Хабар телеарнасы

Жеті күн 18.11.2017

Сюжеттер
1.Астана клубының үшінші отырысы өтті 2.Астана клубы 3.Елбасы қабылдаулары
4.Ілкімді іс 5.Кәсіпкерлерге қолдау көп 6.Өнімділікті арттыру
 
7.Сақтандыру қызметі 8.Рухани жаңғыру  

1. Астана клубының үшінші отырысы өтті

Осыдан ширек ғасыр бұрын кеңестік тар ойдың төңірегінде ширатылған ел едік. 25 жылда өз қолымыз өз аузымызға жетті. Тіпті әлемнің тарихын жазуға қауқарлы әл берді. Соның бір дәлелі – осы аптада өткен «Астана клубының» үшінші отырысы. 2015 жылы тұсауы кесілген жаңа форматтағы жиналыс бүгінде бірегей өңірлік басқосу алаңына айналған.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Астана клуба позволяет эффективно искать ответы на самые острые, актуальные вопросы современности. А проблемы действительно очень острые, мало мы слышим экспертных, четных положении куда идти и что делать.

Барар бағыт қайсы? Ендігі қарекет қандай? Бұл – жер бетіндегі мемлекеттердің барлығына ортақ сауал. Жауабы жоқ емес, бар. Тек бір тоқтамға келу мүмкін болмай отыр. Ал оның ең басты себебін «Астана клубының» осы жолғы отырысында Елбасы айтты: «Бәріне сенім дағдарысы себеп».

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– В целом можно откровенно говорить о всеобщем кризисе доверия, в столь непростых условиях считаю крайне важным нарабатывать позитивный опыт взаимодействию, здесь особенное место может занять Евразия, ключевой ареал мировой политики и экономики, где переплетаются интересы всех держав.

Арғы бабалардың сан ғасырлық ерлігі осы тұста сананы кернейді. Аттың жалында, түйенің қомында жүріп-ақ, Еуразияның ен даласындағы елдерге мейлінше ықпал еткен. Тіпті көп халықтың «мемлекет» ретінде тарих сахнасына көтерілуіне себепкер болған. Тәуелсіз Қазақстанды жаңа заманның мінберінен сөз айтуға жеткізген де – сол ежелгі іздің сүрлеуі.

Ұлы даланың ұлағатына кешегі көшпенділер ғана емес, бүгінгі техногендік дәуірдің тұрғындары да ұйып отыр. Қазір Астана төрінен айтылған сөз алты құрлықты аралайды. Себебі біздің ұстаным – адамзатты ғарасаттан қашырып, парасатқа шақыру.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Знаменитые британские географ Хелфорд Макинндер сказал: «Разве не является узловым регионом мировой политики обширное пространство Евразии, недоступный кораблям но в древности свободно покоряемое номадами наездниками, которые сегодня вот окутают сети железных дорог». Эти слова сказанные на рубеже 19-20 веков сохраняют свою актуальность и сегодня. Евразия действительно способна предложить объединяющую повестку в области безопасности, экономического роста и диалога.

Сонымен «Астана клубының» үшінші отырысында үшінші мыңжылдыққа қатысты қандай ойлар айтылды? Шығыс пен Батысты алаңдатқан геоалауыздықты реттеуге кімдер мүдделі? Адамзат ойын ортақ етудің алгоритмі қайсы? Жаһандағы дүрбелеңге сенім дағдарысы себеп болса, ал сенім дағдарысының өзіне не себеп? 

 

2. Астана клубы

Астана клубы – бірегей алаң. Үш жылда өміршеңдігін көрсетіп қана қоймай, мықтылар бас қосатын орталыққа айналды. Емін-еркін әңгіме, қызу пікірталас бәрі осында. Биылғы тақырып өзекті. 27 елден келген сарапшылар Еуразияның келешегіне қатысты ой қозғады. Ірі державалардың мүддесі осы құрлықта тоғысқан. Әлемдік саясат пен жаһан экономикасының қалай өрбитіні онымен тікелей байланысты. Сондықтан Еуразияның күйзеліске емес, дамуға бет бұруы адамзат үшін аса маңызды. Бұл орайда Қазақстан тағы да төрт тарапты сындарлы даму мен серіктестікке шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мы пытаемся привнести в мир то, чего его ему в последнее время так не хватает: объединения, сплоченности, толеранстности для решения глобальных задач. Казахстанской дипломатии присуща философия диалога, компромиса и взаимовыгодного партнерства. Это видно на примерах посреднеческих усилий по Сирии, антиядерных инцииатив, вклада в диалог между культурами, выработка социально-экономических повесток дня.

Президент Еуразия келешегін айқындайтын өзекті тақырыптарды 5 бағытта тізбектеп берді. Қазір бұл құрлық күрделі кезеңді басынан өткеріп жатыр.  Ауғанстан мен Ирак күйзелісі, Украина мен Сирия шиеленісі шешімін табар емес. Ірі мемлекеттердің саяси мүдделері қарама-қайшы. Бір дағдарыстың екіншіге ұласуы сондықтан. Осы орайда Қазақстанның ұстанымы айқын. Өзара бәтуа қажет. Ұлы дала елі кез келген түйткілді келісіп шешуге үндейді. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, қазір жаһандық даму шығыс пен батыстың бөлінуі негізінде өрбіп келеді. Кәрі құрлық санкциялық соғысқа жүгінген.  Ал мұндай текетірес халықаралық сауданың шырқын бұзды. Есесіне экономикалық оқшаулау Еуразияның біраз елдеріне қиындықтар әкелді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Все более очевидны риски фрагментации мирового  экономического и технологического пространства. Наблюдается формирование нового торгового миропорядка путем образования крупных блоков вокруг конкурирующих экономических центров. Это может привести к снижению роли ВТО, усилению протекционизмма. Угрозой международной торговле и честной конкуренции становятся санкционные войны, которые под предлогом политического давления приследуют экономические цели и наоборот.

Белең алған терроризм де бірігіп күресуді қажет етеді. Қазір дүниенің қай түкпірін алсаң да дүрбелең. Бір ғана мысал, 2016 жылы лаңкестік оқиғалар әлемнің 104 елінде болған. Демек шегі жоқ зұлмат кез келген мемлекеттің іргесін шайқалтуы мүмкін.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Катастрофические масштабы обрел международный терроризм. Для него не существует границ. Сегодня любая точка земного шара может стать объектом разрушительных ударов. Сначала третьего тысячелетия число терактов, количество погибших выросла в 10 раз. То есть по географии и масштабам мы находимся условно, фактически третий мировой войне против террора. Причём теракты смещаются от развивающихся стран в развитые.

Есесіне соғыс пен кедейліктен қашқан бейбіт тұрғындар босқындарға айналып тентіреп кетті. Бүгін панасыз қалғандардың саны – 250 млн. Осы орайда Елбасы жаһандық көші-қон процесін түбегейлі қайта ойластыру қажеттігін алға тартты. Ұсынысты жиынға келген қонақтар да қолдады бірден.

Чоудхури Ифтихар, Ахмед Бангладештің бұрынғы сыртқы істер министрі:

– Босқындар мәселесі көпшілікті алаңдатып отырғаны сөзсіз. Әсіресе Мьянмадағы үйсіз-күйсіз қалған адамдарды тағдыры не болмақ? Қазір олардың саны 1 млн-ға жетті. Егер бұл мәселе шешімін таппаса, бүкіл өңірге қауіп төндіруі мүмкін. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– К сожалению, это еще одна горячая точка мира. Я хорошо знаю ситуацию эту. Мы пытаемся оказвывать гуманитарную помощь людям Ракхайнжа. Я знаю, что Турция очень задействована в этом вопросе. К сожалению происходит повторение одного и тог же. Не приятия, не  таллерантности. Собственное население, за то что другие религиозные взгляды, подвергаются гонениям. Именно из таких бедных, гонимых людей и вербуют террористов. Поэтому что я могу сказать, я знаю, что многие страны занимаются, тем, что в Мьянме вопрос решился внутри-политическим способом. Это не решение вопроса. Любые воины, конфликты решаются переговорами. Мы все желаем, чтобы мир и стабильность Мьянмы и эти беженцы вернулись сейчас. И в этом вопросе тоже нужен большой консенсус.

