Хабар телеарнасы

Жеті күн 21.05.2016

Сюжеттер
1. «Нұрлы жолға» артылар үміт зор 2. Қос елдің өзара ықпалдастығы 3. Президент Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевті қабылдады
4. Президент Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбековті қабылдады 5. Президент ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменовті қабылады 6. Президент Қазақстанның халық әртісі С.Оразбаевты қабылдады
7. Президенттің Мысыр мен Франция елдері басшыларына жолдаған көңіл айту жеделхаты 8. Келеңсіз әрекеттерге жол бермеу 9. Жер реформасы жөніндегі комиссия өз қызметін бастады
10. Жер – тағдыры, ел – тағдыры 11. Есеп комитеті қаржыны қалай кәдеге жаратуда? 12. «Судың да сұрауы бар»
   
13. «ҚазМұнайГаз» жаңа өзгерістер енгізе бастады    

1. «Нұрлы жолға» артылар үміт зор

Жыл басталысымен Президент шұғыл шаралар қабылдады. Мұның де себебі белгілі. 

Өткен жыл «қыспаққа» алды. Соған қарамастан өсімді сақтадық. Биылғы жыл да оңайға соқпайтыны әуелден түсінікті болды. Демек, жоспардан жаңылмаудың жолын іздеу маңызды еді. 

Сондықтан ақпанда Ақордада өткен алқалы жиында Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы қолдау бойынша дереу қабылданатын шараларды атады.

«Нұрлы жолға» артылған үміт зор. Дағдарыспен күрестегі жоспарымызға айналған бағдарлама тиімділігін көрсете бастады. 

Ақпандағы сол жиында Елбасы қосымша қомақты қаржы бөлуді тапсырды. Мәселен, құрылыс саласына 360 миллиард теңге жұмсалып, ол қаржыға жалға берілетін баспаналар, несиелік тұрғын үйлер бой көтеретін болды.

Тағы 194 миллиард теңге инфрақұрылымдық жобалар мен жаңа мектептерді салуға берілді. Сөйтіп жол төселіп, баспана тұрғызудың айналысында көптеген отандық өндіріс дамиды, жұмыс орындары ашылады. 

Президент күрделі кезеңде кідіріп қалмауды баса тапсырды.

«Нұрлы жолға» бөлінген сол қаржының 8 пайызы ғана аймақтарға жеткен. Бірақ ақша толық игерілмей отыр. Неліктен? 

Біріншіден, ақпанда берілген тапсырмаға сай қазір мамыр айында өңірлерде жұмыс қайнап жатуы тиіс болатын. Екіншіден, тағы бір мега жоба индустриаландыруға қатысты да сауал көп. 

Ақордадағы кезекті жиын. Осыдан тура екі апта бұрын мұнда министрлер кабинетінің қызметі сүзгіден өткен. Кейбіреулерінің орнынан айырылғаны ел есінде. Бұл жолы сәл өзгешелеу. 

Жиналыс әкімдермен болды. Облыс басшыларына экономикалық көрсеткіштердің төмен екеніне жауап беруге тура келді. 

Күрделі кезеңде басымдық экономика мен әлеуметтік салаға беріліп отыр. Қиындыққа қарамастан жылды оң көрсеткіштермен жабу міндетін қойды Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-При всех трудностях этого года, год когда мы встречаем 25-летие нашей независимости, а это праздник всего народа. Мы должны в год 25-летия страны завершить положительными показателями. Сондықтан халқымыздың тіршілік деңгейін төмендетпеуіміз керек. 

Жиын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге дайындықты пысықтаудан басталған. Алайда тақырып бірден экономика мен әлеуметтік салаға қарай ойысты. Кейбір бағыттар бойынша көрсеткіштер құлдыраған. Оған қарамастан мемлекет ел алдындағы міндеттерін толық орындап келегенін айтты Президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мыңдаған, жүздеген біздің азаматтарымыз бар. Сол компаниялардың басшыларына тиісті тәртіп айтып, біріншіден, жұмыс орнын сақтап қалсын деп, екіншіден, жалақысы төмендемесін, оны ұлғайтсын деп тәртіп бердік. Олар оның бәрін істеп отыр. Нам удалось не допустить роста безработицы. Несмотря на сокращение бюджетных поступлений я дал четкое поручение о выполнении государством всех наших социальных обязательств. 

Президент жергілікті жерлерде жұмысты күшейту керектігін алға тартты. Мемлекет бағдарламалар қабылдады, ақша бөлді. Ендігі кезек – өңірлерде.

Өкініштісі, ең ауқымды жобаларға жұмсалатын қаржының игерілмей жатқаны. Бір ғана «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында биыл 840 млрд теңге аймақтарға жол тартуы тиіс болатын. 

Дегенмен, тек 8 пайызы ғана тиісті жерлерге жеткен. Оның өзі игерілмей отыр. Себеп неде? Елбасы министр, әкімдерден сұрады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сегодня уже почти конец мая. В феврале было дано. Неужели вам доставить до областей вам так трудно. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі 

-У нас недостатков в денег нет. Это целевые трансферты из нац.фонда. Это речь идет что администраторы бюджетного программы на местном и республиканском уровне  в оснавном перебросили на второе полугодие. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Почему? Если это перебросить на второе  все будет работать уже на следующий год. Не на этот уже. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі 

-Это зависить от контрактов. 

«Нұрлы жол» ел экономикасының қара нары болуы тиіс еді. Басымдық әлеуметтік саланы күшейтуге берілген. Алайда серпінді бағдарламаның маңызын әкімдер толық түсінбеген сыңайлы. Жоспарда кешігу көп. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-8 процентов ты мне скажи когда это будет на местах?! Или там не осваивают, не хотят. Ал анау әкімдер айтыңдаршы, қайсың ақшаны игере алмай отырсыңдар? Әлде керек жоқ па? Кім айтады? Кто ждет деньги, а их нету. Деньги есть, ресурсы есть. Даны, выделены, все. Ал айтшы, Қарағанды! 

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі 

-Работаем. Полностью деньги осваиваем выделяемые по программе «Нұрлы жол». Оның бәрін де игереміз. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Қанша алдың? 

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі 

-3 млрд 300 млн. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Игердің ба?

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі 

-Игерген жоқпыз, жылдың соңына дейін игереміз. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Қалай осылай жұмыс істеуге болады Бақытжан? 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары 

-Кезінде бөлінген ақшаның бәріне администраторлар байқаулар өткізу керек. Жеңгендерімен келісім жасау керек. Сол жағынан үлгермей жатқан болуы қажет. Бірақ 8 пайыздың өзін толық игермей жатыр. Сондықтан дұрыс айтып отырсыз, біздің тарапымыздан да кемшіліктер бар.

Кемшіліктер индустриялық бағдарламада да бар. Алты жылда 900 кәсіпорын іске қосылған. Алайда 21-і толық қуатынан шыға алмай, 13-і тұралап тұр.

Биылғы жылдың алғашқы төрт айын сүзгіден өткізген Мемлекет басшысы көрсеткіштері төмен аймақтарды сынға алды. Осы аралықта Қостанай облысы 18 пайыз құлдырауға жол берген. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-За 6 лет на реализацию программы Индустриализации в Костанайскую область было направлено 120 млрд тенге. Реализовано 81 проектов. Тогда, должна быть и отдача. Надо в этом разобраться. Ты разобрался в этом, Архимед? 

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі 

-Саламатсыз ба, глубокоуважаемый Нурсултан Абишевич! Критику принимаю. Мы приняли антикризисный план, согласно которому по итогам 3 квартала выйдем на положительный результат. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Давай, подтягивай! По полугодию и по году! Что надо? Вместе с правительством работай. Это большой провал! 

Мұндай нысандардың дені – Ақтөбе, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында. Кенді Алтай өңірінде  8 жоба әлі қарқын ала алмай тұр.

Олардың қатарында тері комбинаты, цемент зауыты, технологиялық құрал-жыбдықтар шығаратын зауыт пен машина жасау сияқты кәсіпорындар бар. Себебін дағдарыспен байланыстырады мұндағылар. Салдарынан сату қарқыны төмендеп кеткен. 

Нұрлан Мусин, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы 

-Біздің зауыт көрсеткішке жете алмай отыр. Негізгі проблемасы алғашқы жоспарланған қуатқа жете алмауында. Жобаның қуатына 45 пайызбен ғана жұмыс істеп жатыр. Бірақ ол жоба, әрине, маңызды жоба. Бірақ тапсырыс аз. 

Маңғыстау облысының бірқатар кәсіпорындары да шығыс қазақстандықтардың кебін киген. 

Ақтаудағы мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және ауыстырып тиеуге арналған терминал тоқтап тұр. 

Бастапқыда 120-дан аса маман жұмысқа алынған еді. Бүгінде олардың елу пайызы ғана қызметте. Инвестиция қаржысына салынған мекеме ішкі нарықты толық қамтып, отандық мұнай өнімдерін теңіз арқылы шетел асыруға қауқарлы. 

Геннадий Бодрягин, терминалдың бас инженері 

-Терминал 50 мың текше метр мұнай өнімдерін қабылдап, сақтай алады. Бүгінде өз қуатының 10 пайызын ғана орындауда. Дағдарыс кезеңінде тапсырыс көлемі мәз емес. Дегенмен, келіссөздер сәтті аяқталып, ұзақ мерзімді тұтынушы табылса, кәсіпорын теңіз арқылы 2 млн тоннаға дейін жүк жөнелетуге қабілетті. 

Нұрбек Қарасаев, Өңірлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы 

-Экономикалық нарықтағы жағдайға байланысты төменгі жұмыс қуатын игеріп отырған  алты жобамыз бар. Бұлардың барлығы мұнай саласымен тікелей байланысты. Болашақта «Қашаған» жобасы іске асырылған жағдайда толықтай өзінің жүз пайыз мүмкіндігін пайдаланып, іске қосылады деген жоспарымыз бар.

Алдағы уақытта тек жұмыс істейтін, нәтиже беретін жобаларды іріктеу керек. Ал қайтарымы жоқ шығынның қажеті шамалы. 

Осылайша министрлікке тиімділігін зерттеп, жобаларды қайта қарауға тура келіп отыр. Елбасы осындай тапсырма берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-С учетом вот тех недостатков, которые есть не осваиваются мощности, приходилось исключить значит надо пересмотреть этот план. Через критерии конкурентноспособности, эффективности, бизнес-модели и финансовой результативности. Мы все время куда-то торопимся, нажимаем на всех. Никто не просчитывает последствия. Поэтому пересмотреть критерии по отбору проектов, включать и финансировать только те проекты, которые будут работать. 

Әкімдер жұмысты жүйелі жүргізуі тиіс. Жергілікті жерлерде реформаларды түсіндіру маңызды. Бұл орайда Жер кодексінің тармақтары назардан тыс қалмады. 

Құжатты қайта талдап жатқан комиссия жұмысын бастады. Бұл жұмысқа әкімдер де жұмылуы керек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Комиссия должна выработать согласованное положение по совершенствованию Законодательства о Земле. Все, кто по-настоящему перживает за землю, уважает землю Казахстанскую. Жаны ашитындар сол комиссияға келсін де, өздерінің көкейдегісін айтсын. Бұл жұмысты әкімдердің істейтін шаруасы ғой дегенмін. И вот по этому вопросу я же дал тогда поручение акимам, но я смотрю тишина до сих пор. Не вижу активной работы. У акимов привычка ждать поручение от меня, от правительства. Вам все права даны. У вас все возможности есть. Только надо головой думать и работать.

Дағдарыс кезінде дереу қимылдау қажет. Қаражат жеткілікті, қиындықты еңсеретін бағдарлама да бар. Енді тек тәртіп орнату керек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Поручаю правительству совместно с акимами областей немедленно разобраться, навести порядок. Средства, направленные на дорожную карту и инфраструктура, это жилищное строительство, это больницы, дороги и питьевая вода. Оно должно работать на население и приносить прибыли, объемы в экономику. Что еще надо? 

Әкім бол, халқыңа жақын бол. Елбасы қашанда осындай міндет қояды. Елдің мұңын шертіп, жоғын жоқта. Мәселесін шеш. Аймақта жүрген әкімдер мұны білсе керек. Қолында билік бар, қауқары жетерлік. 

Елбасы сол мүмкіндікті пайдаланып, елдің иглігіне қызмет етуге шақырды. Халыққа жаны ашитын әкім керек. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Жай адамға әкім де, бастық та, облыс, қала, аудан әкімі барлық жағдайымен сендерге барады, солай ғой. Әркімнің өз мәселесі бар. Оны кім шешу керек? Меніңше барлық жағдай бар. Тек қана көңіл аудару жеткілікті емес.

«Әкімдерге ең бастысы – ел сенімін ақтау», – деді Президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Әлихан Бөкейхановтың айтқан сөзі еске түседі. «Бостандыққа апаратын, сақтайтын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана». Осыған қосып айтатын нәрселер бар ма? Сондықтан елдің бірлігін сақтап, шашпай-төкпей 25 жылдықты дүниежүзінің алдында атап өту қажет. Қазіргі уақытта тұрақтылық пен елдің бірлігі  өте қажет. Берген сенімді ақтай біліңіздер. Бүгін берілген тапсырмалар, айтқан ұғымдарымыз – барлығы мүлтіксіз орындалуы тиіс. Біз бағыттан жаңылмай, бағдарламамызды орындайтын ел болайық. Сонда жүзіміз жарқын болады. Елдің артында, алдында, абыройлы боламыз. Өзімізге де, халыққа да жақсы болады. 

Әкімдер: «Кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, үшінші тоқсанда оң жетістіктер көрсетеміз», – деп уәде берді. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Олжас Керейхан 

2. Қос елдің өзара ықпалдастығы

«Африка елдерімен дер кезінде ынтымақтастықты нығайту керек», – деді Ақордада Сенегал Президенті Маки Саллмен кездесуі кезінде Нұрсұлтан Назарбаев. 

Қос елдің қарым-қатынасын кеңейтуге мүмкіндік бар. Себебі Астана мен Дакардың көп мәселеге келгенде ұстанымдары үйлеседі. 

Тараптар Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында да ықпалдасуға уағдаласты. 

Осы орайда Сенегал жаңа штаб-пәтері елордамызда орналасатын Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құру жөніндегі Қазақстанның ұсынысын қолдайды. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың лаңкестікке қарсы жаһандық желі құру идеясын да қуаттайды. 

Астанаға әлемдік саясаткерлердің талай лидерлері аракідік сапар шегеді. Солардың бірі болып Сенегал Президенті Қазақ елімен етене танысу үшін атбасын тіреді. 

Мейманды Нұрсұлтан Назарбаев салтанатпен қарсы алды. Маки Салл Батыс Африкадан Астанаға ресми сапар жасаған тұңғыш Президент. 

Бұған дейін Санкт-Петерборда G-20 саммитінің алаңдарында Елбасымен бір жүздескен. 

Бұл жолғы кездесу де емен-жарқын. Ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Это первый визит руководителя заподной части Африки. Мы являемся членами исламской уммы. Привествуем вас в Казахстане. Открыты для сотрудничества по всем направлениям политики, экономики. Готовы обсуждать любые вопросы которые будут интересовать вас.

Сенегал Қазақ елі секілді көп векторлы саясатқа ден қойып отыр. Еуразия құрлығындағы халықаралық байланыстарын нығайтпақ. Сондықтан шалғайда жатқан Қазақстанға қызығушылық танытып отыр. 

Ұлы дала Орталық Азияда көш бастап келеді. Әлемдік саясатта, жаһан алдында беделі биік. Тұтас бір аймаққа жол ашатын қақпа іспетті. Маки Саллдың сапарының себебі айқын. Әуелі Қазақ елімен байланыстарды байыптау. 

Маки Салл, Сенегал Республикасының Президенті 

-Менің ойымша, бұл сапар саяси қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді. Мен Қазақ елінің Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығын қуанышпен қабылдаймын. Сенегал арқылы күллі Африка Қазақстанмен серіктестікке ниетті. 

Бұл елмен дипломатиялық байланыс 2008 жылы орнады. Одан бері экономикалық серіктестік тереңге тартты деп айту қиын. Сауда-саттық тым төмен деңгейде. 

Дегенмен, қос тарап осы сапар байланыстарды бекемдей түседі деген ниетте. Экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың алар асуы алда. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Біз бүгін белсенді саяси диалог жүргіздік. Барлық саяси және экономикалық салалар жөнінде пікір алыстық. Ұстанымымыздың жақындығы бізге көпжақты құрылым аясында ынтымақтасуға мүмкіндік береді. Бүгін екі ел ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, спорт саласындағы қарым-қатынасқа қол қойды. Қатынастар өседі, өркендейді деп білеміз. 

Сенегал – Батыс Африкада орналасқан іргелі мемлекет. Тұрақты дамып келеді. Көрші-қолаңға қарағанда көші әлдеқайда ілгері. 

Қазір Атлант мұхиты жағалауында кен орындарын іздестіруде. Сондықтан Қазақстанның тау-кен өнеркәсібін дамытудағы тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр. 

Маки Салл, Сенегал Республикасының Президенті 

-Сенегал жуырда бірнеше кен орнын ашты. Сондықтан тау-кен өндірісін дамыту бағдарламалары шеңберінде Қазақстанның тәжірибесін пайдалануға ниетті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен ауыл шаруашылығы, азық-түлік мәселелері төңірегінде де әңгімелестік. Бұл салалардағы Қазақстан тәжірибесі біз үшін пайдалы болады деп есептеймін. 

Маки Салл Сенегал Қазақстанның барлық бастамаларын қолдайтынын жеткізді. Мәселен, 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақ елінің кандидатурасын қолдады. 

Бұдан бөлек, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру бастамасын жоғары бағалады. 

Біздің елдің терроризм мен экстремизмге қарсы бірыңғай әлемдік жүйе құру идесын да құптайды. Енді «ЭКСПО» көрмесіне қатысатынын мәлімдеді.

Осылайша Азия мен Африкаға жол ашқан серіктес елдердің жоспары жарқын. 

Нұрсұлтан Назарбаев қара құрлықтың келешегі зор екеніне сеніммен қарайтынын айтты. Демек, «Бізге де алдын ала қамданып қойған абзал», – деді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Африканский континент это в целом резерв нашей планеты. МЛРД населения. Обширные богатства страны, развивающиеся молодой континент который очень сильно будет развиваться и желательно нам Казахстану во время оказаться в свое время на этом месте и расширять наше сотрудничество. Считаю что в 21 веке у Африканского континента большое будущее. 

Саяси-экономикалық байланыстарға қарағанда Астана мен Дакар спортта берік достық орнатқан. 

Сенегалдың спортшылары қазақ футбол клубтарында ойнаса, отандастарымыз Ралли Дакарда өнер көрсетіп жүр. Бұл да кемел келешекке бастайтын жол. 

Екі елдің саяси көзқарастары ұқсас. Ең бастысы – тұрақты қатынас орнату.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Мұхтар Ыбырайым 

3. Президент Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевті қабылдады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының табысы артты. Биылғы 4 айда активтердің кірісі 2,2 пайыз болған. 

Ұлттық банк жариялаған деректерге сүйенсек, қазір қордағы қаражат көлемі 5,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 29 пайызға көп. 

Биыл зейнетақы салымдарының 1 трлн 450 млрд теңгесі бірнеше бағыттарды қаржыландыруға берілді. 

Ол нақтырақ айтқанда мемлекеттік және квазимемлекеттік құнды қағаздарды сатып алуға, сыртқы нарықтардағы инвестициялар үшін шетел валютасын иемденуге, сондай-ақ отандық шағын және орта кәсіп иелерін қолдауға жұмсалады. 

Осы аптада Ұлттық банк төрағасы Елбасы қабылдауында болып, өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. 

Данияр Ақышевтың айтуынша, жыл басынан бері еліміздің қаржы нарығындағы жағдай біршама тұрақталған. 

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы 

-Былтыр қаржы саласындағы жағдай күрделі болды. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде қалыптасқан ахуал біршама реттелді. Қазір экономиканы несиелендіру жүйесінің жанданғаны байқалады. Президент бұл бағыттағы жұмыстарға екінші деңгейлі банктердің қатысуын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ ұлттық валюта бағамының күрт ауытқуына жол бермеуді және жыл соңына дейін инфляция деңгейін төмендетуді жүктеді. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің алдында инфляцияны биыл 6-8 пайызға дейін төмендету міндеті тұр. 2017 жылға арналған жоспар да осы деңгейде. 

Ал 2018 жылы оны 5-7 пайызға, 2020 жылға қарай 3-4 пайызға дейін азайту межеленген. 

4. Президент Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбековті қабылдады

Даму қарқыны бойынша Астана елімізде көш бастайды. Өңірлік жалпы өнімінің көлемі 4 трлн 560 млрд теңгені еңсерді.

Әсіресе шаһардың инвестициялық тартымдылығы артып келеді. Былтыр негізгі капиталға 770 млрд теңге салынған. 

Шағын және орта кәсіп иелері 105 мыңға жетіп отыр. Олардың қала экономикасындағы үлесі 62 пайыздан асады. Жан басына шаққандағы орташа табыс көлемі 3,7 миллион теңгеге жеткен. 

Бұл деректер Елбасының Астана әкімі Әділбек Жақсыбековті қабылдауы кезінде айтылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті 

-Много разговоров было что мы здесь тратим очень много денег. Действительно мы посмотрели, что общие затраты получились 6 триллионов тенге из них 4 триллиона это частные вложения. Можно сказать, что капиталовложения было очень эффективными и возвращаются. Столица она должна показывать пример всем во всех направлениях. Город  развивается уже собственные деньги на развитие имеются и будет дальше расти. 

Әділбек Жақсыбеков Президентке алдағы жоспарлар мен қаланың өсіп-өркендеуі жайында егжей-тегжейлі баяндады. 

Оның айтуынша, «Ақылды қала» жобасы, баламалы энергетиканы дамыту жұмыстары қазір өз жемісін бере бастаған. 

Жұмыссыздықпен күрес те нәтижелі. Қалада қазір 6 мың бос жұмыс орны бар. Әлемдік экономикадағы күрделі ахуалға қарамастан елордадағы құрылыс қарқыны бәсеңдемеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті 

-Ввод жилья в этом году ожидается 2 миллиона 100 тысяч квадратных метров, а если брать 2014 год  всего около миллиона квадратных метров. Эти показатели столицы очень радуют всех нас и являются результатом очень серьезной работы и государства, конечно, и акимата прежде всего. Но эту работу надо продолжать. 

5. Президент ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменовті қабылады

Сондай-ақ осы аптада Президент Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті қабылдап, 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Елбасы ақынның ел ішіндегі татулық пен азаматтық келісімді нығайтуға қосқан ерік-жігерін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті 

-Бүкіл халқымыз, БАҚ Олжас Омарұлының 80 жасқа келуіне байланысты мерейтойымен құттықтап жатыр. Мен де қуаныштымын. Себебі біз екеуміз бір заманның адамымыз. «Зиялы қауым» деген халықтың түсінігінде әр уақытта білімді, білгір, тәжірибелі, халқының алдында жүретін, халқын бастайтын адамдар болып саналады. Елдің бірлігін, мемлекеттің мықтылығын сақтайды. Сондай зиялы қауымның бірі – өзіңізсіз. «Мынау ядролық қаруды не істейміз?», – деп тұрғанда Москвадағы генералдардың барлығы бізге қарсы болған кезде «Невада-Семей» қозғалысын бастап, ядролық полигонды жабуға маған зор көмек жасадыңыз. Сондықтан барлық зиялы қауымға, жастарға үлгі болып келесіз. 

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев отандық әдебиетті дамытуға айырықша үлес қосқаны үшін Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек ері» Алтын жұлдызын тапсырды. 

Ақын бұл жоғарғы марапатты бүкіл қазақ әдебиетіне көрсетілген құрмет ретінде қабылдайтынын айтты. 

Олжас Сүлейменов, ақын, қоғам қайраткері 

-Бәрін халқымыз, еліміз аман болсын деп жазғанбыз. Бүгін де осыны айтамын. Елдің болашағы жарқын болсын. Еліміз де, тіліміз де мәңгі болсын. Елбасымыз да аман болсын! 

6. Президент Қазақстанның халық әртісі С.Оразбаевты қабылдады

Елбасы Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаевты да қабылдады.

Отандық театр өнерінің дамуына және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Президент өнер майталманын І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті 

-Сый-құрметі неше түрлі рөлдерде, классиктерді қазақтың драматургиясының бәрін де жұмыс істеп келе жатырсыз. Әлі де аман болыңыз, елге қызмет істей беріңіз. Шын жүрегімнен құттықтаймын. Осы жылдары қазақтың мәдениетіне көп шаруа жасадық қой шын мәнінде. Өзіңіз білесіз, қанша театрларды облыстарда орнына келтірдік. Опера, балет театрының өзі үшеу болды. Астана, Алматы, Шымкентте. Басқаларын да жөндедік. Оқу орындарын аштық, бала тәрбиелеп жатырмыз. Сондықтан Астананың өзінде қандай театр салынды, қандай концертный залдар салынды. Осының барлығы өнер үшін ғой. 

Сәбит Оразбаев Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жарты ғасырдан астам уақыт еңбек етті. 100-ден астам рөлді сомдап, Қапан Бадыров, Қалибек Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге тұтастай қазақ театрының қалыптасуына, дамуына бір кісідей атсалысты. 

Сәбит Оразбаев, ҚР халық әртісі 

-Баяғыда бір бабамыз айтқан екен сексенге келдім, сан қызық көрдім, арманым жоқ. Айтатын сөзім айтылмай жерде қалған жоқ. Құдайға шүкір, 80-ге келген жасымызды бағалап, Елбасымыз сөзімізді жерге тастамастан аспанға көтеріп, кеудеме жарқыратып, мінекей, орден тақты. Алғысым шексіз. Еңбегіме баға беріп, театрыма сәлем айтып жатыр. Содан кейін театрымыздың жай-күйін сұрады. 

7. Президенттің Мысыр мен Франция елдері басшыларына жолдаған көңіл айту жеделхаты

Бейсенбіге қараған түні Мысырдың EgyptAir әуекомпаниясына тиесілі А320 ұшағы апатқа ұшырады. Парижден Каирге бет алған аэробус қонуға 20 минут қалғанда радардан жоғалып кеткен. 

Әзірге апаттың себебі белгісіз. Мысыр билігі қайғылы оқиғаға лаңкестердің қатысы болуы мүмкін деген жорамалды да жоққа шығармайды. 

Ұшақтың бөлшектері Грекияның Карпатос аралына жақын жерде Жерорта теңізінен табылды. 

Қазір сол маңда іздестіру шаралары жүргізілуде. Оған Мысырдан бөлек, Грекия, Ұлыбритания, Франция, Кипр, Италия және АҚШ-тың арнайы күштері қатысып жатыр. 

Айта кетейік, әуе кемесінің бортында барлығы 66 адам болған. Оның 10-ы экипаж мүшесі, ал үшеуі – бала. Жолаушылардың басым бөлігі – Мысыр және Франция азаматтары. 

Апатқа байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр және Франция елдерінің басшыларына көңіл айту жеделхаттарын жолдады. 

Жеделхатта Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтқан. 

8. Келеңсіз әрекеттерге жол бермеу

Айдың басында Жер кодексіндегі түзетулерге Елбасы мораторий жариялады. Комиссия құрылды. Алайда осы жағдайды өз мақсатына пайдаланып, арандатпақ болғандардың пиғылын аңғару қиын емес. Әлеуметтік желілерде халықты көшеге шығуға үндеген жазбаларды кездестіреміз. 

Ал кеше Алматыда жедел іздестіру шарасы кезінде Тәуелсіздік және Астана алаңының маңынан жанармай құйылған бөтелкелер, арматура кесінділері мен бензин құйылған канистрлер табылды. 

Қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл заттарды белгісіз біреулер алдын ала дайындап, 5 жерге жасырып қойған.

Сондай-ақ заңсыз митингілер ұйымдастыру мен оларға шығуға үндегендер Қазақстанның басқа облыстарында да ұсталды. 

Мысалы, Қарағанды көшелерінде 21 мамырда алаңға шығуды үндейтін парақшалар жабыстырып жүрген 22 жастағы жігіт тергелуде. Оның есімін облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі әзірге айтпады. 

Тек белгілі болғаны күдіктінің сөмкесінен діни кітаптар мен көпшілікті заңсыз әрекеттерге шақыратын хабарландырулар табылған.

Алматы полициясы Тәуелсіздік алаңын қоршауға алды деген хабар алдымен әлеуметтік желілерде тарап кетті. Одан соң полицейлердің алаң маңынан жанармай құйылған бөтелкелер мен арматура кесінділерін тапқаны жайлы суреттер жарияланды. 

Ал түсте қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері брифингте алаңнан шынында да қауіпті заттардың анықталғанын растады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі 

-Басқарма қызметкерлері қаламыздың 5 жерінде орналасқан өзге біреулердің қалдырған заттарын айқындаған болатын. Дәлірек айтатын болсақ, бұл жанармай құйылған бөтелкелер. Сонымен қатар темір-терсектер алдын ала дайындалған. Жанармай құйылған канистрлар табылған болатын. 

Сондай-ақ Алмалы және Медеу аудандарындағы екі пәтерден Макаров және ТТ тапаншасы, шолақ аңшы мылтығы мен бірнеше граната, 5 миллион теңге табылған. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі 

-Аталмыш факт ҚК 287-бабы бойынша тіркелген болатын. Яғни қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстарға қатысы бар 5 тұлға сезікті ретінде ұсталды. Олар Ішкі істер органдарына жеткізіліп, сұрақ-жауап алынуда.

«Қару мен жарылғыш заттар сақтаған деген күдікпен ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына жабылды», – деп хабарлады Алматының ІІД. 

Ұсталғандардың екеуі – Алматы қаласының, екеуі – Алматы облысының, ал біреуі – Павлодар қаласының тұрғыны.

Ал осы кезде Батыс Қазақстан облысында WhatsApp арқылы бір-біріне мынадай мағынадағы хабарламалар жіберіп, Қылмыстық кодекстің ауыр бабы бойынша кінәлі деген күдіктілер ұсталды.

Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, бұл БҚО тумалары Жанат Есентаев пен Исатай Өтеповтың бір-біріне жазғаны. Олардың диалогын көріп қалған облыс тұрғыны «Абырой» қоғамдық бірлестігінің мүшелерін заңсыз тәртіпсіздіктер өткізуге әзірленгені үшін жауапқа тарту туралы өтініш жазады. 

Бұған қоса, олардан заңсыз митингілер өткізу кезінде пайдалануға болатын заттар тәркіленген. 

Тергеушілердің мәліметінше, Есентаев бұған дейін де Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысқан радикалды пиғылдағы адамдарды қолдағаны анықталған. 

Өтепов те заңсыз митингтерді қолдап ашық айтып жүрген. Сарапшылар тінту кезінде табылған дәлелді заттарды зерттеуде. 

ҚК 24 және 272-баптардың 1-бөлімдері – «Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу», сондай-ақ «Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру» бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Асылай Ғұбашева, БҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі 

-Жер мәселесіне қатысты пікірлерді бейбіт тұрғыда айту үшін жиналуды желеу қылған арандатушылардың бұл әрекеттерінің артында украиндық сценарий бойынша алдын ала дайындалған заңға қайшы әрекеттері, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, топтасып бұзақылық жасау мен жаппай тәртіпсіздіктер орнатуға бағытталған. Ал бұл олардың алдауына ерген адамдарға кесірін тигізуі мүмкін. Құқық қорғау органдары WhatsApp арқылы шабуылдау құралдары мен спирттік ішімдіктер әзірлеу жайлы хабарландырулар жазылғаны анықталды. Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалу дерегі бойынша, ҚК 24-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қарап отырсақ, ұсталғандардың бұрын-соңды сотталғаны анықталып отыр. Қазір әлеуметтік желілерде халықты алаңға шақырған түрлі хабарламалар жариялануда. 

Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов азаматтарды заңсыз митингіге қатысты түрлі араңдатулардан сақ болуға шақырды. 

Ведомство басшысының айтуынша, Жер кодексі туралы әркім ойын бүкпесіз айтып, пікір білдіре алады. Алайда заңсыздыққа жол берілмейді. 

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры

-Қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін ел азаматтарын мұндай арандатуға бой бермеуге, азаматтық ұстаным мен жауапкершілік танытуға шақырамын. Прокуратура туралы Заңның 25-бабын басшылыққа алып, заңсыз митингке шақыру, оны ұйымдастыру, тіпті оған қатысудың өзі әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертемін.

Ал тұрғындардың өздері: «Егер құқық қорғау органдары көшелер мен аулалардағы бейнекамераларды бақылап, солармен жұмыс істесе, мұндай ұйымдастырулар көпшіліктің емес, бірен-саран теріс пиғылды адамдардың әрекеті екеніне айғақ таба алады», – дейді.

Ерлан Әскербеков, блогер

-Сәуір айының аяғында митинг ұйымдастырмақ болған топтардың жетекшілеріне айтарым, егер жер туралы айтатындары болса, арнайы құрылған комиссияға хабарлассын. Қазір оның мүшелері белсенді жұмыс істеп жатыр. Мұндай ақылдасу кеңесінің құрылғанының өзі  бұрын болмаған жағдай. Осыны түсінбейтіндеріңе қайран қаламын.

Мысалы, Астанада жүргізушілер құқығын қорғайтын «ОСА» ұйымының жетекшісі Руслан Лазутаға WhatsApp арқылы 14 мамырда хабарландыру келіпті. 

Онда оған: «Қоғамдық бірлестіктің жетекшісі ретінде заңдылықты қаласаңыз, шерулер мен шараларға плакаттар мен ұрандар ұстап шығып, көлік жүргізушілерін де тартыңыз», – деп ұсынылыпты. 

Алайда Руслан Facebook парақшасында өзінің азаматтық позициясын айқын былай деп жариялапты.

Руслан Лазута, Жүргізушілердің құқығын қорғау ұйымының жетекшісі 

-Ұйым жетекшісі ғана емес, азаматы ретінде елімізде берекесіздіктің болғанын қаламаймын. Тыныштықтан артық ештеңе жоқ. «Мұндай шаралар сырттан қаржыландырылады», – деп ойлаймын. Мысалы, Украинаның сценарийі бойынша ұйымдастыруға тырысулары мүмкін. Кім біледі не ойлағандары бар екенін. Айтпақшы, Украинадағы жағдайлар кезінде «Автомайдан» деген топ  алаңдарға шығып, полицейлерді жібермей, жолдарды жауып, араласқан. 

Арматура кесінділері мен қару тығылған жерлер туралы ақпарат – мұқият азаматтардың хабарлауының арқасында табылды. 

Ал осы табылған қару-жарақ бойынша ұсталғандардың барлығы – тонау, зорлық-зомбылық және есірткіге қатысы бар екені анықталды. Осының өзі ойланарлық жай.

Авторлары: Ақбөпе Бәкір, Ұлан Нарынбек 

9. Жер реформасы жөніндегі комиссия өз қызметін бастады

Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысын бастағалы бері Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан штаб құрылды. Call-орталық ашылды. Нөмірі – 1434. 

Қазіргі таңда 700-ден астам ой-пікір келіп түскен. Jerturaly.kz сайтына да ұсыныстар жіберіліп жатыр. 

Тағы бір ақылдасу алаңы – аймақтардағы қоғамдық кеңестердің отырыстарында да жер мәселесі талқылға салынады. 

Айтылған пікірлер кейін комиссияға жолданады. Әлеуметтік желілерде, ақпарат құралдарында жарияланған көзқарастар да қаперге алынады. Ал комиссия мүшелері маусым айында өңірлерді араламақ. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы 

-Келіп түскен әрбір сұрақ сараптан өткізіледі, комиссия құзіретіне жатпайтын мәселелер болса, олар сарапталып, қажетті органдарға жіберілетін болады. Яғни әрбір келген ұсыныс қараусыз қалмайды. Жер мәселесіне қатысты ұсыныстардың барлығы комиссияның қарауына шығарылады. Қалған сұрақтардың барлығы құзіретті органдарға жіберілетін болады. 

Сонымен бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Пікір сан алуан, бірақ мақсат бір. 

Комиссия мүшелерінің қай-қайсысы да мәселені ақылмен шешкенді қалайды. Отырысқа келген журналистердің де қарасы көп. 

Сондай-ақ жиынның өзі интернет арқылы тікелей көрсетілді. 

10. Жер – тағдыры, ел – тағдыры

Комиссияның екінші отырысы айтқан уақытта, келісілген күні өтті. Кеңес мүшелері әдеттегідей алдын ала кешігусіз келіп жеткен. 

Бұл жолы 75 адамның 7-еуі жиынға келмеді. Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев олардың кейбірі денсаулықтарына байланысты қатыса алмаса, бірі отырысқа келуден бас тартқанын жеткізді. 

Сондай-ақ ел арасында комиссия уәкілеттілігіне сенімсіздік танытқандардың бар екенін айтты. 

Төраға олар үшін Елбасы айтқан тапсырманы тағы да естеріне салып, кеңес құзіретін түсіндіріп берді. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы 

-Біздің комиссия Парламент емес заң қабылдайтын. Біздің комиссия Үкімет емес қаулы қабылдайтын. Біздің мемлекеттік орган емес, өзінің бұйрығын қабылдап, мөрін басатын. Яғни бізге Парламентке ұсыныс енгізуге мүмкіндік берілді. Құзірет берілді сондай. Біз сол құзіретімізді, уәкілеттілігімізді пайдаланып, Парламентке өздеріңізбен бірлесе отырып, ұсынысымызды береміз. 

Өткен жолғы кездесу 7 сағатқа созылып, қатысушылардың барлығы өз ойларын айтқан еді. 

Ал бүгін отырғандар жалпыдан жалқыға ауысып, жерді сату мәселесін ғана саралады. 

Пікір айтудан бұрын 4 жұмыс тобын басқаратын жетекшілерді сайлап алды.

Сонымен экономикалық бағыттағы жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев болды. Заң аясындағы құқықтық жұмыс тобын Мұхтар Тайжан басқарады. 

Ақпараттық түсіндірумен айналысатындарды Мұрат Әбенов жетекшілік етеді. Ал рәсімдердің ашықтығын қамтамассыз ету мәселесі бойынша төраға болып саясаткер Дос Көшім тағайындалды. 

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, комиссия мүшесі 

-Бірігіп-бірлесіп жұмыс істейік, бұл азаматтарға біз көмектесейік. Жан жақты тәжірибеміз бар. Қандай жерде қандай кемшіліктер бар бәрін біліп отырмыз. Сондықтан көмектесейік. Жас азаматтар кіріссін. 

Жұмыс тобының бірде-біреуіне билік өкілдері не шенеуніктер жетекшілік етпейтін болды. 

Дауыс беру аяқталысымен кеңес бірден жерді сату мәселесін талқылауға көшті. 

Алдымен Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов өткен аптадағы пікірталас толығымен сарапталғанын айтты. 

Барлық ұсыныстар ескеріліп, олар арнайы стеннограммаға салыныпты. Оған қоса бір апта ішінде аймақтардан 1300-ге жуық қоңырау шалынған. Қарапайым халық ұсынысы да жерде қалмағанын жеткізді. 

Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі 

-Хабарласқан азаматтардың 73 пайызы, яғни 896-сы жеке тұрғын үй салуға қатысты мәселе көтерген. Яғни бұл сұрақтар бiз талқылап отырған нормаларға тiкелей байланысты емес. Азаматтар жеке тұрғын үй мәселесiн көтерiп отыр. 

Өткен жолғыдай емес, бүгін әрбір қатысушы нақты ұсыныстарымен келген.

Мәселен, Берік Әбдіғали жайылымды жерлерді мүлдем сатуға болмайды деген пікір білдірді. 

Берік Әбдіғали, саясаттанушы, комиссия мүшесі 

-Бұны сатсақ, ертең ауылдарда қақтығыстар орын алуы мүмкін. Халық та: «Жер жекеге өтсе, мал бағатын орын қалмай қалады», – деп қорқуы мүмкін. Ал егін шаруашылығына келсек, бірқатар жылдар бойы өңделіп жатқан жерлерге келсек, оны сатуға болады деп есептеймін. 

Кейбір комиссия мүшелері: «50 гектарға дейін жерді жалдап отырғандарға оны тегін беру керек», – деп есептейді. Бұл шашамен 120 мыңдай шаруа қожалығы. Алайда оны алмас бұрын бірнеше шарттар орындау тиіс. 

Мұхтар Тайжан, «Болатхан Тайжан» атындағы қордың президенті, комиссия мүшесі 

-Жерді жекеменшікке алмас бұрын, ол жермен бес жыл жақсылап айналысу керек. Сосын комиссия құптағаннан кейін жекеменшікке беруге болады.

Ауыл шаруашылығы саласын жегідей жеп отырған тағы бір мәселе – ол жер құнарлығын анықтайтын тәсілдің ескіргені. Шаруалар оны да тез арада шешу қажеттігін жеткізді. Қазір құнарлықты тексеретін заманауи құралдар бар. Бірақ еліміз әлі оған көшпеген. 

Әуезхан Даринов, «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ төрағасы, комиссия мүшесі 

-Мынау жерді тиімді пайдалану ережесі бар. Сол жерді тиімді пайдалану үшін Ақмола облысында, Қостанай облысында, Қарағанды облысында фермерлер сотталып отыр. Осыны жақында шешу керек. 

Алқалы жиында жердің шетелден келген қандастарымызға сату мәселесі де көтерілді. Бұл да заң аясында қордаланған тұстарының бірі екен. 

Саха Манатов, шаруа  қожалығының  басшысы (Жамбыл облысы), комиссия мүшесі 

-Мен өзім Жамбыл облысының тұрғынымын. Жамбыл облысында 270 мың қандасымыз тұрады. Яғни Қазақстанда дүниеге келмеген қазақтар. Сонда біз  270 мың қандасымыздың құқығын шектейміз бе? Осы мәселені жақсылап қарап, дұрыс шешім қабылдауымыз керек. 

Ауыл шаруашылығында жастарға да мүмкіндік беру қажеттігі айтылды. Шаруа қожалықтарының иелері қазір өздерінен кейінгі буынның жерге деген талабы таудай екенін айтып отыр. 

Александр Поляков, шаруа қожалығының жетекшісі (Павлодар), комиссия мүшесі 

-Мен соңғы кезде жерді игеруде жастардың құлшынысы жақсы екенін айтқым келеді. Заңда оларға да жеңілдік қарастырып, шаруашылықпен айналысуына мүмкіндік берейік. Бірден сатып алсын деп емес, алдымен 10-15 жылға жалға алып көрсін. Қаражат жинасын. 

Бұқара халықтың қалтасына қарап құжатты түзетуді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед те қолдайтынын білдірді. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары 

-Елбасы не үшін мораторий жариялап отыр? Мынау талқылап отырған заң жобасында шикіліктер көп. Соның бірі: «Қазақстан азаматтарына жерді жекеменшікке сатуға болады. Бірақ жалға беруге болмайды», – дейді. Осы уақытқа дейінгі қолданылып отырған Кодексте жалға беру де, жекеменшікке беру де болған. Сондықтан қазақстандықтар үшін жалға да, сатуға да берілуі керек. 

Саясаткер Айдос Сарымның айтуынша, бізде қазір «бере берсе, ала берсек» деген түсінік туындап отыр. Заңда барлығын қамту оңай, ал оны орындалуы бойынша олқылықтар туындауы мүмкін. 

Айдос Сарым, саясаттанушы, комиссия мүшесі 

-Бүкіл мәселе айналып келгенде заңнан туындаған жоқ. Конституциядан туындаған жоқ. Мәселе осының атқарылуында. Кез келген заң оның атқарылуында. Конституциямыз керемет. Одан артық Конституция жоқ. Бірақ мәселе оның орындалуында ғой. 

Комиссияның екінші отырысы да жүйелі диалогпен, сабырлы көзқарас білдірумен аяқталды. Бірақ кейбіреулер: «Астанада жинала бермей келесі отырысты аймақтарда ұйымдастыру дұрыс», – деді. 

Оған комиссия төрағасы алдымен кеңес жұмысын бір жүйеге келтіру қажеттігін түсіндірді. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы 

-Елге шығар алдында өзіміздің бір позициямызбен және ұсынысымызбен шығуымыз қажет. Оған дейін жай аралап шығу ерте деп ойлаймын. Өйткені өңірлерде де бізден сондай күтіп отыр немесе келеміз қандай ұсыныспен келеміз. Олардың да пікірлерін жинап үлгеріп оны да ортада талқыға салып жатамыз.

Жиналыс аяқталса да жаңа сайланған жұмыс тобының басшылары кетуге асықпай тұр. 

Бақытжан Сағынтаевтың айналасына жиналып, алдағы жұмыс жоспарларын тәптіштеуде. 

Басқосу үш жарым сағатқа созылды. Бұл уақыт аралығында 38 комиссия мүшесі түйген білгенін ортаға салды. 

Айтылған ойдың барлығын алда жұмыс топтары біртіндеп қарауға алып, өз шешімдерін шығарады. Пікір сан алуан болғанымен, мақсат бір екенін байқадық. 

Жиналғандар жер мәселесін революциялық тұрғыдан емес, эвалюциялық жолмен шешуді көздейді. 

Авторы: Эльвира Тағайқызы 

11. Есеп комитеті қаржыны қалай кәдеге жаратуда?

Осы аптада Есеп комитеті 2015 жылғы бюджеттің атқарылуын жариялады. Барлығы 7,8 млрд теңге игерілмей қалыпты. Оның ішінде Орталық мемлекеттік органдар 7,3 миллиардты, жергілікті атқарушы органдар 489,7 миллион теңгені қажетіне жаратпаған. 

Қазіргі қиын экономикалық ахуал естен шығып, 232 млрд теңге тиімсіз жұмсалған. 

Ең өкініштісі сол, 475 млрд теңге болатын қаржылық бұзушылықтар анықталған. 

«Басқа жылдармен салыстырғанда биыл бюджет қаржысын кәдімгідей кәдеге жараттық», – деп жұбатты Қаржы министрі. 

Сонымен «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы нәтижелі аяқталып, «Нұрлы жол» жалғасқан. 

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі 

-«Саламатты Қазақстан» бағдарламасында 2015 жылы 74 млрд теңге пайдаланылды. Барлық 8 индекатор бойынша нәтижелерге қол жеткізілді. 66 объекті салынды, 745 органдарды трансплантациялау жүргізілді. «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша өткен жылы 4385 микрокредит алды. 4мың 114 адам өзінің меншікті ісін ашты. 13 мың адам қайта оқытудан өтті. 10 мыңы тұрақты жұмыс орнына орналасты. 

12. «Судың да сұрауы бар»

2014 жылы бекітілген бюджеттің 32 млрд теңгесі игерілмеген. Салыстырсақ, 2015 жылы бұл көрсеткіш жақсарған. Жұмсалмай қалған қаражат соммасы – 7,8 млрд теңге. Бас қаржыгер өз есебінде осындай мәлімет айтты. 

Алайда цифрларды мұқият тыңдаған депутаттар қынжылып қалды. Өйткені дәл осы 2015 жылдың бюджеті екі рет қызу талқыланып, нақтыланды.

Теңгенің құнсыздануына, мұнайдың арзандауына байланысты кей маңызды жобалар жоспардан сызылып еді. 

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Бас прокуратура былтыр 108 млн қаржыны сый-сияпатқа жұмсаған. Құқықтық мекемеміз кімге не беріп жатыр? Нені үлестіріп жатыр? Конституциялық кеңесте 30 адам істейді. Біреулерге сыйлыққа 65 млн ақшаны шығындаған. Неге сол кезде оптимизацияға жатпай қалған? Бұл не деген шығын?

Сұраққа жауап болмады. Жауапсыз қалған сауалдардың тағы бірі – салынып жатқанына 10 жылдан асқан Семейдегі медициналық университеттің жатаханасы. Құрылыс неге аяқталмайды? Бұған да ешкім жарытып жауап бермеді. Есеп комитетінің өкілі де осындай мысалды келтірді. 

Жансейіт Сәрсенқұлов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өкілі 

-Мектеп биыл біту керек. Ол ақшаны толық берген. Бірақ мектеп бітпеген. 600 млн қаржы қосымша болып отыр. Қаржысын уақытында игермегеннен кейін қымбаттайды Оған тағы ақша сұрайды.

Миллиардтаған теңгені кәдеге жарата алмаған министрліктер мыналар: Ішкі істер министрлігі – 3,4 млрд, Президент ісінің басқармасы – 0,8 млрд, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілі – 0,7, Ауыл шаруашылығы министрлігі – 0,7, Ұлттық экономика министрлігі – 0,6, Қаржы министрлігі – 0,5 млрд.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Қаржы қалтада қалады деп кемшіліктерін жеңілдетеді. Содан алатын мультипликативті тиімділік деген болады. Оған жетпедік. Соны санасақ мемлекетке зияны бар. Бұған тікелей айыпты – бюджеттік әкімшілер. Сол қаражатты бірінші өздері тапсырыс беріп алып, оның механизмін жетілдірмей, игеретін тәсілдерін ойластырмай, қаржы тағы да тысқары қалып қойды. 

Депутат Нұртай Сабильяновты республикалық бюджетке түспеген салықтар саны таң қалдырды. 

«484 мердігер мемлекет қаржысын алған, бірақ нәтижелі жұмыс істемеген», – дейді ол.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 409 млрд қаржы жұмсалған. Содан 130 млрд салық алынбаған. Яғни бізде мемлекет тарапынан осы қаржыны бақылау өз деңгейінде жүргізілмей жатыр деген сөз. 

Осы «Нұрлы жол» бағдарламасына 2015 жылы Ұлттық қор 71 млрд теңге бөлген. Бұл қаражат екі арнайы экономикалық аймақтың құрылысына берілген. Олар – Алматы облысындағы Қорғас шығыс қақпасы, енді бірі – Атырау облысындағы ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі.

Өкінішке орай Алматы облысында 68 нысан аяқталмаған. Атырауға тиесілі қаржының 21 млрд теңгесі қалдық ретінде қалған. Бұл мәліметті де Нұртай Салихұлы айтты.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Біз комиссиямен қарағанда бәрі жақсы, бәрі керемет, бәрін игереміз деген болатын. Қорытындысы олай болмай шыққан.

Өткен жылы доллар бағамы қайта-қайта өзгеріп, кәсіпкерлер тығырыққа тірелген. 

Осыны ескерген Ұлттық қор «Байтерек» холдингіне, Қазақстан Даму банкіне, Қазақстан ипотекалық компаниясына, «Бәйтерек» деволопментке ақша берген. Бұл ұйымдар сол қомақты қаржыны қайда, қалай жұмсағандарын тізіп, Ұлттық банкке есеп берген. 

Есептен білгеніміз, қаражат өз мақсатына жұмсалған. Яғни әлсіреп тұрған бизнесті жандандырған. Кәсіпкерлердің қымбат кредиттерін жабуына мүмкіндік жасаған. 

Владимир Тельнов, экономист сарапшы 

-Экспорт өткен жылы 40 пайызға азайды. Әрине, ол біздің бюджетке, кіріске әсер етті. Сондықтан біздер бұл тығырықтан шығудың қандай да бір амалын табуымыз керек болды. 

Экспорт мәселесін шешу үшін Ұлттық қор «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Даму банкіне 50 млрд теңге берген. Ол қаржының игілігін 10 кәсіпорын көрген. Олар тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібімен айналысатындар. Арасында сапалы сары фосформен Еуропа нарығын 90 пайыз толтырып отырған «Қазфосфат» кәсіпорны да бар. 

Абай Сарғұлов, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары 

-Бұл бағдарлама біздің экспортерлердің нарықта өздерін сақтауына көмектесті. Өткен жылғы дағдарыс, ақшаның құнсыздануынан кәсіпкерлер жаңа инвестжобаларын тоқтатты. Олар негізінен қайта қаржыландыруға мұқтаж болып тұрды. Үкімет оларға көмектесті. Яғни қайта қаржыландыруды 25 пайызға көтерді. 

Қазақстан Даму банкі Ұлттық Қор 2014 жылы берген 50 млрдты 2015 жылдың желтоқсанында, ал 2015 жылы берген 50 млрдты биылғы жылдың наурызында игеріп бітті. 

Отандық экспорттаушыларды қолдауға Ұлттық қордан биыл тағы қосымша 15 млрд теңге бөлінді. Енді Есеп комитеті жұмыс тәсілін өзгертеді. Ақшаның жұмсалуын іс біткеннен кейін емес, істің барысында бақылауды қолға алады.

Жансейіт Сәрсенқұлов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өкілі 

-Біз қаржы бөлініп, жұмсалған кезде арттан жүреміз. Біз 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік аудитке өттік. 2017 жылдан бастап қаржыны жоспарлаған кезде қарап, өз бағасын беретін боламыз. 

