Хабар телеарнасы

Жеті күн 25.06.2016

Сюжеттер
1.Н.Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты 2. Елбасы «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді 3. Осы аптада Елбасы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
4. Мемлекет басшысы Астананың «жасыл аймағының» даму барысымен танысты 5. Елбасы Астана қаласындағы орталық саябақта болды 6. Жұмыспен қамту бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асып келеді 
7. Зейнетақы қорындағы қаржыны зейнет жасына жетпей алу мәселесі қаралып жатыр  8.«Самұрық-Қазына» компаниялар тобына кіретін 217 актив жекешелендіріледі  9. Допинг дауы

1.Н.Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді. Ресейлік белгілі журналист Михаил Гусманмен әңгіме кезінде Қазақстан Президенті ұйымның келешегіне қатысты өз пікірін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Считаю, что ШОС в евразийском пространстве очень важная организация. У нее есть несколько пунктов реализации: первое – это безопасность на этом пространстве, второе – это экономика и третье – это гуманитарное сотрудничество. И, конечно, в экономике присутствует транспорт – логистика через все наши страны. На встрече в Уфе мы договорились создать общую корпорацию по борьбе с терроризмом, это очень важно и это идет. Я предложил создать зону свободной торговли с Евразийским экономическим союзом и ШОС. Она рассматривается, поддерживается российской стороной.

Сонымен кеше Үндістан мен Пәкістан ұйымның мүшесі атанды. Оларды қатарға қосу шаралары былтыр Уфада өткен саммите бастау алған болатын. Сол кезде-ақ Қазақстан Президенті бұл екі мемлекеттің халықаралық беделі, тәжірибесі мен экономикалық мүмкіндіктері – бірлестіктің болашағы үшін маңызды деген еді. Біз Ташкенттегі жиынға сәлден соң ораламыз. Әуелі Президент сұхбатынан тағы бір үзінді тыңдайық. Шанхай ынтымақтастық ұйымы қандай болмауы керек?

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Наша задача заключается в том, чтобы ШОС не стал аморфной, бумажной, бюрократическое организацией, какой является теперь АСЕАН, не превратилась в такую организацию, в какую в свое время превратилось СНГ. Когда я говорю о Евразийском союзе, я тоже очень переживаю за это,  чтобы мы тоже не пришли туда же, кем они были. А не конкретной организацией, которая решает насущные проблемы государств - членов этой организации.

Еуразиялық транзит-көлік хабын құру. Ташкентте Қазақстан басшысы осындай ұсыныс айтты. Хаб - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше және байқаушы мемлекеттерді біріктіруі тиіс. Сондай-ақ, жиында терроризм, экстремизммен күрес мәселелері талқыланды. 

15-ші мерейтойлық, тарихи жиын. Ташкент тыңғылықты дайындалған. Қауіпсіздік күшейтіліп, орталық көшелерде қозғалыс шектелді. Саммитке ерекше көңіл бөлінді мұнда. Жергілікті халық үшін бұл күндері демалыс беріліпті. Оннан астам елдің басшысын қабылдау үлкен мәртебе, жауапкершілігі де мол. Оның сыртында, күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша ортақ шешімге келу тағы бар. Олардың негізгісі ұйымның аясын кеңейтуге қатысты. 

Алқалы отырыс Ислам Кәрімовтың резиденциясында өтті. Дәл осы сарайда Шанхай алтылығы «үлкен сегіздікке» айналды. Ұйымның керегесі Оңтүстік Азияға қарай кеңейді. Мемлекеттер басшылары жаңа мүшелерін қабылдаудың жай-жапсарын ортаға салды. Үндістан мен Пәкістанды бірлестікке толыққанды мүше етіп қосудың негізгі құжаттарын бекітті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Вступление Индии и Пакистана в нашу Организацию знаменует собой качественно новый этап развития ШОС, отражает рост ее авторитета и роли на международной арене. Принятие в будущем в ряды ШОС Ирана расширяет возможности нашего взаимодействия. С учетом вступления новых стран-членов ШОС объединит более 65 процентов территории Евразии, 45 процентов населения планеты, свыше 19 процентов мирового ВВП. 

Бұл екі мемлекет те үлкен нарық саналады. Ұйымның экономикалық әлеуетін айтарлықтай арттыруға қауһарлы. Мұны алты елдің басшысы білсе керек. Енді бірлестік мүшелерінің ортақ ұйғарымына сәйкес Иранды қабылдау шаралары басталады. Сөйтіп, Азияның басым бөлігінде ұйымның ықпалы артады. Осылайша, Қанат жайған құрылымның ауқымы Азияда 70, Еуропада 40 пайызға жетпек. Іргелі бірлестік жаһан жұртының жартысына жуығын қамтымақ.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

- Иран ШЫҰ-ы қызметінде байқаушы болып 2005 жылдан бері белсенді ат салысып жүр. Иран ядролық бағдарламасы реттеліп, БҰҰ санксиялар шырмауынан босатқаннан кейін Тегеран ұсынысын оң көзқараспен қарауға еш кедергі жоқ. 

Бұл бірнеше мемлекеттің ШЫҰ-на мүше болуы өңірдегі қауіпсіздікті күшейте түспек. Өзбек сарапшыларының пікірі осындай. 

Әлішер Сабиров, Сарапшы

-Егер Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-на толыққанды мүше болса, онда бұл бірлестіктің беделі арта түседі. Себебі, екі мемлекет те Азия өңірінде маңызды рөл атқарады. Халық саны да көп. Сондықтан өңірлік тұрақтылық пен бейбітшілікке қосар үлесі салмақты. Есесіне, осы екі мемлекеттің арасындағы түсініспеушіліктердің тігісін жатқызуға түрткі болмақ. Алып елдер мен шағын мемлекеттер тең дәрежеде дами алады деген сөз. Сондықтан ұйымның керегесі кеңейіп жатса бұл өңірдің қауіпсіздігі арта түседі деп есептеймін. 

Жиында алғаш болып сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар бастамалар көтерді. Еуразиялық көлік-транзит хабын құруды ұсынды. Президенттің пайымынша, бұл қадам ұйымға мүше елдер мен байқаушыларды біріктіруге ықпал етпек. Бірлестік шеңберінде еркін сауда аймағын құру экономикалық әлеуетті арттырмақ. Бұл ұсынысты мемлекеттер басшылары бір ауыздан құп көрді. Мәселен, Минск ұйымның батыс қақпасына айналуға әзір. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Широкие перспективы сотрудничества открывает сопряжение ЕАЭС и китайского проекта «Экономический пояс Шелкового пути». Предлагаю сформировать Евразийский транзитно-транспортный хаб, который объединит государства-члены и страны-наблюдатели ШОС. Со своей стороны, Казахстан уже приступил к реализации программы инфраструктурного развития, которая гармонично дополняет ЕАЭС и «Экономический пояс Шелкового пути». Эти проекту Казахстан уже обеспечила. 

Ұйым 15 жыл бұрын құрылды. Алайда Шанхайлық топ ретінде 1996 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алғашында Қытай мен КСРО-ның бұрынғы елдері арасындағы келіссөздер алаңы болатын. Аз ғана уақыттың ішінде енжар құрылымнан іргелі бірлестікке айналды. Қазір ШЫҰ тұтас өңірлік қауіпсіздікте маңызды рөл ойнайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Ключевое значение в обеспечении региональной безопасности имеет поддержка стабильности Афганистана. Приветствуем меры Кабула по налаживанию общенационального диалога и проведению политических реформ. Как участник Договора о нераспространении ядерного оружия, Казахстан выступает за возобновление шестисторонних переговоров по ядерной программе КНДР. 

Қазір ұйымға мүше мемлекеттерге төніп тұрған қауіп-қатерлер аз емес. Терроризм, экстремизм және есірткі айналымы - мәселенің төркіні. Дүниені сескендіріп отырған осы үш зұлымдықпен күреске ден қою - мақсат. Бұл орайда Қазақстан ұсыныстары сүбелі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Мы предлагаем  разработать и принять  Заявление ШОС о совместном противодействии международному терроризму. Актуальным шагом видится разработка и принятие Конвенции ШОС по борьбе с экстремизмом. Важно, чтобы религиозный экстремизм не отождествлялся с миролюбивым исламом и другими религиями. Выступаем за принятие Антинаркотической стратегии государств-членов ШОС на 2017-2022 годы и Программы действий к ней. 

Көкейкесті мәселелерді көшбасшылар екі күн бойы қызу талқылады. «Көксарай» резиденциясында бұл күндері ең маңызды түйткілдердің түйіні тарқатылды. Бей-ресми кездесулер көп. Әрбір сәтті ұтымды пайдалануға тырысқан көшбасшылар жеке-дара, екеуара жүздесіп жатты. Біреу көрісіп, біреу келісіп бақты. Саммит нәтижесінде 10-нан астам құжат қабылданды. Ұзақ мерзімге созылған Үндістан мен Пәкістанның ұйым құрамына өту жолындағы шаралар мәреге жақын. Ташкент саммитінің негізгі қорытындысы да осы.  Бұл екі мемлекеттің ұйымға толыққанды мүше болу үрдісі 2017 жылы аяқталмақ. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-С вхождением сегодня Индии и Пакистана это стало вообще глобальной организацией. Соединение этих государств через транспортно-логистические пункты между собой, открытие экономики, возрождение Шелкового пути это все дает Казахстану большие выгоды в будущем. Барлық докуметтерге қол қойдық, енді Шанхай ұйымының төрағасы Қазақстан болады. Ендігі жылы бізде жиналатын болады, ол кезде Иранды қабылдау мәселесін қараймыз. 

Саммит кестесі ресми кездесулерге толы. Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар елдің басшыларымен келіссөздер жүргізді. Қытай халық Республикасының төрағасы Си Цзинь-Пинмен екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Екі ел көшбасшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын қарастырды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар жайттар жөнінде пікір алмасты. Қытай Қазақстанның Астанада "Экспо-2017" көрмесін өткізу жөніндегі бастамасын қолдайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Хочу вам сказать что все 25 лет нашей независимости, каждый день, каждый год мы укрепляли наше доверие, добрососедство с КНР. И мы всегда будем продолжать этот путь. Потаму что, это одно из главных направлений нашей политики. Мы соседи, и мы чувствуем огромную поддержку Китая. Все эти годы за что я вам блогадарен. Пользусь случаем хочу поздравить с наступающим 95 летием Компартии Китая под руководсвтом которого Китай достиг сегоднешних вершин. И  ставит перед собой задачи вывести Китай в первые ряды самых развитих, великих государств мира.

Си Цзиньпин, ҚХР Төрағасы

-Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл. Бұл кезеңде мемлекет сіздің жетекшілігіңізбен егемендікті нығайтып, шекарасын шегеледі. Әлемдік саяси үдерістерге белсене қатысып, егенменді даму мен әлеуметтік-экономикалық реформалар жолында елеулі табыстарға жетті. Біз Қазақстан халқына, тұрақтылық пен дамуға бағытталған талпынысына әрдайым қолдау көрсетеміз.

Елбасы Пәкістан Президенті Мамнун Хусейнмен де жүздесіп, серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады. Ал Ауғанстан басшысы Мохаммад Ашраф Ғанимен екі жақты ынтымақтастық мәселелерін пысықтады. Өзара тиімді сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту жайы сөз болды. Тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қасиетті рамазан айында кездесіп отырмыз. Ораза айт деген мереке бар бәрімізге. Бәрімізге құтты болсын. Сіз білесіз, Ауғанстанды біз жақын туысқан ел деп санаймыз. Сіздің былтырғы сапарыңызда біраз мәселелерге қол жеткізілді. Қазақстан Ауғанстанға астық жіберіп жатыр. Біз соны келіскенбіз екеуміз. Үкіметаралық комиссия Кабулда кездесетін болады. Тағы да қандай қарым-қатынас жасауды олар келіседі. 

Мохаммад Ашраф Ғани, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті

-Президент мырза, Сізбен тағы қауышқаныма қуаныштымын. Ыстық лебіздеріңізге рахмет. Сізді де алда келе жатқан ораза айт мерекесімен құттықтаймын. Біз Қазақстанды маңызды серіктес деп санаймыз. Қазақстан мен Ауғанстанның  үкіметаралық комиссияның отырысын асыға күтеміз.

Мерейтойлық отырыс жоғары деңгейде өтті. Көшбасшылардың көңілінен аңғарғанымыз. Көтеріңкі көңіл күйде болды көпшілік. Арасында бой жазып, концертке де барды. Ұйымның 15 жылдығына арналған мерекелік кештің куәсі болды. 

Мұхтар Ыбырайым, Тілші

-Төрағалық тізгін Өзбекстаннан Қазақстанға өтті. Бұл жоғары миссияны Астана үлкен жауапкершілікпен қабылдады. Қазақ елі ұйымның дамуы мен нығаюына тың серпін бермек. Өңірлік қауіпсіздікті күшейту, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, көлік-транзиттік әлеуетті арттыру мен мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге ден қойды. Осылайша, Келесі жиын 2017 жылы маусым айында Астанада өтетін болады. 

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермебаев, Дулат Ентебеков

2. Елбасы «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді

«Қазір тізе қосып, ядролық қарусыздануды қолдаудың орнына біз қауіпті сезінеміз». Ресейлік журналист Михаил Гусманның «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР» манифесіне қатысты қойған сауалына жауап ретінде Нұрсұлтан Назарбаев осындай ой айтты.

Президент әуелі алпауыт державалар арасындағы сенімсіздікке тоқталды. Бүгінгі күні дүниежүзінде 15 мыңға тарта ядролық оқ тұмсық бар. Оның 93 пайызы Ресей мен АҚШ-қа тиелісі, қалғаны 20 мемлекеттің меншігінде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Когда доверие слабнет, идут цветные революции, и там, где государство развалено, получается очаг терроризма и это распространяется и то, что за прошлый год на вооружение во всем мире потрачено 1 трлн 700 млрд долларов, на один процент это все выросло, и только за прошлый год в конфликтах, по данным Стокгольмского института исследования проблем мира, погибло 167 тысяч человек, война идет - все это заставляет задумываться. И кто-то же должен сказать, что надо остановиться, что-то надо делать. В манифесте "21 век – безъядерный мир" имеется очень конкретный алгоритм шагов, что надо делать нам, чтобы преодолеть недоверие друг к другу.

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі биыл Вашингтон саммитінде жарияланған болатын әрі халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тапты, талқыланды.

Ал, Біріккен Ұлттар ұйымның қос бірдей органы Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік кеңесі ресми құжат ретінде қабылдады.

Сұхбат кезінде Михаил Гусман Қазақстан Президентінен «100 нақты қадам» жайында да сұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Пять реформ: первая - это серьезная реформа государственной службы, вторая – это верховенство закона, третья – это экономика, поддержка малого бизнеса, а также единство нации, открытое подотчетное правительство. Это было заявлено только в прошлом году. Весь прошлый год мы работали над тем, чтобы обеспечить законодательную базу этих реформ. И вместе с парламентом наше правительство активно работало и приняло 59 законов, которые позволяют осуществлять эти реформы. И вот с нового года первый квартал мы уже работаем, за это время из 100 шагов 25 уже сделаны и начали работать. 

3. Осы аптада Елбасы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Ұлт жоспары аясындағы нақты өзгерістерді қоғам сезіне бастады. Мәселен, бір ғана заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағыты бойынша сот сатылары қысқарды, судья болғысы келетін кандидаттарға қойылатын талаптар күшейтілді, сот жюриі жұмысын бастады, мамандандырылған сот алқасы пайда болды. Ал, кәсіби мемлекеттік аппарат құру ісінде командалық ауысу азайды, мансаптық модель бекітілді. Кадрларды іріктеудің үш сатысы енгізілді. Осы сынды көптеген өзгерістер Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының стандарттарына сай келеді.

Ұлт жоспарын ұтымды орындау мәселесін осы аптада Елбасы жаңа тағайындаулар кезінде де қаперге салды. Сонымен, енді Әділбек Жақсыбеков Президент әкімшілігін басқарады. Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болды. Әсет Исекешев Астана қаласы әкімі атанды. Ал,  Инвестициялар және даму министрлігінің тізгінін Жеңіс Қасымбек ұстады. 

Саясат, билік пен қоғамда салмағы басым тағайындаулар. Осы аптада елдің жиі талқысына түскен тақырып болды.  Елбасы Әділбек Жақсыбековті Президент әкімшілігінің жетекшісі етіп тағайындады. 2014 жылдың қазан айынан бері Астана қаласының әкімі міндетін атқарып келген оған жаңа  қызмет таңсық емес. 2004-2008 жылдары дәл осы лауазымда жұмыс жасаған болатын.   Нұрсұлтан Назарбаев жаңа басшыны ведомства құрамымен таныстыру барысында бұған дейін Президент әкімшілігіне жетекшілік еткен Нұрлан Нығматулинге ерен еңбегі үшін алғыс айтты.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Нұрлан Зайроллаевич бүгін Парламенттің депутаты болып тағайындалды босаған орынға.Сондықтан оны аппарат басшысынан босаттым. Екі жылдан артық жұмыс істеген кез өте көп нәрсені қамтитын уақыт болды. Президенттік сайлау өтті барлықтарыңыз қатынастыңдар оған жақсылап Парламенттік сайлау өтті екеуі де абыроймен өтті. Жақсы баға алдық дүние жүзінен өзіміздің ішімізден. Халықтың бірауыздығын көрсетті. Ол өте үлкен ұйымдастыру мәселесі еді. Нығматулин менің жанымда көп жылдан бері келе жатқан әріптес. Қай жерге қойсамда жұмысты орындап нақты тапсырманы біліп білгірлікпен жұмыс істеген адам. Рахмет жұмысыңа. Барған жеріңде табысты бол.Соған байланысты аппараттың басшысы деген президент үшін өте маңызды өте сенімді қажет ететін қызмет. Соған Әділбек Рыскелдұлын қайтаруды ойладым. Біраз уақыт істеп кетті. Министр болды елші болды барлық жағынан өтті. Бұл жерде өте тәжірибелі салмақты бөліп жармайтын адал қызмет істейтін адам керек. Сондықтан Жақсыбековті аппарат басшысы етіп тағайындадым. Әділбек Жақсыбеков успехов тебе желаем саған да көп рахмет жолың болсын.

Білікті басшы, ұтымды ұйымдастырушы. Нұрлан Нығматулинге халық арасында осындай баға берілген. Кәсіби қызмет жолындағы сатылап өсуіне талап пен еңбекті қатар қоя білуі негіз болды деген пікірде. Естеріңізде болса,   Нұрлан Нығматулин Президент әкімшілігін басқармас бұрын мәжіліс төрағасы қызметін атқарған. Оған дейін Қарағанды облысының әкімі, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Қай қызметте болмасын Елбасы жүктеген міндеттерді мінсіз орындап,  бұқараның әлеуметтік түйткілдерін тарқатуға жіті мән берді. Қарағанды облысына басшылық еткен  жылдары ілкімді істерге ұйытқы болды. Ал Мәжіліске төрағалық еткен тұста саяси ортада біліктілік дәрежесін қалыптастырды. 

Сол себепті тәжірибелі саясаткердің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға сәйкес Мәжіліс төрағалығына сайлануын сарапшылар кұп көріп отыр. 102 депутаттың барлығы бірдей Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын қолдап, дауыс берді. 

Айдархан Құсайынов, Сарапшы 

-Нығматулин мырзаның  Парламенттің ролін күшейте түсетіндігі сөзсіз. Еліміздің саяси өміріндегі Парламенттің рөлі айрықша маңызға ие. Күрделі кезеңде жаңа Парламент жасақталды. Сайлаулар өтті. Халық таңдауы жасалды.  Нығматулиннің саясаттағы өзіндік мол тәжірибесі тұрғысынан қазіргідей уақытта  салмағы басым. 

Ғазизат Имақова, Саяси ғылымдар кандидаты 

-Саяси партияның имиджі өкілетті органда міндетті түрде көтерілуі тиіс қазір. осы арқылы Нығматулин мырзаның кандидатурасы арқылы НұрОтанның негізгі ұстанымы, + ең бастысы биік пен халықтың ортасындағы үйлестіру құзыреттілігі осы біліктіліктің негізінде Нығметулин мырзаға тән біліктіліктің негізінде тағайындалды деп есептеймін. 

Бұған дейін Мәжіліске төрағалық еткен Бақтықожа Ізмұхамбетов енді Республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы болып сайланды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-ҚР Ардагерлер ұйымының президиумы жиналып, менің ұсынысым бойынша мәжілістің төрағасы Бақтықожа Салахаддинұлын ұйымның төрағасы етіп, бірауыздан сайлады. енді біз үшін де, сіздер үшін өте маңызды жұмыстардың бірі. Ардагерлер ұйымы еліміздің 100 мыңдаған белсенді азаматтарын біріктіріп отыр. Өздерінің де жағдайларын қарап отыр. Жастарға да сөздерін айтып тәрбие беріп отыр. еліміздің ішінде салмақты, байсалды ақыл айтатын сөз өткізетін адамдар. Сондықтан ол жерде өте сенімді тәжірибелі адам болу керек.    

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі қызметіне Әсет Исекешевті тағайындады. Бұл кандидатураны Астана қаласы мәслихатының депутаттары бір ауыздан қолдады. Кейін Елбасы жаңа әкімді қаланың активіне таныстырды. Ал, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі болып, Жеңіс Қасымбек тағайындалды. Ол осы тағайындауға дейін Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Елімізде кадрлық өзгерістерге байланысты мен сіздермен кездесіп отырмын.  Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков  Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бәріміз жақсы білеміз. Әділбек Рыскелдіұлы осы Елорданың бірінші күнінен бастап мен тағайындаған әкім болды. 1197 жылы қаланы жарияладым Елордасы деп. Сол күні Жақсыбековті әкім қылып тағайындадым. ең бірінші алты жылында алып шықты тапсырманы орындады. Одан бері менің жанымда жұмыс істеп келе жатыр көзімнің алдында. Бірнеше қызметтерде болды. Өздеріңіз білесіздер кейінгі жерлерде кейін қайтаруға тура келді. Барлық жерлерде  тапсырманы жақсылап орындады.  Мен рахметімді атамын. Для меня совсем не безразлично кто будет возглавлять этот город. Это  человек должен быть опытный абсолютно. Знающий, образованный, известный Казахстану который сможет с Правительством работать защищая интереса города. Я посчитал таковым Есекешова Асета Ерентаевича. Поэтому  позвольте сказать спасибо, Әділбек Рыскелдиевича поздравить с новой должностью. И поздравить нового акима  с согласия маслихата я его сегодня назначил.  

Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы  

-Уважаемые друзья, Нурсултан Абишевич, когда Вы основали новую столицу Казахстана – Астану, Вы дали новую мотивацию, новую жизнь, новые движения и новый импульс развитию всего Казахстана. Именно с основания Астаны, именно с начала Астаны наша страна пошла вперед и двигалась семимильными шагами . Астана стала символом нашего государства, симвлолом нашего Казахстана. Астана должна поддерживать Лидера, нашего Елбасы и всегда служить примером. Желаю вам успеха, желаю всем здоровья спасибо за совместную работу. 

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі 

-Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Cізге алғыс айтуға рұқсат етіңіз. Сіз маған үлкен сенім артып келесіз. Бүгін жаңа міндеттер қойдыңыз. Оларды орындауға барлық күш-жігерімді саламын.  

Айдархан Құсайынов, Сарапшы 

-Әділбек Жақсыбековтің бұл қызметке қайта келуі дер кезіндегі шешім дер едім. Себебі саясаткердің қоғам мен билік арасындағы байланыс мәселелері тұрғысында тәжірибесі мол деп білемін. Бұған елордамыздың қалыптасу кезеңдерінде Астана қаласына басшылық еткенін атап айтар едім.  

Саяси ортадағы кадрлық бұл өзгерістер біліктілік мәртебесіне негізделіп жасалды. Және қазіргі уақыт талабына сай өз нәтижесін береді. Сарапшылардың пікірі осыған саяды. 

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Зайнұр Байжігіт 

4. Мемлекет басшысы Астананың «жасыл аймағының» даму барысымен танысты

«Еуразия жүрегінде» деп аталатын кітабында Нұрсұлтан Назарбаев «таяу болашақта Қазақстанның жаңа астанасын ғана емес, Сарыарқа төсінде пайда болған жаңа қала-бақтың гүлденуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырыстық» деп жазады. 

Іргеде жасыл аймақ пайда болғалы бері сегіз желдің өтінде жатқан қазақтың кіндік қаласының климаты айтарлықтай өзгерді. Тақыр даланы жайқалған орманға айналдыруға талпыну бекер болмады. Аптаның басында жылдағы дәстүр бойынша Президент Астананың орманын аралады. 

Астана аумағын көкпен көмкеру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  тың идеясы. 1997 жылы  Елбасы  Сарыарқаның  сары даласына  орман өсіру жөніндегі ойын білдірген кезде  бұл әурешілік деп сыңай танытқандар да бар еді.  Алайда   мына ит тұмсығы батпайтын ну орман баршаға жоқтан бар жасауға болатындығын анық айшықтап тұр. Президент пәрменімен жүзеге асырылған  бірегей жоба бүгінде еңселі елорданың мақтанышына айналды.  Сол себепті де Нұрсұлтан Назарбаев жылдағы  дәстүрден жаңылмай жайқалған жасыл желектердің жай-күйімен етене-танысады. Биыл   «Ақ қайың» көшеттер питомнигіне арнайы  ат басын бұрған Президент  аумақты асықпай аралап шығып мамандардың есебін тыңдады, алқаптың ахуалымен танысты.  Президент  екпе орманда еңбектеніп жүрген мамандардың жетістіктеріне тоқталып, атқарылған істерді бағамдады.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Жыл сайын мен осы ормандарды аралап, бақылап отыратынымды өздеріңіз  білесіздер. Біз 1998  жылы елорданы дүниежүзіне жарияладық. Содан бері, міне, 18 жыл өтті. Жастар көп біле  бермейді,  біз ол кезді жақсы білеміз, Алматыдан жаңа көшіп келген кезде, қаланы шаң басып  кететін. Құбыла соққан жел адамды құлата жаздайтын. Сондықтан, орман егуді бастадық. «Астананың  төңірегіндегі жер қолайсыз, тас, құм, орман өспейді» деп қарсы тұрғандар көп болды. Мінекей,  қазір өздеріңіз көріп отырғандай, Астананың төңірегінде бұрын болмаған 73 мың гектар орман пайда  болды.

Бүгінде орманда ағаштың  алпыстан астам түрі өседі. Қайың, қарағай, шыршаңыздан бастап, қарақат пен жидек, алма ағаш пен шиеге дейін  жайқалып тұр.  Көздің  жауын алатын бұл жасыл желек ерекше жігер мен тынымсыз  еңбекті қажет етеді. Мамандар  арқаның  аязына төзетін ,  сазды жерді жатсынбайтын тұқымдары арнайы  таңдап алады.  Бұл жерде ғылымға жүгінуге тура келеді. Көшеттер әуелі зертханаларда сұрыпталады.  Жылдан астам уақыт осында  барлық талапқа сай бапталғаннан кейін  ғана  олар  далаға егіледі. Сол себепті де елбасы еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту жолында  орман өсіру  ісін одан әрі дамыту  қажеттігін  қаперге салды.  Табиғат тарту етпеген жасыл алқап бас қаламыздың  аязын жұмсартып, жазын жайлы етуге өз үлесін қосуда. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазір жасыл аймақта алпыстан астам ағаш сорты өсіп жатыр. Алмада да жидекте бар.  Тіпті, «тың игерген кезде трактордың дауысынан қашып кеткен жәндіктердің бәрі қайтып келді»«Бұл орман, біріншіден, Астанадағы ауаның тазалығын қамтып тұр, екіншіден, шаң жібермейді, үшіншіден, желді ұстайтын қорған. «Орманы бардың қорғаны бар» деп қазақ бекер айтпаған. Астана тұрғындары мен жастардың болашағы үшін осындай жағдай жасап жатырмыз.

Бұл жасыл желектің негізгі мақсаты  бас шаһардың ауасын тазартып ауа-райын жайлы ете түсу еді. Жоспар  толықтай жүзеге асты десек артық емес. Ну орман елорданың іргесін бекіткен бейіш мекен іспетті.

Елдар Бақпаев, Тілші 

-Орман елорданы оттегімен ғана қамтамасыз етіп қоймай шаһарды  желдің өтінен қорғайды. Ендігі меже бұл жасыл  аймақты Ақмола облысының Ақкөл ауданының орманымен біріктіру. Ол  үшін бүгінде тұқымбақ мамандары тынымсыз тер төгіп, тың инновацияларды қолдануда.  

Нұрсұлтан Назарбаев небәрі 18 жыл ішінде жасыл белдеудің көлемі Бурабай ұлттық паркінің аумағымен теңескенін тілге тиек етті. Санаулы жылдар ішінде Сарыарқа төсінің жасыл желекке айналуы мені қатты қуантады деді Президент.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Каждый год   5 тысячи я  заставляю  слежу  сажать  деревье. Это объем, равный по площади нациоальному парку Боровое. Теперь задача соединить этот лес с боровским лесом, уже дошли до Шортанды, 100 км мы прошли. Там остается еще 100 км до, а до леса еще меньше. В следующем году этот лес будет притянут до Борового. Сейчас посадили лес огромный лес, 73 тысячи и посередине остались кулисы широкие. То есть 50% кулис, 50% леса. И когда вот эта середина будет заполнена, тогда лесистость увеличится в 2 раза.

Мамандар жасыл аймақты дамытуда флора мен фаунаға басымдық беруде. Әсіресе соңғы жылдары ормандағы аң-құс түрлері көбейген. Түлкі мен қояны, маралы мен елігі мол, шілі мен қырғауылы қалың белдеуге айналды.  Осы орайда жасыл аймақтың қызметкерлері елбасы міндетін мінсіз атқаруға барымызды салып, ну орман қалыптастыруда ерінбей еңбек етеміз деп отыр.   

Ерлан  Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары

-Бүгінгі күнге техникалық экономикалық негіздемесі бойынша біз 20 жылға дейін осы алқаптардың көлемін 100 мыңға дейін жеткізуіміз керек. Бірақ онымен жұмыс тоқталмайды. Склейка 01: Болашақта бұл ормандар 5 қатар болмайды ну орман болады. 

Жұматай Сүйіндіков, "Жасыл Аймақ" РМК Бас директоры

-Мынау питомиктің тұқым жинайтын жері. Бұнда ең жақсы талдардан тұқым жинаймыз. Бұрынғы уақыттарда біз  жылына 5 мың алқапқа орман ағаштарын егеміз. Енді мұнда  15 құстың түрі бар. 10 нан астам аңның түрі бар. Мынау енді Лексеев орманынан бұғылар келіп жатыр. Қазір орман болғаннан кейін қазір аң жиналып жатыр.

«Қырғауылы қызыл екен құйрық жүні ұзын екен». Бұл жасыл аймақтың желкілдеп өсіп келе жатқан орманына жіберіліп жатқан құстардың бірі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жылдағы дәстүрге сай орманға 150 қырғауылды жіберді. Ну орманды бұдан басқа шіл, торғай, сандуғаш мекендейді. Елбасы  қазақстандықтарды болашағымызды баянды ететін әрбір бастамаға немқұрайлы қарамауға шақырып, табиғатты барынша аялауға кеңес берді.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Жандос Битабаров

5. Елбасы Астана қаласындағы орталық саябақта болды

Астана орманының саф ауасымен тыныстаған соң Президент  қаладағы орталық саябаққа келді. Елорданың ең көрікті жерлерінің бірі саналатын бұл қоғамдық орын жақында күрделі жөндеуден өтті, жағажай да  жаңарды. Нұрсұлтан Назарбаев электромобильмен демалыс орнын аралап шықты. Серуендеп жүрген тұрғындармен әңгімелесті. Көптің өнерін тамашалады. Қазір саябақ өзгерген. Ойын аттракциондары ашылып, бассейндер салынды.  Бұдан бөлек, жаттығу алаңдары келушілердің бір сергіп қалуына мүмкіндік береді.  Ал, дене шынықтыру–сауықтыру аймағында 4 шақырымға созылған шаңғы жолы бар. Сондай-ақ кешендегі сауда орындары Астананың сәулетіне сай келеді.  

Жаңғырту жұмыстарының арқасында  демалыс күндері саябаққа серуендеушілер саны 3 мыңнан 10 мыңға дейін өскен.

Биыл еліміздегі жалпы ішкі өнімнің өсімі жарты пайыз болады. Әзірге болжамдар осындай. Бұған экономиканың өсуіне қарқын қоспай отырған бірнеше саладағы теріс көрсеткіштер себеп. Мәселен, мұнай өндіру 4,4, көмір мен лигнит 10,5, темір рудасын өндіру 23,1 пайызға қысқарған. Сондай-ақ, мұнай өңдеу, машина жасау секторларында құлдырау бар.  Дамуға үлес қосып отырған салаларға келсек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 2,7, азық-түлік өндіру 3,1, құрылыс саласы 6,8 пайызға өскен. Осыған байланысты үкімет экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін бірнеше бағыт бойынша жұмысты күшейтпек. 