Консенсус су ресурстарын пайдалануда да қажет боп тұр. Ауызсу тапшылығы да қақтығыстарға әкелді. Елбасының айтуынша, бұл мәселеге тиісті деңгейге көңіл бөлінбей отыр. Болашақта тағы азық-түлік жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Ал оның алдын алуды бүгіннен бастаған абзал.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Дефицит водных ресурсов накалил отношения между Пакистаном  и Индии. Как мы знаем Осенью прошлого года Индия заявила о прекращении работы двухсторонний комиссии по реке Инд, которая действовала 60-го года. Вероятность обострения на ближнем востоке и в центральной Азии. С ростом населения на планете неминуемо и продовольствия. Кризис. В отдельных регионах мира. Происходит сокращение пахотных земель. Уменьшается плодородия почв. По расчётам экспертов Ближайшие 40 лет необходимо увеличить посевные площади под зерновой как минимум два раза. При этом важно индифисикация сельского хозяйства Евразийских стран, в том числе и Казахстана, как крупного производителя продовольственных товаров.

Босқындар күйзеліске түскен Таяу Шығыс пен лаңкестіктен бөлек, дүйім жұрт Корей түбегіндегі ахуалға алаңдаулы. Жағдай ушығып кетті. Қазақстанның  бұл бағытта да айтары көп. Жойқын қарудан өз еркімен бас тартуы – жаһан бейбітшілігіне қосқан өлшеусіз үлес. Тек қазақтың жан айқайына құлақ асар ағайын табылса игі. Керісінше, дүниеде шиеленістердің артуымен державалар да жаппай қарулану үрдісін күшейтіп жатыр. Былтыр әскери шығындар 1,7 трлн долларға жеткен. Қалың көпшілік бейбіт күннің қадірін түсінбей тұрған сыңайлы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Рост военных расходов это не только угроза безопаснсот и  миру. Это неэффективное отвлечение эконоических и человеческих ресурсов от реальных потребностей развития и благоденствия на земле. испытание оружия массового уничтожения, ситуация на корейском полуострове заставляют сегодня нервничать весь мир. На этом фоне нет консенсуса между крупными державами в вопросах противоракетной обороны, сокращения ядерного оружия. Все эти вопросы стогнируют.

Корей түбегіндегі мәселеге Қазақстан келер жылы жаһанның назарын аудармақ. Қаңтардан бастап ұлы даланың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы басталады. Әлемнің ең биік мінбесінен жаһанның талай түйткілі қозғалары сөзсіз. Алдағы уақытта АҚШ-қа жоспарланған Елбасы сапары жайлы сарапшылар да сұрай отырды.

Эдвард Люттвак, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері:

– Мен Вашингтоннан арнайы келдім. Нұрсұлтан Назарбаевтың Америкаға сапары күтілуде. Соның негізгі бағыттары мен тақырыптары жайлы білгіміз келеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Всегда есть о чем говорить с такой ведущей страной мира как США. Самой по себе как экономике, так и в военной мощи. Но и несущее огромную ответсвенность за дела человечества. По этому если говорить о двусторонних отношениях у нас есть экономические интересы. Более 300 американских компании работают у нас в Казахстане. Они влождили в нашу страну около 50 млрд долларов инвестиции. Крупнейшие нефтяные компании США, энергетические компании и лругие компании машиностроение у нас работают. Мы хотим что бы это сотрудничество продолжалось как в технологической области, так и в совместной инвестиции.

Отырыстың негізгі бөлігі сұрақ-жауап түрінде өтті. Пікірталастың бірнеше сағатқа созылуы да сондықтан. Сарапшылар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша Президент пікірін естуге ынтық. Нұрсұлтан Назарбаев барлық сауалдарға кеңінен жауап беруге тырысты. Бастысы санкциялар мен соғыстарды доғарып, еркін сауда жасауға көшу керектігін тағы бір рет қаперге салды. Бұған құрлықтың қауқары жетіп артылады. Қытайдың «Бір жол, бір белдеу» бағдарламасы, қазақтың «Нұрлы жолы» Ұлы жібек жолын қос тараптан жаңғыртып, жол тораптарын тоғыстырды. Демек интеграцияға иек артар уақыттың жеткені. Оның үстіне Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына ұйтқы болып, сауда-саттыққа тың серпін бере білді. Қазір 50-ге тарта ел бұл бірлестікпен серіктестікке ниет танытып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Я думаю, что развитие человечества это наше будущее. Именно субконтинент Европа-Азия, сотрудничество между собой. Торгуя в свободном пространстве, могут рассчитывать на развитие. Долгое время государство, регионы находились на периферии международного взаимодействия введу удалённости от открытых морей. За последние два года впервые осуществлены прямые железнодорожные поставки из Китая в Афганистан, Иран, Великобританию. Все это позволяет по новому позиционировать евразийский регион в глобальном контексте. Я убеждён что будущее за широкой интеграции равноправия, взаимного уважения, соблюдениях принципов международного права.

Қазақстан бастамалары мен қадамдары әлем саясаткерлерінің ұстанымдарымен үндес. Биылғы пікірталасқа тұңғыш рет өзге елдердің бұрынғы президенттері қатысты. Астана клубында сөз алған сарапшылардың пікірі бір жерден шықты.

Абдолла Гүл, Түркияның бұрынғы президенті:

– Қазақстан қазір тұрақтылықтың орталығына айналды. Және ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті дамудың даңғыл жолымен жетелеп қана қоймай, қауіпісіздік пен бейбітшілік мәселесінде көшбасшы елге айналдырды. Бұған мысал ертінде Астанада өтіп жатқан Сирия келіссөзін алайық. Оның жемісті аяқталатынына сенімім мол. Әлем қазір үлкен өзгерістер алдында тұр. Және өткеннен сабақ алуымыз керек.

Вацлав Клаус, Чехия Республикасының бұрынғы президенті:

– Мен бұған дейін Сіздің шақыруыңызбен Астанаға қысқа сапар жасаған болатынмын. Қаланың бүгінгі келбетін көріп таң қалдым. Қазақстан - әлемдік аренада мәртебелі ел. Экономикалық дамуы да қарқынды. Сіздің бүгінгі сөзіңізді мен мұқият тыңдап шықтым. Және осындай келісті пікірлер Еуропаның кейбір саяси басшыларының аузынан шықса, жақсы болар еді. Сіз көтерген жаппай миграция және саяси сенім дағдарысын мен де бүгінгі әлемнің н екі үлкен мәселесі деп атап өтер едім.

Адамзаттың ортақ мүддесі – бейбіт өмір мен ымыраластық. Қазақстан ел болғалы ұлы державаларды ядролық қарудан бас тартуға шақырып, серіктестікке үндеп келеді. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана клубында айтқан әрбір сөзі саналыны толғандырмай қоймасы анық. Қазақ елі Еуропа мен Азияны ортақ мүддеге біріктіріп, көпір болуға даяр. Ол үшін саяси һәм экономикалық негіз жеткілікті. Осылайша клубтың үшінші отырысы жемісті аяқталды. Сарапшылар Астана Еуразия түйткілдерінің түйінін тарқатуға тың серпін беріп, тиімді шешімдер әзірлеуге ұйытқы болады деген сенімде.

Авторы: Мұхтар Ыбырайым

 

3. Елбасы қабылдаулары

Бұл жолғы басқосуда төбе көрсеткендердің саны мен салмағы Астананың үлкен диалог алаңына айналғанын айғақтайды. Жалпы жиынның форматы да сөз етерліктей сүйекті. «Чатхэм хауз» деп аталады. Ол талқыны ашық етеді. Есесіне адам пікірін анонимді түрде сақтайды. Яғни ойды еркін айтуға еш кедергі жоқ.

Осындай орынды ұйымдастырылған отырыстар нәтижесінде Қазақстан барша елді баурап алуы мүмкін. Анығы, күрделі мәселелердің күрмеуін шешуге қолайлы орта ретінде қолдану көбейеді. Мұны – бір ұтқан тұс» деп ұйғарыңыз. Екінші жағынан, сенім дағдарысында алты құрлықтың сенімін ақтап жатсақ, «аспаннан ақша жауды» деген сонда болады. Ондай жерге инвестордың келуі оп-оңай. «Астана клубының» үшінші отырысы аяқталған соң, Елбасы мәртебелі меймандармен кездесті. Сонымен қатар апта ішінде Ақордада бірқатар қабылдау өткізді. 

Елбасы Чехия Республикасының бұрынғы Президенті Вацлав Клауспен және Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдолла Гүлмен жүздесті. Әңгіме барысында жаһандық экономика мен саясатқа қатысты сан салалы тақырып талқыланды. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев тәжірибе алмасудың маңызды екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы да сөз болды.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Словения Республикасының экс-президенті Данило Тюркті қабылдады. Серіктес елдің сыралғы саясаткері «Астана процесінің» маңызына мән берді. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде тұрақтылықты ту еткен бастамаларымызға баға берді. Жалпы Қазақстанның бейбітшілік пен бітімгерлік жолындағы жұмыстарына баса назар аударды.

Елбасы «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденді қабылдады. Бұл компания ғасыр жобасына баланған Қашаған мен Қарашығанақ кен орындарын игеруде Қазақстанмен иықтас. Сондықтан кездесуде осы екі жобаға қатысты сөз кеңінен айтылды. Бүгінде олар өз шығындарын толықтай жауып, таза табыс әкеліп отыр. Дегенмен жұмыс сапасын бұдан да нәтижелі ету керек. Тараптар жүздесуде осы жағын ойластырды. Және бір әңгімеге арқау болған тұс – мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың болашақ ырысы. Бұдан бөлек, Елбасы «Royal Dutch Shell» компаниясына «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсене атсалысқаны үшін алғыс айтты. Ал Бен ван Берден Нұрсұлтан Назарбаевты ауқымды шараны абыройлы өткізуімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

–Мы с вами встречались на ЭКСПО в последний раз, обсуждали вопросы, вы с коллегами уже поработали. Поэтому я хотел бы выслушать ваши переговоры. У нас речь идет о развитии Карачаганака, дружественной договоренности. Я говорю дружественной, нам надо решать без споров вопросы. Вторая очередь развития Карачаганака и другие.

Бен ван Берден, «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры:

– Құрметті Президент мырза, Елордада өткен «ЭКСПО-2017» шарасына деген қолдауымызды елеп ескергеніңізге алғысым шексіз. Өз басым көрмедегі ең көрнекті павильон «Нұр Әлем» сферасымен етене таныстым. Шарадан алған әсерімді айтып жеткізу мүмкін емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Очень хороший проект оказался. Эффективный, очень важный.

Бүгін, яғни 18 қараша – Қашаған мен Қарашығанақ кеніштеріне қатысты өнімді бөлу туралы келісімнің бекітілгеніне 20 жыл. Осы аралықта он атаңға жүк боларлықтай іс атқарылды. «Бұл ретте жұмыстың жемісті жүзеге асуына Қазақстан Президентінің қолдауы тікелей әсер етті», – дейді Бен ван Берден.

Бен Ван Берден, «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры:

– Президентпен өте нәтижелі әрі мазмұнды кездесу өтті. Біз Қашаған мен Қарашығанақ жобасына ерекше басымдық бердік. Қазақстан Президенті жалпы республика үшін маңызды бұл жобаға қашанда қолғабыс етіп келеді. Осы орайда инвестор ретінде екі жобаның да ел экономикасына оң әсер етіп отырғанына қуаныштымыз. Ұзақмерзімді бұл жобалардың болашағы жарқын. Біз ары қарай да Қазақстанмен етене араласып, энергетика саласына басымдық беруге мүдделіміз.

Апта басында Иранның батысында күшті жер сілкінісі болғаны есте. Салдарынан қаншама адам қаза тауып, қаншама адам жарақат алған. Қайғылы оқиғаға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев серіктес елдің басшысы Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдап, зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Биылғы 10 айда республикамыздың жалпы ішкі өнімі 4 процентке өсіпті. Елбасы қабылдауында болған Үкімет басшысы осылай деп мәлімдеді. Премьер-Министр Президентке атқарушы биліктің жыл басынан бері атқарған жұмыстарын баяндап, мемлекеттік һәм салалық бағдарламалардың орындалу барысы жайлы есеп берді. Айтуынша, қаңтардан қазанға дейінгі көрсеткіш көңілге қонымды. Экономиканың бар саласында өсім байқалған. Тартылған инвестицияның да көлеміне көз тояды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жыл аяқталып келеді. EXPO-ны өткіздік. Экономика бірқалыпты келе жатыр. Жағдай да бірқалыпты деп айтуға болады. Сондықтан мына жылды дұрыс аяқтау үшін қандай шаралар қолдану керек деген мәселелерді қазір қарап шығайық.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:

– Өзіңіздің берген тапсырмаңыз бойынша, барлық бағдарламаның орындалуы қатаң қадағалануда. Оның барлығы жергілікті жерлердегі әкімшілікпен атқарылып жатыр. Биылғы көрсеткішіміз жалпы ішкі өнімнің өсуі 4%-ды құрап отыр. Оның ішінде қысқа индекаторларға келетін болсақ, барлық алты сала бойынша өсім бар. Үлкен күш беретін – транспорт. Транзиттік әлеуетіміз өсіп отыр. Сіздің тапсырмаңызбен іске қосылған Қорғастағы орталық пен Ақтау порты біздің транзиттік әлеуетімізді күшейтіп отыр. Енді бір қуантарлық жағдай, жалпы капиталға жеке инвестиция өсіп отыр. 6,5% өсім болса, оның 5%-ы – жеке инвестиция.

Жыл соңына дейін «Самұрық-Қазына» холдингіне қарасты компаниялар қатары 315-ке дейін қысқарады. Ал басқару деңгейі 4 сатыға дейін азаяды. Бұл туралы Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев Елбасы қабылдауы кезінде хабарлады. Акционерлік қоғам төрағасы сондай-ақ 10 айда атқарылған жұмысты атап өтті. Холдингтің жалпы кірісі былтырғымен салыстырғанда 44 процентке өсіпті. Бұл – шамамен 414 млрд теңге.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы:

– Мен Елбасының қабылдауында болып, 10 айдың қорытындысын баяндадым. Таза пайда былтырғымен салыстырғанда, 44 пайызға өсіп отыр. Бұл көрсеткіштер салыстырмалы түрде шығындардың азайып жатқанын көрсетеді. Түсім 30 пайызға өсіп, пайда 40 пайызға асса, ол – жақсы құбылыс деген сөз. Және біздің барлық өндірістік компаниялар былтырғы жылмен салыстырғанда, жаңағы өндіріс деңгейі жоғары болып тұр. Бұған әрине нарықтағы қалыптасып отырған жағдай өз әсерін тигізеді.

Ұлттық ғылыми медициналық орталығының Басқарма төрағасы Абай Байгенжин де Елбасы қабылдауында болды. Кездесу барысында осы салада атқарылып жатқан істердің жай-жапсары баяндалды. Абай Байгенжин Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың күн санап дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Оған 2003 жылдан бері  кардиологиялық аурудан көз жұмғандардың саны 3 есеге қысқарғаны дәлел. Орталықтың ендігі межесі – онкологияға басымдық беру. Ол үшін материалдық жағдайдан жан қысылмайды. Жақында әлемдік тәжірибені ескере отырып салынған, ең үздік технологиямен жабдықталған кешен іске қосылмақ.

Абай Байгенжин, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың директоры:

– Кездесуде еліміздегі онкологиялық қызметтің келешегі қозғалды. Әлемде бұл аурумен күресудің көптеген әдістері бар. Мен Елбасыға осы саладағы жағдай мен Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жайлы баяндадым. Қазіргі таңда ұлттық ғылыми-медициналық мекемеде онкологиялық орталықтың құрылысын аяқтап жатырмыз. Томотерапия ғимаратында соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталады. Ол кез келген зиынды ісіктерді емдеуге мүмкіндік береді. 2018 жылдың 1 маусымынан бастап біз бұл бағдарламаны жүзеге асыра бастаймыз.

Осы аптада Президент «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болып, қаланың сәулеті мен құрылысына қатысты жұмыстармен танысты. Мемлекет басшысының назарына әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардың жобасы ұсынылды. Нұрсұлтан Назарбаев Астананың инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бірқатар нақты тапсырма берді.

Авторы: Бағдат Бектұрғанқызы

4. Ілкімді іс

Өзіндік мәртебеге ие мүшелері бар мемлекет те отбасы секілді. Ал отбасында барлығы ортақ. Айтылмай, жасырын қалатын жағдай аз. Олай болған күнде, тараптардың түсінбеушілігі туындайды. Сол сынды билік пен халық арасындағы байланыс тонның ішкі бауындай болуы тиіс. Ашығын айтқанда, Үкімет ашықтық дейтін ұстанымнан айнымауы керек. Бұл – басқару жүйесінің басты талабы.

Бірақ тізгін ұстағандардың ісіне қалай болса, солай араласу да алысқа апармасы анық. Сондықтан таяқтың екі ұшын теңестіретін әлеуметтік институт қажет болды. «Қоғамдық Кеңестердің» құрылу тарихы осылай.

Мұнда да бірақ деген сөзге тағы бір айналып соғудың жөні келіп тұр. Сол қоғамдық кеңес билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір міндетін дұрыс атқара алып жүр ме? Қазір өзі кім кімге есеп береді? Қоғам ел ісіне араласуға қаншалықты құлықты? Осы тақылеттес сан сауал республикалық Мәжілісте сараланды. 

Осыдан екі жыл бұрын елімізде қоғамдық кеңестер туралы заң қабылданды. Құжатта халық пен биліктің бірлесіп жұмыс атқару тиіс екені көрсетілген. Нақтылап өтсек, аудан және қалаларда құрылған қоғамдық кеңестер яғни жұрттан шыққан белсенді азаматтар өткір мәселелерді жергілікті билікке жеткізеді. Сәйкесінше, олар сол түйінді тарқатуға тырысады.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы

– Кейбір мемлекеттік орган назар аудармаған, кейбір мемлекеттік органдар көрмейтін мәселелерді қоғамдық кеңес талқыға салып, ұсыныс беру керек. Осылай шешу керек. Осындай мәселе бар екен халықтың ортасында деген сияқты.

Пәтер иелері кооперативтерінің ақсаған ахуалы айтылған мәселенің бірі болса керек. Тұрғын үйлердің шашылған аулалары осы уақытқа дейін айтылды, жазылды. Жауаптылар бірде жалтарды, енді бірде бар кінәні тұрғындарға артты. Бірақ бұдан нәтиже шықпады. Алматы шаһарының қоғамдық кеңес өкілдері бұл түйткілді талмай айтып келді. Қалалық билікке бір емес, бірнеше ұсыныс жасаған.

Дәурен Бабамұрат, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:

– Алматы қаласында 855 ПИТ бар. Пәтер иелері кооперативі. Бұл қала үшін ең өзекті мәселе болып табылады. Егер біз ПИТ-тердің мәселесін шешетін болсақ, ол қаланың тазалығы да, ол тұрғындардың жайлы ауласы, бұл қаланың ішіндегі қауіпсіздік те көп мәселе шешілетін еді. Бұл – өте өзекті мәселе. Біз бұған қатысты екі рет қоғамдық тыңдау өткіздік. 100-ге тарта ұсыныс бердік. Көпшілігі оң бағаланып, қарауға алынды.

Қоғамдық кеңестің ұсыныстары үнемі қарауға алына бермейді. Өйткені тапсырма беріп, оның орындалуын қадағалау бұл ұйымның құзырына кірмейді. Дегенмен екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кеңеске құлақ асатындар көп. Мәселен, 3 ай бұрын Петропавлдағы автобус парктері жол жүру құнын көтеретінін жеткізген. Сол кезде қоғамдық кеңес өкілдері мәселеге тікелей араласты. Бензин, құрал-сайман қымбат екенін ескеріп уәжді орынды деді. Бірақ оларға ескірген автобустарды жаңартыңдар деген талап қойған.

Бахытжан Самиева, қалалық қоғамдық кеңестің төрайымы:

– Олар бізге: «Жаңа автобустар аламыз», – деп сөз берді. Енді 101 маршрутта 3 автобус алыпты. Енді бұл бастамасы деп ойлаймын ғой. Тағы да алатын түрлері бар шығар енді. Ойлаймыз, сенеміз. Бірақ біз сұраймыз. 2018 жылдың бойында жаңа автобустар 30 пайыз болса да, алу керек .

Биыл қаладағы жылыту жұмыстары кешікті. Сол уақытта бірінші болып үн қатқан да осы – қоғамдық кеңес. Жауаптылар мән-жайды түсіндіріп, олқылықтың орнын толтырды. 

Бахытжан Самиева, қалалық қоғамдық кеңестің төрайымы:

– «Тепловые сети», – дейді ғой. Олар түсінді, бұлай жарамайды. Әрқашан сұрайтын кісілер бар. Оны әкімшілік те сұрап жатыр. Біз де сұрадық. Халық сұрағанда басқаша болады екен. Біздің әкімшілік: «Өздеріңіз сұраңыздар, өздеріңіз қараңыздар», – деп айтады. Біз өзіміздің елімізге, әкімшілікке көмек көрсетіп жатырмыз.

Рас. Әкімдіктер бақылауға алуы тиіс жұмыстарға кейде қоғамдық кеңесте араласып жатады. Мұндай істердің бір емес бірнешеуін Целиноград ауданының белсенділері билікпен бірлесіп шешкен. Қараөткел аулынына тартылады деген жарық 4 жылға созылыпты. Сиырқұйымшақтанған істің бұлай жалғасуын қаламаған олар жауаптыларды ортаға алып, есеп сұрағаны бар екен.

Сағадат Әшірбеков, Целиноград ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы:

– Біз соны былтыр жалғыз осында шақырып емес, ауылға қоғамдық кеңестің 5-6 мүшесі барып, сол жерде сол кісілермен кездесіп, барлық сұрақтарды шешуге тырыстық. 

Ұйымның бұлай ширақ қимылдауының себебі де жоқ емес. Біріншіден, мәселеге қатысты ұсыныс айту міндет. Екіншіден, мемлекет өкілдері де кеңес мүшелігінде бар. Заң бойынша қоғам өкілдерінің 67 пайызы тәуелсіз азаматтар болса, 33 пайызы қызметкер болуы шарт. Қазір осы жүйені өзгерту керек деген пікір айтылып жүр.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:

– Біз 4-5 азаматтық қоғам секторы, 1-5 яғни 20 пайызы ғана мемлекеттік органнан болса деп бір ұсыныс жасадық та, ол – бірінші үлгі. Екінші үлгі 9-10 азаматтық секторы, яғни 90 пайызы азаматтық сектор болады да, 10 пайызы мемлекеттік органнан болады.

«Кеңес құрамындағы мемлекеттік орган өкілдерін азайту жұмыстың барынша ашық болуына әкеледі», – дейді маман. Себебі қызметкерлер ұйымның мүшелегінде белгілі бір салмаққа ие болса, онда қоғамдық кеңес деген атқа лайық болмайды. Жауырды жаба тоқып кетуі де бек мүмкін. Сондықтан бұл қадам – түйткілдер барынша әділ айтылсын деген мұрат. Осы сынды мәселелер апта басында қоғамдық кеңестің республикалық мәжілісінде көтерілді. Онда ұйымдарды қаржыландыру жайы да сөз болды.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:

– Бұл мемлекеттен қаржыландыру мүмкін емес, мемлекеттен қаржыландырылса, қайтадан қоғамдық кеңестер мемлекетке тәуелді болады. Мемлекеттік органға тәуелді болады. Сондықтан бұл жерде басқа механизмді қарастыру керек шығар. Небір қор болады ма? Мысалы, мемлекеттік тапсырыс, әлеуметтік тапсырыс деген бар, сол арқылы болады ма, оның әлі механизмі көрсетілмеген. Ол жағын министрлік өзі егер ұсынысты қабылдаса, механизмді ойластырар деп ойлаймыз.

Ұсынысты дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қабыл алды. Өйткені министрдің өзі бұл сауал өте маңызды екенін атап өтті.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

– Жинақталған мәселелердің ішінде қаржыландыру мәселесі бірінші орында тұр. Бір жағынан қоғамдық кеңестерді қаржыландыру керек сияқты. Өйткені олардың жұмыс ауқымы кең. Олар іссапарға шығып тұрады, жиналыс өткізеді. Басқа жағынан оларға мемлекет тарапынан қаржы бөлінетін болса, заңда жазылған тәуелсіздік және олардың автономиялық қағидаты бұзылып кетуі мүмкін.

Кеңестің ісін ілгері бастыратын қадам осы болса керек. Дербес қаржысы бар, кеңес ешкімге жалтақтамасы анық. Сол кезде әлі де болса, көзге көрінсе де, жасырын болып тұрған мәселелер тысқа шығады.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

5. Кәсіпкерлерге қолдау көп

Осы аптада Ауылшаруашылығы министрлігі «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың» картасын таныстырды. Жаңалығы көп. Шаруаға ең алдымен көмек болары – шағын несие мен субсидия.

Жалпы картаны жасаумен айналысқандар 65 түрлі субсидияны таразы табағына салыпты. Сөйтіп 11-ін тиіміз деп таныған. Тағы 40 түрін шарттары бойынша түрлендірген. Өзгеріссіз қалғаны – 14.

Ал шағын несиенің шаруасына келсек, сала мамандары осы жағын оңтайландыруды ойластырып отыр. Яғни кәсіпкерге қолжетімді әрі қайтарымды несиені беруді жетілдірмек. 

Мемлекет бүгінде еңбек еткен адамдарды ескерусіз қалдырып отырған жоқ. Кәсіп бастаған азаматтарға жеңілдетілген несие береді. Ұзақ мерзімге. Оның сыртында ісі алға бассын деп субсидия бөледі. Үкіметтің шарапатын көріп отырғандар бүгінде баршылық. Солардың бірі – Павлодар облысындағы мына шаруа қожалығы. Еңбекқор ер Сейсехан Смағұлов бес жылдан бері дақылдың бірнеше түрін егіп, өнім алып отыр.

Сейсехан Смағұлов, Шаруа қожалығының директоры:

– 19 жылы өзімізге осы шығарған өнімімізді шығаруға зауыт салуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан осы істеп жатқан еңбегімізді мына өзіміздің Үкіметімізге, мемлекетімізге үлкен рахметімізді айтамыз. Ауыл шаруашылығын бүгінде қолдау үшін субсидия жағынан көмектесіп жатыр.

Шаруа биыл картоп салып, гектарынан 37 тонна өнім алған. 200 гектарға бидай сеуіп, оны да төкпей-шашпай қамбаға құйған. Бүгінде оның ісі ілгері басып, басқа да жоспарларға ден қойды. Алдағы жылы крахмал шағыру цехын ашамын деген мақсаты бар. Шикізат емес, дайын өнім шығаруды көздейді ол.

Сейсехан Смағұлов, Шаруа қожалығының директоры:

– Еңбектің нәтижесі болу үшін жақсы техника керек. Оның бәрі Джондир классик техника да. Сондықтан оны алғаннан кейін оны жабу керек. Соны жабу үшін біз жыл сайын банктен кредит аламыз. Сондықтан субсидияның арқасында біз  алған өнімімізді өткізіп, соның қарыздарды жауып жатырмыз, кредиттерімізді. Ал субсидия ол өзіміздің шаруашылықта өзімізге қажетті мысалы, саймандар алу керек, айлар алу керек. Соған жұмсаймыз.

Сейсенбі күні Үкімет отырысында дәл осы субсидия жайы сөз болды. Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов сандарды сөйлетті. «65 түрлі субсидияның 11-ін алып тастадық», – деді. Енді диқандар бұрынғыдай гектарға емес, соңғы өнімге ақша алады.

Нұржан Әлтаев, ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі:

– Енді жердің көлемі емес, енді сіз тапсырған жаңағы өнімге берілетін болады. Әрбір тоннасына 5 тонна тапсырдыңыз ба, 5 тоннаға субсидия аласыз, 1000 тонна тапсырдыңыз ба, 1000 тоннаға субсидия аласыз.

Әр гектарға субсидия беру тиімсіз екенін көрсеткен. Өйткені шаруа егін салады, оған мемлекеттен пұл алады. Егер ол егісі күйіп кетсе, немесе қараусыз қалса өнім болмайды. Демек ақша желге ұшты. Осыны министрлік ескерген. Ал 40 түрлі субсидияны мамандар қайта қарап, 14-ін өзгеріссіз қалдырған.

Әуезхан Дәрінов, Қазақстан фермерлер одағының президенті:

– Бүгін мысалы шаруа қожалықтары егін егіп жатыр. Картофиясын шығарып жатыр, Сүтін, етін  деген сияқты. Соған қол ұшын беріп, көмек беріп отырса, Үкімет ол көбейеді. Екі есе, үш есе, Елбасы айтқандай, 4 есе көбейу керек деп отыр. Неліктен ол 4 есе көбейу керек? Егер біздің өнім көбейсе, ол арзан болады. Қанша есе көбейеді, ол сонша арзан болады. Бүгін қымбат болып тұрғаны аздығынан.

Диқандар субсидияның сақталғанын қалайды. Өйткені тірлікті тіктеуге қаржы керек-ақ. Алайда министрлік тарапынан келешекте бұл демеу тағы азаяды деген сөз шықты. Осыны естіген шаруалардың еңсесі түсті. Олар көрші елдерде субсидия сақталып, бізде кесілетін болса, сырттың өнімі арзан, біздің тауар тағы қымбаттай түседі деп алаңдайды.

Әуезхан Дәрінов, Қазақстан фермерлер одағының президенті:

– Мысалы, былай салыстырсақ, олардың еті 40 теңге тұрады дейік. Біздің де ет 40 теңге тұрады дейік. Бірақ олар өздерінің еттер 20-30 пайызға субсидияласа, біздің халық қандай етті алады. Арзан етті алады. Шет елдің, Ресейдің, Беларусьтың арзан етін ала береді. Сонда не болдық біз? Шет елдің етін жеп, екіншіден, бүкіл ақшамыз шет елге кетеді.

Министрлік өкілдері байбалам салуға еш негіз жоқ екенін жеткізді. Себебі мемлекет бұл қадамға бір күнде бармайды. 

Нұржан Әлтаев, ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі:

– Бұл субсидиялар бір күнде, бір жылда алынып тасталмайды. 5-6 жылда жасалатын нәрсе, оны біз жаймен біздің фермерлерді аяқтан көтеріп, аяққа көтергеннен кейін өздері жұмыс жасаған кезде, сол кезде жаңағы несие ретінде бұл қаражат берілетін болады.

Несие алуға кәсіпкерлер қарсы емес. Тек пайызы төмен болса деген тілектері бар. Осылай пікір білдірген іскер азаматтың бірі – Нұрлан Құралов. Мал бордақылаумен айналысатын ол: «Демеуден кенде емеспіз», – дейді. Әр сойлыған ірі қара басына 35 мың теңге ақша алады.  

Нұрлан Құралов, серіктестік директоры:

– Бүкіл субсидияны алып тастау деген ол дұрыс емес. Ішінде тиімсіз субсидияларды алып тастап, орнына жеңілдетілген ұзақ мерзімге қазір кредиттер көп беріліп жатыр, соны одан да өзіміздің несие серіктестері бар қазір. Әрбір ауылда. Сол арқылы шаруаларға ұзақ мерзімді несие берген өте тиімді. 

Қолдаудың мұндай түрі тағы көбейеді. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің айтуынша, осы жылы фермерлерге төмен пайызбен техника ұсынылмақ. Соның есебінен еліміздегі ескірген 70 пайыз көліктерді жаңарту жоспарланды.

Нұржан Әлтаев, ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі:

– Осы жылдан бастап картаны қабылдап отырмыз. Ол жерде 2017 млрд теңге соған бөлініп отыр. Бұл картаға. Енді шаруалар фермерлер сондай техниканы алатын болса, оларға жеңілдетілген несиелі лизинг берілетін болады. 5 пайыздан аспайтын. Бұл – өте үлкен көмек, біз енді ойлап оырмыз 3-4 жылдың ішінде сол техниканың бәрін жаңартуымыз керек.

Маманның сөзіне қарасақ, шаруаларға қолдау қомақты. Коопертивке бірікккендерге тіпті таршылық көрмейтін көрінеді. Мәселен, жаңадан ұжымдасқандар несие алса оның 85 пайызына мемлекет кепілдік береді. Мұның өзі қарекет етуге берілген бірегей мүмкіндік.

Авторы: Сәкен Сейітханұлы

6. Өнімділікті арттыру

Азық-түлік тапшылығы таяу. Астана клубында айтылған өзекті тақырыптардың бірі бұл. Атаулы мәселенің туындауына адам санының күрт өсуі мен азық-түлік қорының азаюы себеп. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша, 2010 жылдың өзінде 1 миллиардқа жуық адамның талғажау қылар тамағы болмаған. Бұл дегеніңіз – Жер бетіндегі халықтың алтыдан бір бөлігі. Жалпы Ұлттық деңгейде «азық-түлік қауіпсіздігі» деген ұғымға мына тағамдар жатқызылады: бидай, қант, өсімдік майы, балық, сүт және ет өнімдері. Мұның ішіндегі төресі – бидай. Бұл өнім түрі өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап азайып келеді. Мәселен, 1987 жылы бидай қоры 104 күнге жетіпті. Ал 1994 жылы 64 күнге қысқарған. Яғни адам саны артып, сұраныс көбейген. Бұл тиісінше бағаның өсуіне әкеледі. «Баға өсті» дегенше, «халықтың қалтасы жұқарды» дей беріңіз. Елбасы сала мамандарына мұны үнемі ескертеді. Бұрынғыларын айтпағанда, биылғы Жолдаудың өзінде біраз міндет жүктеген. Солардың бірі – Қазақстанды Еуразияның нан кәрзеңкесіне айналдыру. Бұл – бір жағынан, өзіміздің азық-түлік қауіпсіздігімізді қамтамасыз етудің амалы. Яғни не жеп отырғандығымызды өзге емес, өзіміз білеміз. Екіншіден, қара алтынға қолдау, анығы қазынаға қосымша қаржы. Бұл мақсатты жүзеге асырудың ауқымды көрінісі – бұған дейін тілге тиек етілген  «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» бағдарламасы. Ал мемлекеттіктен аймақтыққа ауысқанда, бұған «Астанада ашылған жаңа сауда желісін» мысал етуге болады. Ол қандай жоба? Несімен ерекшеленеді? 

Ақмола облысы. Өңірдің Астана азық-түлік белдеуіндегі үлесі келесідей. Тұрғындар тұтынатын сүттің 94, ал еттің 22 мың тоннадан астамы дәл осы аймақтан әкелінеді. Жұмыртқа 222 млн данадан асса, ұнмен 100,  ал картоппен 52 пайыз қамтып отыр.

Мәлік Мырзалин, Ақмола облысының әкімі:

– Осы жылы азық-түлік белдеуі аясында тағы 12 жоба іске асырылып жатыр. Олардың жалпы құны – 10,6 млрд теңге. Сондай-ақ биыл 35 ауылшаруашылық копперативі құрылды. Оның құрамындағы шаруалар енді бірге жұмыс жасап, өнімділікті арттыра түседі.

Әр тауарға жылдық маусымға орай өзіндік сұраныс бар. Осыны ескеріп, қазір «Соғымға дайындық» атты жоба бастау алды. Бүгінде Целиноград, Ерейментау, Шортанды және Аршалы аудандарындағы 37 шаруашылық өнімдерін елордаға жөнелте бастады.

Сағади Нығмет, шаруашылық құрылтайшысы:

– Малдың еті сапалы екені дәлелдеулі. Және де сойылған мал еті сертификат және басқа да құжаттармен қамтамасыз етілген. Сондықтан бүгінде әзірлік бар деп есептеймін.

Бір ғана мына бордақылау алаңында 200 бас жылқы, 1000 ірі қара және 3000 мың қой өсіріліп жатыр. Күніне бұл шаруашылықта 30 бас мал сойылады. «Соғымға дайындық» жобасы аясында бұл кәсіпорын жыл соңына дейін елорданың ішкі нарығының 30 пайызын етпен қамтымақ.

Ақмолалық шаруалар төрт түлікке қоса қоян өсіріп, оның терісін өңдеуді де игерген. Осыдан бес жыл бұрын ашылған кәсіпорында қазір 1500-ден аса ұзын құлақ бар. Жыл сайын 4 тонна қоян еті Астана нарығына жіберіледі.

Мейрам Әбішев Қоян фермасының зоотехнигі:

– 2012 жылы Ресейден төрт тұқымнан 40 бас әкелінген. Міне бес жыл болып қалды. Ай сайын реализация болып тұрады. 100 бастан Астананың мейрамхана, дүкендеріне жіберіп тұрамыз.

Бұл – жуырда ғана ашылған, макарон өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорын. Мұндағы диірменде жергілікті бидайдан күніне 200 тонна ұн өндіріліп, 11 түрлі өнімін шығарылады. Ашылғанына бар болғаны екі ай өткен комбинатта 90 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазір бұл шаруашылық та тауарларын елордаға жөнелте бастады. Айта кетері, бастысы ұсынып отырған өнімдердің бағасы қолжетімді. «Импорттан» біршама төмен.

Бұған дейін тек өндірумен ған шектелген аймақ кәсіпкерлері енді Астанада сауда желісін ашып, өз өнімдерін делдалсыз сатуды қолға алды. Қошқарбаев пен Жұмабаев көшесінің қиылысында орналасқан шағынмаркетке «Ақмол» деген атау берілді. Мұнда халық көп тұтынатын тауардың бәрі бар.

Қазыбек Ескендіров, «Есіл» ӘКК ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

– Нарықта өнімнің ешқандай делдалсыз жеткізілгендігі аса үлкен маңызға ие. Соның арқасында мұндағы баға орташа көрсеткіштен 10-15 пайызға арзан болады. Әзірше сауда орнына тек ірі он кәсіпорынның 500 аса өнімі таңдап алынды. Себебі олар қала тұрғындарының сұранысын орындауға қауқарлы. Алдағы уақытта басқа өндіріс орындарында осы тізімге қосылады.

Осылайша тұрақты әрі ұзақ мерзімге арналған жоба ресми түрде жұмысын бастады. Ауданы 240 шаршы метрді құрайды. Сөрелерде нан өнімдерінен бастап, сусындар, сүт, бал, көкөніс, ет пен май, тіпті қалбырланған тауарларды да таба аласыз.

Людмила Реммеле-Кошелева, АӨК Компанияларының сапа және ақпараттық технология жөніндегі директоры:

– Бізде шикізатты дайындаудан бастап өңдеуге дейінгі жүйе толықтай жолға қойылған. Бұл тауар Астанаға бұған дейінде әкелінетін. Енді арнайы дүкен арқылы ол тұрғындар арасында кеңінен танылатын болды.

Міне, «Соғымға дайындық» жобасының игілігі. Зейнеткер Қамбар Ыбышов жаңадан ашылған сауда орнына келіп, бірден сиыр етін сатып алды.

Қамбар Ыбышов, зейнеткер:

– Қазір керек қой қысқа қарай ет. Арзан екен. Рахмет осындай дүкен болғанына. Жүз келі ет алдым.

Қазірдің өзінде саудасы қыза түскен «AQMOL» дүкендер желісін құру 2 кезең бойынша жүзеге асырылады. Биыл жыл соңына дейін тағы үш, ал келер жылы он осындай сауда нүктесі ұйымдастырылады. Оның әрқайсының ауданы 200-500 шаршы метр аралығында болады. Бұл істер «Астана азық-түлік белдеуі» бағдарламасы шеңберінде қолға алынып отыр.

Мәлік Мырзалин, Ақмола облысының әкімі:

– Енді іске қосылатын ірі кәсіпорындар қатарында Макинск құс фабрикасы бар. Оның қуатытылығы 50 мың тонна болады. Тағы бір ерекше өнім – Целиноград ауданында ашылған ешкі фермасы. Қазірдің өзінде оның өнімі Астанаға саудаланып бастады.

Ресми түрде саны бір миллионан асқан елорда халқын күнделік азықпен қамтамасыз етуде Қарағанды облысының да үлесі бар. Азық-түлік белдеуі жобасына бұл аймақтың төрт бірдей ауданы қосылған. Әрине Астанада өзге өңірлерден, тіпті шетелдерден келетін тауарлар да бар. Дегенмен әлеуметтік маңызға ие 33 азық-түлік өнімі болса, соның 28-нің үлесі осы облыстарға тиесілі.

Авторы: Ердәулет Байдуллаев

7. Сақтандыру қызметі

«Сақтансаң, сақтайды». Бұл тәмсілдің тура мағынасынан бөлек, қазіргі техногендік дәуірге де тән түсінігі қалыптасты. Бүгінде сақтандыруды адамның өзі атқара береді. Көлігіңізден бастап, өміріңізге дейін.Тіпті «әйгілі әншілер дауысын, атақты актерлар талантын, сылқым сұлулар әдемілігін сақтандырыпты» дегенді құлақ естіп, көз көріп жүр. Бұл – енді әлемдік деңгейдегі әңгіме. Ал Қазақстанға келсек, біздің халық сақтандыруға салғырт қарайды. Ұлттық банктің ұйғарымы солай. Оған дәйек ретінде «еліміздегі сақтандыру компаниясының саны 32-ге ғана жетеді» деген деректі келтірді. Біз бұған «шетел көремін» деп барып, Отанға қайта оралудың қияметін тартатын туристер мәселесін қосқан болар едік. Талай мәрте талай турист сақтандырылмай, сан соққан болатын. Енді қаржы ұйымы сол олқылықтың орнын толтырмақ. Осы аптада банк төрағасының орынбасары Мәжілістің мінберінен сөйлеп, депутаттарға «Сақтандыру және сақтандыру қызметі» туралы Заң жобасын таныстырды. 

Жансая Қожахметова, шолушы:

– Өзіңізді не мүлкіңізді сақтандыру үшін кеңселердің табалдырығын тоздырып шаршадыңыз ба? Енді барлығы да басқаша болады. Елімізде онлайн-сақтандыру жүйесі еңгізіледі. Заң жобасының жаңалығы осы. Бұл бізге не береді? Айтайын.  Онлайн-сақтандыру енгізілсе, интернет-ресурстар арқылы кеңселерге бармай-ақ, агенттің араласуынсыз, келісімдерге қол қоюға, жеке кабинет арқылы полисіңіздің мерзімі мен сақтандыру шарттарын үйде отырып-ақ, бақылай аласыз. Яғни еліміздің қай қаласында болсаңыз да, сақтандыру қызметі сіз үшін қолжетімді болады. Осылайша, сақтандыру мен төлем рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Ұлттық Банк өкілдерінің айтуынша, онлайн сақтандырудың маңызды элементі Сақтандыру шарттары бойынша деректердің бірыңғай сақтандыру базасы ашылады. Бұл база бірыңғай есеп ұйымы әрі міндетті сақтандыру полистері бойынша «қоймаға» айналады. Заң жобасы аясында тағы бір жаңалық бар. Енді шетелге шығатын туристердің мүліктік мүдделерін сақтандыру міндеттеледі. Бұл қазақстандық туристерді қорғау мақсатында жасалады. Өйткені қазіргі кезде шетелде қандай да бір оқиғаға тап болған туристер сол үшін қарастырылған сақтандыру төлемдерін тек шетелден қайтып келгеннен кейін және соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде ғана ала алады. Салдарынан, сақтандыру оқиғасы басталғанда турист шетелде қорғалмайды. Мәселен, туристік агенттік банкрот болып, қонақүй ақысы төленбесе, саяхатшылар далада қалады. Жаңа заң жобасы аясында, егер сіз шетелге демалуға шыққалы тұрсаңыз, сақтандыру бағдарламаларының бірі арқылы туроператор баратын еліңіз бен  сапар күніне байланысты сақтандыруды жүзеге асырады.  Бұл бағдарламалар халықаралық талаптарға сай келеді. Оған қоса, туристің өмірі мен денсаулығына тиюі мүмкін зардаптармен байланысты базалық әлеуметтік қатерлерді қамтиды. «Қалтамызды қағады-ау» деп қам жемеңіз. Себебі қамту есебінен сақтандыру құны төмен болады, күніне шамамен – 340 теңге. Демек саяхаты он күнге ұзаса, азамат сақтандыру үшін 3400 теңге төлейді. Халықаралық стандарт бойынша, бұл 1 долларды құрайды. Бұл сома сақтандыру оқиғасы туындай қалса, 3,4 миллионнан 17 миллион теңгеге дейінгі шығынды қамтиды екен. Енді еңгізілетін өзгерістердің артықшылығына мән берсек:

Біріншіден, сақтандыру жағдайы болса, шетелдегі туристке тәулік бойғы ассистанс компанияның көмегін қосып, жәрдемдесу. Екіншіден, турист шетелге кеткен күннен, елге оралуына дейін сақтандыру арқылу қорғау жүзеге асырылады. Жақында ғана тұсауы кесілген заң жобасы аясында автокөліктерді сақтандыру мәселесі де тілге тиек етілді.  Заңға сәйкес, жол апатында денсаулыққа зиян келтірілген жағдайда автосақтандыруға төленетін сақтандыру төлемдерінің мөлшерін 50 пайызға көтеру көзделіп отыр. Яғни зардап шеккен тарапқа төленетін өтемақы мөлшері де қомақты болмақ. Апаттың айтып келмейтінін ескеріп, әрқашан сақ жүргеніміз абзал. Себебі «Сақтансаң сақтаймын» деген тағы бар.

8. Рухани жаңғыру

Аристотель айтыпты: «Мемлекеттің пайда болуы – Құдайдың ісі, ал оны сақтап қалу – адамның ісі» деп. Расында, ел үшін Тәуелсіздікті иеленуден гөрі, оны сақтап қалудың жүгі ауыр. Тарихтың қатпарларын қарап отырсаң: «талай түкірігі жерге түспейтін «менмін» деген мемлекеттердің жойылып кеткенін» көресің. Солардың барлығында ортақ диагноз – ішкі береке-бірліктің болмауы. Ал береке-бірлік қайткенде болады? Бұл мәңгілік сауал сынды?! Оның жауабын бағзыда Қорқыт, бертінде Абай іздеген. Бүгін – Елбасы сол ескі жолды еске түсіріп отыр. Бірақ бұл жолғының жөні – бөлектеу, жүгі – ауырлау. Себебі сабырынан гөрі, дабыры басым дүниеде жаңа жағдайға сай жаңғыру оңай емес. Дегенмен, «көз – қорқақ, қол – батыр» демеуші ме еді?! Іс бірте-бірте жасала берсе, алынбайтын қамал жоқ. Қоғамдық сананы жаңғырту бағытында апта бойына атқарылған жұмыстарды Жандос Жұмабек айтады.

«Рухани жаңғыру» ақпараттық порталының танымдық тұрғыда пайдасы артып келеді. Оған еліміздің киелі жерлері, дәстүрі мен мәдениеті және басқа да теңдессіз құндылықтары жайлы жүздеген материал орналастырылған. Порталды қолданушылар ғылыми тақырыптағы фильмдерді 6 тілде тиісті аудармасымен және субтитрімен тамашалай алады. Сондай-ақ латын қарпіне қатысты өз пікірлерін жазып, ұсыныстарын жолдай алады. Ғаламтор ресурсы Елбасы мақаласының 6 бағытын қамтиды. Оған қоса ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен мәдени шаралардың аңдатпасы жария етіледі. Сондай-ақ осы аптада Талдықорғанда да киелі орындардың туристік картасы жасалды. Ол «Киелі Жетісу» деп аталады. Оған аймақтағы ең танымал туристік нысандар енгізілді. Онда Шарын шатқалы, Орталық Азиядағы ең биік сарқырама Бұрханбұлақ, Тамғалы тас, Тамшыбұлақ, Айғайқұм сияқты табиғаты әсем жерлер мен көптеген тарихи сәулет ескерткіші туралы ақпараттар жинақталған. Туристік картадан жалпы саны 60-қа жуық киелі орындар жайлы мол мағлұмат алуға болады.

Әнуар Демегенов, жоба жетекшісі:

– Тек осымен тоқталмай, бұл картаны әрі қызықтырақ, әрі тағы да нысандар қосып, картада тұрған суретке жаңағы жерлердің аңызын, тарихын, жаңағы қандай да бір өзінің қасиетті ерекшеліктері бар екенін кіргізсек деген ойдамыз.

Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше тарихи орын жаңғыртылатын болды. Өңірде осыған қатысты 66 жоба қолға алынып, оларды жүзеге асыруға 2022 жылға дейін 16,2 миллиард теңге қарастырылған. Алдағы уақытта Қазығұрт тауына ерекше бет бұрыс жасалады. Таудың ұшар басына Кеме қалған ескерткіші орнатылып, айналасы әспеттеледі. Ал Отырар мен Арыстанбаб кесенесі арасындағы жол ұлттық нақышта безендірілмек. Ал Сайрамдағы Хан-қорған қалашығы мен Түркістан «Яссы-Күлтөбе» қалашығы ашық аспан астындағы мұражайға айналады. Қазір Күлтөбеде «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көне қалашықтан бір кездері  VII-VIII ғасырларда пайдаланылған Отырар зергерлерiнiң теңгелерi мен қыш ыдыстары табылған болатын. Шағын қала Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метр жерде орналасқан.

Ал Ордабасы тауы халықтың рухани тынығып, тарихпен танысатын орнына айналмақ. Мұнда үш жүздің биі бас қосып, елдіктің туын тігіп, бірлігін бекемдеген. Жоңғарға қарсы қол жинап, жеңіс жорығына аттанған. Намыс найзағайын ойнатып, күшбіріктірген жер. Бұл жерде тарихи-мәдени қорық құрылған. Шығысында  қарт Қаратау мен ақбас Алатау, оңтүстігінде дана Қазығұрт көрініп тұрған Ордабасының айналасы жазық дала. Жергілікті билік бұл жерді табиғатты тамашалап қана қоймай, рухани тынығып, ойын тазартатын орынға айналдырмақ.

Рашид Қайыпжанов Ордабасы ауданының әкімі:

– Абаттандыру жұмыстары да сол бағытта жүргелі жатыр. Соған халық барған кезде ескіден, тарихтан сыр шертетіндей, содан бір жақсы әсер алатындай көріністі рухани жаңғыру аясында жасаймыз.

Ордабасы тауында үш биге арналған монумент орнатылады. 1000 гектар аймақты алып жатқан қорықта табиғатпен үйлесіп жататын амфитеатр салынады. Ел үшін маңызы зор тарихи сәттерді еске түсіретін архитектуралық мүсіндер орнатылмақшы. Сонда Ордабасы тауы өңірдегі ірі туристік әрі рухани орынға айналады. Ал Ақтөбеде жаңадан тарихи-өлкетану музейі ашылмақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынып жатқан кешенде 10 зал болады. Ғимараттың аумағы ескі музей үйінен 4 есе үлкен.Ресейлік ғалым-антрополог Алексей Нечвалода жаңа музейге жаңғыртылған мүсіндер топтамасын дайындап жатыр. Уфада тұратын маман, ақтөбелік өлкетанушылармен бірнеше жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. Ғалым қола дәуірінде өмір сүрген ер адамның мүсінін берік пластикадан жасап, сыртын қола түстес материалмен қаптаған. Бүгінде облыстық музей қорында 105 мың жәдігер сақтаулы тұр.

Мейрам Дүйсенғали облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Осы жылдың аяғында құрылыс жұмыстарын аяқтау күтілуде, содан кейін біз экспозициялық жұмыстарды бастаймыз. Алдын-ала тақырып жасалып, экспозициялық тақырып жасалып жатыр. Біздің жерімізді мекендеген адамдардың түр-тұрпатын, бейнесін нақты ғылыми негізде қалпына келтіріп, алдағы уақытта экспозицияға қоюды жоспарлап, осындай жұмыстар жасалып жатыр.

Сондай-ақ Ақтөбедегі кітапханаларда латын әліпбиін үйрену залдары жасақталып жатыр. Алдымен өңірдегі кітапханашылардың өзіне дәріс оқылады. Олар, толық меңгерген соң кітапханаға келушілерге үйретіледі. Осыған орай апта ішінде Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда, жаңа үлгідегі әліпбимен қатар мұражайларда сақталған, ескі газет көшірмелері, латын қаріпімен жазылған түрлі құжаттар қойылған.

Клара Серғазина, Тілдерді оқыту орталығының директоры:

– Латын графикасына үйренемін деген адам сол кабинетке келіп оқуға болады. Бала мектептен оқыр. Ал ересек тұлға оқуға қайда барады? Кітапханаға келсе, көзі ашық кітапханашы оған кітаптарды көрсетіп, жол көрсетсе, әрине, құба-құп болар еді.

Осы аптада Талдықорғанда да «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың негізі» атты көрме өз жұмысын бастады. Онда латын графикасымен басылған 1928-1941 жылдар аралығындағы архивтік құжаттардың түп нұсқасы мен көшірмелері қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай құжаттардың жалпы саны 1700-ден асады. Көрмеге соның 55-і әкелінген. Ал Атырау қаласының тұрғындары өз балаларына ойын алаңын сыйлады. Белсенді ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін өздері қаржат жинап, спорт алаңын салдырған. Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру картасына енген.    

Орынтай Биманова, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілі:

– «Туған жер» бағдарламасы бойынша біздің Елбасымыздың бір тамаша сөзі бар. Онда әрбір азамат өзінің туған жеріне қызмет ету керек деп. Мына ойнап жүрген балалардың өзі ата-аналары салып берген осы алаңқайды болашақта дәл осындай емес бұданда тамаша ғылып салмасына кім кепіл. Осы жерде жүрген балалардың әрқайсысының бойында туған жеріне деген сүйіспеншілік қалыптасады деп ойлаймыз.

Сонымен қатар осы аптада «Астана балет» театры Брюссельде алғаш рет өнер көрсетті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Еуропадағы тұсаукесері аясында, «Ұлы Дала мұралары» атты гала-концерт өтті.Қазақ халқының бай салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары, хас сұлулары мен «Ұлы Дала Елі» ұлдарының жігері, Құрманғазы мен Дина күйлеріндегі ерекше бояу көрермендерді көшпенділер мекенінен бірақ шығарды.

Мишель Питерманс Бельгияның Қазақстандағы экс-елшісі:

– Қазақстандық достарымызды Брюссельде көргеніме өте қуаныштымын! Бельгиялықтар қазақ әртістерін құшақ жайып қабылдауда. Біз бұл балетті екі елде де көруге қуаныштымыз. 

Бельгиялықтар Қазақстандық бишілердің өнеріне ерекше тәнті болды. Қол соғып, қошеметтерін аямады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еуропаға із салған «Астана Балет» театры күзгі гастролін Санкт-Петерборда аяқтайды.

Авторы:  Жандос Жұмабек