Ал Омархан Нұртайұлы: «Бізде бақылау бар, нәтиже жоқ», – дейді.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Бақылаудан кенде емеспіз. Мәселе сол бақылаудың қорытындысын іске асыруда. Атқарушы биліктің құлағы жауыр боп кеткен сияқты. «Әй, мынау айтып жатыр ғой, түзетейік», – деген іс-қимылды байқамайсың.

Сонымен сөздің тобықтай түйінін айтсақ. Мемлекет қазынаның ақшасын аямайды. Миллиардтап бөледі. Тек оның жанашырлықпен жұмсалмайтыны аянышты. 

Авторлары: Мақпал Мадиярова, Марат Тоқмағамбет

13. «ҚазМұнайГаз» жаңа өзгерістер енгізе бастады

«Қазмұнайгаз» өрелі өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Қазір компанияны трансформациялау жүріп жатыр. Діттеген мақсат – өндірісті өркендету. Ол дегеніміз – мұнай өндірудің, өңдеудің, тасымалдаудың, кен орындарын игерудің тиімдігін арттыруға талпыну. 

Соның аясында стратегиялық, инвестициялық, бизнес жоспарлау сияқты бірқатар салалар жақсарады. Бірін-бірі қайталап келген қызметтер жойылады. 

Әрине, «ҚазМұнайГаз» жұмысын мейлінше тиімді ете түсу оңай емес, мұны «ұзақ жол» деп сипаттауға тура келеді.

84 мыңға жуық адам қызмет ететін еліміздегі ең ірі «ҚазМұнайГаз» компаниясы жаңару жолында. Жылына 22 миллион тоннадан астам мұнай өндіретін компания өткен жылы трансформация жобасын іске асыра бастаған еді. 

Сол жоспар арқылы қарқынды қарекеттер бүгінде қуат алды. Мәселен, компанияда тендер өтіп, қажетті қондырғыны немесе құбырды сатып алу үшін 9 ай керек екен. 

Мамандар: «Кейде құбырлар бір айда қажет болып қалады. Сол кезде 270 күн күту мүмкін емес», – дейді. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қазір сатып алу жүйесіне өзгерістер енгізіліп жатыр. 

Глеб Люксембург, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары 

-Қазір біз жаңа құбыр алу үшін 276 күн қажет екенін білеміз. Сол себепті керекті затты біз артығымен аламыз. Бұл жүйе компанияға қаржы және уақыт жағынан тиімсіз. Сондықтан сатып алуды әлемдік әдіс бойынша 74 күнге қысқартуды көздеп отырмыз. 

Маманның сөзіне сенсек, жаңару сатысында «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорындардың қажеттелігін ескеріп, керекті құрылғыларға ортақ тапсырыс бермек. 

Бұл қадамға компания арқылы 10-15 пайыз жеңілдікке ие болып, ақшаны үнемдей алады. 

Сәйкесінше ол жабдықтармен мұнай өңдеу зауыттары жарақталады. Қазір Атыраудағы, Шымкенттегі және Павлодардағы зауыттарында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Данияр Тиесов, « ҚазМұнайГаз өңдеу және маркетинг» АҚ Бас директоры 

-Бүгінде біз Атыраудағы зауытқа жаңа қондырғы тұрғыздық. Ол ТМД елдері ішінде ең ірі жабдық. Онымен біз жылына шамамен 496 мың тонна параксилол өндіреміз. Мұнай – химиялы шикізатты ары қарай өңдесе жиһаз жабдықтарын және пластмасса алынады. Ол бағалы тауар болып есептеледі. 

Жаңғыру жұмысы аясында «Ембімұнайгаз» компаниясының 37 ұңғымасы толық автоматтандырылды. 

Дәлірек айтсақ, мұнай өндіру орындарына сандық аппараттар орнатылды. Қондырғы қазір қанша қара алтын шығып жатқанын және құбырлардың бүтіндігін қадағалай алады. 

Оны мамандар арнайы диспетчерлік орталықтан бақылап, дер кезінде шешім қабылдайды. 

Құрманғазы Есқазиев, «ҚазМұнайГаз барлау өндіру» АҚ бас директоры 

-Жаңа жүйеге өткеннен яғни 4 айдан бері электр энергиясын 37 пайызға үнемдеп отырмыз. Мұнай өнімі  3 пайызға жоғарылады. Бұл ұңғымалардың тұрақты түрде жұмыс істеуінен болып отыр.

Мұнай өңдеу зауытына жеткен шикізатты Астанадағы бақылау орталығынан көруге болады. 

Мамандар: «Мұнда еліміздігі жанармай қорын және оның қалай саудаланып жатқынын байқаймыз», – дейді. 

Мәселен, бір айда халық 250 мың тонна АИ-92 бензинін тұтынады екен. Соған орай «ҚазМұнайГаз» 270 мың тонна қорды да жинақтап отырады. Сол себепті жуық арада елімізде май тапшылығы туындамайды. 

Талғат Букобаев, «ҚазМұнайГаз өңдеу маркетинг» АҚ Диспетчерлік орталықтың директоры 

-Осы уақытқа дейін жанармай бекеттеріндегі ақпараттар жиынын таңертең кезекшілер ауысқан уақытта алатынбыз. Олар сатылған майды қолмен есептеп нәтижесін бөлімшеге жібереді. Бөлімше орталыққа, орталық бізге жөнелтеді. Сөйтіп бір күн өтетін. Бүгінде кез келген уақытта бекеттердің есебін көре аламыз. 

«ҚазМұнайГаз» компаниясы осы уақытқа дейін еліміздегі 321 жанармай бекетінің 151-ін жекеге жалға берген. Сондай орталықтың бірі Астана маңында орналасқан. Иесі Руслан есімді азамат. 

Ол өткен жылы «Самұрық Қазынаның» сайтына кіріп тіркеліп, құжаттарын жіберіп осы бекеттің қожайыны атанған. 

Руслан Шәкіров, «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС серіктесі 

-Әр айдың аяғында сатылған мұнай өнімінің белгілі мөлшері болады. Соны яғни жұмыс актісін «ҚазМұнайГазға» есеп түрінде өткіземін. Сол арқылы компания маған сыйақы береді. 

«Берілетін сыйақы көлемі көңілден шығады», – дейді кәсіпкер. Сондықтан осы бекетті алғанына еш өкінбейді. 

Ал «ҚазМұнайГаздың» өкілдері: «Енді жанармай бекеттерін жалға беруді тоқтатамыз», – дейді. Өйткені олардың жаңа жоспарлары бар. 

Данияр Тиесов, «ҚазМұнайГаз өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры

-Қазіргі уақытта біз жекеменшік жанармай бекеттері бар кәсіпкерлерді серіктестікке шақырғымыз келеді. Яғни бекет қожайынның иелігінде қалып, «ҚазМұнайГаздың» ортақ жүйесі бойынша жұмыс істесе дейміз. Көлік жүргізушілері Қазақстан бойынша тек біздің өнімді қолдануы керек. Түпкі мақсатымыз да осы. 

Трансформациялау барысында осындай жаңа әрі тиімді әдістер қолданысқа ене береді. Қазіргі күні «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына кіретін 7 ұлттық компания жаңғыру жолына түсті. 

Адамас Илькявичюс, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры 

-Біріншіден, қор өз қарамағындағы активтердің құнын көтеруді көздейді. Компаниялардың құнын арттырып, дамудың жолдарын айқындайды. Түпкі мақсатымыз – әкімшілік басқарушыдан инвесторға айналу. 

Жоспар бойынша 2020 жылға дейін «Самұрық-Қазына» қорына кіретін 7 компанияда жаңғыру жүйелі түрде жүрсе, 1 жарым триллион теңгеге дейін қаржы үнемделеді. 

Авторы: Сәкен Сейітханұлы