Хабар телеарнасы

Жандос Қонысбаев, Арман Чилманов, Қанат Әбутәліпов. «Асыл қазына» 3-шығарылым

«Асыл қазына» – интеллектуалдық ойын-сауықтық бағыттағы телевикторина бағдарламасы.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, «Асыл қазына» бағдарламасының кезекті шығарылымының қатысушылары – шаршы алаңда атой салып, байрақты бәсекелерде көк туымызды желбіретіп жүрген білімді де білікті спортшылар. Олар – Жандос Қонысбаев, Арман Чилманов, Қанат Әбутәліпов.
Сан саланы қамтитын зияткерлік ойын 4 кезеңнен тұрады. Шапшаңдық пен ептілікті қажет ететін кезеңдерде қатысушылар мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, салт-дәстүрге қатысты сауалдарға жауап берулері тиіс.
«Асыл қазына» жобасын дүйсенбі-жұма күндері сағат 16:00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер.