Жеті күн 5.11.2016
1. Күншығыс елінің ақпарат құралдары Елбасымен сұхбаттасу үшін Астанаға арнайы келді
Адам мен адамды, халық пен халықты, ел мен елді жақындастырар ең берік дәнекер – мүдде бірлігі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ойтамызығын неге айтып отырмыз? Ертең Мемлекет басшысы Қазақстанмен тағдырлас, Қазақстанмен мүдделес Күншығыс еліне ресми сапармен барады.
Тағдырлас дейтініміз, біздің ел сияқты Жапонияның қос қаласы атом бомбасының қасіретін шеккен. Мүдделес дейтініміз, осы бір тажал қаруынан бас тарту туралы ұсынысты сөзсіз қолдайтындар тізімінде жапон жұрты бар.
Сондай-ақ Жапония – Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі. Тіпті түр-тұлғамызда да ұқсастық бар. Мұны жапон Премьер-министрі Синдзо Абэ Астанаға келгенде, Елбасы әдемі әзілмен жеткізіп еді.
Жапония мен Қазақстанның ынтымақтастығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында да айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-«ЭКСПО-2017» откроется в следующем году, в июне месяце. Там предполагается специальный павильон для японских компаний, которые покажут свое. У нас сотрудничество очень большое. Я не могу не вспомнить, что когда я объявил конкурс строительства этого города на проект, какой проект. Из 50 стран победил проект японского архитектора Кисё Курокава. Его, к сожалению, нет. Но его генеральный план этого города, как вы видите, одна улица длинная и развитие нескольких центров. И человек, природа и город симбиоз. Это все была его идея.
Мемлекет басшысы бұл сұхбатта ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешім қабылдауға әсер еткен себептерді, қарусыздануға жұмсаған күш-жігерін сөз етті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Поставил вопрос таким образом: мы закрывать будем. В это время сам народ потребовал. Общественное движение в Казахстане большое было. И это движение. И это закрытие ядерного полигона. И с моей стороны я был со своим народом, его желанием, его волей. Это происходило не так просто. Сопротивление было большое военно-промышленного комплекса. Что нам надо еще несколько испытаний, что отстаем от Америки, и так далее.
Жапониядағы және жаһандық ақпарат кеңістігіндегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарына берген Мемлекет басшысының мазмұнды сұхбатын Мұхтар Ыбырайым тарқатып талдайды.
Күншығыс елінің ең ірі ақпарат құралдары Астанаға арнайы келді. Елбасының Жапонияға сапары қарсаңында сұхбаттасу үшін. NHK корпорация мен «Киодо Цусин» агенттігі әңгімені Қазақстанның ядролық қаруға қосқан үлесін саралаудан бастады. Бұл орайда екі елдің тағдыры ұқсас.
Қазақ пен жапон ядролық сынақтың қасіретін қатар көрді. Тәуелсіздік алған бетте Қазақстан бірден үлкен арсеналдан бас тартып, Семей полигонын жапты. Бұл күллі адамзатқа үлгі боларлық іс.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Я считаю, что Казахстан, который закрыл полигон, отказался от ядерного оружия, он помог всему человечеству вдохнуть с облегчением. Представляете: столько оружия в таком государстве! Это могло попасть в руки любого человека. Сегодня я Президент, может быть другой Президент, с каким настроением, кто придет и что будет с моей страной? И какое будет отношение? Поэтому мы приняли взвешенное решение – убрать ракеты.
Қазақтың бұл қадамы әлемдік қауымдастықтың сенімін ұялатқаны анық. «Экономикаға қыруар инвестицияның келуі де сондықтан», – дейді Елбасы.
25 жылда 300 млрд доллар тартылған. Екіншіден, көрегендіктің белгісі. Дегенмен Қазақстан тәжірибесіне мойынұсынып, бізден үлгі алып жатқандар шамалы. Керісінше, қазір ядролық қаруға деген ұмтылыс күшейіп барады. Ресми деректерге сүйенсек, зұлмат бомбалардың саны әлем бойынша 7 мың.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Сегодняшнее состояние дел, когда между великими странами утеряно доверие и все время друг другу опять угрожают, чуть ли не «холодная» война наступает. В это время, в этот момент кто-то не удержится, кто-то захочет это сделать. Это равносильно уничтожению всего человечества. Поэтому Япония и Казахстан постоянно говорят об этом, возглавляют эту борьбу во всем мире. И оттуда я хочу сделать послание такое, чтобы весь мир объединился против, во-первых, испытания. Во-вторых, уничтожение, отказ от ядерного оружия как решение политических проблем.
Сұхбат барысында қазақ-жапон қарым-қатынасы жан-жақты айтылды. Бүгінде серіктестіктің аясы кең. Алдағы уақытта ғарыш саласында әріптестікті тереңдету ойда бар. Байқоңырда Қазақ елінің дербес ұшыру қондырғысы салынбақ. Ал оны жапондықтармен бірлесіп игеруге біздің тарап қарсы емес.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Конечно, мы будем предлагать Японии вместе осваивать этот космодром. И вместе там работать. Это не первый космонавт, кстати. Я поздравлю, что японский космонавт приземлился удачно после длительного полета на нашу казахстанскую землю. И с этой новостью я приеду в Японию. Это еще раз говорит о том, что у нас есть где сотрудничать вместе. И в космической области. И ядерному топливу, обогащение урановой руды, и по новым технологиям, альтернативной экономике.
Ынтымақтастықтың басты бағыты – инвестиция. Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға сапары барысында елдің жетекші бизнесмендерімен кездеспек. Қазір Қазақстанға қаржы құю тиімді. Сондықтан Күншығыс елінің кәсіпкерлерін әріптестіктің аясын кеңейтуге шақырмақ. Біздің ел арқылы жаңа нарықтарға жол тартуға болады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Здесь Казахстан. Вся азиатская часть России. Ну и Китай здесь рядом с этой стороны. Это очень выгодное вложение было бы капитала. На металлургии, на химии, сельское хозяйство огромное в Казахстане, переработка. Научно-исследовательские работы, новые технологии, информационные технологии. По всем этим вопросам мы хотим сотрудничать. Совместно работать. Надеюсь, я буду говорить и с Премьер-министром, и в Парламенте Японии, и с бизнес-структурами, приглашая их работать во взаимовыгодных условиях в Казахстане.
Жапон бизнесін Қазақстанның транзиттік әлеуеті де қызықтыруы мүмкін. Қазір Еуразия кеңістігінде тауар тасымалы Ұлы дала арқылы тиімді. Айшылық алыс жерлерден жылдам жеткізуге мүмкіндік туып отыр. Сондықтан Токио тарландары қалыс қалмауы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мы хотим быть транзитным государством. Уже идут контейнеры от Тихого океана к нам. И если через океан он идет 45 суток, здесь за 2 недели в Европе. Это же выгодно! То есть у нас 2 железнодорожных перехода, 6 автомобильных перехода. И это все создает развитие Великого Шелкового пути, на пути которого находятся десятки стран. Есть специальный банк Шелкового пути, специальная программа. И мы постоянно обсуждаем, создаем предприятия на этом пути и дальше развиваем.
Жапондық журналистер өңірдегі ахуалға да алаңдаулы. Әсіресе Токио мен Мәскеу арасындағы қатынастың келешегі қызықтырады. Бұл орайда талайды татуластырып, ымыраға келтірген Нұрсұлтан Назарбаевтың ойларын тыңдады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Я сейчас вижу, что идут очень хорошие контакты, переговоры. Я точно знаю, что Путин этого хочет. Россия хочет с Японией иметь доверительные отношения. Но постоянно между вами стоял вопрос островов. Но знаете, во многих странах есть такие нерешенные вопросы. Они могут решаться в условиях добрых отношений, доверительных. Если Россия и Япония построят хорошие экономические отношения, доверие. Заключат договор о дружбе, взаимной торговле, будут решаться и другие вопросы. Я в этом уверен. Потому что там политики больше, чем экономики.
Айта кету керек, бұл Елбасының Күншығыс еліне 4-ші сапары болмақ. Алдағы кездесулер мазмұнды өтері сөзсіз. Екі ел байланыстарын нығайту, әріптестікті кеңейту – басты мақсат.
Авторы: Мұхтар Ыбырайым
2. 2019 жылдан бастап елімізде ядролық отын өндіріле бастайды
Осы аптада Елбасы телефонмен талай шаруаны талқылады. Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефонмен сөйлесті. Түркияның ұлттық мейрамы Республика күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев телефонмен Шавкат Мирзиеевті биылғы 4 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Президенттігіне кандидатурасының ұсынылуымен құттықтады.
Олар екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынас аясын кеңейтуге тың серпін берген үкіметаралық байланыстардың жандануына оң баға берді.
Елбасы қазақ-қырғыз ынтымақтастығының қазіргі жағдайын Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы талқылады.
Әңгіме барысында қос мемлекеттің Еуразиялық экономикалық Одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері де сөз болды.
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Сербия Республикасының Президенті Томислав Николич телефон соқты.
Екі ел басшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту бағытында бірлесіп, белсене жұмыс жүргізуге әзір екендігін айтты.
Сондай-ақ олар Нұрсұлтан Назарбаевтың Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады.
Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жан-жақты нығайту үшін Сербия Премьер-министрі Александр Вучичтің Қазақстанға биылғы қараша айындағы сапарының маңыздылығын атап өтті. Ал Ақордадағы кездесулер мен қабылдауларды Бағдат Бектұрғанқызы баяндайды.
Қытай – Қазақстанның сенімді серіктесі, стратегиялық әріптесі. Аспан асты елімен өткен әр кездесу келешегімізді кемелдендіре түсетіні анық. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянді қабылдау барысында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы алыс-берістің бәсеңдеп қалғанын айтты. Ли Кэцян мырза Қазақстан мен Қытай халқы арасындағы байланысты бекемдеу жолында Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екенін атап өтті. Кездесу кезінде екі елдің ынтымақтастығымен қатар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік транзиті салаларын дамыту жайы талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-2 сентября в Ханжоу мы провели переговоры с председателем Си и договорились об этом. Думаю, это очень важно и поддержка казахстанской «Нұрлы жол» - строительства автомобильного и железнодорожного дорог до Каспийского моря на юг через Иран до Персидского залива. Мы Великий шелковый путь поддерживаем и продолжаем. С этой стороны автомобильная дорога дошла до России и дальше пойдет в Европу. И то, что контейнеры с порта Ляньюньгань в Тихом океане ходят через нас. Каждый год увеличивается очень быстро. Проходит за 14 суток. Тогда как морским путем он идет 45 суток. Это все за короткое время мы с вами осуществили.
Ли Кэцян, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері
-Мен Сізбен кезекті рет Қазақстанда кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзинпиннің Сізге ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Біздің стратегиялық әріптестігіміз жыл санап нығайып, саясатымыздағы сенім аясы кеңеюде. Қытайдың белгілі компаниялары Қазақстанмен етене араласуға қызығушылық білдіруде.
Биыл Словакия Еуроодаққа төрағалық етуде. Бұл осы мемлекеттің қарқынды дамып келе жатқандығын аңғартады. Қазақстан Еуроодақпен экономикалық байланысқа баса көңіл бөледі. Біздегі сауда айналымының шамамен тең жартысы осы одаққа тиесілі. Алдағы уақытта да іскерлік байланыстардың арта түсуі бек мүмкін.
Елбасы Словакияның сыртқы және Еуропа істері министрін қабылдау барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайын сөз етті.
Еуропалық ұйыммен әріптестік жөніндегі құжатты ратификациялауға қолдау білдіргені үшін Мирослав Лайчакқа алғыс білдірді.
Сондай-ақ Қазақстанда экономиканы әртараптандыру мен индустриалды-инновациялық даму бағыттарының іске асырылып жатқанын жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-24 года с тех пор, как мы установили дипломатические отношения. Словакия развивается в составе Европейского союза. Вы знаете, что у нас с Евросоюзом очень большие экономические связи. Почти половина нашего товарооборота. Мы подписали соглашения о сотрудничестве. Двусторонние связи надо нам активизировать. Надеюсь, что ваш визит, встреча, переговоры позволят узнать новые стороны возможности наших стран.
Мирослав Лайчак, Словакияның сыртқы және Еуропа істері министрі
-Құрметті Президент, Сізбен кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғысым шексіз. Словакия мемлекеті басшысының Сізге ыстық сәлемдемесін жеткізгім келеді. Сіздерді алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Елдегі тұрақтылықтың арқасында экономикалық және әлеуметтік даму бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекетке айналды. Бұл сөзсіз Сіздің орасан зор еңбегіңіздің жемісі. Біз Қазақ елімен ынтымақтастықты одан әрі дамытқымыз келеді.
Екі айдан соң Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметіне кіріседі.
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, тұрақты комитеттерге тиісті міндеттер жүктелген. Жұмыстарды біріздендіру үшін Астана мен Нью-Йорк арасында берік байланыс орнаған.
Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл мәртебелі міндет – халықаралық қоғамдастықтың бізге деген айрықша сенімі», – деді. Сондықтан БҰҰ шеңберінде еліміздің алдағы екі жылда атқаратын жұмысы мінсіз болуы керек.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-25 жылда Қазақстанның жеткен жетістіктері, оның ішінде халықаралық жағдайдағы біздің үлесіміз, бейбітшілікке, тыныштық жолында өзіміздің істеген шаруамыз бар. Қазақстанның дәрежесін көтеру үшін жұмыс істеу керек. Көп жерді аралап жүрміз, ендігі жылы бізге келу жағын көбейту керек. Биылғы мәселе, мынау Жапония мен Кореяға сапарымыз. Содан кейін Ресейде ЕЭК болады. Ендігі жылы БҰҰ-да Қауіпсіздік Кеңесіне мүше боламыз. Ол Қазақстанға үлкен абырой, үлкен сенім. Қандай жұмыс істейміз? Соның бәрін ақылдасамыз.
Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі
-Қазір Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қызу дайындық жүргізілуде. Алда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үлкен конференция ұйымдастыру жоспарда бар. Оған мәртебелі халықаралық сарапшылар қатысады.
Қаржы министрі ағымдағы жылдың алғашқы тоғыз айында атқарылған жұмыстың қорытындысын Елбасыға баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттің тиімділігін одан әрі арттыруға мән беріп, оны қалыптастыруда ірі мемлекеттік бағдарламаларға негізделген тиімді тәсілдерді қолдану керектігін айтты. Жекешелендіру мен заңдастыру барысының мейлінше жариялы түрде атқарылу қажеттігіне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Легализация дает возможность выявить активы. Больше стараться взимать косвенные налоги, т.е. налоги на богатство, налоги на роскошь, снижать корпоративные налоги от предприятий. Вот - главная задача налоговой системы. Если он имеет дом на 5 миллионов, а показывает 100 тысяч, это министерство финансов должно улавливать. Раз ты себе это позволяешь соответственно должен быть налог т.е. из этого состоит бюджет который мы распределяем между пенсионерами, заработной платой, развитием страны.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі
-Ағымдағы жылдың есепті кезеңіне қарасақ, орталық және жергілікті бюджеттерде түсімдерді асыра атқарылуы байқалып отыр. Бұның себептері – жалпы экономиканың өсуіне байланысты, оның ішінде дер кезінде қабылданған шешімдер.
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы келер жылдың 1 шілдесінен қатысушыларды тіркеуді бастайды.
Қайрат Келімбетовтің айтуынша, орталыққа халықаралық және жергілікті қаржы ұйымдары шақырылады.
Президент: «Ұйым Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық Одақтың қаржы хабы рөлін атқаруы керек», – деді. Сөйтіп институт елеулі қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік береді. Осы орайда қаржы қызметтері нарығының әлемдік көшбасшыларымен ынтымақтастық орнату маңызды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Превратить наш «ЭКСПО» в финансовый центр международный, который будет вносить большой вклад в экономику и создаст лучшую финансовую систему в Казахстане. Все финансовые центры придут к нам. В следующем году должна сформироваться законодательная база, правовая и должны работать.
Қайрат Келімбетов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы
-Сіздің шетелге сапарларыңыздың барысында қол жеткізілген уағдаластықтар орталықтың жұмысына ерекше серпін беріп отыр. Әсіресе «10 триллион» клубының өкілдерімен өткен кездесудің табысты болғанын атап өткім келеді. Орталық жұмысына олардың қатысу жайы қарастырылып жатыр. Ол үшін арнайы жол картасы бар.
2019 жылдан бастап елімізде ядролық отын өндіріле бастайды. Бұл туралы Елбасы қабылдауында болған «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев айтты.
Отын Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты аумағында өндіріледі. Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.
Айта кету керек, бұл өнімге әлемдік нарықта сұраныс жоғары.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Наша задача принять участие во всех циклах ядерно-топливного процесса и над этим работать. С Россией работаем, с другими работаем. С партнёрами как идёт дело?
Асқар Жұмағалиев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы
-Бүгінгі таңда барлық тиісті шаралар қолға алынды. Қытайлық әріптестерімізбен бірлесіп, Үлбі металлургиялық зауытын әртараптандыру ісін қолға алдық. Қазір тиісті қондырғыларды жасап жатырмыз. Француз компаниясы техникалық серіктесіміз болады.
Мемлекет басшысы «Қазақ елі» кинофильмін тамашалады. Қазақстандық жаңа тарихи туынды Елбасы идеясы негізінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының киностудиясында түсірілген.
Фильмге қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші кітабы «Алмас қылыш» романы негіз болған. «Қазақ елі» туындысы таяу арада жалпыұлттық прокатқа шығарылады.
Авторлары: Бағдат Бектұрғанқызы, Мұхтар Ыбырайым Президент ТРК көмегімен
3. АИ-92 маркалы бензині қайта арзандайды
«Осы аптадағы отырыста АИ-92 маркалы бензин қайта арзандайды», – деді Қанат Бозымбаев.
Өткен аптада жанармайдың осы түрі қымбаттаған-ды. Баға отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы жаңғырту жұмыстарының салдарынан көтеріліпті. Тақырлап, даурықпайық деген ниетпен Ресейден бензин жеткізіпті. Ішкі нарыққа сол да әсер еткен.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі
-Қазірдің өзінде импорттан көбірек келіп жатыр. Ресейде бізден қарағанда, бензин қымбаттау. Қазақстан мен Ресейдің бензиндегі үлестері қазір өзгеріп жатыр. Егер көбірек өңдесек, он күннен кейін бензин бағалары орнына келеді немесе өсімді тоқтатамыз.
Үкімет отырысында бензин бағасымен қатар ұшу билеттерінің құны талқыланды. Ішкі рейстердің әсіресе «Астана-Орал», «Астана-Алматы» бағыттарындағы билет бағасы тым қымбат. Бұл ретте Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Эйр-Астана» компаниясының тарифтері тексеріліп жатқанын жеткізді.
Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі
-Компания бізге әуе рейстерінің өзіндік құны жөнінде ақпарат беруден бас тартуда. Мен «Самұрық-Қазына» директорлары кеңесінің мүшесі болғандықтан, аталған қор атына және компанияға ресми сұраныс жіберіп, рейстер жөнінде мәлімет беруін талап етпекпін. Одан кейін Табиғи монополиялық заңның қаншалықты орындалып жатқанын тексере аламыз.
Үкімет отырысында көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесі қаралды. Бұл саланың соңғы 5 жылдағы нәтижесі көңіл қуантады. Яғни 5 жылда 5000 автожол қайта жөнделген. Теміржол желілері 1700 шақырымға ұзарған. Жаңғыртуды қажет ететін 8 әуежайдың төртеуі жөнделген.
Ақтау теңіз портының өткізу қабілеті 20 млн тоннаға артқан. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша алдағы жылдары 7 мың шақырым жол қолданысқа берілмек. Және сол автожолдардың бойында 260-тай қызмет көрсету нысандары бой көтермек. Көлік-логистика инфрақұрылымы туралы толығырақ Мырзабек Түсіпов сараптайды.
Бұл – бір тарту, құнды тарту. Шығыс пен батыстың арасын жайлап жатқандығымызды айтамын. Географиялық орналасуымыз тағы да оңды әсерін бергелі тұр.
«Батыс Еуропа». Жай ғана сөз емес, экономикалық әдебиеттегі үлкен термин. Үлкен болуға үлес қосқан – Еуроодақ. Нарықтың бұлайша бірігуі Кәрі құрлықты кәдімгідей көтеріп тастады. Жаңашылдықтың бәріне «еуро» деген сөзді тіркеп жүргеніміз сондықтан.
ХХІ ғасырдағы ширақ шабыс Шығыста. Әлемдік экономика орталығы осылай қарай ойысып келеді. Бұл тиісінше алпауыттар арасындағы сауда-саттықтың секунд санап артуына ықпал етуде. Алайда бір кедергі ірі нарықтардың арақашықтығы айшылық.
Еуроодақ-Қытай. Сауда айналымы – 564 млрд доллар. Арақашықтық – 8000 км. «Географиялық орналасуымыздың оң әсері» осы тұста батыс пен шығысты байланыстырамыз. Мына дәліз арқылы «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тасжолы Қытайдың Ляньюньган портынан басталып, Ресейдің Санкт-Петерборы арқылы Еуропамен жалғасады. Иә, бұрынғы «Жібек жолының» жаңғырған жаңа түрі.
Мыңдаған жыл бұрын батыс пен шығыс дәл осы бағытта байланысқан. Енді өткенді қайта өмірге әкелу өзекті болып тұр. Өйткені қазіргі Азия мен Еуропаның қатынасы кешегі керуендей «кербез». Су жолы алыс әрі қауіпсіз.
Ляньюньган – Суэц каналы.
«Кинодағы көрініс демесең, шынайы өмірде бар шындық», – дейді көргендер. Сондықтан тәртібі бар тасжол тиімді. Алысты жақын етеді. Мұхитта өтер 45 тәулік халықаралық дәлізде 10-ға дейін қысқарады. Бұл жолдың біздегі бөлігі 2787 шақырымды құраса, қазір соның 2028 километрі пайдалануға берілген. Ляньюньган-Чжэнчжоу-Ланьчжоу-Үрімші-Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Орынбор-Қазан-Төменгі Новгород-Мәскеу-Санкт-Петербор.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі
-Біз көптеген автомобиль жолдарын жаңғыртып, салып жатырмыз. Сондықтан тасжолдарды күтіп ұстау және жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып қала бермек. 2020 жылға қарай Қазақстандағы ақылы жолдардың ұзындығы 7 мың шақырымға дейін жететін болады.
Егер жолың жөнсіз болса, онымен жолаушыны жүгендесең де, жүргізе алмассың. Ал бүгінгінің тиімділі тәсілі – ақылы ету. Яғни жол өзін де, өзгені де асырайды. Министр Жеңіс Қасымбектің сөзіне сенсек, 2020 жылдары ақылы жолдан 33 миллиард теңгеге дейін алым алуға болады.
«Құр сөз» деуге келмес, ведомство басшысы дәйек те келтірді. Мәселен, «Астана-Щучье» бағыты тәулігіне 8 мың автокөлікті өткізеді. Жеңілінен 1, ауырынан 15 теңге алады шақырымына. Осы жылы 1,2 миллиард теңгеге жуық қаржы түскелі тұр. Бұл жолды күтіп ұстауға кететін шығынды жабуға әбден жетеді.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі
-Қолданыстағы тариф шетелмен, оның ішінде көршілес Ресей және Қытаймен салыстырғанда, бірашама төмен. Бұл елдерде орташа тариф жеңіл көлік үшін 5-15 теңге, ал жүк көлігі үшін 50 теңге шамасында.
Елдегі жүк айналымының 70, ал жолаушылар тасымалының 60 пайызы теміржолға тиесілі. Оған қоса, қазіргі сұраныс контейлерлі жүк тасымалында. Сондықтан бұл бағыттағы шараларға шапшаңдық берілмек.
Қанат Алпысбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы
-«Қытай-Еуропа» дәлізін дамыту аясында ресейлік және белорустық теміржолдармен бірлесіп, 2014 жылы Біріккен көлік-логистика компаниясы құрылды. Сонымен қатар Солтүстік-Оңтүстік дәлізі бойынша транзиттік тасымалдарды дамытудың белсенді жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған дәлізді дамыту аясында біздің серіктестермен бірге бірыңғай тарифтік мөлшерлемелерді бекіту жұмыстары атқарылды. Биыл Иву-Тегеран контейнерлік пойызы іске қосылды.
2016 жылғы атқарылған бейнеттің зейнеті, міне, халықаралық логистикалық рейтингте 88-ден 77 орынға көтерілдік. 160 мемлекеттің ішінен. Қазір Қытайдан Еуропаға қарай жүретін жол 1000 шақырымға дейін қысқарды. Бұл – жаңадан салынған жолдардың арқасында қол жеткізген мүмкіндік.
Контейнер тиеген пойыздардың жүру жылдамдығы тәулігіне 1100 шақырымға дейін жетіп, жүктің тасымалдау уақыты әжептеуір қысқарыпты. Сөйтіп шетелдік кәсіпорындардың тауарын Қазақстан арқылы өткізуге ынтасы артқан.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі
-9 айда «Қытай-Еуропа-Қытай» бағытында 66 мың контейнер тасымалданды. Бұл былтырмен салыстырғанда, 2 есе көп. 2020 жылға қарай 20 футтық 800 мың контейнер тасымақ жоспарымыз бар. Ол үшін «Алматы-Шу» бағытындағы теміржол тармағы салынып жатыр.
Ақтау портының жүк өткізу мүмкіндігі 23 миллион тоннаға жетіпті. «Құрық» іске қосылса, саудадағы құрығымыз одан әрі ұзарады», – деп отыр мамандар.
Ал «Астана» Халықаралық әуежайының жұмысына келсек, «жұп-жұмыр, айналасы тегіс» деген теңеуге сай.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі
-Бағдарлама аясында 75 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Автожолдардың құрылысы барысында жергілікті қамтудың деңгейі 95 пайызды құрады.
Нәсіп табамын дегенге кәсіп бар. Осы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан жобалардың бойында. Әзірге 260-қа жуық сервистік қызмет көрсету орталықтары ашылады деген жоспар жазулы. Бүгінде ойлағанын іске асырып, еңбегін екшеп жатқандар жетерлік. Сондықтан «көз қорқақ, қол батыр» деп бір шаруаның басын ұстап қалуға мүмкіндік бар.
Ал Үкіметтің ендігі міндеті – үздік логистикалық климаты бар 40 елдің қатарына кіру. Осы орайда «бір терезе» қағидатын дамыту қаралып отыр.
Авторы: Мырзабек Түсіпов
4. ЭКСПО-2017: 217 күн қалды
Үкімет отырысында сондай-ақ әуе кеңістігінде жаңа бағыттар ашылатыны айтылды. Олар Прага, Хельсинки, Вена, Варшава, Будапешт және басқа қалалар. Бұл жақсылық ЭКСПО-2017 көрмесіне орай, «Ашық аспан» пилоттық жобасының негізінде жүзеге аспақ.
ЭКСПО демекші, ЭКСПО-ның бір жарым ғасырлық тарихы бар. Алғаш рет 1851 жылы Лондонда өткен. Содан бері адамзатты таңдай қақтыратын техникалық жаңалықтардың бүкіләлемдік көрмелерде тұсауы кесілетін болды.
Мәселен, телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафля стакан, телехабар тарату, сенсорлық экран, ұялы телефон, дизельді мотор сияқты дүниелер ЭКСПО-дан кейін тұрмыс-тіршілігімізге енген.
Ал Қазақстанда өтетін көрме жаһан жұртын қалай таңғалдырады? Жауабын 217 күннен кейін білесіздер. Яғни 217 күннен кейін Астанада әлемдік шара басталады. Дайындық қалай? Алғашқы павильондарға қай мемлекеттер орналасып үлгерді? Келген қонақ жайғасатын пәтерлер қандай? Билетті қайдан, қайтіп сатып аласыз? Көрме қалашағын аралап көрген тілшіміз Әсем Әшірхан тарқатсын.
How are you? Әр мейманға ерекше ілтипат. ЭКСПО көрмесіне жауапты Ахметжан Есімов елордаға келген меймандардан хал сұрасты.
Халықаралық көрмеге қатысушы 5 мемлекеттің комиссарлары ЭКСПО кешеніндегі павильондарын ресми түрде қабылдады. Олар Қытай, Франция, Германия, Түркия және Венгрия.
Былайша айтсақ, халықаралық шарада мемлекеттердің жеке отауы болмақ. Павильондарды көрме тақырыбына сай безендіру әр елдің шаруасы.
Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы
-Айта кететін жайт, Миландағы көрмемен салыстырсақ, онда қатысушылар қалауы бойынша павильонын өздері салды. Көрменің ережесі солай. Ал біз алдын ала барлығын салып, дайындап отырмыз.
ЭКСПО көрме аумағын самсаған зәулім шатырлармен толтырудан ғана тұрмайды. Әсіресе халықаралық шараның тақырыбын ашу үлкен өнер. Оның үстіне Қазақстан таңдаған айдар «Болашақтың энергиясы» деп аталады. Бұл ғылым мен жаңа технологияны, ізденіс пен іргелі зерттеулерді талап ететін терең тақырып.
Көрме тарихында таңдаған бағыты мен тақырыбын аша алмаған елдер бар. Сондықтан белге байлаған шоқпарды көтере алмасақ, бізге де сын.
Малгожата Туард, Франция Комиссариаты сыртқы байланыс департаментінің директоры
-Біздің павильонда 8 кеңістіктің дизайны болады. Олар Франциядағы ірі энергетикалық компаниялар. Әзірлікті қаңтарда бастаймыз. Павильондар ерте дайын болады күтпеп едік.
Көрмедегі ең үлкен орын немістерге тиесілі. Аумағы 1250-ге жуық шаршы метр. «Энергияға апарар жолда» деген айдарды таңдапты.
Қытай павильонының атауы – «Жасыл Жібек жолы». Шығыстағы көршілеріміз энергияның таусылмайтын түрі күн, жел және судан қуат алудың тың технологиясын үйретпек. Әзірге павильондар бос тұр.
Әсем Әшірхан, тілші
-Әлішер Хабибуллаұлы, халықаралық «ЭКСПО» көрмесінің басталуына 217 күн қалды. Бүгінгі күні соңғы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы халықаралық көрмеге қатысатын алғашқы 5 ел өздерінің павильондарын алды. Осы туралы толығырақ айтып өтсеңіз. Басқа елдер қашан алмақшы?
Әлішер Пірметов, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары
-Өздеріңізге белгілі көрме келесі жылдың 10 маусымынан бастап 3 ай төңірегінде өтеді. Мынау жалпы біздің көрменің аумағы. Көрменің бас жоспары. 174 гектар. 174 гектардың ішінде орналасқан неше түрлі нысандарымыз бар. Ең басты шар тектес ғимаратымыз біздің ұлттық павильонымыз. 8 қабаттан тұрады. Ең алғашқы қабатында ұлттық павильонымыз орналасады. 26 мемлекет бүгінгі күні өзінің тақырыптық тұжырымдамаларын енгізді. Ең бастысы, біздің мақсатымыз кез келген мемлекеттің павильондарын, олардың тұжырымдамасын, осы көрменің басты тақырыбы «Болашақ энергиясын» ашып көрсетуі керек.
Әсем Әшірхан, тілші
-Қанша ел бүгінгі күні қатысатынын ресми түрде растады?
Әлішер Пірметов, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары
-105 мемлекет, оның 64-і бүгінге таңға өздерінің ұлттық күндерін өткізуге қатысты шараларын, арнайы күндерін белгілеу жөнінде өтініштерін берді. Ол күндер бекітілді.
Әсем Әшірхан, тілші
-Әлемдік шара болғандықтан, халықтың да, көптің назары осы жерге ауып тұр. Басында неден қорықтыңыздар? Бірінші істі қолға алған кезде?
Әлішер Пірметов, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары
-Ең бастысы – жауапкершілік. Елбасының бастамасымен мүмкін болған жоба деп айтуға болады. Сондықтан үлкен жауапкершілік деп айтуға болады. Екіншісі – қысқа мерзім. Қысқа мерзімде 174 гектар аумақтағы арнайы нысандарды салып, құрылысын жүргізіп, оны іске асыру үлкен жұмыс болып табылады.
Көз қорқақ, қол батыр. Қазіргі кезде 482 мың шаршы метр аумақты құрайтын ең маңызды 5 нысанның құрылысы аяқталды. 113 павильоннан бөлек, көрмені ұйымдастырушыларға арналған кеңсе, қуат көзін зерттейін орталық, Ішкі істер бөлімінің ғимараты мен ЭКСПО-қалашық дайын.
Әсем Әшірхан, тілші
-Есілдің сол жағалауындағы қалашықта 1300 пәтер тұрғызылған. Барлығы қолданысқа беруге дайын. Өздеріңіз көріп тұрғандай, тасжол төселген. Жол жүру белгілері қойылған. Тіпті өзіңізге қажетті үйді адаспай, реттік нөмірі арқылы оңай таба аласыз.
ЭКСПО-қалашығына жауаптылардың айтуынша, көрмеге қатысушы елдер тарапынан баспанаға сұраныс жоғары.
Павильонды қабылдаған француздар көңілдері жайланып, баспана қамына кірісті. Жұмысты үйлестіруші комиссар Астанаға қоныс аудармақ. Келер жылы комиссарлар, олардың отбасы мен павильон қызметкерлеріне визалық жеңілдіктер жасалмақ. Яғни салықтан босатылады.
Әсем Әшірхан, тілші
-ЭКСПО-қалашықтағы әр құрылыс материалы отандық өндірушілердің қолынан шыққан. Тіпті мынандай қарапайым жиһазға дейін отандық өндірушілердің өнімі. Ал мына бөлме нағыз бес жұлдызды қонақүйден кем емес. Қонақтарды күтуге сақадай-сай. Жүріңіздер, мен сіздерге қазір асхананы көрсетемін. Бұл асханаға келсек, асханада күнделікті тұтынатын мынандай қолданып жүрген құрылғылар. Кофе қайнатады. Ыдыс жуатын машинаға дейін. Тіпті ыдыстарды тасудың да еш қажеті жоқ. Тамақ әзірлеп, отбасыңызбен отырып, кешкі, таңғы асты іше беруге болады.
Мұнда тіршілікке қажеттінің бәрі бар. Пәтерді жалға алу құны тәулігіне 30 мың теңгеден 70 мыңға дейін. Gold және Silver деп 2-ге бөлінеді. Gold class – элиталы үй, бағасы қымбат. Жалдау құнына күзет пен баспананы тазалау жұмыстары кіреді.
Астанадағы мамандандырылған халықаралық көрме 3 ай өтпек. Астана мен Алматыдан бөлек, қазақтың бай тарихы мен мәдениетін таныстыратын туристік 76 бағыт әзір. 5 млн туристке ЮНЕСКО тізіміне енген жәдігерлерімізді дәріптейміз.
Бурабай, Қарақаралы, Баянауылдың сұлулығын көрсетеміз. Туристік пакеттердің ең арзаны 40 мың теңге тұрады.
Даниел Сержанұлы, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ департаментінің бас менеджері
-Тек еліміздің оңтүстігінде емес, мысалы, сонау Батыс Қазақстанда орналасқан Бөкей хандығының Ордасына да баратын туристік маршруттар бар немесе Атыраудағы Сарайшыққа баратын маршруттар бар. Мұның барлығы Қазақстанның бүкіл аймақтарын қамтыған.
2 қарашадан көрме билеттері пошта арқылы сатылуда. Бағасы 4 мыңнан басталады. Жалпы 90 күн бойы 3 мыңнан аса мәдени шара жоспарланған. Көрмедегі әр күн қызыққа толы.
Әзірге шараның ашылу және жабылу салтанаты құпия. Көрмеде қонақтарға қызмет көрсететін еріктілер тобы жасақталды.
Қуаныш Әбдірахманов, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ департаментінің бас менеджері
-ЭКСПО көрмесін өткізу үшін 4,5 мың ерікті жинадық. Оның 1,5 мыңы Астанадан, қалғаны аймақтардан. Дайындық жұмыстары басталып, арнайы форма тігілуде. Жоспарға сай көктемде топтарға бөлеміз.
Көрменің тағы бір мақсаты – елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру. Әрі бизнеске жасалған қолайлы ахуалды таныстыру.
Илья Оразақов, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ департаментінің директоры
-105 елден бөлек 17 халықаралық ұйым көрмеге қатыспақ. Әр елден делегат ретінде трансұлттық компаниялардың өкілдері келеді. Бұл қаржылық шығындарды қайтаруға таптырмас мүмкіндік.
Қазақстан ЭКСПО көрмесін неліктен таңдады? Себебі энергия ұзақ мерзімді ресурс, оған стратегия қажет. Жер қойнауы түгесіледі, ал су, жел мен күннен алынатын энергияның әлеуеті әлем халқын асырауға жеткілікті.
Әсем Әшірхан, тілші
Дәл қазір кешкі сағат 18.00. ЭКСП» кешенінің аумағында қайнаған тірлік. Құрылыс үздіксіз жүргізілуде. Менің артымда тұрған ғимарат ЭКСПО халықаралық көрмесінің символы – сфера. Әлем ғалымдары күн энергиясына қатысты тың жаңалықтарын осында паш етпек. Кешеннің жалпы аумағы – 174 гектар. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұған 4 Ватикан сыйып кетеді.
Бұл ғимарат көрменің – жүрегі. Әзірге елеусіз ғана нысан. Көрме аяқталған соң жаһан жұртына баламалы энергияны дамытып, дәстүрлі қуат көзінен арылудың тетігін үйрететін ғылыми орталық болмақ.
Қазақ – қонақжай халық. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 3 ай бойы ұлан-асыр той болған емес. Ең қиыны, көрменің қонақтары өзіміз емес, өзге жұрттар. Яғни сынайтындар көп. Шақырған қонақтардан ақша алудың құпиясы да сол үнемі қолындағысын беріп үйренген қазақ үшін қиынға соғары хақ. Бірақ нарық талабын меңгеретін кез жетті.
Авторлары: Әсем Әшірхан, Айтжан Отызбаев, Бекболат Базаров
5. Уран банкі туралы келісім
МАГАТЭ қарауындағы әлемдегі алғашқы төмен байытылған уран банкі Қазақстанда құрылады. 2017 жылы іске қосылады.
Осы тұста МАГАТЭ ұйымына анықтама бере кетсек. МАГАТЭ дүниежүзіндегі атом энергиясының жұмсалуын, мақсатын, бағытын бақылайды.
Сондай-ақ тажал қаруының таратылмауын қатаң қадағалайды. 1957 жылы негізі қаланған. Штаб-пәтері Вена қаласында. Осындай беделді халықаралық ұйымның төмен байытылған уран банкін Қазақ жерінде құруға келісім беруі – Қазақстанға сенгені, Қазақстанның бейбітшілік белдеуі екенін мойындағаны.
Төмен байытылған уран банкі атом энергиясын тек игі мақсатта пайдалануға жол ашады, пиғылы теріс лаңкестердің арам ниетіне бөгет болады. Өйткені бүгінгі қорқыныштың үлкені – ядролық клубқа енетін 9 мемлекеттің қатары террористік ұйымдармен толыға ма деген үрей. Бұл мәселені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем ХХІ ғасыр» Манифесінде көтерген-ді. Кеше жапондық ақпарат құралдарына берген сұхбатында тағы да айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Сегодня примерно 20 государств мира являются пороговыми, то есть могут создать. Казахстан является вторым в мире поставщиком урановой руды. У нас есть обогащение этой руды. Мы готовим топливо, то есть мы тоже можем подумать когда-нибудь заняться этим делом. Но мы отказались, мы не будем. Но другие государства могут подумать, что это защитит их. Соседи создают ядерное оружие. Это может подвинуть эти государства тоже создавать, то есть этот процесс может выйти из-под контроля. И мы будем иметь много стран с ядерным оружием. И это вообще не будет проблемой. И в конце концов, если это попадет в руки террористов, они не остановятся перед моралью.
Расымен, тажал қаруы лаңкестер қолына түссе, күллі адамзатқа қауіп төнді дей беріңіз. Ал төмен байытылған уран банкі бұл қатердің алдын алады. Дәлел ретінде, осы сала маманының пікірін тыңдайық.
Саябек Сахиев, «Ядролық физика» институтының бас директоры
-Атом энергиясын бейбітшілік емес, соғыс мақсатта қолдану үшін 235 уранның сапасы, құрамы 95 пайызға жеткізілу керек. Атом электр станцияларындағы жоғары байытылғаны 40 пайызға дейін. Ал төменгі байытылған уран 20 пайыз. Яғни 20 пайыздан 95 пайызға көтеруді көзі түсіп жүрген лаңкестер жалаң қолмен жасай алмайды. Оған өте жоғары технология керек.
Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді осы аптада Мәжіліс ратификациялады. Толығырақ Жұрағат Баманның шолуында.
Ел аумағында ядролық отын банкін құру мәселесі 2011 жылы көтерілген еді. Бұл бастама енді жаһандық қолдау тапты.
Сондай-ақ келісімді осы аптада Мәжіліс ратификациялады. Осылайша халықаралық ынтымақтастыққа қадам бастық.
Төмен байытылған кепілдік қорын құру арқылы уран қоры жоқ және уран қорын байытуға ұмтылмайтын елдерге ядролық отынды жеткізуге кепілдік бердік. Нәтижесінде жаһан елдері уран жеткізудің баламалы жолдарын іздеу жөнінде алаңдамайтын болады. Және өздерінде уран өндірудің толық циклін құру қажеттігі туындамайды. Демек ядролық отынның өндірісі, байытылуы, таралуы, бәрі қатаң қадағаланады.
Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-Ядролық отынның әлемдік нарығын теңгерімді етіп қана қоймай, халықаралық қауіпсіздікті нығайтады және ядролық технологиялардың жаппай таралмауына мүмкіндік береді.
Қор қоймасы қазір Үлбі метталургиялық зауыты маңында салынып жатыр. Құрылыс биыл қыркүйек айында басталды. Келер жылдың мамыр айына қарай тәмамдалуы керек. Жалпы ядролық отын банкін құру еліміздің негізінен саяси мүдделеріне жауап береді. Себебі бұл жерде тікелей қаржылық немесе басқа да пайда көру күтілмейді, жобаның коммерциялық негізі жоқ. Сөзге дәлел келтірсек.
Серік Сейдуманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-Қазақстан үшін осы жобаның қаржы экономикалық құрауышы қандай? Қазақстан бюджетіне қосымша жүктеме болмайды ма?
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі
-Шығындардың барлығын, уранды алып келу, қадағалау, экспорттық, импорттық операциялар жасау ол осы агенттіктің тарапынан қаржыландырылатын болады.
Жалпы жылына Үлбі зауытына 90 тонна шетелдік уран тасымалданады. Барлығы 1,5 тоннадан 60 контейнер келеді.
Мамандардың сөзінше, бұл көлем атом электр станцияларының жылына 1 мың мегават, яғни бір гигават электр қуатын шығаратын қор.
Жалпы қауіпсіздік мәселесіне келсек, 55 жылдық тарихы бар Үлбі метталургиялық зауытында кезінде 800 тоннаға дейін уран қоры сақталған екен. Сондықтан МАГАТЭ-нің 90 тоннасы аса көп емес те.
Бүгінде халықаралық агенттікке 168 ел мүше болса, оның бірқатары байытылған уран шығарумен айналысады. Бірақ ешбір мемлекетте осы ұйым ғана иелік ететін ядролық отын банкі жоқ.
Ресей жеке қорын жасақтаса, АҚШ банк құру идеясын әлі пысықтап жатыр. Яғни біздегі депозитарий әлемде баламасы жоқ алғашқы қор.
Аз байытылған уран банкін құру бізге не береді? Біріншіден, ядролық қауіп-қатерлерді қысқарту ісіндегі негізді қалаушы ел ретінде халықаралық имиджіміз өседі. Осы саладағы жоғары технологиялардың Қазақстанға енуіне, дамыған мемлекеттермен тәжірибе алмасуға оң септігін тигізеді.
Уран өндірісімен айналысушы, ядролық-отынды шығарушы кәсіпорындардың қайта жандануып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
Елімізде ядролық энергетика саласы дамиды. Сондай-ақ ядролық отыны бар ел бүкіл халықаралық қауымдастықтың назарында болатындықтан, олардың тарапынан қорғауға алынып, елімізде терроризмнің етек жаю қаупінен арыламыз.
6. Тәуелсіздік табыстары
«Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, егемен ел болудың ең ауыр белесінен өттік», – депті Елбасы.
Расымен, солай. Сенбесеңіз, санмен сөйлейік. Сонымен 25 жылда халық саны 1 млн 219,3 мың адамға көбейген. 25 жылда 7,6 млн нәресте дүниеге келген. Жұмыссыздық деңгейі бүгінде 5% ғана. Ал 1994 жылы 7,5% еді.
1993-2015 жылдар аралығында орташа айлық жалақы 985 есе өскен. Мәселен, 1993 жылы 128 теңге болса, 2015 жылы 126 021 теңгеге жеткен.
Сыртқы тауар айналымы 8 есе, экспорт 9 есе, импорт 8 есеге артқан. Құрылыс жұмыстарының да көлемі көңіл қуантады. Яғни 1991 жылмен салыстырсақ, 2015 жылы 44,5 пайызға ұлғайған. Бұл ресми сандар күллі Қазақстанның көрсеткіші.
Ал 25 жылда Алматы облысы қандай жақсылықтарға қол жеткізді? Тәуелсіздік тарихының куәгері «Хабар» арнасының меншікті тілшісі Тілеуғабыл Мыңжасар баяндайды.
Тілеуқабыл Мыңжасар, тілші
-Жетісу – жер жәннаты. Мұнда тау да бар, бау да бар, көл де бар, шөл де бар. Осының барлығы тіршілікке нәр беріп, халықтың тұрмыстық әл-ауқатына игі әсерін тигізуде. «Хабар» агенттігінің осы өңірдегі меншікті тілшісі болып жүргеніме 18 жылдан асыпты. Мыңдаған шақырым жол жүріппін. Мыңдаған оқиғаға куә болып, мыңдаған репортаж дайындаппын. Естен кетпес ерекше кезең бұл.
Тәуелсіздіктің 25 жылында Жетісу жерінде қыруар жұмыстар атқарылды. Облыс бюджеті 37 есе өсті. Аймақтық жалпы өнім көлемі кейінгі 15 жылда 144 миллиард теңгеден 2 триллион 85 миллиард теңгеге артты.
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 10 миллион теңгеден 550 миллиард теңгеге жетті. Ал Талдықорған өңіріндегі өрлеу кезеңі 2001 жылдан басталды. Оған негіз болған Елбасының Талдықорған қаласына Алматы облысының орталығы мәртебесін беру туралы Жарлығы екенін жергілікті тұрғындар мақтанышпен айтады.
1990 жылдардың соңында бұл шаһарда электр жарығы, жылу, көгілдір отын, жол, қоғамдық көлік мәселесі тым қиындап кеткен. Адамдар бірнеше айлап жалақыларын да ала алмайтын. Бүгінде қала еңсесін тіктеп, даму жолына түскен. Тіл сарайы, Достық үйі, Спорт сарайы салынды. Қаратал ықшам ауданы бой көтерді.
Облыста ауыл шаруашылық саласы қарқынды дамуда. Қант қызылшасын өсіру кең өріс алды. Былтыр оның көлемі 4 мың гектар болса, биыл 6 мың 400 гектарға жетті. Кеңестік заманда гектарына 500 центнерден өнім алғандар ерекше марапатталатын. Қазір 700 центнерден өнім жинайтын еңбек майталмандары жиі кездеседі.
Виктор Хильниченконың есімі аймаққа танымал. Оның шаруашылығы 360 гектар жерге қант қызылшасын еккен. Келесі жылы оны 420 гектарға ұлғайтпақ.
Виктор Хильниченко, серіктестік жетекшісі
-Мемлекет бізге қолдау көрсетіп отыр. Субсидия төлейді. Сондықтан біздің ықыласымыз артып, жоғары өнім алуға ұмтылудамыз. Егер барлық шаруашылық рентабельділікті қазіргідей 60-80 пайыздан 100 пайызға дейін көтеретін болса, қант қызылшасының баяғы даңқын қалпына келтірер едік.
Облыста оған жетудің жемісті қадамдары жасалуда. Заманауи техникалар алынып, қант зауыттары қайтадан іске қосылып жатыр.
Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі
-Қазір модернизация жасап, біз Көксу зауытын іске қостық. Келесі жылы Ақсу зауытын іске қосамыз. Тағы да келесі жылы Қарабұлақ қант зауытын іске қосамыз. Сосын Алакөл ауданындағы зауытқа кірісеміз. Сонда 2020 жылға дейін біз қызылшаның көлемін 14 мың гектарға жеткізсек, одан біз 50 мың тонна өзіміздің ақ қантымызды алуға болады.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары мал шаруашылығы төмендеп кетсе, бүгінде төрт түліктің саны артып келеді. Уақ мал 4 миллионға жетті, ірі қара мен жылқы 3 есеге көбейді. Ендігі мәселе – мал тұқымын асылдандыру.
Талдықорғандағы «Асыл» мал тұқымын асылдандыру орталығында 33 бұқа бар. Бұл – әлемдегі ең мықты ет және сүт бағытындағы ірі қаралардың тұқымы. Жергілікті лабораторияда осы бұқалардан алынған ұрықтар қатырылады. «Оларды 100 жылға дейін сақтауға болады», – дейді мамандар.
Бүгінде облыстағы ірі қараның 22 пайызы асыл тұқымды. Енді уақ малды да асылдандыру үшін қошқарлардан ұрық алып, шаруашылықтарға тарату жұмыстары жүргізілмек.
Бекен Ерденов, мал тұқымын асылдандыру орталығының директоры
-Германия мемлекетіне арнайы жабдықты зертханаға заказ беріп қойдым. Олар дайындап жатыр қазір. Дайын болғаннан кейін ендігі жылы алып, 2017 жылдан бастап қошқар мәселесін, қой мәселесін дамытуға өзіміздің үлесімізді қосамыз деген жоспарымыз бар.
Облыста 1135 ірі, орта және шағын кәсіпорын болса, оларда 84 мыңнан астам адам еңбек етуде. 5 индустриалдық және өндірістік аймақ құрылған.
Мынау Жетісудың өндірістік алыбы – Талдықорған аккумулятор зауыты. Отандық батареялардың барлығы осы жерде шығарылады десек, артық айтқандық емес. Қазір айына 250 мың дана аккумулятор дайындайды. Оны Ресей мен ТМД елдеріне экспорттайды. Енді Қытай нарығына да кіре бастады.
Бұдан 18 жыл бұрын біздің бір репортажымызда зауыттың түйткілді мәселелерін айтқан өндіріс басшысы бүгінде кәсіпорынның Елбасының тапсырмасы бойынша қорғасынды аккумулятор шығарудың ұтымды жобасын өндіріске енгізетінін жеткізді.
Қуаныш Әжмағамбетов, аккумулятор зауытының басшысы
-Үкімет бізді қолдап жатыр. Министрге де 2 рет барып көрсеттік. Енді сол 8,5 миллионды біз 2023-2025 жылға дейін шығарамыз. Қазіргі қарқынымыз бойынша біз одан да ертерек шығаратын шығармыз. Соңғы 10 жылда біз 10 есе өзіміздің өндірісімізді ұлғайттық.
Тілеуқабыл Мыңжасар, тілші
-Бұдан 16 жыл бұрын мына алқапта бақшалық дақылдар егілетін. Сол кезде жұмыссыздықтың салдарынан коммуналдық төлемдерін өтей алмаған адамдарды ұжымдастырып, еңбекке тарту қолға алынды. Олар бірлесіп өсірген бақша өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізіп, ақша табатын және қарыздарын өтейтін. Ал қазір бұл жер нағыз құрылыс алаңына айналды.
6,5 мыңнан астам тұрғынға арналған көпқабатты зәулім үйлер салынуда. Олардың жалпы саны 120-дан асады. Қазір оның 27-сі пайдалануға берілді. Үш баланың анасы Лаура Данабекова «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша жаңа ықшам ауданнан пәтер алды.
Лаура Данабекова, Талдықорған қаласының тұрғыны
-Осындай бағдарламаның болғаны қандай керемет. Жастардың пәтер алуына тамаша мүмкіндік қой бұл. Жайлы баспанасы бар адам бала санын көбейтуге ұмтылады. Яғни еліміздің демографиялық жағдайы жақсарады.
Демография демекші, жақында облыс халқының саны 2 миллионға жетеді. Қазір аймақта жыл сайын 50 мың сәби дүниеге келсе, 40 мың бүлдіршін мектепке барып, бірінші сыныптың табалдырығын аттайды.
Тілеуқабыл Мыңжасар, тілші
-Республика Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ашылған мына перинаталды орталықта мыңдаған нәрестенің кіндігі кесілді. Онымен қатар орналасқан мына көпсалалы аурухана осыдан тура екі ай бұрын пайдалануға берілді. 300 төсектік аурухананың 9 бөлімі бар. Операциялық бөлімдері де осындай. Бәрі де заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған.
Бұрын тек үлкен қалаларда жасалатын операцияларды енді осында атқаруға толық мүмкіндік бар. Кейінгі 15 жылда облыста 17 аурухана мен емхана, 136 мектеп пен 270 балабақша салынды. Мектепке дейінгі балалар мекемесінің көпшілігі мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің жемісі.
Жетісудың табиғаты керемет. Сондықтан туризмді дамытуға ерекше мән берілуде. Атақты Алакөлдің Алматы облысына қарасты жағалауындағы 35 шақырым жер жағажайлар үшін өте ыңғайлы.
Биыл мұнда 500 мыңға жуық тынығушы келіп демалған. Осыншама адамның келуі бұрын болған емес. Келер жылы одан да көп болмақ. Өйткені Еуропа мен Азия елдерін шарлап кететін қазақстандық туристер тұрмақ, сол жақтағы жұрттың талайы енді Алакөлге келіп тамсанатын болады.
Қазір 4 және 5 жұлдызды қонақүйлер, демалыс кешендері мен әуежай салынуда. Жағалаудың инфрақұрылымдары реттеліп, туристер үшін алаңсыз демалуға қажетті жағдайлардың бәрі жасалып жатыр.
Бүгінгі жаңалық – ертеңгі тарих. Ендеше эфирден өткен кешегі репортаждарға қайтадан көз жүгіртіп көрудің өзі қызық. Тәуелсіздіктің тәй-тәй басқан қадамдары еске түседі. Соның барлығы біздің бейнеқорда сақталған.
Мынау Алматы облысының Алакөл ауданындағы Жыланды, Екпінді, Майқан, Төңкеріс, Шынжылы деген ауылдардың бұдан тура 15 жыл бұрынғы жағдайы. Түйткілді мәселе көп. Тізбектесең жер үлесі, техника бөлісі, жол, ауызсу, жалақы, зейнетақы, тағы басқалар болып жалғаса береді. Ауыл тұрғындары осылардың бәрін ашынып айтқан, шешім табуына көмек сұраған. Осыдан кейін Жыланды ауылының төл перзенті, меценат Бауыржан Оспанов туған жеріне керемет жақсылықтар жасады.
Мынау ауылдың қазіргі келбеті. Ардагерлер аллеясы, балалар алаңы, Мәдениет үйі, мешіт, спорт кешені, мектеп-лицей, зәулім тұрғын үйлер бір-бірімен әдемі үйлесім тапқан.
Болат Ибрайымов, ауыл тұрғыны
-Анау мектеп-интернат салынды. Мынау тойхана салынды. Мектептер қайтадан жөндеуден өтті. Ауыл арасына жарық орнатылды. Көшелер асфальттанды, жаман емес, қазіргі жағдайымыз жақсы.
Ілияс Қасымов, ауыл тұрғыны
-Тоқырау заманынан кейін талай өзгерістер болды. Ешқандай енді ауылымыздан жаманшылық көргеніміз жоқ. Құдайға тәубә, кәсіпкерлер де кейіннен көбейіп келе жатыр.
Тілеуқабыл Мыңжасар, тілші
-Жыланды бүгінде адам танымастай өзгерген. Бұл ауылдың жастары спортқа өте құмар. Бокстан Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы ауылдың тумасы. Бүгінде оған еліктеуші жастар бұл ауылдың маңайындағы барлық елді мекендерден табылады.
Кәсіпкерліктің шарапаты шалғайдағы Лепсі ауылына да тиген. Жақында омарташылармен келісімшарт жасалып, ара балын жинайтын цех ашылыпты. Өнімдер арнайы зертханада тексеруден өтеді. Содан кейін әртүрлі көлемдегі ыдыстарға құйылып, Алматы мен Астананың супермаркеттеріне жөнелтіледі.
«Ауылдың сәлемдемесін алысқа жіберіп жатқан 7-ақ адам. Жылына 200 тонна өнім дайындаймыз», – дейді олар.
Спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық арнаулы мектеп-интернаттың филиалы былтыр осы ауылдан ашылған.
Бастапқыда әр аймақтан іріктелген 100 талапкер қабылданса, биыл олардың қатарына тағы 50 бала қосылды. Әркім қабілетіне қарай еркін күрес, дзюдо, грек-рим, бокс және шаңғы спорты бойынша шеберліктерін шыңдайды.
Қазірдің өзінде 9 спортшы республикалық жарыстардың 5 алтын, 2 күміс және 2 қола медалін жеңіп алды. Бұл Тәуелсіздіктің жемісі.
Сержан Омаров, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық арнаулы мектеп-интернат филиалының меңгерушісі
-Спортта дарынды деген балаларды қабылдап алып, оларды спорттың шыңына дайындап жатырмыз. Болашақта қазақтың көк Туын желбіретер жігіттер осы бізден шықса деген ойымыз бар.
Тілеуқабыл Мыңжасар, тілші
-Облыс орталығына кіреберістегі «Жастар саябағының» алдында Қазақстанның Мемлекеттік Туы желбіреп тұр. Оның биіктігі – 92 метр. Бұл Тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттік рәміздері қабылданған 1992 жылды еске түсіріп тұру үшін таңдалған биіктік. Ал Тудың ұзындығы – 25 метр. Бұл Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына көрсетілген құрмет.
Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев