қолдау одан әрі жалғасатынын айтты» делінген.

Шетелдің бірқатар ақпарат құралы әлемдік нарықта шикізат бағасы тұрақсыз болып тұрған уақытта қазақ елінің мұнай бағасы 30, тіпті 20 долларға дейін құлдыраған жағдайға да арналған жоспары барын жарыса жазды. Солардың бірі АZERNEWS порталы. Өткен ғасырдың 90-жылдары мен екі мыңыншы жылдардың басындағы мұнай бағасына сараптама жасаған Әзербайжан басылымы: «Қазіргі таңда негізгі шетке шығаратын шикізат - мұнайдың бағасы 20-30 доллар болған жағдайда да экономиканы алға тартып, алып шығатын жобалары бар екен», – деп Жолдаудағы дағдарысқа қарсы шараға өз бағасын берді. 

Президенттің ширығатын, шыңдалатын шақ туғанын ескерткені жөнінде REGNUM ақпарат агенттігінде де жазылды. Ресейлік басылым өз материалын қазақстандық саясаттанушы Марат Шибутовтың Жолдаудан кейінгі толғаныстарына сүйене отырып әзірлепті. «Қазақстан либералды даму жолымен келеді. Экономикадағы мемлекет ролінің бәсеңдеуі, әлеуметтік міндеттердің азаюы, капиталды жариялау мен мемлекеттік активтерді жекешелендіру, салықты көбейтуден бас тартып, қосымша құн салығынан саудадан түскен салыққа өту, сырттан инвестиция тарту, индустрияландыру, инфрақұрылым мен транзитті дамыту». Бұл отандық сарапшының елдің жаңа экономикалық саясатына қатысты сайт журналистеріне берген түсініктемесі. 

Ал жаһандық жаңа жағдайға жауап іздеген Жолдауға қатысты британдық «БИБИСИ» еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылғанын жария етті. Президенттің Қазақстан халықаралық ұйымның заңды түрдегі толыққанды мүшесі болғанын, бұл оқиға Тәуелсіз мемлекет тарихындағы маңызды кезең екендігін атап өткен ақпарат құралы: «Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамына Қазақстанның енуі жаңа жауапкершіліктерді жүктейтіні орынды атап көрсетілді», – деп жазды. 

Дағдарыстан – дамудың даңғыл жолына түсудің амалдары, қиындықтарды еңсеруге арналған тың бастамалар шетелдік ақпарат құралдарында осылайша көрініс тапты.

5. Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті

Сауда-саттық. Экономика. Мұнай-газ. Көлік және ғарыш. Осы секілді бірқатар салалардағы ынтымақтастықты дамыту жайын Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрімен талқылады. 

Марк Рютте Елбасымен осымен төртінші рет кездесіп отыр. Қызғалдақтар елі – Қазақстанның маңызды сауда әріптесі әрі ірі инвестор. Қос тарап қарым-қатынас көкжиегін кеңейтуге мүдделі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Я вспоминаю свой визит в Вашу страну, плодотворную встречу и высоко оцениваю итоги. И вы в 2010 году участвовали на саммите ОБСЕ. Королевство Нидерландов у нас инвестор номер один для Казахстана и важнейший торговый партнер, занимающий одно из первых мест во внешней торговле. Ваш визит мы воспринимаем, как желание поднять на новую высоту наши с Вами отношения на качественно новый уровень и то, что Вас сопровождает группа деловых людей – это очень важно. 

Марк Рютте, Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі 

-Біз Қазақстанмен ынтымақтастық үшін кең ауқымды мүмкіндіктер бар екенін байқап отырмыз. Әсіресе экономиканы әртараптандыруға бағытталған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында. 20 қарашада Роттердам қаласында «Астана» алаңының ашылуы елдеріміздің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудың жарқын айғағы деп білеміз.

6. Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі «Хабар» арнасына арнайы сұхбат берді

Нидерланд – экономикасын әртараптандыра алған мемлекет. Қазақстан да бұл бағытта тиісті қадамдар жасап келеді. Сіздің еліңіздің міндетті орындауға мүмкіндігі жетеді. Бұл жайында Марк Рютте «Хабар» арнасына берген арнайы сұхбатында айтты. 

Марк Рютте, Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі 

-Менің ойымша бұл межеге бірте-бірте жетуге болады. Экономиканы әртараптандырудың арқасында үлкен жетістіктер мен оң өзгерістерге қол жеткізе аламыз. Біздің елдегідей. Қазақстанның бүгінде оған толық қауқары мен мүмкіндігі жетіп тұр. Себебі осы 25 жылдай уақыттың ішінде сіздер өте сапалы білім беру жүйесін қалыптастырып, әлемдік деңгейдегі университеттер салдыңыздар. Бұл аса маңызды.

7. Елбасы Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Қазір көптің көңілін күпті қылған жәйттің бірі – Ресей мен Түркия арасындағы жанжал. Мұқым әлем Мәскеу мен Анкараға қарай көз тігіп, құлақ түріп отыр. Екі ел қарым-қатынасының ушығуына СУ-24М ұшағының апаты себеп. Түркия Президенті осы мәселеге байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңесті. Телефон арқылы сөйлесу кезінде Мемлекет басшысы жағдайды реттеу үшін қос тарап барлық қажетті шараны қолданады деген сенім білдірді. Және оқиғаның мән-жайын анықтап, қалыптасқан ахуалдан шығу жолдарын іздестіру мақсатында екіжақты комиссия құруды ұсынды. 

Биылғы халыққа Жолдауын жариялауы кезінде Елбасы екі елді сабырға шақырды. «Жылдар бойы қалыптасқан серіктестікке селкеу түсірудің қажеті», – жоқ деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы сильно огорчены случившимся событием между Россией и Турцией. Ну пока что все нюансы этого вопроса нам не известны, разные, но факт является в том, что российский бомбардировщик не нападал на Турцию, шел воевать с террористами, и как друзья соратники в борьбе должны были найти общий язык и не портить отношения, которые складывались много лет.

8. Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жайттарын, сондай-ақ бірқатар өзекті өңірлік және жаһандық, соның ішінде халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың бірыңғай әлемдік желісін құру мәселелерін талқылады. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында өтетін кездесулерге дайындық барысын да қарастырды. 

Қазақстан мен Ресей лидерлері Украинадағы ахуал жөнінде пікір алысып, дағдарыстың тек бейбіт жолмен тезірек реттелетініне үміт білдірді.  

9. Елбасы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кездесу өткізді

«Әкімдердің қызметі шетелден тартылған қаржы мен ашылған жұмыс орындарының саны бойынша бағаланады».

Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының басшыларын қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Қаржылық қиындыққа қарамастан өңірлердегі экономикалық өсім 2 пайызды құрамақ. Биыл шикізаттық емес сектор күшейіп, қызмет көрсету саласында өңдеуші кәсіпорынның өсімі байқалады. Бірақ шағын және орта кәсіпкерлікті ширата түсу керек. «Осы орайда «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы қолдау мен дамытудың бір бөлігіне айналуы тиіс», – деді Елбасы. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын басы артық шығынсыз атап өтуге шақырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Ең негізгі халықтың риза болатыны бұл – жұмыс орны. Микрокредит беріп жатырмыз ғой. «Бизнес-2020» бағдарламасы бойынша несие беріп жатырмыз ғой. Солардың бәрін ұқсатып, жұмыс істеп жүргенді шақыртып алып: «Мына микрокредитті ал да, жұмысыңды істе» десең, ол жұмысын істейді. Ал кәсіпкерлердің жағдайы оңай емес. Халықтың әл-ауқатына олар да қарау керек. Жұмыс орындарын сақтап қалу үшін, жаңа жұмыс орнын ашу үшін не істеу керек, соны бақылауларың керек. Олар да, сендер де бірлесіп, жұмыс істеулерің керек. 

10. Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады

Ұлттық банк ептілік танытты. Еліміздің бас қаржы ұйымы Елбасы Жолдауындағы міндеттерді орындауға кірісті. Бұл жөнінде Президенттің қабылдауы кезінде Данияр Ақышев айтты. Ұлттық банк төрағасы: «Инфляцияны тежеу, ақпараттық түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ қаржылық институттарды басқару бағытында бірқатар шаралар қолға алынды»,- деді. Осы кездесуде Ақышев Президентті 20 мың теңгелік ақшаның айналымға енгені туралы хабардар етті. Жалпы, бұл банкнота 2013 жылы дайындалған еді. Бірақ белгілі себептерге байланысты оны қолданысқа шығарудың сәті кейінге қалдырылып келген. Ақшаның дизайны айналымдағы банкноталармен ұқсас. Бет жағында «Қазақ Елi» монументі, пырақ және Мәңгілік Ел салтанатты аркасы бейнеленген. 

Айта кетейік, ол қолданысқа 1 желтоқсан күні шығарылды. Қазір, банкоматтарды жаңа ақша үлгісіне бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы

-20 мың теңгелік банкнотаны айналымға шығару инфляция деңгейіне еш әсер етпейді. Қоғамда «жаңа ақшаның айналымға енгізілуі бағаның өсуіне әкеледі» деген ойлар айтылып жүр. Бұл қате пікір. 20 мың теңгелікті қолданысқа шығару арқылы біз 10 және 5 мың теңгелік ақшалардың үлесін азайтамыз. Яғни, экономикадағы ақша көлемі өзгермейді. 

11. Мемлекет басшысы Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры М.Пиотровскиймен кездесті

Ұлттық мұражай мен Мемлекеттік Эрмитаж арасындағы байланыс нығаймақ. Апта ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік тарихшы, шығыстанушы, Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровскиймен кездесті. Президент қызметкерлердің үнемі тәжірибе алмасуы достығы жарасқан екі елдің бай мәдени, тарихи мұраларын сақтауға салмақты үлес қосатынын атап өтті. Михаил Пиотровский болса, елордада ұйымдастырылған «Эрмитаж күндері» жайында баяндады. 

12. Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да болды

«Астана белгісі» архитектуралық мүсіндік композициясының үздік эскиз-идеясына жарияланған республикалық конкурс жобалары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілді. Байқау Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған. Мемлекет басшысы «Астана Бас жоспары» мекемесінде болып, шаһар құрылысына қатысты шешімдермен танысты. Қаланы көркейту жөніндегі жоспар орасан. Коммерциялық, мәдени, ойын-сауық кешендер мен тұрғын үйлер құрылысы, инфрақұрылымды жаңарту секілді бірқатар мәселелер бойынша Президентке баяндалды. 

13. Елбасы ҰҚК-нің «Арыстан» қызметінің тұрақты орналасу орнында болды

«Бүгінгі күннің нағыз батырлары». Елбасы күштік құрылымдардың арнайы жасақ сарбаздарына осындай баға берді. Әлемдегі оқиғалар, соның ішіндегі лаңкестік әрекеттер, Таяу Шығыстағы соғыс – осының бәрі сақ отыруға мәжбүрлейді.

Алмағайып тұста бейбіт елдің тұрғындары – қазақстандықтар да алаңдайды. Біздегі тыныштық – басты игілік, сол игілікті қорғау – міндет. Сарбаздармен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев осыны айтты. Мемлекет басшысы қару-жарақтың жаңа түрлерімен, әскери техникамен танысты. Кеңес өткізді. 

Террористік шабуылдарға тойтарыс беріп, ел тыныштығын күзететін күштік құрылымдар арнайы жасақтары сарбаздарының жұмысы қауіп-қатерге толы. 1992 жылы Шымкенттегі тұтқындарды босату операциясын сәтті орындап, бертін келе Боралдай мен Ақтөбе облысындағы лаңкестердің көзін жойған да осылар. 

Әдетте жұмыстары ақпарат көздерінен көрсетіле бермейтін мамандық иелерінің біразы «Айбын», «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» төсбелгілерімен марапатталып, Елбасының қолынан қызметтік пәтерлердің кілтін алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Арнаулы жасақтардың командирлері мен жауынгерлерінің қызметі ақпарат құралдарында көрсетілмейді. Бұл жөнінде біз көп әңгіме жасамаймыз. Ол түсінікті неге екені. Сіздердің жұмыстарыңыз туралы ақпарат басылымдарында көрсете бермейді. Айтыла да бермейді. Бірақ та сіздердің жұмыстарыңыз әсіресе қазіргі заманда өте маңызды екенін білдіру үшін мен осында келіп отырмын. 

Арнайы жасақтарға іріктеуден екінің бірі өте алмайтыны белгілі. Себебі ең күрделі операцияларға жұмылдырылатын жасақ сарбаздары төзімді, әрі кәсіби шыңдалған болуы шарт. Осындай сындардан сүрінбей өткен бірқатар қызметкердің еңбегі еленді. Жоғары Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы лебізін естіген офицерлер алдағы уақытта да өз қызметтерін абыроймен атқаратындарын баяндады. 

Манат Байзелбаев, «Арыстан» арнайы бөлімшесінің инспекторы

-Құрметті Елбасы сізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Өзіңіз айтқандай еңбек еткен елеусіз қалмайды деп міне қызметіміз бен еңбегімізді елеп-ескеріп сізден шаңырақтың кілтін алып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Сізге амандық тілеймін. Қазақстанымыз гүлдене берсін! Сіздей Президентіміз барын мақтан етеміз! Аянбай еңбек етіп, керек болса өмірімізді қиюға дайынмын. 

Елбасы күштік құрылым жасақтарының қару-жарақтары мен арнайы техникалары қойылған көрмені де аралады. Мұнда әлемнің алдыңғы қатарлы елдері өндіретін сирек қарулар бар. Сарбаздар оларды лаңкестердің көзін жою операцияларында пайдаланады екен. Күштік құрылымдар және арнаулы жасақ командирлерімен кеңес өткізген Елбасы қай уақытта да тұрғындардың қауіпсіздігі мен бейбіт өмірі ең басты назарда болу керектігін баса айтты. Бұл орайда оларға артылған міндет орасан.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Президентінің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы

-Қазіргі таңда орта деңгейдегі соғыстарда, шиеленістерде арнаулы мақсаттағы күштердің рөлі және мәні ерекше. Сондықтан Елбасы тиісті баяндауларды тыңдап, арнаулы мақсаттағы күштердің алдында тұрған мақсаттарды және бағыттарды белгілеп нақты тапсырмалар берді. 

Елбасы арнайы жасақ сарбаздарына мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаудың қашанда толыққанды болатынын айтты. Тек олар өздеріне артылған міндетті қалтықсыз орындау шарт.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сіздер мемлекеттің қолында тұрған азаматысыздар. Мемлекет барлық жағдайды сізге жасайды. Қорғап, қолпаштап. Барлығын беріп отыр. Сондықтан тағы бір айтатыным, барлықтарыңызда жағдай дұрыс болу керек. Жұмыстарың күндіз түні қауырт. Күнде тренировка, нагрузка. Понимаю. Не просто. Но в молодые годы это должно быть и приятно. Вы настоящие герои сегоднешнего дня. Я поздравляю вас с такой службой мужской, настоящей. И желаю что бы вы были живы и здоровы. И что бы таких столкновени не было. Но порох должен быть сухим. Правильно? Для того мы и живем.  

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев арнайы жасақ сарбаздарына қиын да қауіпті жұмыстарына сәттілік тілеп, ел тыныштығын сақтауда талмай еңбек етуді тапсырды.

Авторлары:Талғат Уәли, Қанат Әбілдин

14. Мемлекет басшысы доңғалақты броньды машиналар шығаратын зауытты аралады

Алғаш рет Орталық Азияда жүзеге асырылған жобаның бірі – доңғалақты броньды машиналар шығаратын зауыт. Зауыттың қызметімен Президент танысты.

