Хабар телеарнасы

Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына арналған шығармашылық кеші

Қазақ ән өнерінің бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың орындауындағы аңызға айналған әндер қазақ өнерінің шежіресі іспеттес. Күміс көмей әншінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шығармашылық кешке өнерсүйер қауым мен шәкірттері түгелдей қатысты.
Қазақ музыкасының алтын қорындағы әуендерге жан бітіріп, оларға жаңа өмір сыйлай білген жезтаңдай әншінің әуенді сырға толы кешін «Хабар» арнасы көрерменге ұсынады!