Жеті күн 04.11.2017
1. «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы
Бұл қай заман? Бұл – бой емес, ой жарыстыратын заман. Ал мұндайда дүниенің тозығынан бұрын озығын алуға ұмтылысы мықтылар ғана ұтады. Сондықтан жаңару ісінде жалықпаған жөн. Әсілі «жалықпайтын» жақсы қасиет мемлекеттің бірді-екілі бөлігін ғана қамтымай, алпыс екі тамырын алып жатуы тиіс. Айтып тұрған әңгімем – Елбасының кешегі сөздерінен кейін келген ой. Кеше «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен. Сонда Елбасы «қоғамдық-саяси институтты жаңғырту керек» деп жауаптыларға міндет жүктеді. Елдің басты саяси-партиялық күші болғандықтан, кез келген өзгерістің өр басында жүруі – заңдылық. Олай болмаған күнде Президенттің өзі айтпақшы: «Жаңғырудың жаңғырыққа айналуы оп-оңай».
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы:
– Уважаемые члены политсовета, сегодня нам предстоит серьезный разговор связанный с необходимостью модернизации самой партии «Нұр Отан», потому что модернизируется страна, экономика, политические силы тоже должны соответствовать этому. Модернизация никогда не бывает простой, она может вызвать серьезные сопротивления и роль партий «Нұр Отан» состоит прежде всего создания механизма политической поддержки курса модернизации. Прежде всего самим в этом разобраться, и чтобы члены нашей партий знали о чем мы говорим и могли разъяснить нашим гражданам.
Елімізде бір емес, үш аса маңызды бастама жүзеге асып жатыр. Әуелгісі – конституциялық реформа. Ол саяси жүйені демократияландыруға негізделген. Екіншісі – технологиялық төңкеріс. Ондағы мақсат – экономиканы «қара алтынға» ғана қаратып қоймай, әр тараптан әрекет қылу. Оның ішінде қағазбастылықтан құтылып, цифрлық жүйенің сиқырын қолданысқа енгізу. Үшіншісі – рухани жаңғыру. Бұл – алдыңғы екеуінің өзегі. Демек саяси-экономикалық өзгерістердің алға басу-баспауы осы соңғысына тікелей байланысты.
Бұл ретте «Нұр Отан» партиясына да қазіргінің талабына сай өз жұмысының өзегін табу керек болып тұр. Сонда ғана іс өнеді. Сонда ғана сын-қатерлер ыңғайға көнеді. Президент қойған талап – осы.
«Нұр Отан» – елдің басты партиясы. Дамудың дара жолына бастайтын қуатты күш. Милионнан астам мүшесі бар іргелі ұйым қоғамдық-саяси іске келгенде анағұрлым белсенді. Халықтың мұңын шертіп, мүддесіне лайық қызмет етуді көздейді. Сондықтан бұл құрылымның қызметі Елбасының жіті назарында. Партия ел өмірінде елеулі орын алады. Жеткен жетістіктердің дені осы бірлестікпен байланысты. Қалтқысыз қызмет етіп, тұрақтылық пен тұтастықты қамтуға қосқан үлесі зор.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы:
– Партиямыз шынығып, шыңдалып, еліміздегі ең үлкен саяси күшке айналғалы белгілі. Құрылған күннен бастап барлық елдік істердің басы-қасында болып келе жатыр. Халқымыздың береке-бірлігінің артуына еліміздің саяси тұрақтылығын нығайтып, экономикалық реформаларды табысты іске асыру үшін атсалысып келе жатқан бірден-бір саяси ұйым. Халықпен тікелей жұмыс істеп, кезек күттірмей, шешілуі тиіс мәселелерді үнемі назарда ұстап, елдік партия атанды. Алдымызда көп шаруалар бар. Қажетті бағдарламаның барлығы қабылданды. Сондықтан осының бәріне партия басшы болып, жергілікті жерлерде саясатты түсіндіруі қажет.
Қазақ елі даму бағдарын айқындып қойған. Үш бағытқа басымдық берді. Саяси, экономикалық және рухани жаңғыруға ерекше екпін салуда. Еліміздің басты партиясының жұмысы соларға негізделуі тиіс. Күрделі әрі жүйелі шешімдер қабылдау керек. Ал рухани жаңғыру партияның идеологиялық жұмысының платформасына айналмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы:
– Модернизация никогда не бывает простой. Она может вызвать серьезное сопротивление. И Роль партии «Нұр Отан» состоит прежде всего в создании механизма политической поддержки курса модернизации. Прежде всего самим в этом разобраться и что бы члены нашей партии знали о чем мы говорим. Могли разъяснить нашим гражданам. Что касается вопросов конституционной реформы, который мы приняли, это существенный шаг в демократизаций политической системы страны. И партия «Нұр Отан» должна стать непросто трибуной для разъяснения смысла реформы, но и быть ее активным проводником на всех уровнях. Программа духовной модернизации «Рухани жаңғыру» это платформа для текущей идеологической работы партии.
Қоғамды жұмылдыруға бағытталған жан-жақты жаңғырумен қатар, партияны да модернизация күтіп тұр. Бұл да үш жаңғырумен тікелей байланысты. Партия қызметі жаңа бағдарламаларға икемделіп, жұмысты ширата түсуі керек.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
– Осы үш жаңғыру жарияланған күннен бастап нұротандықтар партия төрағасының тарихи бастамаларын әр қазақстандықтың жүрегіне жеткізуге күш-жігерін жұмсап келеді. Жаңа Қазақстанмен бірге партиямыз да өзінің жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Сіз белгілеген биік мақсаттарға жету жолында өзіңіз төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясы қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады.
«Нұр Отан» партиясы мемлекеттік бағдарламалар мен ел игілігіне бағытталған қаржыны қатаң қадағалайды. Бұл жұмыс әсіресе өңірлерде қарқынды. «100 нақты қадам», «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» басты назарда. Қарапайым халықтың тұрмысына әсер ететін де солар. Жиында облыс әкімдері онлайн байланысқа шығып, партия қызметінің өңірдегі аяқ алысы жайлы есеп берді.
Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:
– Сіз мұрындық болған «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында тұрғын үй құрылысы биыл 40 пайызға өсті. Өзіңіз жүктеген міндеттер бойынша партия барлық мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қадағалап келеді. Мәслихаттағы арнайы комиссиялар да «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының жүзеге асырылуын назарда ұстауда.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы:
– Я ко всем хочу обратиться. Программа «Нұрлы жер» очень важна. Особенно для индивидуального жилищного строительства. Создает условия, создает инфраструктуры. Выделяет кредиты. Ваша задача сказать людям вот вкладывайте и стройте. Это очень важный фактор жилищного строительства. Человек хочеть жить на земле, нам надо способствовать и помогать. Создавать инфраструктуру нелегко. Но надо такие поселки строить. А то кто как хотел понастроил. А потом ходят спрашивают дайте нам это. Очень важная программа. Прошу всех акимов персонально проследить.
Алматы облысы да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Әсіресе өңір қант қызылшасын егуде соңғы 20 жылда болмаған жетістіктерді қайталады. Бұл –елді отандық өніммен қамтамасыз ету үшін жасалған үлкен қадам.
Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Біздің аймақ «қызылша өңірі» деген байырғы атағын қайта қайтарды. Биыл біз 9 мың гектар жерге қызылша тұқымын сеуіп, 350 мың тонна өнім алуды жоспарлап отырмыз. Мұндай көрсеткіш соңғы 20 жылда болған емес. Толық модернизацияланған Көксу қант зауыты үшінші жыл қатарынан табысты жұмыс істеп келеді. Бүгін Ақсу қант зауытын іске қостық. Оның өнімділігі – жылына 300 мың тонна. 10 жыл бойы қаңтарылып тұрған өндіріс орны осылайша қайта түлемек. Алда 35 мың тонна қант алып, облысты тұтас қанағаттандырмақпыз. Одан әрі күллі елдің сұранысын жабу жоспарымызда бар.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы:
– Расында да Қазақстан – қантты сырттан алып отырған мемлекет. Көбінесе Алматы облысы, Жамбыл облысы әр уақытта қызылшадан алдыңғы қатарда болатын. Соны қолға алдың, дұрыс. «Апорт» деген сортты қолға алдық. Қазір пайда көрініп жатыр.
Жиын барысында көптеген мәселелер қаралады. Саяси кеңес мүшелері партияның кадрлық резервінен бастап, дау-жанжалдарға дейін үңілді. Осы орайда Елбасы РБК банкі төңірегінде туындаған мәселеге де тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы:
– Я эту проблему знаю, хорошо знаю. И что там случилось тоже знаю. Сейчас правительство активно работает с НацБанком. Банк будет сохраняться и будет работать.
«Нұр Отан» мұндай дау-дамалайларды реттеуде әрдайым алдыңғы шепте. Қарапайым жұртшылықтың да, бизнестің де мүддесін естен шығармақ емес. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп атқаруда. Қос құрылымның жоспары көп. Кәсіпкерлерді демеп жүрген палата енді жас-жеткіншектерді де бизнес капитандарына айналдыруды қолға алмақ.
Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:
– Біз «Нұр Отан» партиясымен ұлттық кеңес құрып отырмыз. Кәсіби білім беретін кәсіби кеңес пен еңбек беру орталығы болады. Мұндай тәжірибе Германия мен Түркияда бар. Біздің елде де кәсіби бейімдеуді енгізсек, 5-7 жылда орта есеппен бизнеске бейімделетін көшбасшылар болады. Жаңа бизнестің көшбасшыларын дайындауды көздеп отырмыз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы:
– «Атамекеннің» қолға алғаны – жастарды, әсіресе ауылда өзін-өзі қамтамасыз етуге ниеттілерді үйретіп, қолына бизнес беру. Әрбір адам қай жерден несие алу керектігін, қайда, кімге бару қажеттігін біле бермейді. Сондықтан «Атамекеннің» жасап жатқан бұл шаруасы өте жақсы деп санаймын. Халықты көбіне бизнеске, істеген ісіне қарай бейімдесек, әр адам өз жағдайын түзеп, мемлекетке де көмектесетін болады. Екіншіден, жалпы іс адамдарының көңіліне жағдай артып, жағдай жасау керек. Үкімет те соған жұмыс істеп жатыр. Бағдарламаның барлығы дұрыс. Облыстар қолдап, ауыл мен ауданда осы жұмысты істейтін болсақ, көп жұмысты игеретін боламыз.
Мемлекет саясаты мен қабылданып жатқан бағдарламаларды халыққа егжей-тегжейлі түсіндіру – саяси бірлестіктің тағы бір міндеті. Елдің қызығушылығы артқан тұста партия бірінші жүруі тиіс. Осы орайда Президент «Нұр Отанның» жұмысын ширататын маңызды ұсыныстар айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы:
– Есть программа «Цифровой казахстан». Это непросто для обычного среднего Казахстана понять что это такое. То что людей заинтересует там мы должны быть – партия. Поэтому, я предлагаю создать центр стратегических инициатив нашей партии. Это позволит артикулировать конкретные проекты молодежы, адаптации мигрантов, образования и культуры.
Бұл бастамалар мен бағыттарды жүзеге асыру үшін Елбасы орта мерзімге арналған жоспар әзірлеуді тапсырды. Партияның әр қадамы тиімді, жұмысы жемісті болуы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы:
– Большие возможности открываются перед «Нұр Отаном» с учетом системной модернизации запущенной в этом году. По сути партиная работа позволяет соединить ключевые аспекты модернизации в политику, общественное сознание. Партия «Нұр Отан» имеет все возможности в активном процессе «Рухани жаңғыру». Партия должна быть в авангарде вообще общественного сознания. Подать пример всему обществу. Сегодня у «Нұр Отана» есть платформа и программа. Нужен конкретный план работы на среднесрочную перспективу.
Партия қызметін одар әрі жетілдіру – заман талабы. Стратегиялық реформаларды іске асыруда, әсіресе саяси күштерді жұмылдыру нәтижелі болмақ. Оны бұрынғы тәжірибелер көрсетті. Бастысы саяси күштер сол жұмысқа лайық болуы тиіс. Партия халықты реформаларға бастайтын құрылымға айналуы керек.
Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков
Бұл – шалқыған даңғаза ұраншылдыққа ұрынатын емес, шағын да болса, нақты қадамдар жасайтын заман. Ал мұндайда бойыңыздан байыпты мінез табылса, соған жетер байлық жоқ. Сонда сөзіңіз өтімді, ісіңіз өнімді болмақ. Дерек іздесеңіз, бұған Қазақстанның мысалын қараңыз! Әлдекімдер ел мен елдің арасына іріткі салуды көздегенде де, біздің тарап «іскерлік қарым-қатынасты ілгері бастыру» дейтін басты ұстанымынан бас тартпады. Қазақ елі ынтымақтасуға қашанда ынталы.
2. Қазақстан мен Иордания ынтымақтастығы
Осы аптада Иордания королі екінші Абдалла Астанаға келген. Нұрсұлтан Назарбаев мүдделес мемлекеттің басшысын қазақы дарқан көңілмен қарсы алды. Кездесуде көзделгені – ширек ғасырлық байланысты одан ары ширата түсу.
Қазақстан мен Иордания бір-біріне іргедегі ел емес, географиялық арасы алшақ. Бірақ қос мемлекет те экспорт пен импорттың көлемін арттыруға аса ынталы. Тіпті тасымалдау бағасының тістеп тұрғанына қарамастан. Себебі екі жақтың бір-біріне сатары да, бір-бірінен сатып алары да көп. Әрине көлік-логистика арналарын жетілдірсе, тістеген баға тізгінділер.
Нұрсұлтан Назарбаев пен екінші Абдалла тілге тиек еткен түйінді мәселелерінің бірі – сауда айналымын сабырға келтіру. Ал сапар қорытындысы бойынша қос тараптың қол қойғаны – көбіне қылмыспен бірігіп күресуге негізделген құжаттар.
Бұл – Король Абдалланың Астанаға алтыншы мәрте келуі. Қос ел басшылары жиі кездеспегенімен, арада шешімін таппаған мәселе жоқ. Саяси тұрғыдағы көзқарастары ортақ, ұстанымдарында ұқсастық көп. Мәртебелі мейманның Қазақстанға ат басын бұру мақсаты – алыс-берісті арттыру.
Бұл көрініс ресми сапардан гөрі көптен көріспеген ескі достардың кездесуіне көбірек ұқсайды. Елбасы Иордания Королі ІІ Абдалланы босағадан құшақ жая қарсы алды. Бауырлық ілтипатын көрсетіп, құрмет танытты.
Хаттама шарттары орындалғаннан кейін тараптар екеуара кездесті. Халықаралық күн тəртібіндегі қауіпсіздік мəселесін қаузады. Өйткені Иордания – берекесі қашқан Иракпен де, соғыстан көз ашпаған Сириямен де құдайы көрші. Шекарадағы шиеленісті реттеуге ресми Амман сөзсіз мүдделі. Естеріңізде болса, Иордания елінен безген миллиондаған сириялық босқынды бауырына басқан еді. Нұрсұлтан Назарбаев əріптесінің бұл əрекетін жоғары бағалап, орайы келгенде «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін» халықаралық сыйлығын табыстады.
Саясаты сағымдай құбылып, сабындай бұзылып тұрған елдерді сабырлыққа шақырған қос мемлекеттің саяси көзқарастары бір жерден шығады. Бейбітшілік болса, береке бар. Ұстанымның ұқсас болуы халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз қарым-қатынас орнатуға да септігін тигізіп жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Вы приехали накануне 25-летия установления наших дипломатических отношений. За эти годы мы выстроили очень доверительное и дружеское сотрудничество. Мы оказываем поддержку друг другу в рамках международных организаций. Иордания поддерживает инициативы Казахстана на глобальной арене. Вы является послом мира, продолжателем роли Вашего отца Хусейна. Казахстан также пытается играть эту роль в своем регионе. Мы являемся одним из лидеров антиядерного движения. Это – признание Ваших заслуг и надежда на то, что в условиях конфликтов Вы продолжите играть миротворческую роль, которая сближает народы. Ваша страна также принимает активное участие в Астанинском процессе. Иордания приняла более одного миллиона сирийских беженцев, вы оказываете финансовую и гуманитарную помощь Сирии. Я думаю, что весь мир должен оценить это.
Қазақ көшбасшысының мұндай мақтауына ІІ Абдалла марқайып қалды. Және екі ел арсындағы сенімге селкеу түспегенін жеткізіп, әрі қарай да Қазақстанмен алыс-берісті арттыруға мүдделі екенін білдірді.
ІІ Абдалла бен Әл-Хусейн, Иордания Королі:
– Құрметті Президент мырза, біз Қазақстанның әлемдік қауіпсіздікке қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалаймыз. Сондықтан сіздің көшбасшылық қабілетіңіз біз үшін аса маңызды. Бізге үнемі қолдау көрсететініңіз үшін Иордания халқының атынан алғыс білдіремін. Мен Астанаға ресми сапармен келгеніме шын жүректен қуаныштымын. Сіз таяу аралықта дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтетіндігімізді тілге тиек еттіңіз. Дегенмен біздің қарым-қатынасымыз бұл датаға дейін, яғни менің әкемнен басталғанын білеміз. Иордания және бүкіләлемдік қоғамдастық сіздің халықаралық аренадағы жанжалдарды реттеудегі айрықша рөліңізді біледі және бағалайды. Сіз ядролық қаруды таратпау саласындағы сын-қатерлердің стандарттарын, жауаптарын белгілеп қана қоймай, сонымен бірге этносаралық және конфессияаралық келісімде де зор табыстарға жеттіңіз.
Иордания тарапы Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі жетекші серіктес санайды. Ширек ғасырда екі ел ауыл шаруашылығы, фармацевтика, қорғаныс салаларында ілкімді ілгерілеушілік байқатып үлгерді. Алайда «арада жорға жүр» деп ауыз толтырып айтуға келмейді. Ресми статистикаға сүйенсек, биыл қаңтар-тамыз айлары аралығында екіжақты тауар айналымы – 250 мың доллар. Сондықтан экономикалық байланысты бекемдей түсу маңызды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:
– Екіжақты байланысқа келетін болсақ, күн тәртібінде елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық іс-қимылды нығайтуға ерекше мән береміз. Екіжақты экспорт-импорт тасымалдау бағасы кедергі келтіріп отыр. Соған орай тиімді логистикалық арналарды жетілдіру маңызы өте зор. Көліктің өту қиындығына байланысты сауда-саттығымыз төмен деңгейде тұр. Біз Қазақстан-Түрікменстан-Иран және Грузия-Армения-Түркия бағыттары бойынша ашылған теміржолды пайдалану мүмкіндігін қарастырдық.
Қос ел арасындағы келешегі зор бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығы. Иордания экономикасының дәстүрлі саласы болып есептелгенімен, жергілікті шаруалар елдің азық-түлікке деген ішкі сұранысын толық қамти алмай отыр. Оған қоса тұрақсыздық орнаған аймақтардан ағылған босқындардың келуі салдарынан Иорданияда бидайға сұраныс артты. Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлер назарға алуы тиіс бағыттардың бірнешеуін жіктеп берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімділікті арттыру маңызды. Қазақстан Иорданияға ауыл шаруашылығы мен мал өнімдерін жеткізсе, Иордания қыс және көктем айларында біздің елге көкөніс пен жеміс экспорттай алады. Бұны қалай жасау керек екенін біз айттық. Иорданияның баламалы энергия көздерін дамытуға мүдделі екенін ескеріп, осы салада серіктестік қарым-қатынас орнату мүмкіндігін қарастырдық. Бүгінде әскери және әскери-техникалық салаларда ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың алғышарттары бар. Осы бағыттағы өзара байланыстарды одан әрі жалғастыру арнайы үкіметаралық комиссияға жүктелді.
Келіссөздердің бастапқы сатысындағы келісімдер де жілікті. Мысалы екі елдің арнаулы қызметтері алдағы уақытта халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес жүргізу мақсатында бірлесіп жұмыс атқаратын болады. Жаһандық бейбітшілікті сақтау жолында да Қазақстан мен Иордания жұмыла əрекет етуді жалғастырмақ ниетте.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Сирия дағдарысы қазіргі уақыттағы ең ірі шиеленістің бірі екенін білесіздер. Қазақстан бұл қақтығысты шешуге бағытталған барлық бастамаларды қолдайды. Астанадағы келіссөздер нәтижесінде Сириядағы зорлық-зомбылық айтарлықтай азайып, жергілікті халықтың бейбіт өмірге оралуына мүмкіндік туды. Осылайша Женевадағы келіссөздерге қосымша алаң болып саналатын Астана процесі тиімділігін көрсетті.
Ауылы аралас, қойы қоралас болмаса да, Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдайға қазақ бейқам қарамады. Бір байламға келе алмай жік болған тараптарға келіссөз алаңын ұсынды. Иордания Королі Қазақстанның мұндай бітімгершілік əрекетіне ризашылығын білдірді.
ІІ Абдалла бен Әл-Хусейн, Иордания Королі:
– Бүгінде терроризм мен экстремизм мәселесі өте өзекті болып отыр. Біз болашақта террорлық топтардың жаһанға жаңа қауіп төндіргенін қаламаймыз. Осы орайда Сириядағы сергелдеңге немқұрайлы қарауға болмайды. Сіздер Сирия шиеленісін шешуге бірегей атсалысып, Женевадағы келіссөздердің сәтті өтуіне барлық жағдайды жасап отырсыздар. Және бүгінгі маған бұйырған марапаттың атауы мен үшін өте маңызды. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге кезекті рет алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына келер жылы 25 жыл толады. Сондықтан бірнеше айтулы шара өткізу жоспарда бар. Осы жолы бекіген келісімдер алдағы кездесулердің өзегіне айналары сөзсіз.
Авторлары: Елдар Бақпаев, Ержан Қанапияұлы, Хасен Омарқұлов
Бұл – қастықты емес, достықты ойлайтын заман. Сондықтан қой терісін жамылғанды қойып, алабөтен ойдан арылу қажет-ақ. Мұны да мемлекеттердің мысалында айтсақ, өзіміздің Қазақстанның немесе күні кеше королі келіп кеткен Иорданияның жолдары – жаһанға үлгі.
3. Астана процесі
Қазақ жұртының бейбітшіл әрі бітімгер екеніне бүгінгі әлем де, кешегі тарих та куә. Жиырма бірінші ғасырдың жеңілісіне баланған Сирия дағдарысын реттеу мәселесінде де біздің ел дағдарып қалған жоқ. Астананың бейтарап алаңын ұсынды. Тараптардың да таңдауы Арқа төсіне ауып, содан бері 7 келіссөз жүріпті. Кезекті раунд осы аптада өтті.
Жетінші жиынның да аурасы алдыңғы алтауымен ұқсас. Былайғы күнде тілдесе алмай, тіресіп жүретін тараптар бұл жолы да бір шаңырақ астында, бір үстелдің басында отырды. Сирия үкіметі мен оппозициясы, БҰҰ-ның арнайы өкілі және кепіл елдер болып саналатын Түркия, Иран, Ресей түгел келген. Иордания мен АҚШ делегаттары да төбе көрсетті.
Бұған дейінгі келіссөздердің нәтижесінде «Шам елінде оқ атпау» бойынша ортақ шешім жасалып, төрт қауіпсіз аймақ құрылған болатын. Екі күнге созылған жетінші жүздесуде де біраз жағдай жіліктелді. Атап айтқанда, «Әл-Каидамен» байланысы бар «ДАИШ», «Джабхат ан-Нусра» сынды ұйымдармен күресті деэскалация аймақтарының ішінде де, сыртында да жүргізу шешімі расталды.
Осы жетінші раунд жүріп жатқан шақта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіссөзге қатысушы делегациялардың жетекшілерімен кездесті. Бұл – Сирия қақтығысын реттеуде Астана процесінің маңыздылыққа ие екендігін іс жүзінде айғақтау. Ал кездесудің форматы жайлы саяси болжамдар «Қазақстанның бейтарап ұстанымға беріктігі анық білінді» деп сөйлейді.
Кез келген келіссөз маңызды. Жетінші жүздесу осыны тағы бір мәрте айғақтады. Сириядағы қақтығысты реттеу ісінде Астана процесінің орны ерекше екенін көрсетті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Я хотел пригласить вас, чтобы поприветствовать, послушать, как у вас идет очень важная работа. И работа, которой вы занимаетесь, это конфликт в Сирии – фокус внимания всего мира, большая проблема для всех. Огромное количество погибших людей, огромное количество беженцев. Всем нам урон. Поэтому очень серьезные эти дела. Казахстан тоже участник всех международных вопросов. И по просьбе президента России и Турции мы предоставили площадку для работы в Астане. Вчера, сегодня вы проводили седьмой раунд этих переговоров. Все отмечают, что есть эффект параллельно с Женевскими переговорами, Астанинский процесс помогает этой работе.
Расымен сарапшылар Астана процесінен соң Женевадағы келіссөздер де нәтижелі бола бастағанын айтады. Қалай дегенмен де, қазақтың кіндік қаласында Сирия билігі мен оппозиция өкілдері бас қосты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Проблему деэскалации вы решили в нескольких регионах. То есть, это дополнительный канал урегулирования Женевского процесса. Важные условия этих вопросов – сохранения режима прекращения огня. Есть результаты. Во-первых, мне докладывали, что выработаны механизмы. Во-вторых, созданы зоны деэскалации. В третьих, заметно улучшилась гуманитарная ситуация. Мы тоже гуманитарно по мере возможности помогаем.
Ресей Федерациясы делегациясының жетекшісі Александр Лаврентьевтің айтуынша, деэскалация аймақтары Сириядағы жағдайдың тұрақтануына, сонымен қатар саяси реттеу үдерісіне біртіндеп көшуге септігін тигізген.
Александр Лаврентьев, Ресей Федерациясы делегациясының жетекшісі:
– Астана процесінің аясында ұрыс қимылдарын тоқтату тәртібін қатаң сақтауға тырысып жатырмыз. Сонымен қатар жағдайды одан әрі тұрақтандыру, гуманитарлық ахуалды жақсартудың маңызы зор. Біз мұның бәрін жақсы түсініп отырмыз. Кепілгер елдер ретінде ұрыс қимылдарын тоқтату тәртібі мен осы аймақтарда тыныштықты сақтауға ден қойып отырмыз. Менің ойымша, бұл Сирияның барлық аумағына таратылуы тиіс.
Ал Түркия делегациясының жетекшісі Онал Седат Сирия мәселесін шешуге атсалысқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда шын мәнінде қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жүріп жатыр.
Онал Седат, Түркия Республикасы делегациясының жетекшісі:
– Оқ атуды тоқтатудың толық тәртібіне көшу үшін уақыт керек екені белгілі. Бұл үшін ең әуелі келіссөздер алаңы қажет болады. Осы орайда Астана процесінің рөлі орасан. Себебі бір үстел басына саяси оқиғаға қатысы бар тараптардың барлығы жиналды. Сізге осы бейбіт бастаманың басы қасында жүргеніңіз үшін алғыс айтамын.
Иран Ислам Республикасы делегациясының жетекшісі Джабери Ансари терроризммен күрес мәселесіне және өңірдегі шиеленісті ушықтырмау үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.
Джабери Ансари, Иран Ислам Республикасы делегациясының жетекшісі:
– Астанадағы келіссөздердің мазмұны терең әрі ол Женева басқосуын толықтырып отырады. Сириядағы қақтығыс үш жағдайды, яғни адами, саяси және қауіпсіздік мәселелерін қозғайды. Біздің ойымызша, осы үшеуін шешу жолдары Астанада талқыланып жатыр. Осылайша Сирия халқына көмектесе аламыз.
«Кез келген келіссөз – болашаққа бастайтын жол. Қазақстан Сирия мәселесінің бейбіт шешілгенін қалайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Казахстан находится в этом регионе, он остро ощущает все эти события, которые проходят. У нас один регион – Казахстан, Центральная Азия, Иран, Афганистан, Сирия, все это наш ореол, наши регионы исторические. Мы общались культурно-исторически, торговали, сейчас это мешает. И то, что в связи с таким беспорядком, отсутствии власти возникают террористы, а террористы границ никаких не имеют, угрожают всем странам. Я в своих выступлениях и предложениях ООН всегда говорил о том, что если не объединить усилия всех стран и не создать общую коалицию всеми государствами, нам победить этот экстремизм, терроризм невозможно. Поэтому мы со своей стороны делаем все, чтобы диалог такой был здесь. Все решается диалогами.
«Келіссөздер бар жерде ортақ ұйғарым болуы ықтымал, жоқ жерде керіс көп. Егер тараптар ынталы болса, Қазақстан одан әрі өз алаңын ұсынуға әзір», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Стругар Милош, БҰҰ өкілі:
– Астана процесі – БҰҰ үшін маңызы зор қызмет. Егер кеңірек қарайтын болсақ, Қазақстан көп түйткілдерді шешуге келгенде, бізге көмек көрсетіп отыр. Сол үшін алғыс білдіргім келеді.
Дэвид Саттерфилд, Америка Құрама Штаттары делегациясының жетекшісі:
– Құрметті Президент! Өмірлік маңызы бар мәселеге қолдау көрсеткеніңіз үшін рақмет айтқым келеді. Сіз әскери қақтығыстар мен гуманитарлық трагедияның аяқталуына күш салып келесіз. Бұл – Женева саяси процесі аясындағы жауапкершілігі зор қадам. Бұл тұрғыдан алсақ, Астана келіссөздері құнды. Сондықтан Сізге алғыс білдіреміз.
Уасфи Тель, Иордания Корольдігі делегациясының жетекшісі:
– Иордания – Сириядағы жағдайға тікелей қатысы бар бірден-бір мемлекет. Ал Астана процесі – жергілікті ахуалды жақсартуға сеп болатын маңызды алаң.
Сирия мәселесі насырға шапқалы бері бүкіл ғалам алаңдаулы. Себебі қауіп ортақ болып тұр. Сол қауіппен күресте бір жүйе керек екендігін Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– По мере необходимости вы знаете, что мы стараемся примерять стороны, находить общий язык, исправить положение дела. И так тяжело в мире сейчас во всех отношениях. Это еще сложнее. А ваши страны непосредственно как участники боевых действий, так и других вопросов. Мне остается вам пожелать успехов. В непростой вашей работе. Я думаю, вы очень важную работу для всего мира проводите. От вашего терпения, от вашей дипломатичности зависит очень многое. Казахстан будет делать все, что делает сейчас. Гуманитарно будем помогать этой стране. Уже помогаем и отправляем продовольствие, выделяем средства, какие мы можем. То есть, нам надо в этом регионе конфликт погасить, установить мир. От этого выиграем все.
Қауіпсіздік мәселесінде де Қазақстан қарап қалмайды. Астана процесі – Сирия мәселесін реттеудің ашық алаңы ғана емес, арағайындықтың үздік үлгісі.
Авторы: Дархан Әбдуахит
Бейтарап алаң ұсыну – жүгі ауыр жұмыс. Біздің тарап Астана процесіне қатысушылардың қас-қабағына қарап жүріп, алты раундты абыройлы өткізіп еді. Енді жетіншісі де жемісті болды.
Жалпы Астана процесінің нәтижелеріне барлық тараптың көңілі тоқ. Делегациялардың жетекшілері мамыр айында Астанада қол қойылған «Сирияда қауіпсіз аймақтар құру» жөніндегі меморандум талаптары нәтижелі орындалып жатқанын атап өтті. Мұнымен қатар лаңкестік ұйымдарға қарсы күресте едәуір ілгерілеу байқалғаны айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру үшін Астана процесінің 8-кезеңін желтоқсан айында өткізу туралы шешім қабылданды.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
– Кепіл мемлекеттер Сирия жерінде зорлық-зомбылық төмендегенін айтып өтті. Терроризмге қарсы күрес алға басты. Сирия ахуалын әскери жолмен шешу мүмкін емес. Тараптар Женева процесінің аясында Ресей Федерациясының ұлттық диалог конгресін өткізу туралы ұсынысын талқылауға дайын. Қарсыластар өзара сенімді нығайтуы және марқұмдардың мәйіттерін беру туралы келіссөз жүргізуі тиіс. Мәлімдеме әзірлеушілері жетінші Астана процесінің өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтіп, Қазақстан Президенті мен Үкіметіне алғысын білдірді.
Сочиде өткен «Валдай» халықаралық дискуссиялық клубтың отырысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астана процесі жайлы оң ақпарат айтқан еді. Бұл алтыншы отырыстан кейінгі алғыс болатын. Жалпы арағайындық ісімізге алпауыттардың көбі назар аударып отыр.
Қазақстан батыc әлемімен де, Ресей, Түркия, Иран мемлекеттерімен де жақсы қарым-қатынаста. Сондықтан Шам еліндегі шиеленісті реттеу үшін Астана – қолайлы алаң. Және Женева келіссөздеріне жол ашады. Отандық сарапшылардың ортақ ойы осындай.
Сайын Борбасов, саясаттанушы:
– Неге қол жеткізілді? Бірінші қарсылас топтар арасында қалған қарапайым халық бар. Олар ашығып жатыр, дәрі-дәрмек жетпейді. Көбі жараланған. Осыларға гуманитарлық көмек көрсету мәселесі шешілді. Қазақстанның өзінен де гуманитарлық көмек барды. Екінші Қызыл крест топтары емін-еркін кіріп, дәрігерлік көмек жасалынды.
Нұрлан Сейдін, саясаттанушы:
– Осы жолы жетінші мәрте кездесу өтіп жатыр. Алғашқы кездесулер өте күрделі және қиын жағдайда өткенін атап өтсек болады. Бірақ соған қарамастан, әр тараптың ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып шешуге мүмкіндік туындауда.
Сирия президенті Башар Асад 26 қазанда конституциялық реформа жүргізуге дайын екенін мәлімдепті. Яғни жаңа Конституция негізінде БҰҰ-ның қолдауымен президенттік және парламенттік сайлау өткізуге ниетті. Дегенмен бейбітшіл бетбұрысты алдынан кес-кестейтін келеңсіз тұстар әлі көп. Мәселен Сирияның Идлиб қаласында «Джебхат-Ан-Нусра» содырларының ықпалы бәсеңдемей отыр. Сол себепті деэскалация аймақтарын құру мақсаты күн тәртібінде тұр.
Сириядағы азаматтық соғыстың арыны басылғандай. Содырлар сойқаны бұрынғыдай Шам елін шайқап тұрған жоқ. Сарапшылар елдің 90 пайызға жуығы бүлікшілерден босағанын айтады. Қазіргі күнде олар тек 8 пайыз аумақты басып отыр. Бірақ басқыншылардың бұл ісіне бейқам қарап отырғандар байқалмайды. Ресей қолдайтын үкімет әскері, Түркия мен Иранның қарулы топтары және АҚШ-ты арқаланған күрд жасақтары ДАИШ-тың демін үзуге тырысып жатыр. Бұл топқа келгенде тараптардың байламы бір болып шықты, ал өзге де қарулы қаскөйлердің қылығын бірі қолдап, енді бірі даттап жүр.
Жұмабек Сарабек, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:
– Ең басты тосқауыл – геосаяси қарама-қайшылықтар. Әрбір ойыншы аймақтағы процестерін өзіне ыңғайлы форматта жүргенін қалайды. Бірақ өкінішке орай кейбір сәттерде бұл бейбітшлікті орнату процесіне кері әсерін тигізеді.
2011 жылдан бері жүз мыңдаған адам жазықсыз жапа шекті. Қарулы топтар жұрттың жүзіне қарамастан қалаларды қасапханаға айналдырды. Сол суық шаһарларға бүгінде жылу тарағандай. Иракпен шекаралас Дайр-әз-Заур қаласы осы аптада терроршылардың қолынан толық азат болды. Онымен бірге Раккада экстремистер талқандалып, Алеппода 200 содыр өз еріктерімен берілді. Өкініштісі сол, бүгінде қалалар қирандыға айналып, жұртының жартысы басқа елдерге бас сауғалап кеткен. Олардың дені қазір Түркияда жүр. Солардың бірі – Алеппо қаласының тұрғыны Фираз Халеби. Ол Сириядағы текетіріс тоқтаса, елге қайтатынын айтады.
Фираз Халеби, сириялық босқын:
– Мен бүгінде сүйікті ісіммен айналысып жатырмын. Шалқып өмір сүрмесек те, әйтеуір дін-аманбыз. Бірақ өмірімнің соңына дейін өзге елде өгейдің күйін кешкім келмейді. Соғыс аяқталысымен отаныма оралуды армандаймын. Сол үшін туған елім – Сирия мен күллі Араб әлеміне бейбітшілік пен тыныштық тілеп, Жаратқанға күндіз-түні дұға етемін. Бұйырса, ол күн де алыс емес шығар.
Бейбіт күннің жақын немесе алыс екенін ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ болжам бар. Сарапшылар қазіргі шиеленістің созылуына ешқандай ел мүдделі емес деседі. Шам еліндегі кикілжіңге қатысып отырған мемлекет күніне 2 миллионнан бастап 20 миллион долларға дейін ақша жұмсайды екен. Ол – кез келген ел үшін орасан шығын.
Жұмабек Сарабек, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:
– Сирия контексінде АҚШ салыстырмалы түрде кейін қалып отыр. Осы аптада Трамптың бұрынғы сайлау штабының басшысы ФВР-ге келіп, өзі берілді. Ішкі саяси қақтығыстар Америкада жаңа деңгейге шығып жатыр. Бұл өз кезегінде Американың сыртқы саясаттағы белсенділігін азайтып жатыр.
Естеріңізде болса, АҚШ әуелі Башар Асадтың биліктен кетуін талап еткен еді. Кейін «Президенттің тағдырын Сирия халқы шешеді деп» ойынан айныды. Онымен бірге 2012 жылы Сириямен дипломатиялық байланысты үзген Еуроодақ бүгінде қатынасты жалғауға ниеті бар екенін аңғартады. Осы үдерістерге мән берсек, Шам еліндегі шиелініс шешімін табар деген үміт пайда болады.
4. Елбасы кездесулері
Бұған дейін Қазақстанның іскерлік байланысты ілгері қоятындығын тілге тиек еттік. Соның тағы бір айғағы ретінде Сауд Арабиясымен арадағы ынтымақтастықты айтуға болар?! Осы аптада Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және табиғи ресурстар министрі Халид әл-Фалихті қабылдады. Кездесуде тараптар екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай дамытудың маңыздылығына тоқталды. Оның ішінде айрықша мән берілгені – энергетика саласындағы өзара іс-қимылдың қазіргі мәселелері.
«Rothschild & Co» компаниясының басшылары да Елбасы қабылдауында болды. Президент қаржы институтының мол тәжірибесі мен халықаралық қауымдастықтағы беделіне тоқталды. Ал «Rothschild» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Эрик де Ротшильд Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, «Қазақстанның дамуы қарқынды» деп баға берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Компания «Rothschild» является одним из старейших и крупнейших финансовых институтов в мире. У Вас большой опыт работы с частными капиталовложениями. Этот опыт важен для нашей страны, поэтому вы сейчас консультируете Национальный банк Казахстана.
Эрик де Ротшильд, «Rothschild & Co» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:
– Президент мырза! Бізді қабылдағаныңыз үшін ризашылық білдіремін. Өз басым Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Осы екі күн ішінде көзбен көріп, көңілге түйгенім көп. Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасында мемлекет биік белестерді еңсеріп, осындай дәрежеге жетті. Қазақстанның географиялық орны да ерекше. Азия мен Еуропа арасында алтын көпір болып келеді. Біз бірнеше сала бойынша, әсіресе қаржы секторында өзара ынтымақтасты нығайта түспекпіз.
Өз саласында беделді саналатын «Rothschild & Co» компаниясынан кеңес алып отырған Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевты да осы аптада Елбасы қабылдады. Ол өткен тоғыз айдың цифрларын сөйлетті. Бұл аралықта инфляция деңгейі 4,2 процентті құрапты. Ал қаржы ұйымының алтын-валюта қоры 10,2 пайызға өскен. Әсер еткені –әлемдік нарықта мұнай және мұнай өнімдеріне қолайлы бағаның қалыптасуы. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев банк басшысына бірқатар тапсырма берді.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы:
– Мұнай бағалары жоғары деңгейінде сақталып тұр. Осы айда 2015 жылдан бастап мұнай бағасы бірінші рет 60 АҚШ долларынан асты. Валюта нарығы тамыздан бастап қазанның ортасына дейін айтарлықтай құбылды. Бұл жоғары девальвациялық күтулерге байланысты болды. Ұлттық банк шетел валютасын сату арқылы жағдайды тұрақтады. Осы жылғы 9 айда инфляция 4,2 пайыз болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен төмен. Ол кезде инфляция 5,6 пайыз болған. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан бері 10,2 пайызға, яғни 32 жарым млрд-қа дейін ұлғайды.
5. Экспорттық әлеует арта түспек
Бұл – уақытты адамға емес, адамды уақытқа тәуелді еткен заман. Сол себепті «айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызу» – басты талап. Мына кең даламызды кесіп өтіп жатқан жолдар – сол талаптан туған идея.
Еуразия кеңістігінде екі ірі экономикалық орталық бар. Шығыста Қытай, ал батыста Еуроодақ. Олардың жылдық саудасында 500 млрд доллардай ақша айналады. Осынау таңдай қағарлық көлемінен Қазақстанның да көрері көп. Сол үшін транзиттік әлеуетті күшейту күн тәртібінде тұр. Еліміз ерінбей жүріп, Қорғас пен Каспийді байланыстырды. Ендігі кезек көрші мемлекеттерде болатын.
Осы аптада «Баку-Тбилиси-Карс» теміржол магистралі ашылды деген жаңалық сан тарапқа сүйіншілеп жетті. Демек Каспийден әрі қарай Түркияға тікелей жол ашылды деген сөз. Жаңа желі Бакуден 70 шақырым жерде орналасқан Алят портынан бастау алып, Тбилиси арқылы Түркияның Карс қаласына дейін созылып жатыр. Жалпы ұзындығы – 826 шақырым. Магистраль – Транскаспий көлік дәлізінің маңызды бөлігі. Ол өңірлік сауда-саттықтың дамуына қарқын бермек. Әрі аймақтық логистиканы дамытып, жүк тасымалын оңтайландыруға ықпал етеді. Бастысы, тауар аз ғана уақытта «А»-дан «Б» нүктесіне жетеді. Яғни алыс жақындайды. Оның үстіне Қазақстан үшін Қара теңіз бен Жерорта теңізіне баратын жаңа теміржол бағыттарына жол ашылды. Мамандардың болжауынша, бұл дәліз арқылы алғашқы кезеңде 1 млн-ға дейін жолаушы, 6,5 млн тонна жүк тасымалданады.
Тайр Миркешели, Әзербайжан Парламентінің депутаты:
– Қазіргі тариф бойынша 20 млн тонна жүкті транзиттік жол арқылы тасымалдайтын болса, мемлекет 1 млрд доллар пайда табады. Жалпы алғанда Қазақстан мен Әзербайжанның экономикасы экспорттық әлеуетті арттыруды көздейді. Екі ел де шикізатқа тәуелді болмау жолында реформалар жүргізіліп жатыр. Мұндайда тауарды тиісті жеріне дер кезінде әрі артық шығынсыз жеткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Осы дәліз сол мәселелерге нүкте қойып отыр. Нәтижесінде Қазақстан, Грузия, Түркия және Әзербайжанның саяси маңызы арты түспек. Ал бұл дегеніңіз, экономиканың өсіміне тікелей ықпал етпек.
Қазақ елі жобаны алғашқылардың бірі болып қолдады. Өткен аптада Көкшетаудан астық тиелген вагондар Құрық порты арқылы осы желімен Түркияға жөнелтілді. Қытайдың да алғашқы пойыздары бұл бағытпен Еуропаға қатынай бастады. Жоспар бойынша 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы Анадолы еліне бет алған контейнерлердің саны жылына 2 млн-ға жеткізілмек. Бұл Қазақстанның 1 млрд долларға дейін пайда көруіне мүмкіндік береді.
Фуат Ализаде, экономикалық шолушы:
– Осы дәліздің арқасында тек еуропалық елдер ғана емес, Түркияның ірі порттарына жол ашылады. Демек Жерорта теңізі де бізге жақындай түспек. Қазақстан үшін астық экспортын арттыруға мүмкіндік зор.
6. Денсаулық – зор байлық
Бұл – ауырып ем іздейтін емес, ауырмаудың жолын іздейтін заман. Бірақ сөз бен іс қабыспай тұр. Өз-өзімізді күтуге келгенде ойды «өкініш» орайды. Әрине «артық ақша тапсам» деп асығыс жүргенде, сырқаттың бойға қалай сіңгенін білмей де қаласыз. Сол кезде жағдай тағы да «біраққа» келіп тіреледі. Емделейін десең, дәрі қымбат. Емделмейін десең, денсаулық қымбат. Ал енді осы екі қымбаттан ең қымбатын айырып алыңызшы?! Сіз үшін шын мәнінде қайсысы қымбат?
Дәріханалардағы үстеме баға үскірік аяздай қарып түседі. Дәрінің құнын екі есе арттыру ештеңе емес. Төбе тұсы – төрт есе. «Бұл бассыздық неге бақыланбайды?» деген сауал көптен бері көкейде жүрген. Жауап табар күнде жақын сыңайлы. Үкімет «қымбатшылықтың өзін қысамыз» деп отыр. Сонда ол қалай жүзеге аспақ?
Мемлекет 2001-2016 жылдар аралығында дәрі сатып алуға 165 млрд теңге жұмсаған. Соған қарамастан отандық фармацевтикада түйткілді мәселе жетерлік. Әсіресе халықты қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмей келеді. Себебі отандық дәрі-дәрмек жеткіліксіз. Сондықтан сырттан тасуға мәжбүр. Ал импорттық тауарлардың бағасы 3-4 есе қымбат.
Оған дәріхана иесі қосатын ақшаны есептеңіз. Осылайша қарапайым халыққа жеткенше препараттың құны шарықтайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды дәрі-дәрмегі қымбат мемлекеттердің қатарына қосты. Біздегі баға Украина, Беларусь, Қырғызстан, тіпті Ресейді де артта қалдырып отыр. Себеп – сырттан таситынымыз.
Өзіміздегі отандық дәріміздің үлесі 30 пайыз болса, қалғаны – шетелдікі. Денсаулық сақтау министрлігі Президент сынынан соң жүйені реттеуге кірісті. Елімізде дәрі-дәрмек бағасын реттейтін заң қабылданбақ. Жоба жаз бойы талқыланды, енді осы айда Парламент қарауына жіберіледі.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
– Биыл біз 24 ұзақ мерзімді шартқа қол қойдық. Дәрі өндіретін жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін 10 жыл бойы препараттарды сол жақтан сатып аламыз. Өндірістердің жанында 3 алаң саламыз. Ал бағаны реттейтін заң жобасы қабылданса, дәрі-дәрмек импортының тәуелділігі төмендеуі тиіс.
Мамандар Еуропадағы жүйені көксейді. Мәселен Германиядағы дәріханаларының барлығында бір ғана баға. Ешкім аз-кем сатпайды. Ал бізде қазіргі уақытта мемлекеттің жекеменшік дәріханалардағы баға саясатына араласуға құқығы жоқ.
Препаратты жеткізген дәріхана иесі – өзі би, өзі қожа. Сондықтан Астананың өзінде дәріханаларда бір дәрінің бағасы түрлі бағамен сатылады. Басқа жерде екі есе қымбат болуы да мүмкін. Бір анығы, арзанын таппайсыз. Тұрғындардың қалтасын ойлап, бас ауыртатындар аз. Жауапты ведомоство 2018 жылы барлық дәрі-дәрмектің бағасын бекітіп, бір деңгейде ұстауға бекініп отыр.
Айнұр Айыпханова, ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры:
– Заң бойынша жаңа дәрі тіркеліп жатса, Қазақстанда ол өзінің сол тіркеген бағасы айтылады. Тіркелген бағадан артық сатуға ешкімнің де құқығы болмайды. Сол арқылы реттейміз.
Елімізде 119 фармацевтикалық өнiм өндiрушi кәсіпорын болса, 51-і дәрі-дәрмек, 68-і медициналық құрал-жабдықтар шығарады. Фармация комитеті ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз ету үшін отандық дәрі өндірісін 2025 жылға дейін 50%- ға жеткізуді көздейді. Соңғы жылдары салада оң өзгеріс байқалады. Отандық өндірушілер 32 млрд теңгенің өнімін өндірген.
Людмила Бұйрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайымы:
– Бізге дәрі жеткізетін елдер саны 80-ге жуық. Ірі импорттаушы елдер – Германия, Австрия, АҚШ, Канада, Үндістан, Қытай. Осы жылы амбулаториялық емдеуге дәрі сатып алу үшін 121 миллиард теңге бөлінді. Стационарлық емге одан сәл көптеу қаржы қарастырылып отыр. Жалпы нақты қанша жұмсағанымызды айту қиын. Себебі жанармай бағасы, теңге құны, кедендік салық, дәрі шығарушының шығындары бар. Осылай тізім жалғаса береді.
Яғни сіз ішіп отырған он дәрінің тоғызы – жат жұрттікі. Мәселен, дәріні 2000 теңгеге сатып алсаңыз, 1900 теңгенің қызығын өзге көреді. 50 пайыз ауызда бар, нарықта жоқ деген сөз.
Заң жобасы депутаттардан қолдау тапса, мемлекет дәріні өндірушіден бастап, барар нүктеге дейінгі бағасын тіркеп отырады. Саладағы өзге де түйткілді мәселелер депутаттарға жақсы таныс. Себебі осы жылдың мамырында Парламенттік тыңдау өтті. Сол жиында мемлекеттік тендерге қатысты айтылған сын көп.
Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Тендер ойнатқан кезде осы ең кіші бағаны қойып, сол бағамен ұтымды ету керек. Қазір бұл істі үлкен қадағалауға алып отырмыз. Себебі ондай фактілер бар.
Қазақстанда 7700 дәрі-дәрмек тіркелген. Кей мемлекеттерде бұл көрсеткіш 1000-нан аспайды. Сырттан келген дәріні бас көзге қарамастан елге кіргізе береміз. Олардың дені жекеменшік дәріханаларда еркін саудаланып жатыр. Ауырған адам сол дәріханаға барса, сатушы қымбатын қолына ұстатады. Ал фармацевтикалық формуляр ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін ауадай қажет. Былайша айтсақ, сапасыз әрі күмәнді препараттарға тосқауыл. Жүйеге тіркелген дәрі алдымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ғылыми дәлелденуі керек.
Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Рандомизациядан өткен дәрі-дәрмектерді енгізіп, сол формулярдағы дәрілер ғана мемлекетке келуіне жағдай жасап отырмыз. Қазақстандық фармацевтикалық формулярға кірмеген дәрілер біздің мемлекетке кірмейді.
Формулярдың көмегі арқылы елдегі дәрілік тауар айналымын бақылауға мүмкіндік туды. Ал дәріні өндіруші бағаны бекітерде логистика, кеден, сақтандыру, қауіпсіздік және өнім сапасын бағалау шығынын есепке алады. Ең соңғы шектік және бөлшектік бағаны белгілеу тәртібі орнатылмақ.
Арнұр Нұртаев, ҚР ДСМ Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы бас директорының бірінші орынбасары:
– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында сатып алынатын дәрілердің құнына сараптау орталығындағы мамандар мониторинг жасайды. Арнайы бөлім тек сонымен айналысады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша алынатын дәрі-дәрмектер толықтай біздің бақылауымызда.
Алдағы уақытта бір ғана фирманың өнімін қымбатқа сатуға жол берілмейді. Дәрігер нұсқауымен жазылған тізімге дәрінің ең қымбаты және ең арзаны қоса жазылмақ. Таңдау еркі науқаста болады.
Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Бүгінгі таңда «Лоббирование» деген фирманың дәрісіне ғана көңіл бөлмей, дәрігер ең бірінші сол ауруды емдеуге, ауруға қажетті дәріні жан-жақты талқылауы қажет.
Ендігі міндет – реформа аясында тұрғындарға тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімін кеңейту. Оған себеп – мемлекеттің шығыстарын стационарлық емге жіберу. 2018 жылдың 1 қазанынан бастап министрлік халық ең қолданатын дәрілерді, ал 2023 жылдан бастап жаппай барлық дәріге бақылауды күшейтпек.
Авторлары: Әсем Қабылбек, Дәурен Жұрхабаев
7. Латын қарпіне көшу
Бұл – ғылымды қаламға емес, компьютерге бағындырған заман. Ал компьютердің күні латын қарпіне қарап тұр. Ақпараттық жүйе атаулы сол таңбаларды ғана жаңылмай түсінеді. Қалғанына келгенде қателік жасайды. Сондықтан қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру қажеттілігіне көз жетті. Оған «уақыт» атты төрешінің өзі төрелік еткен.
«Адам қателеседі, қоғам қателеседі, бірақ уақыт қателеспейді» деген қағидаға салып, төл әліпбиімізді латын әріптеріне лайықтап алдық. Дегенмен осымен «іс бітті» деп отыру жоқ. Алда атқарылар жұмыс көп.
«Менің атым латын әліпбиінде осылай жазылады» деген «хэштекпен» белгіленген жазбалар әлеуметтік желіде жетіп артылады. Елбасы латын қарпіне көшу жөніндегі Жарлыққа қол қойғалы, қалың бұқара қолдан келгенше қолдау көрсетіп жатыр. Қуантады әрине. Алайда «қабылданған жаңа әліпби қолданысқа ертең енеді» деген сөз емес. Кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асырылады.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
– Күні кеше жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Барлық мемлекеттік органдар белсенділік танытты. Алғашқы кезең 2018-2020 жыл, екінші кезең 2025 жылға дейін жүзеге асады.
Сонымен 2025 жылға дейін жалғасын табатын тілдік реформа аясында нақты қандай жұмыстар жүргізіледі? Алдымен жұмыс тобы мен орфографиялық-лингвистикалық комиссия құрылады. Сосын жаңа орфографиялық ережелер жасалады. Латын графикасы негізінде қазақ тілінің үлкен орфографиялық сөздігі жасалады.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
– Нормативтік-құқықтық базаны сәйкестендіру қажет. Осыдан кейін оқу-әдістемелік, оқулық, көркем және басқа да қажетті әдебиеттерді әзірлеу мен басып шығаруға кірісе аламыз.
Латын әліпбиімен жазылған көркем әдебиет оқып, көзіміз үйренер көбіміздің. «Бірақ жұртшылық жатырқамай, бұл жазуды емін-еркін меңгеріп кетуі үшін ішкі және сыртқы жарнамаларда латын графикасын қолдану керек», – дейді министрліктегілер.
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
– Алда жүргізілетін жұмыс көп. Барлығын реттегесін ғана опробация үрдісіне көшеміз. Әр мектепте, әр сыныпта, студенттердің арасында бұл жаңашылдық сыналатын болады. Сонда ғана латын қарпін қолдануда қандай қиындықтар кездесетінін білетін боламыз.
Жаңа әліпбиді сыныптарда, студенттер арасында сынап көрген дұрыс, бірақ мектеп табалдырығын жаңа аттағандарды жаңаша білім нәрімен сусындату үшін мұғалімдер қауымын кім және қашан үйретпек?
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
– Латын графикасын жоғары сынып оқушылары мен студенттері арасында сынап көргеннен кейін ғана алдымен нөлдік сыныптардың, кейін бірінші сынып мұғалімдерін дайындау науқаны басталады. Содан кейін ғана мектептер мен ЖОО-ғы білім беру жүйесіне сәйкес латын әліпбиінің өзгеру кестесін талқылайтын боламыз.
Латын графикасын қолданысқа еңгізу бағытында жыл соңына дейін мыңнан астам түрлі шаралар өткізілмек. Одан бөлек әр аймақта түрлі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылатын болады. Шешім қабылданды. Жаңа әліпби белгіленді. Енді барша ел болып, сөзден іске көшу маңызды.
8. Үшжақты келісім
Атырауда алғаш рет республикалық «Асар» форумы өтті. Шараның мақсаты – мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы іскерлік байланысты дамыту. Ойлаған іс орындалғандай. 200-ден астам адам қатысқан жиын нәтижесінде 5 әлеуметтік жоба мақұлданып, өз инвесторларын тауыпты.
Форум әлеуметтік жобалар жәрмеңкесімен басталды. Қоғамдық ұйымдар инвесторлар назарына сомасы 11 миллион 500 мың теңге болатын 5 әлеуметтік жоба ұсынды. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі сәбилерді қолдау, көпбалалы отбасы балалары мен түзеу мекемесінен шыққан азаматтарға кәсіби бағдар беруге арналған жобалар бар. Мүгедектер қоғамы жаңа іс машинасына қол жеткізсе, қалаға аулалық клуб, кітапханаға ғылыми әдебиеттер алынатын болады.
Әйгерім Досқалиева, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының жетекшісі:
– Қазіргі таңда ең қажетті деген жобаларды іздеп жүрген жандар үшін бұл форум шынымен де үлкен бір көмек деп есептеймін. Себебі бұл форумға келіп қатысудың арқасында қандай жобалардың қажет екендігін, қандай жобалар ұзақ ғұмыр сүретінін көріп, біле аламыз.
Үкіметтік емес ұйым, бизнес және мемлекетттік орган өкілдерінің басын қосқан «Асар» республикалық форумы ортақ мүддені көздейді. Үшжақты қарым-қатынас еліміздегі азаматтық қоғамды дамыту арқылы әлеуметтік-экономикалық өрлеу мүмкіндіктерін арттырады. «Сонымен қатар біріккен жаңа жобаларды жүзеге асыру, жаңа технологияларды игеру, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға жол ашылады», – деді Мемлекеттік хатшы.
Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
– Елбасының бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген күрделі мәселелер оң шешімін тауып келеді. Көтерілген өзекті мәселелер қоғамда жалпыұлттық патриотизмнің қалыптасуына оң ықпал етуде. Мысалы, «Туған жер» бағдарламасы бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес бірігіп, көптеген жобаларды қолға алды.
Еліміз бойынша биыл мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп, 14 миллиард тұратын 2146 жобаны жүзеге асырған. Бұл көрсеткіш мұнан да жоғары болуы ықтимал. Алайда көптеген кәсіпкерлер өздерінен қандай нақты көмек керек екендігін, ол үшін мемлекеттен қандай қолдау болатындығын әлі біле бермейді.
Эльдар Жұмағазиев, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары:
– Осындай салада әлеуметтік көмек көрсеткен кәсіпкерлерге салықта мүмкіндіктер бар. Ол туралы бизнесмендер біле бермейді. Былтыр мысалы, 2000 бизнесмен осындай мүмкіндікті пайдаланып, 43 млрд-қа әлеуметтік көмек көрсеткен екен.
Міне осы мәселені форумға қатысушылар егжей-тегжейлі сарапқа салды. Ортақ шешім қабылданды. Енді көптеген күрделі мәселелер күн тәртібінен алынады.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:
– Бүгін талқыланған мәселелер бойынша мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар арасында ақпарат алмасуды күшейту керек. Және қолда бар барлық әлеуметтік жобаларды бір орталықққа топтастыру қажет. Сонда іздегендер керегін бір жерден оңай табатын болады. Сонымен қатар жобаға қатысушылардың біліктілігін арттыра отырып, азаматтық қоғам мен бизнес арасын жақындатуға мүмкіндік туады.
Атырауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік жобаларды үйлестіру үшін өңірлік жобалық кеңсе құрылып, жұмыс бастады. Әзірге мұнда бағасы 1,5 миллиард теңгелік 106 жоба бар. Айта кету керек, ол қаржының 3/2 бөлігін жергілікті кәсіпкерлер қаржыландырып отыр.
Ринат Құлмағамбетов, Атырау облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің жетекшісі:
– Біздің мақсатымыз – жобалардың үздіктерін тек сұрыптап алу ғана емес, оны өндіріске енгізуге, одан нәтиже шығаруға бағыттау. Білім, ғылым және бизнес саласындағы жаңа бастамалар қолдаусыз қалмайды. Сол арқылы біз жалпы қоғамды жаңғыртуға ықпал етеміз.
Мұнайлы өңірде қазірдің өзінде 34 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде алыс ауылда балабақша бой көтеріп, емхана пайдалануға берілді. 4 аудан орталығында жаңа мектептер салынып, спорт сарайлары бой көтерді. Бұл – мемлекет қолдауымен бизнесін өркендетіп, биіктерді бағындырған кәсіп иелерінің жерлестеріне деген көмегінің бір парасы.
Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:
– Атыраулық «Инфоорталық» деген қоғамдық ұйыммен және әкімдіктің қолдауымен бірге жасап жатқан «Заңғар» жобасы бар. Бұл – жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған жоба. Ол жерде жастар тек техникалық, компьютерлік білім алып қоймай, өздерінің ортаға бейімделуі мен әлеуметтендірілуі жөнінде мәселені шешеді және соның арқасында қазіргі таңда 5 мыңнан астам жас осы жобаға тартылып, 100-ден астам білім беру ұйымдары қатысуда.
Атырауда өткен республикалық форумда мемлекет, бизнес және үкіметтік емес ұйымдар арасында 10 меморандумға қол қойылды. Үшжақты бірлескен жобалар жалпы қоғамның игілігіне қызмет ететін болады.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Амантай Мәтенов