Хабар телеарнасы

Саламат Мұқашев, Лейла Темірхан, Нұржан Бидәулетұлы. «Асыл қазына» 5-шығарылым

«Асыл қазына» интеллектуалды сайыс 4 кезеңнен тұрады. Ой өрісі мен дарындылығын даралайтын бағдарламада қатысушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, берілген жұмбақтардың шешімін тауып, салт-дәстүрлерге қатысты сауалдарға жауап берулері қажет. Ойға жүйрік, сөзге тапқыр ойыншы жеңіске жетіп, «Хабар» арнасының арнайы дайындаған мүсіншесін иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бағдарлама қатысушылары: «Музыкалық жас көрермен театрының актерлері – Саламат Мұқашев, Лейла Темірхан, Нұржан Бидәулетұлы. «Асыл қазына» жобасын дүйсенбі-жұма күндері сағат 16:00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер.