Хабар телеарнасы

Жеті күн 2.07.2016

Сюжеттер
1. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанды 2. Бүгін - ҚР Дипломатиялық қызметі күні 3. Қазақстан бітімгерлік миссиясы жолында модераторлықты атқаруда
4. Жалпыұлттық телекөпір 5. Қазақстандық тауарлар көрмесі өтті 6. Елбасы Шығыс Қазақстан облысының даму барысымен танысты
7. Елбасы бірқатар сала басшыларын қабылдады 8. Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті 9. Дағдарысқа қарсы шаралар басты назарда
 
10. Минситрлер халыққа есеп берді 11. «Астана Опера» сахнасында Абай поэзиясына арналған алғашқы балет сахналанды  

1. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанды

Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атану – Тәуелсіз Қазақстан үшін шын мәнінде үлкен тарихи оқиға. Оның үстіне біздің ел Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғашқы болып осынау құрметке ие болды, алайда бұл қуанышты еселеп қана қоймайды, жауапкершіліктің жүгін ауырлата түседі. Қалай дегенмен де, сайлауда Тайландпен «тайталасу» оңайға соқпады, кімнің оза шауып, олжа салатыны туралы тап басып ешкім айта алмағанмен, кейбір шетелдік басылымдарда Батыстың алпауыт мемлекеттері Тайландты қолдайды екен деген әңгіме аракідік естіліп жүретін. 

Хош! Бәрін айт та бірін айт, Қазақстанға 193 елдің 138-і дауыс берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Қымбатты отандастар! Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде тағы бір маңызды тарихи оқиға болды.  Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енді.  Бұл Кеңес – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган. Еліміздің оған сайлануы – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз.  Біздің еліміз бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды жақтайтынын тәуелсіздік жылдарының бәрінде өзінің нақты істерімен дәлелдеп келеді. Оны баршаңыз білесіздер. Семей ядролық полигонын жабу  және қуаты жөнінен төртінші  зымырандық-ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімімізді бүкіл жер шары біледі және қолдайды. Бізге әлемдік қоғамдастықтың мұндай сенім көрсетуі мемлекетіміздің қарқынды дамуына және береке-бірлігімізге де байланысты. 

2010 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі  болуға өз кандидатурасын ұсынғалы бері біраз шаруаның басы қайырылды. Ендігі кезекте отандық дипломаттардың жұмысы көбеймесе, азаймайды. Ресми Астана төрт бағытқа басымдық беріп отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Казахстан избран членом Совета безопасности ООН на предстоящие два года. Это будет непростой период в международных отношениях. Это видно по сегодняшним дням. Наряду с застарелыми конфликтами, мир столкнулся с небывалым размахом новых угроз безопасности.  Мы внесем свой весомый вклад в поиск решений глобальных проблем. Стабильный и безопасный мир – это то, чего мы хотим для всех своих граждан.  Именно поэтому Казахстан воспользуется своим шансом сделать будущее более уверенным и благополучным. Мы намерены заострить внимание глобального сообщества на наших инициативах. Они нацелены на построение мира, свободного от ядерного оружия и вируса войн и конфликтов. Казахстан будет работать над достижением этой благородной цели к столетию ООН в 2045 году.  Мы займемся продвижением  антитеррористических инициатив, выдвинутых мной на 70-ой сессии Генеральной Ассамблеи ООН в 2015 году.  Казахстан также придаст импульс решению вопросов водной, энергетической и продовольственной безопасности. Все это насущные вопросы, которые касаются каждого. 

Белсенді әрі сындарлы сыртқы саясатқа берілген баға. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас басшысы Пан Ги Мун Елбасын Қазақстанның айқын жеңісімен құттықтай отырып, осылай деді. 

Телефон арқылы әңгіме кезінде Нұрсұлтан Назарбаев мүшелікке өтуді әлемдік қоғамдастық алдындағы жауапкершілік санайтынын айтты. 

Сондай-ақ Қазақстанның қуанышына ортақтасып Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Украина басшысы Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон шалды. 

Ал елдің жаңа белесінің  маңыздылығы туралы Президент сәрсенбі күнгі үндеуінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Избрание в Совет Безопасности ООН – заслуженный успех всего народа Казахстана. Это показатель зрелости нации. Мы признательны всем странам, отдавшим голоса за кандидатуру Казахстана, как ответственного государства, способного продвигать общие ценности мира и сотрудничества. Уверен, что наша республика достойно выполнит почетную миссию по обеспечению представительства в Совете Безопасности ООН. Это будет еще одним историческим шагом на пути к вхождению Казахстана в число самых развитых стран мира, построению безопасного и процветающего будущего. Я хочу поздравить всех казахстанцев с этим важным событием в год 25-летия Независимости нашей страны. Это достойное событие для того, чтобы радоваться за нашу страну. Еліміз осынау зор сенімнің үдесінен шығып, Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы асқақтай түсеріне кәміл сенемін! Баршаңызды осы табысымызбен құттықтаймын! 

2. Бүгін - ҚР Дипломатиялық қызметі күні

«Ел өміріндегі тарихи оқиға. Сындарлы саясаттың жемісі. Мәртебе. Жауапкершілік.  Қазақстанның жаңа белесі». Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атануымызды қалай сипаттасаң да жарасады, бірақ бір нәрсе анық, біз мұндай құрметке лайықпыз. Оған жүріп өткен жол дәлел. Айтпақшы, бүгін отандық дипломатиялық қызмет күні.  

28-маусым күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының кеңсесіне 193-елдің өкілдері жиналды. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі атану үшін 5 жыл дайындық жүргізді. Әлемнің алпауыт елдерімен терезесі тең деңгейде маңызды мәселелерді талқылап, әділдік турасында төрткүл дүниедегі түйтікілдердің тінін тарқатуға тырыспақшы. Мұндай салмақты кеңеске әр елдің өткісі келеді. Бірақ төрт құбыласы тең мемлекеттер некен саяқ. Хош. Сонымен біздің елдің бәсекелесі Тайланд Карольдігі болды.

Ерлан Қарин, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры

-Тайланд өте ірі аймақтың өкілі. Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық Мұхиты аймағы өкілін атқарып отырған. Бұл аймақтың экономикалық, саяси, деморграфиялық қуатын Орталық Азиямен есептесек тең емес екені былай да түсінікті. 

Тай елінің танымалдығы Қазақстанан артық болмаса кем емес. Сондықтан екі ел үзеңгі қағыстырып жарысқа түскенде күдіктің болары сөзсіз. Алайда 193-елдің 138-і Қазақстанды қолдағаны білгілі болды. Таиланд – 55  дауыспен шектелді.  

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты 

-Біздерді Ресей мен Қытай қолдады. Менің білуімше барлық Ислам елдерінің ұйымы және біздерді Азия елдерінің ішінде де қарым-қатынасты дұрыс жүргізетін менің білуім бойынша 101 ел жазбаша түрде өздерінің қолдауын біздерге берді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі 1945-ші жылы құрылды. Құрамына тұрақты 5 мемлекет кіреді. Олар Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания мен Франция. Оның сыртында тұрақты емес 10 ел болады. Олар 2 жыл сайын сайланып тұрады. Осы уақытқа дейін Біріккен ұлттар ұйымының атқарған жұмысы ұшан-теңіз. Нақтырақ айтсақ, 70-жылдан бері әлем дүниежүзілік соғыссыз өмір сүріп келеді, отарлық қамытын киген елдер қиындықтан құтылды, түрлі мәселелер оңынан шешімін тапты. Ал, кеңестің жұмысы бұдан әрі де ширай түседі. Өйткені жаһан жаңа белеске бет алды. Біздің елдің әлем алдындағы абыройы үлкен. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын,  Семей полигонын жапқанын былайғы жұрт жақсы біледі. Бұдан бөлек, Елбасының халықаралық кикілжіңдерді шешуге келгенде арағайындылық танытқаны, күні кеше Біріккен Ұлттар ұйымының биік мінберінде тұрып көтерген жаһандық бастамалары кең қолдау тапты.

Иосиф Линдер, Халықаралық терроризмге қарсы күрес қауымдастығының президенті 

-Қазақстан – Орталық Азия аймағында ғана емес, сондай-ақ әлемдік саясатта салмағы бар ел. БҰҰ ҚК мүшелікке өту деген халықаралық аренада сіздердің елдеріңізге деген сенімділікті білдіреді. Қазіргі таңда БҰҰ ҚК – әлемдегі ең беделді диалог орталығы. Сондықтан ол – үлкен мәртебе. 

Алдағы екі жылда Қазақстан үлкен мінберден 4 маңызды бастаманы көтереді. Ядролық, энерге¬тикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажырлы еңбек етеді. 

Марат Бәшімов, Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры 

-Қазір Қазақстан шығарып тұрған сұрақтардың бәрі маңызды. Өйткені су жетіспейді қазір әлемде. Көршілерімізге қарап отырсақ сулар жетіспейді. Африкада тіпті жоқ, Латын Америкада проблемма бар. Ол ертең қауіпсіздік кеңестің арасында сұрақтар көтеріліп тұрады. Жәйдан-жәй шығарып отырған жоқпыз ғой. Ол повестканы бәрі қолдап отыр, ол маңызды деп отыр. 

Сарапшылардың пікірінше Орталық Азиядан ең алғашқы рет мүшелікке өткен біздің ел ұйымның жиындарында осы өңірдің түйткілдерін ашық айтып, шешімін қарастырады. 

Ерлан Қарин, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры

-Біздің аймақ өте күрделі аймақ, әртүрлі экономикалық саяси қарама-қайшылықтар бар. Ең бастысы соның ішінде су мәселесі, энергетика мәселесі шешілмеген мәселелер бар. Трансмемлекетаралық өзендерді пайдалану, су ресурстарының дефицит проблеммасы бар. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз осы аймақтағы шешімін таппай отырған, шешімі өте күрделі мәселелерді жан-жақты талқылауға жағдай жасау. 

Әділ Ахметов, Мемлекет және қоғам қайраткері    

-Қазақстан – идеяның елі. Жаңағындай болып жатқан түйткілдердің барлығының шешілуіне өзінің үлесін тікелей қосады. Өйткені Қазақстанға бүкіл әлем сенеді. Мәселе сонда. Соғыс болуға аз-ақ қалып отыр. Еуропа бөлініп жатыр. Брекситтен кейін салдары қандай болатынын бір Құдай біледі. Бұл экономикалық кризиске де алып келеді. Міне сондай жағдайда Қазақстан өзінің рөлін мықтап тұрып атқаратын болады. Тек қана өзінің атынан емес, Орталық Азияның атынан сөйлейді.

Салмақты сөз айтып, пайымды пікір білдіріп ғаламның тағдырын жақсартуға жігер қосатын қазақ елімен бұдан кейін де көп ел кеңесетін болады. 

Мәулен Әшімбаев , ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты 

-Еліміздің бұл қадамынан соң инвестиция көптеп тартылатын болады. Өзге мемлекеттермен сауда қатынастары нығайып, экономикалық жобалар жүзеге асырыла бастайды. Әрине, мұның бәрі еліміздің әлеуметтік жағдайына әсер ететін болады. Бюджет кірісі көбейе түседі. Егер қазына толыға түссе, зейнетақы мен жалақыны өсірудің жаңа мүмкіндіктері. Тұрғын үй салуға да сеп. Қазіргі заманда мұның барлығы бір-бірімен тығыз байланысты.

Әрине, әлемде бейбітшілікті сақтап тұруға күш салсаң, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік күштерін бағыттауда бағдарың дұрыс болса, халықаралық санкциялар енгізетін кезде дауысың әділ болса, оны әлем елдері ескереді. Тек ескеріп қоймай әріптестік байланысын беріктей түседі. 

Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Сәкен Сейітханұлы

3. Қазақстан бітімгерлік миссиясы жолында модераторлықты атқаруда

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан былтыр Бас Ассамблеяның мерейтойлық сессиясында көтерген бастамаларының жүзеге асуына мән береді.  Әсіресе терроризм мен экстремизм мәселесі өткір тұр. Сол жиында Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестікке қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құруды ұсынды. Бұл бастаманың күн өткен сайын маңызы артып келеді. Осы аптада тағы бір топ Ақтөбедегі оқиғадан соң зәрезап болған қазақстандықтардың мазасын ала жаздады. 

Балқаш қаласы мен Гүлшат елді мекенінде теракт жасамақ болғандардың жолы кесілді. Бір лаңкес өзі-өзі жарып жіберіп, сол жерде көз жұмды. Тұтқынға алынғандары да бар. Жарылғыш зат жасауға арналған құрылғылар, қару мен дәйектер тәркіленді. 

Ал маусымның 28-і күні Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайында жойқын жарылыс болды. Қырықтан астам адам қаза тапты. Құрбан болғандардың дені Түркия азаматтары. Телефон арқылы әңгіме кезінде қанды оқиға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президентіне көңіл айтты. Біздің елдің терроризм мен эскремизм әрекеттерін қатаң айыптайтынын жеткізді. Ал Режеп Тайип Ердоған болса, Мәскеу мен Анкара арасындағы қарым-қатынасты реттеуге келгендегі Нұрсұлтан Назарбаевтың «баға жетпес үлесі мен зор еңбегі үшін» алғыс білдірді. 

Айта кетейік, сәрсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путин  Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Түркия ресейлік ұшақты атып түсіргеннен кейін тараптар 7 ай бойы бір-біріне қырын қарап келген.  Анкарадан хат алған соң Кремль қарым-қатынасты жақсартуға ниет танытқандай. Режеп Тайип Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгіме кезінде Анкара мен Мәскеу арасын жақындату тұрғысынан көзделген қадамдар жүзеге асады деп үміттенетінін айтты. Сондай-ақ телефон арқылы әңгіме кезінде Петр Порошенко да Нұрсұлтан Назарбаевқа Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты шешу ісіндегі арағайындық қызметін жалғастыра беру жөніндегі өтінішін жеткізді. 

Ерлан Саиров, саясаттанушы 

-Бұл Елбасының арқасында Қазақстанның халықаралық деңгейдегі рөлінің өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Осының алдында Елбасы Ресей мен Украинаның арасында, Ресей мен Еуропаның арасында біраз араағайындық қарым-қатынастар жасап, оның өзі белгілі бір нәтижеге алып келген болатын. Минскідегі келіссөздер нешізі Елбасының бастамасымен басталған. Енді бүгін қарап отыратын болсақ Ресей мен Түркияның арасындағы қарым-қатынасқа араағайын болып жатыр. Қазақстан бүгінгі таңда халықаралық дүниежүзілік кикілжің мәселелерді шешуде модераторлық танытып, негізгі модератор болып отыр.

4. Жалпыұлттық телекөпір

Индустрияландыру бағдарламасы басталғалы бері өнеркәсіптің өңдеу секторында мыңнан астам кәсіпорын ашылыпты. 500-ге жуық өнім түрі шығарылды әрі бұлар бұрын-соңды Қазақстанда жасалмаған тауарлар. 

Ең бастысы, 200 мың жаңа жұмыс орны пайда болды. Кемшілік те жоқ емес. Кешегі Жалпыұлттық телекөпір кезінде Президент санның соңына түспей жобалардың сапасы мен өміршеңдігіне назар аударған жөн деді.  Сосын бағдарламаға өзгерістер енгізілетін болды. Дәстүрлі жиын. Мемлекет басшысы индустриялық-инновациялық бағдарламаның аралық нәтижелерін тыңдады. Алты жылдан бері бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылған. Осы кезеңде жаңа технологияларға негізделген жүздеген кәсіпорын ашылды. Нәтижесінде өндіріс көлемі мен халықтың кірісі артты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-За последние шесть лет сделана огромная работа. Хочу поблагодарить Асета Орынтаевича за проделанную работу. Он стал пионером внедрения индустриализации в Казахстане. Ну, и поздравим нового министра нашего Жениса Касымбека. И я тебе предоставляю слово - докладывай, начинай работу, некогда нам.

Жаңа министр бүгінгі индустрияның әлеуеті үздік отыз елдің қатарына ілігуге қажет көрсеткіштерден анағұрлым алшақ екенін мойындады. Әйтсе де,  «Индустриялық-инновациялық бағдарлама дер кезінде қолға алынған. Өйтпегенде, жаһандық дағдарыстың салдары біз үшін ауыр болар еді», – деді Президент. Бүгінде ел кірістері екі есеге дейін төмендеп кеткен. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Благодаря тому что, мы готовились именно вот индустриальную программу делали и развивали малый и средний бизнес. Вот народ наш должен знать что правильно проведенная политика позволяет держать в стабильности не только экономику но и социальное положение. И когда начинает требовать дай больше должны понимать, если кризис прижимает всех, весь мир. В том числе и наш.

Индустрияландыру картасы аясында биылғы алты айдың өзінде жалпы құны 175 млрд. теңге болатын 30 жоба қолға алынған. Нәтижесінде 4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл тізім тағы 8 нысанмен толықты. Трактор зауыты, мұнай құбырларын және мотор майларын өндіретін кәсіпорындар, Теміржол білігі мен қос дөңгелек шығаратын өндіріс және голландиялық раушан гүл өсіретін жылыжай кешенін Мемлекет басшысы онлайн режимде іске қосты. Соңғысы жоғары өнімділік беретін ең ірі жылыжайдың бірі. Онда 70 адам жұмыс істейді. Жылына 10 млн дана раушангүлін  өсіруге болады. 

Екінші бесжылдықта мемлекет еңбек өнімділігін арттырып, өңдеуге баса мен бермек. Дайын өнім шығару негізгі мақсат. Енді іске қосылған нысандардың дені сол өңдеумен байланысты. Олардың бірі – оңтүстіктегі тез әзірленетін тағам өндіру кәсіпорны. Зауыттан жылына 620 мың қорап дайын кеспе дүкен сөрелеріне жол тартады. Мұнда 60 тұрақты жұмыс орны ашылды. 

Батыстан да ақжолтай жаңалық бар. Елімізде Еуро-5 стандарты бойынша бензин өндірісі іске қосылды. Мұнай өнімдерін терең өңдейтін бірегей жоба арқылы Батыс Қазақстан облысы мен оған көршілес өңірлер енді Ресейдің жоғары сапалы жанармайына тәуелді болмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Разрешаю,  дайте старт. Очень важное предприятие. Очень необходимое. Завод Конденсат я помню с первых дней запуска. Вместе все это делали. И сейчас он развивается. И начал производить столь необходимую продукцию не только для вас но и для Казахстана. 

Биылғы жылдың соңына дейін тағы ондаған кәсіпорын бой көтереді. Уақыт талабына сай бағдарлама аясында басымдық берілетін салалар саны бұрынғы 14-тен 8-ге дейін қысқарды. Жобаларды іріктеу мен мемлекеттік қолдау тәртібі де күшейтілмек. Олардың бәсекеге қабілеттігі мен экспорттық әлеуеті ескеріліп барып жүзеге асады. Тек қайтарымы бар нысандар тұрғызылатын болады. Енді тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина құрастыру, тау кен мен қара металлургия салаларын дамытуға ерекше екпін берілмек. Шағын және орта кәсіптің үлесін арттырсақ, экономиканың іргесі шайқалмайды. Ол үшін Президент бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту керектігін алға жылжытты. Әрбір қазақстандықты бизнеске жұмылдыру ісі ауыл-аймақтан басталуы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Необходимо дать людям возможность начать свое дело. Особенно на селе и особенно молодежью. Нужно облегчить им положение стартового капитала, расширить микрокредитования. Если вы не забыли мы выпустили книгу 100 бизнес проектов. Такая толстая книга. Аскар ты был в регионе, получил. Что можно делать в каждом селе. В кадом районе вы все забыли про это. Эта книга под пылью лежит. Возьмите и встряхните. Надо найти специалистов районного звена, областного звена, городского звена. приийти в это ауыл, взять эту книгу и научить людей работать и дать им микрокредит каждому человеку.

«Қазір жаңа технологиялар заманы. Болашақта жаңа технологиялар ішкі жалпы өнімнің 30-70 пайыз үлесін беретін болады», – деді Президент. Сондықтан біздің ел инновацияға ерекше көңіл аударып отыр. Өткен екі жылда 142 млрд теңгеге ғылыми-зерттеу жұмыстары қаржыландырылған. 

Ал жоғары оқу орындары сол игі жаңалықтар мен тың жобалардың бастауына айналуы қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Как только появляеться новая продукция говорят это сделано в таком университете Принстонском, это сделано в Гарварде, это сделано в таком университете, швейцарском. Видите, все новинки выходит из лаборатории университетов. А как работают наши университеты. Это очень большой вопрос. Ученые и студенты должы быть поключены к этому. Поручаю активизировать работу по формированию центров инновации, прежде всего при университетов. Эта работа правительсто, как раз министерства образования.  

Үкіметке біраз тапсырма берілді. 2025 жылға дейін шикізаттық емес секторды кем дегенде екі есе ұлғайту міндеттелді. Тағам өнеркәсібінде мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілмек. Отандық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ету міндеті тағы бар. Кәсіпкерлер дүниежүзі сауда ұйымының мүмкіндіктерін пайдалан алмай отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Правительству надо разработать комплекс мер по поддержке выхода Казахстанских и услуг на внешний рынок. Это должна быть главная задача каждого акима области, акима города, районов.  Находить для своих товаров, а вы даже с соседними областями до сих пор работать не научились. Кооперация между областями у нас еще неосвоенный участок работы.   

Индустриялық нысандардың санын көбейту міндет емес. Мәселе олардың сапасында. Ел игілігі үшін ұзақ мерзімде жұмыс істеуі тиіс. Себебі, атқарылып жатқан жұмыс пен серпінді бағдарламалардың барлығы әуелі қарапайым тұрғындар үшін. Демек елдің әл-ауқатын артыру бірінші орында. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Рост доходов населения главный вопрос о чем я хочу говорить. Должен быть основной приоритетм реализации всех наших программ. Дорогие, импортные товары надо замещать на отечественную продукцию. И уровень инфляции национальному банку надо следить. Это тоже увеличение доходов населения. Увеличение доходов население означает что мы должны рабочие места им создавать. И создавать условие чтобы люди зарабатывали себе на жизнь. Вот это роль государство. Ни подачки двать, ни субсидии давать я не работаю лежу рот у меня открытый кладите мне в рот пищу. Нет. Надо научить как говорят ловить рыбу, а не рыбу давать. 

Тұрғындарға тағы бір көмек. Алдағы 15 жылда 1,5 млн қазақстандық отбасы баспанамен қамтылуы тиіс. Үйді жалға беруде де бірер өзгеріс күтіп тұр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Важной задачей должно стать обеспечение доступным жильем 1,5 миллиона семей в предстоящие 15 лет. Арендное жилье нужно сделать без покупки, чтобы была мобильность рабочей силы, чтобы могли переехать в другой город, получить себе вот это арендное жильё, мы это должны сделать по всему Казахстану. Давайте работать через банки второго уровня.

Қаржы ұйымдарының жұмысы қыза түспек. Үкіметпен бірге макроэкономикалық тұрақтылықты қамтуға күш салады. Ол үшін екінші деңгейлі банктер экономиканы несиелендіруге қайта кірісуі қажет. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Правительство, Национальный банк должны принять меры для восстановления объемов кредитования экономики банками второго уровня, с акцентом на финансирование малого и среднего бизнеса. Что для этого надо делать, Карим Кажымуханович?

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі  

-Исполнять все ваши поручения.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Банкиры. Где банкиры? Нацбанк где? Ну есть же деньги у банков, почему они так скромно кредитуют экономику?

- Сейчас у банков около 2 трлн тенге, тенговая ликвидность достаточно.  

Қаржы жеткілікті, енді үкімет қыркүйекке дейін бұл айтылған міндеттерді саралап, ұсыныстар әзірлейді. Ал индустриялық бағдарламаға оралсақ, оның келешегі кемел екенінде дау жоқ. Өңдеу саласын дамытуға негіз болмаған соң айтарлықтай қиындықтарға тап болып отырмыз. Президенттің екінші бесжылдықта өңдеуге тың серпін беруге күш салуының мәні түсінікті. Ел қатарлы даму мемлекеттің мүддесі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мы с нуля, только-только разворачиваем большой маховик, когда он раскрутится, он расцветёт, мы станем такими же странами как другие. У Германии нету никаких богатств недр земли, у Южной Кореи нету даже угля, в Швейцарии нет никаких добывающих, а именно за сет малого и среднего бизнеса, индустриализации и что все чем-то занимаются малым и вносят вклад, они развиваются. Мы тоже стремимся стать такими и тогда нам не будет угрожать коньюктура цен.

Әр қазақстандық ертеңіне сенімді болуы керек. Елбасының меңзегені осы. Экономикалық тұрақтылықты сақтап, жұмыссыздыққа жол бермеу. Бастысы елді дағдарыстан аман алып шығу. Бұл орайда индустриялық бағдарламаның орны айрықша.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Қанат Әбілдин

5. Қазақстандық тауарлар көрмесі өтті

Сонымен индустрияландырудың арқасында Қазақстанда бұрын-соңды шығарылмаған 500-ден астам өнім өндіріле бастады дедік. Алты жылдық жұмыстың жемісі ретінде тауардың 70-тен астам түрі арнайы көрмеге қойылды. Алғашқы жартыжылдықты қорытындылауға арналған кеңес басталмас бұрын Президент отандық өнімдерді көріп шықты. Бұл жерге азық-түліктен бастап ойыншықтарға дейін қойылған.

Биыл бағдарлама аясында 120 өндіріс бой көтереді. Кеше Президенттің өзі 8 нысанды іске қосты. Ал бір күн бұрын Астанада индустриялық даму бағдарламасының аяқалысымен танысты. Бірнеше нысанда аралады. Үй құрылысы комбинаты. Индустриялық паркте орналасқан серпінді жоба. Ашылғанына небары 2 апта. Нұрсұлтан Назарбаев мұнда келген алғашқы мейман. Мемлекет басшысы жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысып, цехтарды аралады. Кәсіпорында панельді және каркас-жинақтау үшін жасалған темір-бетон бұйымдары құрылыс орындарына дайын күйінде барады. Үйді тек Лего конструкторы сияқты құрастыру ғана қалады. Соның арқасында 16 қабатты үйдің құрылысына бар-жоғы 6 ай жұмасалды екен. Ал бір қабатты тұрғызуға 1 күн жеткілікті.

Әбдісейіл Жарасов, үй құрылысы комбинатының цех басшысы 

-Бәрі 100 пайыз дайын боп шығады. Өйткені бетонный узелда барлығы тексеріледі. Брак болуы мүмкін емес. Сондықтан ойлаймын бұл үйлердің сапасы жақсы болады деп. Сапаға біз кепіл береміз.

15 гектарды алып жатқан өндірістің құрылысына 30 млрд теңге жұмсалған. Германия мен Австрияның жоғары технологияларымен жабдықталған. 

Қазір кәсіпорында 500 адам жұмыс істейді. Өндіріс толық қуатына көшкенде 1200-ге дейін ұлғаяды. Бастысы зауыттағы құрылыс материалдарының 87 пайызы отандық өнім. 

Жанна Бектемірова, үй құрылысы комбинатының бас директоры 

-Біз көбіне Қазақстанда жасалған материалдарды қолданамыз. Қиыршық тас, құм, цемент барлығы өзіміздің өнімдер. Металдың негізгі бөлігін де отандық тауар өндірушілерден аламыз. Тек кей құрылыс материалдарының қоспалары, химия өнімдері шетелде жасалған. Бұл пәтерлердің бағасы  «Нұрлы жол» тұрғын үй бағдарламасындағымен бірдей болады. Онда үйдің 1 шаршы метрі шамамен 200 мың теңге. 

Зауыт басшылығы келер жылдың мамырына дейін 1200-ден астам пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Тіпті мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қолғабыс етуге қауқарлы. Мемлекет кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен пайдалануы мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев осындай ой тастады. Егер көздеген межеге қол жетсе, жылына жалпы аумағы 250 мың шаршы метр болатын тұрғын үй құрылысына қажетті жабдықтар шығарылмақ. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Үй салатын комбинатты көрдік. Теңдесі жоқ Қазақстанда. Өте соңғы технологиямен жасалған. Бәрі де инновация, индустриялизация саласында дұрыстап жасалып жатыр деп ойлауға болады.

