Несие тарихын қалай білуге болады? «Баспанаға бағыт»
Статистикалық мәліметке сүйенсек, қазақстандықтардың несие қарызы шамамен 6 трлн теңге екен. Бұлардың көбі – тұтынушылық несие. Ал ипотекалық несие бойынша қарыз 2 млрд теңгені құрайды. Несиені уақытында төлемеу несие тарихын бұзады. Ал несие тарихы дегеніміз не? Ол бұзылған жағдайда не істеу керек?