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық Экономика Министрі 

-Жылдың соңында экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін 3 бағыт бойынша жұмыс жасамақпыз. Бірінші, өнім көлемі азайған салаларда өндіріс қарқынын арттыру. Бұл ретте сыртқы сауданы реттеу шаралары қолға алынбақ. Екінші, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 360 млрд теңгеге тұрғын үй салу жұмыстары басталады. Үшінші бағыт, былтырғы резервтен қалған 91,5 млрд теңге агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу өнеркәсібін қаржыландыруға бағытталады. 

Жанарыс Райымбеков, Экономист

-Жалпы ұлттық өнімнің өсуіне тежеуіш болып тұрған салаларға біз мемлекет қолдау тауып, көмек жасайтын болса, онда жаңағы айтып отырғандай ЖҰӨ өседі. Экономистердің айтуы бойынша, 0,5 пайыздан 1 пайызға дейін өседі деген болжам бар. Оны уақыт көрсетеді. Егер жаңағы айтып отырған салалардың қолдау тауып, өндіріс қарқыны өсіп, экспортқа шығатын болса, ол сатып алынатын болса, әрине ол ЖҰӨ өсуіне тікелей әсер етеді.

Ішкі сұранысты ынтыландыру мақсатында бөлінетін қаржының дені ауылды жерлерді дамытуға жұмсалады. Ауыл тұрғындары үшін 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.

Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық Экономика Министрі 

-«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 30 миллиард теңге трансферт түрінде облыстарға бөлінеді деп көзделіп отыр. Қаржы ауылды жерлер мен аудандық маңызы бар қалаларды абаттандыру мен тұрғын-үй коммуналды шаруашылығын жөндеуге жұмсалады.  

Экономикалық өсімнің баяулауына қарамастан инновациялық даму жобаларының көрсеткіштері жақсы.  Олардың жалпы өндірістегі үлесі 20 пайыз. 

 Индустрияландыру картасы бойынша былтыр 128 жоба пайдалануға берілсе, биыл 120 жобаны іске қосу жоспарланған. 6 жылда енгізілген 900 жуық кәсіпорынның 70 пайызының жүктемесі тұрақты болса, 74 жобанікі төмен. Ал, 21 жоба тоқтап тұр.  

Ғалымжан Керімбек, Экономист

-Әрбір жобаның еліміз үшін пайдасы орасан зор. Себебі жаңа жоба арқылы кәсіпорындар жұмысы іске қосылады. Кәсіпорындар еліміздегі жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар дайын өнім шығарылған дайын өнім еліміздің жалпы ішкі өнімінің көрсеткішін көтеруге септігін тигізеді. 

Ішкі жалпы өнім көрсеткішін көтеруге септігін тигізіп отырған саланың  бірі – ауыл шаруашылығы.  Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша төрт түліктің басы көбейген. Былтыр 16 мың тоннадан астам ет пен ет өнімдері экспортталған. Енді кооперацияны дамыту аясында сүт өндіру мен өңдеуді арттыру үшін 700 сүт қабылдау орнын құру жоспарлануда. Бұл жайында Премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Алматы облысында болған есептік кездесу кезінде айтты.  

6. Жұмыспен қамту бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асып келеді

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова да осы аптада есептік кездесу өткізді. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерін халықаралық талаптарға сай даярлаудың қарекеті жасалып жатыр. Министрік АҚШ, Швеция, Италия, Польша секілді елдердегі 6 жоғары оқу орнынан өкіл шақырып, білім беру стандартын жаңартуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту» жол картасы байырғы жүрісінен жаңылмаған. Былтыр 167 мың адам жұмысқа тұрды. Микрокредит алған, тегін кәсіби оқытылған, басқа мекен-жайға көшірілген азаматтардың қарасы қалың. Көп жыл бойы шет тілін жетік меңгергісі келген Лейлә Ағжанова - Еуразия Ұлттық универститетінің «ақпарттық технология» бакалавры, Чехия Аграрлық университетінің «экономика және менеджмент» магистранты атанғанмен, денсаулығына байланысты екі жыл жұмыс істемепті. Осы көктемде құрбысымен еңбек жәрмеңкесіне барып, жұмыс табады. Қазір қаладағы ақпарат орталықтарында кеңесші болып істейді. 

Лейлә Ағжанова, Туризм саласының маманы

-Шынымды айтсам, осындай жәрмеңкелер және мемлекеттен берілетін нәрселер онша емес деп ойладым. Тегін нәрсе жақсы болмайды деп ойладым. Бірақ, осы жәрмеңкеге барғанда, жұмысқа тұрғаннан кейін өзімнің ойым өзгерді, көзім жетті. Егер өзіңнің білімің мен талпынысың болса, өзіңе лайықты жұмыс табасың.

Лейлә сияқты жаңа мамандық алғысы келетіндер көп. Өндірістік құрылыс саласында істеген Жақып Күлшуманов енді инженер. Мысалы бүгін Момышұлы даңғылынан Интернациональная ауылына су тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жақып Күлшуманов, "Астана Су Арнасы" Мекемесінің инженері

-АстанСуАрнасына мен жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастым. Жұмыссыз қалған соң осында келген едім, олар маған көмектесіп осында жұмысқа орнастырды, істеп жатқаныма 3 апта болды.

1маусымдағы дерекке сай "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасына 100,8 млрд теңге бөлініп, 149 жоба жүзеге асырыла бастады. Нәтижесінде 1938 жұмыс орны құрылды. 56 677 азаматқа жұмыс табылып, тұрақты еңбек орнымен 37 920 адам, яғни 67% қамтылды. Жұмыс іздеушілерің 48 пайызы – жастар екен.

Юлия Кучинская, Әлеуметтанушы

-Халықаралық статистиканы алсақ, жұмыссыз жастардың саны аз елдердің ішінде Қазақстан алдыңғы орында. 2001-жылдан бері 3 есе қысқарған. Мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді азаматтар қолдануы тиіс, барлық бағдарламалар жұмыс істейді. Оның пайдасына көз жеткізген азаматтар көп. Олар бүгінде жұмыс істеп, дамып отыр.

Астана қалалық жұмыспен қамту орталығы 3 мыңдай бос жұмыс орнын ұсына алады. Негізінен қызмет көрсету саласы - мейрамхана, дүкен, қонақүйлерге - аспазшы, даяшы, сатушы, жүргізуші мен құрылысшы қажет. Бұдан бөлек техникалық мамандықтардың, дәрігерлердің, балабақша тәрбиешілері мен  тіпті полицейлердің вакансиясы бар.

Олжас Омар, Жұмыспен қамту орталығының директоры

-Қыздар бухгалтер жұмысын сұрайды, жігіттер жақсы бір ұйымның заңгері болайын, экономист болайын деген армандарымен келеді.Біз кәсіптік бағдар береміз. Тест жасаймыз оларға, сосын оларға өзекті қайта даярлау курсына ұсынамыз.

Саясаттанушы Нұрлан Ерімбетовке жас күнінде, гуманитарлық мамандықты таңдауға кеңес бергендеге, әлі күнге дейін риза. Сондықтан ол, жастарға өздерін алдамай, қай мамандыққа сұраныс барын және қайсысына икемді екеніне баса назар аударуға кеңес береді.

Нұрлан Ерімбетов, Саясаттанушы

-Менің көңілімді түсіретін көріністер, ол мына жап-жас әп-әдемі жігіттер заңгер не экономика мамандығының дипломымен такси айдап жүр.Қысқа мерзімде жаңа мамандыққа ие болу, бүгін керек мамандыққа ие болу. Бүгін елімізге керек жұмысқа, осылай өз-өзімізді алдамай жұмыс істеуіміз керек.

Елімізде бар 807 колледжде жыл сайын 160-170 мың адам оқиды. Басты бағыттары техника, технология және ауыл шаруашылығы мамандықтары. Ал 2017-жылдан тегін техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі Елбасы тапсырмасына сай министрлікте тиісті жоба әзірленуде.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Биыл 134 мың маман керек болады деп болжағанбыз. Салалар бойынша, сұранысқа анағұрлым ие 20 мамандықтың ішінде қызмет көрсету - білім беру, денсаулық сақтау, өңдеу және құрылыс саласы кіреді.

Айтпақшы, 2014-жылдан "Мәңгілік ел жастары индустрияға" пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - жұмыс күші көп өңірлердің азаматтарын мамандары жеткіліксіз облыстарда  оқыту.

Мәнен Омаров, Халықаралық кәсіби «Тұран-Профи» академиясының ректоры

-Мұнда барлық деңгейдегі мамандарды оқытып, техниктерден бастап, жоғарғы білімді инженерлер даярлауға болады. Мұнда компьютерлік қамтамасыз ету құралдары бар. Технология заманында әр мекеме мен тұрғынүй компьютерлермен жабдықталған.

Бұл - елордадағы жұмыспен қамту орталығына келіп, басқа мамандықты меңгеріп жүрген азаматтар. Бірі техникалық, екіншілері тігіншілік, басқалары экскурсовод болмақ.

Мақпал Қожабергенова, Қалалық қайта даярлау курсының тәлімгері

-Қазіргі біздің алып жатқан мамандығымыз - гид-экскурсия жетекшісі. Бұл экскурсия жетекшісіне бізді жұмыспен қамту орталығынан осында оқуға жіберді. Оқуымыз үш айға созылып жатыр, оның жартысы - теория болса, жартысы практика түрінде өтеді. 

Расында, жаңа кәсіпті үйренугісі келетіндер көп. Атырауда "Жұмыспен қамту жол картасы" жобасы аясында жыл басынан бүгінге дейін 300 адам жаңа мамандық алып, мыңнан астамы жұмысқа тұрды. Әсіресе, бағдарламаның екінші бағыты бойынша, кәсібін дамыту үшін шағын несие алысы келетіндер көп. Сұлулық салондарын, тігін цехтары, наубайхана мен кондитерлік цехтар ашқысы келетіндер де бар.

Балдай Өтеғалиева, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары

-Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры арқылы  несие беріледі ауылдағы жұмыссыз азаматтарға. Өзін өзі қамтитын, өз еңбегін бастап, ары қарай дамытатын адамдарға шағын несие беріп отырмыз. 

Сыр өңірінің Қызылжарма елді-мекеніндегі «Тілеуқабыл» шаруа қожалығы жеңілдетілген несиеге төрт-түлігін түлетуде. Бастапқыда 10-15 бас болған мүйізді ірі қара қазір 100-ден асты. 

Әлихан Ұзақов, Шаруашылық жетекшісі

-Он шақты сиырмен бастаған ғой баста, содан көбейіп-көбейіп, Қостанайдан, Алатаудан алып келіп, төлдерін алады, төлдерін көбейтеді. Оларды Қызылорданың ауа райына бейімдеп, далаға өріске жіберіп отырады.

Аманжол Алдажаров, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары

-Микрокредиттер биыл өзгерістерге сәйкес, бұрын 3 млн-ға дейін берілетін болса. Биыл 6 миллионға дейін беріледі және ол тек мал шаруашылығы бағытына жұмсалуы керек.

Ақмарал қожалықта сауыншы. Автоматтандырылған қондырғы жоқ. Күніне екі мезгіл 20-30 сиыр сауып, 200 литр сүт алады. Ауылда өскен қызға бұл түк емес. Тіпті, әр төлді еркелетіп, өз атауымен атайды.

Жұмыспен қамту бағдарламасы қабылданғалы бері 5 жылдан астам уақыт өтті. Мыңдаған адам екі қолға күрек тапты, жаңа мамандықтың иесі атанды, кәсібін ашқандар да көп. Ал, биыл бағдарламаның бағдары айтарлықтай өзгерді, жаңарды. Қалай дегенмен, мұның бәрі халықтың игілігі үшін жасалып отыр.

Авторы: Ақбөпе Бәкір

7. Зейнетақы қорындағы қаржыны зейнет жасына жетпей алу мәселесі қаралып жатыр

Сіз зейнетақы қорына жинаған қаржыңызды  зейнет жасына жетпей шоттан ала аласыз ба? Қоғамда көптен бері қозғалып жүрген осы сұраққа қатысты Ұлттық банк басшысы өз пікірін білдірді. Данияр Ақышевтың айтуынша, қазір бұл мәселе Үкіметте қаралып жатыр. Яғни, қорда зейнетке шыққаннан кейін өмір сүруге жеткілікті сома шоғырланса, оны ем-дом қабылдау, білім алу, ипотеканы төлеу сияқты  қажеттіліктерге жаратуға болады. Мұндай тәжірибе әлем елдерінде бар. Бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жетекшілері де Малайзия, Сингапур мен кейбір Еуропа елдерінің үлгілерін зерттеп жатқандықтарын айтқан еді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы

-Бізде қорда жиналған қаржысы қомақты, көлемі зейнетке шыққаннан кейінгі тіршілігіне жететін азаматтар бар. Жинақ сомасы аса ауқымды болса, оны пайдалану жолдарына қатысты қиындықтар туындайды. Бұл мәселеге өте ыждаһаттылықпен қарау керек. Өйткені, ол ең алдымен бүкіл зейнетақы жинақтау жүйесінің тұрақтылығымен, оның болашағымен байланысты. Қазір бұл мәселе Үкіметте қаралып жатыр, сондықтан қандай да бір нақты жауап бере алмаймын. Шешім қабылданған кезде ғана оны жария ететін боламыз. 

Әзірге зейнетақы қорының қаржысы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құнды қағаздарына инвестиция түрінде салынып жатыр. Биыл оның көлемін 400 миллиард теңгеге жеткізу көзделген. Қазірдің өзінде  мөлшері 145 миллиард. Дағдарысқа қарсы қосымша шаралардың тағы бірі -қор қаржысын шағын және орта бизнесті несиелендірумен айналысатын екінші деңгейлі банктерге қарызға беру. Бұл мақсатқа 200 миллиард теңге қарастырылған. Бірақ, игерілгені 94,4 миллиард қана. Себеп - несиенің қымбаттығы. Үстемесі жылдық 14-16,5 пайыз. Сондықтан қазір несие берудің тиімді тетіктері қарастырылуда.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы

-Ұлттық экономика министрлігі арнайы бағдарламалар бойынша мемлекеттік субьектілердің Ұлттық қордан алатын қаражаты мен Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының банктерге беріп жатқан несиесін біріктіру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ұлттық қор қаржысының мөлшерлемесі әлдеқайда төмен. Яғни қымбат және арзан ресурстарды біріктіру арқылы орташа мөлшерлеме шығады. Ол шағын және орта бизнес үшін әлдеқайда тиімді болады. 

Айта кетсек, қазір қордағы зейнетақы жинақтарының көлемі 6  триллион теңгеден асады. Жыл басынан бері 208  миллиард теңге таза инвестициялық табыс түскен. Экономика тақырыбын жалғастырамыз. 2017 жылы кірістер мен шығыстарды жаппай декларациялау науқаны басталады. Мұндағы мақсат – көлеңкелі экономиканы тұсаулау, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін жеке тұлғалардың табысы мен мүлкін бақылайтын жүйе құру. Қазір тақырып талқыланып жатыр. Ал, бұған Қазақстан дайын ба? 

Бейсенбі күні Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов «кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің бірінші кезеңін 2022 жылға, екінші кезеңін 2025 жылға ауыстыру қажет екенін айтты, себеп ретінде  елді- мекендердің толық интернетпен қамтылмағанын атады. 

Мақпал Мадиярова, Шолушы

-Негізінен, декларациялау – бұрыннан бар біздің елде. Алайда, оны тек қана мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, әскери сала мамандары, судьялар ғана тапсыратын. Бұл тұлғалар онда кірісін ғана көрсететін. Енді, 2017 жылдан бастап, депутаттар, судьялар, мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары кірісін де, шығысын да декларацияға жазуға міндеттеледі. Сол жылы ұлттық компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер де қолда бар мүлкі мен табысы туралы құжат толтырады. 

Марат Бәшімов, Заңгер

-Қазақстанның азаматтары көреді ғой. Оның жалақысы мынадай. Қарасаңыз үлкен джиптермен жүреді. Ланкрузерлермен. 100 мың, 150 мың долларлық. Ол қайдан келді? 00 00 5617 жылдан бастап шенеунік көрсету керек. Мынадай жалақым бар, мынадай жалақыға сәйкес келіп тұр. Сарапшылардың бәрі айтады, әділетті кісі жұмыс істеп отырса, ол неден қорқады. Түктен қорықпайды. Кім қалай ақшасын тапты көрсетуі керек.

Мақпал Мадиярова, шолушы

-Ал, 2020 жылы кәмелет жасына толған Қазақстанның барлық тұрғыны және шеттен оралған қандастарымыз да кіріс декларациясын тапсырады. Бұл науқаннан республика аумағында мүлкі бар шетелдіктер де тыс қалмайды. Сонда шамамен, 12 млн адам кірісі мен шығысы туралы есеп беруге қатысады.

Олжас Отар, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің сарапшысы

-100-200-300 мыңға жасаған сауданың ештеңесін көрсетпейсіз. Ол қомақты үй сатып алған жағдайда, 10 миллионға мынаны алдым. Мынау депозиттегі ақшам еді, мынау наличкам, ауылдағы сиырым мен қойымды саттым  деп қайдан алдың дегенде дәлел керек қой.

Мақпал Мадиярова, щолушы 

-Декларациялау екі түрге бөлінеді. Бірінші - кіріс жайындағы мәлімет. Ол - бір рет тапсырылады. Онда жеке тұлғаның жинаған қаражаты, дүние-мүлкі, шетелдегі активтері көрсетіледі. Егер оның 3 млн теңге көлемінде қарызы болса немесе біреуде осы сомма көлемінде алашағы болса, бәрін декларацияда көрсетеді.

Олжас Отар, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің сарапшысы

-Қазіргі таңда жасырын емес көптеген елдер мемлекеттік бағдарламамен үй алып қалам ба деп өз үйін басқаның атына жазады. ертең осылардың да жолына шектеу қойылады. Бұл сіздің іс- әрекеттеріңіздің шынайы түрде, қазақша айтқанда адал жолмен жүріп тұрғандығын дәлелдейтін болады.

Мақпал Мадиярова, Шолушы 

-Екінші түрі – «Табыс және мүлік туралы декларация» деп аталады. Оны әрбір тұрғын жыл сайын тапсырады. Құжатта жеке тұлға бір жылда тапқан табысын, сатып алған, сатқан дүние-мүлкін толық тізіп беруі керек. Ал, мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттар, судьялар мүлікті сатып алуға жұмсаған қаражат көзін нақты көрсетуі тиіс.

Егер құны 3 млн асатын бағалы тас, әшекей бұйым, антиквариат, картиналарыңыз болса, оны да декларацияда көрсетуге құқығыңыз бар. Айтпақшы, тойдан түскен сыйлықтың да сұрауы болады. 

Олжас Отар, ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің сарапшысы

-Тойдан берілген сыйлыққа салық төленбейді. Бірақ бірді-екілі жағдай кездесіп жатады, тойда квартира, машина сыйланып жатқан жағдайда соны кім сыйлады. Соны дәлелдесе болды. Азаматтық кодекс бойынша жазылған, ауызша, жазбаша, нотариалдық түрде заңдастырылып дәлелденуі керек.

Мақпал Мадиярова, Шолушы 

-Ал тек жалақымен, зейнетақымен өмір сүретін ағайын бір парақ толтырады. Яғни, республика бойынша 8 млн адам осындай оңайлатылған қысқаша декларация тапсырмақ. Толық емес, нақты емес мәлімет көрсеткендерге алдымен ескерту жасалады. Қайталанса, айыппұл салынады. Ал, қомақты сомманы жасырса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Декларацияны қағаз жүзінде, электронды түрде тапсыруға болады

Авторы: Мақпал Мадиярова

8.«Самұрық-Қазына» компаниялар тобына кіретін 217 актив жекешелендіріледі

Өткен жылы ел Үкіметі жекешелендіру бағдарламасының екінші кезеңінің жоспарын бекітті. Сол бойынша бәсекелестік ортаға мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордан 783 компанияны беру қаралған. Олардың 217-сі «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына кіреді. Қордың құрамындағы активтерді екі топқа бөлу арқылы нарыққа өткізеді. Дәлірек айтсақ бірінші тізімге ең ірі 44 компания енді. Олардың 7-еуі ІРО-ға шығарылады. Қалған 37 кәсіпорынды саудалау биыл басталады да 2018 жылға дейін созылады. Ал екінші тізімдегі 173 компания электронды аукцион әдісі арқылы саудаланады. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» қорындағы активтерді сатуға дайындық қарқынды жүріп жатыр.

Дағдарыстың дауылы басталмай тұрып, яғни 2014-ші жылдың қаңтарында елдің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдау арнады. Сол кезде президент «Самұрық-Қазына» қорының өкілдеріне мемлекет қолдап отырған компанияларға талдау жасап, жекеге беретін кәсіпорындардың тізімін анықтауды тапсырды. Ал, мамандар болса, жекешелендіру бағдарламасын әзірлеп, жұмысты бастады. 2015-ші жылы бұл әрекет жемісін әкелді. Екі жылда жалпы сомасы 63,1 млрд. теңгені құрайтын 38 актив сатылды. Олардың қатарында «Қазақстан темір жолының»  22, «ҚазМұнайГаздың» 7, «Қазақстан Инжинирингтің» 4 және «Самұрық Қазынаның», «Қазатомөнеркәсіптің» сондай-ақ,  «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының» активтері болды.

2016-2020 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» қорының еншілес кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға шығаруы  ел экономикасының дамуына серпін береді. Сондай жекенің қолына өтетін компанияның бірі -«Еуро-Азия Эйр» Әуекомпаниясы». Мұнай саласына қажетті жабдықтарды тасымалдаумен айналысатын мекеменің акциясы екі кезеңге бөлінген конкурс арқылы саудаланды.  

Қайдар Нұрлыбаев, «Еуро-Азия Эйр» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

-Бүгінде компанияны бағалау жұмысы жүріп жатыр. Алдын-ала жасаған есеп бойынша акцияның құны шамамен 16 миллиард теңге болады. Әуекомпания өндіріске қажетті мұнай және газ құбырларын тасымалдап,  Қашаған жобасының жұмыстарын орындайды. Онымен бірге жеке тапсырыстарды да қабылдай береді.

Мамандар компания бәсекелестік ортаға өтсе де жұмысшылар саны қысқармайды деп, - отыр. Өйткені сатылымнан кейін ондағы жұмыс қазіргіден артық болмаса, кем болмайды. Бүгінде әуепаркі ҚазМұнайГаздың еншісінде. Сондықтан компания алдағы уақытта бейінді емес активтерін рет-ретімен нарыққа шығармақшы. 

Данияр Берлібаев, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары 

-Өзге қызмет көрсету компаниялары туралы айтсақ, мәселен тамақтанудан бастап біздің нысандарды шолуға дейін бәсекелестік ортаға шығармақпыз. Ол арқылы кәсіпорындар сөзсіз дамиды. Алдағы уақытта осы ұсыныстар инвесторларды қызықтыру керек.Себебі олардың болашақ жұмысының жақсы болуына белгілі мөлшерде кепілдік береміз, өйткені біз олардың қызметіне тапсырыс береміз.  

Саудаланатын компанияларды қазақстандықтармен қатар шетелдіктер де ала-алады. Ешкімге ешқандай басымдық берілмейді. Сондықтан әлеуметтік немесе стратегиялық маңызы бар активтерді сату кезінде, бірлескен кәсіпорындарға беруге компания мүдделі. 

Дәурен Тасмағамбетов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Департаментінің директоры

-Халықтық IPO-ға шығаруға жоспарлаған 7 ірі компанияның 100 пайыздық акцисы сатылмайды. Қор ол активтердің стартегиялық иесі болып қала береді. Сондықтан нарыққа шыққан кезде олардың 25 пайыздан аспайтын акциясы саудаланады.  

Жекешелендірудің жарқын көрінісі –Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы.  Өткен жылы Самұрық-Қазына осы мекеменің 50 пайыз акциясын жергілікті компанияға сатқан еді. Қор дәл осындай 7 автивті нарыққа береді. Әлеуметке әуелгі қажеттілік - жылу мен жарықты бірдей алатын кәсіпорын әр инвесторды қызықтырары хақ. 

Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры 

-Кәсіпорын сатылар кезде, оның иесіне талап қоямыз, бірінші ол жалақы көлемін сақтап, жұмысшыларды қысқарпау керек. Екіншіден актив өз қауқарын жоғалтпай,  инвестициялық бағдарын сақтау қажет.  

«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы осы уақытқа дейін 20 ұйымын жекеге өткізген. Биыл да жаңа тізімін жариялады. Олар құрал-жабдық шығарытын зауыттар , оқу орындары, және қосалқы қызмет атқаратын активтер. Ал жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету жұмысы компанияның негізгі қызметі болып қала береді. 

Мақсат Қабашев, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Вице-Президенті

-Біздегі компанияларды екі тізімге бөлдік, 11-іне басымдық бердік қалған 27-сі қайта құрылады немесе таратылады. Негізгі міндет біз кәсіпорындарды нарыққа шығару арқылы бәсекеге қабілетті қыламыз. Ол әрине қызметтің сапасын арттырады. Мемлекеттің ең тартымды менеджер еместігі жасырын емес.  

Жекешелендіруге қатысты барлық ақпаратты privatization.sk.kz сайтынан таба аласыздар. Ол жерде қордың қанша активі бар оның нешеуі саудаға шығады... барлығы жарияланған. Айта кетерлігі жекешелендіру табысты жүзеге асу үшін арнайы мамандар жұмысқа тартылған. Олар істі одан әрі ілгерілетуге бар күш-жігерлерін салмақ. 

Серікбек Елшібеков, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС Бас директоры 

-Қазіргі кезде тендер өткізу ағылшынша және екі голландық жүйеге қысқарды. Осы үлгі бойынша үрдіс едәуір жеңілдеді әрі әділ болатынын көрсетті. Алдағы уақытта осы жүйе бойынша компаниялар сатылымға шығады, ал сатылмаған кәсіпорындар қайта құрылады. 

Ең ірі яғни «Қазақстан теміржолы», «Самұрық-Энерго»,  «Қазатомөнеркәсіп», «Қазпошта», «ҚазМұнайГаз», «ТауКен-Самұрық»,  Эйр Астананың 7 активі 2020-шы жылға дейін Халықтық IPO-ға шығарылады. Сарапшылардың айтуынша дәл осы акциялар қордың дамуын жеделдетеді. Сондықтан қарапайым қазақстандықтар жақын арада бұл компаниялардың акцияларын сатып ала-алады. Осылайша  әркімнің қор нарығында пайда табуға  мүмкіндігі мол болады. 

Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Арман Данышбаев

9. Допинг дауы

Енді 40 күннен кейін Бразилияның Рио де Жанейро қаласында жазғы олимпиада ойындары басталады. Төрт жылда бір келетін кешенді сынға қазақ елінің спортшылары да тыңғылықты дайындалып жатыр.  Бүгінге дейін біздің қыз-жігіттер 25 спорт түрінен 102 жолдамаға иелік етті.

Лицензия саны тағы 10 жолдамамен толығуы мүмкін. Жалпы, олимпиада ойындарына баратын спортшылар шілденің ортасында толық белгілі болады. Дәл қазір ең көп жолдама жеңіл атлеттерге тиесілі. Олимпиада ойындарында 47 медальдар жиынтығы сарапқа салынатын сында 22 жолдама еншімізге тиді. Биыл боксшы жігіттер толық құрамда олимпиадаға барады. Сонымен қатар, екі бұрымды былғары қолғап шеберіміз де Риоға аттанады.

Балуандарымыз іріктеу турнирлерінде сәтсіз өнер көрсетті. Нәтижесінде күрес түрлерінен қоржынға 12 жолдама ғана түсті. Байдарка мен каноэ есуде 11 лицензия бар. Ауыр атлетикада 10 спортшымыз тізімде тұр. Қазақстан аты аталған спорт түрлерінен жүлде күтеді. Естеріңізге сала кетейік, Рио олимпиадасы 5-21 тамыз аралығында өтеді. Олимпиада ойындарына бір айдан астам уақыт қалғанда Швейцариядан суыт хабар жетті.

Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі 2008-ші жылғы Бейжің олимпиадасы мен 2012-ші жылғы Лондон ойындарының чемпионы Илья Ильиннің сол жарыстардағы сынамасынан тиым салынған дәрі-дәрмектердің іздері табылғанын мәлімдеп, ауыр атлетті уақытша жарыстардан шеттетті.

Сонымен қатар тағы үш бірдей олимпиада чемпионы Светлана Подобедова, Зулфия Шиншанло және Майя Манеза да допинг қолданған деген айыппен қара тізімге қосылды. Қазақстандық спортшылардың тағдыры 27-ші маусым күні шешіледі. Егер кінәлары дәлелденсе, ұтып алған медальдарын қайтарып, Рио де Жанейро олимпиадасына қатыспауы мүмкін. 

Рио де Жанейро олимпиадасының басталуына 45 күн қалғанда қазақ атлеттерінің басына қара бұлт үйірілді. Осыдан төрт жыл бұрын тұтас әлемді таң қалдырып, 4 бірдей алтынға қол созған зілтемірші қыз-жігіттеріміз халықаралық қауымдастықтың қаһарына ұшырады. Жалғыз Қазақстан ғана емес, Ресей мен Беларусь және Солтүстік Корея, Румыния, Өзбекстан секілді ауыр атлетикасы дамыған елдердің спортшылары да допинг дауына ілінді. Мамандар спорттың тым саясиланып кеткенін алға тартады. 

Ермахан Ибраймов, Олимпиада чемпионы 

-Мұнда Америка жеңе ме, әлде Ресей жеңе ме? Әлде Европа жеңе ме? Қай елдің фармокологиясы мықты сол ел жеңіп шығатын сияқты сондай үлкен бір соғыс болып жатқан сияқты.

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің 2008-ші және 2012-ші жылғы сынамаларынан да допинг іздері табылды. Зулфия Шиншанло мен Майя Манеза және Светлана Подобедова да тиым салынған дәрілер қолданғаны анықталды. Алайда Қазақстандық атлеттер бүкіләлемдік допингпен күрес агенттігінің бұл шешімімен келіскен жоқ.   

Илья Ильин, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы  

-Адал жеңіп алған екі медалімді қазір алып жатыр. Осыны айта аламын. Мен медальдарымды бергім келмейді, себебі мен оларды адал жеңіп алдым. Мен өзіме сенімдімін. Сондықтан да күресемін. Қазір барлық тараптан қысым түсіп жатыр деп болжам айта аламын. Біріншіден, сынамаларды іріктеп алған. Бұл түсініксіз. Алса барлығынан бірдей алуы керек еді. 

Майя Манеза, Лондон олимпиадасының чемпионы 

-Рио олимпиадасына 4 жыл бойы дайындалдық.  Жарыс тура тақалғанда осындай жағдай болып отыр.  Енді шешімді күтеміз, бірақ жаттығуды тоқтатпаймыз. Соңына дейін күресеміз. 

Допингпен күрес жыл сайын күшейіп келеді. Қазір тиым салынған дәрі-дәрмекті ағзада жасыру мүмкін емес. Технологияның төрге озған заманында жеке күшіңе емес, қосымша дәрумендерге жүгіну опық жегізеді. Сондықтан спорттағы алыптардың қатарында жүру үшін салалық медицина мен ғылымды дамытқан жөн. Соңғы жылдары елімізде допингпен күрес зерханасы ашылып, бұл салада алға жылжу байқалады. "Қазақстандық атлеттердің ағзасына тиым салынған дәрі-дәрмек кездейсоқ түсіп кетуі де мүмкін" - дейді Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев.

Серік Сәпиев, Бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы 

-Мысалы, үшін ауырып қалған жағдайда ағзаңа не құйып жатқанын білмейсің ғой. Сондықтан ішкен дәріңнің құрамында тиым салынған заттар да болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар біздің спортта бұған дейін де кездескен.

Илья Ильиннің жеке жаттықтырушысы Ержас Болтаев бұл тексерістің түбіне күмәнмен қарайды. Егер медальдарды тартып алып, олимпиададан шеттететін болса, Лозаннадағы арбитраждық сотқа шағымданамыз дейді. 

Апта соңында Грузия астанасы Тбилисиде халықаралық ауыр атлетика федерациясы атқарушы комитетінің кеңесі өтіп, допинг дауына іліккен спортшылардың мәселесін қарады. Әзірге "Қазақстаннан бөлек Ресей және Беларусь командасының тағдыры қыл үстінде. Бұл үш елдің құрамасы допинг дауына байланысты кез-келген халықаралық жарыстардан бір жылға шеттетілуі мүмкін", -дейді халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайты. Тиым салынған дәрі қолданған спортшылар саны үшеуден асып, олардың кінәсі дәлелденсе, ең ауыр жаза күтіп тұр. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі

-Қазір біздің спортшылар жан-жақты дайындалып жатыр, өз құқықтарын қорғауға олардың өз қажеттілігі бар. 

Елсияр Қанағатов, ҚМ МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы

-Сол шешім шыққаннан кейін барып, біздің тарапымыздан ол шешім Халықаралық ауыр атлетика федерациясына жіберіледі. Одан кейін олар шешім қабылдап бізге шешімдерін шығарады. Нақты шешімді біз орындауымыз қажет.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанның еншісіндегі жолдама санын қысқартып, екі лицензияны кері қайтарып алды. Енді спортшылардың тағдыры алдағы дүйсенбіде шешіледі. Соңғы сөз халықаралық олимпиада комитетінің құзырында. 

Авторы: Қанат Базылхан