Хабар телеарнасы

Жеті күн 23.12.2017

Сюжеттер
1.Елбасы сұхбаты 2.Құттықтаулар 3.Тағайындау
4.Билік тармақтары 5.Цифрлы Қазақстан 6.Өңірлер тынысы
   
7.ЕХРО-2017    

1.Елбасы сұхбаты

Еліміздің ширек ғасырдағы жетістіктері турасында, оның ішінде биылғы жылы атқарылған істер бойынша кеше Нұрсұлтан Назарбаев ой қорытты. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, санада жүрген сан сауалға жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Биылғы жылды тәмамдап келе жатырмыз. Әр жылымыз – үлкен белес, көп жұмыс. Халық үшін, ел үшін еңбек етіп келе жатырмыз. Бұл жыл да табысты болды деп ойлаймыз. Жалғыз ол саяси жаңғыру мәселесі емес, басқаларды да шештік. Дегенмен сұрақ қойылғаннан кейін айтайын жаңағы үш бағдар: бірінші – экономика, екінші – саясат, онан кейін рухани бірге жүреді. Біздің экономикалық жасаған шаруаларымыз елге белгілі. Осы 26 жылдың ішінде Қазақстанның өз аяғынан тік тұрып, белгілі мемлекет болып, халықтың жағдайын түзетті. Саяси жағынан баяғы советтік жүйеден бүгінгі заманға сай заманауиға көштік. Либералдық саясатты жүргізіп келе жатырмыз. Алдымызға үлкен мақсаттар бар. 2050 жылға дейін елдің үлкендеуі, 30 озған елдің арасына ену. Сол үшін тек қана экономика мен саясатпен қана қала алмаймыз. Рухани жағдайымызды бірге өсіру керек. Рухы мықты ел қандай қиыншылыққа болса да, төтеп береді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО» көрмесінің мультипликативті әсеріне қатысты сауалдарға жауап берді. Бұдан бөлек, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен «100 жаңа есім» жобасы жайында ой бөлісті. Елбасы дүниежүзіндегі қазақтарға байланысты жұмыстардың бағыт-бағдарына да тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қандастарын еліне шақырып жатқан 3-ақ мемлекет бар. Соның бреуі – Қазақстан. Бастапқы кезде біз әдейі сол елдерге барып, жағдайларын сұрап, бірінші құрылтайды бастадық. Ұлы көштің басын бастадық. Содан бері 1 миллион қандасымыз келді. Олардан өсіп жатқан ұрпақтар одан да көп. Жыл сайын ол кездегідей лап қоймаса да, ол жол, көш тоқтаған жоқ. Ешкімге тоқтатпаймыз. Ешкімге қарсылығымыз жоқ. Келемін дегендерге есік ашық. Сондықтан олардың жастары келіп, әсіресе оқуға түсіп, содан кейін бәрі қалып жатыр. Артынан үлкендері де келіп жатыр. Оны біз қарап отырмыз. Оны біз қуанышпен қабылдаймыз. Әлі де 4 миллионнан астам қандастарымыз бар. Оларды қолынан жетектеп, келсең де, келмесең де, кел деп айта алмаймыз. Кейбірінің жағдайлары ол жақта жақсы болса, қиыншылық көрмесе, тұра берсін. Келемін дегендеріне кел дейміз. Біздің қазақстандық семьяларға, біздің қалталы азаматтарға айтарым, қандастарымызды қабылдауға жақын болуымыз керек. Қазір әдейі фонд құрылды, көмектесу үшін, сол фондқа қол ұшын беру керек.  Көмектесуіміз керек, жұмысқа орналасуға, баспана салып алуға, шақырып, бәріміз мүдделі болуымыз керек. Ол дұрыс. Сондықтан фонд құрдық, қалай келудің жолдарын айттық, балалары жөнінде квотаны көбейтіп жатырмыз. Сырттан келетін балалар келіп, көбірек оқысын деп. Сондықтан оның барлығы есімізде. Жаңадан қоғамдастықтың басшылығы сайланды. Білетін адамдар. Сонлықтан сіздер де, журналистер, ақпарат бетінде, телевизияда осы мәселені айтып отырсақ. Келген адамдар жағдайын сөйлеп отырса, қиыншылығы болса, оған көмектесіп отырсақ, бәріміз де қандастарымызға жақсылық жасағанымыз болып саналады. 

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасын 25 желтоқсан, яғни дүйсенбі күні сағат 21.30-да республикалық телеарналардан көре аласыздар.

2.Құттықтаулар

Елбасы айтқандай, бүгінде аузын айға білеген алпауыттардың өзі төресіндей төрге шығарып, ақыл сұрайтын абыройлы елге айналдық. Оған айғақ ретінде ұлттық мерекеміз Тәуелсіздік күніне орай толассыз келіп жатқан шет мемлекеттер басшыларының құттықтауларын айтуға болады.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин: «Қазақстан әлемдік аренада жоғары беделге ие болып, халықаралық өзекті мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып келеді» – деп жазыпты. Ал Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Елбасының мемлекет құру ісіндегі табысын тілге тиек еткен. Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі алдағы төрағалығы мен энергетика саласындағы ынтымақтастық арқылы қос мемлекет арасындағы экономикалық байланыстар нығая түсетініне сенім білдіріпті.

Бұлардан өзге Түркия, Өзбекстан, Франция, Польша, Иран, Бельгия, Испания сынды бірнеше мемлекеттен құттықтау хаттары келген. Әлем көшбасшыларының барлығы да қазақ елінің 26 жылдағы жетістігі мен Елбасының бейбітшілік жолындағы бастамаларына жоғары бағасын беріпті. Бұл бағалаулардың астарын аршысаңыз, халқымыздың және тұтқа ұстар азаматтардың жанкешті ерік-жігері елес береді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Тәуелсіздік жылдарында біздің Қазақстанға инвесторлар сеніп, 300 миллиард доллардан астам қаржы құйған. Біздің өңірдегі, Орталық Азиядағы барлық келген тікелей қаражаттың 80 проценті Қазақстанның үлесіне тиесілі. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны бес жарым триллион теңгелік 1100 жаңа өндірісті іске қостық. Сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 6 мың шақырымға жақын жол салынды. Тәуелсіздік жылдарында жалпы аумағы 120 миллион шаршы метр болатын жаңа үйлер салдық. 1 миллион 100 мың отбасы қоныс тойын тойлады. 1300-ден астам емхана, 1400 мектеп, 500 балабақша бой көтерді. Біз қуатты мемлекет құрудың ұлы миссиясын абыроймен атқарып шықтық.

Бұл сандардың салмағын сезіну үшін Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын парақтай отырып, пайым қылған жөн шығар?! Мұндағы деректер ширек ғасырдың арқалаған жүгін аңғартып тұр.

«Қазақстан 26 жылдық тәуелсіздік тарихында төрт бірдей жаһандық сын-қатерге тойтарыс бере алды. Біз КСРО үйіндісінің орнына нарықтық қатынастарға негізделген заманауи мемлекет құрдық. 1997-1998 жылдардағы Азия дағдарысының күшейіп тұрған кезінде 2030 стартегиясын қабылдадық және аса ірі инфрақұрылымдық жоба ғана емес, сондай-ақ болашаққа ұмтылған жасампаз елдің жарқын символына айналған жаңа елордамыз – Астананың құрылысын бастадық. 2008-2009 жылдардағы жаһандық қаржылық дағдарысқа – үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасымен, 2012-2017 жылдардағы жаңа жаһандық ахуал дабылына – 2050 стратегиясымен, инфрақұрылымдық дамудың ауқымды «Нұрлы жол» бағдарламасымен, Бес институционалды реформамен және үшінші жаңғырумен жауап бердік», – деп жазады Елбасы.

Расында, Тәуелсіз елдің іргесін құйып, кірпішін қалау миссиясы тарихи уақыттың жылдамдаған, дағдарыс дауылының күшейген кезеңдерімен қатар өріліпті. Соған қарамастан, өзінің де, жаһанның да шежіресін жазуға шамасы жетерлік мықты мемлекет қалыптасты. Әрине, қиындықтарды қиратқан – батыл реформалар мен жоспарлы стратегиялар. Демек, қазақ елі кең жерде ғана емес, тар жерде де табысқа кенелудің өзіндік үлгісін қалыптастырды деген сөз.

3.Тағайындау

Осынау сарабдал саясатының арқасында, уақыттың қиындығына қарамастан, Ұлы дала елі ұлы істерді атқарды. Мәселен, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ТМД елдерінің арасында алғашқы болып әрі абыройлы етіп өткізді. Әрине, Елбасының және елдің үмітін ақтауда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының ұжымы мен оның басшысының еңбегі орасан. Аз ғана уақытта ауыр жүкті арқалай білген Акционерлік Қоғамның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовке бүгін тағы да жаңа міндет жүктелді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев және Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының ұжымына жаңа төраға – Ахметжан Есімовті таныстырды. Үкімет басшысы өз сөзінде Ахметжан Есімовтің ел алдындағы еңбегі мен мемлекеттік маңызы бар істерді орындаудағы кәсібилігін және  жауапкершілігін атап өтті. Сонымен қатар «Қордың алдында Мемлекет басшысы айқындаған, оның ішінде трансформациялау бағдарламасын одан әрі жүзеге секілді маңызды міндет тұр», – деді Бақытжан Сағынтаев.

4.Билік тармақтары

«Дағдарыс желі соққанда желкен тұрғызу» қағидасымен жасалатын қарекет биыл тіптен күш ала түсті. Жыл басында-ақ Көшбасшының тағы бір белеске көш бастары сезілген. Әуелі мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша Ата Заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Сосын Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойды. Одан кейін әлгі екеуіне әл беретін рухани жаңғыруды жариялады. Қысқасы, Президент жаңа жаһандық ахуалға бейімделген жаңа тұрпатты Қазақстанды құруға шақырды. Ал енді осы мақсаттарды орындау – ең алдымен Парламент пен Үкіметке жүктелген міндет. Бірі – заңдық тұрғыдан қамтамасыз етсе, екіншісі – іске асыруға тиісті орган. Сондықтан мемлекеттік қызметте жүргендердің халық алдындағы жауапкершілікті сезіне білуі – басты талап. Оның үстіне Конституциялық реформаның нәтижесінде Президенттің 37 өкілеттігі осы екі тармақтың еншісіне берілген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Әр министр өзі приказ шығарады, өзі орындайды, өзі жауап береді. Бірақ «баяғы жартас – бір жартас». Министрлер келеді де маған хат жазады, премьерге хат жазады. Өзіне жауапкершілік алмайды. Министрлер дербес шешім қабылдаудан жасқанбауы керек.

Ақпанның 3-ші жұлдызында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы дәл осылай үн қатты. Айта кету керек, ол жолғы жиын «А» корпусының ант қабылдау рәсімінен кейін, яғни келесі күні болған. Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – мемлекеттік қызметкердің халық мүддесіне мінсіз қызмет қылуын талап етуді – танытып тұр. Әрине, талап етпесе, тағы болмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Адам мемлекеттік қызметке келуі үшін барлық жерде байқау жүріп жатыр. Бір орынға бірнеше адам таласады. Мемлекеттік қызметте, мемлекетке жұмыс істеймін, мемлекетімді көтеремін деп келеді. Тәрбиелеп, «Болашақпен» жіберіп, кішкентай жұмысқа қойып, қадағалап, өсіресің, содан кейін барады да түрмеге түседі.

Әсілі «Мемлекеттік қызмет» дегеніміз не? Қоғамға қожайындық жасау ма? Әлде сөздің этимологиялық мағынасынан аңғарылып тұрғандай, «халыққа қызмет ету» ме? Туған әрі тұрған еліне адалдық немесе арамдық қылу жайлы әңгімені сәл кейінірек әрлейміз. Дегенмен, ендігі айтылар ақпарат та осы мәселемен орайлас.

Ұлт жоспары мен үш жаңғыру жүктеген міндеттерді, сондай-ақ өзге де мемлекеттік бағдарламаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету – елдің ертеңін айқындайтын ерекше жұмыс. Сондықтан алтыншы сайланым депутаттарына артылған жүк те жеңіл болған жоқ. Парламент бесінші сессияда қоржынға түскен 111 Заң жобасының 84-ін қабылдады. Қазір атаулы құжаттар күшіне еніп, еліміздің қажеттілігіне қызмет етіп жатыр. Олардың ішіндегі орны бөлегі – 10 наурызда қол қойылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң. Осы Заңның негізінде Парламенттің пәрмені артқандығын да айта кеткен жөн. Бұрын Мемлекет басшысының қолында болған біраз құзірет бүгінгі таңда депутаттардың еншісіне берілді. Бұл «құрығың ұзарды, қалағаныңды жаса» дегенді білдірмейді. Керісінше атқарар жұмыстың ауқымын арттырып, ел алдындағы жауапкершілікті еселеді. Олар кетеуі кеткен кемшіліктер мен кенеуі кепкен тұрмыстық келеңсіздіктерді Заң арқылы түзеуі керек. Ерінуге де, кейін шегінуге де болмайды. Әйтпесе жаһандануда шаң жұтып қалуымыз оп-оңай. Елбасының алтыншы сессияны ашқандағы айтқаны осыған саяды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Законотворческий процесс стал более прозрачным. Проводятся парламентские слушания, к рассмотрению законопроектов привлекаются эксперты, представители гражданского общества и средств массовой информации. Тем не менее, граждане не всегда информированы, не знают свои права и обязанности, вытекающие из законов. Принимая особо чувствительные законы, мы не советуемся с обществом, с народом, не разъясняем, для чего принимаются эти законы, имеем эксцессы, которые у нас были. Поэтому особое внимание следует уделить разъяснительной работе – как депутатам, так и членам Правительства и акимам областей. Казахстанцы имеют полное право быть в курсе всех законодательных новаций.

5.Цифрлы Қазақстан

Саяси жүйені реформалаудан кейін, технологиялық төңкеріске салмақ берілді. Бұл да уақыттың талабынан туып отыр. Себебі бұрынғы тон енді тоңдырады. Заман цифрлық жүйенің ыңғайында.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Цифровизация – это не цель, это средство достижения абсолютного преимущества Казахстана. Без этого уважающая себя страна не может жить нормально. Не будем выигрывать конкуренцию – отстанем и будем глотать пыль от впереди идущих государств. Получить резкий рост прибыли, производительность и капитализацию – вот в чем дело. Вот это дает цифровая экономика.

10 қыркүйекте «жасыл технологияға» жан бітіріп, болашақтың энергиясын өндіруге өріс ашқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі жабылды. Содан соң, араға ұзақ уақыт салмай, Президент цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңеске қатысты. Бұл – екі шараның егіздігін білдірсе керек-ті?!

Қазақстан сандық технологиялар бойынша қазір 38-ші орында. 2025-ші жылға дейін сегіз сатыға секіріп, отыздықтың қатарынан төбе көрсетуі тиіс. Ал бұл меже «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы орындалады деген үміт бар. Олай болғанда экономиканың 30 процентке дейін еселене түсері мамандар сөзінен белгілі. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыс әлі де жетілдіре түсуді талап етіп тұр.

Ал индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына келсек, ол 2008-де басталған жаһандық қаржы дағдарысына жауап берді. Егер бұл бастама көтерілмегенде, мыңнан астам жаңа өндіріс іске қосылар ма еді?! Бүгінде жұмысы бар 100 мыңға жуық адамның жағдайы не болар еді?! «Жетістік» деген осы!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бүгін біз халыққа 300 мың жалақы төлейтін болсақ, ертеңгі күні мұнайдың бағасы төмендеді деп, 100 мың теңге бере алмаймыз ғой. Зейнетақы да солай. «Мынау төмендеп кетті, сендерге зейнетақыны 3 есе төмен береміз» деп айта алмаймыз. Сондықтан мұнай мен газдың жасайтын ирелеңін кеміту үшін не істеу керек? Екінші экономика жасау керек. Бүкіл дүние сияқты. Өздеріңіз қарап отырсыздар, алдыңғы қатарлы мемлекеттің бірі Оңтүстік Кореяда мұнай мен металл тұрмақ, бір түйір көмір де жоқ. Сингапурда қандай мұнай-газ бар?! Швейцарияда қандай бар?! Германияда не бар?! Бірақ ақылмен, оймен алдыңғы қатарлы ел болды.

Ұлы мұраты бар Ұлы дала еліне дәл қазір абсолютті инновация керек. Сондықтан индустрияландыру жобаларына сандық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұдан күтілген нәтиже де көп.

«2025 жылға қарай: көлік пен логистикадан 400 млрд теңге, агроөнеркәсіптен 46 млрд теңге түсім түседі» – дейді Үкіметтегілер. Қысқасы, «7 жылда экономикаға 2 трлн теңгеден астам пайда келеді» деген пайым бар.

6.Өңірлер тынысы

Саяси-экономикалық жаңғыруларды жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан істер алпауыт. Оның барлығын айтуға – біздің уақытымыз жетпес?!  Ал, нәтижелеріне көз жеткізуге болады. Ол Елбасының аймақтарға жасаған сапарынан анғарылады.

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

– Әр аймақтың тыныс тіршілігі Елбасының жіті қадағалауында. Өңір басшылары атқарылған шаруа жайында дәл осы Ақордаға келіп, Президент алдында есеп береді. Ал, қағаз бетінде тыңдырылған шаруаның іс жүзінде іске асуын Нұрсұлтан Назарбаев аймақтарға жұмыс сапары кезінде жеке өзі тексереді.

Биыл Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар облыстарын аралады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Кәсіпорындарда болды. Жерге дән еккен диқандармен, тынымсыз еңбек еткен жұмысшылармен кездесті. Жергілікті тұрғындармен де жүздесті. Енді рет-ретімен тоқталып өтсек.

Оңтүстікте индустрияландыру бағдарламасы жүйелі іске асып жатыр. Алғашқы бесжылдықта 115 нысан іске қосылып, 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Ал екінші кезеңге 135 кәсіпорын жоспарланған. Оның да берері мол. 18 мың адам жұмыспен қамтылады. Бастысы, екі қолға бір күрек таппағандардың мәселесін шешуге ықпал етпек. Елбасы экономикаға серпін беретін нысандардың біразымен жеке танысты.

Өнімнің түр-түрін шығаратын Оңтүстікте жыл санап халық саны да артып келеді. Биыл Шымкент миллион тұрғыны бар  шаһарға айналады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Облысқа көңіл бөлініп, барлық жағдай жасалып жатыр. Құдай бұйыртса, биыл Шымкент 1 млн тұрғыны бар қала деп жария ететін боламыз деп  ойлаймын.

Ақтауда халық саны 1 миллионға жетпесе де, бала туу көрсеткіші бойынша облыс көш бастап тұр. Демек, бұл қуанышты хабарды еститін күн де алыс емес. Елбасының Маңғыстау облысына сапары 2 күнге жалғасты. Өңірдің ахуалымен танысып, Каспий теңізіндегі көлік инфрақұрлымының дамуын бағамдады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикасына қомақты үлес қосып отырған ұжыммен жүздесіп, хал жағдай сұрасты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Келген сайын мен осы портқа келемін. Себебі бұл Қазақстан үшін жалпы өңір үшін үлкен маңызы бар. Баяғыда сендер аралда тұрғандай материкке барамыз деп жүруші едің дер ғой. Енді Ақтау мен Қытай екеуі бірдей қосылды. Қазір Ақтау тоғыз тарап жолы бар. Барлық жағынан шығады. Түркіменстаннан Иранға да шығасың Қытайға да шығасың. Мына жерден үлкейтіп жатырмыз.

Өндірісі өркендеген тағы бір аймақ Ақтөбе облысы. Мұнда Орталық Азияда теңдесі жоқ кәсіпорындар іске қосылды.

Кәсіпкерлердің демеушілігімен мәдениет ошақтары бой көтерді. Ал, тұрғындардың баспана базынасын шешу үшін «Нұр Ақтөбе» кешені тұрғызылды. 194 жер үй мен 22 көп қабатты тұрғын үй халықтың тұрмысын түземекке салынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ақтөбе – Қазақстанның ең бір өркендеп өсіп келе жатқан өңірі. Бұл жерде бұдан да үлкен ғимараттар мәдени ошақтар болады әлі. Халықтың санын көбейтуге әрекет жасап жатырмыз. Мына жерде мөлтек аудан салынып жатыр. Көп құрылыстар жүріп жатыр. Мектептер балабақшалар үй салынып жатыр. Ол үшін елге жұмыс беретін өндіріс керек. Ол да салынып жатыр. Жаңа зауыттарды аралар көрдім. Сондықтан Ақтөбенің болашағы өте үлкен.

Қостанайда да халық қолжетімді баспанамен қамтамасыз етіліп жатыр. Елбасы әуежайдан түскен бойда, су жаңа тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Бұл мөлтек ауданда 3 жыл ішінде мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді. Қазір тағы 12 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бір шаршы метрі 136 мың теңгеден басталады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы да алуға болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Я же сказал в Правительстве, всем вам, постепенно надо уходить, это рудимент Советского Союза, очереди. Где ты видел в Германии или во Франции очередь на жилье? Мы должны создать человеку условия, чтобы он мог его приобрести, понимаешь. Поэтому арендное жилье увеличиваем, так и жилстройсбережения – накапливает человек определённую сумму, потом банк дает ему деньги, под залог квартиру получает и постепенно рассчитывается.

Аймақта бизнес те дамып келеді. Қазір мұнда  жұмыс істеп тұрған орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 50 мыңға жетті. Елбасы жергілікті ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен жүздесіп, мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Өнеркәсіпті өркендетуге үлес қосып отырған машина жасайтын зауытта да болды. Кәсіпорын биылдың өзінде 4 мыңнан аса көлік шығарған. Жыл соңында дейін бұл көрсеткішті алты жарым мыңға жеткізуді жоспарлап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Издавно мы работаем для того, что бы в области была промышленность. В связи с этим, сейчас автомобильное производство я лоббировал с самого начала. Это производство, которого в Казахстане никогда не было. Теперь мы крупная автомобильно-строительная страна. Этот завод и завод на востоке два завода работает, очень эффективно.

Сыр елі көлік құрастырмаса да, зымыранды ғарышқа ұшырып әлемге әйгілі болды. Бұл кешеннің дамуы Президенттің ерекше назарында. Қазіргі таңда ғарыш алаңын Қазақстан мен Ресей иық тіресе игеріп жатыр. Жұмыс үйлестіріліп, стратегиялық бағыттар айқындалды. Екі жақ 20-дан астам бірлескен бағдарламаны жүзеге асыруда. Солардың бірі – «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру жұмысын жеделдету. Бұл – бірегей жоба. Оны іске қосу мерзімі 2022 жылға межеленген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Создаются новые ракеты комплекса Байтерек, пусковые установки, пуск казахстанских спутников, космонавты казахстанские будут увеличиваться. Наша молодежь будет учиться по специальностям космическим. Таким образом, Казахстан по настоящему становиться одной из космических держав вместе с Россией.

Қаланың болашағы зор. Алдағы уақыт Байқоңырды көпсалалы ірі шаһар ретінде дамыту жоспарда. Мұндай елеулі өзгерістер облыс орталығын да күтіп тұр. Қызылордада тұрғын үй құрылысының көші ілгері. Соңғы 4 жылда 12 шағын аудан бой көтерді. Енді қаланың сол жағалауы жасақталып жатыр. Президент белсенді жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен жеке танысты.

- Қаншама үй қазір жасалған?

- 18 үйдің іргетасы қаланды. Осы тұрған үйлер. Мынау біз тұрған көпір. Жекеменшік-әріптестік негізінде 320 орындық балабақшаның құрылысы басталды.

Қызылордада балабақша салынып жатса, Шығыс Қазақстан облысында бұл мәселе түбегейлі шешімін тапқан.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Я люблю Восточный Казахстан за то, что здесь основа индустрии. Металлургия, химия, цветные металлы и сельское хозяйство, гидроэлектроэнергия, машиностроение – всё здесь есть. Здесь есть переработка урана и руды, металлов. Область развивается. В бюджете области 430 млрд тенге. 53% идет на социальные нужды.

Ендігі мәселе жол қатынасы. Елорда мен Өскемен арасындағы әбден тозығы жеткен жолдар жөнделетін болады. Астанада басталған құрылыс қазір Павлодарға жетті. 2019-шы жылға дейін Өскемен тұрғындары бас қалаға тегіс жолмен қатынайды.

Ал Алматының Наурызбай ауданындағы инфрақұрылым мәселесі түгелдей шешімін тапты. Бұрын бұл аумақтың жолы жырымдалып, жұрттың жүріп-тұруы қиын еді. Қазір көз тартар ауданға айналып отыр. Халыққа қажетті әкімдік, сот, прокуратура, халыққа қызмет көрсету орталығы, банк, пошта, барлығы бір орталықта ыңғайлы. Оның сыртында, жаңа мектеп және емхана салынған. Жаңа аудан осыдан 3 жыл бұрын Елбасының жарлығымен бой көтерді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Осы жылдардың ішінде қала үлкейді, екі аудан құрылды. Мен Наурызбай ауданына барып, жасалып жатқан шаруаны көріп келдім. Эгоцентрлік, үлкен қала болып келе жатыр. Қала аудандары көркейіп, халық жұмыс істеп келе жатыр. Қала үлкейіп келе жатыр, ауқымы да, көлемі де. Үлкейген сайын проблемалар да көбейе береді. Ол проблеманың қандай екенін біз білеміз. Ептеп және олар шешіліп жатыр.

Ал Алматы облысына сапары кезінде Елбасы Райымбек ауылында орналасқан «Батыр бабалар» мемориалдық кешеніне барды. Қарасай ауданындағы мұражаймен де танысты. Мәдениет ошағы жекенің қаражатына салынған. Мемлекет басшысы мұражай экспозициясында ел тәуелсіздігінің негізгі кезеңдерін қамтуды тапсырды. Облыста атқарылған шаруаларды өз көзімен көрген Президент өңірдің жетістіктерін жоғары бағалады.

Ал Жамбыл облысында іске асқан инвестициялық жобаларға Президенттің көңілі толмады. Өңір басшысының баяндамасын тыңдасақ ауыз толтырып айтарлықтай шаруа тыңдырылған. Бірақ іс жүзінде барлығы қағаздағыдай бола бермейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Если ВВП на душу населения в области одно из последних мест. Я сегодня акиму, кому-то не хочу претензии предъявлять, так сложилось. Область развивалась в однобоком сельскохозяйственном направлении. Когда нет промышленности, нет объема. На бумаге пишут наши чиновники, сидят в аппарате и рассуждают, не зная ни черта, что творится на местах. И вот химия, кластер, промышленность, переработка сельского хозяйства дает добавленную стоимость. Надо больше этим заниматься.

Бірнеше маңызды мəселелердің шеті шыққан жиынды қорыта келе, Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған іске оң бағасын берді. Бірақ шаруа шаш етектен. Сондықтан қол қусырып отырмай іске кірісу керектігін ескертті.

Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі Президенттің жіті назарында. Бұл кеңес – соның айқын дәлелі. Жиында әр әкім Елбасыға жеке есеп берді. Өңірде даму бағдарламалары қалай іске асып жатқанын сөз етті. Алға басқан артықшылықтармен қатар, кетеуі кеткен кемшіліктер де жіпке тізілді. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалардың аяқ алысы жайлы Нұрсұлтан Назарбаев жауапты министрлерді де жеке-жеке тыңдады. Мемлекет басшысы көпті толғандырып жүрген түйткілдердің бір сыпырасын ортаға салды. Халықты баспанамен қамту жайы қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев жекелеген аймақтардағы ахуалға да тоқталды. Өңір басшыларының басты міндетінің бірі – инвестиция тарту. Биыл бұл көрсеткіш 3 пайызға артқан. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Ақтөбе облыстары көш бастап тұр. Алайда, инвесторлар әлі де әкімшілік кедергілерге тап болуда. Әкімдердің өңірлердегі жұмысын қайта қарау керек, белсенді қимылдаулары тиіс, – деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ключевым моментом в инвестиционной программе является привлечение денег, инвестиций. Одно окно у нас есть, но в полной мере не работает. Инвесторы продолжают сталкиваться с бюрократией и волокитой при выдаче земельных участков, подключении инфраструктуры. Мы говорим, что создаем условия, даем земли и инфраструктуру, а где они? Не все акимы уделяют должное внимание привлечению инвесторов. В некоторых областях снизилось, в некоторых вообще нет. Акимы должны переформатировать свою работу на местах, занять активную позицию, заняться конкретным делом.

Елбасы өңірлерге сапары кезінде халықпен тілдесіп, жастармен кездесіп жатады. Мәселен, бұл жас өрендердің қатарында оқуда озат болған 12 Нұрсұлтан есімді оқушы бар. Соның бірі Жақсыкелді Нұрсұлтан үшін бұл жүздесу ұмытылмастай болды. Елбасының өзі бүлдіршінді Астанаға шақырды.

– Құрметті, Нұрсұлтан ата! Мен Жақсыкелді Нұрсұлтан 2-ші сыныпта оқимын. Мен болашақта Сіз сияқты президент, немесе космонавт болғым келеді. Өйткені, президенттің өзінің самолеті бар. Ал мен әжемді, бірге оқитын достарымды және көрші балаларды самолетпен қыдыртқым келеді. Әсіресе, сіз салған Астананы көргім келеді. Өйткені, бәрі сол қаланы мақтайды.

– Астанаға барғың келе ме? Вот, мен шақырамын. Ата-анасына бірге барлығына. Президент міне тұрмын! Космодром ана жерде. Барлығы бар сенде. Кім болам десең, өзің білесің. Бақытты бол!

Елбасы халықпен жүздесу кезінде емен-жарқын әңгімелесіп, қоғамдағы өткір мәселелер бойынша пікір алысады.

Мухабат Абдрахманқзы, ҚХА мүшесі, Ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің өкілі:

– Құрметті, Елбасы. Біз білеміз, сіз Жамбыл халқына қандай ерекше ықыласыңызды білдіресіз. Біз онымен мақтанамыз. Менің айтайын дегенім, сіздің «Рухани жаңғыру» деген бағдарламаңыз көп ойланып, көп толғанып жазылған  құжат деп білеміз. Сол мақалаңызды оқыған кезде мен сіздің Ассамблеяның бір сессиясында айтқан сөзіңіз «Я был бы счасливым Президентом, если бы я говорил бы на одном государственном языке, а вы бы все понимали», – деп айтқансыз. Сол сөзіңіз менің жүрегіме ұялап, мені қазақ тілін толық меңгеруге қанаттандырды.

Көк туды көкте желбіретіп, ел намысын қорғап жүрген спортшыларға да елімізде көптеп көңіл бөлініп келеді. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа спорт кешендерінің ашылуы соның айқын көрінісі. Өңірлерге сапары кезінде Президент жігерді жұдырыққа түйіп дүбірлі додаларда топ жарған балуандармен де кездесіп жатады.

«Әу» демейтін қазақ жоқ. Елімізде мәдениеттің дамуына да жағдай жасалып келеді. Санаулы жылдар ішінде қаншама өнер ордалары бой көтерді.

Сіздің бұл мәдениет пен өнерге деген ерекше ықыласыңыздың нәтижесі. Берген айқын бағыт бағдарыңыздың нәтижесі,- деп санаймыз.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан  кішкентай бүлдіршіндерді де назардан тыс қалдырмайды. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген қағиданы берік ұстанып, оларға да уақыт табады. Бір сәт болсын көңілдерін аулап, ақыл-кеңесін айтады.

Бұл Президенттің өңірлерге жасаған сапарының қысқа түйіні. Бұдан бөлек, бейресми жағдайдағы кездесулер қаншама. Аймақтардың дамуы Елбасының басты назарында. Нұрсұлтан Назарбаев әр облысқа жасаған сапар қорытындысы бойынша, атқарушы билікке тапсырмалар жүктейді. Ал оның орындалуын келесі сапарында қадағалайды.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Елдар Бақпаев, Мұхтар Ыбырайым, Сәкен Сейітханұлы, Хасен Омарқұлов

7.ЕХРО-2017

2017 жылдың Тәуелсіз Қазақстан шежіресіне алтын қаріппен жазыларына күмән жоқ. Бұлайша сенімді сөйлеуімнің екі себебі бар. Әуелгісі – саяси, экономикалық және сана үштағанының қатар жүзеге асып жатқандығы. Одан кейінгісі – жаһандағы жағдайдың жақсаруына ықпал етер шараларға белсене араласуымыз. Алғашқысын – айттық, енді екіншісіне екпін берсек.

Бұл жылы еліміз «қысқы Универсиада» мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі сынды алты құрлық адамы үшін аса маңызды жиындарды өткізді. Олардың ішінде, әсіресе, ЭКСПО-ның әсері орасан. Оның арқалаған жүгін Елбасы «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында бір ғана сөйлеммен ашып берген.

«Біздің прагматикалық есебіміздің мақсаты – «Болашақтың энергиясы» дейтін өзекті тақырып арқылы ғылыми үдерістің жүрегіне жол табу еді. Ол үмітіміз ақталды». Расында, бұл көрме көп мәселеде көзіміз ашты. Болашақ бағдарымызды айқындап берді. Халықаралық шарамен қатарлас өткен келелі кездесулердің барлығында «жасыл технология» жайы тілге тиек етілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Проведение ЕХРО-2017 является свидетельством приверженности Казахстана к переходу к экологическим чистым технологиям. Мы действительно обладаем значительными нефтяными, угольными, газовыми, урановыми запасами. Их объемы оцениваются в 32 млрд тонн нефтяного эквивалента, или почти 4% всех мировых запасов. Поэтому логичным было бы, что первоначальный приток значительных иностранных инвестиций был именно в эти отрасли. В хорошие времена конъектуры, мы создавали серьёзные запасы за счет которого ведем широкомасштабную работу индустриализации, инновации в нашей стране. И развиваем мощную инфраструктурную программу.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шетелдік инвесторлар кеңесінің» отызыншы отырысында сөйлеген сөзін осылай бастаған еді. Бұл – Президенттің «жаңа энергетиканы дамытуға түбегейлі ден қоямыз» дегені. Демек бұдан былай сырттан тартылатын қаржы негізінен осы бағытқа құйылмақ.

Қазіргі жоспарға жүгінсек: «2020 жылдың аяғына дейін толық қуаты 2 мың мегаватты құрайтын 50-ден астам нысан пайдалануға беріледі». Сөйтіп «2050 жылы мемлекеттің энергия теңгеріміндегі баламалы қуат көздерінің үлесі 50 процентке жетпек». Мемлекет басшысы сала мамандарына осындай жауапты міндет жүктеді. Оны орындау үшін мүмкіндік жоқ емес, бар. Бұл ретте «2050 стратегиясы» мен «жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасы – тұмар.

Жер бетінде болып жатқан келеңсіздіктерге – әлемдегі экономикалық саясаттың «солқылдақ» болуы себеп. Сондықтан Қазақстанға ғана емес, күллі адамзатқа «жаңа энергияға» негізделген «жаңа экономикалық» сценарий қажет. Ол сценарийдің біраз бөлігі Астана экономикалық форумының оныншы отырысында сызылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ключевым элементом новой модели роста должно стать вовлечение развивающихся стран в ускоренное устойчивое развитие. На сегодня страны-разработчики новых технологий закрываются авторскими правами и патентами. Это приводит к всё большему отставанию стран, у которых недостаточно научных и финансовых ресурсов. В этом вопросе не должно быть искусственных барьеров. В мире 1,5 млрд человек сегодня всё еще живут без электричества. Порядка 3 млрд живут в условиях дефицита воды. Такая ситуация будет всё больше и больше приводить просто к массовой миграции на Земле. Поэтому важно создавать условия для самостоятельного развития стран и превращения их в места, комфортные для проживания.

Жақсы өмір сүруді кімнің жаны қаламасын?! Дегенмен, дүйім дүние бүгінгінің сын-тегеуріндеріне жауап беруде жасықтық танытып отыр. Бұған Нұрсұлтан Назарбаев келтірген бес мысал дәйек. Біріншіден, осыдан тоғыз жыл бұрын тондырған қаржылық дағдарыстың нақты себептері әлі күнге анықталған жоқ. Екіншіден, әлемдік экономиканың өсімі «тасбақадай» табандап қалды. Жылдамдық жетіспей тұр. Үшіншіден, сауда-саттықта кері процесс көрініс тапты. Төртіншіден, қоршаған ортаның ластануы «шарықтау шегіне» жетті. Бесіншіден, жаһандық энергия тұтынуда теңсіздік артты. Кім азулы, соның – үлесі көп.

Неге әлем мұндай әбігерге душар болды? Бұған жауап жоқ па, сонда?! Бәлкім, бар да шығар?! Тек алыптар айқасына нүкте қойып, бір тоқтамға келу мүмкін болмай тұр. Ал, оның ең басты себебін 13-ші қарашада өткен «Астана клубының» үшінші отырысында Елбасы айтты: «Бәріне – сенім дағдарысы себеп».

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– В целом можно откровенно говорить о всеобщем кризисе доверия, в столь непростых условиях, считаю, крайне важным нарабатывать позитивный опыт взаимодействия, здесь особенное место может занять Евразия, ключевой ареал мировой политики и экономики, где переплетаются интересы всех держав.

«Әлемнің тарихын жазу» деген осы емес пе?! Үшінші мыңжылдықтың ең өткір мәселелері «Астананың бейбіт алаңында» талқыға тасталып, таразыланады. Сосын, бас қаламызда айтылған басты ойлар негізінде адамзат болашақ бағдарын айқындайды. Бұл ретте, «ЭКСПО-2017» көрмесінің орны ерекше болғанда да – ерекше.

«Алты құрлықтың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге лайықты» деп арқа төсіндегі Астананы таңдауы – мақтануға тұрарлық мәртебе. Себебі мұндай мүмкіндік Орталық Азия аймағы мен ТМД төңірегінде тұңғыш рет Қазақстанға бұйырды.

Ал «ЭКСПО-ның» үш айдағы әсері тіптен таң қалдырады. Қазақстанда өткен халықаралық шара жайында Жер бетіндегі 1 миллиардтан астам тұрғын хабардар болса, соның 4 миллионға жуығы Астанаға ат басын бұрды. «ЭКСПО-2017» көрмесі арқылы әлем Ұлы даланың ұлылығын таныды. Мұндай оқиға тарихта болған емес. Сондықтан «ЭКСПО-2017» көрмесінің тарихын жыл соңында тағы бір еске түсірсек, естілік болар?! Сөз тізгіні – Гүлжан Марқабаевада.

90 күннің табысы

«Мы выиграли!»

2012 жылдың 22 қарашасында Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Бельгияның Льеж қаласымен тартыста әлемнің 103 елі көрмені өткізуге Астананы лайық деп таныды. Бельгия «Адамзатты біріктіруге» бекінсе, Қазақстан «болашақ энергиясына» бәйге тікті. «Шынымен, Қазақстанның ұсынған тақырыбы әлдеқайда өзекті еді. Себебі, алдағы елу жылда жер бетіндегі адамзаттың саны 9 млрдқа жетуі ықтимал», – дейді ғалымдар. Сонда энергияға деген қажеттілік 50% дейін артып, адамзат тәулігіне 30 трлн Ватт қуат көзін жұмсайтын болады. Оны қайдан аламыз? Астана осыған жауап іздеуге жаһанды жинады.

«И покажем Астану и покажем Казахстан!»
Қазақстанды таныту. Экспоның тағы бір мақсаты осы еді. Себебі озық өркениеттен өгей жатқан Орта Азия елдерін, оның ішінде халқы аз Қазақстанды жаһан етене тани бермейтін. Оның үстіне мұндай әлемдік шара бұрын-соңды Қазақстанда, тұтас алсақ ТМД төңірегінде өткізілмегенін ескеріңіз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– «Если коснуться того, что «до» было, то мы были неизвестной страной. Мы поставили Казахстан на карту мира. Мы поставили Казахстан среди 193 стран мира, а теперь нужно сказать, что такое Казахстан, где он находится. Благодаря многим мероприятиям Казахстан становится известным. EXPO-2017 в этом ряду занимает особое место. Завоевать право проведения в Казахстане было совсем непростым делом. Среди многих государств мы завоевали это право. И настолько неожиданным явилось мероприятием для Казахстана и технологий вообще. И всего за три года мы построили новый гигантский район Астаны.

Ғасыр құрылысы. Астананың оңтүстік-шығыс бөлігі үш жыл ішінде алып құрылыс алаңына айналды. Әуелде жұмыс өнбей, қазақстандықтардың көңіліне «үлгермейміз-ау» деген күдік ұялағаны да жасырын емес. Бірақ көрмені өткізуді басты назарына Президенттің өзі алды. Ал ұлттық жобаның болашағын Ахметжан Есімовке сеніп тапсырды.


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Елбасы мені тағайындағанда, қандай қызмет болатынын білген жоқпын. Оған дейін бір де бір көрмеде де болған жоқпын. Келген соң, іске кірістік. Жағдай оңай болған жоқ.

Жағдай оңай болған жоқ, уақыт тым тығыз еді. Бас-аяғы 21 ай ішінде бес жылда атқарылатын еңбек еңсерілді. Қазақ ысырапшылдықты құптамайтын халық, оның үстіне елдегі экономикалық ахуал да артық шығынды көтермейтін. Ұлттық компания үнеммен жұмыс істеді.

Ахметжан Есімов, «Астана ЕХРО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:
– Қаражат тым көп жоспарланған екен. Әр жобаның алдында алдымен оның негіздемесі жасалады, ТЭО, технико-экономическое обоснование, сол ТЭО бойынша 816 млрд белгіленген, ол үкіметтің шешімімен бекітілген, соны біз жан-жақты талдап едік, қысқаша айтқанда, 360 млрд теңгеге біз оны қысқарттық. Көп мәселелердің бағасын жоғарылатып жіберген. Сондықтан біраз кадрлар етті, жаңа кадрлар келді. 2016 жылдың басында бір 3-4 ай дегенде коллектив тұрақталды. Сол коллективпен біз алға қойған мақсатты толық шештік.

Жалпы аумағы 174 гектарды алып жатқан көрме кешенінің құрылысына барлығы 408 кәсіпорын тартылды. 55 мың жұмыс күші жұмылдырылды. Бұл жұмыссыз жүрген 55 мың адамның нәпәқасы. Ең бастысы, Астанада әлем ғажайыптарының санатына қосылатын ЕХРО мұрасы бой көтерді. Ол – Ұлттық бас павильон ғимараты – «Нұр Әлем». Көрме барысында «Нұр әлемді» 1 млн 300 мың адам тамашалаған. Ауқымы жағынан алғашқы алып шардың диаметрі 806, биіктігі 100 метр. Ал, аумағы 23 мың 600 шаршы метр. Бұл – төрт бірдей футбол алаңының көлемі. Париждегі ЕХРО мұрасы Эйфель мұнарасының салмағы 9 тоннаға жете қабыл, ал «Нұр Әлем» – 13 тонна. Ол 2 824 шынымен қапталған. Және әрқайсысы бір-біріне ұқсамайды.

«Экспоның» ашылу рәсіміне 19 елдің басшысы қатысты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған салтанатты ашылуын көргендер Қазақстан тарихи тамырынан ажырамаған һәм өркениеттен де қол үзбеген жасампаз халық екеніне көз жеткізді. Сахналық қойылым, жарқыраған от шашу көрмеге келгендерді таңқалдырмай қоймады.

Стин Кристенсон, Халықаралық көрмелер бюросының президенті:
– Халықаралық көрмелер бюросына мүше 170 елдің атынан Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты, ел үкіметін, ұйымдастырушылар мен қатысушыларды «ЭКСПО-2017» көрмесіне ерен үлес қосуымен құттықтағым келеді. «ЭКСПО» көрмесі – әлемдегі ең елеулі оқиға. Бұл ауқымды шараға төрткүл дүниенің назары ауады. Өйткені халықаралық көрме әлемдегі өзекті мәселелерді тақырыбына арқау қылады. Биыл Қазақстан секілді жас әрі қарқынды дамушы елде жаһанның барлық сарапшылары жасыл энергетика туралы талқылайды. Оның ішінде баламалы қуат көздерінің қолжетімділігі, экологиялық тазалығы және экономикалық үнемділігі алдағы онжылдықтағы дамудың басты серпініне айналмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз «ЭКСПО» көрмесін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында алғаш рет өткізіп отырмыз. Сөйтіп, қазақ елінің ордасы айтулы көрмені өткізген әлемдегі 35 қана қаланың қатарына қосылды. Астана үш ай бойы адамзаттың бүкіл жетістіктерін әйгілейтін басты алаңға айналады. Тәуелсіз Қазақстанның символы Астана нағыз ХХІ ғасырдың қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады.

Көрме Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер етті. Шағын және орта бизнестің бағы жанды. Энергетика, құрылыс және инвестиция саласында Қазақстанның іскер топтарының қатысуымен 39 келісім жасалды. Жобаға ат салысқан 1400 кәсіпорын 640 млрд теңгені игерді. Туристік сектор тірілді. Елорда бюджетінің бүйірі толды. Арық айтып, семіз шықтық. Әуелде көрмені көрмекке келетіндердің саны 2 млн маңайында болады деген едік, EXPO-2017 көрмесіне үш айда 178 елден 4 млн-ға жуық адам келген. Бұл – Жер шарындағы мемлекеттердің 90 пайызы деген сөз. Көрмеге 53 елдің мемлекет басшылары мен үкімет басшылары келді.

Саули Нийнисте, Финляндия Президенті:

– Бүгін «Экспо» көрмесін ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен шамалы аралап шықтым. Толық көріп шығу үшін бір ай уақыт керек шығар. Үлкен, ауқымды жоба. Және осы халықаралық шарадан соң бұл нысандар ел экономикасына жұмыс істейтінін естідім.

«Экспо» инвестиция ағымына түрткі болды. Жалпы, соңғы 12 жылда Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі $248 млрд асты. Сала мамандары Қазақстанға қаржы құюшылар қатары ЭКСПО көрмесінен соң арта түскенін айтады. Астанадағы көрмеге арнайы келген Швейцария президенті Қазақстанға инвестиция тарту ниетін мінберден жеткізді.

Дорис Лойтхард, Швейцария Конфедерациясының Президенті:

– Швейцария – Қазақстанның сенімді экономикалық әріптесі. Біздің кәсіпкерлер ел экономикасына инвестиция құюға дайын. Біз көптеген саладағы тәжірибемізбен бөлісе аламыз. Әсіресе баламалы энергетика бағыттары бойынша жетістіктеріміз мол. Швейцария жаһандық инновациялық индексте 7 рет көш бастады.

Осы жылдың 30 сәуірінде күндізгі сағат тура 1-де Германияда баламалы қуат көздерінен алынатын энергияның үлесі 85% жетті. Бұл Германия үшін ғана емес, тұтас жаһан үшін жақсы жаңалық еді. Себебі бұрын соңды мұндай көрсеткішке ешбір ел жетпеген. Неміс халқы баламалы қуат көзінің 5 түрінен энергия алады. Олар – су, жел, күн, термалды су және биомасса.

Дитмар Шмитц, Германия павильонының комиссары:

– Жер де – сарқылмас энергия көзі. Орталық Еропада шамамен 5 мың метр тереңдікте жатқан тау жыныстарының температурасы 250 градусқа дейін жете алады. Біз адамзаттың санасын оятып, табиғаттың өзі таза энергия екенін түсіндіріп, оны басқарудың жолдарын көрсеткіміз келеді. Бұл қазақстандықтар үшін үлкен тәжірибе деп ойлаймын.

Қазақстандағы жел әлеуеті бір жылда 929 тераватт-сағатқа тең қуат жинай алады. Бұл біз тұтынатын жылдық қуат көлемінен 10 есе артық. Қазақстанда 2015 жылы іске қосылған «Ерейментау 1» жел паркі неміс компаниясының көмегімен салынған.

Құрбанбек Шәметұлы, ақын:
Қасиетті арқа елінің төсінде күй шалқуда, Қазақ елім даңқың сенің сағат санап артуда. Бүгін сенің көрмеңе келгендерге есеп жоқ, біз де Шардарадан құтты болсын айтуға келдік.

Ардагер-журналист Құрбанбек Шәметұлы 80-ге келсе де сергек. Әлі күнге қаламын қолынан тастамайды. Жақында 4-нші кітабы жарық көрген ақсақал Астанаға келіп, көрмені көргенде шалқыған көңілінен шабыты тасып әдемі шумақтар болып төгілді. 90 күнде ЭКСПО алаңы шалқыған шабыт пен сиқырлы сезімнің құрсауында болды. Көрме аясында 88 жас шаңырақ көтеру туралы шешімге келген.
Көрме кезінде 3500 мәдени іс-шара өткізіліп, 33 мың әртіс өнер көрсетті. Арасында әлем өнерінің жауһарлары да бар. Көрмеге келген қонақты тігінен тұрып қарсы алған еріктілердің еңбегі ескерусіз қалмады. Барлығы 4500 ерікті қызмет етті, солардың арасында Төле, Қазыбек және Әйтеке Тілегеновтер де бар. Осыдан 19 жыл бұрын оларға Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі есім берген екен. Қазір Кубада тұрады. Еліміздегі маңызды шарадан шет қалмауы үшін Астанаға арнайы келіп кетті.

Төле, Қазыбек және Әйтеке Тілегеновтер:
– «Көрме туралы өткен жылы естіп, тікелей қатысқымыз келді. Астанаға келген сәтте еріктілердің бос орны бар екенін естідік. Бірден жұмысқа тұрдық. Бәрі тамаша, әсіресе архитектурасы ұнап жатыр. Өткен жылы келгенде көрме салынып жатқан еді, мұндай болады деп ойламадық.

«ЭКСПО-ның» ел беделін биіктеткеннен бөлек, пайдасы көп болды. Оның ең бастысы – халықтың рухы көтерілді. Кеуделерінде еліне деген мақтаныш оты тұтанды. Ал, бұл ешқандай ақшамен өлшенбейтін ең асыл қасиеттер. Бірақ, кеткен шығынның қайтарылғанын да айта өткен жөн. Мұны Президенттің өзі мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Деньги потраченные уже вернулись за счет посещений и за счет туристов, которые наполнили все гостиницы Астаны, рестораны, концертные залы и все магазины. Бизнес получил хороший толчок, поступления в бюджет Астаны повысились в несколько раз, бизнесмены заработали деньги и все это в копилку страны.

Тарихтағы ең табысты көрме. Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне осылай деп баға берді. Ол көрмені жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдады. Шынымен бұл көрме тұтас ұлтты ұйыстырған жоба болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бұл Көрме Қазақстанның әлемге танымалдылығы мен туристер үшін тартымдылығын арттырды. Елімізге келген мәртебелі меймандарға халқымыздың қонақжайлығын көрсете алдық. Болашақтың энергиясына қатысты бүкіл әлемнің тәжірибесін өз жерімізде тоғыстырдық. «ЭКСПО-2017» көрмесін 4 миллионға жуық адам аралап көрді, олардың 2/3 бөлігі жастар мен оқушылар еді. Баршаның назарын аударған әсем қалашыққа күн сайын 40-50 мыңдаған адам келіп тұрды. Көрмеге 180 елден жарты миллионнан астам адам келіп, тамашалады. Осы орайда, әрбір алтыншы адамның шетелдік болғанын атап өткім келеді.

Көрме сөзінің түбірі «көру» дегеннен шығады. Ал қазақта «көргенсіз» деген ауыр сөз бар. Яғни, өмірінде еш жақсылық көрмеген, рухани тозған, санасы соқыр адамды осындай ауыр сөзбен жазалаған. Ал біз Экспо көрмесінің арқасында көрдік те, көрсеттік те. Демек, бұл көрменің елдің тек саяси һәм экономикалық өміріне оң өзгеріс әкелген жоқ, адамдардың, қазақтың рухына серпіліс сыйлады.

Автор: Гүлжан Марқабаева

Жалпы көрме көздегені – бір оқпен екі қоянды ату. Алдымен дүниежүзілік деңгейдегі шара жасыл экономикаға жан бітіреді. Сосын сол инфрақұрылым негізінде түрлі зерттеу мекемелері мен халықаралық қаржы орталығы құрылады. Ал қаржыға келгенде, Астананың аймақтық хабқа айналу арманы және бар. Демек, басқалар сынды көрме біткен соң көрпені жинап қою жоқ. Қалашық халық игілігіне қызмет етуін бастайды. Тірліктің төркіні осы. «Мақсат ойдағыдай іске асса, Астананың ғана емес, бүкіл елдің адымы алымды болады» – дейді мамандар. Олардың айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығына сенім артқандар саны көп. Қазірдің өзінде Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен етене байланыс орнаған. Батыс жұрты да біздің жаққа бас бұрып отыр. Қазір, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қарбалас. Себебі келер жылы жұмысын бастауы тиіс.

Бұл тұста Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан тағы бір ойды тілге тиек етудің реті келіп тұр. Президент жазыпты: «Болашақты дәл болжаған саясатының арқасында, Қазақстанның халықаралық біртектілігі «қалыпты» ортаазиялық формат шеңберінен асты. Қазақстан Республикасы – ірі еуразиялық мемлекет – нақты аймақта да, сондай-ақ әлемдік деңгейде де прагмативті түрде маңызды рөл атқарды».

Шындығы – солай. Тәуелсіздіктің түңлігін түрген күннен-ақ, бейбітшілікке берікпіз. Және сол жолда күресіп-ақ келеміз. Себебі қастық қылу қанымызда болмаған, жанымызға жат. Біз үшін бейбітшіліктен асқан байлық жоқ. Бұлайша байлам жасауға Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясында сөйлеген сөзі себеп.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Қазіргі әлемдегі ахуал ел тыныштығы, тұрақты дамудың ең маңызды шарты екеніне көз жеткізіп отырмыз. Қиын кезеңде бірлігіміздің ұйытқысы, берекеміздің бастауы ретінде құрылған Ассамблеямыз өзіне жүктелген қастерлі миссияны мүлтіксіз атқарып келе жатқаны белгілі. Бүгінгі Ассамблея тарихы тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі болып саналады.

Егер 130-қа жуық этностың басы бір болмаса, береке де қонбас еді, мереке де болмас еді?! Осыны озық ойлай білген Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздігімізді алған сәтте, яғни 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы бастама көтерді. Сөйтіп, 1995 жылдың 1-наурызында игілігі мол институт құрылды. Ассамблея құтты мекенге тұрақтылық тамырын жайғызып, тыныштықтың орнауына мүмкіндік тудырды. Міне, осылайша Қазақстан артқа қарамай, алға басты. Ширек ғасырда жоғымызды түгендеп, бағытымызды түзуледік. Қазір қарыштап дамудың қамындамыз. Яғни «озық отыздықтан ойып тұрып орын алсақ» деген ойымыз бар. Сол мақсатта саяси, экономикалық, рухани жаңғыруларды жүзеге асырудамыз. Ал бұл ретте Ассамблеяның алар орны айрықша. Себебі бірлік болмай – тірлік те оңбайды.

Тұрақтылық пен тыныштық болған жерге ақшаның судай ағып келері анық. Мәселен, Ұлы даладағы ұйыған өмірді инвесторлар көрді, көрді де 300 миллиардтан астам қаржыны құйды. Бұл – Орталық Азияға келген тікелей қаражаттың 80 проценті.

Бұл ретте Қазақстан даму банкінің де үлесі бар. Қаржы ұйымы негізінен индустрияландыру картасының жобаларын қаржыландырып отыр. Бұған дейінгі әрекеттері де әжептеуір еді. Алдағы жоспарлары да ауқымды. «400 миллиард теңгеден астам қаражатты Қазақстан экономикасының өрге басуына жұмсамақшы».

Бұл жайында «Жеті күн» тілшісі Сәкен Сейітханұлына сұқбат берген Қазақстан даму банкі төрағасының орынбасары Думан Бауыржанұлы мәлімдеді. Сұхбаттың толық нұсқасына зер салсақ.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:

– Думан Бауыржанұлы, қайырлы кеш. Әуелгі сұрағымыз мынадай. ҚДБ индустрияландыру бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландырып отыр. Бүгінде қандай нәтижелер туралы айтуға болады?

Думан Әубәкіров, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:

–Қайырлы кеш. Егер индустрияландырудың ағымдағы бесжылдығы  туралы айтатын болсақ, бағдарлама аясында жоспарланған инвестициялардың барлық көлемінің 28,4%-ы Қазақстан Даму Банкіне тиесілі. Қазіргі кезең туралы айтар болсақ, қарыз қоржыны 4 жылдың ішінде 4 есеге ұлғайды. Атап айтқанда, 2016 жылы біз 277 млрд теңге сомаға 24 жобаны қаржыландырдық. Экспортқа 311 млрд теңге сомаға шикізаттық емес өңдеу өнімдері өткізілді. Биылғы жылы 11 ай ішінде Даму Банкі жалпы сомасы 351 миллиард тенгені құрайтын 29 жобаны қаржыландырды. Оның ішінде 18 жоба инвестициялық. Бұл жобалар машина жасау, телекоммуникация, металлургия, электр энергетикасы, көлік және логистика, химия, мұнай өңдеу салаларында іске асырылып жатыр. 5 жоба іске қосумен аяқталды. Атап айтқанда, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, Батыс Қазақстан облысында бірінші қазақстандық Еуро-5 экологиялық класты бензин өндірісі, Қаратау қаласында орналасқан цианды натрий өндіру зауыты.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:

Түсінікті. ҚДБ ел экономикасын ілгері бастыратын ірі жобаларды қаржыландырып отыр екен. Ал енді осы жылдың айтулы жобаларына тоқталсаңыз?

Думан Әубәкіров, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:

– Осы  жылдың  келесі  айтулы жобаларды атап өткенде: Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуы; АтырауМұнайМаш» компаниясы  мұнай кәсіпорны жабдықтарын өндіру бойынша зауыттың қуаттылығын кеңейтуі; Ақмола облысы Бұланды ауданында бройлер өсіру бойынша құс фабрикасы; Жәйрем тау-кен байыту комбинаты. Сондай-ақ Шымкент қаласында кернеуі 110 және 220 кВ қуатты трансформаторлар өндіретін зауыты.

Сәкен Сейітханұлы, тілші:

– Қаржыландырудың минималды және максималды шектері қалай реттеледі?

Думан Әубәкіров, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:

– Қаржыландыру ең төменгі сомасы 7 млрд теңгені құрайды. Ал азық-түлік және сусын өндірісі саласы үшін – 3 млрд теңге. Экспорттық операцияларға  қарыздың  минималды  мөлшері – 1 млрд теңге. Бул «шектер» 2016 жылғы қазан айында қайта қаралды.

Сәкен Сейітханұлы, тілші

– ҚДБ 2018 жылғы жоспары қандай?

Думан Әубәкіров, «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:

– Егер  біздің даму жоспарымыз туралы айтар болсақ, ең басты мақсатымыз – ұлттық  экономикамыздың  тұрақты  дамуына  үлес қосу. 400 миллиард теңгеден астам біз экономиканы қаржыландыруымыз керек.

Сәкен Сейітханұлы, тілші

–Думан Бауыржанұлы уақыт тауып сұқбат бергеніңізге алғыс айтамыз.