Оңтүстік Африка мен Қазақстан компаниялары бірлесіп ашқан кәсіпорын жылына 120 көлік жасайды. 7 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Жұмысшылардың біліктілігін арттыру үшін шалғай елден мамандар шақыртылған. Қазір қазақстандықтар көлік құрастырудың қыр-сырын жетік біледі. Брондалған дөңгелекті машиналар азаматтық әрі әскери мақсатта қолданылады. Оқ өткізбейтін сапасы жоғары. Халықаралық стандартқа сай келетін техниканы өз елімізде пайдаланып қана қоймай, шетелге экспорттаймыз. Мәселен, Иорданияға келер жылы 50 көлік сату туралы меморандумға қол қойылған. Жаңа зауыт іске қосыла сала, 150 жұмыс орны ашылыпты.

Ербол Сәлімов,«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС бас директоры 

-Біз болашақта 150 көлік шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазір біз әскери көліктің арлан, барыс, номад секілді үш түрін шығарамыз. Тұтқиылдан шабуыл жасалса, мықты қорған бола алатын минаға төтеп беретін техника. Біз қажетті материалдарды кедендік одақ аумағындағы елдерден тасымалдап отырмыз.

15. Елбасы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта болды

Елбасы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта да болды. Бұл жерде ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейінгі сирек кездесетін, құнды экспонаттар қойылған. Мұражайда 6 мыңнан астам бұйым тұр. Олардың саны келешекте көбеймек, себебі халықтан жәдігерлер жинау жүріп жатыр. 

Апта басында Астанада еліміздің тұңғыш Әскери-тарихи музейі ашылды. Оның ең алғашқы келушісі Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болды. Президент ашқан бұл нысаннан енді Астана тұрғындары мен қонақтары бағзы заманнан бүгінгі күнге дейінге сақталған әскери тақырыптағы жәдігерлерді тамашалай алады. Бірінші кезекте бұл отансүйгіш жастардың қалыптасуына зор ықпал етпек. Мұны Нұрсұлтан Назарбаев жас әскерилердің өздеріне де айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мынау музейді әдейі сендер көрсін деп жасадық. Жастар келіп көрсін деп. Бұрынғы ата-бабаларың елімізді, жерімізді қандай қорғаған. Кешегі ұлы Отан соғысында қанша батырлар болған. Қандай қару-жарақ. Сендер жас кезіңнен әскери қызметке бейімделіп келе жатырсыңдар. «Жас Ұлан» мектебін мен салғыздым әдейі. Ұнайды ғой бәріңе? – Дәл солай. 

Мұражай 1998 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен салынған сәулеттік ғимаратта орналасқан. Жалпы көлемі бес мың шаршы метр. Көпфункционалды музейде Қорғаныс министрлігінің орталық оркестрі мен ансамблі де жұмыс істейді.  

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары

-Қазақстанның тарихы – ол егемендік пен еркіндік жолындағы күрес тарихы. Осы орайда Елбасы, Қарулы күштеріміздің жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді, жастарды халқымыздың қаһармандық тарихы үлгісінде тәрбиелеуге және отаншылдығын дамыту мақсатында осы музейді құрып отыр. Бұл қайсар да, батыр халқымыздың батырлық жылнамасы болады. Осы ретте әскери музей Қазақстанды әлемге жаңа қаһармандық қырынан танытуымен құнды болмақ.

Бес қабатты музейде ықылым заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының мәдениеті мен әскери тарихынан сыр шертетін сирек экспонаттар бар. Мұражай басшылары халықтан жәдігерлер жинау жұмыстарын әлі де жүргізуде. Десе де осы уақытқа дейін еліміздің әр аймағынан 6 мыңнан астам бұйым мұражай бөлімдерінен орын алған.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы

-Сол тас дәуірінен бастап, ең алғашқы сол тайпалар мен рулардың арасындағы ерте замандағы тас дәуіріндегі қақтығыста пайдаланған шақпақ тас, дротиктер деп аталынады. Содан кейін мезолит дәуірінде садақ ойлап шығарған. 

Мұражайда Аманжол Мұсалимов пен Иван Пензов сынды белгілі қылқалам шеберлерінің салған бірегей туындылары бар. Одан бөлек қазақ хандығына тиесілі садақ жебелері де бар. 

Талғат Уәли, тілші

-Біз қазір 20-21 ғасырлардағы қару-жарақтар залында жүрміз. Мұнда ең құнды жәдігерлердің түпнұсқалары сақталған. Мәселен мынау «Мосин» винтовкасы. Екінші дүние жүзілік соғыста қазақстың қайсар қызы Әлия Молдағұлова дәс осындай қарумен жауға төтеп берген деседі. Ал мынау «Максим» пулеметінің түпнұсқасы. Мұндаймен Мәншүк Мәмедова талай жауды жер жастандырған екен.

Сондай-ақ, залда Жамбыл Жабаев, Сақ патшайымы Томирис, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловалардың портрет-мүсіндері бар. «Бұл жәдігерлер – өз уақытының батыр да отансүйгіш жастарының шынайы көрінісі», – дейді музей қызметкерлері.

 Авторлары: Талғат Уәли, Қанат Әбілдин

16. Қазақстан Президенті «Тұлға. Елбасы. Тарих» деген тақырыппен өткен концертті көрді

Осыдан тура үш жыл бұрын еліміздің мерекелік күнтізбесі тағы бір айтулы күнмен толықты. Қазақстанда 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері Тұңғыш Президент күні тойланып келеді. Қазір бұл күн – халықтық мейрам. Елінің Елбасыға құрмет көрсететін күні.

Тұңғыш Президент күніне орай жер-жерлерде ұйымдастырылған мәдени шаралар мен салтанатты жиындарда қисап жоқ. Әлқиссасынан бастайық. Әуелі Ақорданың алдында Мемлекет басшысының байрағы көтерілді. Бұл - айтулы датаны атап өтудің алғышарты. Рәсімді салтанатты жағдайда «Айбын» президент полкінің сарбаздары орындады. 

1995 жылы Президент штандартын пайдалану тәртібі Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген. 2012 жылы оның дизайны аз-кем өзгерді. Байрақ Мемлекет басшысының елордалық резиденциясында сақталады. Тәртіп сондай. Бұдан бөлек, Президенттің қатысуымен өтетін іс-шараларда, өзге резиденцияларында және көлігінде орнатылуы мүмкін. Елордада өткен тағы бір салтанатты шара – «Тұлға. Елбасы. Тарих.» мерекелік концерті тойдың көрігін қыздыра түсті. Концерттік бағдарламаны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады. Аты шыққан ән, би ұжымдарының өнері арқылы кеште қазақстандықтар қастер тұтатын құндылықтар – халық бірлігі, қоғамдық келісім және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы ұлықталды. 

17. ҚР Тұңғыш Президенті күні – игі істердің ұйытқысы

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған мерекелік тартулар ел ішімен шектелген жоқ. «Астана Балет» театры мұхит асып, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында концерт берді. Кеш әйгілі Линкольн орталығында өтті. 

Раввин Артур Шнайер, Нью-Йорк тұрғыны

-Қазақстан халқын Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Мен Нұрсұлтан Назарбаевпен бір мәрте кездескен едім. Сұңғыла саясаткер. Елдеріңізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Тарих пен мәдениеттеріңіздің тамыры тереңде. Бұл концерт соның айғағы.

Қуантарлығы, екі-үш жылдың бедерінде бұл күн игі істердің ұйытқысына айналды. Мереке қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында бірден 9 әлеуметтік нысан ашылды. Екеуі Өскемен қаласында. Олар корейлік қондырғылармен жарақталған оңалту орталығы және 500 орынды студенттер жатақханасы. 

Ал, Cыр өңіріне бұл күні сапалы ауыз су келді. Қызылорда халқы енді жарты шақырым тереңдіктен тартылған тіршілік нәрін тұтынады. Қалада су тоғаны іске қосылды. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жобаға 2 млрд теңге жұмсалған. Бұдан бөлек, қала іргесіндегі Қызылжарма және Тасбөгет кенттеріне газ тартылды. Бұл қуанышты қоныс тойлары еселеді. Тұңғыш Президент күні облыс бойынша 776 отбасыға баспана кілттері табысталды. 

Еркін Байназаров, Қызылорда облысының тұрғыны

-Міне бүгін сәті түсіп баспаналы болып жатырмыз, отбасымызбен бірге. Осыдан 1 ай бұрын отбасын құрған болатынмын. Әрине қуаныштымыз.

18. Тарихи таңдау тағылымы

1991 жыл. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 98,7 пайыз дауыс жинады. Міне, осы сәттен бастап қалыптасқан президенттік институт өзінің тиімділігін  дәлелдеді. Өзіне тән модель қалыптастырды.

Өтпелі кезеңде стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешімдер қабылданғанын қазір аңғаруға болады. Қазақстанның әрбір жетістігі күшті президенттік биліктің дамуымен тікелей байланысты. Президенттік институттың құрылғанына биыл 25 жыл. 1990 жылдың сәуір айында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Президенттік қызметті енгізу» туралы шешім қабылдады. Осы құжат Тәуелсіз Қазақстанда Президенттік биліктің іргесін қалады.  

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Нұрсұлтан Әбішұлы мен Президент болып сайландым деп жайбарақат отырған жоқ. Сайланбас бұрын да Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін, Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін қалай мемлекет болып қалыптасып, бәсекелестікке лайық, өзінің кескін келбеті бар, өзінің мемлекеттік статусы бар, мемлекеттік ұжданы бар Қазақстан мемлекетін қалыптастыруға үлкен қайраткерлік еңбек сіңірді.

25 жылдың еншісінде президенттік басқарудың орасан зор жетістігі бар. Мемлекет, қоғам, әлеуметтің дамуындағы әрбір өзгерістер тікелей Президенттің еңбегімен тығыз байланысты.

Ролан Дюма – Қазақстанның Ата заңын әзірлеуге атсалысқан сарапшылардың бірі. Айтуынша маңызды құжатты дайындауда Елбасы келешекті күн ілгері бағдарлап, озық елдердің көп жылдық тәжірибесін зерделеді. 

Ролан Дюма, сарапшы-саясаттанушы, Францияның бұрынғы Сыртқы істер министрі 

-Президент Назарбаев Парламенттің қос палаталы болуын әрі бір-бірінің жұмысын толықтырып отыратын бірегей құрылым болуын қалады. Тарихи маңызы зор құжаттың барынша сапалы әрі жетілдірілген нұсқада жасалуына мән берді. Қазір Франция үлгісіне жақын нұсқада әзірленген сол Конституция бірнеше жылдан бері қолданыста. Демократиялық Конституция, жаңа мемлекет қалыптасты. Ата заңның өркениет, даму кезеңдеріне қарай жетілдіріліп отыратындығы да алдын ала ескерілген болатын.  

Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық сындарлы саясатының нәтижесінде ең бірінші кезекте Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттырды. Ядролық қарудан бас тартып, әлемді қарусыздануға шақырған тарихи шешімі халықаралық деңгейде резонанс тудырды.

Күлайша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары 

-Бұрынғы елдердің тарихында ешқашан да болмаған оқиға. 1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Сол қадамды жоғары бағалады біраз мемлекеттер.  

Қазақтан шыққан кемеңгер басшының тұлғалық тұғырға көтерілу жолында ерен еңбек пен ғасырларға бергісіз тарихи қадамдар, бетбұрыстар жатыр. Оның барлығын Тұңғыш Президент музейінде ашылған көрме-залына қойылған құнды мұрағаттардан танып білуге болады.  

