Хабар телеарнасы

Жеті күн 02.09.2017

Сюжеты
1. Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Д.Трамппен телефон арқылы сөйлесті 2. Төмен байытылған уран банкін ашу 3. Бейбіт бастама
4. Елбасы кездесулері 5. Әлеуметтік көмектің әлеуеті 6. Дін және қоғам
7. Астана процесі 8. Ең үздік жобалар 9. Рухани жаңғыру

1. Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Д.Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Ақ үйден Ақордаға қоңырау соғылды. Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Дональд Трамп Қазақстан көшбасшысын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің табысты өтуімен құттықтап, Америка делегациясының атаулы шараға қатысу нәтижелерін жоғары бағалады. Ал Елбасы Техас штатында ондаған адамның өмірін қиған табиғи апатқа байланысты көңіл айтып, жергілікті халықтың жайлы өмірге қайта оралуына тілектестік білдірді.

Екі ел басшылары Астана мен Вашингтон арасындағы ынтымақтастықты ырысты етуде биылғы 21 мамырда Эр-Риядта өткен «Ислам әлемі және АҚШ» саммиті аясындағы алғашқы кездесудің маңыздылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа алдағы 10-11 қыркүйекте Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті болатынын жеткізді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Америка қарым-қатынасының қазіргі жағдайы және келешек дамуы сөз болды. Бұл ретте тараптар екі жақты сауда-экономикалық серіктестікті нығайту туралы уағдаласты. Жалпы екі жақ та мүдделі болатын мәселелер жөнінде тұрақты диалогты қолдауға ниетті.лдң

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы да пікір алысу болды. Соның ішінде Америка-Ресей байланысының жағдайына жеке тоқталды. Елбасы Вашингтон мен Мәскеу арасындағы диалогтың жақсаратынына сенім білдірді. Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға ресми сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ Елбасы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бауырлас елдің басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен табыс, ал қазақ халқына барша жақсылықты тіледі. Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екі жақты ынтымақтастық жайын талқылады. 10-11 қыркүйек күні Астанада өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін сөз етті. Тоғызыншы қыркүйекте Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Астанаға ресми сапар жасамақ. 

2. Төмен байытылған уран банкін ашу

Алты құрлықтың назары тағы да Астанаға ауды. Себебі күллі адамзат баласы үшін аса маңызды саналатын көптен күткен тарихи оқиға болды. Президент еліміздің шығыс өңіріндегі Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасқан МАГАТЭ-ның Төмен байытылған уран банкін ашты. Оның жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы ролі жайлы Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп арасындағы телефон арқылы сөйлесуде тілге тиек етілгенін еске сала кеткен жөн.

Бұл атом қаруынан азат әлемге апарар бірден бір жол. Ал мұндай бейбітшіл бастаманың Қазақстан жерінде жүзеге асуына ең әуелі біздің ішкі ұмтылысымыз, сосын әлемдік қауымдастықтың бізге деген сенімі себеп болғаны сөзсіз. Осылайша Ұлы дала елі өзінің ұлылығын кезекті рет төрткүл дүниеге танытты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Уверен, что открытие банка низкообогащённого урана и юбилейная конференция показали всему миру, что в новой реальности мы можем и готовы мыслить по-новому. Участники сегодняшней церемонии – конференции высоко оценили вклад Казахстана в глобальную ядерную безопасность. Мы выражаем глубокую благодарность за такие оценки наших действий. Желаю участникам новых идей, достижений, самое главное – совместных конкретных действий. Пусть 21 век станет веком обновления, прогресса для всего человечества.

Елбасының «Бейбітшілік кіндігі» деп аталатын кітабы бар. Соның әлқиссасында мынадай әңгіме айтылады: «Адамдар ядроның энергиясын басқаруды үйреніп алды, бірақ өзін басқаруды үйрене алған жоқ. Адам адамға сенуден қалды, бірақ ядролық күшке сеніп алды» дейді. Бұл ой-толғам ақиқатты айтып тұр ма? Айтып тұр!

Расында жиырмасыншы ғасырдан бастап, адамзат осы бір кесапатқа құлдық ұрды. Өз абыройын арттыру үшін өзгелерді үркітетін қару қылды. Алайда алты құрлықтың ұйқысын қашырған «зұлым ғаламаттан» біздің өміріміз ғажап болмасы анық. Өйткені оның кесірі жалқыға емес, жалпыға тиеді. Яғни Жердегі тіршілік атаулы жойылады. Оған біздің халық куә.

Жеті атаға дейін қыз алыспайтын тектілігіміздің нәтижесінде қалыптасқан дені сау ұлтымызға Семей полигоны ғасырлар бойы жазылмас сырқат таңды. Міне, сондықтан тәуелсіздік тізгінін ұстай сала, Президент «ядролық қарудан түбегейлі бас тартамыз» деп, бастама көтерді. Сөйтіп, жар астындағы жауға жауап берудің «жауыз жолын» емес, бейбітшіл нұсқасын ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-В этот день 29 августа 1991 года моим Указом, как было сегодня сказано, был закрыт крупнейший в мире Семипалатинский испытательный ядерный полигон, который за все 49 лет своего существования взорвал в густонаселённой территории Казахстана более 550 ядерных зарядов, в том числе 74 в атмосфере. Пострадало 1,5 миллиона человек. В третьем поколении до сих пор мы испытываем невзгоды вот от этих испытаний. Поэтому воля народа Казахстана оказалось сильнее холодной войны и по сути заставило замолчать полигоны всех остальных ядерных держав. И сегодня во всем мире сегодняшний день 29 августа отмечается как Международный день действий против ядерных испытаний.

Нұрсұлтан Назарбаев жалғыз Қазақстанды ғана емес, жалпы Жерді бейбітшілік бесігіне айналдыруды көздеген. Осы бағытта Елбасының атқарған еңбектері ауқымды. Солардың заңды жалғасы әрі талай жылғы жұмыстың жемісі ретінде Төмен байытылған уран банкінің қазақ жерінде ашылуын айтуға болады.

Бұл ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ядролық жаппай қырып-жою қаруларының әлемге таралмауына бағытталған үлкен халықаралық жоба. Осындай маңызға ие банктің МАГАТЭ ұсынысымен Қазақстанда орналасуы алты Алаштың абыройын арттырып, еліміздің саясаттағы салмағын еселейді.

Себебі төмен байытылған уранның гексафторидінен жасалатын мынадай «отын таблеткалары» болашақтың энергиясына баланып отыр. Мәселен, салмағы 7 грамдық уран таблеткасы 860 келі көмірді немесе 780 келі мұнайды алмастыратын көрінеді.

Ал атом станциясы газ және көмір станцияларына қарағанда әлдеқайда қауіпсіз. Яғни ауаға көмірқышқыл газын бөлмейді. 

3. Бейбіт бастама

Бейбіт бастама! Қазақстанда төмен байытылған уран банкі ашылды. «Мұндай нысанның жер шарында баламасы жоқ» дейді мамандар. Елімізде оны орналастыру оңайға соққан жоқ. Банкті құру идеясына 20 жыл болған. МАГАТЭ-ның 15 миссиясымен өткен 25 раундтық келіссөздер түбі нәтиже берді. Бірегей нысан жаһан игілігіне қызмет етуге дайын.

29 тамыз – иісі қазақ үшін маңызды күн. Тура 26 жыл бұрын әлемдегі ең үлкен Семей сынақ полигоны жабылды. Жаһандағы 4-ядролық арсеналдан бас тартуымыз бейбіт әлем үшін еді. Содан бері Қазақстан ядролық қарусыздану жолындағы күресін тоқтатқан емес. Төмен байытылған уран банкін ашу соның бір көрінісі. Қазақстан атомды тек бейбіт мақсатта пайдалануға шақырады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы собрались в знаменательный день, имеющий огромное значение для нашей страны и для всего мирового сообщества. В этот день 29 августа 1991 года моим указом был закрыт крупнейший в мире Семипалатинский испытательный ядерный полигон, который за 49 лет за время своего существования взорвал на территории Казахстана более 550 ядерных зарядов, в том числе 74 – в атмосфере. Пострадало 1,5 миллиона человек. В третьем поколении мы до сих пор испытываем невзгоды от этих испытаний.

Банктің Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында орналасуы тегін емес. Кеңес үкіметі кезінде бұл зауытта 800 тоннаға дейін уран сақталған. Яғни тәжірибе жетерлік. Нысанда арнайы қойма салынды. Барлық жұмыстар әлемдік талаптар бойынша жүргізілген. Мұнда аз байытылған уранның 90 тоннасы сақталады. Бастысы, біздің ел шығынға батқан жоқ.  Қазақстан – МАГАТЭ-ның стандарттарына сәйкестік алған әлемдегі жалғыз мемлекет. Бұл еліміздің ядролық қауіпсіздігінің жоғары екенін аңғартады.

Айта кету керек, банкте сақталатын отын «қор» ретінде қаралуда. Уранға тапшылық пайда болған жағдайда оның өзі тек ғана МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттерге берілмек. 

Юкия Амано, МАГАТЭ Бас директоры:

-Осы жобаға басынан бастап, Президент Назарбаевтың жеке үлесі тың серпін берді. Нысанның ашылғанына шын жүректен қуаныштымын. Уран – энергия көзі және климаттың кері өзгеруіне әсері аз. Қазір әлемде 58 реактор салынып жатыр. 30 мемлекет бұған қызығушылық танытуда. Сондықтан бұл механизмнің іске асуы маңызды. Мұқтаж мемлекеттер атом энергиясына кеткен шығынды толтыра алатына сенімді болуы керек.

Яцек Билице, Жоба донорының өкілі, ЕО Қарусыздану жөніндегі арнайы елшісі:

-МАГАТЭ-ның төмен байтылған уран банкі жобасы үлгіге айналып, ядролық қару жасау үшін бөлшектік заттар шығаруға тыйым салу жөніндегі келіссөздерді бастауға ықпал етеді деп сенеміз. Бұл Еуропалық Одақтың басымдығы. 

Бүгінде ядролық қауіпсіздік ахуалы басты назарда. Әлемнің тоғыз мемлекетінің меншігінде 16 мың бірлік ядролық қару бар. Климатты бұзуға бұл арсеналдың жарты пайызы да жеткілікті. Бір ғана жарылыспен жер шарын күл-талқан ету де қиын емес. Бірақ зардаптың орны толмасы анық. Ядролық қарудан 40 жыл көз ашпаған қазақ елі оның салдарын өзгеден жақсы біледі. Өкінішке орай, қолында жаппай қырып-жою қаруы барлар қауіпті түсінбей отырған сыңайлы. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-По-прежнему остро строит вопрос о вступлении в силу договора о всеобъемлющем запрещении ядерных испытаний. Осталось несколько шагов. Но, как известно, ряд стран, обладающих ядерными технологиями, его еще не подписали, либо не ратифицировали. С этой трибуны я хочу еще раз обратиться к лидерам стран, от которых зависит вступление в действие договора о всеобъемлющем запрещении ядерных испытаний – без промедления присоединиться к договору. Этого ждет весь мир. Остаётся открытой перспектива глобального саммита по ядерной безопасности, которая проводилась по инициативе США. На нескольких таких форумах я участвовал лично. Казахстан готов инициировать обновление глобального саммита по ядерной безопасности, чтобы провести его здесь, в нашей столице – Астане.

Соңғы кездері ядролық қаруды таратпау мәселесіне алаңдаушылық тым жоғары. Мәселен, Корей түбегіндегі ахуал ушығып тұр. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, бұл түйткілдің түйінін тарқатудың ұжымдық тәсілін табу қажет. Келісіп пішкен тон келте болмас.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы не раз указывали, что договор о нераспространении ядерного оружия не оправдывает возлагающиеся на него надежды. Нет конкретных шагов  против тех, кто нарушает, в частности, стран ядерного клуба, которые не раскрывают свои сведения о ядерных программах в добровольном порядке, остальным запрещают иметь, испытывать, распространять. Другие же страны – от них требуется исчерпывающая информация. Необходимо сокращать такой дисбаланс подходов между ядерной пятёркой и остальным миром. Мы обеспокоены ужесточением санкционного противостояния сегодня между США и Россией. Полагаем, что это ведёт к нарастанию напряженности между двумя ведущими ядерными государствами в мире, это не может не вселять беспокойство.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт бастамалары жан-жақты қолдауға ие. Қазақстан ядролық қаруды таратпаудың нышанына айналды. МАГАТЭ-ның төмен байытылған уран банкін біздің елде орналастыруы сондықтан болды.

Сэмюэль Нанн, «Ядролық қаруды азайту жөніндегі бастама» ұйымының тең төрағасы:

-Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы мен ядролық қаруды таратпау ісінде әлемге үлгі болған қазақ халқының ерік-жігерін атап өткім келеді. Бұл банк жаһандық ядролық қауіпсіздіктегі кемшіліктердің орнын толтыруға ықпал етеді деп сенемін. Себебі атом энергетикасында пайдаланылатын технологиялар әскери мақсатта да қолданылуы мүмкін.

Ядролық энергетиканы жаңғыртудың болашағы зор. Қазақстан уран қорының 30 пайызына ие. Демек, әлемдік энергетикада біздің ел ойып тұрып орын алуға қауқарлы.

Майта Бинт Салем Аль-Шамси, Жоба донорының өкілі /БАӘ/:

-Өз үкіметімнің атынан Қазақстанның бұл жобаны жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін. Біріккен Араб Әмірліктері де атом энергетикасын дамытып жатыр. Сондықтан біз энергетикалық нарықты тұрақтылықпен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Бұл жоба атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдалантын әлемдік кеңістікті кеңейтуге бағытталған үлкен қадам боларына сенімдіміз.

Президент ББҰ-ның 100 жылдығын ядролық қарусыз қарсы алуға да шақырған болатын. Қазақстан бұл бағытта өз жолын таңдап ғана қоймай, көпшілікті игі іске жұмылдырып жүр. Адамзаттың ертеңі үшін!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Все пункты, которые я озвучил, направлены на то, чтобы 100-летие ООН мы встретили без ядерного оружия. Своим примером мы призываем все страны, стремящиеся к ядерному оружию, сойти с этого опасного пути. Безопасное будущее земли, нашего общего дома гораздо весомее ядерных амбиций. Именно поэтому мы создаем на земле Казахстана не оружейный уран, а банк НОУ – банк мирного атома.

Ядролық қарудан бас тартуға үндеу биік мінбелерден талай рет айтылды. Сөзін іспен дәлелдеген Қазақстан адамзатқа қамқорлықтың шынайы үлгісін паш етті. Ұлы дала елі атом қаруынсыз-ақ экономикалық жетістіктерге жетіп, абыройлы өмір сүруге болатынын көрсете алды. 

Ал төмен байытылған уран банкінің ашылуына ықпал етіп, даму ресурстарына барлық елдерге бірдей мүмкіндік тудыруы – қазақ елінің тағы бір жеңісі.

Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Әлібек Әлиев

4. Елбасы кездесулері

Мамандар «Үлбіде шығарылатын уран таблеткалары әлемнің бірнеше мемлекетіне тасымалданады» деп отыр. Солардың ішіндегі алпауыты – Қытай. Аспанасты елінде соңғы екі жылда ғана 10 атом электр станциясы салынған. Демек, атаулы нарық қазақ уранының бірден бір сатып алушысы болып қала бермек. Қазірдің өзінде екі тарап 20 жылға келісімшартқа отырыпты. Бұл «іске қосылған жаңа зауыттың 20 жыл тұрақты тұтынушысы болады» дегенді білдіреді. Сөйтіп, қазақ елі атом аждаһасын алқымнан алып, бейбіт мақсатқа бет бұрғызбақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-На 70-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН я выдвинул инициативу о достижении – к 100-летию ООН – мира без ядерного оружия. Убежден, человечеству нужен разум, отвергающий любое ядерное оружие. Все пункты, которые я озвучил, направлены на то, чтобы 100-летие ООН мы встретили без ядерного оружия. Своим примером мы призываем все страны, стремящиеся к ядерному оружию, сойти с этого опасного пути. Безопасное будущее земли, нашего общего дома гораздо весомее ядерных амбиций. Именно поэтому мы создаем на земле Казахстана не оружейный уран, а банк НОУ – банк мирного атома.

Бітімгер әрі бейбітшіл Қазақстанның қай бастамасы да әлемді өзіне қарата білді. Бұл сөзімді Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Аманоның айтқаны айғақтайды.

Төмен байытылған уран банкінің ашылу рәсіміне дейін МАГАТЭ-тінің тізгінін ұстаған Юкия Амано мырзаны Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған еді. Кездесуде Елбасы Қазақстан жаһандық ядролық қаруға қарсы күрес қозғалысының көшбасшысы саналатынын және құрамында ураны мол шикізатқа ие мемлекет ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің Агенттікпен ынтымақтастығы жан-жақты және берік екенін тілге тиек етті. Ал, МАГАТЭ-нің Бас директоры делегацияға көрсетілген құрмет үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я приветствую ваш визит по очень важному событию. Наконец мы многолетнюю совместную работу завершаем. Мы создаем банк низкообогащенного урана. И для Казахстана это тоже важное событие. Мы с первых дней стоим в лидерах антиядерного движения. И как государство, обладающее большим объемом урановой руды и способствующее мирному использованию атомной энергии без распространения урана в других странах. Наше сотрудничество с агентством еще больше укрепляется и мы должны вместе работать.

Юкия Амано, МАГАТЭ Бас директоры:

-Құрметті, Президент мырза! Делегацияны қабылдағаныңыз – біз үшін үлкен мәртебе. Алғысымды білдіргім келеді. Бүгін – ерекше күн. МАГАТЭ-нің Халықаралық төмен байытылған уран банкі ашылды. Өзіңіз білесіз, қазір Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасымыз берік. Бұған бірден-бір себепкер – Өзіңізсіз. Сіздің қолдауыңыздың арқасында бүгін осындай ірі жобаны жүзеге асырып отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Мы много раз встречались по этому поводу. Вели переговоры и вот пришли к такому хорошему финишу.

«Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және атом қаруының тарап кетпеуі жолындағы бастамалары – күллі адамзат үшін зор маңызға ие». МАГАТЭ-ның бас директоры Юкия Амано арнамызға берген эксклюзивті сұхбатында дәл осылай сөз өрді. Сонымен қатар Төмен байытылған уран банкінің қалай жұмыс істейтіндігі және келешегі жайлы көп әңгіме айтты. Тілшіміз жүргізген тілдесудің тобықтай түйіні ретінде бір үзікті назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.

Юкия Амано, МАГАТЭ Бас директоры:

-Қорға аз байытылған уранды жеткізіп орналастыру келесі жылдың соңына дейін аяқталады деп үміттенеміз. Қазақстандағы банк атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің аясында болғандықтан, өз ерекшеліктері бар. Дегенмен Қазақстан, Ресей және Ұлыбританиядағы банктерді бір мақсат біріктіреді. Олар төмен байытылған уран қорына кепілдік береді. Уранға деген қажеттілік жайлы айтатын болсам, біздің бағалауымыз бойынша келешекте шикізат сұранысы айтарлықтай артады.

«Жасыл технологияға» жан бітірмей, адамзаттың болашағы бұлыңғыр. Әзірге қайта қалпына келетін энергия көздерін өндіру үлесі 30 проценттен аспайды. Яғни, ірі өнеркәсіптері бар өңірлерді қажетті қуатпен қамтамасыз етуде әлі де көмір станцияларының әлі басым. Есесіне қоршаған ортаға тигізер зияны да еселеніп жатыр. Сондықтан, «көмірқышқыл энергиясын атоммен алмастырған абзал» дейді сарапшылар. Ол экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және экономикалық жағынан тиімді.

Бұл ретте Қазақстанның әлеуеті әжептеуір. Әлемдегі барланған уран қорының 19 проценті – қазақ жерінің қойнауында. «Атом энергиясын» халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің бір бағыты етіп алу – «қолда бар алтынның қадірін білгендіктің» белгісі.

«Болашақ энергиясы» атауымен өтіп жатқан көрмені көрмекке қызығушылық танытқандар саны күн санап артып жатыр. Үш айға толар-толмас уақытта үш жарым миллионға жетеқабыл адам EXPO-ны тамашалапты.

Олардың қатарында алпауыттар да аз емес. Мәселен, осы аптада америкалық делегация Астанаға ат ізін салды. АҚШ Президенті Дональд Трамптың құттықтауын ала келген арнайы топты Елбасы қабылдады.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына биыл 25 жыл толды. Осы датаға орайлас келген кездесуде тараптар өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін тілге тиек етті. Қазір біздің елде 500-ден астам америкалық компания жұмыс істеп тұр. Ол бес жүздің арасында халықаралық беделге ие ірі мұнай кәсіпорындары да бар. Ал олар еліміздің экономикасына 40 миллиард доллар қаржы құйған.

Ресми Астана бұл әріптестікті ары қарай дамытуға дайын. Ақ үйдің атынан келген АҚШ Энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйллэтт те «Вашингтонның қатынасты қарқынды етуге әзір» екенін жеткізді. Сондай-ақ мәртебелі мейман Қазақстанда шетел бизнесмендеріне қолайлы жағдай жасалғанын айрықша атап өтті. Соның ішінде инвесторларға арналған визалық режимге өзгеріс енгізілгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я рад, что приехал официальный представитель администрации господина Трампа для участия на «EXPO-2017». Считаю это вниманием со стороны правительства США Казахстану и проводимому нами мероприятию. Мы в этом году отмечаем 25-летие наших дипломатических отношений. За эти годы Казахстан с США построил доверительные, стратегические отношения. Есть соглашение по энергетическому и демократическому партнерствам между нашими странами. Мы совместно решали вопросы по борьбе против ядерного оружия. Во всех вопросах международной повестки дня Казахстан имел единые мнения с Вашей страной. Мы создали условия для работы более 500 американских компаний в Казахстане. В их числе крупнейшие нефтяные компании, которые вложили 40 млрд долларов в казахстанскую экономику. Мы готовы сотрудничать дальше.

Дэн Бруйллэтт, АҚШ Энергетика министрінің орынбасары:

-Құрметті, Президент мырза! Трамп мырзаның атынан халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуімен құттықтауға рұқсат етіңіз. Біз Қазақстанмен энергетикадан өзге салаларда да ынтымақтастықтың аясын кеңейтуге әзірміз. Бүгін қазақстандық жергілікті мемлекеттік органдардың жетекшілерімен кездестім. Вашингтон Қазақстанның ДСҰ мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүшелігін қолдайды.

Америкалық делегацияның Астанаға жасаған сапарында Қазақстан мен АҚШ арасында энергетика саласы бойынша ынтымақтастық келісімі жасалды. Осы бағыттағы серіктестікті нығайту мақсатында келер жылы Вашингтонда арнайы жоспар құрылмақ. Бұл жөнінде мұхиттың арғы жағынан келген мейман Дэн Бруйллэтт мәлімдеді.

Қазақстан халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін «Болашақтың энергиясы» атауымен ұйымдастырғанынан ұтпаса, ұтылмасы анық. Себебі бұл адамзаттың ертеңін ерте бастан ойлағандық. Егемендікті еншілей сала қуаты жөнінен төртінші орында тұрған атом қаруынан ат-тонымызды ала-қашуымыз да – кемел келешекті қалағандығымыздан. Мұны «құр мақтан» деп қабыл алмаңыз. Шындығы сол.

«Қазақ» деген сөздің өзі «еркін», «тәуелсіз» деген мағыналардан туады. Осы этимологиялық түсіндірмеден-ақ ұлтымыздың бар болмысын түсінуге болар?! Оны Ата Заңымыз да айшықтайды. Халқымыздың ар-намысы саналатын басты құжатта «Қазақстандағы басты құндылық – адам және адамның өмірі» деп тайға таңба басқандай жазылған.

30 тамызда Конституция күнін атап өттік. Айтулы мереке қарсаңында Президент барша халықты құттықтап, бейбіт өмір, табыс және құт-береке тіледі. «Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды» – деп Елбасы Ата Заңның ел өміріндегі алар орнын айшықтап берген.

Биыл елімізде Конституциялық реформа жүргізілді. Президенттің айтуынша: «бұл жолғы өзгерістер саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында жасалған». Осылайша, біз жаһандық сын-қатерлерге жауап бермекпіз. Сондай-ақ, «Конституция Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңызды факторы» болып саналатынын атап өтіпті Елбасы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде Президент: «Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады», – деді.

Рас бұл күндердің қазақ үшін орны ерекше. Өйткені ізгі дәстүрмен жалғасқан мерекеде әрбір адам қонақ күтіп, игі амалдар жасайды. Араздасқандар достасып табысады. Демек, құрбан айттың, бейбіт күніміздің берекелі болуына тигізер пайдасы зор. Бұл Президент сөзінен алынған бір үзік ой.

Ал толық мәтін мынадай: «Біздің елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді. Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді. Біздің елімізде осынау жарқын мейрамның алғашқы күні арнайы демалыс күні ретінде жарияланып, адамдардың құрбан шалуына, Аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдай жасалған». Құттықтау соңында Елбасы отандастарға денсаулық, бақыт, амандық, өсіп-өркендеу тіледі.

5. Әлеуметтік көмектің әлеуеті

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің» жаңа тәртібі енгізіледі. Бұл жолғы өзгерістер «жәрдемақы алушыларды толықтай қамтып, оны тағайындау рәсімін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді» деп отыр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Жаңа формадағы жәрдем қазіргі қолданыстағы үш әлеуметтік төлемнің орнына тағайындалады. Яғни, көпбалалы отбасыларға, 18 жасқа дейінгі балаларға және табысы аз үй шаруашылықтарына арналған мемлекеттік жәрдемақыларды алмастырады. Сондай-ақ, ол шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге бөлінеді. Біріншісі – отбасында еңбекке қабілетті мүшесі жоқ жандарға, ал екіншісі – кем дегенде бір еңбек етуге қабілетті адамы бар жанұяларға беріледі.

Әлеуметтік көмек алу ережелеріне енгізілген өзгерістердің әсерін байқау үшін еліміздің үш өңірінде 2014 жылдан бастап пилоттық режимде «Өрлеу» жобасы іске асырылған болатын. Нендей нәтижеге қол жеткізілді? Жаңашылдық жағдайды жақсартты ма?

Гүлмира Бидайбек – 2 баланың анасы. Дәрігерлер жақында кіші ұлына аутизм диагнозын қойған. Түрлі тексеруден өткеннен кейін бүлдіршінді кейбір балабақша қабылдаудан мүлдем бас тартқан. «Нұрлы жүрек» орталығы ата-ананың үмітін қайта маздатты.

Гүлмира Бидайбек, ата-ана:

-Келгенімізге жарты жылдай болды. Бірақ осы кішкентай уақыт аралығында садик бізге өте жақсы жағынан көрінді. Балам жақсы жағынан дамыды. Ұйқысы бәрі дұрысталды. Бұл жерде жақсы мамандар жұмыс істейді. Кейбір жеке балабақшалар біздің балаларды қарауға қарсы. Арнайы мұндай балаларға орталықтар олар айына 150 мыңнан басталады. Ол әрбір ата-анаға қалтасына тиімсіз.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы былтыр күзде ашылған. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасап келеді. Мұнда оларға арнайы әлеуметтік көмектің 8 түрі көрсетіледі.

Құралай Қожамқұлова, «Нұрлы жүрек» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

-Балаларға 10 сағаттық қызмет атқарылады. Яғни, сағат 8-ден 20:30-ға дейін кәдімгі балабақшадағыдай прием дейді. Ең басты мақсатымыз – бұл балаларды қоғамға бейімдеу яғни басқа балалардан айырмашылығы жоқ екенін олар да осындай қоғамда өз орнын таба алатындай жаңағы еңбек атқарамыз.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында қызмет түрлері тегін. Әлеуметтік қызметкерлер 200-ден аса баланы өмірге бейімдеу үшін аянбайды. Ересектерге арналған стационар да бар.

Құралай Қожамқұлова, «Нұрлы жүрек» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

-Өз-өзіне қызмет атқару қабілеттеріне де үйретеді. Яғни қолын жуа білу дұрыс. Төсекті дұрыс жинай білу, аяқ киімін теріс емес оңымен дұрыс кию. Өйткені, біздің балаларды, өзіңіз көрдіңіз, біздің балалар ерекше балалар. Оларға ол процесті өзін үйретудің өзіне қаншама уақыт керек деп те айта аламын.

Диана – отбасылық озбырлықтың құрбаны. Жолдасы ішімдікке әуес. Астанаға Павлодардан келген. Киімсіз, құжатсыз. 4 баласын жетектеп, бір күнде үйінен қашып шыққан. Тіпті, түрін көрсетуге қорқады. Қазір дағдарыс орталығын паналап жүр.

Диана, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны:

-Мұнда Астанаға тіркеуге тұрғызды. Бізді тегін тамақтандырады. Шынын айтсам, балаларым ондай тамақты үйде де жеп көрмеген. Үлкен де, кіші де үнемі психологтың назарында. Мінез-құлықтары өзгерді. Тұңғышымды колледжге тіркеп қойды.

Тыныш тірліктен береке кеткенде отбасында зорлық-зомбылық басталады. Күйеуі әйелін сабаса, араққа сылқия тойған әке бала-шағасын ұрса пәлендей мән бермейміз. «Ашуы басылар, ұрса бөтен емес» деп, қылмысты бүркемелейтініміз рас. Бірақ бір күндік ұрыстың қырсығы ушыққанда өкінеміз.

Анна Рыль, «Қорғау-Астана» жеке қорының атқарушы директоры:

-Қазір барлық қалада дағдарыс орталығы бар. Олардың жұмысы шираған. Ауылдық жердегі тұрғындар шет қалып жатыр. Оған сауатсыздық та кедергі. Қиындыққа тап болса тығырықтан шығар жолды білмейді. Министрлік ұсынып отырған заң да осыған бағытталып отыр. Шалғайдағы жұрттың мәселесіне араша түсуіміз керек.

Дағдарыс орталығында зорлық-зомбылық көрген, құжатсыз, жұмыссыз жандарға бас-аяғы 8 қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтсақ, медициналық, құқықтық, психологиялық, педагогикалық секілді көмектер. Еліміз бойынша тұрмыстық зорлық көрген және сотталған азаматтарды бейімдейтін 32 орталық бар. 2010-2016 жылдары осы бағытқа бөлінген сома – 4 млрд теңге.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келер жылы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну» туралы заңға өзгерістер енгізбек. Жаңа тұжырымдама әлеуметтік қызмет жүйесін реформалайды. Соның аясында қызметтерді үйде алу мүмкіндігі кеңейіп, сапасы артады. Алдымен, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру көзделіп отыр. Себебі олар психологиялық тұрғыдан көбірек жұмыс істейді. Ауыр қызмет. Базалық жалақысы 40-50 пайызға өседі.

Ассоль Мирманова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы:

-Әлеуметтік көмек арқасында 600-ден аса бала отбасында қалып, 690 ана жұмысқа орналасты. Бұл – дер кезінде берілген көмектің нәтижесі. Енді тұрғылықты жері жоқ жандарға, тұрмыстық зорлықтың құрбандары, адам саудасының құрбаны және сотталған азаматтарға осындай орталықтар арқылы қол ұшын созамыз.

Тажыхана Абдуллаева талай жыл ауылда тұрған. Мамандығы – сауыншы. Кеңес үкіметінен қалған құжатын ауыстырғалы жүргенде онысы өртеніп кетеді. 20 жылда талай есікті тоздырып, ісі өнбепті. Орталық туралы естіп осында келген.

Тажыхана Абдуллаева, Целиноград ауданының тұрғыны:

-Үйімнен өрт шығып, құжаттарым түгелдей жанып кетті. Қаншама жерге барып, қағазбастылықтан шаршап, қолымды бір сілтеп тастап кеттім. Орталық қызметкерлерінің еңбегі зор. Туу туралы куәлігімді алып, енді төлқұжатымды күтіп жүрмін.

Сонымен қатар министрлік 2018 жылдан бастап әлеуметтік атаулы көмекті жаңа форматта бермек.

Асқар Ниязов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің бас сарапшысы:

-Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы шартты және шартсыз деп бөлінетін 2 түрді қамтитын болады. Шартты әлеуметтік көмек дегеніміз, бұл отбасыға аз қамтылған отбасыға еңбекке қабілетті мүшелеріне қойылатын болады. Еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту арқылы көзделеді. Ал шартсыз әлеуметтік көмек – бұл осы белгілі себептермен жұмысқа немесе еңбек етуге қабілетсіз азаматтар.

Яғни бұрынғы атаулы 3 әлеуметтік көмек біріктіріліп отыр.

Асқар Ниязов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің бас сарапшысы:

-Атаулы көмек тағайындау үшін осы аз қамтылған отбасылар өзінің құжаттарын біздің жұмыспен қамту орталықтарына тапсыруы тиіс және ол өзінің тексеру нәтижелерінің арқасында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалатын болады. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы 6 айға дейін тағайындалады. Еңбекке қабілетті мүшесімен әлеуметтік келісім-шарт жасалады. Әлеуметтік келісім-шарт негізінде атаулы осы отбасының еңбекке қабілетті мүшесін еңбекке тартамыз. Яғни жұмыспен қамтимыз.

Заң 2015 жылы қабылданды. Пилоттық жоба «Өрлеу» бағдарламасы аясында Жамбыл, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілді. Жауапты ведомоство осылайша барлық жерде әлеуметтік көмек беру мен оның сапасын арттыруды көздеп отыр. Бір шетінен еңбекке жарамды азаматтарды масылдықтан арылтпақ ниетте.

Авторлары: Нұрболат Туысбайұлы, Әсем Қабылбек, Дәурен Жұрхабаев

6. Дін және қоғам

Биылғы оқу жылында былтырғы жаңалықтар жалғасын табады. Анығы, екінші, бесінші және жетінші сынып оқушыларына жаңартылған мазмұнда білім беріледі.

Сонымен қатар екінші жарты жылдықтан бастап, мектептерде «Дін және қоғам» пәні оқытыла бастайды. Бұл өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттырып, оларға дәстүрлі діннің құндылықтарын түсіндіру үшін жасалып отырған ауқымды жұмыс. Тиісті оқулықтарды қазір Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірлеп жатыр. Ол жөнінде Үкіметте өткен брифингте ведомство басшысы хабарлады.

Жиында бұдан өзге бірнеше өзекті мәселе қамтылды. Осы орайда Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты студиямызға шақырып, жеке сұхбат құруды жөн санадық.

Нұрлан Байұзақұлы, студиямызға қош келіпсіз! Қасиетті Құрбан айт мерекесі, Білім мерекесі құтты болсын.

-«Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы кейбір заңнамаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі» Заң жобасы әзірленуде. Осы әзірлік процесі қазір қандай деңгейде және жалпы қоғам қалай қабылдап жатыр?

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Ең алдымен барша қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Сіз қойып отырған сұрағыңызға жауап бергім келеді. Шынында да, діни саладағы ахуалға терең кешенді талдау негізінде біздің министрлігіміз және басқа да мемлекеттік органдар сарапшылар сол дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама жалпы дін саласындағы көзқарастардың, басымдықтардың және жұмыс бағыттарының біртұтас жүйесі болып табылады. Бұл тұжырымдаманың негізінде қазір заңнамалық жұмыс жүргізілуде.

Тағы да атап өтетін жайт, ол заңнамаға, заң жобасына енгізіліп отырған толықтырулар мен өзгертулердің көбісі министрліктің тарапынан емес, қоғам тарапынан, сарапшылар тарапынан, діни бірлестіктер өздерінің тарапынан енгізіліп отыр. Сондықтан, заң жобасы көптеген мемлекеттік органдардың мәселелерін қамтиды, бұл – ұжымдық жұмыс. Жалпы заңнаманы талқылау үшін бұл заң жобасы біздің ашық порталында орналастырылған. Қазір көптеген ұсыныстар мен ойлар келіп түседі. Көптеген алаңдарда талқылау жалғасуда қазіргі таңда. Осы жұмыс барысында тиісті өзгерістер жасалады. Бұл – қалыпты жұмыс үрдісі. Қазір заң жобасы талқылау кезеңінен өтуде. Сондықтан, кейбір өзгертулер тағы да болуы мүмкін. Халықтың пікірлері, көбінесе оң баға беріп отыр. Пікірлердің арасында қарсылықтар да бар, басқа да ойлар бар. Ұсыныстардың авторларының арасында түрлі азаматтар бар. Діншіл азаматтар бар, атеистер де бар,  жай ғана популистер де бар. Қалай болса да, біз барлық ұсынылып отырған пікірлерге, ойларға алғысымызды білдіргіміз келеді. Өйткені бізге дін саласындағы ахуал қандай екенін білу өте маңызды.

-Балаларды міндетті вакцинациялау шарасына қатысты кейбір қоғам мүшелерінің пікірі бір жақты деп айта алмаймыз. Күмән-күдік әлі де болса бар. Мемлекеттің осы мәселеге келгенде ресми ұстанымы қандай?

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Жалпы вакцинациялау мәселесі Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына жатады. Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ, қоғам белсенділерінің тарапынан тегін медициналық көмек шеңберінде балаларға міндетті екпе егу мәселесі қарастырлып жатыр. Бұл мәселе қандай себептен пайда болды? Соңғы жылдары діни ұстанымы себептен екпеден бас тарту өзекті мәселеге айналып кетті. Жалпы екпеден бас тартатындардың ішінде шамамен жартысы сол діни себептерден бас тартып отыр. Жартысы басқа жеке себептерден бас тартып отыр. Бұл – әрине қауіпті нәрсе, қауіпті құбылыс. Ол – бір бомба сияқты, уақыты келгенде бұл бомба жарылып кетуі мүмкін. Бірақ, қазіргі таңда біз көріп отырғандай бұл нормаға тағы да бір талдау жасап оны мұқият қарастыру керек. Сондықтан, біз Денсаулық сақтау министрлігіне бұл мәселені мұқият талдап, вакциналардың сапасын кепілдеу жөнінде және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру жөнінде мәселелерді зерттеп, бұл мәселені қайта қарауды ұсынып отырмыз. Жалпы, балаларға міндетті екпе егу мәселесі әлі талқылануда нақты шешімге келген жоқпыз. Сондықтан, бұл мәселеге байланысты кез-келген пікірлер, үзілді-кесілді сөздер айту ертелеу.

-Кейбір діндар отбасыларда ер азаматтар бірнеше әйелге үйленіп алып, некесін ресми түрде тіркемей, әйелдерін тастап жатқан кездер аз емес. Бұған түсініспеушілікпен қарау қоғамда кең етек жайып келе жатыр. Жалпы азаматтар тарапынан осындай күмән-күдікті жиі естиміз. Жаңа заң осы мәселені қалай реттемек? Діни неке қалай реттелмекші?

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Қазір қолданыстағы заңға сәйкес елімізде тек мемлекеттік органдарда тіркелген неке ғана танылады. Барлық басқа рәсімдер, соның ішінде діни некені қоса алғанда олардың заңды күші жоқ. Мысал үшін туу, неке қию, қайтыс болу мемлекет тарапынан тіркеледі. Бұл салада діни рәсімдер мемлекеттік тіркеуді толықтыра алады, бірақ оны алмастыра алмайды. Сонымен қатар, ешкім діни неке қиюға, немесе шіркеуде бата беруге ешкім де тыйым салайын деп отырған жоқ.

Бірақ діни рәсімдер тіркеуден өтуі керек. Біз көптеген хаттар аламыз. Бір ғана мысал келтірейін: Алматы облысының бір тұрғыны оның 17 жастағы қызына мешітте неке қидырып, сол неке қидырған мешіттің қызметкері тіпті ата-аналардың рұқсатын немесе келісімін де сұрамаған. Сосын қыз жігітпен біраз уақыт тұрып бала босанғаннан кейін сол жігіт оған үш рет «Талақ» айтып, тағдырдың тәлкегіне тастап кеткен. Бұл қыз ешқандай заңды қорғаусыз қалды. Сондықтан, бұндай жағдайларды болдырмау үшін жұртшылық осындай норманы ұсынып отыр. Тағы да бір көтеріліп отырған сұрақ. Неге біз ер мен әйелдің арасындағы еркін қарым-қатынастар мен азаматтық некені қозғамаймыз? Біріншіден, бұл біздің құзырымызға жатпайды, біз діни мәселелермен  айналысамыз. Екіншіден, азаматтық некеде ер адам мен әйел қандай да бір міндеттемелерсіз ешқандай иллюзия тұтпай саналы түрде байланыс құрады. Ал діни некеде, әдетте қыздар алдауға түсіп жатады, олар сол некелік құдайдан немесе жоғарыдан бір бата алды деп ойлайды. Некенің заңды күші бар ма екен деп ойлайды да сосын алдаудың құрбаны болып кетеді. Сондықтан, енгізіліп отырған осы түзету – ең алдымен әйелдер мен балалардың құқықтарын сақтауға және діннің өзінің беделін сақтауға арналған. Оның үстіне, бұл норма біздің Қазақстан мұсылмандар діни басқарамасының ресми ұстанымына қайшы келмейді. Мысал үшін, егер бізде шариғаттық соттар болғанда, онда мұндай мәселелерді шариғаттық соттар реттейтін еді. Бірақ біз зайырлы мемлекет болғандықтан, шариғаттық соттар болмағандықтан, мұндай мәселелерді тек мемлекет реттеу керек.

-Заң жобасының талқылау барысында оған енбей қалған еленбей қалған тұстар, ұсыныстар, мәселелер болды ма?

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

-Әрине бұл заң жобасында сақалдан немесе паранжадан, сыртқы көріністен гөрі маңызды және салмақты дүниелер бар. Атап айтқанда, алғаш рет діни радикализм, деструктивтік идеологиялық ағым, деструктивтік діни ағым сол бірқатар терминдерге анықтама беріліп отыр. Ал деструктивті немесе теріс діни ағымдарға мемлекет тиым салмаса да бұл заң жобасында бұлардың таралуына, оларды насихаттауға тиым салу мәселе қарастырылып отыр. Ал діни бірлестіктердің өздерінің құқықтарын қорғау, олардың өздерінің қызметі үшін түсінікті және ыңғайлы жағдайлар жасауға арналған нормалар бар. Оның үстіне кейбір бұрынғы заңдардың нормалар, ережелер қазір анықталып, нақтыланып отыр. Осы бағытта тиімді жұмыс жасалып жатыр қазір. Біз үшін осы мәселеде қоғамның бағалары, қоғамның ұсыныстары өте маңызды. Өйткені бұл заң, заң жобасы жалпы ол өте сезімтал, өте нәзік саланы реттейді. Сондықтан бізге сол қоғамда қандай ахуал болып жатқанын, қандай пікірлер бар екенін бізге өте маңызды.

7. Астана процесі

Сириядағы шайқастың түйінін тарқатуға негізделген «Астана процесінің кезекті раунды 14-15 қыркүйек күндері өтеді» деп жоспарлануда. Кепіл елдердің мәліметі бойынша, бұл жолғы басқосу барысында бірқатар құжат қаралады. Идлиб, Хомс және Гутаның шығысындағы қауіпсіз жерлердің картасы бекітіледі. Сонымен қатар жоғалғандар, кепілге алынғандар және із-түзсіз кеткендер туралы мағлұмат беретін координациялық орталықтың жобасы жайлы айтылады. Бұдан бөлек әлемдік құндылықтар қатарына жататын Сириядағы тарихи орындарды оқ-дәріден тазарту туралы ортақ шешім қабылданады деген де әңгіме бар. Келіссөздерден бір күн бұрын, яғни 13 қыркүйекте кепіл елдер бірлескен жұмыс тобының отырысын өткізбек. Бұл мәліметтерді еліміздің Сыртқы істер министрлігі таратты.

8. Ең үздік жобалар

Адамзатты соғыссыз әлем құруға үндейтін Қазақстанның бейбітшіл бастамаларға келгенде әрдайым үні басым. Мына халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін көңіл қызығарлықтай деңгейде өткізіп жатқандығымыз әлгі сөзімді әлді етеді. Адамзат өркениетіне өзгеріс әкелетін шараның шымылдығы түрілер күн де жақын. Көрме аяқталған кейін «жасыл технологиялардың» қайсысына жан бітпек? 

Әсем Қабылбек, тілші:

-Мамандар ЕХРО көрмесінде жүздеген жобаны қарап, соның ішінде Астанада қолдануға тиімді болатын 8-ін таңдады. Олардың әрқайсысы үздіктердің үздігі. Ендеше елордада енгізілетін жобалар несімен ерекше? Бірге білейік.

Елорда үшін өзекті жобаның бірі – «көк көмір» деп аталатын польшалық технология. Оның мәнісі мынада – күнделікті өмірде қолданып жүрген қарапайым көмір жоғары температурада өңделеді. Соның арқасында ауаға тарайтын улы заттар азаяды және оған қоса жылуды 20 есе артық береді.

Германия павильоны жаңартылмалы энергия көздеріне қатысты түрлі жоба ұсынған. Соның бірі – жаңартылатын қуат көзі. Бұл дегеніміз жердің астынан шығатын тұрақты жылулығы арқылы үйді жылытуға болады немесе электр энергиясына айналдыруға болады. Бұл дегеніміз қысы 6 айға созылатын Астана үшін таптырмас жоба. Себебі осы арқылы ай сайын жылуға төленетін ақшаны 70 пайызға дейін үнемдеуге болады екен.

Австрия мен Ресейдің де жобалары жаңғыртылатын энергия көздерінен жылу алып, қоршаған ортаға зиян келтірмеуді көздейді.

Каролин Табеа Пикер, Австрия павильонының қызметкері:

-Бұл жоба Австриядағы үйлердің көбінде кеңінен қолданыста. Жаңғыртылатын энергия арқылы жеке үйлерді жылыту мен салқындатуға болады.

Мария Николаева, Ресей павильонының қызметкері:

-Күн панельдерін басқару жүйесі күн сәулесінің түсуіне байланысты айналып тұрады. Соның арқасында күннен қуат алу үздіксіз, тоқтамайды.

Ал қытайлықтардың технологиясы жылу электр станцияларынан шығатын түтін деңгейін азайтуға мүмкіндік береді. Ауаға тарайтын зиянды заттарды сүзгіден өткізеді.

Әсем Қабылбек, тілші:

-Литва павильонының соңғы бөлігінде мынандай фотоэлектрлі панельдер орналасқан. Бұл материал қыста суыққа, жазда ыстыққа өте төзімді. Кез-келген ғимараттың сыртын қаптап, электр энергиясын үнемдеуге таптырмас құрал.

Америка Құрама Штаттарының павильоны. Мұнда цифрлық технологиялардың көмегі арқылы түрлі станциялардан жиналған энергия көздері басқарылады. Яғни, ортақ базада жел, күннен алынатын немесе атом электр станциясынан алынған энергия басқарылады. Яғни, электр энергиясын үнемдеуге басымдық берілген.

Француздарға тиесілі мына жабын құрылыста кеңінен пайдаланылады. Оның құрамында фотоэлектрлі панель мен фибробетон бар. Бұл көбінесе электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бақтыбек Жапаев, қалалық энергетика басқармасының басшысы:

-Инженерлер көрмедегі жобаларды мұқият қарап шықты. Астанада 2020 жылға дейін энергияны үнемдеуге бағытталған жоспар бекітілген. Қазіргі уақытта қала бойынша 16 жобаны түрлі салада іске қостық. Мәселен, қала көшелерін жарықтандыру. Электр қуатын пайдалануды реттеу арқылы түнде шамдардың жарықтығын 10-20 процентке төмендетіп, қосымша қуат үнемдеуге қол жеткіземіз.

Тыңғылықты тексеруден өткен жобалар қолданысқа енгізілсе, Астана ақылды қалалардың қатарына қосылады. Озық технология жетістігі адамзат игілігіне қызмет етеді.

Авторлары: Әсем Қабылбек, Санжар Жартиев, Бекболат Базаров

Әлем – әбігер. Күн сайын құбылып барады. Кешегіден бүгінгі бәсеке күшті. Тиісінше өмір сүру де қиын іске айналды. Не істейсің? «Қой терісін жамылған бөрі» боласың ба? Әлде «Түлкіге ірімшігін ұрлатқан қарғаның» күйін кешесің бе? Көкейде кептелген сауал көп. Есесіне жауап аз. Әрине, «мүлдем жоқ» деуге келмейді. Бар. Ол үшін өткеніңді ойлап, өзегіңді аршысаң жеткілікті. Қиындықтан шығар шешімді ата-баба жолынан табасың.

9. Рухани жаңғыру

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялап, елге айтқаны осыған саяды. «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық» деп, Президент тасқа түсірді.

Ал қоғамдық сананы өзгерту үшін, ең әуелі, жеке адам санасы сілкінуі тиіс. Бұл бұлжымас заңдылық. Ендеше осы бағытта қандай бастамалар қолға алынды? 

«Рухани жаңғыру» аясында биыл отандық телеарналар көрермендерге жаңа 40 шақты телехикая ұсынбақ. Талай тақырыпты ту етіп, түрлі жанрда түсіріліп жатқан туындылар Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бақылауында. Осы аптада Министр Дәурен Абаев «Хабар» агенттігінің тапсырысымен қолға алынған "Батырлар жолы" сериалының түсіру алаңына барып, шығармашылық топпен кездесті. Әзірге телехикая «Батырлар жолы» деп аталады. Режиссері Асқар Ұзабаевтың тарих тақырыбына алғаш қадам жасауы. Қиын жанр болған соң тыңғылықты дайындық пен зор жауапкершілік қажет. Режиссер жас актерлер бейнелеген кейіпкерлері халық жадында сақталады деген үмітте. Тарихи телехикаяның басты кейіпкерлері Қарасай, Ағынтай мен Мерген батырлар. Фильм 17-ғасырдың басында қазақ халқы бастан кешкен оқиғаларды бейнелейді. Қиын-қыстау кезеңдегі елдің татулығы мен батырлардың бірлігін дәріптейді.

Асқар Ұзабаев, режиссер:

-Материалды тереңірек зерттеп, локацияға қажетті жер іздегенде еліміздің кеңдігі мен әдемілігіне тағы бір көз жеткіздім. Осындай ұлан-ғайыр жерді ұстап тұрған халқымыз шынында да мықты ғой.

Сегіз бөлімнен тұратын көркем тарихи туынды желтоқсан айында эфирге шығады. Жыл соңына дейін сондай-ақ, «Хабар» арнасы көрермендерге бірнеше тележоба ұсынады. Олардың арасында драма, комедия, детектив және отбасылық туындылар бар.

Осы Жетісу өңірінде тарихи ескерткіштер мен мәдениет ошақтарын қайта жаңғырту үшін 28 жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі «Еңселі ауыл – ертеңім» бағдарламасы. Мақсат – облыстағы 243 мәдениет үйін 3 жылда күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу. Сарқан қаласындағы аудандық мәдениет үйін қалыпқа келтіруге 264 млн теңге бөлінген. Ғимараттың шатыры жаңартылып, су құбыры тартылған. Бөлмелердің қабырғалары қайта сыланып, электр желілері жүргізілді. Өткен ғасырдың аяғындағы оңтайландыру науқаны кезінде облыстағы 422 мәдениет ошағы мен клуб қысқарып, 42 мәдениет үйі қалған. Ал Сарқан ауданы Бақалы ауылының мәдениет үйі 55 жыл бұрын салынған. Содан бері жөнделмеген. Бюджеттен 177 млн теңге бөлініп, жарамсыз өнер ошағы жаңартылып, қабырғаларына сейсмикалық күшейту бағаналары орнатылып жатыр.  Құрылыста 40 адам еңбек етеді. Мәдениет үйі қазан айының аяғында пайдалануға беріледі.

Мейрамғали Қалиасқаров, Сарқан ауданының құрметті азаматы:

-Енді қарқыны жақсы. Мынау мердігерлер де дұрыс жұмыс жасап жатыр. Биылғы жылы біз осыны іске қосып, халық бір қуанатындай жағдайға жетеміз бе деп ойлаймыз.

Ертіс өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектебіме тағзым» акциясы өтіп, оған қатысуға ниет білдіргендер көп болды. Қысқа мерзімде 500-ге жуық мектеп түлегі өздері оқыған білім ордаларына көмек көрсетуде. Игі істің мақсаты – туған жердің гүлденуі мен мектептің дамуына атсыласу. Бүгінге дейін 266 мектептің материалдық жағдайы түзелді. Заманауи кабинеттер ашылып, музыкалық аспаптар алынды. Ғимараттарды жөндеп, аумағын абаттандырғандар да бар. Павлодарлық азаматтар 70 млн теңге бөлді. Бұл шара еліміз бойынша Павлодар облысында ғана өтуде.

Гүлжан Ашитова, ата-ана:

-Бес балам осы мектепті бітірді. Сосын өздерінің мамандығын таңдап, жан-жаққа, Қазақстан бойынша кеткен. Осы акцияға қатысып, мектепке көмек көрсетіп. Осы роботехника кабинетін ашып, көмек көрсетіп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының тұрғындары – қойнауы қазынаға толы Тарбағатай тауы бөктеріндегі мыңжылдықтар ізі - петроглифтер, ғұн, үйсін, сақ дәуірі ескерткіштерін археологтар мен тарихшылар зерттесе дейді. Әзірге жергілікті әуесқой этнографтар суретке түсіріп, зерттеп жатыр.  Мысалы, Таскескен – Бақты тас жолынан 5 шақырымдағы мына алқапта құнды дүние көп. Мына алып тас Тасбақатау деп аталады. Петроглифтер не таңбалы тастар бірнеше кезеңге бөлінеді. Жан-жануар бейнесі көп болса, жоғарғы палеолит дәуіріне, яғни 20 мың жыл бұрынғы алғашқы қауым ескерткіші саналады. Бұл тастарда негізінен бұғы, марал, тауешкі бейнеленген.

Бекембай Аққақалақов, әуесқой этнограф:

-Шоқаннан кейін біздің Тарбағатай өңірінің географиялық картасы түспеген. Соны жалғастырушылар қатарындамыз. Оңтүстік, солтүстік, теріскей, күнгей жағын түгел суретке түсіріп, ол жерді зерттеп, келешекте ол кітап болып шығуға  тиіс деп ойлаймын.

Атырауда орталық музейде «Рухани жаңғыру» аясында "Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгірханның тарихтағы орны" атты көрме залы ашылды. Онда 19 ғасырдағы Орда қазақтарының тұрмысы мен салт-дәстүрі туралы жәдігерлер, ақша үлгілері, фотолар мен құнды құжаттар қойылған. Жәңгірхан Бөкейханұлы халықтың тұрмысын еуропа мәдениетіне икемдеуге барын салды. 19 ғасырда Ордада дәріханалар, шағын шеберханалар мен жалпыға ортақ, екі тілде оқытатын мектептер болған. Осы оқу орындарын тәмамдаған қабілетті жастарды хан өз қаржысына Санкт-Петербург, Уфа, Қазан сынды Ресейдің қалаларына жіберіп, білім алуларына жағдай жасаған. Олардың арасынан көптеген білікті тұлға шыққаны тарихтан белгілі.

Ақтоты Орынбасарова, музей қызметкері:

-XII-XX ғғ. өлке тарихы залындағы экспозициялық құрылымның жалпы мақсаты – сол кезеңнің тарихи оқиғаларымен, тарихи тұлғаларымен таныстыра отырып, жастардың осы туған жерге қазақ халқының тарихына деген сүйіспеншігіні арттыру.

Осы аптада Астанада 100 жаңа есімді анықтауға арналған оффлайн акция өтті. Ұйымдастырушылар халық көп болатын жерлерде арнайы анкета таратып, әр адам оған өзінің не таныстарының үлгі боларлық тарихын жаза алады. Жиналған ақпарат кейін El.kz сайтында жарияланады. Бұл портал Елбасы мақаласында тапсырылған еліміздің 100 жаңа есімін анықтауға кірісіп кеткен. 2 айда сайтқа мыңнан аса электронды өтініш түсті. Оффлайн акция бұл көрсеткіштің одан әрі артуына және 100 жаңа есімге лайықты кейіпкерлерді табуға көмектеседі,-дейді ұйымдастырушылар.

Бэлла Орынбетова, ұйымдастырушы:

-Бұл жобада барлық адамдар қамтылу үшін біз сол үшін оффлайнға шығып отырмыз. Қала қонақтарынан, астаналықтардан өтінішті жазбаша алып, қағазға түсіріп, сайтымызға саламыз.

Ал Оралда ашық аспан астындағы басқосуда белгілі блогерлер мен танымал спортшылар, дарын иелері табыс кілті туралы баяндап, жастарды отанымыздың гүлденуі жолында еңбек етуге, белсенді болып, жаңа технологияларды игеруге шақырды. Рухани жаңғыруды әркім алдымен өзінен бастауы қажет,-деді сөз алғандар. Форум қорытындысында жастар коалициясы құрылды.

Авторлары: Ақбөпе Бәкір және аймақтағы тілшілер