Жеті күн 25.11.2017
1. Елбасы қабылдаулары
Қазақстан қайта түлеудің қамында. Үшінші мыңжылдықтың қатеріне жауап ретінде үшінші жаңғыруды қолға алды. Саяси аренаның да атмосферасы өзгеріс үстінде. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Екі процеске екпін беретін күш-қуат керек. Адамға да, қоғамға да керек. «Ол үшін сана істен ілгері болуы тиіс», – деді Елбасы. Олай болмаған жағдайда болашақ бұлыңғыр. Себебі жаһанданудың араны күшті. Жұтып қояды.
Бұл ретте қоғамның жұлынға түскен жегі құрттан арылғаны абзал. «Тауық ұрлағанның да, түйені түгімен жұтқанның да» жазаға тартылуы сондықтан. Қазіргі қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы адамның шен-шекпеніне қарамайды. Ол үшін бәрі бірдей – Қазақстан Республикасының азаматы.
Апта ішінде Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент саладағы бірлескен жобалардың тиімділігіне тоқталып, Джон Уотсонға өз ризашылығын білдірді. Ал компания басшысы болса, Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екендігін жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Рад с вами снова встретится. У Казахстана с компанией «Шеврон» особые отношения. Мы сотрудничаем с вами более четверти века. Я хочу лично поблагодарить Вас за совместную работу. Мы выстроили с вами взаимовыгодное сотрудничество.
Джон Уотсон, «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры:
-Президент мырза, уақыттың тығыздығына қарамастан, бізді қабылдағаныңызға рақмет айтамын. Осыдан 25 жыл бұрын бізбен жұмыс жасарда тәуекелге барғаныңыз есімізде. Біз сіздің сеніміңізді ақтау үшін барымызды салдық. Сондықтан үмітіңізді ақтадық деген ойдамын.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Да, хорошо работали. Я стремился вам помогать. В большом деле всегда возникают вопросы. Экспортируем мы через наших соседей, чтобы это облегчить, специально провели трубу в Китай. Теперь через Каспий, через Турцию можем быть в Европе. Это все решаем и другие вопросы.
Кездесу соңында Джон Уотсон Президентке әріптесі Майкл Виртты таныстырды. Себебі ол 2018 жылдың ақпан айында компанияның бас атқарушы директоры лауазымына тағайындалатын болады.
Майкл Вирт, «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары:
-Мен үшін Президент Н. Назарбаевпен танысу – үлкен абырой. Қазақстан мен «Шеврон» компаниясы арасында, «Теңізшевройл» аясында көптеген жылдар бойы табысты әріптестік қалыптасты. Мен келер жылдың басында жаңа қызметіме кіріскеннен кейін компанияның бұрынғы басшылары сияқты әріптестікті одан әрі нығайту аясында қалтқысыз қызмет ететін боламын.
Джон Уотсон, «Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры:
-Қазақстан мен «Шеврон» серіктестігі жемісті. Әсіресе «Теңізшевройл» үлкен жұмыс атқарды. Біз өткенге көз жүгіртіп, алда ынтымақтастықты арттыру жобаларын талқыладық. Тағы 37 млрд доллар инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Оның үштен бір бөлігі жергілікті өнімді сатып алуға жұмсалады. Және жұмысқа жергілікті қызмет көрсету компанияларын көптеп тартамыз.
Жаңа сессия кезінде Мәжіліс 24 заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты. Төменгі палатаның үшінші сессия кезеңіндегі қызметінің қорытындылары қатарында үш жылдық бюджет, салық, әкімшілік және кеден кодекстері мен бұқаралық ақпарат құралдары туралы ауқымды құжаттар бар. Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында қолға алынған бастамаларды уақытылы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің маңыздылығын атады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Жоспарды орындап жатырсыңдар ма?
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
-Бүгінгі Мәжілістің негізгі жұмысы – ол сіздің үшінші жаңғыру бағдарламаңызды заңдармен қамтамасыз ету. Осы жолда Мәжіліс 24 заң жобасын қабылдады. Оның ішінде бесеуіне депутаттардың өздері бастамашы болды. Во всей этой работе приняты кодексы, принят трехлетний бюджет, налоговый кодекс. Принят административный кодекс. И вчера во втором чтении мы приняли Таможенный кодекс, закон о СМИ. То есть все основные законы, которые вы поручили, открывая третью сессию Мажилиса, пакет принят и направлен в Сенат.
Қарулы күштердің қазіргі жағдайы. Белгіленген жоспардың іске асырылуы. Президент қабылдауы кезінде бұл туралы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов айтып берді. Мемлекет басшысы әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Министр Президентке еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабылдағаны үшін әскери қызметшілердің ризашылығын жеткізді.
Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:
-Жоғарғы Бас қолбасшы мырза, Сізге Қарулы күштердің атынан көп рахмет! Мына қаражатты алып, солдаттар, сержанттар, бәрі риза. Выражают огромную благодарность. Сізге көп рахмет!
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Класқа да көтерілді, жалпы жалақысы 25% көтерілді. Әскерге деген қамқорлық әр уақытта солай бола береді.
Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:
-Ол жағынан қазір көбісі өз мәселелерін шешті. Сізге экономикалық, қаржылық жағынан риза. Қазір мына заңды күтіп отыр. Думаю, вопрос решён и закрыт.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Бұл жерде не шешіледі, заңда?
Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:
-Я вам докладывал, по касающемуся вопросу будут выплачиваться за арендное жилье, и плюс он будет как бы государственно-частному партнерству через Жилстройсбербанк. То есть теперь не будут ждать пока они пенсию получат.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Сол дұрыс болды. Арендное жилье, постепенно төлейді. Өзінің үйі болады.
Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:
-2-3 жылдың ішінде көбісі пәтер алады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Қайта-қайта беріп, біреу кеткеннен кейін біреуіне беріп жүргенше, түбегейлі шешу керек.
Салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров та Елбасына баяндады. Жаңа заң қабылданғалы 3 мың 400 қылмыстық іс әшкереленген. Соның нәтижесінде 15 млрд теңге шығын анықталып, 11-і мемлекетке қайтарылды. Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырып, мемлекет қаражатын тиімді пайдалану керектігін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Кейінгі жылдардың ішінде жемқорлыққа қарсы күрес үлкен қарқын алды десе болады. Осы мәселе жөнінде жаңа заңға қол қойған кезде қызметкерлерге, лауазымды адамдарға маған жақын адамдардың барлығына жеңілдік болмайды.
Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
-Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің агенттіктің қызметкерлері, оның ішінде төрағаның орынбасарлары соңғы жарты жылда бүкіл Еуропа, Америка, Шығыс елдеріне біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметін көрсетіп келе жатыр. Сонда ең бастысы Қазақстанда кең ауқымда жүргізіліп жатқан Елбасының саяси жігерлігі айтылады. Сонымен қатар бүгінгі қабылданған заңнаманың барлығы да қазіргі уақытқа сай. 3 мың 400 қылмыстық іс әшкереледік. Соның 1 мыңы сотқа жіберілді. 15 млрд шығын айқындалып, 11 млрд қаржыны орнына қойдық. Бүгінгі күні бұл жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Сондықтан айтатынымыз, барлық қызметкерге, жергілікті басшыларға, әкімшіліктерге мемлекеттік қаржыны үнемдеу керек. Ол қаржыға қожа ретінде қарау керек. Мемлекеттің ақшасы – халықтың ақшасы. Осы жұмыстарды әрі қарай да жақсылап жүргізетін болайық.
Президенттің қабылдауында Кәсіподақтар федерациясының жаңа төрағасы Бақытжан Әбдірайым да болды. Нұрсұлтан Назарбаев жауапты қызметте табыс тіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Ректор болдың, министрдің орынбасары болдың, Қорғаныс министрлігіне бардың. Енді міне кәсіподаққа депутат болып келдің. Қалай, сайлау дұрыс өтті ме кеше?
Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
-Дұрыс өтті. Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Шынын айту керек қой, ең біріншіден, өзіңіздің қолдауыңызбен, қамқорлығыңызбен кішкене болса да, тәжірибе жинадық. Енді осында өткен саланы тапсырып отырсыз. Енді осы жинаған кішігірім тәжірибемді, білімімді осыған аянбай жаратамын деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Құқық қорғау органдарында істедің. Заңның бәрін білесің. Мына кәсіподақ деген еңбекпен байланысты. Егер де болып жатқан мәселелерді төмен жақта кәсіподақ ұйымдары біліп отырса, дәл уақытында жұмыс істейтін болса, мына жұмыс беріп отырған адамдарменен көп мәселені шешуге болады. Сондықтан сені тәжірибелі, білімді деп, осы үлкен салаға жіберіп отырмыз.
Елбасы еңбек қатынастарын реттеуде және еңбеккерлер мен жұмыс берушілер арасында сындарлы диалог орнатуда Кәсіподақтар маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Авторы: Дархан Әбдуахит
2. Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер
Осы аптада Елбасы қабылдауында болғандардың бірі – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Президент пен сала басшысының әңгімесі ұзаққа созылды. Оның себебі – ұлттың саулығы «ұзақ талқылауды» талап етеді.
Бас дәрігердің баяндағаны – «Ұлт жоспары» аясында атқарылып жатқан істер, оның ішінде «Денсаулық» бағдарламасының жүзеге асу барысы.
Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-По всем показателям ситуация стабильная. Ключевые, глобальные индикаторы, как продолжительность жизни увеличивается. 72,4 в 2016 году, в этом году также по результатам году будет оценена. Материнская смертность имеет тенденцию к снижению. Младенческая смертность также снижается на протяжении уже нескольких лет, в результате тех мер, под вашим поручением мы реализуем. По заболеваниям, ключевые болезни это сердечно-сосудистой системы, травмы и отравления в нашей стране. По ним так же есть тенденция снижения, роста нет. Далее есть снижения по злокачественным образованиям.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-С чем ты связываешь? Первое, мы оснастили все областные центры кардиооборудованием и врачами, так?
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Абсолютно верно. Начиная с 2012 года в Казахстане осуществляется программа по бесплатному лекарственному обеспечению. Она имеет очень хороший эффект.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-То есть предварительные обследования имеют большое значение.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Ну, еще заболеваемость имеет влияние на возраст, так как в целом в Казахстане у нас благодаря хорошему, естественному приросту больше молодых людей. И в связи с этим у нас показатели стабильные. По туберкулезу тенденция стабильная, сейчас мы внедряем ряд новых технологий по лечению и по смертности по туберкулезу мы очень хорошо двигаемся. По злокачественным образованиям благодаря высокоточной диагностике и созданию сети онкоцентров, у нас смертность стабилизировалась. Высокий уровень смертности от несчастных случаев, травм и отравлений.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Разные несчастные случаи бывают. Комплексно смотреть надо. Адамдар өрттен кетеді, судан кетеді. Өздерін сақтамайды.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Те реформы, которые мы проводим, они правильные и соответствуют стандартам ОЭСР. В частности, основные рекомендации уже заложены в госпрограмме «Денсаулық», такие как развитие службы общественного здоровья, приоритезация первичной медицинской помощи, внедрение медицинского страхования.
Расында, отандық медицинаның қазіргі ахуалы түнеу жылдарға қарағанда әлдеқайда түзелген. Мәселен, министрлік таратқан биылғы тоғыз айдың статистикасын сөйлетсек. 2016 жылы 100 мың жүкті ананың 12,7 проценті көз жұмса, осы жылы әзірге 11,6 процентті құраған. Ал енді ауру-сырқаудың ішінен түберкүлезді тілге тиек етсек. Оның көлеміне де көңіл толады. Көрсеткіштер айырмашылығы 0,6 процент. Мұның барлығы – дер кезінде жасалған ем-домның нәтижесі. Дегенмен, саланың «ыстығы басылды» деп бөрікті аспанға атуға болмайды. Әлі де иммунитетті жақсарту «екпесін» жасау қажет. Президент Денсаулық сақтау министріне «өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа» жеткізуді тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Наша задача в продолжительности жизни в среднем достигнуть 80 лет.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Поэтому самый главный фокус вы всегда говорили это профилактика болезней и ЗОЖ. Особенно важно, что вы в «Рухани жаңғыру» об этом сказали. 5 ключевых болезней, съедают 90% затрат как в Казахстане, так и в мире. Это болезни сердечно-сосудистой системы, онкология, травмы, сахарный диабет и болезни легких. В принципе все управляемые заболевания, то есть их можно предотвращать. Поэтому в рамках нашей деятельности по госпрограмме мы создали службу общественного здравоохранения, а также создаем национальный центр общественного здоровья путем слияния 3 центров.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-То есть, привлечь самих граждан для укрепления собственного здоровья. Здоровье человека от медицины зависит на 10-15%, остальное зависит от самого человека. Мы среди населения не ведем соответствующую работу. Имидж ЗОЖ, что это такое? Что такое здоровое питание, об этом нужно больше говорить. Поэтому человек должен нормально питаться и понимать что вредно, что полезно. Необходимо привлечь граждан для укрепления их собственного здоровья.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау – бұл да еліміздегі күрмеуі қиын күрделі мәселелердің бірі. Азаматтар саламатты өмір салтын ұстанса құп, әрине. Бірақ басы ауырып, балтыры сыздаса, бірден өз білгенімен дәрі ішетін «дәстүр» қалыптасқан. Яғни ақ халаттының ақпаратына жүгінбейді. Есесіне «ем» деп ішкен препараттың пайда-зиянын білген жан жоқ. Қалауы қанағаттандырылса болғаны. Дегенмен, дәрінің дәмінен гөрі бағасы «удай» екенін халық білмейді емес, біледі. Қымбатшылыққа не себеп? Халыққа тегін берілетін препараттардан пайда көрген кім? Ақпандағы отырыста Президент Денсаулық сақтау министріне осы сауалдарға жауапты табуды жүктеген. Кешегі кездесуде атаулы жайт тағы да айтылды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-После моего поручения разобраться с ценами привлечены к ответственности председатель Комитета по медицинским услугам и руководство компании «СК-Фармация». Руководители управлений здравоохранения пяти областей задержаны. Когда я сказал проверить что делается у нас в медицине, почему такие цены? Потому что заключают преступный договор с поставщиками, завышают цену и больные получают дорогие лекарства. Руководители управлений здравоохранения пяти областей задержаны и привлекаются к ответственности. Это за некачественных поставщиков, за трудоустройство, квоты, за лечение берут взятки.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Нурсултан Абишевич, благодаря вашему вмешательству мы начали разбираться и наводить порядок.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Это безобразие, почему мое вмешательство должно быть? Есть министерство, есть порядок, контроль у вас есть за ними. Что за бессовестный народ? На государственные деньги страна закупает лекарства, чтобы дать больным, а не договариваться с поставщиками. Наши казахстанские лекарства не берут, потому что здесь невозможно шапку снять. А там договариваются, те берут взятки, наши берут взятки. В результате лекарства попадают покупателям дорого. После этого снизились цены на лекарства.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Проблема была в том, что действительно были размытые правила. Не было некоторых процедурных вещей.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Вот смотри, чтобы снова не расцвело. Тогда ты будешь сам сурово нести ответственность.
3. Жемқорлар жазадан құтылмайды
Мемлекет мүлкіне қол салғаннын барлығы жазадан құтылмайды. Бұдан былай жемқорлыққа да, қамқорлыққа да жол жоқ. Әсіресе халық ақшасын қалтаға басып, құндыз бөрік киіп құтырғандарды аямау керек. Елбасының бұл сөздері жалғыз Қайрат Қожамжаровқа емес, басқару корпусының барлық мүшесіне қаратып айтылған.
Қайрат Қожамжаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
-Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сыбайластықтың алдын алу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Жемқорлыққа барғандарға аяушылық болмайды. Мейлі ол Үкімет мүшесі немесе облыс әкімі, болмаса ұлттық компания басшысы болсын. Бұл құқық қорғау органдарына да қатысты. Елде өз ісін ашқан бизнес иелері баршылық. Олардың жұмысы біздің бюджетпен байланысты болғандықтан, қаржыға қатысты түрлі жүйе де қолданылатыны жасырын емес. Сондықтан бұл ескерту ол адамдарға да қатысты дер едім. Халықтың ақшасын өз қалтасына басқандар қатаң жауап береді. Қазақстан заң алдында жаза мен теңдікті қатар қою қағидасын ұстайды.
4. Мәжілісте ауыз су мәселесі қаралды
«Көлеңкеде жүріп, көп ақша табамын» деу де құр әурешілік. Күнгейге шықпағандардың да күні қараң. Еркін экономикалық аймақ та, оффшор да қаражатты қалаған жерде жұмсауға мүмкіндік бермейді. Бұл алты құрлық үшін де «ауыр қылмыс». Оның үстіне Қазақстандық құзырлы органдардың құрығы бұрынғыдай қысқа емес. Капитал алып қашқанды, жердің қай түкпірінен болсын, қайтаруға қауқарлы.
Бармақ басты, көз қысты әрекеттің салдары әсіресе ауыл жұртына ауыр тиіп отыр. Қазір қаладағы егде мен жастың жасанды интеллект жайлы естігені көп. Ал шалғайдағы елді мекеннің балалары «асфальтта асық ойнасақ» деп армандайды. Энергетикалық сусынды ішіп көрген болуы мүмкін. Бірақ таза судың дәмін татып көрмегені тағы бар.
Ауыл-аймақ таза суды қашанғы тасып ішеді? Сапасыз су тұтынудың салдары қалай болмақ? Қазынадан бөлінген қаржы көп, алайда атқарылған іс аз. Неліктен? Сан сауал Парламент мінберінде сараланды.
Павел осы өңірдің тумасы. Ол ес білгелі елді мекенде су тапшы. 2013 жылы «ауылға ауыз су тартады» деген ақжолтай хабар жетіпті. Көшелер қазылып, құбыр жүргізілді. Бірақ жұмыстың бәрі бір мезетте сап тыйылған.
Павел Грязнов, ауыл тұрғыны:
-Су келер деп үміттенген едік. Есесіне ештеңесіз қалдық. «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша осы ауылға су тартуға 2 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Өткен жылдың желтоқсан айында жұмыс бітуі керек еді. Істелген дүниенің бірі су үлестіретін бекет ашылды. Оның өзі уақытпен жұмыс істейді. Бір флягі 20 теңге тұрады.
Кейін су жүргізуге міндетті мердігер фирмасын сатып жібергені анықталады. Шенеуніктер сотқа бергенімен, сот тек жұмысты аяқтауға міндеттеген. Бірақ мерзімі көрсетілмеген.
Ислам Әбішов, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы:
-Проблеманың көпшілігінің бәрі осы жеке компанияларға берілгендіктен болды. Себебі жеке компания дұрыс сапалы жоба жасау үшін ол көп іздеу жұмыстарын жүргізу керек. Ол әр 50 метрде геологияны анықтау керек, топотүсірілім жасау керек. Ол ескі схеманы алады да, бәрі жұмыс, оны қазу керек, оған жобаға берілген ақша 20 миллион теңге болатын болса, 15 миллионды шығынға кетіргенше ол неғылады, ол ескі топотүсірілімді алады да, жазып бере салады.
Міне министрлік мамандары мұндай құйтұрқы әрекеттерді біледі. Тіпті оның қулық жолдарын да жатқа айтады. Өйткені дәл осындай мәселенің бір емес, бірнешеуін көрген. «Осындай олқы істер болмас үшін жауаптылар ауыз су жүргізуге жекені жолатпау керек» деп шырылдап отыр. Тек мемлекеттік «ҚазСуШар» кәсіпорны айланысқан жөн деп біледі. Өйткені ол ұйымның мың жарым техникасы және 10 мыңнан астам қызметкері бар.
Ислам Әбішов, ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы:
-100 пайыз деп алатын болсақ, осы комитеттің саласындағы жобаларды, соның 65 пайызы, 70 пайыз деп айта аламын. Жеке меншік істеген жерлердің барлығы проблема. Ал кейінгі 4-5 жылда істеген «ҚазСуШардың» өзіне осы жұмыстарды істетіп келе жатырмыз. Бір жерінде ешқандай проблема жоқ. Бұрында 4 жылдап, 5 жылдап бітетін жобаларжы біз 3-4 айда бітіреміз.
Иә, бітіп жатқандары бар. Бірақ бітпей жатқан жұмыс қаншама. Өткір мәселенің мәніне апта соңында депутаттар үңілді. Мәжіліске жиылып, парламенттік тыңдау өткізді. Кеңесте депутат Нұртай Сабильянов «3 мыңға жуық ауыл тұрғындары тіршілік нәрінен тарығып отыр» деп сөз айтты.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-2017 жылдың 1 шілдесіне дейін 2930 ауылдық мекен орталықтандырылған сумен жабдықталмаған. Оның ішінде халық саны 200 адамнан аз ауылдар саны 1326, яғни 45 пайызын құрайды.
Бүгінде аңқасы кеуіп отырған ауылдар көп. Соның бірі Айыртау. Елді мекен тұрғындары судан тарыққалы талай жыл болды. Біздің бұл видеомызға жылдан асты. Хабарластық жұртшылық «әлі лайланып кеткен суды ішіп отырмыз» деп базынасын айтты.
Қамаржан Кенібаева, Айыртау ауылының тұрғыны:
-Мал суарғанға алады. Көршілер алады. Малы бар қиын ғой. Құдық керек, су тарту керек.
Мамандар мұндай лас суды ішіп отырған ауылдар 50-ден асады деп мәлімет келтірді. Құрамы таза болмағандықтан, ондағы тұрғындар инфекциялық аурумен жиі ауырады.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
-Қолда бар позитивті нәтижелерге қарамастан, адам денсаулығына теріс әсер ететін бірқатар проблема бар. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының 68 елді мекені бұлақтар мен шағын өзендерден тазартылмаған суды ауыз су ретінде пайдалануға мәжбүр. ОҚО, Қарағанды, Ақмола облыстарының кейбір елді мекендеріндегі су дайындау құрылғылары 20 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген. Нәтижесінде оларда суды тазарту тиімділігі өте төмен.
Мәселені шешу бағытында министрлер маңызды ұсыныстарын ортаға салды. Асқар Мырзахметов «ҚазСуШар» кәсіпорынынына жұмысты сеніп тапсырсақ, түйінді тарқату тезірек болар еді» дейді. Біріншіден, ақша үнемделеді, екіншіден, ауыз сумен қамту ісі 2022-жылдың соңында аяқталмақ. Егер дәл бүгінгідей қаржыландыру сақталса, онда әлі 10 жыл керек.
Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі:
-2,7 млн адамды толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тіпті қазіргі жыл сайынғы қаржыландыру көлемін сақтап қалғанның өзінде проблеманы шешу 2027 жылы ғана мүмкін болмақ. Жылдық қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін жеткізгенде 2025 жылға қарай шешуге болар еді. Жалпы сома 717 млрд теңгені құрайды.
Бюджеттік ақшадан бөлек қаржы институттарынан займ алынса, жұмыс тіпті жылдам жүрер еді. Бұл тұста еліміздің «Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуына қатысқан Азия Даму банкі тағы «көмекке әзірміз» деді.
Джованни Капаннелли, Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігі директоры:
-Азия даму банкі 2021 жылға дейін Қазақстанды сумен қамтуға, ауыл шаруашылығы мен энергетикасына, қала мен ауылдарды дамыту мен көлік инфрақұрылымына, білім мен денсаулық саласына, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 1 трлн теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Себебі біз Президент Назарбаевтың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаларының жүзеге асарына сеніммен қараймыз.
Мемлекет 15 жылдан бері халықты ауыз сумен қамту үшін үш бірдей ірі жобаны қолға алды. Олар «Ауыз су», «Ақ бұлақ» және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы». Атаулы бағыттарға миллиардтаған қаржы бөлінді. Тиісінше қалалар мен мыңдаған ауылдар тіршілік нәріне қол жеткізді.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
-Ауыз су мәселесін шешуге мемлекеттен жыл сайын тиісті қаржы бөлініп отыр. Ендігі мәселе оны тиімді пайдалану болмақ. Ал ол үшін барлық жұмыстарды дұрыс ұйымдастырып, суды пайдаланудың жаңа технологияларын енгізу қажет. Осыған орай жерасты суларын пайдалануға қатысты нақты жоспар жасап, ауылдарда жаңа су құрылыстарын қолға алу керек.
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында ендігі жылы 67 миллиард теңге бөлінеді екен. Осылайша қаржыландыру 3 жылға дейін жалғасады. Демек халық 100 пайыз ауызсуға қол жеткізбесе де, 90 пайыздан астамы тіршілік нәріне қанық болары сөзсіз.
Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Азамат Сәметов
5. ХҚКО-ның саны мен сапасы
Баяғыда, баяғыда болғанда осыдан 15 жыл ілгеріде, бала өмірге келсе, ата-анасы бар құжатты дорбаға салып, арқаланып әкімшілікке аттанатын. Аттанғанда да айлап болмаса да, апталап кететіні шындық еді. Өйткені бір құжатты алу үшін бірнеше кабинетке кіріп, бірнеше адамның көңілін табу керек. Ал қазір ойлап отырсаң, соның барлығы ертегі секілді. Бүгінде анықтама алу үшін адым жасаудың өзі артық. Қолыңыздағы телефон арқылы іс тынады. Электронды үкімет порталында номеріңізді қалдырасыз, сәлден соң СМС арқылы құпия сөз келеді. Оны сайтқа қайта енгізсеңіз қажетті құжат қолыңызда. Әзірге 30 түрлі қызмет қолжетімді. Егер мемлекеттік қызмет көрсетуде цифрлық жүйенің сиқырын қолданса, онда Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың да қажеті болмауы мүмкін. Бар міндет құлтемірдің құзіретінде болып, азаматтар қалаған құжатты қалаған жерінен өздері ала алмақ. Тек компьютерлік сауаттылық ғана керек.
Айдана Қызыр, ХҚКО-ның қызметкері:
-Әртүрлі адам келеді, біреуінің көңілі бар, біреуінің көңілі жоқ. Көңілін табу керекпіз.
Айдана Қызыр күніне 30-40 адамға қызмет көрсетіп, құжатын рәсімдеп береді. Орталық операторы атанғанына осымен үшінші жыл. Екі жоғары білімі бар Айдана айлығының көлемін бізге жария етпеді, бірақ орташа жалақыға жетпейтінін жасырмайды.
Айдана Қызыр, ХҚКО-ның қызметкері:
-Әрине, Қазақстан бойынша орта есептегі жалақыға жетпейді. Қалай жалақы аласың, солай жұмсайсың. Көп алсаң, көп кетіресің.
Айдананың жалақысы келер жылдан бастап өседі. Бұл жайында осы аптада Мәжіліс қабырғасында өткен Үкімет сағатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
-Біз бұл жағдайды өте жақсы түсінеміз. Сондықтан мен қазір депутаттардың алдында бұл мәселені айттым. Келесі жылдан бастап, бюджет арқылы жалақыны көтеруді көздеп отырмыз, екіншіден, осы мемлекеттік корпорацияның өзінің ішкі жұмысын жетілдіру, жақсарту, корпоративті басқару арқасында қызметкерлерге жалақыны көбейту керек.
Барды бар деп айтуымыз қажет. Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жақсарып келеді. Оны құлақ естіп, көз көріп жүр.
БЛИЦ:
-Өте ыңғайлы. 15 минутта жұмысымыды бітірдім.
-Былай ыңғайлы, бірақ әлі де сапасы төмен.
-Кезек жоқ. Жақсы, жылдам.
-ХҚКО өте ыңғайлы, кезек күтпейсіз.
Осы жылдар ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласының сапасы жақсарып, электронды үкіметтің жұмысы жүйелене түсті. Соның арқасында Қазақстан UNDESA электронды үкіметті дамыту индексі аясында 27-орынға тұрақтады. 2007 жылы Әділет министрлігінің алдында елімізде Халыққа қызмет көрсетудің 30 орталығын салу міндеті тұрған еді. Арада 10 жыл өтті, қазір олардың саны 30-дан 349-ға жетті. 2011-2017 жылдары аралығында Ұлттық экономика министрлігі құрған реестрде мемлекеттік қызметтердің саны 5 есеге ұлғайып, 746 болған. Депутат Омархан Өксікбаевтың ойынша бұл өте көп.
Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-ХҚКО-ға қашан барсаң да адам толып отырады. Мемлекеттік қызметтердің молшылығы – 746, Елбасымыз осыны мүмкіндігінше азайтып, бәскелестік ортаға беру керектігін айтты.
Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
-Керісінше біз реестрдегі санын арттыруға бағыттап отырмыз. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, кейбір мемлекеттерде реестрдің саны 2 мыңға жетеді.
Қазақстан қағазбастылықтан арыла алмай қойды. Бір ғана мысал, былтыр 37 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, соның тек 15 миллионы мекенжай анықтамасына тиесілі екен. Министр «Анықтамасыз қызмет көрсету» жобасының жыл аяғына дейін жүзеге асатынын айтты. Алайда депутаттар жүйені автоматтандырудың әлі де әлсіз екенін айтады.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Бұл жөніндегі қызмет барынша төмен болып отыр. Яғни 746 көрсетілетін қызметтің ішінде шамамен, 300-і ғана форматта көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараты бойынша 2016 жылы мемлекеттік органдар көрсеткен 142 млн мемлекеттік қызметтің 35% ғана яғни, 50 млн ғана электронды форматта берілген.
Ағылған халық нөпірі, жылжымайтын кезек. Министр «бұл мәселенің шешімі цифрландыруда жатыр» дейді. Мысалы, енді сіз баланың туу туралы куәлігін үйден шықпастан жасата аласыз. Бала туғанда телефонға СМС-хабарлама келеді, жауап ретінде баланың аты-жөнін, жәрдемақы алу есеп-шоты мен балабақшаға кезекке тұруға мекен-жай мәліметін жазып жіберсеңіз болғаны. Ал дайын құжатты үйге тапсырыспен алдырасыз. Бірақ осы игіліктерден ауылдағы ағайын қалыс қалып жатыр. Себебі интернет жоқ.
Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ауылда тұратын ағайындарды осы жүйелерге қосу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ауылдық округтерге көрсету процесі мәселесі қашан және қалай шешілмек?
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
-Бізде қазір 122 қала, олардың бәрінде өте жылдам интернет бар, 1100 елді мекен, 2 мыңнан астам ауылды мекеннің интернеті өте жоғары деп айтуға болады, бізде қалып отырғаны 4 мыңға жуық ауылды мекен. Бірақ 86-88 пайызға дейін еліміздің ауылды мекендеріне, халқына біз жылдамдығы жоғары интернетті 2021 жылға дейін жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз.
ХҚКО-да сақталатын мәліметтердің қауіпсіздігі мәселесін депутаттар назардан тыс қалдырған жоқ. Министр Алматыдағы оқиғадан соң өзіне қатысты деректерге алаңдаушылық білдірген азаматтардан 60-қа жуық арыз түскенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін интернет бетінде алматылық Анна Дмитриевич «орталық қызметкерлері жеке мәліметтерімді заңсыз пайдаланды» деген мәлімдемесі әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Кейін осы ақпараттарды таратқан ХҚКО қызметкері жұмыстан қуылды.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
-Бізге «ХҚКО қызметкерлері рұқсатсыз жеке мәліметтерімді пайдаланды» деген 60 арыз түсті. Алайда біз тексерген барлық дерек расталмады. Яғни адамдар өздері келіп анықтама алғанын ұмытып кеткен. Егер біз қазір азаматтардың ыңғайына қарай жығылмасақ, онда ХҚКО тағы да ұзын сонар кезек болады. Сондықтан біз үшін екі жол бар: азаматтар өздерінің дағдыларын жақсарту керек, содан кейін біздегі бар ақпарат жүйелерін интеграциялау керек.
Ел бойынша жұмыс істейтін 14 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жемісті жоба екенін айтпауға болмайды. Олар биыл қаңтар мен қазан айлары аралығында 314 мыңнан астам жүргізуші кәулігін беріпті. Осы мамандандырылған орталықтардың ортақ қазына қаржысын еселеуге септігі тиіп жатыр. Ішкі істер министрлігі соңғы 3 жылда мамандандырылған орталықтар арқылы 15 мың 760 ерекше көлік нөмірін сатып, бюджетті 5 млрд 548 млн теңгеге толтырған.
Министр Дәурен Абаев жүйенің әлі де жетіле түсетінін айтады. Мысалы, Астанада «Диджитал орталықтар» ашылады. Яғни онда оператор отырмайды, бәрі сандық форматта жүреді. Ал бұл – жемқорлықтың жолын кесудің таптырмас тәсілі.
Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Аманжол Байғазин, Марат Таубаев
6. Экспорт еселеп өсуде
Қазақстан экспорт жөнінен әлемдік рейтингте бірінші. Атойлап кетерлік ақпарат. Әттең тек барлық сала бойынша емес. Уран, мыс, фосфор және ұн мен бидай сату жағынан ғана. Бұдан басқа тағы да 800 түрлі тауар бар. Олардың басын қосып есептегенде, еліміз 52-орынды еншілеп тұр.
Биылғы жылдың тоғыз айында өзімізде өндірілген 11,1 миллиард доллардың тауары сыртқа тасылыпты. Бұл сандық тұрғыдан салыстырғанда 22 проценттік өсім. Дегенмен, қыр асатын өнімнің үштен екісі әлі де шикізатқа тәуелді. Бұл тәуелділіктің кері көрсеткіш көрсетер күні қаншалықты жақын? «Қазақстанда жасалған» дүниеге қай елден сұраныс жоғары? Еліміздің «Еуразияның нан кәрзеңкесіне» айналу мүмкіндігі бар ма?
Сәкен Сейітханұлы, шолушы:
-Алыстағы елдерге қарағанда іргедегі мемлекеттермен саудамыз бүгінде салмақты болып тұр. Мәселен, Ресей, Қытаймен стратегиялық серіктеспіз, алыс-берісі көп әріптеспіз. Осы сөзге енді жан бітірсем. Биыл солтүстік көршімен сауда-саттықты нығайту үшін 50 іс-шара өтіпті. Нәтижесіз емес. Тек қазақстандық тауар сататын 20 сауда үйі ашылған, шекаралық аймақтарда біздің өнімдердің үлесі артқан. Ал 9 айда Қытайға жіберген өнім құны 2,5 миллиард долларға барған. Ол елдің ірі қалаларында да біздің табиғи өнім сатылып жатыр. Орталық Азия елдерімен де байланыс ауқымды. 1,5 миллиард доллардың тауарын олар тұтыныпты.
Көлік, электровоз, тепловоздарды да сыртқа сату жүйесі оңтайланып келеді. Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Қытай халқы біздің машиналарға мініп жүр. Ал енді ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық өлшеміне тоқталсақ. Былтыр 9 айда тек 40 тонна қой етін өзге мемлекетерге өткізсек, биылғы көрсеткіш 329 тоннаға жетіпті. Сиыр еті 2 есе, жүн 1,8, картоп 19 есе өсіммен саудаланған. Еуропа елдерінің біздің табиғи өнімге қызығушылық танытқаны жоғары көрсеткішке себеп болған. Нақтырақ айтсақ, Бельгия, Германия, Италия, Латвия, Чехияға экспорт ұлғайды.
Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
-Биыл Ұлыбританияға алғашқы рет арпа экспортталды. Иран мен Моңғолияға сұлыны жеткізу қайта жаңартылды. Ал күріш, қарақұмық, жарма, майлы дақылдар, жемістер, бақша дақылдары, қарбыз, кептірілген бұршақ дақылдары мен көкөністер экспорты ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Қытай елдеріне 2 есе артты.
Осы сатылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 9 айда 1,5 миллиард долларға жеткен. Өткен жылмен салыстырсақ бұл 13 пайызға жоғары. Дегенмен, мамандар біршама кедергілер жойылса, пайда молая түсерін айтты. Қазір кәсіпкер экспорт жасау үшін 6 құжат рәсімдейді екен. Ол қағазды кәсіпкерлер палатасы бір күнде реттеп береді. Тек экспортық ұйымдардың істі созуы қолбайлау.
Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:
-74 түрлі кедергі анықталды. Біріншіден, кәсіпкерлердің порттарға қолжетімділігі шектеулі. Сонымен қатар ветеринарлық, фитосанитарлық сертификаттарды алып, тауарларды рәсімдеуге ұзақ уақыт кетеді. Осы ретте кәсіпкерлерге жеңілдіктер жасалғаны жөн.
Абылай Мырзахметов «экспорттық әлеуеті әлді елдердің тәжірибесін ескерсек» деген емеурін танытты. Оларда импортаушыларға салықтық жеңілдік жасап, тіпті несие беру жолдары қаралады. Бізде де алдағы уақытта сырт елдермен сауда жасаудың жеңілдіктері қаралмақ. Бұл ретте министрлер кабинеті «Қазақэкспорт» компаниясының мүмкіндіктерін кеңейте түссек деп отыр. Ол үшін әуелі акомпанияның ұсыныстары тыңдалады.
7. Рухани жаңғыру
«Мың өліп, мың тірілген» дейтін сөз тіркесі тәпсірлегенге ілім, түсінгенге тәлім. Себебі тарихқа жазылған тартысты жылдарда халқымыз күйзеліске түсіп, күйреуге жетерлік қиындық көрді емес пе?! Бірақ басымыз аман, бауырымыз бүтін. Сонда қорған болған қандай күш? Ұлттық тұтастығымызды ұйытып отырған не?
Қабырғамыздың сөгілмеуіне баба жолы – басты себеп. Міне, сондықтан Елбасы «Қасиетті Қазақстан» жобасына «мың жылдық шежіремізде болмаған бастама» деп баға берді. Зіл батпан мақсаты бар жоба аясында біраз жұмыстың беті бері қарағандай?! Жалпыхалықтық маңызы бар 100 нысанның тізімі жасалды. Тізім ортақ болғанымен, ескерткіштердің сыр-сипатына байланысты алты бағытқа бөлінген.
Алғашқысы Шыңғыстаудың сыртындағы Қоңыр Әулие үңгірі сынды «Ерекше қорғалатын табиғи мұралар». Одан кейінгі санатқа Берел қорымы бастаған «Археологиялық және архитектуралық ескерткіштер» кіреді. Үшіншісі «Орта ғасырлық ірі қалалар мен Қазақ хандығының астаналары». Төртіншіге Ахмет Йассауи, Арыстан баб тақылеттес «діни және ғибадат орындары» топтастырылған. Бесінші бөлікте Ақтөбедегі «Қобыланды батыр» кешені мен Қызылжардағы Абылай хан резиденциясы секілді тарихи тұлғаларға қатысты киелі орындар көрініс тауыпты. Соңғысында Аңырақай аңғары мен Бөкей Ордасындай «саяси, тарихи оқиғаларға байланысты ескерткіштер» шоғырланған.
Тізім жасалғанымен, тірлік әлі біткен жоқ. Жұмыстың қызар тұсы енді туады. Бұл бір ғана «Қасиетті Қазақстан» жобасы бойынша атқарылар істердің ауқымы. Бұдан өзге белесі биік бес міндет бар.
Келер жылы «Ұлы жібек жолы-2018» халықаралық экспедициясы сапарға шығады. Мақсат «Ұлы Жібек жолы» мәртебесін қайта жандандырып, жол бойындағы елдердің мәдени байланыстарын нығайту. Топқа әлемге танымал поляк саяхатшы Яцек Палкевич жетекшілік етеді. Сапар алдағы сәуір айында Қытайдан басталып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Беларусьтан өтіп, Польшада аяқталады. «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында саяхатшылар ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне енген 33 нысанды аралайды. Бұл өз кезегінде Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға зор үлес қоспақ. Экспедиция аяқталғаннан кейін «Қазақстанның қасиетті белдеуі» деп аталатын фильмдер циклы шығарылады. Жоба Мәдениет және спорт министрлігіннің қолдауымен жүзеге асырылады.
Яцек Палкевич, саяхатшы:
-Аңызға айналған Жібек жолы сауда ғана емес, Еуразиядағы мәдени байланыстарды да дамытуға үлкен үлес қосқан. Осыны қайта жаңғырту мақсатында «Жаңа Ұлы жібек жолы» халықаралық экспедициясын ұйымдастыруды жөн санадық. Бұл елдердің қарым-қатынасы мен өркениетін дамытады деген сенімдемін.
Қазақстан Дүниежүзілік қайырымдылық рейтингінде 56-орынға көтерілді. Ізгілікке бастайтын шаралар ел өңірлерінде де кең өріс алған. Мәселен, биыл тек Сыр өңірінде жомарт жандардың қолдауымен 732 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 300 миллион теңгенің көмегі көрсетілді. Бұл туралы осы аптада алғаш рет Қызылордада өткен меценаттар форумында айтылды. Айтулы шара Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. Форум барысында өңірдің әлеуметтік серпілуіне сүбелі үлес қосқан 12 азамат марапатталды.
Руслан Рүстемов, облыс әкімінің орынбасары:
-Мінеки біз өзіміздің жастарымыздың бойына туған жерге деген сүйіспеншілігін, отансүйгіштігін қалыптастыруға жұмыс жасап жатырмыз. Акцияның аясында өңіріміздегі ірі меценаттар, кәсіпкерлер белсене қатысуда.
Осы аптада Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында да «Туған жер» бағдарламасы аясында түлектер форумы өтті. Оған 500-ден астам адам қатысып, өздері түлеп ұшқан мектептеріне қаржылай қолдау білдірді. Жиналған қаражатқа робототехникалық сыныптар сатып алынады. Туған ауылынан жырақта жүрсе де, өз мектебінің түлеуіне үлес қосып жатқандар аз емес.
Түсіпхан Түсіпбеков Форумға қатысушы:
-Биылғы жылы жаңа мектепте балалар оқып жатыр, бұл мемлекеттің, Елбасының жасап жатқан қамқорлығының, оның саясатының жақсылығын бірінші кезекте сол жердегі жастар мен балалар түсіну керек. Келген сайын бір жақсы істің куәсі болып қайтып жатамыз, оған көңіліміз марқайып жатамыз.
Форумға жиналғандар «Туған мектеп» жобасы аясында 75 миллион теңгеден артық қаражат жинапты. Бұдан бөлек ауылдарына жол салып, әлеуметтік нысандар ашамыз дегендері де аз емес.
Қостанайда ит жүгіртіп, ат баптап, ұмытылып бара жатқан аңшылық дәстүрді қайта жаңғыртқан өресі биік өнерлі азамат тұрады. Ол – таяуда Минскіде қазақ күресінен өткен жарыста әлем чемпионы атанған Ерлан Омаров. Белгілі балуан бәйгеде тұлпар оздырған шабандоздығымен де танымал. Ерлан бала күнінен тазы ұстап, жүйрік баптап өскен.
Ерлан Омаров, қазақ күресінен әлем чемпионы:
-Атты ұйықтатпасаң, ол ат бәйгеден бірінші келеді деген, соны есімде сақтап алғанбыз ғой, атты ұйықтатпай түртіп отырамыз. Таң атқанша қорада қонып, кертенің ішінде түнейміз.
«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Елбасы осы сөзі арқылы бізге бабадан жалғасқан дәстүрді ұмытпауға үндеп отыр», – дейді спортшы. Ол жиырма жасында қазақ күресімен шұғылдануды бастады. Бір мүшел уақытта үлкен нәтижелерге жетті.
Бейсенбай Әубәкіров, Е.Омаровтың бапкері:
-Қазақстанда лидерлер бар. Сол лидерлердің бірі – біздің Ерланымыз. Қазақстан барысында 4 рет күресті. Қазақстан чемпионатында бір рет чемпион болды.
Осы аптада өзге ұлт өкілдері қазақтың киелі жерлерін аралап, тарихымен танысты. Ақтөбедегі Қазақстан халқы Кіші Ассамблеясы жанындағы 18 этно-мәдени бірлестіктің мүшелері Есет Көкіұлының кесенесі мен ескерткішін көруге барды. Туристік шара «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Батырдың кесенесі 1992 жылы салынса, жақында Алға ауданы Бестамақ ауылы маңында биіктігі 12 метр болатын еңселі ескерткіші ашылды.Оны тұрғызуға жергілікті кәсіпкер «Туған жер» бағдарламасымен қомақты қаржы бөлді.
Еркін Құрманбек, ҚХА Ақтөбе хатшылығы жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Есет Батырдың ескерткіші өте ұнады, ашық жерде көркем салынған. Бұл біздің халқымызды патриоттыққа, бірлікке тәрбиелеуге өзінің үлесін қосатын тарихи-мәдени орын деп айтуға болады.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Атырау облысында кең көлемдегі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апта ішінде облыстағы тарихшы, этнограф, аргеолог мамандар «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда бас қосты. Әсіресе мұнайлы өлкедегі ежелгі мекендер мен қасиетті орындар жайында жергілікті ғалымдар көптеген тың деректер жинаған. Көрші мемлекеттердің архивтерінен де көптеген құнды құжаттар табылды. Осының арқасында көне қалалар «Сарайшық», «Ақтөбе лаети» және «Таскешу» секілді тарихи мекендер туралы мәліметтер арта түсті.
Марат Қасенов, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты:
-Енді биылғы жылдан бастап, біз кең көлемде осы өлкеміздің тарихын, халқымыздың мәдениетін, өркениеті туралы үлкен деректер жинап, халыққа таныстыра аламыз.
Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеті 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшеді. Бұл туралы басылымның басшылығы мәлімдеді. Ұжым газеттің биылғы 100 жылдық мерейтойы қарсаңында осындай батыл бастама көтеріп отыр. Газет тарихында латын қарпі болған. Себебі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қазақ даласында латын әліпбиі қолданылды.
Айта кетейік, аталған басылым негізі 1917 жылы бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласында Сәкен Сейфуллиннің тікелей бастамасымен қаланған. Ол кезде «Тіршілік» деген атаумен шыққан. Кейін газеттің аты бірнеше мәрте өзгерді. Ал еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап «Арқа ажары» атанды.
Жабал Ерғалиев, «Арқа ажары» газетінің бас директоры:
-Ең бірінші өзіміз үйрену мәселесін қолға алып жатырмыз. Кейбір тақырыптарды, кейбір қысқа мәтіндерді латын қарпіне көшіріп беруді бастап жатырмыз. Содан кейін қазір біздің журналистеріміз Соғыс кезінде соғыста жауынгерлердің латын қарпінде жазылған хаттарын тауып, соны газетке басып жатырмыз.
«Рухани жаңғыру» бағдаралмасы аясында ұлттық болмас пен тарихи сананы қайта жаңғыртып, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрімізді әлемдік құндылықтармен үйлестіре білу – біздің алдымыздағы басты міндет. Ал бұл бағыттағы алғышартар еліміздің қай аймағында болмасын табысты іске асырылып жатыр.
Авторы: Жандос Жұмабек
8. Елімізде тікелей инвестициялар қоры құрылды
Ол әлем үшін әдеттегі дүние. Дамыған мемлекеттер бұл жүйенің жілігін шағып, май ішіп алған. Сондықтан сұранысқа ие. Ал біз үшін сенсация болмаса да, әжептәуір әлі бар жаңалық. Елімізде тікелей инвестициялар қоры құрылды.
Оның екінші деңгейлі банктерден екі түрлі ерекшелігі анық аңғарылады. Біріншіден, үстеме проценті төмен, екіншіден, кепілдеме талап етпейді. Бұл кәсіпкер үшін кәдімгідей көмек.
Елімізде кәсіпкерлерге қолдау көп. Бизнесті енді бастаған бизнесмен де, ісін ілгері бастырып отырған белсенді де мемлекетке арқа сүйей алады. Өйткені жұмысты жүргізуге таптырмас мүмкіндік беретін түрлі бағдарламалар баршылық. Оның сыртында екінші деңгейлі банктерден де қаржы сұрауға болады. Бірақ олардың жылдық үстеме пайызы жоғары, оған қоса кепілдеме сұрайды. Бұл талаптар кәсіпкерлерге салмақ салатыны анық. Сондықтан іскерлер үнемі балама қаржы көзін қарастыра жүреді.
Болат Жәмішев, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ төрағасы:
-Көптеген ірі жобаның иелерінде қаржылық қиындық бар. Сондықтан ұзақ мерзімді ақша алу үшін өзіндік капиталдың да сол көлемде болғаны абзал. Нақтырақ айтсам, алған қаржың, өзіңде бар ақшадан жоғары болмауы шарт. Сонда қаржылық тұрақталық сақталады.
Атаулы жүйеге иек артып отырғандар бүгінде некен-саяқ. Ақиқаты сол біздің шағын кәсіпкерлер көбіне өзіндік қаржысыз іс бастап тәуекел етеді. Алайда ірі кәсіпорындар Болат Жәмішов айтқан қағидаға сүйетін көрінеді. Осыны ескерген «Қазына Капитал Менеджмент» компаниясы мен «Қазақстан Даму Банкі» тікелей инвестиялар қорын құрды. Қордың бастапқы капиталы – 33,5 млрд теңге немесе 100 млн доллар. Бүгінде басқарушы ұйым қаржыландырылатын жобаларды іріктеп жатыр.
Асқар Достияров, «Қазына капитал менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы:
-Жоспар бойынша инвестициялау үрдісі үш сатыдан тұрады. Алдымен жобаларды таңдаймыз. Өтініштерді банктің өзіне немесе қорға беруге болады. Алдын ала таңдаудан соң қаржылық, экономикалық сараптама, заңгерлік, техникалық терксерістер жүргізіледі. Тәуелсіз сараптама өткізіледі. Бір жобаны қарау уақыты жобаның дайындығына қарай үштен алты айға дейін.
Құрылғанына көп болмаса да, тікелей инвестициялар қорының көмегіне жүгініп отырған компаниялар баршылық. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 400 млрд теңгеден асатын 10 жоба қаралып жатыр.
Асқар Достияров, «Қазына капитал менеджмент» АҚ Басқарма төрағасы:
-Бұл Қазақстан нарығы үшін жаңалық болғанымен, шын мәнінде әлемде үлкен сұранысқа ие. Біріншіден, тікелей инвестициялар қоры кәсіпорынның капиталына еніп, ұзақ мерзімді инвестициямен қамтиды. Осылайша, қарыздарын төмендетіп, өндіріс орнының дамуын қамтамасыз етеді.
Өндіріс орнын дамытқысы келетіндердің бірі – «АтырауНефтеМаш» зауыты. Мұнай тасымалдауға қажетті құбырларды шығаратын кәсіпорын еңбек өнімдігілін арттыруды көздеп, тікелей инвестициялар қорына 1 миллирд теңгеге өтінім берген. Көп ұзамай, компанияны қаржыландыру туралы шешім шығып, екі жақты келісімге қол қойылды.
Сағат Түгелбаев, «АтырауНефтеМаш» ЖШС акционері:
-Қор жаңадан құрылып жатыр. Ал біз оперативті түрде барлық шарттарынан өттік. Сөйтіп жаңа қаржыға қол жеткіздік. «АтырауНефтеМаш» – машинажасау саласындағы ірі кәсіпорын. Біз мұнай, газ, химия салаларымен қатар барлық бағытта жұмыс істейміз.
«АтырауНефтеМаш» зауыты қор арқылы рәсімдеген қаржының көмегімен өндірісті кеңейтуді көздейді. Оған тікелей инвестициялар қорынан бөлінетін 1 миллиард теңге жеткілікті. Дәл осы компания секілді Қазақстанның ірі кәсіпорындары «Қазына Капитал Менеджмент компаниясы мен «Қазақстан Даму Банкі» құрған инвестициялық қорға жүгіне алады.
Авторлары: Рауан Мыңбаев, Сәкен Сейітханұлы