Күлайша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары 

-Мынау БҰҰ-ға біздің еліміз 1992 жылы мүше ретінде кіріп жатыр. Соған байланысты құнды құжаттар біз бұларды алғаш рет көпшілікке ұсынып жатырмыз. Бұл 1997-1998 жылдары Астанада бірінші резиденция болған кезде осы үстел басында отырып, жұмыс жасаған. 

Әлеуметтік-экономикалық қарқынды дамуды айтпағанның өзінде сыртқы байланыстағы жетістіктер орасан. Көп векторлық саясатты ұстанған Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық ұйымдардың құрылуына бастамашы болды. Соның негізінде Қазақстан ғана емес, Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздіктің қамтылуына жол салды.  

Сұлтан Әкімбеков, ҚР Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика мен саясат институтының директоры  

-Біз өзгелердің үлгісін көрдік. Басқа мемлекеттер таңдаған бағыт түрліше болды. Батыстың парламенттік демократия моделін құп көргендері де табылды. Бірақ оның соңы ашық түрде қақтығыстарға ұласып тынды.  

Алысты болжайтын жаһандық саясаткер әр жылдардағы дағдарыс уақытында дағдарып қалмады. Уақыт көшімен ілесе келген сын-қатерді жоюда даму бағытын жаңылмай тауып келеді.  

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-25 жыл тарихымызда қап деп айтатын Президенттік институтқа қатысты ешқандай сұрақ жоқ. Қайта керісінше біз осының арқасында дәуірлеген мемлекет дәрежесіне көтеріле алдық деп айтуға толық негізіміз бар. 

Елбасы саясатының тағы бір жетістігі – елдегі тұрақтылық. Қазақстан ұлтаралық татулықтың озық үлгісін қалыптастырды. 130-дан астам ұлт пен ұлысты ортақ мүддеге жұмылдырды.    

Төлеуғали Қайыржанұлы, ҚР Мемлекеттік басқару академиясының академигі 

-Ұлтаралық татулық, ел арасындағы татулық, әлеуметтік бірегейлікті қалыптастырудағы Елбасының атқарған еңбегі зор. Халқын сүйген Елбасы бар, Елбасын сүйген халқы бар. Екеуі біртұтас ұғым деп айтуға толық негіз бар. 

Қазақстан – экономикасы тұрақты, келешекке бағыт-бағдары айқын мемлекет. Орталық Азияда көшбасшы елге айналып, ЕҚЫҰ-на төрағалық еткеніміз тағы бар. Президенттік биліктің мықты болуының нәтижесінде экономикалық және саяси реформалар сәтті жүзеге асырылды. Табысты, мықты әрі беделді мемлекет қалыптасты.  

 Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Айтжан Отызбаев, Бекболат Базаров

19. Елбасы жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысты

Апта ішінде Елбасының қатысуымен өткен тағы бір оқиға –  жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсімі. Осы рәсім арқылы бүкіл ел бойынша мерекелік шаралар басталды. Шоуға екі мыңнан астам оқушы мен қаланың шығармашылық ұжымдары қатысты. Ал Елбасы қалың көпшілікті алдағы мейраммен құттықтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Жаңа жыл әруақытта барлық еліміз үшін, халық үшін, жас, сәбилер үшін өте қызықты да, көп күткізетін мереке. Алдымызда оған дейін бір айдай уақыт бар. Осы бір айдың бәрі, қызық, арманмен, ертегімен өтеді. Біздің Қазақстанымыздың алдына қойған тілегі – Мәңгілік Ел, 30 өркендеген елдің арасына кіру. Оның барлығы менің кешегі айтқан Жолдауымда бүкіл халыққа хабарланды. Қазақстанымызды ары қарай жүргізіп, көк байрағымызды жоғары көтеріп, барлық дүниенің алдында үлкен мәртебеге көтеруіміз керек.

Астана опера театрының қасында орналасқан шырша мұз қалашықпен қоршалған. Биіктігі – 25, диаметрі – 14 метр.