Хабар телеарнасы

Білімі мен өнері ұштасқан талантты актерлардың зияткерлігі сынға түсті. «Асыл қазына» 12-шығарылым

«Асыл қазына» интеллектуалды ойын-сауықтық бағыттағы телевикторина бағдарламасы 4 кезеңнен тұрады: кім ұшқыр, білгірлер, кім жүйрік, асыл қазына. Ой өрісі мен дарындылығын даралайтын бағдарламада қатысушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, берілген жұмбақтардың шешімін тауып, салт-дәстүрлерге қатысты сауалдарға жауап берулері қажет.
Білімі мен өнері ұштасқан талантты қатысушылар – Ерлан Малаев, Гауһар Жүсіпова, Заңғар Әбенов.
«Асыл қазына» жобасын дүйсенбі-жұма күндері сағат 16:00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер.