Жеті күн 11.11.2017
1. Қазақстан-Ресей: Өңіраралық ынтымақтастық форумы
Қазақстанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы кездеседі. Бағымызға біткен байлық бізді біраз жарылқайтыны сөзсіз. Бірақ мұның болашағын айтпағанда, қазірдің өзінде кері әсерін көріп отырмыз. Елдегі шағын және орта бизнес көңіл күткендей нәтиже көрсете алмай тұр. Бәлкім мұнда Абай сынға алған кертартпалықтың да кесірі бар шығар?! Іздей берсең, сыныққа сылтау табылады. Сондықтан себептен бұрын салдарын ойға салып отырған дұрыс-ау?! Мәселен, қойнаудағы қазына қаншалықты көп болса да, әйтеуір бір күні таусылары белгілі ғой. Сонда «сенеріміз» не болмақ? Осыны ойлай келе, Елбасы «Қазақстанды үшінші жаңғырту» жөнінде міндет қойды. Ендігі мақсат – елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру. Ал ол үшін адами капиталдың сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлу маңызды. Бұл ретте жаһандық саясат пен экономиканың жілігін шағып, майын ішіп жүргендер «қанша балталасаң да, бұлжымас бір қағиданы білген дұрыс», – дейді. Ол – «қазіргі әлемде жалғыз жүріп даму мүмкін емес» деген қағида. Расында Жер – күллі адам баласына ортақ. Сондықтан біздің болашаққа бағдарымыз да, тап бірізді болмаса да, ортақтық табуы тиіс. Челябіде өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы – әлгі сөзге әбден айғақ. Бұл жолы көршіліс мемлекеттер адами капиталдың сапасын арттыруда білек біріктіруді сөз етті. Жиынға Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бастаған мемлекеттік органдардың басшылары және іскер топтардың өкілдері, сондай-ақ білім мен ғылым саласының мамандары қатысты. Осыдан-ақ басқосудың маңыздылығы аңғарылады. Бұл – өңіраралық ынтымақтастыққа өзгеріс әкелер шара.
Челябі – Ресейдегі 12 миллионер қаланың бірі. Ірі индустриалды аймақ. Темір балқытып, машина құрастыру мұнда Кеңес Одағы кезінде жолға қойылған. Танкоград деген бейресми атауы бар. 41-дегі сұрапыл соғыс жылдары жауды жер жастандырған танкілер 33 күнде осы өңірде құрастырылған. Бүгінде бұл темір көлік өткеннен сыр шертіп, қаланың көркін келтіріп тұр. Танкоградтың қазаққа да бөтендігі жоқ. Оңтүстік-шығысы Қостанаймен шектесетін аймақтың сауда-саттығы тікелей Қазақстанмен байланысты. Алыс-беріс бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсетіп отырған Ресейдегі екінші өңір. Биылғы өңіраралық форумның Челябіде өтуі де сол себептен.
БЛИЦ:
– Мен Челябінің тұрғынымын. Қазақстанда менің туысқандарым көп. Екі елдің достық қарым-қатынасы азаматтарға тиімді. Осы байланысты үзбеу керек.
– Достарым көп болғандықтан, Қазақстанға жиі барып тұрамын. Барыс-келіске ешқандай кедергі жоқ. Екі ел арасындағы өзара байланысқа барлық жағдай жасалған.
– Біз Челябінің кәсіпкерлері Қазақстанмен етене араласуға мүдделіміз. Бірқатар жобаны қолға алып, сауда-саттықты барынша жандандыруды көздеп отырмыз.
Мұндай форумдарды жіпке тізер болсақ, бұл – он төртінші жиын. Осы уақыттан бері екі ел кəсіпкерлері қарапайым алыс-беріс пен кәсіпорындардың күрделі кооперациясына дейін өсті. Ұсақ саудадан екі мемлекетке де келіп-кетер табыс елеусіз екенін түсініп, əлеуетті біріктірді. Бүгінде бірлескен кəсіпорындардың саны мыңнан асып жығылады.
Алексей Шитиков, «Первая Сервисная Компания» ААҚ Бас директоры:
– Менің компаниям Қазақстанда төрт жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Жыл сайын бізде өсім бар. Мұнай-газ саласына қатысты қондырғыларды импорттаймыз. Жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді шығарып, инновациялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысамыз. Тың технологияларға жүгіну арқылы биыл біз үш жобаны жүзеге асырдық. Келер жылы көрсеткішті еселей түсуді көздеп отырмыз.
Қоңсы екі елдің алыс-берісінің кемі жоқ. «Кім көп беріп, кім көп алып отыр» деп ара жігін ажыратпай-ақ қоялық. Тек айтайын дегеніміз, арадағы осы байланыс – сауатты, мақсаты айқын азаматтардың арқасы. Сондықтан биылғы форум адами капиталды дамыту тақырыбын қаузады. Ал адами капиталдың бір негізі – табысты ұлғайту.
Сергей Ермаков, Оңтүстік Урал сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті:
– Біз бүгінде адами капиталдың маңыздылығы күн санап артып келе жатқанын байқап отырмыз. Қай салаға инвестиция салсақ та, оны басқаратын адам екенін естен шығармау шарт. Осы тұста біз сандық экономиканың көшіне ілесіп, бәсекеге қабілетті болуымыз тиіс. Яғни шағын және орта бизнесті барынша дамыту өте өзекті. Бұл ретте біздің шекараларымыз да ортақ, мүддеміз де бір. Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері үшін мұндай кездесулердің маңызы зор, пайдасы мол.
Əлбетте мұндай форум – қоңсы екі елдің «мен мықты» деген кәсіпкерлерінің бір-бірімен ебін тауып, арада жорға жүргізуіне таптырмайтын мүмкіндік. Ал жиынға екі ел басшысының төрағалық етуі бұл ақылдасу алаңының дəрежесін арттырары сөзсіз. Екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына биыл 25 жыл. Болашаққа бағдар құрмас бұрын президенттер өткенді еске алды. Өйткені ортақ дүние көп. Тіпті Челябі қаласының өзі Нұрсұлтан Назарбаев үшін жастық шақтың ізі қалған мекен саналатын көрінеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Челябинск очень связан с моей металлургической молодостью. Я бывал почти на всех крупных предприятиях в своё время. Магнитогорский металлургический комбинат – флагман металлургии не только Советского Союза, но и всего мира, в то время давал 20 миллионов тонн стали, ни один завод в мире столько не производил. Мы учились, приобретали здесь специальности: Челябинский тракторный завод, трубный завод, многие предприятия – это такой грандиозный центр. Я с удовольствием приехал, и надо вспомнить, что в 2002 году именно здесь мы договорились, что будем каждый год проводить межрегиональные форумы.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Челябі қаласына қош келдіңіз! Сізді еліміздің индустриалды орталығында қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Бұл сапарыңыз екі елдің байланысын бекемдей түседі. Өңіраралық форумды өткізу сіздің бастамаңыз екені баршаға белгілі. Және ол жүйелі жүзеге асып, өз жемісін беріп келеді. Сәйкесінше бұл форум нәтижелі өтеріне еш күмәнім жоқ.
Қос мемлекеттің аралас-құраласы тым әріде және тым жымдаса байланған. Сөзімізге дəлел көрсеткіштерді қаперге алыңыз. Жыл басынан бері арадағы тауар айналымы 10 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 31% болған. Ресей экономикасына қазақ құйған инвестиция 3,32 млрд долларды құраса, орыс кəсіпкерлері Қазақстанға 10,96 млрд доллар салған. Тауар айналымының басым бөлігі аймақтар арасындағы өзара саудаға телулі. Ресейдің өндіріс нысандарының дені Қазақстанның барлық 14 облысымен байланыс орнатқан. Алдымен екеуара кездескен қос президент аймақаралық форумды жыл сайын өткізіп отырудың өзектілігі орасан екенін, бұл алаң шешетін міндеттер де жыл сайын күрделі болатынын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Межрегиональное сотрудничество – основа экономического сотрудничества, которое, несмотря на трудности, растёт. За последние девять месяцев товарный обмен между нашими странами возрос на 31%. И я знаю, что наши министерства сегодня поработали над тридцатью межрегиональными соглашениями, ещё десять межправительственных соглашений подпишем. Каждая встреча – это веха, это решение крупнейшей задачи.
Биылғы кездесуге арқау болған тақырыпқа ойыссақ. Қазақстан Президенті әрдайым адами капиталды ерекше назарда ұстайды. «Еліміздің экономикасын модернизациялауда қай мәселені қолға алған жөн?» деген сұрақтың айқын жауабы адами капиталды дамыту екенін стратегиялық бағдарламаларында да, халыққа Жолдауында да айтқан болатын. Жаңа заман үдерісіне төтеп беру үшін адами капиталды сапалы дамыту шарт. Бұл – бүгінгі күннің шындығы, болашақтың талабы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Согласно докладу о человеческом развитии в ближайшие пять лет изменится более трети знаний, навыков, необходимых для трудовой деятельности. Это серьезный вызов, решение которого должно стать одним из важных приоритетов нашего с Вами сотрудничества. Казахстан работает по программе «Третья модернизация страны». В ней поставлена задача по улучшению качества человеческого капитала, улучшения социального самочувствия людей. Программа призвана обеспечить устойчивое продвижение нашего Плана вхождения в 30-ку развитых стран к 2050 году. Сегодня важно усилить работу по всем основным компонентам человеческого капитала – это прежде всего образование, здравоохранение, развитие рынка труда, система социальной защиты.
Адами капиталға әсер етуші бірден бір фактор – ол əрине білім беру. Ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін «Білім экономикасы» деген жаңа форматқа көшу талабы тұр. Ол үшін инновациялық тетіктерді енгізіп, тәжірибе алмасу маңызды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Идёт цифровизация процесса образования – от детсада до вуза. По взаимодействию Казахстана и России в сфере образования считаю целесообразно усилить его по следующим направлениям. Во-первых, сегодня более 30 казахстанских вузов проводят с российскими вузами совместные научные исследования. Важно и дальше расширить это сотрудничество. Целесообразно проработать вопрос создание научных консенсусов ученых Казахстана и России в перспективных направлениях. В частности, по биоинформационным технологиям, энергетики, космосу и другим в общем-то идет. Здесь можно использовать потенциал таких инновационных кластеров, как наш международный университет, практику инновационных технологий, российского центра «Сколково» и других университетов. Также важным для совместной работы является создаваемая на базе инфраструктуры после EXPO в Астане создается международный финцентр, который начнет работать с 1 января. Международный технопарк IT-стартапов и международный центр зеленых технологий и инвестиций. Мы рассчитываем на тесное сотрудничество с соответствующими структурами России.
Ақылдасу алаңында қозғалған тағы бір өзектілігі кем емес мəселе. Ол – сандық экономика саласындағы қарым-қатынасты жолға қою үдерісі. Халықаралық сарапшылардың пайымынша, экономиканы цифрландыру жаһандық экономиканың көрінісін түбегейлі өзгертеді. Тіпті 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін құрауы мүмкін деген болжам бар.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
– Жаңа маңыздылығы зор бағыттың бірі – цифрлы экономика. Ресей сандық технологияларды барлық салаға енгізу ісін қолға алды. Қазақстан Үкіметі де ақпараттық технологиялардың қолданыс аясын кеңейту бойынша қомақты шаруа атқарып жатқанын білемін. Біз бұл мəселені екеуара Еуразиялық экономикалық одақ аясында да бірнеше рет талқыладық. Өңір басшылары да қарап қалып жатқан жоқ. Осы форум өңіраралық байланыс арқылы цифрлы экономиканы енгізу ісіне сеп болады деген сенім бар.
Өңіраралық форумда аймақ басшыларының да пікірі тыңдалды. Байланысқа кедергі болар бұғаулар сөз болып, ұсыныстар айтылды. Əкімдер мен ресейлік губернаторлар серіктестіктің бүгінгі көрінісін санмен сипаттады. Мысалы, бір ғана Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясымен жасаған сыртқы сауда айналымы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31 пайызға өскен.
Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Өңіраралық форум – қай кезде де күн тәртібіндегі өзекті де өткір мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Біз Омбыдағы әріптестерімізбен бірге ай сайын кезек күттірмейтін күрмеуі күрделі мәселелерді шешіп отыруға уағдаластық. Бүгінде қос елдің өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Демек біз әрі қарай да байланысты бекемдеуге мүдделіміз.
Жиын қорытындысы бойынша 10 үкіметаралық және 30 өңіраралық келісімге қол қойылды. Оның ішінде екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің ширек ғасыр аралығындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнауына орай біріккен құжаттарды да бекітті. Кәсіпкерлер мен сарапшылар бір-бірімен пікір алмасты, келісімдер жасасты, көрме де ұйымдастырылды. Адами капитал тақырыбына арналған көрмені қос президент аралап көрді. Мұнда халық тұрмысын жақсартуға негізделген жобалар таныстырылды.
Өңіраралық форумды бір жылы Ресейде, енді бір жылы Қазақстанда өткізу дәстүрі қалыптасқан. Сондықтан келер жылы дәл осы құрам Солтүстік Қазақстанда яғни Петропавлда бас қосып, туризм тақырыбын талқылайтын болады. Серіктес екі елдің туризм саласын бірлесіп дамыту мəселесі – адами капиталға бергісіз тақырып.
Авторлары: Елдар Бақпаев, Ержан Қанапияұлы, Айдос Серікболұлы, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев
2. Елбасының Қостанай облысына іссапары
Біздің дәуір басталғалы 2017 жыл өтсе, осы аралықта бір түсініктің қазығы мықтап қағылды. «Әлемді идея билейді» деген. Ал игілікті идея ойлы адамнан ғана туады. Елбасының «ақыл аламанында алда болайық» дегенді әр Жолдауында айтуы сондықтан. Дегенмен «қолға тигеннің бәрін қотара беру де, берекеге бастамасын» білген жөн. Сарапшылар ойын ортаға салып, сараласақ: «Бүгінгідей жаһандық бәсекеде жұтылмаудың жолы – IT-білім мен қаржылық сауаттылықты қалыптастыру және ұлтжандылықты дамыту». Бұл ретте «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дейтін тәрбиелі тәмсілге салып сөйлегенде, бізге Жапония жақсы мысал болады. Олар жалықпай жүріп, аз уақытта Азияның ғана емес, әлемнің алпауытына айналды. Қазақстан да осы бағытта қарекет қылып, үздік отыз елмен үзеңгілес болмақ ниетте. Мәселен, ЕХРО 2017 көрме кешенінің орнында көңілге қонымды көп іс жасалып жатыр. Жақын күндерде IT-стартаптар технопаркі ашылады, «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылады. Бұлар – экономиканы еселеудің ең тиімді тәсілдері. Жалпы экономикада еншісін көбейтіп келе жатқан салалардың бірі – көлік өндірісі. Автомобиль шығарудың жыл сайынғы өсімі қарқынды. Оған мына ғаламдық статистика дәлел болады. 1997 жылы 54 миллион темір тұлпар жасалса, 2014-те бұл сан екі есеге шарықтаған. Мұнда негізінен Қытай, Жапония, Еуропа елдері алда тұр. Бұлармен қатарлас болу – біз үшін әлі үлкен арман. Бірақ көлік өндірісіне көрік беруде талпыныс жоқ емес, бар. Кеше ғана шетелдің автомобильдерін шертіп мінсек, бүгінде Қостанайда құрастырылатын темір тұлпарларды тізгіндеу мүмкіндігі туды. Тіпті қазір бұл өңірде электромобильдер құрастыру ісі де қолға алынған. Олар экологиялық жағынан да, қаржыны үнемдеу тұрғысынан да тиімді. Мәселен, электромобильдің 100 километр жолды жүріп өту құны – 200-ақ теңге. Қалтаңызды қақпайды. Жалпы өңірдің бұдан да басқа салаларда жаңалығы мен жетістігі жетіп артылады.
Елбасының Қостанайға бұл сапары әдеттегіден өзгерек. Алдымен жер еміп отырған диқандармен кездесетін Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы бірінші кезекте халықты баспанамен қамту жайын бағамдады. Әуежайдан түскен бойда су жаңа тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Бұл мөлтек ауданда 3 жыл ішінде мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді. Қазір тағы 12 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ол – «Нұрлы жер» бағдарламасының жемісі.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Я же сказал в Правительстве, всем вам, постепенно надо уходить, очереди - это рудимент Советского Союза. Где ты видел в Германии или во Франции очередь на жилье? Мы должны создать человеку условия, чтобы он мог его приобрести, понимаешь. Поэтому арендное жилье увеличиваем, так и жилстройсбережения – накапливает человек определённую сумму, потом банк дает ему деньги, под залог квартиру получает и постепенно рассчитывается.
Мұндағы пәтерлердің бір шаршы метрі 136 мың теңгеден басталады. Яғни қолжетімді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы да алуға болады. Бұл әсіресе жас отбасылар үшін тиімді.
Жантөре Сұлтанханов, қала тұрғыны:
– Баспаналы болу біздің көптен күткен арманымыз еді. «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы сол арманымыз орындалып, жеке пәтерге қол жеткіздік. Отбасымыздың айлық табысы – 300 мың теңге. 9 жылға 60 мыңнан төлеп тұру бізге ешқандай қиындық тудырмайды.
Аймақта өнеркәсіп те өркендеп келеді. Оған дәлел – бір ғана «СарыарқаАвтоПром» зауыты. Кәсіпорын биылдың өзінде 4 мыңнан аса көлік шығарған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 6 жарым мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Биыл өндіріс орны «Ивеко» автобусын жасауды қолға алды. Отыратын орындықтан бастап, автосалонның жабдығына дейін өзіміздің елде өндіріледі. Осылайша отандық үлес 53 пайызға жетіп отыр. Бұл көлік кезінде ЕХРО 2017 көрмесіне қойылды. Өз тиімділігін дәлелдеді. Енді еліміздің бірқатар облысына жөнелтіледі. Сұраныс жаман емес. Мұнда құрастырылған көліктер бүгінде талайдың қажетіне жарап жатыр. Отандық алғашқы электромобильдер де осында шығарылды. Темір тұлпарды кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тізгіндеп, көңілі толған болатын. Бұл жолы да Елбасы бұл көлікті сырт айналып өтпеді. Темір тұлпар 8 сағатта толықтай қуатталады. Қуат көзі 240 шақырымға дейін жетеді. Ал алыс жол жүретіндер үшін енді Алматы мен Астана қаласында жыл соңында 120 қуаттау бекеті ашылады.
Мұндай электромобильдер келер жылы сатылымға шығарылады. Темір тұлпардың құны 7 жарым млн теңгеден басталады. Ал заманауи көлік түрі қолжетімді бола түсу үшін зауыт басшылығы алдағы уақытта 4,5 млн теңгеден сатуды көздеп отыр. Бастысы экологияға еш зияны жоқ. Әрі 1 шақырымға тек 2 теңге шығын кетеді.
Елбасына Қостанай облысының инвестициялық мүмкіндіктері де баяндалды. Биыл 9 айда аймаққа 139 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көп. Жарты жылдың қорытындысы бойынша жалпы аймақтық өнім 4 пайызға артқан. Президент алдында осылай есеп берген облыс әкімі барлық жетістіктерді жіпке тізді. Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлікті дамытуға ден қойды.
Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:
– Біз даму қорымен бірлесіп, шағын несие беру шартын жасастық. Яғни қаражаттың 50 пайызын біз берсек, қалған 50 пайызын қор төлейді. Бір адамға 16-17 млн теңге беріледі. Оның жылдық үстемақысы – 6 пайыз. Бұл өте ыңғайлы. Сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен де бірлесіп, басқа бағдарлама аясында қолдау көрсетіп жатырмыз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– «Атамекен» сейчас реализует очень хорошую обучающую программу «Бастау бизнес». Надо научить людей открывать бизнес, подсказать, куда идти, как кредиты получать. «Атамекен» в рамках «Бизнес бастау» эту работу проводит, надо поддержать. Потому что объем произведенной продукции в МСБ должен расти. Нужно повышать занятость, надо научить людей, чтобы сами себя обеспечивали всем необходимым. Государство в этом помогает.
Мемлекет басшысы еліміздің аграрлы аймағы Қостанайда өнеркәсіпті дамыту керектігін әр кез айтып келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Костанайская область – крупнейшая аграрная область, самый аграрный регион производства пшеницы, качественной экспортной, более 5 миллионов тонн собрано, наше стремление сделать промышленным. Издревле работаем, чтобы в области была промышленность. Этого производства в Казахстане не было, теперь мы крупная автомобильная страна. Этот завод и завод на востоке - два завода работают эффективно.
Өндіріс орны биыл «Джак» 3 автокөлігін құрастырып жатыр. Отандық үлес әзірге 35 пайыздан асады. Мамандар көлікті жасап қана қоймай, сыртын да бояйды. Бұл – қытайлық компаниямен бірлескен жоба. Бұдан бөлек аспан асты елі Қазақстанда «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында 52 өнеркәсіптік кәсіпорын салуға атсалысады. Оның жалпы құны – 27 млрд доллар. Осылайша арадағы алыс-беріс одан сайын артып, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен де сауда-саттық жандана түсуі керек.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Дорога от границы с Китаем до России построена. Построена прямая железная дорога – 1200 километров построили за 18 месяцев, построили дорогу на Персидский залив с выходом на Бендер-Аббас. Сейчас через Казахстан проходит 250 тысяч контейнеров.
Елбасының сапары аясында тиімді келісім бекіді. Қытайлық компания 10 жыл ішінде Қазақстанның автоөнеркәсібіне 1 млрд доллардан астам қаражат құятын болды. Бұл қаржының 22,5 млн доллары қондырғыларды жаңғырту үшін алдын ала берілген. Нәтижесінде келер жылдан бастап өндіріс көлемі 2 есеге арта түспек.
Андрей Лаврентьев, «Aллюр компаниялар тобы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы:
– Қытайлық компанияның инвестициясынан кейін біз 3 жыл ішінде кәсіпорынның қуаттылығын арттырып, 60 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл Еуропалық Экономикалық Одақ елдеріне тасымалданатын көлік санын 30 пайызға ұлғайтуға сеп болмақ. Сондай-ақ Тәжікстанға шамамен мың «Джак» автокөлігін жөнелтетін боламыз. Оның жүзі биыл тасымалданады.
Қостанайда бизнес қарқынды дамып келеді. Қазір мұнда жұмыс істеп тұрған орта және шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 50 мыңға жетті. Президент облысқа келген сайын кәсіпорындарды аралап, қойылған тапсырмалардың орындалуын қадағалайды. Бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда ғана қолданысқа берілген балмұздақ шығаратын зауыт жұмысымен танысты. Мұндағы заманауи технологияларды көріп, қызметкерлермен әңгімелесті. Өндіріс орны сүт өнімдерінің 50-ден аса түрін шығарады. Іргетасы 20 жыл бұрын қаланған. Кезінде шағын ғана сүт өңдеу кәсіпорны болса, бүгінде ол 3 бірдей зауытты біріктіріп отыр. Мұнда 250 адам жұмыс істейді. Нәтижесі жақсы. Былтыр шамамен 32 мың тонна сүт өнімдерін өндірді. Мемлекет басшысы кәсіпорынды аралап болған соң жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен де жүздесті. Өз істерін сөзбен емес, іспен дәлелдейтін фермерлер Президентке жетістіктерін жарыса жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев өнімді тек шығарып қана қоймай, қайта өңдеу керектігін тағы бір мәрте қаперге салды. Сонда ғана тапқан табыс еселеніп, халықтың әл-ауқаты артады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Переработка сельхозпродукции – самая важная часть. Поднимать производительность надо. Хотя бы мукой продавать, а не пшеницей. А лучше производить макароны и другие виды продукции. Теперь из зерна вытаскивать глютен, крахмал и тд. Такие заводы придется нам в будущем строить, чтобы переработанное зерно было. Когда мы посмотрели, построенные, обрабатывающие, перерабатывающие предприятия по молоку, по мясу используются на 50-60%. Почему? Потому что нет сырья! То есть некому взять у товаропроизводителей сырье и привезти на завод. Поэтому идея о кооперативах родилась. Она должна по-настоящему заработать. Товаропроизводитель производит, продукцию у него на месте закупают и без посредников работают. Там есть проблемы. В центрах склады нужны, хранилища нужны. Но надо продвигаться в этом направлении.
Ал бұл міндеттерді іске асыру үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Қажет болса, жеңілдетілген субсидия да беріледі.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– В сельском хозяйстве государство использует субсидирование, как вы знаете. Но я слышу, что субсидирование не ко всем попадает, и не очень понятно, лучше эти деньги отдать в кредит. Как к этому отношение? Если дать в такой сумме кредит, облегченный, для сел, оно было бы более эффективно, чем субсидии, которые непонятно как. Или может быть крупное хозяйство субсидиями хорошо пользуется, малому не хватает, вы лучше видите. Как вам?
Борис Князев, Қазақстанның Еңбек Ері:
– Я думаю, надо животноводство все же поддерживать. Надо немножко поддерживать, и мое мнение, надо субсидии желательно бы сделать на проданную продукцию. Тогда хочу я, не хочу я, буду думать, как поставить свою продукцию.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Сначала было погекторано, мы от этого отошли, потом на произведенную продукцию, теперь вы говорите на реализованную.
Борис Князев, Қазақстанның Еңбек Ері:
– Сейчас за мясо, молоко мы получаем субсидии именно на реализованную продукцию, это гораздо эффективнее.
Өндірісте инновациялық әдістерді қолданғанда, еңбек өнімділігі ұлғаяды. Ол үшін ауыл шаруашылығы саласына тың технологияларды енгізу керек. Бұл ретте Елбасы ғылымды дамытуға зер салды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– У нас три аграрных университета в Казахстане: в Алмате, Астане и у вас. У каждого есть свое направление. Им надо просто перенять все, что в мире есть, районировать и помогать внедрять. Не надо велосипед придумывать. И слово "генномодифицированная продукция" нас пугает названием своим. А я посмотрел в Бразилии, ничего страшного там нет. Берутся семена какие-то, туда всаживаются генетические, устойчивые к жаре, засухе, получаются новые семена, которые устойчивые и дают сразу 30% роста продукции. Также и в животноводстве.
Аймақта іскер азаматтар «Туған жер» бағдарламасының іске асуына да атсалысып отыр.
Мәди Ихтиляпов, серіктестік директоры:
– «Туған жер» бағдарламасы бойынша біз әлеуметтік салаға 25 млн теңге бөлдік. Және осы бағдарлама аясында бізде наубайхана жұмыс істеуде. Күніне 450 бөлке нан пісіреміз. Бір бөлкенің шығыны 50 теңгені құраса, жартысын өзімізге алып, халыққа 25 теңгеден сатамыз. Және өзіміздің жеке балабақшамыз бар. Балабақшада 50 бала бар. Шығыны айына 9 мың теңгені құраса, шығынның 7 мыңын өзімізге алып, ата-аналар 2 мың төлейді.
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Өңірде жастардың спортпен шұғылдануына да қолайлы жағдай жасалып келеді. Бұл – теннис орталығы соның айқын көрінісі.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Спорт – великое дело. Вот сейчас вы занимаетесь и всю жизнь у вас останется интерес к спорту. Теннис, вот председатель федерации Болат Жамитович хорошо занимается. По всему Казахстану я просил у акимов всех, во всех областных центрах есть такие теннисные центры. Ну и наши спортсмены выходит. Сейчас в Токио, да, никогда Казахстан не выходил на такой уровень. Среди сотни лучших теннисистов находится казахстанцы.
Қазір мұнда 118 адам спортпен шұғылданады. Әсіресе мектеп оқушылары көптеп келеді екен.
Диана Шәріпова, мектеп оқушысы:
– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Менің атым – Диана. Мен тенниспен төрт жыл бойы айналысып келемін. Бұрын бізде мұндай жағдай болған жоқ. Біз Сізге теннис орталығын салғаныңыз үшін үлкен рақмет айтамыз!
Ал ауыр атлеттерді дайындайтын бұл орталық жастардың кәсіби спортпен шұғылдануына жол ашып отыр. Кешен биыл қолданысқа берілді. Ғимарат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жекенің қаражатына салынған. Жалпы құны – 324 млн теңге. Халықаралық талаптарға сай келетін нысанды Президент аралап көрді. Көк байрағымызды көкте желбіретіп жүрген чемпиондармен кездесті. Қазір мұнда Қазақстанның ең мықты спортшылары жаттығып жатыр. Соның бірі – Еламан Сейітқазы. Ол осыдан 5 жыл бұрын кәсіби спортпен шұғылдана бастады. Аяқ алысы жаман емес. Бірқатар халықаралық додада ел намысын қорғап, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы атанды. Болашақта олимпиада ойындарының жүлдегері болуды мақсат етіп отыр. Арманына жету үшін күн-түн демей жаттығады.
Еламан Сейітқазы, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы:
– Елбасымен кездесу өте керемет болды. Ол кісінің қолын алу – біз үшін биік мәртебе. Ол бізге рухани сөздер айтып, жүрегімізге от берді. Енді ол кісінің сөзін жерге қалдырмай, біз де сол мақсатқа жетуіміз керек. Қазақстанымыздың көк туын желбіретеміз.
Мемлекет басшысы кішкентай бүлдіршіндерді де назардан тыс қалдырмайды. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген қағиданы берік ұстанып, жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, оларға да уақыт табады. Бұл жолы да солай болды. Жаңадан ашылған сауда орталығына барып, балақайлармен әңгімелесті. Көңілдерін аулап, ақыл-кеңесін айтты. Бір қуантарлығы, Қостанайда балалар үйі азайып келеді. Тағдыр тәлкегінен ананың ыстық алақаны мен әкенің мейірімін көрмеген қамкөңіл бүлдіршіндерді асырап алушы кеңпейіл жандар көбейген. Елбасы екі күнге созылған жұмыс сапары аясында облыс басшысына бірқатар тапсырма жүктеді. Ал олардың нәтижесі алдағы уақытта сараланатын болады.
Авторы: Назерке Әбдірахманқызы, Айдос Меделбек, Жанұзақ Боранбаев, Хасен Омарқұлов
3. Елбасы қабылдауы
Президент сапарға шықпас бұрын Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдаған болатын. Кездесуде қаралған мәселе – азаматтық қоғамдағы ахуал мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар. Бұл ретте Мемлекет басшысы министрлік жұмысының бүгінгідей дүбірлі сәттегі маңыздылығын тілге тиек етті. Және бірқатар тапсырма жүктеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Жаңа министрлік құрылғалы біршама уақыт өтті. Қазіргі жағдайда министрліктеріңіздің жұмысы істеп жатқан шаралар үшін, саяси бақылау және ішкі жағдайды тұрақтандыру мен халыққа түсіндіру үшін, еліміз үшін аса маңызды. Біздің жүргізіп жатқан саясат – барлық дінге бірегей қарау. Сол жайында қандай жұмыстар жасалып жатқанын баяндауға шақырдым.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:
– Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, министрлік 1 жыл жұмыс істейді. Сіздің Жарлығыңызбен үш басты бағыт бекітілді. Ол – дін саласы, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу және жастар саясатын іске асыру, сондай-ақ волонтерлармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды үйлестіру. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2 жобаны жүзеге асыру және қайырымдылық қызметін үйлестіру бағыты бар. Жалпы айтқанда қоғамымызда осы үш бағытта мемлекеттік саясатты халықтың қолдау деңгейі жоғары. Яғни дін саласында халықтың 87 пайызы мемлекеттің саясатын қолдайды. Азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу саласында 60 пайыз, ал жастар саясатында 75 пайыз мемлекеттің саясатын қолдап отыр.
4. Кәмшат Дөненбаева өмірден озды
Күні кеше қалың қазақ біртуар қайсар қызын жоғалтты. Даңқты диқан-механизатор, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева дүниеден озды. Қайғылы хабарды Нұрсұлтан Назарбаев зор күйзеліспен қабылдап, марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Кәмшат Байғазықызы көп жылдар бойы механизатор болып еңбек етіп, жер жыртып, астық өсіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты. Кезінде басқа да бірқатар қыз Кәмшатқа еліктеп, механизаторлық мамандықты таңдап, еліміздегі бүгінгі береке мен молшылықтың негізін қалады. Бойында қазақ әйеліне тән ақыл мен парасат, еңбекке деген қажыр мен қайрат шебер үйлесім тапқан Кәмшат Дөненбаеваның есімін, оның атқарған істері мен жарқын дидарын қазақстандықтар әрдайым жадында сақтайды деп сенемін», – делінген жеделхатта.
5. Жеке мен мемлекеттің әріптестігі
Соңғы кездері саясат сахнасында «әріптестік» деген сөз әжептеуір қолданыста жүр. Егер мемлекеттік деңгейде қарастырсақ, бұған дейін сөз еткен жарқын мысал – Қазақстан мен Ресейдің әріптестігі. Немесе ЕЭО-ға мүше елдердің стратегиялық әріптестігі. Ал мемлекетішілік көзқараста «жеке мен мемлекеттің әріптестігі» деп өріледі. Бұл тіркестің тілдік қолданысымызға енгеніне аса көп уақыт болған жоқ. Тарихы 2015 жылдан басталады. Анығы сол тұста осы атаумен Заң қабылданған. Ол кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін еске салған құжат болды. Яғни мемлекет өз-өзіне міндеттеген жұмыстардың бір бөлігін бизнес иелеріне бөліп берді. Мұның мәнін «саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дейтін мақал жақсы ашатын сыңайлы?! Осы әріптестіктің нәтижесінде балабақша, мектеп, аурухана сынды маңызды нысандардың тапшылығы түбегейлі болмаса да, біртіндеп шешімін тауып отыр. Бірақ жүйенің өзінде жүйесіз шикілеу тұстар әлі де бар көрінеді. Осы мақсатта жауаптылар заңды жетілдіру ісін қолға алған. Қазір жаңа заңның жобасы Сенаттың қарауында жатыр. Егер ол құжат депутаттардың қырағы қарауынан өтіп, қабылданса, мемлекет пен жекеменшік әріптестікте қандай өзгерістер болмақ?
Жансая Қожахметова, шолушы:
– Оңтайландыру, енгізу, ұзақ мерзімділік. Міне осы үш ұғым мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын қарау механизмінің жаңашылдығы болғалы тұр. Келер шақта сөйлеуімнің себебі де бар. Заң жобасын Мәжіліс мақұлдағанмен, қазіргі таңда Парламент Сенатында қаралуда. Сонымен әрқайсысына жеке-жеке тоқталайын. Қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімшартын жасасқанға дейінгі рәсімдер 5 негізгі кезеңнен тұрады. Біріншісі – инвестициялық ұсынысты әзірлеу. Екіншісі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ретінде танылса, онда тұжырымдамасы әзірленеді. Үшіншісі екінші кезеңнің қорытындысы бойынша конкурстық құжаттама әзірленеді және конкурс жарияланады. Төртінші жобаға сараптама жүргізіледі. Кейін конкурс қорытындысы шығарылып, келісімшарт жасалады. Ұсынылған заң жобасы аясында 2 кезеңді алып тастау қарастырылуда. Олар – тұжырымдама әзірлеу мен жобалар сараптамасы. Осылайша бұл өзгерістер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының келісу және сараптамалар мерзімдерін қазіргі 7 айдан 3 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, қос тарап 65 жұмыс күнін үнемдейді. Енгізуге қатысты айтар болсақ, дайын жобалау-сметалық құжаттамалары бар, әлеуметтік маңызды жергілікті стандартты жобаларды жоспарлау үшін жаңа тәсілді енгізу ұсынылады. Жеке әріптесті таңдаудың басқа әдістері, мемлекеттік бағдарламаларда келісімшарт жасасу және жобаны іске асыру шартын анықтау мүмкіншілігін енгізу қарастырылған. Осылайша мемлекеттік органдар инвестициялық ұсынысты және жобалау құжаттамалар пакетін әзірлеу қажеттілігінен босатылады. Ал кәсіпкерлерге көлемді конкурстық өтінімді дайындаудан арылуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімділік мәселесін жіліктесек, қазір тәжірибеде ұзарту мүмкіндігі қарастырылып, мемлекеттік тапсырыс тек 1 жылға есептелген. Ол бизнеске көп жыл капитал жұмсалымын жоспарлауға және қарыздық қаражат тартуға мүмкіндік бермейді. Ал жаңа заңнама аясында жоба шеңберіндегі тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге кем дегенде 3 жылға тұтыну кепілдігі қарастырылған. Заң жобасына сәйкес мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін жаңғырту тетіктері 9 тармақты қамтиды. 9 тармақтың тоғызы да тараптардың көңілінен шығып, бастысы әріптестіктің әлеуеті әлеуметке пайдасын тигізсе, игі болар еді.
6. Негізгі мақсат – кәсіпкерлікті қолдау
Қазына «алтын балық» емес. Тілегіңді түгел орындай алмайды. Яғни қаржыны көңіл қалағандай бөлуге көнбейді. Жоспарлы түрде, шектеулі мөлшерде ғана беріледі. Сондықтан түйткілдердің түйінін бір демде тарқату мүмкін болмай отыр. «Жолы нашар, суы жоқ, ауыл қайтіп күн көрер» деген ойдың астары осында жатыр. Бірақ бұл «мәселе ешқашан шешілмейді» дегенді білдірмейді. Атқамінерлер айтпақшы «барлығы жоспарда жазулы». Тек күту керек. Мемлекет пен жекеменшік әріптестікті енгізудегі мақсат та осы еді. «Бизнесмендер есебінен, бюджетке түсер салмақ азаюы» тиіс болатын. Және осы жүйені дамытуға Үкімет қолдан келер жағдайды жасап берді. Мәселен, әр аймақ жобаларды өздері дайындап, өздері жүзеге асыру құқығына ие.
Елімізде бүгінде кәсіпкерлік салаға ерекше көңіл бөлініп отыр. Үкімет «еңбек етемін, іс қыламын» дегендердің бетін қаққан емес. Керісінше қолдайды. Мемлекеттік бағдарламалар – соның айқын дәлелі. Сол демеудің дара түрі деп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік заңын алуға болады. 2015 жылы қабылданған қаулы бизнесмендердің белсенділігін арттырды. Мәселен, кәсіпкер өз қаржысына әлеуметтік нысан тұрғызуға ниетті. Ол құжаттарын дайындап, жергілікті әкімдікке барады. Дәл осы заң негізінде келісім жасасады. Айталық, мұнда екі тарапқа пайда бар. Мемлекет бизнесменнің кеткен шығынын өтейді және үстіне сыйақы қосып береді. Бірақ бір емес, бірнеше жылда.
Тәтімбет Жұмағұлов, Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы:
– Мемлекет өз тарапынан үлкен қаражатқа бір уақытта ақша бөлінетін болса, жеке серіктестіктің келуі арқылы ол жобаның құнын бірнеше жылда бөлшектеп беруге болады. Бұл дегеніміз, бюджеттен бір уақытта кетпейді, яғни өте тиімді. Бір жылдың ішінде бір жоба емес, бірнеше жобаның жүзеге асырылуын қарастырады.
Бағдарлама барысында кез келген жоба жан-жақты қаралады. Жемқорлыққа жол берілмес үшін бар мәлімет үнемі жарияланып отыратыны тағы бар. Мысалы, әкімдікке балабақша керек болса, мекеме байқау ұйымдастырады. Сонда жеңіске жеткен адам тікелей өзі сол жұмыспен айналысады. Екінші компанияға сілтеу деген ұғым жоқ. Онымен бірге бизнесмен өзі де ұсыныс жасай алады.
Талғат Тұрсынбаев, Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы:
– Сізбен конкурссыз келісімге келетін болса, әкімдік өзінің сайтында сол мәліметті жариялайды. «Мен мына кәсіпкермен балабақшасын рәсімдеуге ниеттімін. Тағы ұсыныс білдіретіндер бар ма?» дегендей. Егер тағы екінші адам ұсыныс жасаса, байқау ұйымдастырылады.
Петропавлда салынып жатқан теннис кешеніне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 3 тарап келісім бекіткен. Кәсіпкер, екінші деңгейлі банк және облыстық басқарма. Нақтылап өтсек, бизнесмен ақша салды, банк көмек көрсетті. Демек оларға алдағы жылдары ақша бөлініп отырады. Жоба құны 1 миллиард 539 миллион теңге болса, 11 жылдық келісімге сай 2 миллиард 640 миллион төленеді.
Арғын Ғабдулин, «Есіл өңірлік даму орталығы» ЖШС бас сарапшысы:
– Бұл нысан 7200 шаршы метрді алып жатыр. Көрермендер сыйымдылығы – 1200 адам. 4 жабық алаңмен бірге 3 ашық алаң да салынады. Онда баскетбол, волейбол ойнауға болады және спортшылар жаттыға алады. Бұл жоба өңірдегі спортты дамытуға үлкен серпін береді. Бұған дейін облыста мұндай нысан болмағандықтан, жұртшылық жылы қабылдайды деп сенемін. Өйткені балалар спортпен айналысуға мүмкіндік алады. Жұмыс осы қарқынмен жалғасса, ғимарат ендігі жылдың наурызында аяқталады.
Ақтауда салынып жатқан тұрғын үй де осы жобаға иек артқан. Жеке кәсіпкер өз қаржысына 250 пәтердің құрылысын бастады. Әкімдік жер беріп, қажетті инфрақұрылымды тартып берді. Өзара келісімге сай бұлар жергілікті билікке 10 пәтерді береді. Қалғанын өздері сатады. Оған мемлекет жалға беру сыйақысын төлейді.
Абай Жәдігеров, құрылыс компаниясының басшысы:
– Әрине тиімді. Қазір қаланың аумағынан жер табудың өзі қиын. Оның үстіне аукционға түскен кезде де қолма-қол ақшаңызға салып, жер телімін сатып алу керек. Мысалы, бір жылдың ішінде 10 бөлмелі үй салып берсек, бізге әрине тиімді болады.
Мұндай іске кәсіпкерлердің дені құштар. Бірақ кейде қаржылары жетпей, жолдан шығып жатады. Екінші деңгейлі банктен көмек сұраса, олар 2-3 есе жоғары кепілдік сұрайды. Ондай мүмкіндік көп адамда бола бермейді. Сондықтан мемлекетпен бекіткен келісімін көрсетеді. Оған да банктер иіле қоймайтын көрінеді.
Талғат Тұрсынбаев, қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы:
– Екінші деңгейлі банктер кепілдендірілген төлемдерді кепілзат ретінде алмайды. Өйткені қазіргі Ұлттық банктің пруденчалдық нормативтері бойынша болашақта келетін төлемдердің барлығы негізгі кепілзат болып саналмайды.
Бұл түйткіл қазіргі күні қаралып жатыр. Егер қаржы институттары келісімді місе тұтса, жеңіл болар еді. Бірақ бұған қарамай, кәсіп жасап жатқандар жетеді. Тек биылдың өзінде 88 жоба бекісе, 2015 жылдан бері 116 нысанның құрылысы мақұлданған. Мамандар алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасына келетіндер көбейетінін айтады. Себебі қалалармен қатар аудандар да бұл іске белсенді кірісе бастаған.
Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Санжар Жартиев
7. Жанар-жағар май бағасы енді қалай құбылады?
Шексіздікті білдіретін таңба математикалық есептерден таныс болатын. Енді осыны «жанармай жыры» дейтін тіркестің белгісі етсе де, ешкім таң қалмас?! Шын мәнінде мәселенің шешілетін шегі жоқ. Баға да «шек» дегенді білмей тұр. Өткенде бір құбылып еді. Бұл жолы тағы да шикілік шықты. Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынын өндіретін құрылғы жұмыс істемей қалыпты. Өнеркәсіп басшылығы «бұлай болады деп ойламадық» дегенді жауап ретінде алға тартты. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де солай. Бірақ жоғарыда отырғандар сенбеген сыңайлы?! Зауыт басшысын қызметінен босатыпты. Адам ауысады. Ал баға ше? Елді не күтіп тұр: қымбатшылық әлде арзандау?!
Қазан айында жанармай бағасы өсіп, тапшылық туындағаны естеріңізде шығар. Сол уақытта жауапты мамандар қараша айында жағдай біршама тұрақталатынын айтып, жұртты жұбатқан еді. Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталып, «импорттық өнімді азайтамыз» деді. Межеленген мезгіл жетті. Бірақ сырттан отын тасуды тоқтатқан жоқпыз. Оның басты себебі – Павлодардағы зауыттың бір құрылғысының істен шығуы. Осы мәселе апта басында Энергетика министрлігінде көтерілді.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
– Келісімге сай 8 қарашада зауыт толық жұмыс істеу керек еді. Сіз барлық қондырғыны қосатын болғансыз. Бүгін – 7 қараша. Енді министрлікке тағы жаңа кестені 10-на ауыстырып, ұсынып отырсыз. Әуелде біз зауыттың іске қосылатын мезгілін есептеп, сырттан келетін отынды кемітеміз деп жобаладық. Бірақ жоспарланған отандық бензиннің мөлшері тағы аз болатын көрінеді. Жағдай осылай жалғаса берсе, бұл халыққа, елге, экономикаға кері әсерін тигізеді.
Сол күні зауыт директоры да тыңдалды. Ол бүлінгенді бүтіндеуге кірісіп кеткендерін айтып, ағынан жарылды. Жөндеудің бір емес, екі жолын ұсынды. Бірақ қос нұсқа да уақытты талап етеді.
Шухрат Данбай, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС Бас директоры:
– Біз өз кінәмізді мойындаймыз. Өз күшімізбен сол аумақты жөндеуге тырыстық. Бірақ қуатты есептемедік. Соның салдарынан қондырғы тұрып қалды.
Жобаға сай осы айда зауыт 150 мың тонна дизель отынын шығару қажет еді. Алайда қондырғының сыну салдарынан тек 25 мың тонны өндіре алады. Демек Ресейден тасымалдау жасау арта түспек.
Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:
– «ҚазМұнайГаз» 90 мың тонна дизель отынын әкеледі. 60 мың тоннасына келісім жасасып қойдық. Соның есебінен нарықта тапшылық туындамайды. Сонымен бірге баға өзгерісі де болмайды деп болжаймыз. 155-157 теңге аралығында сақталуы керек. Егер импорттық өнімнің бағасына қатысты сұрақ туындаса, ол Павлодар мұнай өңдеу зауыты жұмысының кешеуілдеуінен.
Мамандар ауыз жиғанша, дизель отынының бағасы қымбаттап, тапшылық сезілді. Павлодардағы ұсақ бекеттерде жанармай азайды. Тіпті кей бекеттер талон талап етті. 7-8 күнге есептелген 3700 тонна қор болса да, жағдай күннен-күнге күрделеніп барады.
Асхат Жармағамбетов, Павлодар облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының орынбасары:
– Өзіміздің зауыттан қажетті дизель отыны келіп жатқан жоқ. Тек желтоқсанның орта тұсында сұйық отын болады деген ақпарат бар. Жергілікті орган өкілдері мәліметпен танысып, іске кірістік. Тасымал жасайтын компаниялармен жұмысты бастадық. Олар 20-25 күнде жеткізіп береміз деп отыр. Ресми тасымал орындары литрі 165 теңгеден береді. Сәйкесінше ол бағаға шығын қосылып тағы өседі.
Бекет маңы ұзын-сонар кезек. Жүргізушілер литрі 165 теңгеге бағаланған дизель отынын таласып алып жатыр. Өйткені өзге орындар талон талап етеді. Құны да жоғары.
Ержан Тұрлыбай, көлік жүргізуші:
– Тағы да қымбаттайтынын айтып жатыр. Көбі талонмен беруде.
Нұрлан Сүлейменов, көлік жүргізуші:
– Көлік жүргізудің мәні қалмай барады. Басқа кәсіп табу керек шығар. Себебі шығын көп.
Мұнай өңдеу зауыты бар Атырауда дизель отынына тапшылық жоқ. Облыстағы көлем – 3400 тонна. Отандық өнімнің бағасы 155-158 теңге болса, ресейлік қысқы дизель отыны 230 теңге шамасында. Бұл баға қазірдің өзінде жүргізушілердің қалтасын қағып жатыр.
Нұрдәулет Бөкебаев, көлік жүргізуші:
– Өзіміз осы кеше ғана Ресейден келдік. 38 рубльден жасадық. Орал, Ақтау жақта 160 теңгеден. Ресеймен теңесіп бара жатырмыз. Ал қысқы дизель отыны жайлы айта алмаймын. Мұнан да екі есе болуы мүмкін. Барын құйып жатырмыз, сапасы да белгісіз. Бағасын төмендетсе, жақсы болар еді деп ойлаймын.
Елдегі Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары да жөнделіп жатыр. Министрдің айтуынша, бірі желтоқсанда, екіншісі ендігі жылы жаңарып бітеді. Ал Павлодардағы зауытқа шамамен әлі бір ай керек. Қанат Бозымбаев бұл зауыт басшылығының жіберген қателігі екенін айтты. Ізінше «ҚазМұнайГаз өңдеу және маркетинг» АҚ директорлар кеңесі Шухрат Данбайды бас директор қызметінен шеттетті. Енді компания олқылықтың орнын толтыруға күш салады.
Авторы: Сәкен Сейітханұлы
8. Рухани жаңғыру
Әлем – әбігер. Өркениет көшінде адамның сырты бүтінделгенімен, ішкі дүниесі күйзелісте. Құндылықтар құлдырап барады. Салдарынан қаламынан бұрын, қаруына сенгендердің қарасы артты. Өткен жылдың өзінде 15 мыңға жуық теракт тіркеліпті. Сондықтан сананы жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды түгендеп алу маңызды. Міне сонда болашаққа барар жолымызда бұралаң тұстар болмас па еді?! Яғни Президент ойымен айтқанда: «рухани жұтаңдық» атаулы дерттен аулақ жүргеніміз абзал.
«Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» пен қазақ тілін латын графикасына көшіру секілді жобаларға этномәдени бірлестіктердің барлығы қатысуы керек. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы осы мәселеге назар аударды. Сондай-ақ Гүлшара Әбдіқалықова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ассамблея жұмысына тың серпін бергенін атап өтті. Ал Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің мүшелері жастармен жиі кездесуді қолға алды. Мұндағы мақсат – рухани жаңғыру аясындағы жобалардың мән-маңызын түсіндіру, оларды ортақ іске жұмылдыру.
Қанат Оразғалиев, қалалық шағын аудандар бойынша құрылған қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:
– Біздің болашақ халқымыздың бірлігі ынтымақта тұр. Төле бидің «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп айтқаны бар. Сондықтан халқымыз жұдырықтай жұмылып, «Рухани жаңғыруды» ұрпаққа жеткізіп, жастарды тәрбиелесек, жетістіктерге жетеміз.
«Туған жер» бағдарламасы Жетісу жерінде де сәтті жүзеге асып жатыр. Аймақ кәсіпкерлерінің бірі саябақтарды жөндеп, мектеп пен балабақша салса, енді бірі бие байлап, қымыз өндірісін қолға алды. Талдықорғанның іргесіндегі этноауылда қысы-жазы қымыз бен саумал үзілмейді. Ұлттық сусынның қасиетін білетіндердің қарасы қалың. Әсіресе жаз мезгілінде шетелдік саяхатшылар 10 күн бойы киіз үйде түнеп жатып, саумал ішеді. Сонымен қатар бұл жерде сал ауруына шалдыққан балалар тегін емделеді.
Еркін Ержігітов, атбегі:
– Аурушаң балаларды атқа мінгізіп, емдейміз. Әр бейсенбі күні тегін. Атқа мінуге қызыққан адамдар келіп тұрады. Оларды да үйретеміз.
«100 жаңа есім» жобасына ұсынылған азаматтың бірі – қостанайлық қаламгер Хамитбек Мұсабаев. Қолынан қаламын тастамаған ол байтақ даланың бай шежіресін хатқа түсірді, ұлағаты мол кітаптар жазды.
Хамитбек Мұсабаев, журналист:
– Адамға көп нәрсенің керегі жоқ, өмірдің ең кереметі – бірге жүрген замандастарыңмен тату болып, адал өмір сүру. Ешкімге зияның тимесе, өзіңді өзің жетелеп, ізденсең, нәтижесін қайтсе де береді.
Қазақ тіліндегі латын әліпбиінің ережесі жазыла бастады. Алматыда өткен конференцияда латын әліпбиін қолданысқа енгізудің тиімді жолдары талқыланды. Жиналғандар қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарын сақтаудың маңыздылығын баса айтты.
Өмірзақ Айтбайұлы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:
– Емле-ережелерін жазуымыз керек. Баяғыда біз емле-ережелердің барлығын орыс тіліне бұрып, жазуымызды бүлдіріп алдық. Енді соның барлығын қалыпқа түсіру үшін бірталай жұмыс жасалады. Ол жөнінде біздің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білім институтының мамандары шаруалар бітірді. Әлі де талай жоспар құрып отыр.
Семей қаласындағы электротехникалық колледжде латын әліпбиімен сабақ өткізіле бастады. Оқу орнының басшылары сынақ түріндегі бұл сабақтар шәкірттерді жаңа таңбаларға икемдеу үшін қолға алынғанын айтады. Бұған дейін колледждің мың жарымға жуық студенті жаңа әліпбиге қолдау білдіріп, бірнеше шара өткізген еді. Қазір білім ордасы дипломдық жұмыстар мен оқулықтарды біртіндеп латын әліпбиіне көшіруді көздеп отыр.
Азат Сарпеков, Семей электротехникалық колледжінің директоры:
– Бізге латын әліпбиіне ауысу жеңіл болады. Себебі электрлік, мехатроника, инженерлік және медицина саласында көп сөздерді ағылшын тілінде атаймыз. Сондықтан бізге мағынасын түсінуге өте жеңіл. Электротехника колледжі болғаннан кейін техникалық, электроника және инженерлік терминдерден бастасақ деген ойдамыз.
Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде латын тілінде толтырылған түрлі құжаттар жарыққа шығарыла бастады. 30-40 жылдардағы өлке тарихынан сыр шертетін жәдігерлерге қызығушылық басым. Сондықтан арнайы көрме жасақтап, сұрыпталған құжаттар көпшілік назарына ұсынылды.
Айсана Бағытжанова, өлке тарихын зерттеу бөлімінің меңгерушісі:
– Мұндай құжаттар біздің ғылыми қорымызда мыңдап саналады. Әсіресе 1937 жылғы репрессияға қатысты құжаттарды жарыққа шығаратын болсақ, біз көптеген құнды деректерді ашамыз деген ойдамын.
«Тарихи ақтаңдақтар» атанып келген қуғын-сүргін жылдарындағы құжаттарда талай шежіре жатыр. Осыны ескерген тарихшылар латын тілінде жазылған түрлі қолжазбаларды өңдеп, баспаға дайындауға кірісті. Еліміз латын әліпбиіне көшсе, олар көпшілікке қолжетімді болары анық.
Авторы: Дархан Әбдуахит
9. Киіктерді қорғау
Бұл – табиғат адамды емес, адам табиғатты ойлайтын заман. Бірақ мұнда да көңілге мұң ұялатар мәселе бар. Мәселен, жезкиікті жоғалтқан кім? Адам ба? Адам! Қазір киелі жануардың Қазақстанда 200 мыңға жетер-жетпес саны қалыпты. Екі жыл бұрын ғана екі есе көп еді. 150 мыңға жуығы ауыр індеттен ауырып өлді. Содан бері қорғау жұмыстары күшейтілген. Әсіресе браконьерлерге құрылған тұзақ күшті. Дегенмен адамнан айла асқан ба?! Ебін тауып, еркін түрде аңға шығып жүргендер бар деседі.
Баянауыл және Май аудандарының шекарасында орналасқан Қуыстам қыстағы – облыс орталығынан 150 шақырымдық жер. Дәл осы жерде киіктер мен мен арқарларды қорғау мақсатында арнайы бөлімше ашылды. Мемлекеттік инспекторлардың күнделікті тірлігі осы. Мамандар күн-түн демей, айналадағы 50-60 шақырымдық жерде жүретін дала серкелерінің әр қадамын бағады. Бақылау жұмыстары қар түсер шақта күшейтіле түспек. Арнайы рейдті жүргізуге қалың тұман да кедергі болмайды. Инспекторлар жануарларды іздеп, жолға шығады.
Константин Крахотин, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Павлодар облыстық филиалының инспекторы:
– Біз киіктер мен арқарлар мекендейтін орында жұмыс істейміз. Далада жүреміз. Материалдық-техникалық базамыз көңіл көншітерлік. Аңдардың тіршілігін бақылап тұруға қауқарлымыз.
Жылдың осы мезгілінде сайын даланы тұман басады. Ауа райының қолайсыздығынан киіктер адасып кетуі мүмкін. Осы сәтті тиімді пайдаланғысы келетін браконьерлер киіктерге аңшылыққа шығады екен.
Бүгінде елімізде киіктердің үш популяциясы бар. Ең үлкені – Орал және Үстірт далаларында. Өкінішке қарай браконьерлердің кереғар ісі тыйылар емес. Жыл басынан бері 46 дерек тіркелген. Мамандардың айтуынша, оларға аңдардың еті емес, мүйізі қымбат. Бөкен мүйізінің бағасы қара нарықта 1 миллион теңгеге жетеді екен. Бақылау жұмыстары күшейтілгенмен, әлді браконьерлерге төтеп беру қиын. Табиғат жанашырларының айтуынша, киік мүйіздері қабылданатын орындарды тауып, жабу керек.
Серік Апсалықов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторы:
– Кез келген адам аңшы болмайды. Мықты аңшылардың қымбат көліктері мен жақсы мылтықтары бар. Қыста жүретін қар көліктері де бар. Олар да өте қымбат тұрады.
Қызыл кітапқа енген киіктер мен арқарлар Павлодар облысының Баянауыл және Май аудандарында тіршілік етеді. Мамандардың айтуынша, соңғы бірнеше жылдың ішінде олардың саны айтарлықтай артты. Мәселен, қазіргі таңда Павлодар аймағында 2 жарым мыңнан астам киік пен мыңға жуық арқар бар. Мамандар аңдарды қорғау жұмыстарын күшейте түспек.
Бақылау жұмыстары қазіргі кезде күшейтіледі. Себебі осы уақытта киіктердің күйлеу кезеңі басталады. Дәл осы сәтте сезімтал жануарларға тыныштық қажет.
Манарбек Садықов, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Павлодар облыстық филиалының инспекторы:
– Қазақ тілінде екі аты бар. Қыста ақбөкен деп аталады. Жазда киік, жезкиік деп атап жатады. Соған дағдыланған жануар. Қар аз жерде жүреді. Сол жақтарды біз бақылап жүреміз. Қыста жүретін қар көліктеріміз де бар.
Бүгінде елімізде жезкиіктердің көші-қоны, олардың көбеюі спутниктік жүйе арқылы бақыланады. Бүгінде 130-ға жуық ақбөкенге мойынжіп тағылған. Ертіс өңірінің киелі жануарларының мойындарына да қарғыбау салынды. Жезкиіктердің барлығы мамандардың жіті назарында. Арқарлардың популяциясын арттыру жұмыстары да қолға алынған.
Марлен Айнабеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы міндетін атқарушы:
– Киіктерді зерттеу саласын күшейтіп жатырмыз, киіктерге алқа тағып жатырмыз. Бәрін зерттеп, киіктерді зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Киіктен басқа Қызыл кітапқа енген арқар санын 115979 басқа жеткіздік, құлан 3800, джейран 13718 басқа жетіп отырмыз. Көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Қызыл кітаптағы жануарларды сақтау, зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз.
Арнайы рейд барысында екі ауданның шекарасындағы аумақ бақыланды. Жуырда өңірде киіктерді атып өлтірген үш браконьер ұсталған болатын. Сондықтан осы аумаққа кірген әр көлік жіті тексеріледі. Бұл жолы аңшылар емес, балықшылар қолға түсті. Жергілікті тұрғындар жақын маңдағы көлден балық аулапты. Жеңіл көлік ішінен үш келідей балық табылды.
Серікқажы Галиев, Май ауданының тұрғыны:
– Түнде бірінші рет келдік. Мен негізі балықты қармақпен аулаймын.
Биылғы жылы киелі киіктердің төлдеу уақыты жақсы өтті. Зоология институты өкілдерінің мәліметінше, жануарлардың саны 40 пайызға артты. Алдағы уақытта дала жауһарларының қатары 400 мыңға жетеді деген болжам бар.
Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Айдос Меделбеков, Алексей Омельницкий