Жеті күн 15.04.2017
1. Рухани жаңғыру
Біз өткеннің ұлағатын, ұлттық болмысымызды, мәдени құндылықтарымызды бағалай отырып қана болашақты бағамдай аламыз. Әрине, тек біз үшін ғана емес, кез келген халық үшін өзіндік сана мәселесі әр уақытта өзекті. Тек замана қойған талапқа сай өзіндік кейіп алмаса көштен кейін қалдыруы әбден мүмкін. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының түп мәні де осы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Бұл әрбір қазақстандықтың санасында сілкініс жасауға негіз болар негізгі құжат.
Озық отыз елдің қатарына қосылу үшін қос өзгерісті қатар өткеріп жатырмыз. Саясатты да, экономиканы да жаңа жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұрарлықтай қауқарлы етеміз деген есеп бар. Ал мінез-құлқы қас-қағымда құбылғыш қазіргідей әбігер әлемде мұндай жоспарды орындау жойқын күшті керек қылары бесенеден белгілі. Сондықтан әлгіндей күліп келіп, күңірентіп кететін кісілікпен күреспесек, жаңғырудың құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Демек, әрбір азамат адамдығынан айрылмай, кіндік қаны тамған жерінің, құлындай құлдыраңдап өскен қырының қадірін білсе, құба-құп.
Сайын Борбасов, саясаттанушы:
-Елбасының мақаласы өте маңызды. Себебі осы уақытқа дейін тек экономикаға көңіл бөліп келдік те рухани саланы, әлеуметтік саланы, адамның санасын, тәрбиесін екінші кезекке қойып қойдық. Алдымен экономика одан кейін саясат формуласы өз-өзін ақтады. Енді біз рухани салаға ерекше бір назар аударуымыз керек. Президент осы зиялы қауымның ойында көптен бері жүрген мәселені көтерді.
Жаңа тұрпаттағы жаңғырудың ұйытқысы – ұлттық код. Бірақ оны атамнан қалған асыл еді деп сүрлеп қойсақ, сүйкімі кетер. Сол себепті заманның талабына қарай түрлендіріп, қайта түлетсек, жоғымыз түгенделер. Елбасы осылайша ой толғап, әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртар алты бағытты анықтап берді.
Алдымен, бәсекелік қабілетті арттыру. Сосын популистік идеологияны ығыстырып, прагматизмді ұран етіп ұстану. Үшіншіден, болмыс-бітімнен алалықты алыстатып, ұлттық бірегейліктік сақтау. Төртіншіден, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік санау. Бесіншіден, эволюциялық даму қағидасын әр азаматтың дербес бағдарға айналдыруы. Соңғысы санадағы ашықтық. Яғни түндікті жауып алып жатуды қою.
Ал енді бұл аталғандарды бұлтартпай орындау үшін қандай қарекеттер жасалмақ?
Рухани жаңғыру – реформалармен бітеқайнасып жатыр. Бұл қоғамға аса қажет дүние. Технологиялық жаңарумен қатар, адамның сана-сезімін сілкіндіруге мемлекет мән бермек. Елбасы ұлттық сана, білім мен бәсеке, ұлттық бірегейлікті сақтау қағидаттарына терең үңілді.
«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында».
Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, өткеннің кейбір кертартпа тұстарынан арылу керектігін елбасы мақалада баса айтады, сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге үндейді. Заман көшіне ілесе отырып, атадан қалған бай мұраны бүгінгімен ұштастыру, оны түгендеу. Елдің ендігі мұраты – рухани құндылықтарды, ұлттың кодын сақтап қалу.
«Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек».
Нұрсұлтан Назарбаев ұлт келешегін кемел ететін рухани құндылықтарға терең бойлады. Оның өзегінде идеологиялық мәселелер де жатыр. Тәрбие, білім, патриотизм. Ел мүддесін көксеген көкейтесті түйткілдер зиялы қауымды тебірентпей қоймады.
Мырзатай Жолдасбеков, Мемлекет және қоғам қайраткері;
-Ата дәстүрімізден, түбірімізден, терең тамырымыздан арылмауымыз керек. Болашаққа, қазіргі мынау осымен жетуіміз керек дегенді өте ерекше айтып отыр.
Тынысбек Шәріпұлы, ҚР ҰҒА академигі:
-Бұрын ойлаушы едік техиника, экономика бәрін шешеді деп. Қазір бәрі өзгеріп жатқан заманда ұлттық сана шешеді. Егер де халық өте білімді, ғылым болса, ол кез келген нәрсеге бейімделіп кетеді.
Кез келген нәрсеге бейім болудың алғы шарты – білім. Ол – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп бермек. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің сыры осында.
«Біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».
Президент ой-толғауында білімге айтарлықтай басымдық берді. Мықты маман, жақсы адам тәрбиелеу ел игілігі үшін. Нұрсұлтан Назарбаев: «Алдағы онжылдықтың ұраны прагматизм болады», – дейді. Ол дегенің уақытты үнемді пайдаланып, болашағыңды жоспарлауға бейімделу, ұстамдылық, қарапайымдылық сияқты қанға сіңген қасиеттерді қайта түлету. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.
Серік Бейсембаев, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:
-Білім алуды культке айналдыру, басымдыққа айналдыру біздің қоғам үшін өте қажет. Дәл қазір біз әлемдегі ең үздік үлгілерді ескере отырып, мейлінше орта, жоғары деңгейде білім сапасын артыру керекпіз.
Тарих, мәдениет, салт-дәстүр қайта түлемек. Ол үшін мемлекет басшысы бірнеше бастама көтеріп, нақты жобалар ұсынды. Соның бірі – қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру.
Өмірзақ Айтбайұлы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
-Бүкіл түркі жұртшылығы латын тіліне көшіп кетті. Бұның бәрі сол түркі жұртшылығының ынтымақтастығы үшін. Ортақ алфавиттің болғаны жақсы. Елбасы осыны сезіп отыр. Біздің де сол алфавитімізді реттеп алатын кезеңге келдік.
Латын әліпбиіне толық көшу 2025 жылға межеленген. Бұл үрдіс тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Демек, қазірден қамдану қажет.
«2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс.
Ұлтты ұйыстыратын тағы бір ұсыныс – «Туған жер» бағдарламасы. Ол жалпыұлттық патриотизмнің өзегіне айналмақ. Ұлы даланың әрбір тауы мен тасы, өзені мен көлі тарихтан сыр шертеді. Әр жер атаулының төркіні туралы аңыз-әңгіме көп. Жас ұрпақ соны біліп өсуі тиіс.
Бұған қоса, алдағы кезеңде гуманитарлық ғылымдарды жандандыру көзделуде. Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, мәдениеттану, психология мен филология ғылымдары бойынша толыққанды білім беруге ерекше көңіл бөлінетін болады. Алдағы жылдары гуманитарлық бағыттар бойынша әлемнің ең жақсы 100 оқулығы қазақ тіліне аударылмақ. Сөйтіп, жастарға таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалады.
2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн.
Уәлихан Қалижан, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры
-Осы Жолдаудан кейін бізге жаңа ой келіп отыр. Біз 100 томдық авторлық әдебиетті шығаруды қолға алмақшымыз. Өйткені, бұл би-шешендеріміздің, сал-серілеріміздің жазба әдебиетіміздің бүгінгі күнге дейінгі шығармашылығын іріктеп, соларды халыққа жеткізсек.
Ұлт руханиятын топтастыратын тағы бір жоба – «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары». Жат идеологияларға төтеп беруде олардың алар орны айрықша. Ұлттық бірегейлігіміз де осы құндылықтарда екенін ұмытпаған абзал.
«Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек».
Қазақтың мәдениеті де, руханияты да өте бай. Көне шаһарлар, кесенелер, қорғандар, ескерткіштер мен жәдігерлер жетіп артылады. Айдай әлемге көрсетер рухани мұра көп. Халқымыз тарихи тұлғалардан да кенде емес. Дегенмен, замананың да келбетіне сай көш бастайтын майталмандар бар. Бүгінгі күннің белсенділерін елге таныту мақсатында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жүзеге аспақ. Бұл бастамалардың дені – жастар үшін. Демек, мақаланың өскелең ұрпаққа берері көп.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
-Бұл мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең ұлт руханиятын 21-ші ғасырдың биігіне шығаратын үлкен бағдарламалық құжат. Елбасының жүрегінен шыққан ең асыл сөздер, тәуелсіз Қазақстанның жастары, сіздерге арналады. Егер сіз 21-ші ғасырда халқыңызға пайда келтіргіңіз келсе, халқыңыздың атын дүние жүзіне шығарғыңыз келсе, ең алдымен ұлт руханиятынан бастау алуларыңыз керек.
Сапар Ысқақов, жиһанкез:
-Біздің халыққа, біздің жастарға тек қана саяси емес, экономика емес, рухани жаңғыру керек. Егер біз рухани жаңғыратын болсақ, біз ұлт болып қаламыз. Ел болып қаламыз.
Жасан Зекейұлы, медицина ғылымдарының докторы:
-Арғымаққа қамшы салғандай, қазір бұл біздің сөзден іске көшетін нақты бір сәт деп ойлау керек. Қазақстанның халқы әрқашан рухын биік ұстап, тегі 4 мыңнан бері келе жатқан сақ-ғұнның жалғасы екеніңді дәріптеп, ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек.
Бұл бастамаларда білімді ұрпақ өсірудің алғышарттары бар. Заманауи, интеллектуалды һәм рухани көшбасшылар тәрбиелеу озық отыздыққа қадам басу үшін керек.
Мұхтар Ыбырайым, тілші:
-Таяудағы он жылда өмір салты түбегейлі өзгереді. «Бұған дайын болған абзал», – дейді Елбасы. Сондықтан ашық болу, дамыған елдердің ең озық жетістіктерін қабылдай білу керек. Бұл – табыстың кілті, озық зерденің басты көрсеткіші. Дамудың діңгегі рухани байлықтардан басталары хақ. Демек, рухани жаңғыру – заман талабы.
Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Ерсін Мұханбеталин
2. Елбасы тіл мамандарына қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын жасауды тапсырды
Латын әліпбиіне көшеміз бе, көшпейіміз бе деген ойдың жетегінде жүргелі де біраз жыл. Сонау Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен айтылды десек, артық емес. Бұл мәселенің нүктесі осы жолы қойылды. Елбасы тіл мамандарына жыл соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын жасауды тапсырды. Ғалымдар: «Атаулы бастаманың берері мол», – деп бағамдап отыр. Әрине, әлем халқының 80 пайызы қолданатын қаріптер қор емес, зор қылары, талқыға салмай-ақ түсінікті. Оған қоса, ғылым тілінің тізгіні де осы әліпбиде.
Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры:
-Осы үлкен бастаманың негізгі мағынасы – дүние жүзіндегі түркі халықтарын бір-біріне жақындастыру. Кезінде арыстарымыз бұл мәселені көтерген. 1929 жылы біртұтас түркі әліпбиін қабылдап, одан кейін оған кезең-кезеңмен көше бастаған. Қазіргі жағдайда осы бастаманың негізгі мақсаты тілі жақын, мәдениеті жақын, тарихы бір түркі елдер бірінің жазғанын бірі еркін оқи алатын жағдайға жету үшін осы мәселе көтеріліп отыр.
Рухани жаңғырудың тағы бір тартымды жаңалығы – «Туған жер» бағдарламасы. Бұл жалпыұлттық патриотизмның негізгі өзегі болып табылады. Кез келген қазақстандық жердің қай қиырында жүрсе де, өз елін, өз жерін мазақ қылуға жол бермей, мақтан тұтуы тиіс.
Зиябек Қабылдинов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Еуразия» ҒЗО директоры:
-Өзінің өңірін зерттеп, мақтан ететін адам қазақтың мәдениетін, тарихын білетін болады. Міне, патриотизмнің түбі осы жерде жатыр.
Кеше ғана шағаласы шулап, балығы тулап жатқан Аралдың қазір аңқасы кеуіп қалған. Анызақ жел өткенді өкінішпен аңыз ғып айтады. Тап осындай түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар атырап экологиялық апат аймағына айналды. Сөз жоқ, бұл – жерге немқұрайлы қараудың кесірінен келген кесапат.
Ата-бабаларымыз осынау салқар сахараны ат үстінде жүріп, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғамап па еді?! Демек, аманатқа қиянат жасалғаны ғой?! «Туған жер» жобасының төркіні сол – қанымызда қайнап жатқан ізгі қасиеттерді қайта ояту.
Автор: Индира Жылқайдарова
3. Президенттің мақаласын қалың көпшілік талқылап жатыр
Рухани жаңғырусыз алға басу мүмкін емес. Мақаланы осылай талқылаған Алматы қаласы қоғамдық активінің өкілдері ой-толғауды жаһандық сын-қатерді тойтарар жауап ретінде қабылдап отыр.
Асанәлі Әшімов, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі:
-Дер кезінде шыққан рухани жаңғыру халқымызға керек-ақ. Енді латын тіліне көшу деген мәселесі бар. Көшу керек, мұсылман елдерінің көбісі көшкен.
Мұрат Жұрынов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
-Бұл біздің 25 жылдан кейінгі жаңа этапқа көшуіміздің басы. Біздің өткен қиындықтарымыз, тіпті қорлықтарымызға дейін жазылған. Еліміз сақталып қалды. Біздің халықтарымыздың бірлігін, достығын сақтау керек.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жаңғыртудың басты 6 құрамдас бөлігіне жекелей тоқталды. Түпкі идея – ұлттық сана-сезімнің жаңғыруы.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
-«Туған жер» бағдарламасын іске асыруда алматылықтар үлкен үлес қосады деп сенемін. Өткен жылдарда кәсіпкерлердің қолдауымен қалада 100-ден астам спорт алаңдары ашылып, 10 шақты балабақша салынды. Мемлекет пен жекеменшік әріптестік негізінде 600 оқушыға арналған мектеп бой көтерді. Тағы біреуі салынып жатыр. Қайырымдылық көмек, меценаттық қолдау қаншама. Осының бәрі – елге деген құрмет белгісі.
«Ақыл-парасатты ұран қылып қана қоймай, бойына сіңірген прагмат жастар ешкімге ұқсамайтын мәдениет, ұлттық кодты сақтауы тиіс», – дейді өңірдегілер.
Елен Әлімжан, жазушы:
-Енді біз өзімізді өзіміз кім екенімізді тануымыз керек, бағалауымыз керек.
Нұрлыбек Мыңжасов, тарих ғылымдарының кандидаты:
-Рас, қоғам, дүние қазір тез жаңаруда, тез жаңғыруда. Соған сәйкес болуымыз керек.
Елбасы «Туған жер» жобасын айтқанда жершілдіктен арылып, біртұтас ел болудың қамын ойлайтынын жеткізіп отыр.
Владимир Шнайдер, ғалым, тіл маманы:
-Елбасының бұл мақаласында қазақ қоғамының болашағы, демократиялық қоғам құрудың негіздері, алғышарттары айқындалып көрсетілген деп ойлаймын.
Алмас Әбсадық, филология ғылымдарының докторы:
-Егер біз латын графикасына көшкен болсақ, қолданып жүрген құрал-жабдықтардың озық үлгілеріне қол жеткізетін едік.
Рас, рухы биік елдің алмайтын қамалы жоқ. Әсіресе ұлттық болмыс, ұлттық құндылық сақталмай, жаңғыру болмайтынын шет елдіктер де айтады.
Эвелин Жанта, Монаконың Ұлыбританиядағы әрі Қазақстандағы елшісі:
-Сіздер мәдени мұраларыңызды ерекше қадірлейсіздер. Отандық мәдениеттің бірнеше тілде сөйлей білгені – жақсы үрдіс.
Хуберт Тилике, Орталық Азия елдері бойынша сарапшы:
-Жастарды шет мемлекете оқыту туралы тармағының маңызы зор. Сонымен қатар өзінің ана тілі мен төл мәдениетін және ата тарихын ұмытпауы шарт.
Қабілеті мықты, санасы ашық, даңғойлық, кердеңдіктен алыс, қанағатшыл жастары бар ел революциясыз эволюциямен даму жолына түседі. Ауыл-аймақтағы ұлт зиялылары осылайша ұлы істе жұмылуға шақырды.
Автор: Индира Жылқайдарова
4. Елбасы «МИР» телеарнасына сұхбат берді
Асылында, сусыздан сусын ішкізетін дәуірдің адамы қаржылық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да дағдарысқа ұшырап тұр. Соның салдарынан революциялар «хамелеондай» құбылды. Ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылып алған. Ең сорақысы, бүгінгінің қантөгісі баяғының барымтасын еске түсіреді. Астыртын қарымта қайтару қалыптасты.
Жыл басынан бері жылымық байқалған еді, соңғы екі аптада есті алды. Құдды жарудың жарысы жүріп жатқандай?! 10 сәуір күні Мысыр Араб Республикасының Танта және Александрия қалаларындағы копт православ шіркеулерінде террорлық акт болып, адамдар қырылды. Қайғылы оқиғаға орай Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сондай-ақ осы аптада Нұрсұлтан Назарбаев аймақтағы қауіпсіздікті сақтау мәселесі бойынша мемлекетаралық «МИР» телеарнасына сұхбат берді. Айта кетейік, сұхбат Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мерейтойына орай ұйымдастырылды. Осыдан тура 25 жыл бұрын алты мемлекет Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімге қол қойған, бәлкім олардың бірде бірі сол кезде бұл келісімнің негізінде кейін Еуразиялық кеңістікте үлкен әскери, саяси одақ құрылады деп ойламаған да болар. Кеңес Одағы ыдырап, әскери әлеуеті әлсіреген елдер сырттан қауіп төне қалған жағдайда, жеке дара күресуге қауқарсыз еді. Келісімге қол қойған елдің біреуі агрессияға ұшыраса, бұл мемлекеттердің барлығына төнген қауіп деп есептеледі. Құжаттың негізгі тұсы осы болатын. Жылдар жылжығанмен, қауіп-қатер көбеймесе, сейілген жоқ. Сұхбат кезінде Қазақстан Президентті солардың негізгілерін бөле-жара атады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Сегодня самый большой вызов – это терроризм, как известно. А с терроризмом тоже в одиночку ни одна страна бороться не может, поэтому, когда наши страны и спецслужбы между собой сотрудничают в рамках ОДКБ, мы имеем возможность больше выявлять, больше находить и друг другу давать информацию для того, чтобы предотвратить какие-то возможные неприятности от этого. Второй вопрос, это – миграция. Через Казахстан 4 миллиона человек мигрантов проходит. У нас почти 600 тысяч человек мигрантов работают. Поэтому работа с этими мигрантами тоже ведется. Третья, это – наркотрафик. Наркотрафик идет через Афганистан, через другие страны, через Казахстан и уходит в Россию и даже в Европу. И вот ОДКБ проводит специальные учения по тому, как нам выявить этот трафик, дорогу, возможности передачи наркокурьеров этих.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен НАТО-ның сипаты мен міндеттерінің айырмашылығын атап өтті. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының тиімділігін арттыру мәселесі де әңгімеге арқау болды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Надо подтянуть всех членов ЕАЭС к одному уровню. Сейчас одни в развитии ушли дальше, другие – в середине, третьи – совсем внизу. В этом проблема. Надо всех подтянуть, чтобы можно было равносторонне работать. Получается, что государства, объективно оказавшиеся беднее, надеются, что другие им помогут. Но так не бывает, в рыночной экономике никто даром ничего не дает. Эти ожидания есть, может быть, есть и разочарования. Надо каждому работать. Конечно, надо помогать. Делать это можно путем торговли, товарооборота, открывая рынок для торговли, открывая границы. Но повторю – каждому государству надо подтягиваться до определенного уровня.
5. Бішкектегі басқосу
Ұйым боп ұжымдасқан бес мемлекеттің басшысы күні кеше Бішкекте бас қосты. Былтырғы жылдың соңында Санкт-Петербургте өткен дәл осындай жиынға Беларусь Президенті Александр Лукашенко келмеген болатын. Сонымен, Одақ бізге не берді?
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына биыл 3 жыл. Осы уақыт аралығында ұйымның жұмысын мақтағандар да, даттағандар да табылды. Өткен жылы бірлестікке мүше елдер арасындағы тауар айналымы кемігенде, көптің көкейіндегі күмән қоюлана түсті. Алайда сол кезде нарықтың сынағын сын деп қабылдағандар аз болды. Болашақтың бағдарын бағамдай білетін Президент ол күннің өтпелі екенін ескерткен. Рас, бүгінгі Еуразиялық одақтың алға бастауы сол сөзді айғақтай түседі.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Большинство наших стран в прошлом году показали рост, в том числе Казахстан. Особый оптимизм должны вызвать у нас данные статистики начало 2017 года. По итогам начало двух месяцев объемы внешней торговли с ЕАЭС вырос в 37%, взаимная торговля в 38%. Могу информировать, что например, Казахстан с ЕАЭС выросла на 56,5%, с Россией на 50%, Беларусь на 50%, Кыргызстан на 41%, а с Арменией в 3,5 раза. Недостатки недостатками, а мы показываем, что нам дальше надо работать. Если барьеры, о которых сейчас говорилось, барьеры изъятия исключим, начнем помогать, то эту тенденцию поддерживать до конца года. Надо закрепить эту позитивную тенденцию, обеспечить дальнейший рост.
Қазір ұйымның бүгіні мен ертеңіне сырттай көз тігіп, бақылап отырған ел көп. Олар да одақтың өрге жүретінін көріп, біліп жүр. Сол себепті бұл нарыққа қызығушылық танытқан мемлекеттер саны жыл санап артып келеді. Иран, Үндістан, Вьетнам, Қытай, Израиль қатарға қосылуға ниетті. Ірі елдердің ұйымға ынтызар болуының тағы бір себебі бар. Ол – одақтың алға қойған жүйелі жоспарлары.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Необходимо активизировать работу про проработке вопросов сотрудничества с Ираном, Китаем, Индией, Сингапуром, Сербией, Израилем и другими странами, которые изъявили такое желание. В третьих, в такой непростой период для наших экономик нужно оказывать поддержку. Так нашей страной принятые конкретные меры поддержки соседнему Кыргызстану. Досрочно представлены внутренние железнодорожные тарифы при перевозках киргизских грузов транзитом. Это позволило коллегами нашим сэкономить порядка 60 миллионов долларов.
Бұл бағыттар – бүгінгі күннің сауалдарына жауап. Орындау уақыт күттірмейді. Өйткені ортақ нарықтағы кедергілерді жойып, үшінші елдермен сауда жасау ұйымның жұмысына оң әсерін береді. Дәйексіз сөз емес. Мәселен, Қырғызстанның одақ елдерімен саудасы қызып тұр деп айта алмаймыз. Өйткені кедендегі нысандары мен құрылғылары ескірген. Осыны ескерген Қазақстан мен Ресей айыр қалпақты ағайынға қомақты қаржы бөлген еді.
Алмазбек Атамбаев, Қырғыз Республикасының Президенті:
-Мен Ресей мен Қазақстан елінің басшыларына алғыс айтамын. Біздің елдегі ветеринарлық, санитарлық, фитосанитарлық жұмыстар талапқа сай болуы үшін көмек көрсеттіңіздер. Соның арқасында бізден кедендік кедергі алынады деген ойдамын. Онымен бірге зертханаларды салу жұмысы да жолға қойылып жатыр. Ол бізден шығатын тауарлардың сапасына оң әсерін тигізеді.
Қырғыз Президенті еркін сауда айналымына өтеміз деп қуанса, Беларусь басшысы сол тауар тасымалында кедергілердің әлі жойылып бітпегенін айтып қалды. Бұл сөзді әріптесі Владимир Путин де қуаттады. Кедендегі қызметті оңтайландыру жұмысын жалғастырамыз деді.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
-Еуразиялық экономикалық одақ аясында ақпарттық жүйені қалыптастырумыз қажет. Әсіресе бұл мемлекеттік органдар мен кеден қызметіне қатысты болуы шарт. Жұмысты жүзеге асырсақ ұйым ішіндегі тауарларға мониторинг жүргізу тиімді болады. Әсіресе одақпен сауда жасасатын үшінші елдер үшін таптырмас құрал. Өйткені оларға тауар қозғалысына рұқсатты электронды түрде алатындай жағдай жасауымыз керек. Бұл әлемдік тәжірибе және біз де соған қол жеткіземіз деген сенімдемін.
5 мемлекет басшылары көтерген мәселелер алдағы уақытта рет-ретімен шешімін табады. Оның бір жолы – кеше бекіген 2017-2018 жылдарға арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдары құжаты. Мазмұнында шикізаттық емес экспортты дамытып, инвестицияны арттыруға басымдық берілетіні жазылған. Онымен бірге тараптар Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен Иран арасындағы еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісім құжатын қабылдады.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы осылайша маңызды шешім қабылданумен аяқталды. Басқосу біткен соң, Елбасы Молдова Президенті Игорь Додонмен кездесті. Қос ел басшысы сауда-экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымаққа басымдық берілетінін атап өтті.
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
-Бір жиынды қорытындылаған мемлекет басшылары кеше екінші мәрте де бас қосты. Ол жиынға Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қосылды. Өйткені Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммиті жалғасты. Тараптар кеңесте жаһандық жаңа сын қатерлерге сынып кетпеудің амалдарын іздеп, қауіпсіздік қалқанын күшейтетін болып уағдаласты. Осылайша, Бішкекте жөні бөлек екі жиынды өткерді. Сөйтіп Президенттер қоңыр күзде Мәскеуде жолығатын болып тарқасты. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына.
Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Ержан Қанапияұлы, Айдос Серікболұлы
6. Қауіппен күрес күшейеді
Қазақстан қарасы жаман қауіппен күресті күшейтпек. Сөзіме Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдарының академиясы негізінде құрылатын өңірлік хаб кепіл. Бұл қауіп-қатерлердің алдын алып, күресудің қыр-сырын үйрететін Орталық Азиядағы бірегей алаң болмақ. Мұны Біріккен Ұлттар ұйымы да қолдап отыр. Бұл туралы Венада еліміздің Бас прокурорымен кездескен ұйымның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотов мәлімдеді. Тараптар екіжақты әріптестікті нығайту жайын талқылап, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:
-Бұл хабты Орталық Азияға арналған өңірлік орталыққа айналдырғымыз келеді. Онда тек Қазақстаннан емес, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, тіпті келешекте Ауғанстан, Пәкістанның құқық қорғау қызметкерлерінің оқу орталығына айналдырамыз деген жоспарымыз бар.
«Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс».
Елбасының осы ой талқысы әлгі қатерлерге қарсы тұрар өңірлік хабпен қабысады. Бұл орталық арқылы біз әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау мүмкіндігіне ие боламыз. Бірақ бір осы ұжымның мойынына жүктеп қою да аздық. Бұл қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі болуы қажет.
Қазақ үшін қашанда қымбаты – қауіпсіздік. Осы аптада аймақтағы ахуалдан бөлек, ішкі қорғаныстың да күйі қаралды.
7. Ақордадағы кездесулер
Жеті елші қызметіне кірісті. Оңтүстік Африка республикасы, Морокко, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Малайзия, Грузия мен Моңғолия елшілері Президентке сенім грамоталарын табыстады. Бұл мемлекеттердің қай қайсымен де Қазақстан тығыз қарым-қатынас орнатқан. Оның үстіне биыл мерейлі жыл. Әріптестіктің ширек ғасырында тараптар өзара ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге мүдделі. Қазақстан маңызды кезеңге аяқ басты. Күрделі жұмыстарды қолға алды. Конституциялық реформалар, үшінші жаңғырту, Біріккен Ұлттар ұйымының тұрақты емес мүшесі атану, ЭКСПО-ны өткізу секілді соны өзгерістер – елдің абыройы ғана емес, жауапкершілігі жоғары іс. Кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қарым-қатынастың негізгі бағыттарына тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Шет елдік серіктестермен біздің ынтымақтастықтың негізгі элементі ол – экономикалық қарым-қатынас, экономикалық бағыт. Біз сауданы ұлғайтып, өндірісті дамыту үшін сапалы инвестиция тартуға мүдделіміз. Инвесторлар үшін түрлі жеңілдіктер қарастырылған Қазақстан заңдары бойынша. Сонымен қатар, бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Біздің ел 2015 жылдан бері ДСҰ мүшесі болып саналатыны сіздерге мәлім болар. Қазақстан бизнес жүргізу көрсеткіші бойынша әлемнің 190 елінің ішінде 35 орын алып отыр.
Алыс-беріс пен барыс-келісті көбейтудің сан амалы бар. Президент Қазақстанның географиялық тұрғыдан тиімді орналасқанын атап өтті. Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға баратын қысқа жолдар Қазақстанды көктей өтеді. Бұл тұста кәсіпкерлер қауымы үшін үлкен мүмкіндіктер бар.
Зураб Абашидзе, Қазақстандағы Грузияның төтенше және өкілетті елшісі:
-Біздің «ЭКСПО» көрмесіне қызығушылығымыз жоғары. 29-30 маусым күндері Астанаға Грузия Президенті келеді. Бұл сапар арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетіндігіне сенімдімін.
Әскерді қару-жарақтың және техниканың жаңа түрлерімен жабдықтау. Қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру, аумақтық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы жүйені дамыту. Қорғаныс министрін қабылдау кезінде Президент осы мәселелерге назар аударды. Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, қазір Қарулы күштердің қатары 93 пайыз деңгейінде жасақталды. Бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда жоғары. Бұдан бөлек, мерзімді әскери қызметке алынатындардың саны өскен.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Общее состояние вооруженных сил нормальное. Готовность свыше 90 процентов. Есть проблемы дофинансирования до 1% ВВП. Учения проводились и зимой, и летом. Боеготовность нормальная, дисциплина улучшилась.
Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:
-Қазір Қарулы күштер жоспарға сай әскери дайындықпен айналысуда. Сіз берген барлық тапсырмалар уақытында орындалатынына сендіргім келеді. Ол үшін арнайы жоспар жасалған. Соған сай әрекет етудеміз.
Биыл Астанада ғарыш аппараттарын құрастыру және сынақтан өткізу кешенінің құрылысы аяқталады. Бұдан бөлек, «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Салада қол алынған жұмыстар жайында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Президентке баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Министрлікті кадр жағынан жинақтауды бітірдің ғой. Мемлекеттік тапсырысты алып, жұмысыңды атқарып отырсың. Ендігісі – зауыттар салу, жаңа өндіріс, әскери техникамен қамтамасыз ету.
Бейбіт Атамқұлов, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
-Зауыттарды жаңғыртып, өнеркәсіпті жаңа деңгейге көтеру жоспарын алдымызға қойдық.
Президенттің қабылдауында Әділет министрі де болды. Марат Бекетаев заң жобаларын әзірлеу жұмыстарына арналған жоспардың орындалу барысын баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Заң шығару, экспертиза, тіркеу, Қазақстандағы халықаралық құқықтарды қолдау, мемлекеттік қызмет ету секілді Әділет министрлігіне жүктелетін жұмыстар өте көп.
Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:
-2016 жылға арналған заң жобалау жоспары бойынша, Парламентке 18 заң жобасы енгізілді. Сіздің тапсырмаларыңызға және әкімшілігіңіз бен Үкіметтің тапсырмаларына сәйкес өткен жылы 13 заң жобасы жоспардан тыс әзірленіп, Парламентке енгізілді. Оған қоса, Парламент депутаттары өткен жылы 7 заң жобасына бастама жасады. Аталған бағыттағы жұмысты Әділет министрлігі толықтай қамтамасыз етті.
Автор: Дархан Әбдуахит
8. Интернет банкинг
Ұлттық банк клиенттеріне қашықтан қызмет көрсететін күнге жетті. Яғни қаржы институты инфрақұрылымының сервистік құралдары заманға сай жаңарды. Енді жұмыс жеңілдейді, уақыт үнемделеді, ақша операцияларының қауіпсіздігі артады.
Әсем Мадиярова, ҚР Ұлттық банкі департамент директорының орынбасары:
-Банкте есепшоты мен төлем картасы бар адам өзге банктің қызметтерін қашықтан қолдана алады. Яғни бұған дейін сіз басқа банкте иденфикациядан өтіп қойсаңыз, екінші банкке барып қажеті жоқ. Бұл шалғай аудандардағы тұрғындарға ыңғайлы болар еді.
Бірақ мұнымен банк туралы балладаға нүкте қоя салуға келмес. Түйіні шешілмей жүрген түйткіл жетерлік.
Қазір елімізде бес миллионнан аса азаматтың басы банкке байлаулы. Оның он екі пайызы несиені қаржы ұйымына қайтара алмай жүр. Қайтара салар ма еді, әттең, қалта жұқа. Бұдан тиісінше қаржы ұйымдарының да қазаны ортайып келеді. Бірақ жабылып қаламыз-ау» деп жабығып жүргені шамалы. Себебі үнемі қарайласып, қолдау білдіретін мемлекет бар. Бұл сценарий қашанға дейін жалғасады? Қауқарлы қаржы ұйымын қалыптастыру үшін не істеу керек? Беруші мен алушының қаржылық жауапкершілігін қалай арттырса болады? Осыны және өзгеден өзекті сауалдарға Ақордада өткен келесі кеңесте жауап ізделді.
Елдар Бақпаев, тілші:
-Жаһандық бəсекеде алқынып қалмас үшін стратегиялық жоспар, кешенді шаралар қабылдау қажет. Жаңа экономикалық ақиқат осы. Соның бірі – банк саласын сауықтыру. Өйткені ол экономикалық саясаттың қозғаушы күші саналады. Ұлттық банктің өткен жылғы қызметі қортындыланған кеңесте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаржы жүйесі бағындыруы тиіс межелерді айқындап берді.
Меже айқын болғанымен қазіргі ахуал мəз емес. Дүниежүзін жайлаған дағдарыс бізді де айналып өтпеді. Əсіресе, банк саласы есеңгіреп қалды. Енді есті жиып, саланы сауықтыратын кешенді шаралар легін көп күттірмей қабылдау қажет. Ал қаржы жүйесідегі тұрақтылыққа қауіп болар қатерлер қандай деген сауалға Елбасының өзі жауап берді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:
-Поставлена задача по вхождению в 30-ку развитых стран мира. Для этого необходимо следовать успешным примерам некоторых стран мира, в частности, Южной Кореи. При этом поэтапное снижение инфляции должно произойти на уровне 3-4%. Стабилизационные меры финансируются в основном за счет госсредств. Несмотря на имеющиеся на рынке сбыта торговой ликвидности кредитования экономика растет недостаточными темпами, в этой связи необходимо нам принять комплекс мер макроэкономическую стабильность, оздоровление банковского сектора и развитие фондового рынка.
Ал бас банк басшысы инфляция деңгейінің төмендегенін айтады. Өткен жылғы санақ бойынша 13,6 пайыздан сегіз жарым пайызға дейін азайса, биыл наурыз айында бағаның өсуі тағы 7,7 пайызға кеміді. Бұл үрдіс сақталады деп сендіреді бас банкир. Көрсеткіштер көп дүниені аңғартса керек. Өйткені баға өсімін тоқтатсақ, табыстың құнсыздануын болдырмаймыз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Вопрос свободно плавающий обменный курс у нас и это правильно, мы договорились, но ситуация на товарных рынках постоянно меняется. Волатильность курса в связи с этим будет. И насколько банк готов к таким сценариям? Допущение резких изменений обменного круса, ожидания какие-то есть?
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
-Мы работаем по всем сценариям. И в том числе плохие. Те модели и прогнозы, которые мы видим, уже мы видим что существует нормальный денежный теневой рынок, где можно хеджировать риски. Мы уже не думаем, что потрясения будут таким большими.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Я к тому, чтобы мы были готовы к таким вопросам, мы раньше говорили и у нас есть планы А, Б, С.
Əлбетте əлемдік нарықта тегеурінді əлсіретіп алмау маңызды. Əйтпесе, өзге елден қаржы тарту мүмкін болмайды. Шетелдік инвесторлардың қазіргі күні қазақ еліне қызығушылық қарқыны қарымды. Өйткен жылы шетелдіктер біздің нарыққа 14 млрд Ақш доллар көлемінде инвестиция құйған. Экономикасында тұрақты даму байқалмаған елдің есігінен ешкім сығалай қоймас. Демек сенім бар деп сөйлесек астамсу демессіз.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
-За прошлый год резервы выросли на 11,7 млрд долларов. Мы стабилизировали. Мы не тратим. И нацфонд стабилизировался. Несмотря на то что гарантированный трансферт был.
Алайда қор нарығындағы жағдай мұндай мəз емес. Мүмкіндіктері толық қарқынында пайдаланылып отырған жоқ. Тетіктері бар, қажетті инфрақұрылымда жоқ емес. Ал нарық жұмыс істемейді. Не кедергі?
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
-Тут две причины: со стороны спроса и со стороны предложения. Значит, со стороны предложения: наши компании пока слабо используют возможности фондового рынка для привлечения денег, и здесь нам нужно решить все проблемы, мы готовы. Но с другой стороны мы должны поднять ответственность компаний, которые привлекают деньги на фондовом рынке.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Мы давно работаем и говорим об этом несколько лет. Что надо делать?
Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық экономика министрі:
-Сіз облигациялық қарызды қаржыландырудың мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырған болатынсыз. Егер біз кәсіпорындар үшін банк несиелерін қаржыландыратын болсақ, бұл да облигация арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
-Ұлттық банк төрағасының айтып отырғаны маңызды екі бағытты қарастырады: Яғни банктің бақылауды күшейту, екіншісі банктерді мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы нығайту, сосын акционерлер өз қаржыларын банктерінде сақтасын.
Банк секторын сауықтыруды кейінге қалдыруға болмайды. Бұл мəселеге салғырт қараған да жарамас. Акционерлер өз банктерін нақты ақша арқылы қайта капиталдандыруы тиіс, қажет болса əлсіз банктерді біріктіру қажет. Елбасы осылай деп ескертті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Хочу всем акционерам заявить, не будете вставлять деньги оздоравливать вместе с Нацбанком, у банков будет право отбирать лицензии. Мелкие должны или объединяться или докапитализировать. Если хотят держать банк, пусть вкладывают деньги. Мы обойдемся 5-10 банками, нам не нужно 36-40 банков.
Нұрсұлтан Назарбаев түйіткілді несиелерге де алаңдаушылық білдіріп, азаматтардың қаржылық жауапкершілігін арттыру керектігіне де айрықша тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Вообще-то не платить за кредит – это дело уголовной ответственности для человека. Никто этого не понимает, не можешь платить – не бери кредиты. Взял кредит, ты должен вернуть эти кредиты. Поэтому здесь должна быть строгость, проверка. Перед вами задача, вам, банкам второго уровня – сократить иждивенческие настроения.
Қарымды қаржы мамандарымен өткен кездесуді қорытындылай келе Президент Ұлттық банк пен Үкіметке бірқатар нақты тапсырма жүктеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Проработать четкий алгоритм действий при различных сценариях изменения курса с учетом прошлого отечественного и международного опыта. В целях увеличения долгосрочного кредитования экономики выработать меры наращивания срочных депозитов. Активизировать работу по развитию фондового рынка и внести предложения по решению проблем валютных ипотечных заемщиков. Продолжить работу по оздоровлению банковского сектора, внести предложения по решению ипотечных кредитов.
Банк секторының экономикадағы десі басым. Бұл ретте Ұлттық банкке еліміздің басты қаржылық ұйымы ретінде баға тұрақтылығын сақтап экономиканың өсімін қамтамасыз ету міндеті жүктелді.
Авторлары: Елдар Бақпаев, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев
9. Инновациялық жаңғыру
Осы аптада Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барып қайтты. Үкімет басшысы әлемдік деңгейдегі инновациялық көшбасшы компаниялардың өкілдерімен кездесіп, Қазақстан экономикасын Үшінші жаңғырту аясында өзара ынтымақтастықты дамыту және экономиканың басым секторларына инвестиция тарту мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Project: Collider технологиялық форумына қатысып, әлемдік IT-компанияларды Қазақстан экономикасын жаңғырту ісіне белсенді түрде қатысуға шақырды.
Бақытжан Сағынтаев алдымен Нью-Йорк қаласына ат басын тіреп, Citigroup, Mastercard, Berkley, Morgan Stanley, BlackRock, Goldman Sachs сияқты АҚШ-тың ірі қаржы институттарының басшыларымен және Moody’s, Standard&Poor, Roubini, Lafahl, Fitch, Greylock Capital, American International Group, Guggenheim International, Aliance Bernstein, Public Capital Advisors, Business Council of International Understanding халықаралық сарапшылар қауымымен кездесіп, әлемдік экономиканың дамуын, Қазақстандағы экономикалық реформалардың өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Қазақстан Премьер-Министрі Нью-Йорк қаласының бұрынғы мэрлері Рудольф Джулианимен және Майкл Блумбергпен де кездесіп, телекоммуникациялық инфрақұрылымды және «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту мәселесі бойынша пікір алмасты. Қазақстанда Блумберг телеарнасының ашылуы екіжақты келіссөздің нәтижесі болды.
Бақытжан Сағынтаев Scuareed Capital, General Electric, Grace, Robotti&Company Advisors, AGCO, AES, Black and Veatch, American Industrial Acquisition Corporation сияқты жетекші бизнес саласының жетекшілерімен кездесіп, өзара ынтымақтастықтың бағыттарын, Қазақстан экономикасына инвестициялар мен инновацияларды және жаңа технологияларды тарту мүмкіндіктерін талқылады.
OSI Systems, Pfizer, GE Transportation компанияларымен біздің елімізде технологиялық құрал жабдықтар өндірісіне инвестициялар тарту туралы және Rahal Foods компаниясымен органикалық азық түлік өндірісін жолға қою туралы нақты келісім жасалды.
Бақытжан Сағынтаев Сан-Франциско қаласында өткен Project: Collider технологялық форумына қатысып, американдық компанияларды Қазақстандағы Елбасының жаңғырту процесіне белсенді түрде қатысуға шақырды. Форумда негізінен әлемдік технологиялық инвестиция саласындағы трендтер талқыланды. Үкімет басшысы еліміз үшін аса маңызды оқиға ретінде ғаламдық технологиялық хабтың жүрегі болып табылатын Кремний алқабында Қазақстанның ресми Өкілдігі ашылғанын жария етті.
Премьер-Министр «Chevron», «Cisco», «Tesla Motors», «IBM», «Pfizer», «Plug and Play Tech Center», «Jabil», «Autodesk», «Microsoft», «Google», «Uber» сияқты алпауыт компанияларға арнайы барып, IT-технология, машина жасау, энергетика, телекоммуникция, білім беру, денсаулық сақтау салаларында өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Екіжақты байланыстардың көкжиегін кеңейту мақсатында «Cisco», «IBM», «Autodesk» және «GVA Capital» компанияларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
АҚШ-қа жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жаңа технологиялар мен инвестицияларды және инновацияларды тартудың арнайы Жол картасы әзірленетін болды.
Кездесулер барысында американдық сарапшылар мен іскер топтары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты экономикалық өсім мен жаңғыртуды қамтамасыз етіп, елдің диверсификациялық және инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған саясатына жоғары баға берді.
Авторлары: Ақбөпе Бәкір, Еркін Жаламбетов
10. «Самұрық-Қазына» қоры Лондон қор биржасында инвестор күнін өткізді
Қазақстандық топ-менеджерлер шетелдік кәсіпкерлерді қордың даму стратегиясымен және жекешелендіру бағдарламасымен жақынырақ таныстырып, елдегі инвестициялық тартымдылық турасында сөз өрді.
Лондон қор биржасы – әлемдегі ең ірі әрі ежелгі орталықтың бірі. 200 жылдық тарихы бар. Жаһандағы түрлі акциялар сауда-саттығының шамамен 50 пайызы осыған тиесілі. Дүниежүзілік экономиканың тұтқасы десек болады. Ашық нарық, пайда көп. Мұны неге айтып отырмыз? Қазақстан және Лондон қор биржалары өзара серіктес. Екі жыл бұрын мұндай келісімге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары кезінде қол қойылған еді. Ынтымақтасық көкжиегі кеңеюде. Оған Тұманды Альбионда «Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры өткізген «Инвестор күні» дәлел. Біз үшін зор мүмкіндік. Ашық диалог. Алуан пікір. Сұрақ-жауап. Еуропадағы жілікті компаниялардың басшылары тың ақпаратқа қанықты. Ұлттық қор 215 активін нарыққа шығармақ. 2 тізім жасалған. Біріншісінде 49 әлеуметтік маңызы бар ірі активтер. Олардың арасында «Эйр Астана» мен «Қазатомөнеркәсіп» бар. Екінші тізімде 166 шағын және орта кәсіпорындар топтастырылған. Ірі активтерді жекешелендіруде IPO-ға басымдық беріледі. Яғни активтер ашық нарықта жариялы сатылады деген сөз.
Берік Бейсенғалиев, «Самұрық Қазына» АҚ Активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор, басқарма мүшесі:
-«Самұрық-Қазына» қорының 2 ірі үлкен еншілес компаниясы «Эйр Астана» компаниясы, «Қазатомпром» компаниясы туралы толық ақпарат берілді. Ол екі компания Елбасымыздың тапсырмасымен 2018-2020 жылдары IPO-ға шығаруға жоспарланып отыр. Қазір үлкен жұмыстар, дайындықтар жүргізіліп жатыр. Сондықтан біз бүгін байқадық инвесторлардың көптеген осы 2 компанияға қызығушылық білдіріп отырғанын.
«Қазақтелеком», «Тау-Кен Самұрық» және «Қазақ Эйр» компанияларына стратегиялық инвестор тарту көзделген. Шетелдік инвесторларға қазынаның майлы жілігін ұстаған қордың даму стратегиясы мен жекешелендіру бағдарламасы қызықты. Себебі барлығы тапқан табысын еселеуге мүмкіндік беретін елді іздейтіні анық.
Жекешелендіру жеке бастың шаруасы емес, мемлекеттік маңызы бар іс. Біздің көздегеніміз – 2021 жылға дейін мемлекеттің экономикадағы үлесін 15 пайызға дейін азайту. Жекешелендіруден түскен қаражат жаңа салаларды дамытуға бағытталмақ. Экономиканы әртараптандыру Қазақстанды шикізат тәуелділігінен құтқарады.
Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ Қаржы директоры:
-Тек өндіруші компания болғымыз келмейді. Ядролық циклдың барлық буындарын ескере отырып, сатылас біріктіру бағытында ары қарай жұмыс жүргіземіз. Қазір уран бағасы құлдыраған кезде әріптестерімізбен бірге аз шығындалып, мол өнім алуды жолға қойдық.
«Самұрық Қазына» әл-ауқат қоры жекешелендіру аясында Лондон қор биржасы арқылы бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларын арттырмақ. Аталған қадам Астанада жұмысын бастайтын халықаралық қаржы орталығына да қажет.
Крэг Хэндс, Ұлыбританияның Сауда және инвестиция министрі:
-Ұлыбритания мен Қазақстан – қаржы саласында өзара серіктес. Қарым-қатынасымыз одан әрі беки бермек. Қазіргі біздің нарықта 50-ге жуық қазақстандық компания жұмыс істейді. Лондон қор биржасында 1994 жылдан бері 400 млрд доллардың саудасы жасалған. Бұл тек 48 елде жүргізілген жекешелендіру бағдарламаның нәтижесі. Соның ішінде 160-ы мұнай-газ, 180-і тау-кен өнеркәсібімен айналысатын компаниялар.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:
-Лондонды таңдауымыз кездейсоқ емес. Биржа бағалы қағаздар мен халықаралық акциялар нарығын ұйымдастырады әрі реттеуді жүзеге асырады. Жүйенің тәртібі бізге бұрыннан таныс. Мұнда әлемдегі 3000-ға жуық компанияның бағалы қағаздары саудаланады. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруда биржаның қызметін пайдаланамыз.
Стратегиялық қадам кез келген істе ауадай қажет. Ағылшындық бизнесмендер қордың трансформация мен жекешелендіру жолындағы нақты қадамдарына қатысты түрлі сұрақ қойды.
Балжит Гревал, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегиялар мен активтер қоржынын басқару жөніндегі басқарушы директоры:
-Қордағы барлық үдеріс еншілес компаниялардың ұзақмерзімді құнын арттырып, ұлттық экономиканы жаңғыртуға бағытталған. Осы бағытта түбегейлі өзгерістерді бастап кеттік. Нәтижесі жаман емес.
Роберт Барнс, Turquoise Президенті және Лондон қор биржасы бастапқы нарықтар жетекшісі:
-Лондон қор биржасына қош келдіңіздер. Біз – Қазақстанның қуатты әріптесіміз. Әзірге 17 қазақстандық компания биржада листингтен өтті. Мұның санын бірлесе көбейтуіміз керек.
Роберт Барнстың бастамасы орынды. Биржадағы отандық компаниялардың үлесін арттыру өзекті. Активтерді еркін саудалау үшін барлық жұмыс ашық жүргізілуі тиіс. Талап қатаң. Ағылшындар Қазақстанның жекешелендіру және қор нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға деген ұмтылысын қолдайды.
Жалпы, былтыр жекешелендіру аясындда 42 компания сатылып, қазынаға 8 млрд-тай қаржы құйылды. Мемлекет қиын-қыстау кезде қарамағына алуға мәжбүр болған активтерді жекеге ойдағыдай сатуы тиіс. Нарық заңы осы.
Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Әсем Қабылбек, Ғалымжан Қараманұлы
11. Даңқың ассын, Димаш!
Заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тың қырғи-қабақ соғыс кезіндегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың еншісінде. Елбасы ұсынған рухани жаңғырудағы жаңа бағыттардың бірі осы. Бұл орайда Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру көзделіп отыр. Осылайша, біз тек мұнаймен немесе саяси аренадағы беделімізбен ғана емес, өнерімізбен де өр биіктен көрінуіміз қажет.
Қазір де қазақ өнерпаздарының арасында әлемдік деңгейдегі сахналарды бағындырғаны бірталай. Солардың бірегейі – Димаш Құдайберген. Ол небары үш айдың ішінде екі бірдей атаққа қол жеткізді. Алдымен «Азияның ең танымал әншісі» атанса, жақында «Халықаралық деңгейдегі танымал әнші» деп танылды. Енді, міне, «Мен әншімін» байқауының соңғы кезеңі де келді. Тағы бір атақ аламыз деп тақым қысып отыр талалайлар. Димаш финалда кімнің әнін орындайды? Бұл жолы тыңдармандарын қалай таңғалдырмақ?
Көмейіне бұлбұл ұя салған әнші. Димаш Құдайбергенов есімі аз уақытта миллиардтаған көрерменнің жүрегін жаулады. Жас әнші бұған дейін талай додада топ жарған. Бірақ бұл жолғысы өзгеше. Димаш – феномен! Оның басты сыры вокалдық шеберлікте. Әуезді әнімен ықыласқа бөленді.
Ескендір Хасанғалиев, ҚР Халық әртісі:
-Төрт жарым октава деп дауыстың кеңдігін айтады. Сол бір адамның басына берілген. Бұл табиғаттың сыйы ғой деп, таңқалдым.
Ерік Құрманғалиев – вокал өнеріндегі құбылыс. Қазақ баласы көзі тірісінде ерекше даусымен әлемді таңқалдырып, аты аңызға айналған. Оның контральтосы музыканың ешбір заңдылықтарына бағынған жоқ.
Майра Мұхамедқызы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
-Дауысы сондай биік, бір әдемі әншінің келіп қосылғанын сол кезде түсіндім. Сол әнін айтып бола салысымен, ешқандай қысылмай-ақ, бірге дуэт айтамын дедім.
Дүйім жұртқа Димаш деп танылған әншінің азан шақырған есімі – Дінмұхаммед. Жастайынан өнерге үйір. Өскен ортасы әнге бай. «Ат болатын құлынды мүшесінен таниды» демекші, ата-анасы 5 жасында белін буып, сахнаға шығарады. Қазақы дәстүрге сай тұңғыш немере ата-әжесінің қолында тәрбиеленген. Бұл – Айтбаевтар отбасындағы жазылмас қағида.
Миуа Низамудинова, Димаштың әжесі:
-Музыкальныйға 5 жасында мен алып бардым. Света күндізгі бөлімде оқыды. Одан кейін жұмыс істеді. Қанат та жұмыста. Сосын мен жұмысты қойып, мұғалім болып істедім. Сол Димаштың тәрбиесімен айналыстым.
Еңбекқор. Шыдамды. Талапшыл. Жақындарының әншіге берген мінездемесі осындай. Ол өз бойындағы музыкантты әуелден танып, тәрбиелей білген.
Светлана Айтбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Димаштың анасы:
-Осы «Алтын қанатты» аспанға көтеріп, мәз болып, алып келді. Содан бастап әрі қарай өз алдына жоспар қойды.
Өнер биігінен көрінген Димаш 20 жасында мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығын иеленді. Жеңіске масаттанған жоқ. Кейін «Славян базарының» сахнасын дүр сілкіндірді.
Қытайдағы жобада «Дайдидау» Димаштың да, қазақ әнінің де даңқын асқақтатты. Расын айтсақ, ән әуелі өзімізде шырқалғанымен, шынайы бағасын сырттан алды.
Әнші үшін байқаудың әр кезеңі – үлкен сынақ пен жауапкершілік. Дінмұхаммед жігерін жанып, талантын ұштай түсті.
Сия Инчжан, Чанша қаласының тұрғыны:
-Шетелдік сері жігіт Димаштың орындаған әнін үзбей тамашалаймын. Ал дауысының тартымдылығы, әр концертте жаңа стильде шығуымен көпті баурап алды.
Си Сиовэй, Чанша қаласының тұрғыны:
-Финалда оған қарсылас «Арыстан» тобы мен Жаң Жие болатын секілді. Өз басым Димаштың жеңіп шығатынына сенемін.
Қытай. Чанша қаласы. Финал алдындағы соңғы дайындық. Ұйымдастырушылар барлығы мінсіз болу үшін жанталасуда. Әсіресе операторлардың мойнына жүктелген міндет ауыр. Димаштың дарынына бас иген жанкүйерлер оның оза шабарына сенімді.
Хэ Сиао, «Singer 2017» байқауының операторы:
-Мен Димашты жобаға келгеннен бастап, түсіруге жауаптымын. Ол – өте кішіпейіл, ақжарқын жігіт. Өмірде ғана емес, камерада да өте көрікті көрінеді. Көп уақыт араласқаннан кейін біз жақсы дос болып кеттік. Оператор ретінде оның жауапкершілігі, түсірілім жұмыстарына көмектесетіні ұнайды.
Қазақта «Бетегеден биік, жусаннан аласа» деген сөз бар. Әнші мен көрермен арасындағы көзге көрінбейтін, нәзік, жіпсіз байланыс үзілмеуге тиісті.
Құдайберген Айтбаев, Димаштың атасы:
-Айналайын, қандай деңгейге көтерілсең де қарапайым бол. Менің айтатыным сол. Халыққа жағу керек. Халық сені қолдау керек. Сені көзі ретінде көтеретін халық, төмен түсіріп жіберетін де халық.
Бұл сөздер – Димаштың бойтұмары. Жас әншінің байқаудағы басты ұстанымы – Келдім! Көрдім! Жеңдім! Біздің де тілек осы.
Авторлары: Әсем Қабылбек, Нұрбек Бекенов