Геннадий Шиповских, Наргиза Махмұдова, Мұхтарамхон Мамадалиханова. «Асыл қазына» 19-шығарылым
Сөз мәйегі – мақал-мәтел мен сан саланың жұмбағын жасыратын «Асыл қазына» телевикторинасы. Сайыс 4 кезеңнен тұрады: кім ұшқыр, білгірлер, кім жүйрік, асыл қазына. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, нақыл сөздер, салт-дәстүрден тұратын тапсырмаларға арнайы тетікті басу арқылы шапшаң жауап берген адамға ұпай саны қосылып отырады.
Қазақ тілін жетік меңгеріп, мақалдың майын тамызатын қатысушылар – Наргиза Махмұдова, Геннадий Шиповских, Мұхтарамхон Мамадалиханова.
«Асыл қазына» жобасын дүйсенбі-жұма күндері сағат 16:00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер.