Хабар телеарнасы

Жеті күн 26.08.2017

Сюжеттер
1. Ұлт жоспары – ұлы мұрат 2. «100 нақты қадам» 3. Елбасы қабылдаулары
4. Сүбелі сұхбат 5. Бағыт айқын, мақсат бір 6. Ілкімді ілгерілеу
7. Халықаралық қатынастар 8. Жүйрік желі 9. ЕХРО-2017
   
10. Рухани жаңғыру    

1. Ұлт жоспары – ұлы мұрат

Өткен аптада Президент төрағалығымен мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алға басуы турасында кеңес өткен болатын. 

Ал бұл жолы Елбасы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерін Ақордада жинады. Отырыста бес институционалдық реформаның жекелеген бағыттары бойынша әңгіме өрбіді. 

Бір жарым жылдан аса уақытта ұлт жоспарының 50 қадамы жүзеге асыпты. Ал «қалған 50-і орындалу барысында» деседі. Жасалған жұмысқа Мемлекет басшысы оң бағасын берді.

Бірақ Елбасының көңілі толмайтын тұстар да көп көрінеді. Мәселен, экономиканың негізгі драйвері саналатын салаларға «ірі инвесторларды» тарту ісі ілгері баспай тұр. Әлі күнге стратегиялық инвестормен бірге бірде-бір жоба қолға алынбапты. Сәуір айының соңында «Kazakh Invest» деп аталатын ұлттық компания құрылып, өңірлерде өкілдіктері ашылған еді. Ол жақтан да асқан жауапкершілік сезілмесе керек.

Ұлт жоспары – елді алға бастайтын ұлы мұрат. Қоғамдық серпіліс беріп, мемлекеттік жүйені жаңғыртуға бағытталған нақты қадамдар. Оның орындалуы ел ертеңін айқындайды. Сондықтан бес реформаның іске асуы Мемлекет басшысының жіті назарында.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл – өте үлкен жоспар. Біз бұны түбіне дейін жеткізіп, барлығын орындап, халыққа айтуымыз керек: міне, жоспар орындалды, нәтижесі мынадай, жақсылығы мынадай. Сондықтан мұны қадағалаудан біз танбауымыз керек. Жалпы көрсеткіштерге оң баға беруге болады.

Президент жұмыс тобы жетекшілерінің есептерін тыңдап, бес институционалдық реформаның жекелеген бағыттарының іске асырылу барысына тоқталды. Елбасы әр қадамның орындалуы бойынша хабардар. Бес бағытта да ауқымды жұмыс істелген. 66 заң қабылданды. Жыл соңына дейін тағы 8 заң жоба Парламентте талқыланады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:

- Қазіргі таңда комиссия 5 бағыт бойынша әрбір қадамның іске асырылу барысын нақты қадағалап отыр. Осы уақытқа дейін, өзіңіз айтқандай, 50 қадам орындалды, қалған 50 қадам орындалу үстінде.

Бірінші бағыт – кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру. Оған тиесілі 15 қадамның 11-і орындалған. «Жұмыстың жүйелі атқарылуы маманға байланысты», – деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- По итогам аттестации руководящих работников корпуса «Б» во многих министерствах и акиматах выявлено слабое знание стратегических и программных документов. Вот видите, мы даже говорим разъяснить народу – те люди, которых мы принимаем, они не знают. Если они не знают, кто же объяснит людям. Это касается, прежде всего, министерств сельского хозяйства, здравоохранения, образования и науки, и практически всех акиматов.

Президент кейбір ведомстволарда кадр ауысу көрсеткіштерінің жоғары екенін айтты. Алайда бұл үрдіс бұрынғыға қарағанда әлдеқайда төмендеген. Дегенмен командалық ауысу негізделген болуы тиіс. Қызмет сатысымен өсудің де өзіндік ережелері бар.

Қайрат Қожамжаров, ҚР МҚІСЖҚІҚ агенттігінің төрағасы:

- 2015 жылы бастықтармен 6500 ауысу болған. Заңды енгізгелі былтыр – 348, биыл одан екі есе төмен болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қызметтің жоғары сатысына бару үшін төменнен көтерілу керек дедік. Адам қызметке әділ түрде келуі керек. Ол адам білімді болуы керек. Білікті болуы керек. Мүмкіндік болса, біздің оқу жүйелерінен өткен, заңды білуі керек, бағдарламамызды білуі керек. Халыққа не керек екенін білуі керек. Елмен сөйлесе алатын, түсіне алатын адам болуы керек. Бүкіл мемлекеттік аппарат түзелетін болса, жалпы халыққа қызмет көрсету жөнделеді.

Қара қылды қақ жарып, ақ пен қараны айыра білетін мамандар сот жүйесіне де қажет. Бұл да ел игілі үшін туындап отыр. Осы орайда заң үстемдігін қамту бойынша 19 қадамның 17-сі орындалған.

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

- Азаматтық істердің 62%-ы бір рет қана қаралады. 83%-ы бірінші сатыда шешімін тауып жатыр. Қазақстандық медиация институты іске кірісті.

Ашық әрі әділ сот жүйесі – керегі. Бір қуантарлығы, түрмеда жазасын өтеушілердің саны азайған. Дегенмен сот жүйесінің кемшіліктері әлі баршылық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Также не снижается поток обращений со стороны населения о нарушениях законности и правопорядка в Администрацию Президента. Нет реальной состязательности на досудебной стадии. Адвокаты и работники правоохранительных органов имеют недостаточную квалификацию. Процедуры по очевидным и малозначительным правонарушениям необходимо максимально упростить. Люди не должны месяцами ждать решений по простым делам. Решения судебных и правоохранительных органов должны быть лаконичными, ясными для понимания граждан.

Жергілікті полиция да әділдікті мақсат тұтуға міндетті. Жалпақ жұрттың қалқанына айналып, мүддесіне сай қызмет етуі тиіс. 2 жылда жергілікті полиция қалыптасты деуге болады. Бірақ әлі де өз міндетін толықтай атқара алмай отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Местная полиция должна стать защитником, помощником жителей на местах и быть подотчётным перед ними кого охраняет. Вот этого надо добиться. Важно не допустить снижение управляемости, оперативности, реакции на экстренные ситуации. Поэтому, связь с министерством должна сохраниться. Местная полиция была и остается в единой системе органов внутренних дел страны. Это правильно. Аким вправе ставить перед полицией задачи по обеспечению порядка местного значения.

Ұлт жоспарының ең ауқымды бағыты – экономика. 100 қадамның тең жартысы осы саланы қамтиды. 13-і орындалып, қалғаны іске асырылып жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В прошлом году поручал активизировать работу «единого окна» и электронного декларирования. Тоже не делается.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Нұрсұлтан Әбішұлы, біз келісім жасап, әлемнің 98 елінде қолданылып жатқан ақпараттық жүйені алдық. Бірінші қазаннан бастап электрондық декларация іске қосылады. Ал келесі жылдың бірінші қаңтарында жүйе толық қуатында жұмыс жасайды. Қазір барлық кәсіпкерлік процестерді ескеріп, пилоттық түрде іс жүргізілуде. Бизнесмендер мен кеден органдары өзара байланысты толықтай автоматты түрде жүргізуге кірісті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Давай сделай это, закончи этот вопрос. Создай условия на таможне. Тогда и будем говорить об экспорте и импорте. Түсіндің бе? Надо сесть и снять эти вопросы.

Бұдан бөлек Президент ірі инвесторлардың қатысуымен серпінді жобаларды жүзеге асыру тұрғысынан соңғы 2 жылда айтарлықтай ілгерілеушілік болмағанын айтты. Трансұлттық компаниялар тартуда нәтиже көңіл көншітпей тұр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ставилась задача привлечь минимум 10 транснациональных компаний в перерабатывающий сектор для создания экспортных товаров и выхода на мировые рынки. В прошлом году запущено всего три совместных проекта, реализованные компаниями «Тенарис», «ЭФКО» и «Кока-кола». При этом компания, выпускающая кока-колу, работает в стране ещё с прошлого века. Это непростой вопрос. Требует каждодневной работы подключения Премьер-Министра, если надо, кого угодно.

Президент инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды. Бұдан бөлек денсаулық сақтау саласында тәртіп орнатуды жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Оборудование понахватали, нахапали, это оборудование лежит в областях, гниет. А зачем было заказывать? Это коррупция, воровство. Еще не до конца разобрались. Сколько раз одна группа обращается комплекс препаратов производить в Казахстане по такой-то линейке. Невозможно. Потому что у медиков есть свой поставщик за бугром, только его лекарство должны покупать. А тех новых не пускают сюда. Ты для чего сидишь? Разбей.

Мемлекет әлеуметтік салаларға үлкен қамқорлық жасайды. Бірақ мұнда да үнемшілдік артық етпес. Сондықтан мектептер мен ауруханаларды мемлекеттік-жекеменшік аясында салу тиімдірек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Если там будет частник, то он будет следить, чтобы школа, больница работали нормально. Никто не воровал. Слушайте, вы оба, я поставил молодых, образованных министров. Самый сложный участок. Почти 50 процентов расходов бюджета приходится на ваши отрасли. Қайда кетіп жатыр ақша? Вопрос медицины, вопрос образования задевают каждого человека. Бәрі емделеді, бәрінің балалары бар. Поэтому вы четко должны чувствовать настроения людей, населения, прежде чем делать что-то. И вносит нам предложения, мынаны былай жасау керек, мынаның уақтысы келеді, келген жоқ әлі деп, по порядку. Понятно?

Қазіргі таңда елімізді жаңғырту үшін мемлекеттік деңгейде барлық жағдай жасалған. Ендігі кезек – жұмысты аяғына жеткізу. Барлық мемлекеттік органдар жұмылуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуына елеулі үлес қосқан шенеуніктерге де тоқталды. Стратегиялық міндеттерге қол жеткізу үшін мұндай еңбекқорлық бүгін де қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Осы жылдардың ішінде қанша министрлермен бірге істедім, қанша әкіммен істедім. Оның ішінде атсалысып, маған өте үлкен көмек жасаған азаматтар болды. Мысалы, Қасым-Жомарт Тоқаев – бірінші күннен бастап сыртқы саясатты жасауға көмектесіп келе жатқан азамат. Ахметжан Есімов – ауыл шаруашылығының жүйелі түрде заң қабылдап, бүгінгі ауыл шаруашылығының негізін қалаған азамат. Сағадат Нұрмағамбетов – әскери күштерді, бірінші қарулы күштерді жасаған азаматардың бірі. Айта берсем көп. Көп еңбек сіңірген әкімдер бар. Оның бірі – Жақсыбеков Астананың бірінші әкімі. Айтатын болсақ, Даниал Ахметов, Тасмағамбетов, Сапарбаев деген әкімдер. Істеп кеткен, демалысқа кеткен министрлер, әкімдер барлығы жанында жүріп, осы жұмысқа атсалысты. Менің ойымша, олар – ең жақсы жұмыс істегендер. То есть и министры, и акимы, среди них были лучшие, которые помогали, поддерживали все эти годы создавать то, что мы имеем сегодня. И сейчас вам поручено это. Через какое-то время я бы хотел сказать и о вас то же самое. «Поставил, вытащили, сделали» деп Ерболат Досаевты қатты мақтайын деп отырған жоқпын. Жалко, может быть, его надо вернуть в Правительство. Он конкретную работу делал со знанием дела. Жұмыс істеу керек. Барлықтарыңа мен сенемін.

Жаңғыру тек күшті мемлекеттік аппараттың қолында. Сондықтан әркімге жүктелген міндет зор. Отырыс барысында Президент ақсап тұрған бағыттарға назар аударды. Оларды іске асырудың тетіктерін ортаға салды.

Авторы: Мұхтар Ыбырайым

2. «100 нақты қадам»

Бес институционалдық реформа. Бұл біздің ғаламдық сын-қатерлерде сынып кетпеуге сайлаған стратегиямыз ғана емес, бұл – біздің озық отыз мемлекеттің қатарына қосылуымызға жол салатын жоспар. Сондықтан «100 нақты қадамды» жұмылған жұдырық болып жүзеге асырғанымыз жөн.

Міне, осы орайда қоғамдық санада сілкініс жасаудың маңыздылығы артады. Анығырақ айтқанда, әрбір азамат өзінің Отанын, яғни Қазақстанды қастерлеп, онымен мақтануы парыз. Сонда ғана істе береке болады. Елбасы «Хабар» Агенттігіне берген сұхбатында осы мәселе жөнінде ой қозғады.

Ақмола облысы

17.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Менің кейінгі Жолдауым «Үшінші жаңғыру» деп аталды. Біріншісі, тұңғыш дағдарыстан шығу еді. Екіншісі, «Қазақстан-2030» бағдарламасын ұсынып, оны уақытынан бұрын орындауымыз болатын. Енді үшіншісі – «ары қарай не істеуіміз керек?» деген сауалға жауап іздеу. Орта деңгейлі бай елдердің қатарына кірдік. Ал «жоғары деңгейлі мемлекеттердің қатарына қосылу үшін не істеу керек?» деген міндет қойдым. Соның ішіндегі ең негізгісі – рухани дамуымыз болуы керек. Әрбір мемлекеттің өркендеген экономикасы, сарабдал саясаты болғаны жөн. Бірақ қоғамның рухани санасы жоғары болмаса, отансүйгіштіктен жұрдай болса, елді алға қарай ілгерілету міндеттерін орындау мүмкін емес.

Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдағы сұхбатта ел өмірінде болып жатқан елеулі оқиғаларға сөз арнап, көп мәселенің көбесін сөкті. 

3. Елбасы қабылдаулары

Елбасы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Юрий Хачатуровпен кездесті. Екеуара әңгіме ұйымның институционалдық дамуы мен аймақтардағы қауіпсіздік жайына арналды. Сөз арасында биыл күзде Минскте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының сессиясына дайындық барысы да айтылды.

Қауіпсіздік дегеннен шығады, кеше қоңсылас Ресейдің Краснодар өңірінде жол апаты болып, қаншама адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. «Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау мен ниеттестігімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Өскемен титан-магний комбинатының басшылығы да Президент қабылдауында болды. Бұл кәсіпорынға шетелдік кәсіпкерлер қаржы құйған еді. Қазір зауыттың жұмысы қарқынды. Осы орайда Елбасы комбинаттың болашағы зор екенін ерекше атап өтті. Оған инвесторларға Қазақстан тарапынан көрсетілетін қолдаудың көптігі дәлел. Мұндай мүмкіндіктің барында «Инновациялық жобаларды жүзеге асыру ісін жеделдету қажет», – деді Елбасы. Ондағы көзделген мақсат – отандық өнімнің үлесін көбейту.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы работаем все эти годы, поддерживали все начинания, которые были. И сегодня комбинат работает достаточно стабильно. По моим данным, в прошлом году увеличение объема производства на 10%. Вы реализовали ряд инвестиционных проектов, вместе с южнокорейскими компаниями создали хорошее производство по слиткам. Выпуск продукции комбината стал большим подспорьем для дальнейшего развития предприятия.

Әсем Мамутова, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті:

- Сіз өте дұрыс атап өттіңіз. Комбинаттағы өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға, кіріс бойынша 20%-ға өсті. Сондай-ақ өзіндік құны 14%-ға, баяу қарқынмен өсіп келеді. Және біз құрған бірлескен кәсіпорындарда жұмыс басталып, жобалық қуаттылыққа шығып отыр.

Зулаған заманда өндірісті өрге бастыру үшін цифрлық технологияның тілін білу қажет. Сонда ел экономикасының құрылымы өзгеріп, дәстүрлі салаларға сапа дариды. Сол себептен Елбасы биылғы Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарамасын әзірлеуді тапсырған.

Осы аптада Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев атаулы бағдарламаның жасалу барысы жөнінде Президентке баян етті. Ведомство басшысының айтуынша, стратегиялық құжат жобасын дайындауға білікті мамандар атсалысқан.

Олар межелі міндетті орындауға мүмкіндік тудыратын төрт бағытты анықтапты. Нақтырақ айтқанда: инфрақұрылымды дамыту, адам капиталын жақсарту, экономика салаларын цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру.

Елбасы «бұл бағдарламаны кешенді түрде жүзеге асыру қажеттігін» тілге тиек етті. Себебі бүгінгідей жаһандануда жұтылмай, бәсекеге төтеп беру оңай емес. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Дәурен Абаевқа нақты тапсырмалар жүктеді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Сіздің тапсырмаңызға сай бағдарламаны қабылдап, дайын болды. Біз қазір бағдарлама жобасын барлық мүдделі тараппен бірге талқыладық. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы арқылы негізгі 4 жұмыс бағыты қарастырылады. Бірінші – инфрақұрылымды дамыту, екінші – адам капиталын жақсарту, үшінші – экономика салаларын цифрландыру және төртінші – мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сегодня этот вопрос выдвигается на первый план. Весь мир движется в данном направлении. И мы не должны отставать. Это очень сложная задача. Необходима слаженная работа всех ведомств, министерств и регионов.

Президенттің жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған биылғы Жолдауында айтылған тағы бір басымдық – мемлекеттің экономикадағы үлесін жалпы ішкі өнімнің 15%-ына дейін төмендету. Яғни Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің деңгейіне жеткізу. Ол үшін бірнеше шараны жүзеге асыру көзделген. Солардың бірі – мемлекеттік холдингтердің рөлін қайта қарастыру. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформациялауды тапсырған Елбасы.

Бұл жұмыстың қалай орындалып жатқанын осы аптада Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акцонерлік қоғамының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті. Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасында қордың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың жекелеген бағыттарына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Фонд «Самрук-Казына» имеет огромное значение для экономики страны, управляет важными активами государства. С момента запуска программы трансформации прошло 3 года. Работа проводится, фонд осуществляет крупные проекты.

Қазір акционерлік қоғам халықаралық IFSWF-2017 тәуелсіз әл-ауқат қорлары форумын өткізуге дайындалып жатыр. Онда әлемдік экономика жағдайындағы инвестициялық саясат мәселелері талқыланбақ. Осы орайда Елбасы холдинг басшысына нақты тапсырмалар берді.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

- Елбасының қабылдауында болып, биылғы 7 айдың нәтижелерімен таныстырып шықтым. Өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді алатын болсақ, былтырғы жылдың деңгейіне қарағанда едәуір жоғары. Ойдағыдай келе жатырмыз деп айтуға болады. Трансформацияны алатын болсақ, біздің корпоративтік одақта бұл шаруа толығымен аяқталып, қазір еншілес компанияларда тиісті деңгейде жүріп жатыр. Көзделген 215 нысанның 60%-ы жекешеленді. Енді қазіргі уақыттан бастап біз ірі нысандарды жекешелендіруге шығарып жатырмыз.

Ал кеше Елбасы елордада бой көтерген атақты брендтердің бірі бесжұлдызды «Хилтон» қонақ үйінің ашылу салтанатына қатысты. Кешен туристер көп келетін көрнекті орын ЕХРО-2017 көрме қалашығының аумағында орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қонақүйдің Астана ажарын аша түсетінін атап өтіп, құрылысшылар мен сәулетшілерге алғысын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Я с большим удовольствием прибыл, чтобы открыть еще одну достопримечательность не только ЭКСПО-2017, но и для нашего города. «Хилтон» – это мировой бренд, комплекс, известный нам, и мы это знаем. И наши строители, надеюсь, с честью сделали всё, что необходимо. Это всё мощно дополняет нашу столицу, делает ее еще привлекательнее для туристов, для всех гостей. Давайте поблагодарим строителей, дизайнеров, архитекторов, представителей мирового бренда «Хилтон» и пожелаем всем, кто будет здесь жить, благополучия, счастья и удовольствия. В новый путь, гостиница «Хилтон».

Нұрсұлтан Назарбаев «Хилтон» қонақ үйінің ашылу рәсімінен кейін ЕХРО-2017 көрмесінің алаңына аяқ басты. Анығы, Ресей, Корея, Түрікменстан, Өзбекстан, Франция және Біріккен Араб Әмірліктері елдерінің ұлттық павильондарын аралады.

Қазақстан Президенті Ресей плазасында елдің энергетикадағы жетістіктерін және Арктика жағдайында болашақтың қуатын өндіруге мүмкіндік жасайтын экспозициялармен танысты. Ал Өзбекстан павильонында Мемлекет басшысына көлік жасау саласында қолданылатын «Электрокарт» эксперименттік платформасы көрсетілді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанның ұлттық павильонында дербес гелиобиологиялық қалдықсыз кешеннің макетін тамашалады. Қазақстан Президентіне Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңартылатын энергетика саласындағы жаңалықтары жөнінде баяндалса, Корея павильонында «Ақылды энергетикалық микрожелі» құрылғысы мен энергия үнемдеу жүйесінің жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Францияның жаңартылатын энергия көздерін және «ақылды қалалар» мен экомобильділікті дамыту салаларындағы жетістіктерін көрді.

4. Сүбелі сұхбат

Озық ойдан туған жобаларға қарап, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің тек Қазақстан үшін ғана емес, күллі технология әлемі үшін ешкім күтпеген қуатты іс-шараға айналғанын аңғаруға болады. Алты құрлықтың назарын Астана төріне аударған ауқымды көрменің мән-маңызы туралы Елбасы «Хабар» Агенттігіне берген сұхбатында анығырақ айтқан еді. 

Ақмола облысы

17.08.2017

Жаңғыру – жаңа белес. Әуелі үшінші модернизация, ізін ала елдегі саяси реформалар. Экономика, сосын саясат деген бастапқы идеядан ауытқу жоқ. Бірақ екеуінің де рухани жаңғырусыз берері көп емес. Арнамызға берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаңғыру бойынша кешенді шаралардың басталғанын айтты. Әуелгісі – латын әліпбиіне көшу.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл кириллицадан кетіп қалып, басқа жаққа кетейік деген саясат емес. Түбегейлі мәселе. Мысалы, кириллицаның ішінде біздің грамматикамызға, сөздігімізге керек емес әріптер бар. Мысалы, қазақта щ деген, я деген әріп жоқ. Японияны Жапония дейміз. Ъ, ь, ч, ц деген әріптер жоқ. Оның бәрі қазір біздің әліпбиіміздің ішінде отыр. Пайдаланбайды. Пайдаланса, біздің тіліміздің негізгі нұсқасын бұзып жібереді. Екіншіден, латын әліпбиіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетейін деген жоқпыз. Алыпқашпа сөздермен кейбіреулер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби тек қана қазақ тіліне байланысты. Орыстың тілінде кириллица басылымдары шыға береді.

Латын әліпбиін бүге-шүгесіне дейін зерттеу үшін 2 бірдей жұмыс тобы құрылды. Аудармашы, ғалымдар мен лингвистерден құралған сарапшылар нақты ұсыныстарын келесі айда Елбасыға ұсынбақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 2022 жылдан бастап 1 сыныптан түгел соған көшсек, ары қарай кете беретін болады. Бұл – үлкен саяси мәселе. Барлық елдерде солай болған. Оған түсіндіріп, білдіріп, ешкімді біз кемітейін деп, ешкімнен ала қашайын деп жасап отырғандық емес. Бұл – қазақ тілінің мүддесі. Сақтап қалуымыз үшін жасалып отырған үлкен тарихи мәселе. Түбегейлі мағына түрінде жасауымыз керек.

Рухани жаңғырудың бір тарауы – Туған жер. Атамекенді қадір тұтуға баулитын бастаманың мәні терең. Бағдарлама отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстанның әрбір сай-саласын, тауын, жолын, тұрғын нәрселерді, судың атын қайдан шыққанын жазсақ, сонда қазақтың тарихы ешқашан өшпейді. Оны әлі ешкім жазған жоқ. Мен былай деп тапсырма бергенмін: студенттердің алдына барған кезде өзінің ауылындағының барын жазып әкелсе, мына өзеннің аты неге осылай қойылды, мына таудың аты неге олай, көп аңыз бар, батырлар бар, олар қайдан шықты? Соның барлығы әрбір өңірден жазылатын болса, Қазақстанның тарихы, жерінің тарихы, бәрі қалады.

Қазақ даласы киелі мекендерден кенде емес. Кесенелер, қорғандар мен көне шаһарлар жетіп артылады. Демек, олардың тізімін жасау арқылы мыңжылдық тарихты түлетумен қатар, әлемге танылуға болады. Оның үстіне туризмді дамытуға серпін береді. Президент сұхбатында осы саланы дамытудың болашағы туралы айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Дүние жүзінде туризм деген барлық экономиканың 10%-ын құрайды. Бұл – өте үлкен көлем. Бізде өте аз әлі. Біз 2025 жылға дейін экономикамыздың 8%-ын туризмнен аламыз деп отырмыз. Ол үшін өте көп жұмыс істеу керек. Даланың өзі, таудың өзі басқа елдер үшін өте қызықты. Көрсете білуіміз керек.

Заман түбегейлі өзгеріп барады. Бұрын жағажайда демалғанды жөн санайтын шетелдіктер қазір киелі мекендерді, тарихи орындарды аралауды дәстүрге айналдырған. Бұл жерде ұлы даланың әлеуеті зор.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазір мүмкіндік болған соң жер шарын аралап, анда барамыз, мұнда барамыз. Бір қазақтан: «Сен осы Қазақстанның барлық жерін аралап шықтың ба?» – деп сұрап көрсең, ондайлар аз. Осы жылдар ішінде Қазақстанның мен бармаған түкпірі жоқ. Ауылдардың барлығын араламаған шығармын. Себебі 7500 ауыл бар. Әлемдегі ең танымал жерлерді көріп шыққан адаммын. Ал қазіргі ұрпаққа да, замандастарыма да айта аламын: Мен қазір ешқайда барғым келмейді. 

Биыл отандық туризмнің тасы өрге басты. ЕХРО көрмесінің арқасында келушілер жылдағыдан көп. 2 ай ішінде 2,5 млн мейман елордаға табан тіреп, көрмеге қанық болды.

Нұрсұлтан  Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Мы полагали, что за все три месяца с лишним месяцев проведения выставки Казахстан посетит около 2 млн человек. Только за два месяца посетило уже 2,5 млн человек. А если вот посещений, там стоят специальные машины, которые считают, кто зашел, вышел, около 20 млн человек.

Халықаралық көрме бизнестің несібін еселеді. Мейрамханалар мен қонақ үйлер саны көбейіп, пайда шаш етектен.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Эффект ЭКСПО заключается в том, что столько народу приехало, все гостиницы Астаны заполнены, бизнес сейчас, по-молодёжному говоря, кайфует от этого. Потому что много людей, гостиницы полные, развлекательные заведения заполнены. Масса народу, который приехал и поднял бизнес, и поступления в бюджет города поднялись в несколько раз.

ЕХРО-ны аралаған әрбір адам баламалы энергия бағытында үздік жетістіктерімен танысады. Біздің елге қажет дүние көп мұнда. Дамыған елдер күн, жел, су мен ядролық отын, тіпті кинетикалық энергияның бірегей үлгілерін ұсынған. Бұл – әлемдік тәжірибелерді игеруге арналған таптырмас алаң. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- И вы там же видели кинетическая энергия, человек ходит, создает энергию. Человек на машине едет, создает энергию. Никто никогда этого не учитывает. В этой связи мы смогли собрать самые передовые мысли всех государств в одном месте. Нашим ученым, да и министерствам и ведомствам работникам есть возможность увидеть, что где делается в этом плане. Что где делается и ухватиться хотя бы. Все списать с ЭКСПО невозможно, хотя бы адрес будут знать где, что происходит, чтобы потом перенять, сделать у нас.

Нұрсұлтан Назарбаев сұхбатында конституциялық реформаларға да тоқталды. Конституциялық өзгеріске сай атқарушы және заң шығарушы билікке артылған жүк ауыр. Осы жылға дейін Үкімет Президенттің Жарлығын орындаумен шектелді. Үкіметтің ендігі тағдыры Парламент қолында. Министрлер кабинеті өзі қабылдаған заңға және орындауға да жауапты. Депутаттар алдында есеп береді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- А теперь сейчас вот на основе этой базы мы сделали новые реформы, когда 35 полномочий Президента, прописанных в Конституции, переданы были Парламенту, Правительству. Третье – верховенство закона. Мы провели огромные реформы за эти годы. Приняты изменения в законы сейчас. Ответственность судей, обращение к ним, открытое обсуждение, то есть каждый может в процессе судебного разбирательства знать, что происходит. Может взять документы, может защищаться.

Қазір Парламент пен Үкімет өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқару үшін тырысып жатыр. Соңғы жарты жылда ел экономикасының өсім көрсетуі соның бір көрінісі іспетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сейчас еще дальше пойдем. Вот эти дни как раз разбирались и смотрели, как еще больше улучшить вопросы следствия. Чтобы это было соревновательным, поднять роль адвокатуры, чтобы роль прокуратуры тоже обеспечить, как это положено, то есть углубить вопрос верховенства закона. Чтобы человек за разрешением своей проблемы шел в суд и получал там справедливое разрешение вопроса без телефонного звонка, без какого-то там вмешательства. Он знает, что если туда пойдет, то получит удовлетворение своим потребностям, нарушенным правам. Если здесь не получит, то обратится выше, еще выше. Адвокаты, другие органы власти будут ему помогать.

Елбасының сөзінен барлық өзгерістер халық үшін жасалып жатқанын аңғару қиын емес. Ел мұраты мен мүддесі осы реформа-бағдарламалармен тоғысып жатыр.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Сәкен Сейітханұлы 

5. Бағыт айқын, мақсат бір

Бурабайда болған келелі әңгіме көпшіліктің көңілінен шықты. Оның сыры жасырын емес. Себебі сұхбат ел өміріндегі елеулі оқиғалар жайлы өрілді. Сондай-ақ Елбасының бұл жолғы сүбелі сөздері әр айтылған көзқарастың темірдей берік негіздемесі болуы керектігіне кезекті рет көз жеткізді. Бүгінгідей ақпарат арқылы арпалыс жатқан заманда қоғамдық пікірталас тудыру еріккеннің ермегіне айналғаны шындық. Сондықтан Президенттің өзі өзекті мәселелер төңірегіндегі өзекжарды ойларын ортаға салып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаевтың әр тақырып турасындағы парықты пайымына қатысты қазір тарихшы-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері өз пікірлерін білдіріп жатыр. 

Мамандардың айтуынша, латын қарпіне өту еселі еңбекті қажет етеді. Өйткені бұл істе «жеті рет өлшеп, бір рет кес» қағидасын ұстанбаса, халықтың қабылдауы қиын болады. Сондықтан латын әліпбиін түзген кезде үндестік заңына басымдық берілген жөн.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Латын қарпін, латын әліппесін қазақтың сөйлеу мәнеріне, оның тілінің тереңдігіне лайықтап жасауымыз керек. Дүние жүзінде шешен халық, көсем халық екеу болса, біреуі – қазақ. Он рет пе, жүз рет пе өлшеп, бір рет кесуіміз керек. Сондықтан біз латын әліпбиіне өте үлкен дайындықпен келіп отырмыз.

Латын әліпбиі бізге таңсық емес. Бұл жазу үлгісі 1929 жылы қазақ жерінде тамыр жая бастады. Бірақ сол кезде де төте жазудан ажырағысы келмегендер болды. Бірақ ағартушылар жаңа әліпбидің басымдығын дәлелдеп шықты. Нәтижесінде латын әрпіне жұрт үйренісіп кетті. Дегенмен 1940 жылы қоғамға кирилл әріптері енгізілді. Бұл іс халықтың қалауынсыз жасалса да, уақыт өте бұған да ет үйренді.

Бексұлтан Нұржекеев, жазушы:

- Жаңа сұхбатында Президент: «Бізге қажетсіз әріптер бар», – деді. Соның ішіндегі ең қажетсізі – «и». Ұзын «и». Қазақ тілінде бұрын ұзын «и» болмаған. Шолақ «й» ғана бар. Ал бізге ұзын «и-ді» кириллицаны бергеннен кейін кіргізді. Сол кіргізу арқылы біздің сөздердің үндестік заңы өзгерді. Осы қателігімізді түзеуге арналған мақала мен соны түзеуге берілген сұхбат.

Елбасының бұл бастамасы әсіресе шеттегі қазақтарды бір серпілтті. Ыстамбұл қаласындағы Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара латын әліпбиіне өту тарихи шешім екенін айтады. Ол: «Осы жүйе барша қазақты жақындастыра түседі», – дейді.

Әбдіуақап Қара, тарихшы:

- Түркияда, Еуропада өскен қазақ латын әліпбиін жақсы біледі. Бірақ кириллицаны білмейді. Енді Қазақстан да латынға өтуімен дүние жүзі қазақтары біртұтас латын әліпбиінде жазып, сөйлейтін болады. Сондықтан біз қуанып отырмыз.

Елдің рухани жаңғыруының бірнеше жолын Президент атап өтті. Оның негізгісі – «Туған жер» бағдарламасы. Елді, жерді сүюге тәрбиелейтін бұл жоспардың мазмұны терең. Әр адам өз туған ауылының тауы мен тасын қастерлеп, сүйе білсе, елдік мұратымыздың орындалғаны болар. Өйткені өскен өлкеге шын жанашыр адам оның өркендеуіне күш салатыны ақиқат.

Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Рухани жаңғыруды туған жерден бастауды ұсынып отыр. Туған жердің қадір-қасиетін түсінуден бастауды ұсынып отыр. Оның тарихын, байлығын, әрбір ауылдың тұрғындары, жалпы жас ұрпақ біліп өссе, ол қоғам үшін, мемлекет үшін пайдалы болар еді.

Президент өз сөзінде қазақтың әр тасы тарихқа тұнып тұрғанын айтты. Бірақ сол көрікті орындарға ат ізін салушылар сирек. Бұл олқылық орнын толтыруға мемлекет бар күшін салып жатыр.

Орденбек Мазбаев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

- Ішкі туризмді жандандырған жағдайда, біз елдегі елді мекендердің тұрақты даму қағидасына өзгеріс енгіземіз. Мысалы, Марқакөлдің жағасын көтеруге болады. Балқаштың маңайындағы елді мекендердің жағдайларын жақсартуына, жұмыссыздықты азайтуға, жастарды елге қайтаруға мүмкіндік тудыратын механизмін жасауға болады.

Белгілі жазушы Дулат Исабеков ел Президентінің туризм саласына бөлген көңілін ерекше құптайды. Өйткені көрікті жерлер ажарлана түссе, сыртқа сабылатын адамдар саны қысқарар еді. 

Дулат Исабеков, жазушы:

- Бурабайға жететін ешнәрсе жоқ. Біз өз еліміздің әдемілігін, әсемдігін, сұлулығын кейде бағаламайтын сияқтымыз. Міне, Президенттің айтқаны жақсы болды. Өйткені біз шетелге тұра қашамыз. Ал шын мәнінде Қазақстаннан сұлу жер жоқ. Бәрі бар. Қысы, аязы да бар. Жазы да бар, бораны, мамыражай көктемі – бұдан артық не керек?!

ЕХРО көрмесі біздің елдің келбетін айшықтай түсті. Әсіресе бұл шараның халықтар достығы мен гуманитарлық байланыстарды жақындастырғанын айта кеткен жөн. Онымен бірге көрме аясында мыңдаған турист қазақтың жерін көріп, қонақжай ел екеніне көз жеткізді.

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

- EXPO-ның әсері мол. Оның саяси, әлеуметтік бағдары, туристік жағынан қарасаңыз тиімді. Түркістанға биыл адам көп келді. Сонда EXPO-ға келген адамдардың біразы Түркістанға барып жатыр екен. 

Көрменің бас қалаға әкелген пайдасы орасан. Мәселен, күн сайын әуежайға 16 мың адам келеді. «Бұл – ең әуелі отандық туризмді дамытуға серпін берді», – дейді мамандар. Астанадағы қонақүйлер мен хостелдердің саны 27%-ға артқан. Халықтың ойын-сауық орталықтарына баруы екі есеге өскен.

Айгүл Нұреева, қонақүй директоры:

- Алдыңғы жылға қарағанда біздің қонақүйдегі қонақтардың саны EXPO-ға байланысты 4 есеге артты деп айта аламын. Алдыңғы жылы күніне 5 нөмір болса, осы жылы күніне 30 нөмірге дейін қонақ келеді. Біздің қонақүйге Германия, Сауд Арабиясы елдерінен көп келді. Біз олармен сөйлесеміз. Астана, Қазақстан туралы сұраймыз. Оларға қатты ұнады.

Президенттің Бурабайдағы сұхбатына қатысты арнайы мамандар көптеп үн қосты. Соның ішінде сот төрелегі турасында Анар Жайылғанова пікір білдірді. Ол соттың ашықтығы мен тазалығы нығайып келе жатқанын атап өтті. Оның сыртында қазір істі қарау уақыты біршама қысқарғанын да тілге тиек етті.

Анар Жайылғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Есіңізде болса, сотта бақылау функциясы болған, енді ол функция алынып тасталды да, адамдардың сотта істі қарауы оңтайландырылып отыр. Енді бізде аудандық сот та, апелляциялық сот та тек облыстық сотта, кассациялық сот тек Жоғарғы сотта, сөйтіп адамдар үш сатыдан ғана өтіп өздерінің істерін шешіп кете береді.

Рухани жаңғыру жұртты бірлікке шақырып, Отанды көркейтуге бағытталған. Биік мақсатқа жетелейтін бұл бағдарлама өміршең болуы үшін әр адам хал-қадірінше үлес қосуы абзал. Өйткені біздің Отанымыз жалғыз. Ол – Тәуелсіз Қазақстан!

Авторы: Сәкен Сейітханұлы 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мынадай ой айтылған: «Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді».

Президенттің бұл сөздері текке жазылған жоқ. Мұндағы мақсат – отансүйгіштік қасиетті ояту. Біз неге ұлан-ғайыр ұлы даламызбен мақтанбаймыз?! Жер көлемі жөнінен тоғызыншы орын алуымыз, ол – өз алдына бір бөлек әңгіме. Ал шығыс пен батыстың арасын жайлап жатқандығымыздан көрер жақсылық жайлы ойланып көрдіңіз бе?

Географиялық орналасуымыздың оң әсерін пайдаға асыру үшін Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасын бастаған болатын. Нәтижесінде тақтайдай тас жолдар төселіп, өңірлер арасында қарқынды қатынас орнады. Тіпті осы жолдар арқылы алып нарықтарды бір-бірімен байланыстыруда да маңызды рөлге ие болып отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- «Нұрлы жол» бағдарламасының мәнін қазақстандықтар әлі түсіне қойған жоқ. Біз – тарихымызда ұлан-ғайыр жеріміздің о шетінен бұ шетіне дейін ешуақытта мұндай даңғыл жолдар салған емеспіз. Қазір Шымкенттен Алматыға не Ақтөбеге көзді ашып-жұмғанша, жылдам жетуге болады. «Нұрлы жол» бағдарламасымен Астанамыздан шұғылалы қағидат бойынша, күн нұры сияқты жан-жаққа жол салынып жатыр.

Ұлан-байтақ даламыздың үсті де, асты да – құт. Бағасын білгенге. Салқар сахарамызда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы кездеседі. Осы арқылы экономикамызды еселеуге мүмкіндік мол. Бірақ жер қойнауын пайдалану секторын «жемқорлық» дейтін жегі құрт жайлап алыпты. Бұл жөнінде Президент кешегі Жаңғыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысы қаралған кеңесте кеңірек айтты. Жауаптыларға саладағы заңнаманы қайта қарастыруды тапсырды.

6. Ілкімді ілгерілеу

Рас, қойнауымыз қазынаға толы. Алайда экономиканы шикізатқа тәуелді ету арқылы алысқа шаппасымыз анық. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттырған абзал. Осы мақсатта Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығына бағытталған жоспар жүзеге асып жатыр. «Қазіргі нәтиже көңілге қонымды. Өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі 30 процентке жетті», – дейді жауаптылар. Дегенмен бұл біз көздеген деңгей емес. Әлі де атқарылар жұмыс әжептеуір. 

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында биыл жарты жылда 4,5 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Былтырғыдан 17%-ға артық. Ауданда экономиканы жаңғырту мен инвестиция тартуға жете көңіл бөлінген. Жақында инновациялық трактор зауыты іске қосылса, шаруалар да өндірген өнімдерін көрші Қытайға шығармақ. Мысалы, Зайсанда құрастырылатын тракторда 45 аттың күші бар. Жер жырту, егін салу, қар күреу, тұқым себу жұмыстарына ыңғайлы. Кәсіпорын қытайлық кәсіпкердің 80 млн инвестиция қаржысына ашылды. 40 шақты техника құрастырылып, шаруаларға сатылған.

Мұратхан Қиямазанов, Зайсан аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі: 

- Бұл тракторларға кооперативтерге 50%, шаруа қожалықтарына жері, малы болған жағдайда 30%-ға дейін үкімет ақшасын субсидия ретінде қайтарып беріп жатыр. Осы қолға алынғалы өткен айда ғана 12 трактор көрші аудандарға сатылды.

Ал 5 шаруа қожалығының басын біріктірген кооператив қазір мал басын асылдандыруға ден қойған. 200 сиыр сауылатын сүт-тауарлы фермасы, 3 мың басқа арналған мал бордақылау кешені мен өңдеу комбинатын ашу жоспарланған. 1 млрд теңгенің ірі жобасы жүзеге асса, жергілікті 100 адамға жұмыс табылады.

Асқар Аманжанов, кооператив директорының орынбасары:

- Өнімді өңдеп, экспортқа дайындағанымызда, бізге өте қолайлы болып тұрғаны Қытай Халық Республикасы бізден 60 шақырым жерде. «Майқапшағай» бекеті бар, етімізді де, сүтімізді де ары қарай шығарып, экспорттай аламыз.

Ауданда ілкімді жобалар баршылық. Алдағы жылдары табиғи газ және көміртек диоксидін өндіру зауытын ашып, темір бетон бұйымдарын шығаратын зауытты кеңейту жоспарланып отыр.

Сонымен зауыт, кәсіпорындар ашылып, халық жұмыспен қамтыла бастады. Нәтижесінде 100 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс тапқан. Индустрияландыру бағдарламасының ІІ бесжылдығында 21 мың жұмыс орны құрылса, 2017 жылдың басынан 3,9 мың жұмыс орны ашылыпты.

Берік Бекенов, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы:

- Бүгінгі таңда өндіріс ошақтарының бәсекеге қабілеттілігі жұмысшылардың еңбек өнімділігімен есептеледі. Екінші бесжылдықтың қорытындысы бойынша, бұл сектордағы еңбек өнімділігінің деңгейі 38,9 мың долларды құрады. Яғни 2015 жылмен салыстырсақ, көрсеткіш 30%-дан асты. Экономикалық өсімді одан әрі дамыту үшін жаңа жұмыс орындары көптеп ашылады.

Биыл жыл соңына дейін 1 трлн теңгеге жуық сомаға 100-ден аса жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде тағы 10 мың жұмыс орны ашылады. Индустрияландыру картасынан тыс арнайы экономикалық аймақтарда 280 млрд теңгенің 100 жобасы жүзеге асырылады. Оның аясында 6800 жұмыс орны құрылады деген нақты жоспар бар. Айтпақшы, еліміздегі осы зауыт-кәсіпорындар айына 180 млрд теңгенің 500-ден аса жаңа өнім түрін шығарады.

Алик Айдарбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары:

- Еліміздегі 2010 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде қабылданған шаралар индустрияландыру саласының құлдырауын тоқтатуға және оны әртараптандыру процесін іске қосуға мүмкіндік туғызды.

Индустрияландыру картасы елімізде жаңа салаларды ашты. Оның ішінде вагон, электровоз құрастыру зауытын атауға болады. Жеңіл және жүк көліктер жинайтын кәсіпорындар бой көтерді. Медициналық құралдар мен дәрі-дәрмек, заманауи электроника, жарық шамдары сияқты заттарды шығаратын бизнес ошақтары пайда болды. Индустрияландыру бағдарламасы іске асқан жылдары 5,1 трлн теңге сомаға 1 060 жоба жүзеге асырылыпты.

Авторлары: Ақбөпе Бәкір, аймақтағы тілшілердің көмегімен

7. Халықаралық қатынастар

ХХІ ғасырдың бейбітшіл әрі бітімгер елі саналатын Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға мүдделі мемлекеттер саны уақыт алға жылжыған сайын артып келеді. Осы аптада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының басшылығы Лондонда болып, Ұлыбританиядағы жетекші сараптамалық орталықтарының және зерттеу институттарының өкілдерімен кездескен болатын. Сол жүздесуде британиялықтар геосаясат мәселелері бойынша Ұлы дала елімен тығыз байланыста болуға асық екендерін айтыпты. Оның нақты мысалы ретінде білім саласы бойынша жасалған бірқатар келісімді келтіруге болады. Енді қазақстандық жастар да 60 жылдық тарихы бар Принц Филипп, Эдинбург Герцогінің білім сыйлығын иеленуі мүмкін. Бұл жүлде халықаралық деңгейде танылуға жол ашады.

Тілге тиек етер жайт, Корольдік институттың мүшелері аса маңызды саяси үдерістер мен қатынастарды талқылап-таразылау міндетін атқарады. Тәуелсіз зерттеушілер мемлекет басшылары үшін сыртқы саясат төңірегіндегі соны идеялар мен талап-тәсілдерді ойлап табады. Сондықтан мұндай сараптамалық орталықпен ынтымақтаса жұмыс жасау біздің тарап үшін де зор мәнге ие.

Ержан Салтыбаев, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры:

- Британиялық сарапшылардың қатысуымен биыл қарашада өтетін «Астана клубының» болашақ әлеуеті туралы әңгіме қозғадық. Гуманитарлық қарым-қатынас мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Осылай өзара ортақ келісімдерге келдік.

8. Жүйрік желі

«Жедел жәрдемнің жедел жетер күні туар ма екен?» Көпшіліктің көкейінде кептелген «ұстараның жүзіндей» өткір сұрақтардың бірі бұл. Жауапты мамандар: «Бұл жүйенің жұмысын заманның жосығына сай жаңартып жатырмыз», – деп жарыса жеткізеді. Бірақ сонда да қоғам тарапынан сан түрлі сын әлі де айтылып жүр.

Әрине, алып шаһарлардағы ахуалды ауыз толтырып әңгімелеуге болады. Олардың құрал-жабдығы жаңарған, қызмет көрсету сапасы жақсарған. Ал ауыл-аймақтағы жағдайдың жүрек соғысын реттеп, қан айналымын қалыпқа келтіру қажет. Одан қала берді қалаға да, ауылға да ортақ тағы бір мәселе бар. Ол – жедел медициналық көмектің кешігіп келуі. Түйткілдердің түйінін қалай тарқатса болады? Жалпы жүйе жұмысын жүйелеу үшін не істеу керек? 

Денсаулық сақтау министрлігі саланы реформалауға кірісті. Соның ішінде жиі сынға ұшырайтын медициналық жәрдем қызметінде өзгеріс бар.

Кевин Фрик, Медициналық сарапшы/Канада/:

- Қазақстанда бір ғана бригада тәулігіне 18-20 шақыртуға дейін қызмет көрсетеді. Орташа есептесек, ең азы 24 сағатта 8 науқасқа барды делік. Қоңырау шалған осыншама адамның өміріне қауіп төніп тұр дегенге сену қиын. Медицина саласында халықаралық тәжірибені саралап, үздік дегенін таңдауымыз керек.

Бұдан былай жәрдем қызметі хал үстінде жатқан науқасқа шұғыл жету үшін кейбір шақыртуларды екінші орынға ысыруға мәжбүр. Яғни салқын тиіп ауырғандарды жедел жәрдем қызметі бұрынғыдай ауруханаға тасымайды.

Жедел жәрдем жедел жетуі тиіс. Жаңа тәртіп бойынша өмірі қыл үстінде тұрған сырқаттарға басымдық берілмек. Ережеге сəйкес медициналық көмек 4 санатқа бөлінеді. Бірінші кезекте есінен танған, тыныс алуы тоқтаған, ауыр жарақат алған науқастарға 10 минутта жедел жәрдем көрсетіледі. Екінші топта демікпе, дене қызуы көтерілген 3 жасқа дейінгі балалар, уланған, басы айналған науқастарға 15 минутта медициналық көмек тобы келеді. Жеңіл жарақаттар мен іш ауруларына жедел қызмет жарты сағатта барады. Ал қан қысымы, дене қызуы көтеріліп, тамағы ісіп, асқазаны ауырып, салқын тиген науқастарға емхананың фельдшерлік тобы көмек көрсетпек.

Телефонға дамыл жоқ. Орталыққа түскен қоңырау бойынша ақпарат өңделіп, аурудың деңгейі анықталады. GPS навигациялық аппараты арқылы сол маңға бригада жіберіледі.

Ешкім көмексіз, ескерусіз қалмайды. Тек алдымен өміріне қатер төнген науқастарға басымдық беріледі. Бұл – өлім аузында жатқан жандарға сағаттап кешікпеу үшін жасалған амал. Министрдің бұйрығы шыққанымен, іс жүзінде әлі жүзеге асырылған жоқ. Жаңа жүйеге елорда емханалары әзірден дайын. Себебі пилоттық жоба былтырдан бастап қолға алынды.

Нұржан Отарбаев, ҚР ДСМ Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры:

- Бізде жол-көлік апатына түскендердің 84%-ы жедел жәрдем келгенше көз жұмады. Олардың орта жасы – 28. Медицина тілінде «алтын уақыт» деген ұғым бар. Жол апатына түскен адамға 10 минут ішінде көмек көрсетіп, жанын аман алып қалуға болады. Сол мүмкіндікті басқа науқастарға барып-қайтқанша жоғалтып аламыз.

Астанада жедел жәрдем қызметіне жүгінетіндер аз емес. Қалада халық саны өсіп келеді. Бас шаһарда 130-дан аса бригада қызмет етеді. Жалпы, еліміз бойынша былтыр тұрғындардан 7,8 млн шақырту түссе, соның барлығына дерлік көмек көрсетілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7%-ға көп.

Бота Сәдетханқызы, «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК бөлімінің меңгерушісі:

- Барлық шақыртулар 103-ке түсіп, осы біздің диспетчерлік бөлімде қабылданып, өңделеді. Ал төртінші жеделдіктегі шақырту дегеніміз – созылмалы аурулармен емханаларда тіркелген науқастарға шақыртулар немесе тыныс жолынан басқа құлағына, көзіне, мұрнына бөгде заттың еніп кетуі, яғни науқастың өміріне қауіп төнбейтін шақыртулар. Төртінші жеделдіктегі шақыртуларды біз емханаларға, қаламыздағы емханаларға, автоматтандырылған жүйе арқылы біздің жедел жәрдем станциясындағы сол шақырту түскен уақытында, минутында жібереміз.

Жаңа тәртіп бойынша созылмалы ауруы бар адамдардың қоңырауы емханаға жолданады. Себебі олар тіркеудегі кісінің дендеген дертімен бұрыннан таныс. Емхана фельдшерлері науқасқа 1 сағаттың ішінде көмек көрсетуге міндетті.

Нұржан Отарбаев, ҚР ДСМ Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры:

- Бригада кезекшілікке түскенде, тәулігіне 24 рет шақыртуға барады. Бұл, бір шетінен, жұмыс сапасына әсер етеді. Жедел жәрдемге хабарласатындардың 60%-ы шұғыл көмекке мұқтаж емес науқастар. Емханалар өз міндетін атқаруы тиіс.

Арпалысқа толы 24 сағат. Алғысы аз, ауыр қызмет. Кейде шақырған жерге кешіксе, ауыр сөз естуге де мәжбүр. Мамандар: «Жұмысты жүйелеген тиімді», – дейді.

Сайлаубек Айтмағамбетов, «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК бас дәрігерінің орынбасары:

- Реформадан не күтемін? Біріншіден, жедел жәрдемде көмек көрсету сапасы артады. Екіншіден, жедел жәрдемнің көмек көрсеткенде уақыты азаяды. Тез барып, тез көмек көрсетіп, ауруханаға апарып, адамның жанын сақтап қалады.

103-ке жиі хабарласатындардың дені – созылмалы ауруға шалдыққандар. Науқастың басы жай ауырып, қан қысымы көтерілсе, емханаға немесе өзінің учаскелік дәрігеріне қаралғаны тиімді. Жедел жәрдем қызметі тек қан қысымын түсіріп бере алады. Ем-дом жасауға мүмкіндігі жоқ. Өйткені қобдишадағы дәрілер мен құралдар тек шұғыл шақыртуларға арналған.

Нұржан Отарбаев, ҚР ДСМ Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры:

- Бұрын жедел жәрдем станциялары мен емханалар арасында байланыс болмай, бір-бірінен бөлек жұмыс істейтін. Реформа жұмысты жүйелейді. Ешкім жұмыстан қысқармайды. Мамандардың біліктілігі артады.

Кейбір облыстарда жедел жәрдемдегі көрсеткіштер төмен. Бұған көп жағдай себеп. Тозығы жеткен көліктер, жолдағы кептелістер. Кейде адамның өмірін сақтап қалуға санаулы минуттар ғана жетіспей жатады. Ал дер кезінде көмек көрсетіп, адам өмірін сақтау – абыройлы іс.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Абдулла Исаев, Қанат Әбілдин 

9. ЕХРО-2017

Осы аптада ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде үш миллионыншы қонақ тіркелді. Ол – мәскеулік Юрий Шурыгин. Елордаға «Еуразиялық апталық» шарасына қатысу үшін келіпті. Халықаралық шараны осымен екінші рет аралаған көрінеді. Құтты қонақты «Астана ЭКСПО-2017» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов арнайы құттықтап, сый-сияпат жасады.

Юрий Шурыгин, EXPO-2017 көрмесінің үш миллионыншы қонағы:

- Көрме өте қызық. Әсіресе Қазақстанның павильоны ерекше. ТМД елдерінің павильонын аралап шықтым. Шараның ауқымы үлкен. Бізде әзірге ондай болған жоқ.

Айта кетейік, келушілердің нақты санын операциялық орталық арнайы жүйенің арқасында анықтайды. Үш айға созылған мамандандырылған көрме аяқталуға жақын. «Болашақ энергиясы» тақырыбы – ғылымдағы жетістікті жаһанға паш ететін алаң. Бір жағынан жобаларды жүзеге асыруға қаржы және инвестор тарту. Елбасы айтқандай, ЕХРО-2017 көрмесінің басты мән-мазмұны – қазақ елін ғылыми-технологиялық прогреске бағдарлау болып табылады.

10. Рухани жаңғыру

Осы аптада «Хентейден Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты халықаралық экспедицияның құрамында болған отандастарымыз елордаға оралды. Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркі академиясының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Ғалымдар Моңғолия даласын шарлап, қазақ хандығының қайнар бастауларында тұрған жерлерде дала семинарларын өткізіп, деректер жинаған. 

«Хентейден Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты халықаралық экспедиция қасиетті Бұрхан-Халдун тауының етегінен басталды. Түркі академиясындағы ғалымдар: «Бұл тау – көшпенділер өркениетінің сакралды орталығы. Сол себептен де ғылыми-зерттеу жұмыстарды осы жерден бастаудың символдық мәні зор», – дейді. Экспедиция мүшелері бір жарым күннің ішінде Моңғолияда мың шақырымнан астам жерді көлікпен басып өтіп, дала семинарлары, дерек жинау ісі және көшпелі ғылыми кеңестер ұйымдастырды.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

- Елбасымыз Қазақ хандығының 550 жылдығында және басқа да жиындарда сөйлеген сөзінде: «Қазақстан – ғұндардың, көк түріктердің, Алтын орданың заңды мұрагері», – деп айтқан болатын. Әрине, Жошы ұлысы, оның орталығы Қазақстанда, қазір Ұлытауда екені белгілі. Бірақ оның бір тамыры осы Бұрхан-Халдунда жатыр. Ал Көк түріктердің мекені, Шығыс Түрік қағанатының мекені осы Өтүкен екені белгілі. Ал Мөде қағанның да ту тіккен жері осы жер, ал бүкіл әлемді тітіркенткен ғұн, түркі империяларының да көтерілген жері осы топырақ. Сондықтан бұл жерлер Қазақ хандығының да, қазақ халқының да қайнар бастауларында екені белгілі.

Түркі академиясы халықаралық экспедицияларды дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Өткен жылдары ғалымдар тобы түркілердің ежелгі мекені – қасиетті Алтайға барып, одан ары қарай Тәңіртауға өткен болатын. Алтайда түркілердің ежелгі мекені болған жерлер зерттеліп, зерделенген еді. Ал биылғы экспедиция Моңғолияның Хентей аймағы мен қасиетті Бұрхан-Халдунды бетке алды. Қазақстандық ғалымдар бұған дейін негізінен Орхон-Енисей атырабы мен Баян-Өлгей және Қобда аймағын зерттеп келген еді. Моңғолияның Хентей аймағы – Сібір мен Байкал көліне жақын және Моңғолияның тура ортасында жатқан жер. Енді Хентей аймағына Түркі академиясы жол ашып отыр. Енді осы өлкеден жаңа деректер ізделмек.

Дагваадоржийн Сүхбаатар, Моңғолия ұлттық музейінің директоры:

- «Кентайдан Ұлытауға дейін» экспедициясы – өте орынды және уақытылы қолға алынып отырған жұмыс. Ғалымдарға сәттілік тілегім келеді. Қазақ және Моңғолия ғалымдары тізе қосып, көшпенді халықтардың тарихын бірлесе зерттеуіміз қажет. Археологтардың жұмысы осы істің басы болмақ.

Хентей аймағында Түркі академиясының мұрындық болуымен үлкен археологиялық қазба жұмысы басталды. Осы істің басталу құрметіне Қазақстан мен Моңғолияның және Түркі академиясының туы салтанатты түрде көтерілді. Сондай-ақ бұдан бұрын ғалымдар бір айдан астам уақыт бойы тұратын киіз үйлер мен шатырлар бой көтерді. Осылайша екі елдің ғалымдары мүлдем жаңа жерді зерттеуге кірісіп кетті. Сондай-ақ бұл жұмысқа Моңғолия ұлттық музейімен әріптестік байланыс орнатып, Франциядан арнайы келген тарихшы-археолог Мишель Нейру де үлкен қызығушылықпен атсалысуда.

Мишель Нейру, Тарихшы-археолог/Франция/:

- Мен бұл жерде әуе дрондары арқылы фотограмметриялық зерттеулермен айналысамын. Және автомозайка жасап, табылған археологиялық жәдігерлердің 3D форматындағы кескіндерін шығарамын. Мысалға, соңғы күндері тас мүсіннің бейнесін түсірдім. Ол үшін әуеден түсірілген 20 сурет пайдаланылды. Бұл – жаңа технология. Осы арқылы жәдігерлердің толық сипаттарын мұрағаттап, жинауға болады.

Түркі академиясының моңғол жеріндегі археологиялық қазба жұмыстарына үкіметтік деңгейде қолдау білдіріліп, құнды тарихи жәдігерлер мен деректердің көшірмесін жасап, Қазақстанға беру ісі де қолға алынатын болды. Бұл жөнінде экспедиция аясында Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен Моңғолияның Білім-ғылым, мәдениет және спорт министрі Гелегпил Чулунбатар арасында өткен кездесу барысында мәлім болды.

Чулуун Сампилдондовын, Моңғолия Ғылым академиясы тарих және археология институтының директоры:

- Моңғол ғалымдары ежелгі көшпенділердің тарихын зерттеу ісін Түркі академиясымен бірге атқаруға дайын. Бірігіп атқаратын жұмыстар көп. Қазір тарих ғылымына деген қызығушылық өте күшті. Академия осыған дейін де бірқатар жобаны сәтті жүзеге асырған болатын. Бұл жолы да тың ғылыми деректер табылады деген сенімдемін.

Моңғол жағы Қазақстанның тарихи жадыны қайта жаңғырту және ортақ тарихты зерттеу ісіне аса зор баға беретінін айтты. Бұған қоса моңғол жағы Түркі академиясына мүше болуға дайын екендіктерін жеткізді. Жалпы Түркі академиясына Моңғолиямен қоса Венгрия да үлкен қызығушылық білдіріп келеді. Демек, бұл – Президент Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылған халықаралық ұйым Еуразияның шығысы мен батысындағы туыс халықтарды бір шаңырақтың астында біріктіріп отыр деген сөз. Бүгінде Қазақстан түркі әлеміндегі ең белсенді мемлекет ретінде Академияның қызметіне ерекше маңыз беріп келеді. Президент бастамасымен құрылған Түркі академиясы бүгінде туыс халықтардың басын біріктіріп, ортақ тарих пен мәдениетті зерттеп, зерделеу ісін жүйелі түрде атқарып келеді. Соның бірі ретінде 15 тамыз күні Моңғолиядағы қасиетті Бұрхан-Халдун тауында басталған халықаралық экспедиция бір айға созылып, қыркүйектің ортасында қазақ жеріндегі Ұлытауда, яғни Алаша хан, Жошы хан кесенелеріне дейін жалғасып, сол жерде өз мәресіне жетпек. Ата-бабалардың өз ұрпағына қалдырған аманаты қазіргі буынның рухани сілкініс жасап, қайта жаңғыруына қашан да сеп болмақ.

Авторы: Саят Жөкенұлы 

Елбасы Бурабайдағы сұхбатында: «Ұрпаққа дамыған әрі көркем Қазақстанды қалдырамыз», – деді. Ендеше ел болып еңбек етейік. Сонда болашақ буын алдында жүзіміз жарқын болады.