«Тұлпар-Тальго» зауытының да жағымды жаңалығы бар. Жолаушыларға құлаққағыс. Жақын арада кеңейтілген, жаңартылған вагондар қолданысқа енеді. Нұрсұлтан  Назарбаев солардың біріне мініп көрді. Бұрын іші тар вагондарға талай сын тағылған еді. Бұл жолы өндіріс басшылығы барлық кемшіліктерді ескергені көрініп тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Это последние вагоны. Они широкие, удобные для людей, и для любого потребителя. Это очень здорово. Біздің пойыздарымыз Қазақстанда 40, көп дегенде 60 км жүретін. Мыналар 160 км жылдамдықпен жүретін, адам таситын пойыздар. Қазір Қазақстанның көп өңіріне осы пойызды жібердік. Адамдардың жол қатынасына беретін уақыты екі есе қысқарды. Бұл экономикаға өте пайдалы. 

Нұрболат Ақтай,  Жолаушылар вагонының жолсерігі 

-Мұнда «Тұлпар» пойызының жаңа үлгідегі вагондары. Техниканың соңғы құрылғыларымен жабдықталған. Жататын орны бұрынғы вагондарға қарағанда 8 см ұзартылды. Вагонның жалпы үзындығы 30 см кеңейтілді. Биіктігі 22 см. Екінші қабатқа арнайы саты арқылы шығуға болады. Үлкен кісілерге, жас балаларға арнайы жасалған. Мініп түсуге қолайлы болу үшін. Вагондарымыз қыста жылы, жазда салқын. Жолаушыларға да, бізге де ыңғайлы. 

Бұл вагондарды құрастыру былтыр қолға алынған. 2020 жылға дейін осындай сериялы 600 вагон шығару жоспарда бар. Оның шанағы ұлғайтылып қана қоймай, қауіпсіздігі де едәуір артқанын айтады зауыт мамандары. 

Данара Елеусізова, Инженерлік өндіріс бөлімінің басшысы 

-Мысалы, қарсы бағыттағы поездбен түйісетін болса, бұл вагон, мысалы өткен замандардың вагондары сияқты қозғалыс жүйесі басқаша орнатылған. Сондықтан түйіскен жағдайда бұл вагондар телескоп ретінде бір-бірінің ішіне кірмейді, олар зик-зак ретінде жолдан шығып кетеді. Динамикалық тестердің қорытындысы бойынша адамдардың өлімінің саны өте аз.

Индустриялық парктің қарқыны күшті. Бүгінде Астана индустриялық аймағында барлығы 31 нысан жұмыс істеп тұр. 15-нің құрылысы жүріп жатыр. Тағы 16 кәсіпорын салынады.   

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Индустриальный парк Астаны развивается очень сильно, развивается бизнес, привлекаем инвестиции в этот технологический парк. Создаем условия для них. Благодоря этому поднимается экономика города, поступления в бюджет каждый год увеличивается. Это очень хорошо. Будем продолжать эту работу.

Тағы бір серпінді жоба – көліктік-логистикалық орталық. Енді кедендік жұмыс, тауарды сақтау және сату бәрі бір жерде жасалады. Аумақта бизнес үшін барлық жағдай бар. Кәсіпкерлер бұрынғыдай табанынан таусылып жүрмейді. Жүктер небәрі 1 сағаттың ішінде рәсімделеді. Бұрын бұл 3 күнге созылатын. 40 мың шаршы метр жерге жайғасқан  ірі жүк қоймасы да бар. Көліктік логистикалық Орталық Астана қазынасына соңғы 5 айда 32 млрд теңге әкелген.

Транзиттік әлеуетті арттыру. Біздің ел дағдарыс басталмай тұрып, осы бағытта қам жасағанын атап өткен абзал. Қазақстан Батыс пен Шығыстың ортасында тұр. Мұны молынан пайдалану керек. 

Себебі бұл – транзиттік табыстан бөлек, Еуропаға шығар төте жол. Сонымен бірге, өндірістің басқа салаларын да жандандыруға сеп.  Қазіргі қарекет соның қамы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Любой груз, который в Астану прибывает здесь с одного окна можно. Человек не ездит нигде, не мотается по фитасанитарным, другим делам, законодательным  делам. Они все здесь оформляют и облегчается прохождение товаров. Мы в Астане постороили самый крупный логистический центр по обработке товаров и контейнеров. Он уже загружен на 70% почти. Большое дело в нашей индустриальной программе и инфраструктурной программе. 

Қытай қарт құрлыққа тауарын теңіз жолы арқылы тасымалдап келді. Ал 24 мың шақырымды еңсеру 45 тәулікке созылатын. Енді жол жүрудің машақаты азайып отыр. ТрансСібір темір жол дәлізі арқылы 11 500 шақырымды 15 күнде өтеді.  Нәтижесінде контейнер тасымалы 100 есеге артқан. Қазір Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропа бағытында 100 мың жүк контейнер қатынайды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазақстанның жері кең, Азияның дәл ортасында тұрғаннан кейін көп жүк Қазақстан арқылы өтетін болса, біздің еліміз одан көп табыс табатын болады, біріншіден. Екіншіден, көршілермен тату боламыз. Себебі олар жүгін біз арқылы жүргізгеннен кейін бізбенен жақсы болуға мүдделі болады. 

Алдағы жылдары көліктік логистикалық орталықтың аумағы 110 мың шаршы метрге дейін кеңейе түспек. Заманауи терминал жеке инвесторлардың есебінен ашылған. Мемлекет жобаға қаржы жұмсаған жоқ.  

Мұндай логистикалық орталықтар желісі  өзге 7 өңірде құрылады. Жоба жүзеге асып жатса,  жылына 3-тен 6 млрд долларға дейін пайда түседі.  

Дәулет Ерғожин, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

-Орталықта Қазпоштаның халықаралық бөлімшесін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл электрондық сауда жүйесін дамытуға жағдай жасайды. Мысалы, шалғайдағы ағайын интернет арқылы тауарға тапсырыс берсе, сәлемдемені 7 күнде жеткізіп беруді көздеп отырмыз. Яғни алдағы уақытта базарға барып сабылып жүрудің қажеті болмайды.

Елдің индустриялық дамуында логистика маңызды. Бизнес өкілдері Елбасына осы саланы ілгерлетуге көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс  айтты.

Бұдан бөлек, Президент Forte Bank Акционерлік қоғамының жаңа кеңсесін көрді. Қаржы мекемесін дамыту жөніндегі жоспарымен танысты. Филиал ғимаратында жеке және заңды тұлғаларға арналған қызмет көрсету аймағы мен банк қызметкерлерінің кеңселері орналасқан. Мемлекет басшысы олимпиадалық су спорты орталығында да болды. Ол елорданың көп-функционалды мұз сарайында орналасқан. Әлемдік сапа стандарттарына жауап беретін спорт кешені халықаралық ауқымды жарыстар өткізуге арналған. Жақында Олимпиадалық орталықта суға секіру, мәнерлеп жүзу, су полосы және жүзу бойынша еліміздің ұлттық құрама командалары дайындық өткізеді деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Зайнұр Байжігіт

Операторлар: Еділ Ермекбаев, Батырбек Ғаділбеков 

6. Елбасы Шығыс Қазақстан облысының даму барысымен танысты

Әрбір сатылған үшінші автокөлік – отандық. Биылғы көрсеткіш осындай. Қазақстанда шығарылған темір тұлпарларды тұрғындардың көптеп тізгіндеуіне әсіресе мемлекеттік жеңілдетілген несие сеп болып отыр. 

Әрине, дағдарыс салаға айтарлықтай әсер етті, бірақ бұл өндірісті өркендеуге кедергі болмауы тиіс. Мемлекет жоспардан жаңылмайды. Мәселен, Өскеменде жылына 120 мың автокөлік шығарылатын болды.  Шығыс Қазақстан облысына сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев дамыған елдердің көбі автомобиль индустриясын құрастырудан бастағанын, кейін біртіндеп төл өндіріске көшкенін айтты. Бұл күнді біз көп күттік. Өзімізде толық құрастырылған көлікке отыратын кез келді. Нұрсұлтан Назарбаев Өскемендегі жаңа автомобиль шығаратын зауыттың құрылысымен танысты. Енді ғана бой көтеріп жатқан өндіріс орны болашақта экономикамызға мықты екпін бермек. Бұрын тек дайын қаңқаны жаңалауды місе тұтқан «Азия Авто Қазақстан» компаниясы енді толық циклді автомобиль шығаруға қауқарлы екенін көрсетті. Жұмысшылар да жаңа белестерді бағындыруға дайын. 

Зауыт маманы

-Мен осы кәсіпорында практикадан өткенмін. Практика біткенен кейін осында испытатель болып жұмыс істедім. Жұмыс істеп жүріп, жоғары орынды бітірдім. Қазіргі таңда инженер болып жұмыс істеймін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мен де үлкен өндірісте жұмыс істедім ғой. Сондықтан сендер де істесін деп жатырмын. Не было в Казахстане отрасли автомобильной. Впервые возникла у нас. Улкен өндіріс. Машиностроение, индустриализация - машин много производят, конкуренция сильная, но вы должны конкуренцию выдержать и по цене, и по качеству. Чтобы Россия покупала, чтобы казахстанцы ездили на наших машинах. 

Өндіріс алаңында дәнекерлеу, бояу және құрастыру цехтары іске қосылады. Жоспар бойынша кәсіпорын ЖІӨ-ге 1,1 млрд. АҚШ долларға дейін өсім береді. Қосымша 12 мың адамға жұмыс орны ашылады. Жыл сайын түскен табыстан салық есебінде ел қоржынына 30 млрд.теңге салынады. Автокөліктерді жинауға қажет құрал-саймандардың 50 пайызы отандық өнім болады. Жоба құны – 180 млрд.теңге. Президент қазір жұмыс істеп тұрған зауыттың барысымен де танысты. Қызметкерлермен тікелей желі арқылы тілдесіп, оларға үлкен үміт артатынын жеткізді. 

Қанағат Ингушатов, «Азия Авто Қазақстан» компаниясының маманы 

-Мы работаем на линии сборки. Сейчас собираем модели Лада Калина и Лада Гранта. Всего освоили производства более 30 модели 4 мировых брендов. С нетерпением ждем отрытие нового завода полного цикла. Нұрсұлтан Абишевич, мы все знаем сколько сил вы вложили в развитие нашего предприятия. Спасибо Вам за это. 

Темір тұлпарлар сырт келбеті жағынан әлемдік брендтерден кем түспейді. Тізілген көліктер арасынан соңғы кезде сәнге айналған электромобильді де байқауға болады. «Сұраныс болса, көліктің ол түрін де жасауға қауқарымыз жетеді», – дейді компания басшылары. Ең бастысы, әрбір өнім тұтынушылар үшін қолжетімді бағада шығарылып отыр.

Ержан Мандиев, «Азия Авто Қазақстан» компаниясының бас директоры 

-Салынып жатқан зауыт қосымша жұмыс орындарын береді. Ел қазынасына салмақты салық төлейді. Екіншіден қарапайым халық үшін біздің автокөліктеріміз қолжетімді болады. Сапасы да басқа автокөліктерден кем болмайды. Қауіпсіздік талаптарына сай, экологиялық таза өнім шығарамыз. 

Компания небәрі 3 жылда 260 мыңнан аса көлік шығарып үлгерген. Бұл нарықтың 51 % құрайды. Қазынаға осы уақытқа дейін 350 млн.АҚШ доллардай салық түсірген. Ендігі кезекте қазығы қағылған өнеркәсіп өз әлеуетін көрсетуі тиіс. 

Эльвира Тағайқызы, тілші  

-Экономикамыздың қозғаушы күшіне айналатын көлік зауыты қызу жүріп жатыр. Дәл қазір оны көтеруге 2 мыңнан аса құрылысшы жұмылдырылған. Небәрі 2 жылдан кейін облыста 120 мыңнан аса автомобиль шығарылмақ. Отандық өнім өзімізге қолжетімді болып, көрші елдерге экспортталмақ. 

Президент өткен жылы халық игілігіне берілген облыстық қан орталығына да барды. Әлеуметтік маңызды нысан бір жылда 5 мыңға жуық науқасқа өмір сыйлап отыр. Соңғы технологиямен жабдықталған нысанда күніне 100-ден аса тұрғын қан тапсырады. Олардың бірі – өңірдегі әскери бөлімнің сарбаздары. Қайырымды іске құлшына келген жауынгерлердің риясыз пейілдеріне шын ризашылығын Мемлекет басшысы да білдірді. 

Әскери бөлімнің сарбазы

-Господин Президент! Для нас большая честь встретится с Вами. Мы в свою очередь обязуемься в любой момент стать на защиту нашей Родины. Если потребуется готовы отдать жизнь за наш Казахстан. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Это правильно но надо жизнь сберечь и Родину защищать. Уже помогаете сдавая кровь. Людям спасаете жизнь. Это тоже все ровно что ваша служба. 

Орталыққа жылына 24 мың литр қан жиналады. Олар өңірдегі барлық ауруханаларды жанға қымбат сұйықтықпен қамтып отыр. Ағзаға қажетті қан дер кезінде науқасқа құйылу үшін мұнда 300-ге жуық маман тәулік бойы талмай қызмет етуде. Президент олармен де тілдесіп, атқарып отырған істерінің маңыздылығын айтты. «Орталық үшін ең маңыздысы – донорлар жағдайы», – деді ол. Сондықтан әрқайсысының көңіл күйін сұрап, қан тапсыру сауапты әрі денсаулыққа пайдалы екенін еске салды.  

-Вы раньшье сдавали? Доктора говорят это полезно. Обновляется кровь. И вы спасаете жизнь многих людей. 

Нысанның халық үшін пайдалы тұстары көп. Мұнда арнайы жасақталған тоңазытқыштар бар. Оның ішінде сирек кездесетін қан түрлері қажетті көлемде ондаған жылдар бойы сақталады. Бұған дейін ондай мүмкіндік болмайтын. Одан өзге арнайы құрал-жабдықтар кез-келген инфекция түрін анықтап, жүз пайыз қауіпсіздікке кепілдік береді. 

Хайрулла Жигитаев, ШҚО Қан орталығының директоры 

-Жылына 30-32 мыңа адам келеді. Солардың қанын аламыз. Шынымен айтқанда халқымыз түсініп келіп жатыр. Өз қанын бергендер өз жанын бергендей. Сол кісілер келіп қандарын тапсырады. 

Шығыс Қазақстан облысы – индустриялық аймақтың бірі. Соңғы жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасымен инвесторларды тартуда алда келеді. Өңір экономикасы әлемдік өзгерістерге қарамастан қарқынды дамуда. Өткен жылдың өзінде тұралап қалған жүзден аса әлеуметтік нысанның 95-і аяқталған. Жыл сайын бір ықшам аудан пайда болып отыр. Бұл халық санының өсіп, өңірдің кеңеюін білдіреді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Биылғы жалпы дағдарысқа қарамай, бұл облыста өндірістің өсімі 39 процентке, ауыл шаруашылығы 13 процентке өсіп отыр. Балалардың 98 пайызы балабақшамен қамтылған. Үй құрылыстары, «Нұрлы Жол» бағдарламасымен жұмыс атқарылып жатыр. Өскеменнен Семейге қарай, Семейден Алматыға қарай жолдар келіп жатыр. Индустриалдық бағдарлама бойынша жұмыстар өз алдына істеп жатыр. Бұл жерде біздің ең тұңғыш, жаңадан шыққан өндірісіміз автокөлік құрылыс зауытына қатысты. Сонан кейін қанды алып, оны сақтап, халыққа көмектесетін мәселелерді көрдік.   

Президент жалпы аймақтың аяқ алысына оң баға берді. Бірақ әлі де істелінетін жұмыстардың баршылық екенін қаперге салды. Сондай-ақ Елбасы Тәуелсіздік жылдары әрбір өңір мерейтой жылды дәл осылай жемісті аяқтау қажеттігін жеткізді. 

Авторы: Эльвира Тағайқызы

Операторлар: Қанат Әбілдин, Руслан Жакеев, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев

7. Елбасы бірқатар сала басшыларын қабылдады

Экономиканы дамыту үшін көліктік-логистикалық инфрақұрылым мен транзиттік әлеуетті одан әрі ұлғайту маңызды. Ақордада «Қазақстан темір жолы» компаниясының президенті Асқар Маминді қабыладу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселеге назар аударды. 

Кездесу кезінде инвестициялық жобалардың жүзеге асуы мен алдағы жоспарлардың жай –жапсары талқыланды.

Сондай-ақ Елбасы қабылдауында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та болды. Нұрсұлтан Назарбаев отандық бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің сапасын арттыру қажеттігіне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Көп жұмыс тұр алдыңда. Ақпарат құралдары деген – үлкен күш. Әсіресе интернетте жұмыс істеу. Интернеттің ішіндегі нешетүрлі зиянды нәрселерді тарататындарға қарсы тұру. Қалай солармен жұмыс істеу керек? Басқа елдің тәжірибесін алып келу. Сондай бағытта. Елдің индустриялық-экономикалық жағдайлар қандай болып жатыр? Соның барлығын халыққа жеткізу. Болып жатқан жұмыстардың, істелініп жатқан шаруаның біздің саясаттың негізгі түбі халықтың жағдайы екенін жеткізетін – ақпарат құралдары. Мен сені тікелей қолдайтын боламын. Барлық Қазақстанның ақпарат құралдарын жекеменшік болсын, мемлекеттік болсын елге, халыққа жұмыс істеу керек. Заң жүзінде керек болатын болса заң жүзінде істеу керек. Қазір уақыт солай Қазақстанның мүддесін қолдайтын кез келді.

Өз кезегінде министр Дәурен Абаев таяуда құрылған министрлік қызметінің бүгінге дейінгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі  

-Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы. Бүгінгі күні жаңа министрлік қызметі бойынша барлық ұйымдастыру мәселелері шешілді. Шешімін тапты. Біз сіздің тапсырмаңызды белсенді жүзеге асыруға дайынбыз. Алдымызда өзіңіз жиналыста қойған міндеттер тұр. Біріншісі – мемлекеттік ақпараттық саясаттың жақсарту. Мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы тиімді коммуникацияны дамыту. Азаматтарға арналған үкімет және электронды үкімет базасындағы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Телекоммуникациялық инфрақұрылымды әсіресе ауылды жерлерде одан әрі дамыту.

8. Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті

Осы аптада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Алтыншы шақырылымның бірінші сессиясы қорытындыланды. Жиынға Мәжіліс спикері төрағалық етті. Нұрлан Нығматулин соңғы үш айда мақұлданған және қабылданған Заңдар қоғамның одан әрі дамуына қызмет атқаратынын атап өтті.  Осы кезең ішінде ел өмірінде маңызы бар құжаттар қабылданды. Қос палатаның үш бірлескен отырысы, Мәжілістің 12, Сенаттың 6 жалпы отырысы өтті. Мәжіліс 42 заң жобасын талқылаған. 7 заң жобасын депутаттардың өздері әзірлеген. Бірінші сессияда Мәжіліс 13 заң жобасын мақұлдап, Сенат 12 заңды қабылдады. Депутаттар талқысына өтіп, Елбасы қол қойған маңызды құжаттардың қатарында Жер Кодексіндегі кейбір нормалардың қолданысын тоқтата тұруға байланысты заң жобасы да бар. Сондай-ақ депутаттар еліміздің сыртқы саясатын қамтып, халықаралық байланысты дамытуға бағытталған бірқатар келісімдерді ратификациялады.  Ендігі кезекте халық қалаулылары Ұлт жоспарын сапалы заңдармен қамтуға баса көңіл бөлмек.   

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы

-Президентіміздің 5 институционалды реформасын іске асырудың және Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды» одан әрі сапалы заңдармен  қамтамасыз ету. Осы жолда Парламент жұмысының ашық болуына да ерекше назар бөлінеді.

Ал шілденің бірінен бастап депутаттар аймақтарды аралауға аттанып кетті. Халық қалаулылары қыркүйек айына дейін бұқара халықпен жүздесіп, қоғамдық қабылдаулар өткізеді.

9. Дағдарысқа қарсы шаралар басты назарда

Өтелмеген берешек. Қазақстанда жыл басынан бері жалақыға қарыз көлемі 3 миллиард теңгеге жуықтаған. Оның басым бөлігі банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың үлесінде екен.  Бұл мәселе осы аптада Үкімет үйінде айтылды. Қазір мемлекеттік инспекторлар, жергілікті атқарушы билік өкілдері шұғыл іске кірісті. Жыл басынан бері жұмысшыларға 2 миллиард теңгеден астам ақша қайтарылып берілген. 

Айта кетейін, бүгінгі күні жұмыспен қамту бірнеше бағытқа бөлінген. Бағдарлама аясында білікті мамандардың жоғалтқан табысына субсидия қарастырылған. Осы уақытқа дейін 14 кәсіпорыннан 3 мыңдай жұмысшы мүмкіндікті пайдаланып, шығынды субсидиялауға өтініш берген. 

Сондай-ақ 105 жас маман жаңа кәсіпті меңгеру үшін даярлық курстарына жіберілді. Ал 246 адам қызмет көрсету саласында біліктілігін көтеруде. Бүгінге дейін 167 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты.

Мұратпек Мұхамбеков, экономист

-Мемлекеттің қазіргі беріп отырған бағдарламасы дұрыс. Құрылыс пен ауыл шаруашылығы сонан кейін қажетті тауарлар өнеркәсібі. соған көңіл бөлу керек болып жатыр. Әсіресе жеңіл өнеркәсібі, күнделікті тауарлар шығару, қызмет көрсету саласы, көлікпен тасу. Кәсіпкерлер неден пайда түседі соған қарай ұмтылу керек. Шаш алатын болсаң да, көлікпен таситын болсаң да, киім тігетін болсаң да.  

Айта кету керек, жаңа жұмыс орындарының құрылуы – «Нұрлы жол», Үдемелі индустриялды инновациялық даму және басқа да мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларды іске асырудағы басты жетістік. Алдағы уақытта бір ғана «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы  бойынша мыңнан астам инфрақұрылымдық жоба ашылады, 20 мың адамға тұрақты жұмыс беріледі. 

Ал ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту есебінен 12 мың тұрғын екі қолға бір күрек табады.

Осы тұста Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов шағын кәсіп ашқысы келетіндерге берілетін несиені аграрлық  кооперативтерді құруға бағыттау керек дегенді алға тартты. Қазір елімізде сүт пен еттің 70-80 пайызы қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Бірақ алынған өнімдер шикізат күйінде саудаланып кетеді. Демек өңдеу кәсіпорындарына жетпейді. Бұл жерде өндіруші табыстан қағылады, ал өнімді өңдеуші шикізатсыз қалады. Бизнестегі осы бір түйткілді ауыл шаруашылығы кооперативтерін көптеп құру арқылы шешуге болады. Соның негізінде сүт қабылдау бекеттері, отбасылық мал азықтандыру алаңдары ашылады. 

Мұратпек Мұхамбеков, экономист

-Өндіруі келеді қолынан, ал бірақ қай жаққа алып баруы керек, кімде сұраныс бар? Соны білмейді. Солар ұйымдасса. Егер сол ауылдағы 10 шақты, 20 шақты сиырлардан жиналған сүтті өңдеп сататын болсақ, онда қымбатқа түседі, пайдасы да көбірек болады. Адамдар да көбірек шоғырланады. Өздеріне кепіл олатын өткізетін жерлері болады. Сол үшін керек қой. Бизнестің ұйымдасуы сонан кейін халық та бізден мына сатып алатын жер бар ғой деп өздері ұмтылады.

10. Минситрлер халыққа есеп берді

Осы аптада министрлердің біразы халықпен есептік кездесулер өткізді. Қаржы, көлік және медицина салаларындағы қазіргі ахуал, қолға алынған бастамалар қандай?

Сәкен Сейітханұлы, олушы 

-Биыл Қаржы министрлігі жалған кәсіпкерліктің алдын орайтын карта әзірлейді. Министр Бақыт Сұлтановтың айтуынша, кейбір іскер қауым құзырлы орган өкілдерін айналып өтудің жолын тапқанмен, ақпараттық жүйені сан-соқтыра алмайды. Өткен жылы 2500 бизнесмен жұрт пен мемлекетті алдап келген. Нәтижесінде 60 миллиард теңге шығын қайтарылған. Енді ақпараттық жұмыс күшейе бермек.   

Шоқан Зекенов, Астана қаласы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы 

-Ақпараттық жүйенің тиімділігі біріншіден біздің мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері кәсіпкерлермен қарым-қатынасқа бармайды. Сыбайлас жемқорлыққа тыйым салатын бір жағдай. Екіншіден қарағанда мына құзырлы органдардың мәліметтерін алып, қорытынды жасап анықтаған кезде жалған кәсіпкерлік пен кәсіпкерлікті сол кезде анықтап. Жалған кәсіпкерлікке қылмыстық іс қозғалады. Таза кәсіпкерлер тексеріске ұшырамайды.

Жамбыл облысының аумағына кіретін Меркі, Шу, Бірлік, Бурылбайтал жолы ендігі жылы жөнделеді. Солтүстіктен Оңтүстікке көлікпен қатынайтын жұртшылық бұл жолдың тауқыметін біледі. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2019 жылға дейін Меркі, Шу және Бурылбайталдың арасы тақтайдай тегіс болады, - деп сендірді. Бұдан бөлек, жиынға келгендер Жезқазған мен Қызылорданы жалғайтын жолдың да жайын сұрады. 

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі

-Бірнеше банк ақшаны берейін деп жатыр, Азия Даму банкі, Еуропа даму банкі бар, біз келісімге келеміз, қол қоямыз. Келісі жылдың соңында не болмаса, 2018-жылдың бірінші тоқсанында бастаймыз осы жолды. Осы жолдың жұмысы 3 жылға, сондықтан 2021-жылы осы жолды бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. 

Қаңтар мен наурыз аралығында Қазақстанда 2,5 миллион оқушы тексеріліп, 305 мың баланың денсаулығынан кінәрат анықталған. Мамандар: «Балақайлардың мұндай халге түсуі – дұрыс тамақтанбау,  жаттығу жасамау, шаршау салдарынан болады», – дейді. 

Енді биылдан бастап «Бала аман» атты жаңа бағдарлама жұмысын бастайды. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 

-Біз бүкіл мектеп медицинасын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру туралы заң жобасын әзірледік. Бұл жұмыстың аясында білім ошақтарындағы балалардың денсаулығын қадағалау мәселесі, олардың тән саулығынан бөлек, психологиялық күйзелістердің алдын алу жұмыстарына жіті көңіл бөлінеді. Соның нәтижесінде жас ұрпақтың денсаулығын айтарлықтай жақсартамыз деп жоспарлап отырмыз. 

Онымен бірге қазіргі уақытта балалар мен ересек адамдар арасында инфекцияның таралуы салдарынан ауру-сырқау азаймай тұр. Өйткені жұқпалы аурудың алдын-алумен ешкім айналыспайды. Бұл жұмысты санитарлық-эпидемиологиялық қызмет атқару керек.  

Алайда олар тек инфекцияның таралуын тіркеуге алып, оны жоюға ұсыныстар жазып берумен шұғылданады.  Ұлттық экономика министрлігінің құзырына кіретін комитет жұмысын алдағы уақытта денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бөліспекші. Осылайша дерттің алдын алудың қамы жасалмақ. 

Авторы: Сәкен Сейітхан

11. «Астана Опера» сахнасында Абай поэзиясына арналған алғашқы балет сахналанды

Бүгін «Астана Опера» сахнасында «Сағым сәттері» және «Махаббат тілі» деп аталатын екі балеттің премьерасы өтті. Қойылымдарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады. 

«Astana Ballet» ұжымының «Сағым сәттері» туындысы заманауи пластика стилінде әзірленген. 

Қытайлық хореограф Ишянг Жанг қойылымында би арқылы әйел баласының әлемін суреттеуге ұмтылады. Туындыны дайындау кезінде аспан асты елінің әйгілі ушу және тайчи гимнастикаларының тәсілдері қолданылған. 

Ал «Махаббат тілі» – Абай Құнанбаевтың поэзиясына арналған алғашқы балет. Отандық балетмейстер Мукарам Авахридің қойылымында қазақтың бас ақынының өлеңдері мен әндері хореографиямен біте қайнасқан.